Жер – Ана
Оценка 5

Жер – Ана

Оценка 5
Разработки уроков
docx
биология +2
Взрослым
02.06.2017
Жер – Ана
Аталған көрініс оқушылардың бойындағы туған жерге деген жауапкершілікті арттырады. Олардың өз түсінігіндегі «қиянат» деген ұғымның не екенін түсіндіреді. Мектеп оқушылардың ой-өрісін дамытып, танымын кеңейтеді. Кешегі заманда пендеден көрген Жер Ананың қорлығын айқындай келе, бүгінгі экологиялық бүлінушіліктің зардабын ұқтырады. Бұл көріністің оқушылар алдында мақсаты зор, тәрбиесі кең. Сынып жетекшілер олардың ойларына түсінік беріп, білімдерін кеңейте түссе өте орынды балады. Оқушылар бұл көрініске бар ықыластарымен дайындық жұмыстарын жүргізіп отырды.
Жер ана.docx
Қатысатын кейіпкерлер: Жер – Ана 1. Кезбе шал­ 2. Кішкене қыздар бірінші қыз­                             Екінші қыз­  3. Бай – 4. Байдың ұлы – 5. Балалар – 6. Ауыл тұрғындары –  Жабдық: Ауылдың табиғаты мен көрінісі Жайылған дастархан. Сахнада   мерекеше   безендірілген   ауыл.   Бойжеткендер   билеп   жүр.   Жас   жігіттер   мен Бірінші көрініс балалар күш сынасуда. Түрлі тағам толы дастархан жайылған. Кезбе шал:  ­Айтшы, айналайын, сендердің ауылдарыңда қандай мейрам? Бірінші қыз: ­Қарабай бай өзінің кенже ұлының туған күніне арнап той жасап жатыр. Кезбе шал: ­Мерекеге соншама халық жиналыпты ғой. Оның ұлы соған лайықты адам болған ғой? Бірінші қыз: ­Одан тәуірлер де бар. Екінші қыз: ­Оған төрелік айтатын біз емес. Қонаққа шақырған адам жайлы жаман айтпас болар. Бірінші қыз: Е, міне, Қарабайдың ұлы. Бәрінің ішіндегі көрнектісі Кезбе шал:  Ол сонау садақты бәрінен жақсы атып тұрған бала ма? Екінші қыз:  ­Жоқ. Ол Қарабайдың ұлы емес.  Кезбе шал: ­Онда, бәлкім, киіз үйге бәрінен бұрын жүгіріп барған сонау жүйрік бала шығар? Бірінші қыз: ­Тағы таппадыңыз, ата! Кезбе шал.  ­Онда айтып жіберсеңдерші, мен оны қалай танимын енді? Екінші  қыз   ­Ол оп­оңай! Оның үстінде – ең әдемі киім бар! Музыка   ойнап   тұр.   Қыздар   өздерін   шақырған   құрбыларына   қарай   жүгіріп   кетеді   де,   билей жөнеледі. Қариялар байдың дастарқанына шақырылады.  Бай.  Екінші көрініс. Алыстан мейман келгені – қожайынға ең тамаша тарту! Бізде бүгін мереке. Қара, адамдар менің ұлымды ұлықтап жатыр! Оны қарттар мақтауда. Бойжеткендер ең әдемі әндерін шырқауда! Ал жастар оның құрметіне жарысқа түсіп, күштері мен ептерін сынасуда!  Кезбе шал.  Сенің ұлың шабандоз ба? Ол бәйгіде озды ма? Бай.  Жоқ. Оның жақсы аты бар, бірақ атқа шапқанды ұнатпайды.  Кезбе шал.  Бәлкім, сенің ұлың ең күшті болар? Ол халық қорғаушысы болатын шығар?  Бай.  Ал оған күшті болудың керегі не? Мен тірі тұрғанда оны ешкім ренжіте алмайды!  Кезбе шал.  Ал онда сенің ұлыңның басқа балалардан несі артық?  Бай.  Ол бәрінен алысқа түкіреді!  Кезбе шал.  Сол да өнер болып па? Ондай ептілік үшін ешкім жүлде бермейді.  Бай.  Басқа бермесе – бермес! Ал мен сондай жарыс жасаймын. Жүлдесі де әйгілі болады – мен жүлдеге тайлақ тігем!  Кезбе шал.  Алайда бұл жақсы бола қояр ма екен?  Бай.  Менің ұлыма жақсы болғанның бәрі басқаларға қуаныш болуға тиіс!  Музыка.  Бай (халыққа хабарлайды).  Ал   қазір   біз   балаларымыздың   қайсысы   бәрінен   алысқа   түкіре   алатынын   білетін   боламыз! Жеңімпаз жүлдеге жасқа толған бота – тайлақ алады!  Байқауға қатысу үшін балалар барлық тараптан жүгіп жетеді. Сөйтіп балалар түкірген кейіп көрсетеді.   