Жарманың жеті қыры
Оценка 4.9

Жарманың жеті қыры

Оценка 4.9
Исследовательские работы
docx
история
11 кл +1
29.11.2020
Жарманың жеті қыры
Жарма өңірі туралы мақала
Жарманың жеті қыры .docx

                                                                                  Шығыс Қазақстан облысы,

Жарма ауданы,Шар қаласы,

"Барьян Турсынов атындағы
орта мектептің"

 тарих пәні мұғалімі
Бутабаева Жанаргуль Орысбаевна

                                                     Жарманың жеті қыры

 

Түйін

      Баяндама Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы сәуір айында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жалғасы болып табылатын  «Ұлы даланың жеті қыры» атты   мақаласын басшылыққа ала отырып Жарма ауданының көркем табиғаты, тарихи орындары, аңыз-шежірелері -ұрпақтар үшін қазыналы мол мұра екендігін еске салады.

«Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.»

                                                                                                    Н.Ә. Назарбаев.

              Елбасымыз жыл сайынғы қазақ халқына жолдауы туған елімізді дамытуға, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын жақсартуға, еліміздің жаңғыруына, жаңаруына, бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеу мәселелерін өзекті мәселе етіп көрсетеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы сәуір айында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жалғасы болып табылатын  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Ұлы Дала Елінің тарихынан сыр шертетін қазақ халқының тұнып тұрған шежіресі іспетті.

      Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: "Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың, тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген" деп атап айтқан.  Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар.

    Ұлы даланың жеті қыры­ның кез келгені – Қазақ елі­нің өміріндегі ерекше мұра. Ал, тыңда мекенімнен сөз қозғайын , - деп туған жер, өсірген ел туралы сөз қозғап жатады. Ендеше талай заман, талай ұрпаққа жайлы мекен, құтты қоныс болған Жарма туралы неге сөз  қозғамасқа деп Жарманың жеті қырын айтуға бел будым

    Жарма ауданының тамаша қырларының бірі-Қарамола мекені. , «Қара мола» атауы - киелі мекен, көне орын, қара жұрт деген мағынаға саяды. Семейден 70 шақырым, Шар өзенінің бойында,Делбегетей округіне қарастыҰзынжал ауылы мен Суықбұлақ кентінің арасында  орналасқан Қарамолла деген жерде  әр жылда өтетін сол кездегі патша ұлықтары-қыр қазақтарының төтенше съезі өтеді.Бұл съезд кейін тарихта Қарамола съезі атанды.Съезге: Семей, Кереку,Қарқаралы, Өскемен, Зайсан-бес дуанның болы ,билері, белгілі адамдары,көптеген қазақтар қатысқан.Мұндай съездерде патша әкімшілік орындары-бір дуан мен бір дуан арасындағы-жер дауы, жесір дауы, барымта, ұрлық сияқты дауларды шешетін. Екі ел арасындағы ел дауларын билер съезі бас қосып шешеді.Жәрмеңкеде біріншіден сауда-саттық  мал мен зат айырбасы жүргізілсе, екіншіден әкімшілік,саяси мәселелер қаралатын орын болған.

      Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы»романында былай беріліпті: «Абай Қарамолаға көп жолдас ерткен жоқ.Қасына алғаны Ербол  мен  Көкбай ,Баймамбет. Жастардан:Мағаш, Дәрмен,ерді Кәкітай мен Әбіш те бірге ермек болып еді, Абай оның екеуінеде ауылда болуды ұйғарды... » 

