Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер
Оценка 5
Библиография
docx
классное руководство
Взрослым
29.10.2019
Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер
Ы.Алтынсарин
Ы.Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болған адам. Ол тарихтың қиын да күрделі кезеңінде, қазақ қоғамының құрылымында да, әлеуметтік экономикалық өмірінде де аса бір қиын шақта дүниеге келді. Ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай жерінде дүниеге келген. Әкесінен жастайынан айырылған Ыбырайды атасы Балқожа би тәрбиеленеді. 1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді. Мұнда орыс, татар, парсы тілдерін жақсы меңгеріп шығады.
7 Алтынсарин эссе.docx
Атыжөні:Ергалиева Н.У
Жұмыс орны: №14 мектепгимназия
Лауазымы:Өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі
Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер
Ы.Алтынсарин
Ы.Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және
жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі жазушы, орыс графикасы
негізінде қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болған адам. Ол
тарихтың қиын да күрделі кезеңінде, қазақ қоғамының құрылымында да,
әлеуметтік экономикалық өмірінде де аса бір қиын шақта дүниеге келді. Ұлы
педагог Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай
жерінде дүниеге келген. Әкесінен жастайынан айырылған Ыбырайды атасы
Балқожа би тәрбиеленеді. 1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы
жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді. Мұнда орыс, татар, парсы
тілдерін жақсы меңгеріп шығады.
Мектепті 1857 жылы бітіріп, атасы Балқожа бидің хатшысы ретінде
тілмаштық қызмет атқарады. 1864 жылы Торғайда қазақ балаларына арналып
ашылған мектепте ұстаздық етеді. Сол замандағы қаражаттың жетіспеушілігі,
мектеп үйі, құрал аспаптардың жоқтығы да оны мұқалта қоймады. Ол ауыл
ауылды аралап, халыққа білім беретін зиялы мектептердің артықшылығын
түсіндірді. Өзінің насихатын халықтың жүрегіне жеткізе білген оған халық
арасынан қолдау көрсетушілер табылды. Қаржы жинауды ең алдымен өзі
бастап, атасы Балқожаның еншісіне берген малын сатып, түскен ақшаны
мектеп салуға жұмсады. Оқу үйі жетіспеген кезде, оқу білім іздеген қазақ
балаларын өз үйіне жатқызып оқытқан.
Сол заманның ең озық білім ордалары саналған Петербург, Қазан қалаларына
барып, орыс ағартушыларының еңбектерімен, орыс үкіметінің халыққа білім
беру жүйесімен танысты. Солармен таныса отырып, қазақ балаларына
арналған оқулықтар жасаумен айналысты.
1879 жылы Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына
тағайындалады. Осы жылы оның алғашқы қазақ тіліндегі оқулығы «Қазақ
хрестоматиясы» Орынбор қаласында жарық көрді. Бұл «Қазақ
хрестоматиясы» оқулығына енгізілген өлеңдер мен әңгімелерінің тәрбиелік,
білімдік маңызы зор болды. Мысалы, «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер білім
бар жұрттар» сияқты өлеңдері оқырман қауымның жүрегінен шықты. Сонымен
қатар «Қазақ хрестоматиясындағы» бірқатар өлеңдері шәкірттерді Отанын сүюге, адамгершілікке, тәлім тәрбиеге жетелейді.
Ол 48 жасында ерте қайтыс болса да, болашақ ұрпаққа тәлім болар мол еңбек
қалдырды. Ыбырай Алтынсариннің еңбегі қазақ халқының мәдени және рухани
дамуына, алдыңғы қатарлы озық мәдениетке жетуге игі ықпал етті. Жас
ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіретін, оны жүрек тазалығына,
бауырмалдыққа, татулыққа, адалдыққа тәрбиелейтін құндылықтарды Ыбырай
Алтынсарин еңбектерінен көре аламыз.
Ұлы ағартушы төл шығармалары мен аудармаларында адамдық болмыс
пен жүрек тазалығын, бауырмалдық пен адалдық сияқты құндылықтарды
уағыздап отырған.
