"Жетісу Алатауы" 8-сынып
Оценка 5

"Жетісу Алатауы" 8-сынып

Оценка 5
Занимательные материалы
docx
география +1
8 кл—11 кл +1
22.04.2018
"Жетісу Алатауы" 8-сынып
Ұ с т а з д а р ғ а ә д і с т е м е л і к к ө м е к р е т і н де са бақ та ры на пай да ла ну ға
жетису алатауы.docx
Сыныбы: 8                               Күні: 9,12.04.2018ж Сабақтың тақырыбы: Жетісу (Жоңғар) Алатауы    Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушыларды Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Сауыр­Тарбағатай, Тянь­Шань таулары  туралы білімдерін жинақтау, толықтыру  Дамытушылық: Қазақстанның ең биік таулары туралы білімдерін салыстыру арқылы, білім  дағдыларын дамыту. Қосымша материалдар арқылы интеллектуалдық деңгейін көтеріп, оқушының  пәнге қызығушылығын арттыру, тілін дамыту  Тәрбиелік: Туған жерді табиғи кешендерінің табиғатын қорғауға, Отанға, жерге деген  сүйіспеншілігін арттыру  Сабақ түрі: Жаңа сабақ  Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс  Көрнекілігі: Слайдтар, табиғат суреттері, 9 табиғи аумақ торкөзі, Қазақстанның физикалық  картасы, атлас, кескін карта    Күтілетін нәтиже: Оқушылар картамен жұмыс жасауды үйренеді  Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру   1. Оқушылармен амандасу, түгендеу 2. Оқушыларды топтарға бөлу, 3 топқа бөлінген: «Жетісу», «Сауыр­Тарбағатай» және «Хаң­ Тәңірі»  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1. «Мина» әдісі 2. Сұрақ­жауап. Тақырыптағы бөлімдер бойынша үй тапсырмасын сұрау 3. Картамен жұмыс ІІІ. «Миға шабуыл» видео тақырып бойынша сұрақтар қойылады, оқушы тақырыпты  анықтап мақсат қояды  ІV. Жаңа сабақ Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: (Слайдтар және Қазақстанның физикалық картасы арқылы жаңа  сабақтың тақырыбын ашу) Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жетісу (Жоңғар) Алатауы»  Жоспар: 1. Географиялық орны 2. Жер бедері, геологиялық құрылысы 3. Климаты, өзендері мен мұздықтары 4. Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары Сабағымызды әрі қарай ойын түрінде жалғастырамыз Ойынға «Хан­Тәңірі», «Сауыр­Тарбағатай», «Жетісу» топтары қатысады. Әр топтың топ  басшылары сайланады Ойын ережесі: 5 турдан тұрады Кезеңдері: 1. Өткел  2. Белес 3. Бекет  4. Асу 5. Жерұйық І. Өткел (Топ басшыларына сұрақ) 1. Жайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейін аралықты алып жатқан тау жүйесі? (Алтай) 2. Хром мен никель кен орындары орналасқан тау? (Мұғалжар) 3. Ертіс өзені бойында қандай СЭС салынған? (Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі) 4. Алтайдың биік нүктесі? (Мұзтау, 4506 м) 5. Сарыарқаның басты өзендерін ата? (Есіл, Нұра) 6. Солтүстік Қазақ жазығының Қазақстандық бөлігі неше ауданға бөлінеді? (4 топқа) 7. Біздің елімізге Алтай тауының қандай бөлігі енеді? (Батыс және оңтүстік­батыс) 8. Шығыс Қазақстанның әсем табиғатын және сирек кездесетін аңдарын өсімдіктерін қорғау  мақсатында құрылған қорығы? (Марқакөл 1976 ж) 9. Мұғалжар тауының орташа жауын­шашын мөлшері? (300 мм) 10. Қазақстандық Алтайдың тауларында қанша мұздық бар? (328, олардың жалпы ауданы 89,6 км2) 11. Бұғы­марал шаруашылығы жақсы дамыған өлкені ата? (Алтай) 12. Сарыарқаның ең биік нүктесі? (Ақсораң 1565 м)  ІІ. Белес 1. Бұл жел­ жылы жел, жылдамдығы 60­80 м/сек, көбіне 1­2 күн, кейде 3­7 тәуілік бойы барлық  майлы жоталарынан соғады Сұрақ: Қандай желге қатысты айтылады? (Ебі желі) Қосымша көмек: Жоңғар қақпасынан соғады 2. Жетісу Алатауындағы биіктік белдеулікті ең алғаш зерттеп, сипаттап жазып, шолу карталарын  жасаған, өз еңбектерінде Жетісу Алатауының, Солтүстік және Ішкі Тянь­Шаньның өзен торлары  жөнінде аса маңызды мағлұматтарды мәлімдеген Сұрақ: Саяхатшыны ата? (Ш.Уәлиханов) Қосымша көмек: 1857 ж 21 ақпанында орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып  сайланды 3. Еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь­Шань тауын зерттегендердің бірі, 1856­1857 жылы  Орталық және Солтүстік Тянь­Шаньға бірнеше экспедиция жасап, Хан­Тәңірі шыңына дейін  жеткен, бұл тау жүйесінде жанартау құбылыстарының жоқтығын дәлелдеді, осы саладағы еңбегі  үшін ғалым үлкен атаққа ие болды Сұрақ: Бұл тауды зерттеген қай саяхатшы? (П.П.Семенов) Қосымша көмек: Сол кезде Еуропа ғылымында қалыптасқан Тянь­Шань жанартау әрекеті  нәтижесінде пайда болған деген ұғымды теріске шығарады ІІІ. Бекет (Кескін картамен жұмыс) Физиклық картаны пайдалана отырып, Жетісу (Жоңғар) Алатауының Қазақстан аумағындағы  орнын анықта, кескін картаға түсір ІV. Асу (Әр командаға 10 тест сұрағы)  V. Жерұйық Асанқайғы бабамыздың желмаямен желіп жүргендегі сөзінен: «Ағашы тұңған жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен» «Биылғы шаншыған таяғыңнан, келесі жылы арба шығады екен» Балалар ойынымыздың 4 кезеңінен өттік, әр қатысушының ойын барысында алған  жұлдыздарын сендердің балаларың, әр қатысушының жұлдыздарын санап бағаланады  Қорытындылау Тізілген таулары бар Жетісудың Ішінде орман, тоғай біткен нудың Дариядай сол таулардан тулап толқын, Көресің тамашасын аққан судың Ж.Жабаев былай жырлағандай Жетісу Алатауының бай өлкесін өлеңдерімен суреттеген Үйге тапсырма: §46. Жетісу (Жоңғар) Алатауы. Сөзжұмбақ, ребус құрап келу

"Жетісу Алатауы" 8-сынып

"Жетісу Алатауы" 8-сынып

"Жетісу Алатауы" 8-сынып

"Жетісу Алатауы" 8-сынып

"Жетісу Алатауы" 8-сынып

"Жетісу Алатауы" 8-сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.04.2018