      Абай бұл ұлы дүбір жиында кіріптар кісі болмай, сол съездіңтөбе биі болып сайланып, тамам елді, жиылған ақсүйек қарасүйектерді аузына қаратады.Патша үкіметінің заңының қазақтың салт-санаға,әдет-ғұрпына, тұрмысына үйлеспейтінін генерал-губернаторға дәлелдеп, өзі сол съезде үш күн, үш түн қыр даласының заң жобасын жазады.Ол жобаны жазып болған соңАбай өзі шығып сөйлеп, бес дуанныңби болыстарының, жиылған ел- жұрттың талқысына салып бірауыздан мақұлдатады. Жаңа заң 76 статьға яғни бапқа бөлінеді.Мұнда демократтық тұрғыдан алынған көптеген жаңалықтар бар.Әсіресе әйел теңдігі,әйел бостандығыжайында сол кезде ешбір ресми заңда жоқ,озат қағидалар,алынады,жер дауы, жесір дауы,мал дауы, мұрагерлік, барымта, ұрлық туралы да қатал, әділ статьялар қабылданады.Абайдың қазақтың ескі заңын өзгерту туралыкөптеген ойлаған көкейкесті арманының бірі іске асқандай болады.

      Ұлы Абайдың  киелі жерімізде бірнеше болуы, ізін қалдырғаны үлкен мақтаныш және өлкеміздің өшпес белгісі.Ұзақ жылдар Суықбұлақ  құрылыс  материалдары  зауытын  басқарған, осы жердің тумасы Тұрсынбек  Юсуповтың бастауымен  Қарамола  съезі  өткен, Абайдың аяғы тиген жерге тамаша белгі қойылды.  2016 жылдың 26 тамызында  Шар қаласының Мәдениет үйінің алдында Абай Құнанбаевқа арналған кеуде мүсінінің/бюст/ қойылуы да .

       Жарма өңірінің келесі қыры -Делбегетей тауы.Бағалы және жартылай бағалы тастардың кен орындарына бай бұл граниттік массив жұмбақ әуесқойларымен қатар, дәстүрлі ғалымдар – тарихшылардың, археологтардың, өлкетанушылар мен геологтардың назарын өзіне бұрыннан бері аударып келе жатыр.

        Осы таулардың Делбегетей деп аталуы да жұмбақ болып тұрғаны. Көне моңғол тілінен аударғанда бұл сөз екі мағына береді. Бір аударма бұл тауларды «айдаһар» сөзінен шыққан «айдаһарлар тауы» деп атайды, бұл жерде бұрын шынымен де алып тіршілік иелері – динозаврлардың тіршілік еткені (әрине миллион жыл бұрын емес, тек қана бірнеше мың жыл бұрын) бұл атаудың дәлелі болып табылады. Зайсан шұңқырының кварцты құмдарында біздің ғалымдардың осы бір динозаврлардың сүйектері мен жұмыртқаларының қабыршақтарын тауып алғаны белгілі. Ал екінші аудармасы бұл тауларды осы өңірдің зор табиғи байлығының құрметіне байланысты «берекелі, кең, байлыққа толы» деп атайды. Заманауи зерттеулер көрсеткендей, дәл осы жерде ертедегі кен қазушылар қалайы, зүмәржат, жартылай бағалы жасыл ақық пен мөлдір сутас өндірген. Делбегетей зұмреттерін (измуруд) 50-шы жылдардың аяғында геолог А.Г.Алексеев ашқан болаты. Делбегетей қазба орнын егжей-тегжейлі барлау ісі В.Ф.Кощеевтің есімімен байланысты. [11]

       Көріп отырғандай, біріншісі де, екіншісі де шынайылыққа парапар. Бұл тау массиві сырт көзге онша қызық емес болып көрінуі мүмкін. Бірақ ішіне енген сәтте, рухты еліктіретін көрініс ашылады: тау шатқалдары, кең алқаптар, құзды жартастар, жартастардан құлап ағатын бұлақтар және көне тау жыныстарының біртүрлі үйінділері.

Таулар ондай биік емес. Ең биік шыңы шамамен алғанда 750 метрге дейін жетеді. Бірақ олардың әдемі орналасуы мен әр түрлі шатқалдардың, алқаптардың, бұталардың бірнеше көріністерінің бар болуы Делбегетейдің ішкі әртүрлілігін таң қалдырмай қоймайды. Бір біріне ұқсайтын бірде бір шатқал мен алқап жоқ.

Тауларда жартас бетіне салынған суреттер – сол кездегі тұрмыс пен аңшылықты сипаттайтын көне адамның «петроглифтері» бар. Сонымен қатар тауларда тұнық мөлдір және тәтті суы бар бұлақтар да көп.

