Құрметті ұстаздар, оқушылар және «Жалын» газетінің алғашқы оқырмандары! 2014-2015 оқу жылында Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінің мектепішілік «Жалын» газетінің алғашқы номері жарияланып отыр. Газеттің жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Қылышбаева Арайлым Күмісбайқызы мен редакторы 10 сынып оқушысы Қабденова Фариза Асылханқызы бастаған топқа қадамдарыңызға сәттілік тілей отырып, қолға алған жұмыстарыңыз алға бассын дегім келеді! Шығармашылық табыстар тілеймін! Сіздердің осы алғашқы қадамдарыңыз өмірлік тәжірибе жинауға үлкен бастама болсын деймін. «Жалын» газеті оқушыларға ғана емес, қарттарымыз да сүйсініп оқитын газет болсын деп тілеймін. Бұл газет аудан көлемінде ғана емес, облыс деңгейінде таралып, Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінің атын шығара беруіне тілектеспін.Құрметті ұстаздар, оқушылар және «Жалын» газетінің алғашқы оқырмандары! 2014-2015 оқу жылында Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінің мектепішілік «Жалын» газетінің алғашқы номері жарияланып отыр. Газеттің жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Қылышбаева Арайлым Күмісбайқызы мен редакторы 10 сынып оқушысы Қабденова Фариза Асылханқызы бастаған топқа қадамдарыңызға сәттілік тілей отырып, қолға алған жұмыстарыңыз алға бассын дегім келеді! Шығармашылық табыстар тілеймін! Сіздердің осы алғашқы қадамдарыңыз өмірлік тәжірибе жинауға үлкен бастама болсын деймін. «Жалын» газеті оқушыларға ғана емес, қарттарымыз да сүйсініп оқитын газет болсын деп тілеймін. Бұл газет аудан көлемінде ғана емес, облыс деңгейінде таралып, Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінің атын шығара беруіне тілектеспін.
Жалын газеті.pptx
Жалын газеті
Жалын
№ 1 ақпан, 2016 жыл Jalin_gaseti @mail. ru
Мектеп директоры
Нұрханова Зүбайра Мұсақызы
Құрметті ұстаздар, оқушылар және «Жалын» газетінің
алғашқы оқырмандары! 20142015 оқу жылында Құмкешу
жалпы білім беретін орта мектебінің мектепішілік «Жалын»
газетінің алғашқы номері жарияланып отыр. Газеттің жетекшісі
биология пәнінің мұғалімі Қылышбаева Арайлым
Күмісбайқызы мен редакторы 10 сынып оқушысы Қабденова
Фариза Асылханқызы бастаған топқа қадамдарыңызға сәттілік
тілей отырып, қолға алған жұмыстарыңыз алға бассын дегім
келеді! Шығармашылық табыстар тілеймін! Сіздердің осы
алғашқы қадамдарыңыз өмірлік тәжірибе жинауға үлкен
бастама болсын деймін. «Жалын» газеті оқушыларға ғана емес,
қарттарымыз да сүйсініп оқитын газет болсын деп тілеймін. Бұл
газет аудан көлемінде ғана емес, облыс деңгейінде таралып,
Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінің атын шығара
беруіне тілектеспін.
Жалын газеті
Редакторы:Қабденова Фариза
Дизайнері:Қапсалықова
Саяжан
Корректоры:Ізбасты Анар.
Мүшелері:
Баяхметов Жолдыбек
Файзрахманов Мирас
Алпысбаева Ақкүміс
Жақсылықова Ақбота
Муса Жанбота
Таңатқан Әлішер
Қадірменді оқырман,
Қиялын оймен тоқыған.
Таныс болады біздермен,
Журналды осы оқыған.
Қаламды ұштап ой тербеп,
Әңгіме жырды жазсаңыз
Көрінерсіз мүмкін осыдан.
Жалын газеті
Бүгінгі номерде:
1бет
1.11 сынып оқушысы Ізбасты Анардың “Қаламы сыр
шерткен... өнегелі ұстаз ” жайлы сырсұхбаты.
2. 7 сынып оқушысы Асылхан Думанның
«Біз Жас ҰланЕлбасының тірегі, Еліміздің жүрегі»
шығарма үзіңдісі.
3. 8 сынып оқушысы Қапсалықова Саяжанның
“Көркемөнер” жас суретшілер көрмесі.
4. Жаңалықтар легі... дайындаған 10 сынып оқушысы
Қабденова Фариза.
М А З М Ұ Н Ы :
1.Қаламы сыр шерткен... Өнегелі ұстаз24 б.
