ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ РАЗРАБОТКА

  • Разработки уроков
  • docx
  • 21.04.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Тақырыбы: Жылулық құбылыстар. Сынып:8 Күні:24.11.2016ж Мақсаты: Оқушыларды бағдарлама материалын жан-жақты, терең білуге, ғылыми зерттеу жұмыстарының қарапайым дағдыларын қалыптастыруға, өз пікірін логикалық жолмен дәлелдей білуге үйрету. Өз бетінше жұмыс дағдысын арттыра отырып, еңбекке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру Сабақтың түрі: Сайыс сабақ Әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап, есептер шығару, демонстрация Көрнекілігі: сызбалар, кестелер,суреттер,стакан, шам,асық ,кубиктер Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Физика өлеңмен ашады Психологиялық тренинг-(Күлкіңді сыйла!)
Иконка файла материала ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ РАЗРАБОТКА.docx
Тақырыбы:  Жылулық құбылыстар. Сынып:8 Күні:24.11.2016ж Мақсаты:  Оқушыларды бағдарлама материалын жан­жақты, терең білуге, ғылыми  зерттеу жұмыстарының қарапайым дағдыларын қалыптастыруға, өз пікірін  логикалық жолмен дәлелдей білуге үйрету. Өз бетінше жұмыс дағдысын  арттыра отырып, еңбекке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру Сабақтың түрі: Сайыс сабақ Әдіс­тәсілдері: Баяндау, сұрақ­жауап, есептер шығару, демонстрация Көрнекілігі: сызбалар, кестелер,суреттер,стакан, шам,асық ,кубиктер Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Физика өлеңмен ашады Психологиялық тренинг­(Күлкіңді сыйла!)    Сайыс жоспары: 1. Дешифратор 2.Дода 3.«Аниматорлар» сайысы 4.«Жылу» шыршасын безендіру 5.Сергіту сәті (жұмбақтар) 6.«Капитандар» сайысы, «кубизм» әдісі(сұрақтар) 7.«Физикалық фокус» тәжірибе 8.«Бес саусақ» әдісі (Кері байланыс) Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қымбатты балалар мен бүгінгі сабаққа қатысушы арнайы шақырылған  қонақтар! Бүгін біз сіздермен «» атты іс шарамызды өткізбекшіміз.   Физика өлеңмен ашады. 1­оқушы Мектепте бүгін тыныштық, Естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз, Кешіккендерді тоспаймыз Ғылымдардың ғылымы Физика жайындаСабағымызды  бастаймыз. Жас достарым, Мұны жақсы ұғайық  Физика Құрметтеуге лайық. Дүниедегі құбылыстың мәнін де Табиғаттың ,қозғалыстың бәрін де Мүмкін емес физикасыз түсіну, Физикаңыз дүние кілті бүгінде. 2­оқушы Айдан хабар алғызған  Зәулім үйді салғызған  Теңіз суын каналмен Шөл далаға барғызған Физика емей немене?   Табиғат сырын аштырған, Токпен қазан астырған , Миллион гектар астықты Комбайынмен бастырған Физика емей немене  3­оқушы Шындықты алғаш таратқан, Жыл күніңді санатқан,  Тауып ғажап жаңалық  Жоқтан барды жаратқан Физика емей немене?   Құтқарып ауыр бейнеттен Техниканы үйреткен  Роботтай «алыпты» Тіл бітіріп сөйлеткен Физика емей немене? Білмегенді білгізген Өлшеп киім кигізген Барлық істі атқарып Пайдасын елге тигізгенФизика емей немене?     Психологиялық тренинг  (Күлкіңді сыйла )  Оқушылар шеңбер бойлап тұрып бір­біріне күлкі сыйлайды.    2­топқа 2 түрлі түстеріне қарап конфеттер арқылы  бөлінеді . Әрбір топты  ұлттық ойынымыз асықпен ұпайларын белгілейміз. 1)Қызыл асық­5ұпай 2)Көк асық­4 3)Сары асық­3 Бұл сайысқа екі топ келіп отыр. І­топ «Динамика» ІІ­топ  «Механика»  Командаларды таныстыру. I­тур.Дешифратор  1)Қысымның өлшем бірлігі (Паскаль) 2)Қаныққан бу қысымның формуласы(P=nkT) 3)Заттың сұйық күйден газға айналуы(Булану) 4)Судың қалыпты жағдайдағы қайнау температурасы(100 ° С) 5)Заттың газдан сұйыққа өтуі(Конденсация) ІІ­топ 1)Өзінің сұйығымен динамиканың тепе­теңдікте  болатын бу(Қаныққан бу) 2)Ауаның құрамындағы су буы (Ауа ылғалдылығы) 3)Ауаның ылғалдылығын анықтайтын құрал.(Психрометр) 4)Абсолюттік  температураның өлшем бірлігі(Кельвин ­273,15 °С ) 5)Адам өмірі үшн қолайлы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы .(40­60 ℃¿ II­тур Дода 10­ұяшығындағы жұмбақтар Жоғалмайды ешқашан, Түрлендірсең егер де. Басқа күйге ауысса, Жұмысқа істейді әрқашан. (Энергия)10­ұяшығындағы жұмбақтар Жазда болмайды Қыста болады Терезеге қонады Әсем ою ояды  (Қырау)  20­ұяшығындагы есептер  Шырпылардан құрастырылыған есептер. Бiр шырпының орнын ауыстырып тенеудiң екi жағын теңестiру керек. 