Сондай-ақ  Делбегетей өзінің пайдалы қазбаларымен де бай. Бұрындары қалайы өндірілген көне шурфтар (үңгірлер) бар. Оларға ендігі бірнеше мыңдаған жыл болған. Тауларда кен қазушылар алтын, жасыл зүмәржат, тау сутасы мен басқа да тастады өндірген. Бұл кен қазушыларды тау ісі және металлургияда дағдылары бар атақты көне чудь тайпаларының өкілдері деп есептеген. Делбегетей кен қазу орындарындағы көне кендерін «чудь шұңқырлары» деп атаған.

Жел мен жаңбырдан мүжілген таулар өзінің түрлі-түсті формаларымен табиғатқа әдемі көрік береді. Байқонды аңғарындағы әдемі көл, Бүркітсайдағы қысы-жазы ағатын сарқырама, Делбегетей тауының қайталанбас ғажайып көріністері. Делбегетей тауының теріскей жағына Әлжан көлі орналасқан.

Делбегетейден Қазақстанның Қызыл кітабына енген аң-құстарды да кездестіруге болады. Мысалы, манула –жабайы мысықты.

             Бүгінгі ХХI ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, өзінің өлке тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Мені ерекше қызықтырған тағы бір киелі жер Суықбұлаққа жеті шақырым қалғанда тас жолдың батыс жағында Шар өзенінің бойында тұрған «Қыз бейіті немесе Қыз әулие» бейіті.     ХIХ –ғасырдың 30- жылдарында бұрынғы Шар ауданы, Киров атындағы кеңшар қазіргі Қоңырбиік ауылдық округі жерінде осы елде Мамажай деген молда өмір сүріпті. Мамажайдың орта жасқа келгенде бір қыз бала көреді. Қыз баланың айрықша белгілері ол үш айға толғаннан кейін ерекше айқындала бастаған. Ел қыстаудан көшіп Шар өзенінің бойына келіп қонған кезі. Әкесі Мамажай біраз демалайын десе бесікте жатқан бала жылап, мазасын ала береді. Тербеткенге де уана қоймайды. Ыза болған Мамажай дауысын шығарып жағың қарыссын деп тербете бастаған екен.Сол-ақ екен, жылап жатқан қыз жылағанын тоқтата қойып, анық сәби дауыспен: «Сенің жағың қарыссын, Мамажай» - деген екен дейді. Жалма-жан жылап жатқан қызының бетін ашып қараса, қыз кемсеңдеп әкесінің бетіне қарайды. Одан әрі бала мүлдем тіл қатпапты.

           Осындай оқиғадан кейін әкесі қызын үшкіріп, бесікті отпен аластайды. Бұдан біршама уақыт өтеді. Бұл оқиға тағы қайталанады. Оқиғаны өзінен басқа ешкім білмейді, айтуға дәті бармайды. Ал қызы отыра бастағаннан бастап тілі шығып сөйлей бастайды.

Үш жасқа келгенде шешесінің атын атап,өзінің туған күні төбеде қызылды-жасылды не ілініп тұрғанын сұрайды. Шешесі ойлана келе қызы туатын күні алаша тоқуға иірген жіпті бояғаны есіне түседі. Қызының сұрап отырғаны сол екен.

Бес жасқа келгенде нақышына келтіріп Құранның ортасын ашып қойып нақышына келтіріп оқып отырған қызын көргенде әкесі мүлдем қорқып жамандыққа жориды. Бақсы – балгерлерді шақырып кітап ашқызып, құмалақ салдырып тексертеді. Баланың денсаулығы жақсы, ақылы есі дұрыс дейді.

Әулие қызды көремін деген маңайдағы елдің адамдары Мамажайдың есігін босатпайтын болды. Шынымен де қыз өсе келе сол өңірде не болатынын, қай жерде кім ауырып жатқанын, оның емі неден екенін айтып отыратын болыпты. Бірақ қыз жастайынан көз тиіп қайтыс болады.