2. «Біз Жас ҰланЕлбасының тірегі,
Еліміздің жүрегі» шығарма 56 б.
3.«Көркемөнер» жас суретшілер көрмесі7 б.
4.Жаңалықтар легі...89 б.
Жалын газеті
2бет
Қаламы мен сыр шерткен ...
Ұстаздық жолмен ақындық өнерді
қоса меңгерген ұстаз Ержігітова
Тынышкүл Бастарқызын басқа да
қырынан танымақ болып сұхбат алуды
жөн көрдік.
Анар:Тынышкүл Бастарқызы ұстаздық мамандықты сүйіп
таңдадыңыз ба?
Тынышкүл Бастарқызы:Әрине, мұғалім болу, менің ес білгелі
армандаған мамандығым. Сондықтан, осы кезге дейін балалар
ортасында жүріп, шәкірттерге білім беру мен үшін үлкен бақыт.
Анар:Шәкірттеріңізді жақсы көресіз бе ?
Тынышкүл Бастарқызы:Балаол елдің болашағы. Балашәкірт. Ол
өз балаларымыз сияқты атаанасы бізге сеніп тапсырған, алаңсыз
кейіптегі періште. Ендеше алдымыздағы баланы жақсы көрмеу
мүмкін емес.Мен барлық шәкірттерімді жақсы көремін.
Анар:Өз жолыңызды қуған шәкірттеріңіз бар ма?
Тынышкүл Бастарқызы: «Шәкіртсізұстаз тұл» демей ме дана
халқымыз. Бүгінде өз жолымды қуып ұстаздық еңбек етіп жүрген
шәкірттерім баршылық. Олардың алыстағыларын айтпағанда
мектебіміздегі Асаубаева З, Қылышбаев С, Төлебаев Е және тағы
басқаларын жатқызуға болады.
Анар:Қай мектептен еңбек жолыңызды бастадыңыз?
Тынышкүл Бастарқызы:Алғаш еңбек жолын бастағаннан осы
Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінде еңбек етіп келемін.
Анар:Әріптестеріңіздің арасыңда беделіңіз қандай?
Тынышкүл Бастарқызы:Аллаға шүкір «Мен беделдімін» деп
айтудан аулақпын. Мен туралы әріптестерімнен сұрағаныңыз жөн
деп ойлаймын.
Жалын газеті
3 бет
Анар:Қай мектептің түлегісіз?
Тынышкүл Бастарқызы:Туған жерім демекші. Туған жерімді,
білім алып өмірге қақтырған мектебім мен ұстаздарымды бір
уақыт естен шығарған емеспін. Менің мектебім көршілес
Жанкелдин ауданындағы талай ғұламалар С.Кенжахметов,
С.Байзақовтардың мектебі Қаратүбек орта мектебінің түлегімін.
Анар:Қай жылы дүниеге келдіңіз?
Тынышкүл Бастарқызы:1964 жылы, 20 қазанда.
Анар:Отбасыңызда неше балаңыз бар ?
Тынышкүл Бастарқызы:Күміс алқа иесімін.
Анар:Отбасыңызда ұстаздық жолыңызды қуған балаңыз бар ма?
Тынышкүл Бастарқызы:Блаларымның төртеуі өз жолымды
қуған мамандар.
Анар:Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
Тынышкүл Бастарқызы:Бос уақыт. Бос уақыт көп бола бермейді.
Алайда, қолым босағанда өлең жазып, түрлі тақырыптарға
сценарийлер жазамын және сайыстарға баратын ұстаздар мен
оқушыларға көмектесуден бас тартқан емеспін.
Анар:Өлең жазамын деп айтып жатырсыз, осы ақындық қасиет
бойыңызға кімнен дарыған?
Тынышкүл Бастарқызы:Ақынмын деп айтуға болмайтын сияқты.
Бірақ біздің арғы аталарымызда болса керек.
Анар:Ақындық жолдыңызды қуған шәкірттеріңіз бар ма?
Тынышкұл Бастарқызы:Иә, әрине аудандық айтыс өнеріне
қатынасып, жақсы ақындық өнерлерін көрсетіп жүрген
Қыдырбеков Е, Мырзабай С шәкіртерім болса, өз туған
балаларым да қара жаяу емес, кенже қызым қазіргі таңда
Қостанай қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы университетте
журналистика мамандығы бойынша оқып жатыр.
Анар:Қандай тақырыптарға арналған өлең шумақтарыңызды
еске түсіріп айтып бере аласыз?
