""Жеңіс туы желбіре!"
Оценка 4.7

""Жеңіс туы желбіре!"

Оценка 4.7
Лекции
docx
воспитательная работа
Детсад
29.04.2017
""Жеңіс туы желбіре!"
Тема: Имя существительное. Цель: образовательная - вспомнить ранее изученное по теме, его морфологические признаки, роль в предложении. Развивающая- формирование орфографической зоркости учащихся, формирование умения распознавать существительное среди других частей речи, развитие логического мышления учащихся Воспитательная- воспитание ответственности за свою работу и работу всего класса, воспитание трудолюбия , добиваться поставленной цели. Оборудование – карта страны Имен существительных. План урока:
Бүгінгі таңда ата.docx
Бүгінгі таңда ата­ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе­бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата­ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры,үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Қай   халық   болмасын   үмітін   ең   алдымен   ұрпағымен   байланыстырады. Міне,сондықтанда:   «Ана   үйдің   берекесі,   бала   үйдің   мерекесі»,   «Бала   болсаң болғандай   бол,айналаңа   қорғандай   бол»   деген   қағиданы   берік   ұстанған   ата­ бабаларымыз өз ұрпағын «Адам,азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен.   Бала   тәрбиесінің   қай   саласында   болсын,ата­ананың   өнегесі   үлкен   рөл атқарады.   Егер   баланың   ата­анасы   үйді   таза   ұстап,   өздерін   күте   білсе, жақындармен   сыпайы қарым­қатынаста  болса,  жақсы кітап, кино  шығармалар жайлы   әңгімелеп   отырса   баланың   эстетикалық   танымын   күшейте   түсері   хақ. Отбасы­бұл баланың өмір сүру ортасы қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасында тұрақты, жылы жағдай қалыптасқан болса, ондай ортада тәрбие алып өскен бала да жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Алайда,  заманауи   отбасылары   қоғамдық   дамудың  сапалы   және   қарама­қайшы жағдайында қалыптасады. 1.   Қоғамның   қарқынды   жіктелуі   (материалдық   байлығының   деңгейі   және әлеуметтік мәртебесі бойынша) 2. Балалардың психикасына кері әсер тигізетін ажырасулар санының артуы. 3. Бір ата –анаға тәрбие беретін отбасылар санының өсуі. 4.   Бұқаралық   ақпарат   құралдары   мен   интернет   жаһандық   желісінің   қуатты озбырлық ықпалы. Сапалық   тұрғыдан   алғанда   отбасын   нығайту   жөнінде   кешенді   бағдарламалар әзірленіп   жүзеге   асырылуда.  Ал   отбасындағы   қарама   қайшылық   мәселелерді  шиеленістіруге әкеліп соқтыратын жағдайлар. Отбасымен   педагогикалық   ынтымақтастық   баланың   қанағаттану   деңгейімен тәрбиеші жұмысының сапасын арттырады. Осының барлығы отбасымен қоғамдық мекемелердің бірігіп жұмыс жасауының нәтижелі болатындығына көз жеткізеді. Ол үшін алдымен баланың отбасылық ортасы зерттелуі керек. Зерттеу   әдістері:   бақылау,   әңгімелесу   жеке   және   топтық,   сауалнама   іскерлік ойын арқылы балалардың отбасылық ортасына зерттеу жүргізіледі. Отбасылық орта мынадай параметрмен анықталады: 1. Әлеуметтік мәдени орта, ата­аналардың және отбасының басқа мүшелері, ата­ аналардың білімділік деңгейі, қоғам өміріне, балабақша істеріне қызығушылығы. 2.   Техникалық­гигиеналық   орта:   тұрмыс   тіршілік   жағдайлары,   үй   жайдың жабдықталуы,тұрмыс салтының ерекшеліктері. 3.  Демографиялық орта: Отбасы құрылымы, оның жасқа байланысты құрамы. Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар 1.   Баланың   жеке   тұлға   ретінде   қалыптасуының   физикалық,   психикалық, адамгершілік саулығының негіздері. 2. Отбасы баланы әлеуметтендірудің қалыптасуының алғашқы институты. 3. Баланың қоғамда өмір сүру даярлығын реттеу және бақылау. 4.   Ата­аналардың   баланың   денсаулық   жағдайларына   дене   бітімінің   даму деңгейіне   отбасы   мүмкіндігіне   сәйкес   мектепке   дейінгі   ұйымдарды   таңдауға құқы бар. Отбасы тіршілігін, дәстүрі мен рухани бағдарын зерттеу арқылы баланың мінез­ құлық жағдайларын анықтауға болады. Отбасындағы тәрбиелеу жұмыстарымен танысқаннан   кейін   алынған   ақпарат   ата­аналарды   балабақша   жұмысына қызықтыратын   оңтайлы   жағдайда   құрылу   керек.   Яғни,   ата­ана   балабақшада өздерінің балаларына деген құрмет пен махабатты сезінуі керек. Мақсаты: Зерттеу тақырыбын анықтау мәселесінің маңыздылығымен,  тақырыптың көкейкестілігін ескереу қажеттілігімен таныстырып, қазіргі  педагогикалық зерттеулердің мәселелері жайлы ақпарат беру.  Жоспар: 1.    Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. 2.    Зерттеу тақырыбын негіздеу. 3.     