Сондай адамгершілікке тәрбиелейтін тамаша шығармасының бірі –
«Таза бұлақ» әңгімесі. «Таза бұлақ» әңгімесін оқығаннан кейін адамда өмірге
деген басқаша көзқарастың пайда болуы байқалады.Бұлақ басында кездескен
үш жолаушы сияқты адамдардың да өмірге деген көзқарастары әртүрлі
болады. Бірінші жолаушының бұлақ басындағы «Әй, жолаушы, болсаң осы
бұлақтай бол» деген сөзді оқығандағы өзінің ойын, яғни тынбай еңбек етудің
түбі жақсылыққа апарады деп өз ойы мен көзқарасын білдірсе, оған екінші
жолаушы басқаша көзқараспен қарап, басқаша түсінгенін байқатты.Оның
пікірі әрқашанда жақсылық жасаудың дұрыстығын және оны ешқашан да
міндет етудің қажет еместігі жөнінде болды. Ал үндемей тұрған жас жігіттің
өмірлік ұстанымы мүлдем басқаша екендігі және тереңнен ойлап
адамгершілік қасиеттің жоғары болуына, әрқашан таза да пәк болуға,
бұлақтың мөлдір суындай өмір сүрудің қажеттілігін айтады.
Ыбырай Алтынсариннің үшінші жолаушы етіп жас ұрпақты алуының өзі
болашаққа, ұрпаққа деген сенімі деп білемін. «Бойыңды таза сақта, бұлаққа
қарасаң күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол
реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын» деп, «жаңа өспірім достарын» таза мінез
бен қайырлы істер істеуге шақырады.Жастайынан жаман пиғылдан, жаман
құлықтан өз – өзін тыймаған адам, қатайып кеткен ағаш сипатты. Түзетуге
көнбейді, сынып кетеді. Ұлғайғанша жамандық қылған адамның өз қалпын
өзгертуі қаншалықты қиын екендігін түсіндіреді. Жақсы, көркем мінезді
жасыңнан әдет етсең, ол әдет тура жолдан қандай қиыншылық көрсең де
жаздырмас дейді.
Әңгімеге арқау болған бұлақтың басындағы бір ауыз «Әй, жолаушы, болсаң
осы бұлақтай бол» деген сөздің астарына жазушы қаншама ой мен
көзқарасын жасыра білген. Бір ауыз сөздің мағынасын тереңірек түсіну үшін
жас жігіттің өмірлік ұстанымының дұрыстығы мен болашаққа деген сенімнің
жоғарылығын ағартушы айтқысы келгендей болды. «Таза бұлақ» әңгімесі арқылы жазушы адамгершілікке шақырады. Тынбай
еңбек ету, жақсылық жасау және оны міндет етпеу, таза да кіршіксіз өмір
сүрудің қажеттілігін насихаттайды. Бұл жерде басқаша қарасаңыз бірінші
және екінші жолаушылардың да айтқандары дұрыс.Олар да тек адамгершілік
туралы өз пікірлерін білдірді.Тек әрбір адамның өмірлік ұстанымы әркелкі
болады.Менің ойымша адамгершілік әрбір адамның бойында бала кезден
қалыптасуы қажет.Ол дүниеге келгенде адам баласының бойында тек жақсы
қасиеттер болады, олар жамандық пен арамдық дегенді білмейді.Сол
адамгершілік қасиеттерді жоғалтпай дамытып отырсақ, өмірде зұлымдық
атаулыға орын болмаушы еді.
Әңгімеден өмірлік түйгенім: өмірде әрқашан да адал болу, таза болу және
тек сол кезде ғана сізді қоршаған орта жақсы қабылдайды. Сіз әрқашан сыйлы
бола аласыз.
«Таза бұлақ» әңгімесі арқылы Ыбырай Алтынсарин барша адамзатты тек
адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, жақсылық жасауға шақырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Алтынсарин Ы. Тағлымы». Алматы, Жазушы, 1991ж.
2. Асқаров А. «Ұлы Тұранның ұлдары», Алматы, 1998 ж. 5158 б.
3. Алтынсарин Ы. «Таза бұлақ» жин. Алматы, Жазушы, 1988ж.
4. Алтынсарин Ы. «Екі томдық шығармалар жинағы». Алматы
Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер
Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер
Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.