Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) халықаралық озық тәжірибені оқыту және оқу үдерісіне енгізу мақсатында өзінің оқу бағдарламасын өзгертті. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту тілі ретінде дамытуды және Қазақстанның мұғалімдері мен оқушыларына қолдау көрсетуді көздейді. Назарбаев Зияткерлік мектептері – мемлекет қаржыландыратын білім беру ұйымы. Ол Қазақстанның оқушыларын университетке түсуге дайындайтын және оларға әлемдік аренада бәсекелесу мүмкіндігін беретін әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін құру мақсатында 20 мектептен тұратын қоғамдастық түрінде құрылған.
Баяндама Жанартылган билим заман талабы.docx
Батыс Қазақстан облысы
Орал қалалық білім беру бөлімі
Баяндама тақырыбы:
Жаңартылған білім заман талабы
/облыстық тамыз кеңесі/
2017 жыл 10 тамыз
Неткалиева Гульмира Бисеновна
№43 жалпы орта білім беретін мектептің
информатика пәні мұғалімі Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) халықаралық озық тәжірибені
оқыту және оқу үдерісіне енгізу мақсатында өзінің оқу бағдарламасын
өзгертті. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту тілі ретінде
дамытуды және Қазақстанның мұғалімдері мен оқушыларына қолдау
көрсетуді көздейді. Назарбаев Зияткерлік мектептері – мемлекет
қаржыландыратын білім беру ұйымы. Ол Қазақстанның оқушыларын
университетке түсуге дайындайтын және оларға әлемдік аренада бәсекелесу
мүмкіндігін беретін әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін құру мақсатында
20 мектептен тұратын қоғамдастық түрінде құрылған.
НЗМ инновациялық білім беру тәжірибесін, соның ішінде оқу
бағдарламаларын, бағалауды енгізуге, мұғалімдерге арналған біліктілікті
арттыру курстарын өткізуге және оқулық шығаруға жауапты. Көптеген
инновациялар алдымен НЗМ мектептері желісінде енгізіледі. НЗМ мемлекет
көлемінде барынша кеңінен пайдалануға арналған оқу бағдарламасы мен
бағалау моделін бейімдеп шығарды. НЗМ өз тәжірибесін қазақстандық
мектептерге тарату үдерісіне бастамашы болу үшін Білім және ғылым
министрлігімен тығыз әріптестікте жұмыс істейді.
Қазіргі кезеңде білім беру ісіне жаңа сапалы деңгейге көтерілуіне
кедергі келтіріп отырған проблемаларға мыналарды жатқызуға болады:
білім мазмұны бойынша: мұғалімнің ақпаратты оқушыға дайын
(өңделген) күйінде бере салуы, оқушының пәндерді оқуда білімді жай
ғана «қағып алуға» бағдарлануы;
оқыту үдерісіндегі қарымқатынас бойынша: мұғалім мен оқушы
арасында қатынасқа субъектобъект сипатының тән болуы, оқушының
мұғалімді және оқулықты дайын оқу апаратынының көзі ретінде
қабылдауынан енжар келуі;
оқыту нәтижелері бойынша: оқушы ісәрекетінің репродуктивті
деңгейі, оқушы игерген пәндік білімбіліктің сандық мөлшерін
бағалануы.
Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны қолданыстағы жүйенің осындай
кемшіліктерін еңсеруге бағытталған.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде.
Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының
парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың
талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен
оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы
себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды
дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы
көңілді қуантады. Маңыздылығы да міне, осында.
ХХІ ғасыржаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің
айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын
дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске
енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.
Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық
экономиканың негізгі бөлігі болып табылады.
Білім берудің негізгі мақсатыбілім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың
әдістәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды
талап етеді.
Оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны
Оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары белгілі бір пән және сынып
аясында оқушылардың нені оқып, нені үйрену қажет екендігін айқындау үшін
қолданылады. Сонымен қатар, жекелеген пәнді оқыту мазмұнына қысқаша
шолу ұсына отырып, бұл құжаттар мүдделі тараптарға оқушылардың белгілі
сынып аясында оқу бағдарламасы бойынша жалпы түсінік алуына, белгілі бір
сыныпта оқушылардың қандай білім, білік, тәжірибе жинақтайтынын
анықтауға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасы – бұл пәннің құрылымдастырылған сипаттамасын,
сондайақ пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер туралы
мәлімет ұсынатын құжат.