Проблеманы қою және дамыту 1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын,  мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа  талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес,  оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс.  Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын  меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.  Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 – жылдарында пайда болды.  Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең  жақсы әдіс – тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін  салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының  мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.  Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай  талаптарды  орындауға міндетті: ­    ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға  бағытталмағандығын, керісінше оның мән – мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне  ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну; ­    жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай – ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы; ­    тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер  жасауға қабілеттілік, ерік – жігер және моральдық психологиялық сапалардың:  адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға  қабілетті болу; ­    ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.  Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің  неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның  нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.  Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл  қолдану тиімді. Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және  ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай  еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды  қарапайымдау және нақтылау қажет.  1.    Зерттеу тақырыбын негіздеу.  Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс.  Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер  болуы мүмкін. Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар: ­    Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі). ­    Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және  практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы). ­    Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті  және маңызды болуы); ­    Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі,  тәжірибеде қиындықтарды шешу). ­    Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті –  тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар). ­    Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы). Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы  заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет  етеді. Өзекті (көкейкесті) тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа кететін» деп  аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде  болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық  білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема  туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда болып қалыптасуы жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы». Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның  зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды. Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог, психолог  немесе басшы маңызды оқиғалар мен фактілерді әрдайым есте ұстау қажет.  Зерттеу үнемі шектеліп отыруы тиіс, себебі солай өткенде ғана зертеліп отырған  үрдіске терең бойлау мүмкіндігіне ие болуға, ақырына дейін жетуге болады.  Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты  міндеттері бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы,  ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір  жағдайларда негізгі тақырыптың аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып  беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз). 3. Проблеманы қою және дамыту Тақырыппен жұмыс кезеңдері: ­    педагогикалық үрдістегі қарама – қайшылықтар мен қиындықтарды анықтау. ­    Проблеманы анықтау және тақырыпты проблемалау. ­    Нақты пәндік зерттеуді анықтау. ­    Тақырыптың аталуындағы өзгерістер бағытымен пәнді бейнелеп көрсету. ­    Тақырыпты нақтылау және ықшамдау. ­    Жақын тақырыптардан жігін ашып бөлу. ­    Тақырыпты тұжырымдау (алғашқы анықтамасы), осы түзету және зерттеу  үрдісі барысында нақтылау.

""Жеңіс туы желбіре!"

""Жеңіс туы желбіре!"

""Жеңіс туы желбіре!"

""Жеңіс туы желбіре!"

""Жеңіс туы желбіре!"

""Жеңіс туы желбіре!"

""Жеңіс туы желбіре!"

""Жеңіс туы желбіре!"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.04.2017