Жалын газеті
4бет
Тынышкүл Бастарқызы:Тақырыптар толып жатыр.
Аудандық, Атамекен байқауындағы сценарилерді жазып
шыққан кезім болды. Көбіне балаларым айтады:Апа, сіз
тапсырыспен ғана жазасыз ба деп. Көбіне жеке тұлғаларға,
тәуелсіздікке, жыл мезгілдеріне жазған өлеңдерім болуы керек.
Мен өзім сақтап жинаған емеспін.
Анар:Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
Тынышкүл Бастарқызы:Адал қызмет етіп, өтірік пен алданыш
дүниеден бойымды аулақ ұстау.
Біреудің уақытын аялау,
Өз уақытымды аямау.
Анар:Жалынды жастарға қандай тілек айтар едіңіз?
Тынышкүл Бастарқызы:Жастарға айтарым, болашақ
сіздердікі. Елімізді өркендетіп өсіретін сендерсіңдер. Сенімді
ақтай біліңіздер. Ешқашан мойымай тек алға ұмтылыңдар.
Сонда ғана армаңдарыңа жетесіңдер.
Анар:Бүгінгі қойылған барлық сұрақтарыңызға көпкөп
рахмет!
Тынышкүл Бастарқызы:Рахмет. Сіздің журналдарыңызға
шығармашылық табыс тілеймін.
Сұхбаттасқан 11 сынып оқушысы:
Ізбасты Анар Абайқызы
Жалын газеті
5бет
Құмкешу жалпы білім
беретін орта мектебінің
7сынып оқушысы аудандық шығарма
байқауының ІІІорын иегері
Асылханұлы Думан
Тақырыбы:«Біз Жас Ұлан – Елбасының тірегі, Еліміздің
жүрегі»
Жетекшісі:Асаубаева Замзагүл Тауфихқызы
/IIсанаттағы әлеуметтік педагог/
Ел барда ер қор болмас,
Ер барда ел қор болмас.
Халық даналығы
Еліміздің дербес, толық қанды ел, егеменді мемлекет болуы,
халқымыздың еркіндігі үшін, туған жері Отаны үшін күресінің
жемісі. Әр елдің, әр азаматтың өзіндік болмысына тән мақсат
мұраты бар.Тәуелсіздігімізді алғалы қазақ халқы еркін өмір сүріп
жатырмыз. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан біршама жетістіктерге
қол жеткізді, қаншама игі істер атқарылып жатыр. Осының бәрі
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың көреген саясатының арқасында.
Сонымен қатар , бізге еркіндіктің туын аманат еткен, яғни қазақ
елінің тәуелсіздікке қол жеткізуі үшін жан алып, қан беріскен ата
бабаларымыздың, ағаәпкелеріміздің ерліктерін айтпай кету мүмкін
емес. Менде Қазақстанның азаматымын. Отанына,халқына деген
сүйіспеншілігі, қайрат жігерлері, асқан ерліктері, шексіз сенімдері
әрбір Қазақстан азаматының бойынан табылуы керек.
Мен Қазақстанда өмір сүргеніме мақтанамын. Туған еліміздің
мерейі өсіп, абыройы тасқанын көруден артық қуаныш та, бақыт та
жоқ болар бәлкім!
Жалын газеті
6бет
Міне , осындай кең байтақ республикамыздың кең егінді даласы,
күмісін шашқан көлдері, кенге толған байтақ өңірі, малға толы
өрісі Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы, келешек
азаматтары біздерге мұра.
Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды азат
ұрпақтары екендігін ұғындыру, патриоттық сезімін дамыта
отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу
өскелең ұрпақтың, «Жас Ұлан» мен «Жас Қырандардың»
келешегі, болашағы.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз құттықтау сөзінде «Жас Ұлан» бүкіл
Қазақстанға таралып, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге,
оқудың және тәртіптің үлгісін көрсетуге, Қазақстанның Тәуелсіздігін
нығайтуға, еліміз үшін қызмет етуге, патриот болуға
бәріңізді баулитын болсын!»деп атап көрсетті.
Елбасымыздың осындай салмақты сөзінен туындайтын міндетті
бүгін сезіне отырып, Тәуелсіз ел аясында, бейбіт өмірдің, қамқор
Отанананың құшағында бақытты балалық күндерін кешіп жүрген
жас достарымыз мектебімізде «Жас Ұлан» және «Жас Қыран»
ұйымы қатарына қабылданды. Менде «Жас Ұлан» ұйымының
белсенді мүшесімін. Келешекте өз Отанымды қорғауға, өз елімнің
патриоты болуға ант бердім.
