|
Сабақтың маршруты 9 сынып |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы |
||||||||||||||||||||
|
Мақсаты: 9.6.1.2 Планк формуласын есептер шығаруда қолдану |
||||||||||||||||||||
|
Пәндік лексика және терминология: Жарық, квант, энергия, фотон, жиілік Свет, квант, энергия, фотон, частота Light, quantum, energy, photon, frequency Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері: Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады. Абсолют қара дене энергияны үздікті шығарады және жұтады. Квант – порция энергии при распространении и поглощении. Абсолютно черное тело выделяет и поглощает энергию прерывно, отдельными порциями (квантами). Quantum - a portion of the energy during propagation and absorption. An absolutely black body releases and absorbs energy intermittently, in separate portions (quanta). |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысында • Жаңа материалды игеру – 12 мин • Есептерді топпен және жұппен шығару – 10 мин • Жеке жұмыс – 8 мин • Қалыптастырушы бағалау – 6 мин • Рефлексия |
||||||||||||||||||||
|
(W) Жаңа материалды игеру – 12 мин • Планк гипотезасы – 1900 жыл • Абсолют қара дене жылулық сәулелерді үздіксіз шығара да, жұта да алмайды; оларды тек үзікті (дискретті) үлес – квант түрінде ғана шығарады немесе жұтады. Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады. •
•
• Ультрафиолет апат, кванттық физикаға кіріспе • https://www.youtube.com/watch?v=GbwehbE8TtQ 1:30-4:20 |
||||||||||||||||||||
|
(G) Есептерді топпен және жұппен шығару – 10 мин
Есепті топпен шығару Сынып екі топқа бөлінеді, әр топ бір есепті шығарады, кейін бөліседі
1 (№38-1) Фотонның энергиясы 2,8·10-19 Дж. Электромагниттік сәуленің толқын ұзындығы қандай?
2 (№38-3) Қуаты 100 Вт жарық көзі 1 секундта 5·1020 фотон шығарады. Сәуленің орташа толқын ұзындығы қандай?
|
||||||||||||||||||||
|
Есепті жұппен шығару Әр жұп бір есепті шығарады, кейін бөліседі
1 Фотонның энергиясы 4,1375 эВ. Толқын ұзындығы қандай?
2 6·10-7 м толқын ұзындығына сәйкес келетін фотонның энергиясы қандай?
3 Жиіліктері 5·1015 Гц және 1,5·1016 Гц фотон энергияларын қатынасын тап.
4 Қуаты 200 Вт жарық көзі 2 минут ішінде жиілігі 3·1015 Гц сәуле шығарады. Осы жағдайда неше фотон шығарылады?
|
||||||||||||||||||||
|
(I) Бекіту – Кесте толтыру – 8 мин Әр оқушы берілген кестені толтырады, өзін-өзі бағалайды
|
||||||||||||||||||||
|
(f) Қалыптастырушы бағалау – 6 мин 1 Ультракүлгін, рентген немесе инфрақызылсәулелердің қайсысы электромагниттік энергияны басқалардан көп тасиды?
2 Қуаты 150 Вт жарық көзі 5 минут ішінде 7·1022 фотон шығарады. Сәуленің толқын ұзындығын табыңыз.
|
||||||||||||||||||||
|
Рефлексия
|
||||||||||||||||||||
|
Үй жұмысы: п.48 оқу Келесі тақырыпты алдын алу – видео қарау, сабақты өту https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/kvanttyq-fizika/zharyq-kvanty/lesson/fotoehffekt-foton-foton-ehnergiyasy |
||||||||||||||||||||
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.