Жігіт сұлтаны-2017
Оценка 4.9

Жігіт сұлтаны-2017

Оценка 4.9
Мероприятия
docx
воспитательная работа
3 кл
16.05.2017
Жігіт сұлтаны-2017
: Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу. Әдептілік пен сұлулыққа үйрету.Сайыс 6 кезеңнен тұрады. 1. Таныстыру 2. Өз өнері 3.Сұрақ -жауап 4. Асық ату 5. Қол күрес 6. Бата беру
ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2017 3 асынып.docx
Тәрбие сағаты Сабақтың тақырыбы: «Жігіт сұлтаны­2017 Мақсаты: жас ұрпақ ер балаларымыздың бойына ұлттық салт­дәстүрімізді,  ер балаларға тән қасиеттерді қалыптастырып, елжандылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі:  Ұлттық спорт түрлеріне байланысты  суреттер,  «Бақыттың басы баладан»,  «Үйінде ұл мен қызы бардың көгінде бес жұлдызы бар»,  «Дәулетіңнің қадірін ұлын өскенде білерсің, абыройыңның қадірін қызың  өскенде білерсің» 1­жүргізуші:  Қош келдіңіздер, қадірлі де құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, келген қонақтар. 2­жүргізуші:  Армысыздар, ұстаздарым қымбатты, Армысыздар, сұлу қыздар сымбатты. Талай ғасыр небір ақын жыраулар Жігіттердің батырлығын жырлапты 1­жүргізуші:  Сыналар ер жігіттер келді кезің, Сәулең болса, бермен кел талапты ерің Жан құмары дүниеде немене екен Соны білсең әрнені білгендерің 2­жүргізуші:  Бүгін «Жігітке жеті өнерде аз» атты байқауымызға қатысқан жігіттеріміз Әдет­ғұрып төңірегіндегі біліктілік,ақыл парасат, өнер­жігерлік пен батырлық  сайысында күш сынасып  тапқырлық көрсетуі керек. 1­жүргізуші: «Ұл бала мен ер жігіт» тәрбиесі сұрауын халқымыздың әдет­ғұрпында,  отбасына ұл баланың келуін  «Ұл туғанға күн туған» деп ерекше оны бақыт санаған.  Оның себебі қазақта от басының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген.  Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.  Оны мал бағуға, аң аулауға, мылтық атуға, отбасын асырауға әкелері үйреткен.  2­жүргізуші:  Қазақ халқының «Ұлға отыз үйден тыйым» демекші ер жігітке айтылар сын көп,  қойылар талап та  жоғары болған. Халықтық дәстүр тәрбиесінде осы болғаны «Жігіт сыны» деп аталған. Ал енді сайысымыздың шартымен   таныстырып өтсек.  1.  Таныстыру  2.  Өнер сайысы 3.  Сұрақ­жауап 4 . Спорттық сайыс 5.  Асық ату 6 .Бата менен ел көгерер (бата айту)  1­жүргізуші: Ал енді қонақтар сайысты біз бастайық, Сайыста көңіл менен қол соғайық. Ұмытарсыз бүгін Сіздер шаршағанды ­ дей отыра сахнаға  «Жігіт сұлтаны» атына лайықпын деп үміт артқан сұлтандарды шақырайық. 2­жүргізуші:  Бірінші жігіт – білімді, Меңгерген бар ілімді. Шапалақты аямай, Қарсы алайық Айболатты 1­жүргізуші:  Ақниет те өнерлі, Игерген бар өнерді. Жолың болсын Сұлтанды Өнеріңді төк енді. 2­жүргізуші: Жақсы оқиды, өнері бар талапты, Бұл сыныпты өзі қалап таңдапты. Шындық үшін шырылдайды ұлтжанды Шақырайық Сағынышты ортамызға  1­жүргізуші:  Төртінші жігіт елгезек, Алады тез тіліңді Сымбатты жігіт Олжас Жігіттердің төресі. 2­жүргізуші:  Білімді, алғыр, ақылды, Танитын алыс жақынды Сыныптың озат жігіті Шақырайық ортамызға Исламды 1­жүргізуші: Кіп­кішене болсаң­дағы Елді аузыңа қаратшы Таныстырып өтер өзін Қарсы алайық Нұрасылды 2­жүргізуші:  Спортпенен білім жағын бір қосқан, Кем қалмаған талантпенен табысқан Алдарыңызда өзі палуан күрескер Сыныптың оқушысы Муслим 1­жүргізуші:  Білімді, өзі алғыр жан­жақты, Ақыл десе өз­өзіне айбынды Оқушысы мына біздің сыныптың Шақырайық ортамызға Нұрдәулетті 2­жүргізуші:  Білім менен бүгін міне ән қосты Сұрақпенен жауаптарды талдасты Алғырлығын тағы бізге дәлелдер Ортамызға шақырайық Саятты 2­жүргізуші:  Келесі жігіт салмақты Қай іске де сабырлы  Бақдәулет  шығар күлімдеп Қарсы алайық бәріміз 1­жүргізуші:  Ал енді әділ баға беретін әділ қазылар алқаларымен таныс болыңыздар.  2­жүргізуші Ер адамның демеу әр сөзі бізге Түсінеді тұңғиық кезімізде Ер адамнан күтеміз ерлік қана Қулық деген жетеді өзімізде. 