    «Қыз бейіті» Суықбұлаққа жеті шақырым қалғанда тас жолдың батыс жағында Шар өзенінің бойында тұр. Зираты жаңартылған. Ары-бері өткен жолаушылар әдейі тоқтап ақтық байлап, құран бағыштайды.

      Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылынан 10 шақырым қашықта түйе жотаның бауырында досты сүйіндіріп, дұшпанды күйіндіріп тұрған- Ер Жәнібек бабамыздың еңселі ескерткіші. Ұлан-байтақ жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған батырлардың бірі — Жоңғар шапқыншы-лығына қарсы күресте ерен ерлігімен аты шыққан Ер Жәнібек Бердәулетұлы (1714-1792). Ол үш жүздің хандары Әбілмәмбет және Абылай (Әбілмансұр) кезінде жоңғар шапқыншыларына қарсы соғыстарда қазақ қолының ең батыр сардарлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Уақ Өтеген және Орақбай, Малайсары қатарлы батырлармен тізе қоса отырып, «Құба Қалмақ» аталған жоңғар шапқыншыларына қарсы соғыстарда ерекше көзге түскен қолбасы, әйгілі шешен, әділ би әрі сол кездегі тұтас Абақ-Керейдің ел иесі болған дейді кәрі тарих. Сырын ішіне бүккен көне деректерге үңілсек, бір шайқаста мінген тұлпары болдырып қалған Абылай ханға астындағы көк дөненін түсіп беріп құтқарып қалғаны жазылған. ҚаҺарынан дұшпаны ыққан Ер Жәнібек үш жүздің айтулы батырларымен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстың аяғына дейін қатысады. 1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының бодандығын қабылдаған кезде Ер Жәнібек керей тайпасын бастап, Сыр бойынан үдере көшіп, Қалба тауына келіп қоныстанады. Бұл да батырдың бірбеткейлігін, бұғалыққа басын игісі келмеген тектілігін, саясатқа қаншалықты жетік болғанын көрсетсе керек-ті. Елінің тыныштығы мен жерінің тұтастығы үшін ат үстінде ғұмыры өткен батырға қандай құрмет көрсетілсе де артық емес. Жарма ауданындағы Қалбатау ауылындағы Ер Жәнібек батырдың мемориалдық кешенінің салтанатты ашылуын 2009 жылы 23 қыркүйекте сол кездегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ашты. Ер Жәнібек батырдың ескерткішін көтеруге демеушілік еткен Сүлейменов Қанат деген азамат, ал батыр мүсінінің авторы сәулетші Шаймұрат Өтепбаев. Ұлттық рухтың оянуына, қалғып жүрген ұрпақтарының түлеуіне батыр бабаның тағылымды ғұмыры қозғау салары сөзсіз. Алты метрлік қола ескерткіш алыстан мен мұндалайды. Батырдың қос қанатында екі көкжал бөрі тұр. Бұл — Ер Жәнібекті қорғап жүретін қос арлан болған дейтін аңызға бергісіз әңгіменің негізінде жасалған композиция. Ал батырдың ту сыртында биіктігі 45 метрлік стелла орнатылған. Ескерткіштен 30 метрдей жерде Ер Жәнібектің кесенесі тұрғызылған.

      Қалбатау селосынан оңтүстікке қарай Шар су қоймасы орналасқан.

