«Тәрбие сапасы тұлғаның және қоғамның жаңа менталитетін қалыптастыру»
Оценка 5
Руководства для учителя
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
02.06.2017
Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні мен ертеңгісі де тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәрбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ұжданы зор, еңбекқор, іскер, бойында басқа да қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдерінің негізі – адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.
Баяндама Галия Ж..docx
Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні мен
ертеңгісі де тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы
жинақтап, іріктеп алған озық тәрбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың
бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарымқатынасын, дүниетанымын,
өмірге деген көзқарасын және соған сай мінезқұлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық санасезімі оянған, рухани
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, арұжданы зор, еңбекқор, іскер,
бойында басқа да қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Тәрбиенің
мазмұны, оны жүзеге асыратын әдістәсілдерінің негізі – адамгершілік,
имандылық, ізгілік, елжандылық.
Қай халық болмасын өзінің ұрпағын қайырымды, адал, әділ, арұжданы
таза, үлкенді сыйлайтын, ержүрек, еңбексүйгіш азамат етіп тәрбиелеуде
ғасырлар бойы сұрыпталып, қажетіне асқан салтдәстүрлерін әдістәсіл
ретінде пайдаланған. Мысалы, А.С. Макаренко, К.Д. Ушинский, В.А.
Сухомлинскийдің еңбектері және «Ұлыма хат» деген 30 хаттан тұратын
еңбегінде еңбек. Тәрбие, жолдастық, адамгершілік жайында әңгіме қозғап,
ақыл, кеңес, өсиетін айтып отырған. Бұл хаттардағы өсиет сөздер қай
халықтың болмасын тәрбие мәселесінде үлгі болмақ.
«Атаның сөзітәрбиенің көзі» демекш, орыс халқының сөз мәйегімақал
мәтелдердің өзі – ойланған адамға көп қазына. Мысалы, «Терпение и труд –
все перетрут», «Кто рано встаеттому Бог подает», «Скучен день до вечера,
кому делать нечего», «Без дело жить, только небо коптить». Ал осы сөздерді
біздің қазақ халқы айтқан жоқ емес. Атабабаларымыздың дәл осы
мағынадағы тәлімтәрбие беретін сөздерін бүгінгі күні біз де айтамыз.
Ұрпақ мәселесі – ол еліміздің болашағының ертеңінің қамы, жалпы
ұлттық биік мәні бар маңызды мәселе. Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде
қадым заманнан бері жиыптергеннен мол тәжірибесі бар. Халық өз
бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті үйретіп, бала
бойына сіңіріп отырған.
Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында.
Ал, ұстаз мұраты мен мақсаты балалармен қандай жұмыс істесе де, олардың
мінезқұлқының, тәртібінің, санасезімінің қалыптасуына ықпал етеді. Ұстаз
екенсің, ұстазға қажетті қасиетті бойына дарытып, көкірегіңе ұялат, ұстазға
сеніп тапсырған әр үйдің келешегінен үміт күтіп отырған мұрагерінің санасынабілім, жанына жақсылық сыйла. Ұстазды көргенде жиренетін шәкірт
емес,оны көруге асығатын шәкірт тәрбиеле.
Балаертеңгі үмітіміз.Бүгінгі ұлертеңігі әке, бүгінгі қызертеңгі ана.
Олар әкеге, шешеге, ұстазға қарап өседі. Қазақ халқының өткен тарихына көз
жіберсек, әрбір отбасы дүниеге келген жас нәрестені зор қуанышпен қарсы
алып, жақсы дәстүрге –адамшылық пен имандылыққа тәрбиелеген. Сондықтан
болар, бүгінде кездесіп қалатын басбұзар ұл, бетімен кеткен қыз болмаған.
Алабөтен бұзақыларын, тентектерін халық өзіақ жөнге салып алған.
Қай ғасырда болсыне ұлт өмірін өркендетуші саналы да сауатты,
ұлтжанды, рухы биік, ақылпарасаты мол, мәдениғылыми өрісі кең ұрпақты
тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндет. Халық ұрпағын өзіне дейінгі
қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана
отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.