1­жүргізуші:  Ерлер жайлы жоқ тарих жазып біткен, Құрсын соғыс ерлерді азып күткен Өжеттікпен, ерлікпен емес қыздар,  Жігіттерді сыйлайық нәзіктікпен,­деп сайысымызды «Таныстырумен» бастайық.  І кезең «Таныстыру» 2­жүргізуші:  Ал, жігіттер, сіздерге сәттілік тілейміз 1­жүргізуші:  Таныс болдық жігіттер өзіменен, Туып өскен мекені, еліменен. Бәрі әрі ақын, әрі әнші, Таныстырып кетті ғой тегіменен. 2­жүргізуші: Парасатты ер жігіт, Ақылына сай жігіт. Өнеріңді өркендет, Тең келеді қай жігіт? Жұрт қарасын қызығып, дей отырып, сайысымыздың екінші кезеңі ІІ кезең «Өнер сайысы» 1­жүргізуші:  «Еңбек ердің – санаты, білім елдің – қанаты» демекші адам ақыл­парасатымен сұлу,  ақылды жігіт ата­анасының жанып тұрған шырағы емес пе?  ІІІ кезең «Сұрақ­жауапқа берейік» 1.Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап орындалатын дәстүрлерді атаңыз.  Шілдехана, бесік той, сүндет той тұсау кесер,  2. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші 3Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі 4. Жеті атаны талдап беру. Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. 5. Киіз үйдің жабдықтарын ата. Уық, кереге, шаңырақ, есік, табалдырық  6.Жігіттің қанша жұрты болады. 3 жұрты ( Қайын жұрт, өз жұрты, нағашы жұрты)  7. 5 асыл мен 5 дұшпанды ата. Бес асыл мыналар: талап, еңбек, терең ой,  қанағат ету, рақым жасау. Бес дұшпан мыналар: өсек, өтірік, мақтаншақ,  еріншек, бекер мал шашпақ. 8.Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық. Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи,  сақина салу т.б. 9 Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты? Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты. 10Дүниеде не қымбат? Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт­береке – атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді – апаң қымбат. Бәрінен де ұят пенен ар қымбат. 11.Қазақстан жер көлемі жағынан нешінші орында? 12.Қазақ батырларын ата. 13.Жеті күнді ата. 14.Нағашы жұртдеген кім? 15.Көшіп қонуға арналған қазақтың баспанасын ата. 16.Қазақтың ішекті музыкалық аспабын ата. 17.Халқымыздың батыр қыздары кімдер? 18.Күй атасы кім? 19.Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды? 20.Мемлекеттік рәміздерді ата.Туда не бейнеленген? 1­жүргізуші:   Бір жігіт бар – құр жан, Бір жігіт бар – тірі жан. Бір жігіт бар – жігіт жан ... деп Шал ақын жырлаған екен.  2­жүргізуші:  : «Күш – атасын танымас» дегендей келесі кезекте біздің жігіттеріміз  спорт саласы бойынша өз бақтарын сынайды. Сайысымыздың келесі кезеңі «Спорттық сайысқа» кезек береміз.  Жігіттер білек күштерін сынайды. IV кезең­Спорттық сайыс 5. Мергендер сайысы. Асық ойыны 1­жүргізуші: Біздің келесі тапсырмамыз жігіттердің дәлдігін,  яғни мергендігін білу үшін «Асық ойын» ойнаймыз. Мергендер сайысы. 1 м. – дәл тигізсе – 5 ұпай; V кезең ­Мергендер сайысы. Асық ойыны Ү Ікезең «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер » демекші  бата беру сайысына  кезек берейік. 1­жүргізуші:   «Жігітке жеті өнер де аз» сайысымыздың қорытындысын жасауға сөз кезегін әділқазылар  алқасына береміз.  Жүргізуші: Бүгін жігіттеріміз нағыз тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға  қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр  жаусын дейміз! Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын! Кері қайту \

Жігіт сұлтаны-2017

Жігіт сұлтаны-2017

Жігіт сұлтаны-2017

Жігіт сұлтаны-2017

Жігіт сұлтаны-2017

Жігіт сұлтаны-2017

Жігіт сұлтаны-2017

Жігіт сұлтаны-2017

Жігіт сұлтаны-2017

Жігіт сұлтаны-2017

Жігіт сұлтаны-2017

Жігіт сұлтаны-2017

Жігіт сұлтаны-2017

Жігіт сұлтаны-2017

Жігіт сұлтаны-2017

Жігіт сұлтаны-2017
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.05.2017