Оқу бағдарламасында пән бойынша оқушылар әр сынып аясында
дамытады деп күтілетін білім, білік дағдылар оқу мақсаттары түрінде
бейнеленеді.
Осыоқу мақсаттарында оқу бағдарламасының әр сыныпқа
арналған мазмұны анықталады. Оқу мақсаттары бөлімдер мен бөлімшелерге
бөлінеді, алайда оларды ұсынылған тәртіпте ғана оқыту міндетті емес. Оқу
бағдарламасы спиральділік қағидатының негізінде оқушылар сыныптан
сыныпқа ауысқан сайын қалай алға ілгерілейтінін көрсетеді.
Оқу бағдарламасында қамтылатын мәселелер:
пәннің мақсаты, міндеті және маңызы туралы тұжырым;
дамытылатын білім, түсінік, дағдылар, көзқарастар мен құндылықтар
туралы мәлімет;
ақпараттықкоммуникациялық технологиялар туралы түсініктеме;
пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер;
бағалау тәсілдеріне қысқаша шолу;
бағдарламаның мазмұны,
ұйымдастырылуы және ондағы
материалдардың күрделілігінің өсу реті.
Оқу жоспарының құрылымы мен мазмұны
Оқу жоспары – бұл белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге
арнап дайындалған құжат. Оқу жоспарында белгілі бір сыныпта белгілі бір пән
бойынша меңгерілетін материал жанжақты сипатталады,
сондайақ ол
материалды оқыту реті ұсынылады. Оқу жоспарында қамтылатын мәселелер:
тілдік мақсаттар;
ұзақ мерзімді жоспар;
орта мерзімді жоспарлар;
қысқа мерзімді жоспар.
Орта мерзімді жоспарларда оқу жылы бойындағы барлық оқу
мақсаттары қамтыла отырып, оқушыларға осы мақсаттарға қол жеткізуге
мүмкіндік беру үшін орындау ұсынылатын жаттығулар туралы қысқаша
мәлімет келтіріледі. Бұл ұсынылатын жаттығулар мұғалімдерге өз сабақтарын
әзірлеу кезінде қолдау көрсетуге бағытталған пайдалы кеңестер жазылған
қысқаша жазбалармен қатар,
осы сабақ аясында қолдануға болатын
ресурстарды да қамтиды.
Қысқа мерзімді жоспар – мұғалімдерге өз сабағының егжейтегжейлі
жоспарында орта мерзімді жоспардың мазмұнын қалай бейімдеуге
болатынына қатысты нұсқаулық ретінде ұсынылған үлгі.
Жалпы алғанда, оқу жоспары пән мазмұнын және оны қалай оқыту
керектігін терең меңгерген мұғалімді жаңартылған оқу бағдарламасын іске
асыруда табысқа жету жолында жанжақты қамтамасыз етуге арналған.
Оқу жоспарын нормативтік құжат ретінде емес, нұсқаулық ретінде
қарастырудың маңызы зор,
себебі мұғалімдер өздері сабақ жүргізетін
сыныптардағы оқушылардың қажеттіліктері мен үлгеріміне қарай оған түзету
енгізіп, бейімдей алады.
Заманауи қоғамның зиялы азаматына білім беру сана әлеуеті жоғары
дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз
білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу. Білім беру
бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.
оқушы
бойында
нәтижесінде
Заманауи мектептердің мақсатыжоғары білімді,
шығармашыл адамның
үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау. Өз
білімінің
ойлау,
білімін шығармашылықпен пайдалана білу, зерттеушілік дағдылары, АКТ
дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған
міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады.
Мектеп бағдарламасына кіріктірілген пәндерді енгізу оқушының жалпы
дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас
ұғымының қалыптасуына септігін тигізеді.
тұғысынан
сын
Бағдарламаның мақсаты: Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымын,
мақсатміндеттерін меңгерту.
оқу
жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдістәсілдер және белсенді
оқыту
үлкен жауапкершілік
міндеттейді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында
Жаңартылған оқу бағдарламасы,
қарастырылды.Ұстаздарға
техникалары табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз
еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз
мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын
білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.
Жанару - заман талабы.
Жанару - заман талабы.
Жанару - заман талабы.
Жанару - заман талабы.
Жанару - заман талабы.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.