Ел –жұртын құрмет еткен азамат –халықтың нағыз перзенті.
Менің арманым атабабаларымыз жанқиярлық ерліктерімен қорғап
қалған Отанымды қорғау, жерімнің тыныштығын сақтау.
Мен Отанымды, оның жері мен суын сүйемін, халық мүддесі үшін
күшжігерімді аямаймын. Өйткені менпатриотпын!
Мен болашақ ұланмын! Елімнің жүрегімін, тірегімін!
Дайындаған:Алпысбаева Ақкүміс
Алматқызы
Жаңалықтар легі ...
8бет
Қазіргі уақытта Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі
көптеген жаңалықтан кем емес. Көптеген тақырыптық ісшаралар
жүргізіліп, оқушыларымыз мектепішілік, аудандық байқаулардан
жүлделі орындар иеленуде. Атап айтар болсақ: 9 ақпан
М.Мақатаевтың туған күніне «Бір өлеңібір елдің мұрасындай» атты
поэзия кеші. «Кім жылдам» тақырыбында 58 сыныптар арасында
сайыс, «Қауіпқатер» дәрежесі 911 сыныптардан тест, «Салауатты
өмір сүрумақсатымыз» тақырыбында түрлі тақырыптық сайыстар
«Толағай» отбасылық сайыс. Жоспар бойынша өткізілген жұмыстар
«Жас маман» өзінөзі басқару ұйымының жұмысы бойынша «Ел
басыхалық мақтанышы!» тақырыбында салтанатты жиынының
ашылуымен басталды. 111 сыныптар арасында «Елі үшін туған
азамат!» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. 24
сыныптар арасында «Мен Президент болсам ...» тақырыбында
шығарма байқауы. Кітапхана жұмысы бойынша: «Елін сүйген
Елбасы» тақырыбында ел басымызға арналған көрме бұрышы
ұйымдастырылды. Аудандық сырттай байқауына «Мен елімді
жырлаймын» атты оқушылардың жыр мүшайрасы өткізілді. «Жас
Ұлан» ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.
«Әуен әлемі» музыка үйірмесінің жұмысы бойынша: «Ұлтының ұлы
тұлғасы!» тақырыбында үйірме мүшелерінің мерекелік әншашуы
жолданды. «Ерұлан» ер балалар жұмысы бойынша: «Мен елімнің
ертеңімін» тақырыбында 811 сыныптар арасында дөңгелек үстел.
«Көркемөнер» сурет үйірмесінің жұмысы бойынша: «Ұлтың
ұлықтағанұлы тұлға» тақырыбында көрме. «Ер мұратыелдің бағы»
тақырыбында даярлық сыныбы, шағын орталық, балабақшада
ертеңгіліктер ұйымдастырылып өткізілді.
Жалын газеті
9бет
Аудандық ісшараларға да қатынасып жүлде алған
оқушыларымызда аз емес, атап айтар болсам, Діни әндер байқауына
қатынасып жүлделі ІІорын алған 6сынып оқушысы Егінбаева Әйгерім
Серікқызы, «Мен Президент болсам ...» тақырыбындағы шығарма
байқауынан 4сынып оқушысы Муса Ақерке Бейсенбекқызы жүлделі ІІ
орынды, «Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында 2сынып оқушысы Әкбар
Руслан Қорғанұлы жүлделі ІІорынды иеленді. «Болашағымыз
жарқын» байқауына қатынасып 8сынып оқушысы Қапсалықова
Саяжан Қасқырқызы ІІІорынды, 6сынып оқушысы Жақсылықов
Бауыржан Сәрсенбекұлы ІІІорынды иеленіп қайтты.
Жалын газеті
10бет
Жалын газеті
11бет
Жалын газеті
12бет
Жалын газеті
13бет
Жалын газеті
10бет
Құрметті: Оқушылар, оқырмандар және
құрбықұрдастар!
Оқып отырған «Жалын» газеті
көңілдеріңзден шығып, ұнап жатса, бізге
деген сұрақтарыңыз, сонымен қатар салған
суреттеріңіз бен көкейлеріңізден шыққан әсем
өлеңдеріңіз, оқыған кісіні күлкіге бөлерлік
тамаша әзілдеріңіз, шығармашылық
жұмыстарыңыз болса «Жалын» газетінің
арнайы сіздер үшін ашқан Jalin_gaseti
@mail.ru электрондық мекенжайына
жолдаңыздар.
Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі
Мекенжайы:Құмкешу ауылы
Телефон номері:23937.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.