Шар өзені Сарыарқа мен Қалба жотасының табиғи шекарасы болып есептеледі. Ол Қалба жотасынан басталып 253 километр аққаннан соң Ертіс өзеніне құяды. Су жинау алабының ауданы 2,1 мың шарша километрді құрайды. Шардың Ағынықатты, Былқылдақ, Жанама , Жіңішке, Ханым, Жарма, Кеңтарлау сияқты салалары бар. Оның су мөлшері негізінен аудан территориясына түсетін жауын-шашынға байланысты. Яғни қар, жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді.  Кеңтарлау ауылынан төмен қарай кәдімгі жазықтың өзеніне айналады. Көктемде тасиды (көлденең қимасынан тәулігіне бір миллион тоннаға дейін су ағып өтеді) және жазда сабасына түседі. Орташа су шығыны секундына бес тоннаға тең. Шар Жарма ауданының негізгі өзені болғандықтан шаруашылыққа кеңінен пайдаланылады. 1975 жылы өзенге  бөгет салынып, беткі ауданы 12 шаршы километр, ұзындығы 7 км, ені 2,5 км, жағалауының ұзындығы 22км, сиымдылығы 80 миллион текше метрлік Шар су қоймасы пайда болды.  Бұл су қоймасының көмегімен біріншіден көктемгі жойқын су тасқыны реттеледі, екіншіден 30-35 мың гектар егіс алқабын суландыруға болады. Шар су қоймасынан жан-жаққа бытырай күн талабына сай ірілі-ұсақты каналдар тартылған. Терек, үйеңкі, тал, қарақат, ит мұрын, сиыр бүлдірген өскен  су қоймасы жағалауы аудан тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған. Үкі, жапалақ және үйрек, қаз, шағала қасқалдақ, сары шымшық сияқты көшпелі құстар да ерекше көрік береді. Ал, қоян, түлкі, жағалауында ойнаса, шабақ, нәлім, алабұға, шортан балықтары суында 

ойнайды.

      Арасан сор көлі аудан орталығы Қалбатау ауылынан 12 шақырымда орналасқан. Балшығының шипалы қасиеттерi әлдеқашан белгiлi бұл көлдің суы да минералды емдік. Көлдің шипалық қасиетін алғаш анықтаған бүкіл Шығыс Қазақстан өңіріне аты мәлім болған дарынды дәрігер Дүйсенбі Қалматаев. Ол 1860 жылы Жарма ауданының Мариновка аулында дүниеге келген. Омбы қаласындағы екі жылдық дәрігерлік училищені бітіріп, Қалба болысының екінші участкесіне фелдьшер болып тағайындалған жас маманды көп қиындықтар күтіп тұр еді. Ел ішінде түрлі аурулар көп. Дүйсенбі тау баурайындағы ауылдарды аралап, ауыр науқастарды емдей жүріп, Ортабұлақ маңындағы тотияиндай көгілдір сулы көлге келеді. Ол бұл көлді бұрыннан білетін және оның балшығы денені торлаған тұз, буын ауруларына ем болатынын да бұрын естіген. Жаз айында көл маңына киіз үй тіккізіп, адамдарды емдей бастайды. Көл суының да ,майлы балшығының да көптеген ауруларға ем болатынына көзі жетткен ол көл балшығын зерттеуге жібереді. Арасан көлі суының сараптамасы 1946 жылы Дүйсенбі қайтыс болғаннан кейін Мәскеуден толық бекіп келеді. Көл суы құрамына қарай гидрокарбонатты – сульфатты – хлоридті – кальцийлі – магнийлі суды құрайды, 4,6г/л минералдануы мен рн – 8,8 ( сілтілі). Арасанның балшығы тығыз тұнбалы, қара түсті, майлылығы жоғары колоидтты және иілгіш, ылғалдылығы 48% құрайды. Көлдің тұнбалы балшығы эксперименттік және клиникалық зерттеу нәтижесінде медициналық балшық үшін барлық талаптарға сай екенін көрсеткен. Бұл әйгілі Саки көлінің, Тамбукан (Пятигорск), Мойылды балшықтырына тән. Батпақты процедуралардың әсерінен байқалары, гипофиз жүйесінің, бүйрек үсті безі жұмысының жоғарлауы, дәнекер 

ұлпаның қызметі жақсаруына, ағзадағы жүйке құблыстарының және зат алмасуының қалпына келуі. Көлдің минералды суын асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алуға пайдаланады. Бұл туралы 1978 жылы Семейдің медициналық институтының ректоры, профессоры Н.А.Хлоповтың басшылығымен медицина институтының доценті Л.А.Муковозов, доцент В.В.Шабамен, ассистент В.К.Олейников жасаған көлдің қасиетін зерттеу жұмыстары туралы есебінде анық айтылған. Қасында «Арасан» сауқтыру орыны да орналасқан. Емделу үшiн Республиканың барлық облыстарынан, бергi және алыс шетелден келедi. Балық аулаудың әуесқойлары сазан және жылан балықтарды Арасан көлінен аулай алады.