Тәрбие мәселесі – ұрпақтанұрпаққа таралып, жетілдіріп отырған өмір
мектебі. Осы өмір мектебінің оқулықтарын қазіргі таңда халық даналығы
қазынасынан, рухани өмір беттерінен, тарихы мен мәдениетінен, әдебиеті мен
өнерінің салтсанасы, дәстүрінен, осылардың озық үлгілерінен іздеген жөн.
Өйткені өз тілін, т арихын, мәдениетін, дәстүрін білмеген адамның рухани
деңгейі төмен.
Халқымыздың ғасырдан ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлері өте
көп. Оны бүгінгі ұрпақ қаншалықты біледі, қастерлейді, білмесе білуге
ұмтыла ма, «халқын сүйгенсалтын да сүйеді» дегендей, ата салтын мақтаныш
тұта ма деген сұрақтар төңірегінде ойланып отырғанымыз абзал. Негізінен
салтдәстүр, әдетғұрыптарды қадірлеу – қасиетті мекенді қадірлеуден,
аялаудан, сүйіспеншіліктен басталады. Сондықтан балаларды саналы түрде
Отанды сүюге, аялауға сөз мәйегі мақалдар арқылы тәрбиелеу керек, яғни,
шешендік өнер бойынша ел билеуге баулыған жөн. «Ұяда не көрсең, ұшқанда
соны ілерсің» дейді қазақ. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде де
соны істейді. Жастайынан орнығып қалыптасқан тәрбие орынсыз көріністерге
баланы сын көзбен қарауға үйретеді. Халықтық тәрбиенің туын биік ұстап,
жас ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу – ең
маңызды міндет. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық
өміріне апат әкеледі» деген болатын әл Фараби бабамыз. Бүгінгі таңда жас
ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып өсуі тәрбие жұмысының азаматтық, патриоттық,
экологиялық, құқықтық, отбасылық түрлері арқылы іске асады.
адамгершілік,
денсаулық,
саяси,
еңбек,
эстетикалық,
Бүгінгі күн талабындағы жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу, адами
көзқарастары мен өзара қарымқатынастарын қалыптастыру – адамгершілікке
тәрбиелеудің негізгі көзі. Өткенге көз жіберсек, ізгі қасиет пен қарымқатынас
адам баласы қоғамының дамуы мен жалпы адамзаттық құндылықтың ең негізгі
бастауы ретінде адаммен бірге дамып келе жатқаны белгілі.
Танымдық, эмоциялық мінезқұлық – қасиет белгілерді қамтитын
адамгершілік ережеталаптардың әлеуметтік мақсат нұсқаулармен
байланысты көрсететін ұғым. Бүгінгі оқушы өз мүддесін атаанасының,
сыныптас жолдастарының мүддесімен ұштастыра ойласа, ол ер жеткен кезде
де өзінің өмірлік жоспарларын қоғам мүддесімен сабақтастыра біледі.
Баланың ішкі сезіміне әсер ету – шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының
күрделі саласы. Адам тәрбиелеу, ұрпақ өсіру – ең жауапты мәселе. Ұрпақ
тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болмасын көкейтесті мәселесі болып
келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Мектептің тәрбие жұмысында
оқушылардың жеке жас ерекшеліктерін жете біліп, санасып отырудың
айрықша мәні бар. А.Байтұрсынов атындағы ұзартылған күн тобымен жұмыс
жасайтын бастауыш гимназия
Баяндама
«Тәрбие сапасы тұлғаның және қоғамның
жаңа менталитетін қалыптастыру»
Дайындаған: Әбдіқасымова Ғ.Ж.
АРҚАЛЫҚ 20122013
«Тәрбие сапасы тұлғаның және қоғамның жаңа менталитетін қалыптастыру»
«Тәрбие сапасы тұлғаның және қоғамның жаңа менталитетін қалыптастыру»
«Тәрбие сапасы тұлғаның және қоғамның жаңа менталитетін қалыптастыру»
«Тәрбие сапасы тұлғаның және қоғамның жаңа менталитетін қалыптастыру»
«Тәрбие сапасы тұлғаның және қоғамның жаңа менталитетін қалыптастыру»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.