Ересектер   оларды   мақұлдаған   айқайларымен   және   қол   шапалақтарымен   қолдап қояды. Тек бір қарт қана мақұлдамай бас шайқап отырады. Елеусіз жылжып кетіп қалады. Бұл жарыста байдың баласы жеңеді. Бәрі оны мадақтайды.  Бай (өзінің баласына жүлде тапсырып тұрып).  Жарайсың!   (Ауыл   тұрғындары   оған   қосыла   дауыстап   жатыр.)   менің   ұлым   ел   алдында ештеңесімен мақтана алмайды деген әлгі шал қайда? Кетіп қалды. Барсын, біз оған соншалықты өкіне қоймаспыз! Той жалғасады!  Ауылда мейрам жалғасын табуда. Бәрі ән салып, би билеуде. Кенет қатты жел тұрады. Аспан лезде түнеріп кетеді. Сонда адамдардың бойын қорқыныш билеп, әрқайсысы әр жаққа жүгіріп кетті. Сосын сахнада мүлдем қараңғылық орнады.  Үшінші көрініс. Бір кезде ауыл болған орын адам танығысыз. Бұл – ештеңе өспейтін шөл дала. Артқы фонда иесіз қалған киіз үй көзге шалынады. Бірнеше адам, іштерінде екі қыз бала бар, шөпшек теріп жүр. Кезбе шал пайда болады.  Кезбе шал.  Менің анық есімде, мына жерде таяуда ғана дулетті ауыл орын тепкен еді ғой?  Ауыл тұрғындары.  Болған... Кезбе шал.  Бұл жнрдің шөбінің өзі белуардан келетін, әрі солқылдаған шырынды жас шөп... Ауыл тұрғындары.  Болған... Кезбе шал.  Ал далада ақтылы қой отарлары мен жылқы табындары сыңситын...  Ауыл тұрғындары.  Болған...  Кезбе шал.  Таңның атысынан күннің батысына дейін ән де үзілмейтін... Ауыл тұрғындары.  Ән салар ешкім жоқ... Ауыл босап қалды. Бұлақ суалды. Ағаштар солды... Кезбе шал.  Ал Қарабай бай мен оның кенже ұлына не болды? Кішкене қыз 1.  Бай жұтады да, қайғыдан өліп қалды. Ал оның баласы баспанасыз күйге ұшырады. Дүниенің бір түпкірінде қаңғып жүр... Екінші қыз .  Біздің де өміріміз жаман болып тұр. Күніне көз жасымен жуынамыз... 1­ қыз: Айтыңызшы, ата, сіз өмірде көпті көрдіңіз ғой, біздің ауылда нендей сұмдық тап келді? Кезбе шал.  Естеріңде ме, Қарабай бай кенже ұлының құрметіне той жасап еді ғой?  Ауыл тұрғындары.  Есімізде... Кезбе шал.  Жер – біздің анамыз. Оған түкіру – күнәға бату деген сөз. Жерді ренжіткен күнәһарлықты тек көз жасын төгіп қана жууға болады.  Қайтадан жел соғады. Адамдар бораған құмнан алақандарын тосып қорғанады. Дабылды музыка естіледі. Кезбе шал сахнаның шетіне келеді де, көрермендерге қарап сөйлейді.  Кезбе шал.  Сендер бұл ауылдың тұрғындарына не болғанын білгілерің келе ме? Оларға өз отандарын тастап кетуге тура келді, енді олар жер бетінде тұрақтай алмай, қаңбақша домалап жүр. Бұл адамдарға еш жерде орын жоқ.  Шымылдырық. Қорытындынды тұжырымдама Аталған   көрініс   оқушылардың   бойындағы   туған   жерге   деген   жауапкершілікті арттырады. Олардың өз түсінігіндегі «қиянат» деген ұғымның не екенін түсіндіреді. Мектеп оқушылардың ой­өрісін дамытып, танымын кеңейтеді. Кешегі заманда пендеден көрген Жер Ананың қорлығын айқындай келе,   бүгінгі экологиялық бүлінушіліктің зардабын ұқтырады. Бұл көріністің оқушылар алдында мақсаты зор, тәрбиесі кең. Сынып жетекшілер олардың ойларына   түсінік   беріп,   білімдерін   кеңейте   түссе   өте   орынды   балады.   Оқушылар   бұл көрініске бар ықыластарымен дайындық жұмыстарын жүргізіп отырды. А.Байтұрсынов атындағы ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын бастауыш гимназия Жер –ана                                        Үйірме жетекшісі: Әбдіқасымова Ғ.Ж. АРҚАЛЫҚ Қ:

Жер – Ана

Жер – Ана

Жер – Ана

Жер – Ана

Жер – Ана

Жер – Ана

Жер – Ана

Жер – Ана

Жер – Ана

Жер – Ана
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.06.2017