     Алтайдың жалғасы Қалба жотасы Ертістің сол жағалауында жатыр.Шығыс Қазақстан облысының Жарма (батысы), Ұлан және Көкпекті аудандарының жерін қамтыған. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 400 км-ге созылып жатыр,

Солтүстік-батысы мен батысының жер бедері аласа таулық сипатта, солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысы орта биіктік таулы шоқылықты құрайды. Оның ең биік нүктесі – Сарышоқы (1558 м). Қалба жотасы батыс жағында Шар аңғары арқылы Сарыарқамен шектеседі. Тау төбелері жұмырлау, беткейлері әбден тілімделген, кей жерлері жазық келеді. Сонымен бірге тантал, вольфрам, қалайы сирек металды кендері өндіріледі.Өзендерінің барлығы Ертіс алабына жатады. Ірі өзендері: Көкпекті, Бөкен, Шар, Қызылсу Қанай, Ұлан, Абылайкит, Тайынты. Көлдері: Шалқар, Айыр.Онда далаға және құрғақ аласа тауға тән далалық түрлі шөпті өсімдіктер өседі. Шығысы мен солтүстік-шығысында Сібір жазығына тән сирек ағашты және қайыңды-қарағайлы орман қалыптасқан. Бұталар (тобылғы, ешкісабақ, қараған, арша, итмұрын), қайың, терек, көк терек бар. Одан жоғарыда балқарағай, самырсын, қарағайлы орман өседі. Жануарлардан мұнда тиін, шұбар тышқан, қоңыр аю, сілеусін, құдыр, меңіреу құр, шіл, тұйғын, тоқылдақтар, ұлар бар.

      Қорыта келгенде, ұлттық санасы жаңғырып, рухани жаңғыру жолында тарихын түгендеп, атына қайта мінген қазақтың кеудесін ешкім баса алмайтыны көрсетіледі. Осындай игі бастамаға ат салысу-әрқайсымызға қастерлі міндет. Ел үмітін ақтау, ел болашағы - бүгінгі жас ұрпақта!

Кіндік қанымыз тамып, туып өскен жеріміздің шежіресін болашақ ұрпаққа үйретіп,оны әрқашан есімізде сақтау әрі ардақтай отыра өзгелерге таныту –басты міндетім деп есептеймін. Бүгінгі 21 ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, өзіннің өлке тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген. Бұл әрбір азамат өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы,

Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы

1. Қ.Керейбаев « Қазыналы Қалба».   Алматы.2003 жыл.

2. Қ.Керейбаев «Соғыс жылдарындағы Жарма» "Қазығұрт" баспасы, 2005жыл.

3. Қ. Мұсатаев «Киелі Шар өңірі». «Арыс» баспасы,2010

4. Х. Кенжебаев Шар қаласы аумағындағы жер атаулары туралы бірер сөз. «Шар тынысы» газеті № 20 2005 жыл.


 

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы,Шар қаласы, "Барьян

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы,Шар қаласы, "Барьян

Абай бұл ұлы дүбір жиында кіріптар кісі болмай, сол съездіңтөбе биі болып сайланып, тамам елді, жиылған ақсүйек қарасүйектерді аузына қаратады

Абай бұл ұлы дүбір жиында кіріптар кісі болмай, сол съездіңтөбе биі болып сайланып, тамам елді, жиылған ақсүйек қарасүйектерді аузына қаратады

Жел мен жаңбырдан мүжілген таулар өзінің түрлі-түсті формаларымен табиғатқа әдемі көрік береді

Жел мен жаңбырдан мүжілген таулар өзінің түрлі-түсті формаларымен табиғатқа әдемі көрік береді

Жәнібек керей тайпасын бастап,

Жәнібек керей тайпасын бастап,

Бұл әйгілі Саки көлінің, Тамбукан (Пятигорск),

Бұл әйгілі Саки көлінің, Тамбукан (Пятигорск),

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1Н

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1Н
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020