7+4­4=0 Жауабы:7+4­11=0 20­ұяшығындағы есептер. Бiр шырпынын  орнын ауыстырып  тендеудiн екi жагын тенестiру керек 8+3­4=0 Жауабы 8+3­11=0 20­ұяшығындағы есептер. Бір шырпының орнын ауыстырып, теңдеудің екі жағын теңестіру керек . 8+3­4=0 Жауабы:8+3­11=0 30.Ұяшығындағындағы ғалымар кім? І­топ   1)Блез Паскаль ІІ­топ  2)Галилео Галилей ІV тур  «Аниматорлар сайысы» Венгр сөзжұмбағы. Жасырылған сөздер: Энергия   масса,тығыздық,элекрон,атом,ядро,барометр,таразы,Ньютон,көлем,Паскаль,а тмосфера,Күш,кернеу,булану,реостат,магнит,жұмыс,Лоренц,қысым,Кельвин. V­тур«Жылу» шыршасын безендiру. (тақтаға шығып) 1)Ет,балық, банклерді тұздау қандай құбылысқа негізделген ?(Диффузия) 2)Физиканың  «Бірінші ұстазы кім?»(Аристотель) 3) Астрономияда пайдалынатын ең басты құрал?(Телескоп) 4)Күштің өлшем бірлігі?(Ньютон) 5)Массаны өлшейтін құрал?(Таразы) 6)Тығыздықтың өлшем бірлігі (кг/м3) 7)Күн жүйесінің моделін жасаған кім?(Коперник) 8)Ең бірінші қазақ ғарышкері?( Т.Әубәкіров) 9)Әтір иісі бөлмеге қандай құбылыстың әсерінен тарайды?(Диффузия)  VI­ тур Серіту сәті  (жұмбақтар) 1.Жай көзге көрінбейді,қозғалуға ерінбейді. 2.Нені сандыққа тыға алмайсың? 3.Аяғы жоқ, қолы жоқ,бірақ үйге кіреді. 4.Бар­жоғын білмейсің, онсыз өмір сүрмейсің. 5.Үстінде орманы су бар, сені де, мені де көрген, алыпты тауып ал? 6.Аспандағы алып доп,жарқырайды жарық боп. 7.Сұлудың сұлуы, бойында жоқ жылуы. VI­тур «Капитандар» сайысы, «Кубизм» әдісі сұрақтар.  1.Құрамында көміртегі бар жылу шығару үшін жағылатын зат. (отын)  2.Жылудың сұйық немесе газ ағымдары арқылы берілу. (конвекция)  3.Атмосфералық қысымнан кем немесе артық қысымды өлшейтін құрал. (Манометр) 4.Қысымның өлшем бірлігі. 5.Дененің қаншалықты жұмыс істей алатын қабілетін сипаттайтын шама.  (энергия) 6.Жылуды сақтайтын, лабораториялық жұмыстарда қолданылатын құрал. (Калориметр) 7.Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал.(Барометр) 8.Жылуды  ұзақ уақыт сақтайтын,тұрмыста қолданылатын құрал  (ыдыс). (Термос) 9.Температураның өлшем бірлігі (Градус) 10.Жылуды ең нашар өткізетін орта(Вакуум)  VII­ тур1­топ Тәжірибе«Физикалық фокус» 1) Май шамның қысқа бөлігін алып,оны суда жүзетіндей етіп,астыңғы  жағынан жүк байланады.Мұны тәжрибе жүзінде көрсетеді.Май шамды  тұтатқанда, оның қандай деңгейге дейін жанып барып сөнетіндігін анықтау  керек. Жауабы:Май шам жанған сайын оның салмағы азаяды да, ол жоғары  көтеріле береді.Нәтижесінде жалын майдың ең төмен қабатына сөнеді. Май шам жанып таусылар шамасында.  2­топ Тәжрибе 2)Жалпақ тарелкаға тиын салып оның беттік деңгейінен сәл ғана  асырылатындай  су құйылады.Тарелкадағы су астындағы тиынды қолды  ылғалдамай алуға болама?  Жауабы: Қағазды жағып стакан ішіне саламыз стаканды тезірек тиынның  жанына тарелка ішіне төңкеріп қоямыз.Сонда қағаз сөніп стакан ақ түтінге  толады да,тарелкадағы су оның ішіне жиналып,тиын бұрынғы орнында құрғақ қалпына қалады.Мұның себебі,жану кезінде стакандағы ауа қысымы артып  іштей ауа қысымын атмосфералық қысымнан азайтады.Нәтижесінде  тарелкадағы су ауа қысымы аз стакан ішіне қарай бағытталады.       VIII –тур.  Рефлексия  «Бес саусақ» әдісі. 1)Бас бармақ­басты мәселе.Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды. 2)Балан үйрек­ бірлесу мен топта қалай жұмыс жасадым?Кімге көмектестім?  Кімге риза болдым ?  3)Ортан терек –ойлау .Мен бүгін қандай білім мен тәжрибе алдым? 4)  Шылдыр шүмек­шынайлық сабақ маған ұнады ма?Неліктен. 5)Кішкентай бөбек­көңіл, күй ахуалы.Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім. Сабақтың қорытындысы : 1.Мұғалім әр топтың шығармашылық жұмыстарын қарап  бағалайды. Топ басшысының өз топтарындағы әр жұмысқа баға береді. Мұндай  шығармашылық сабағының төмендегідей ерекшеліктерін  атап өтуге  болады: 1)оқушыларды өз бетінше ізденуге үйретеді:2)оқушылар әр түрлі ақпарат құралдарымен:ғылыми –көпшілік кітаптармен  ,анықтама материалдармен,техникалық журналдармен және ғылыми  энциклопедиялармен жұмыс істеуге үйренеді: 3)оқушылардың логикалық  ойлау қабілеттері жетіліп, шығармашылықпен   жұмыс істеуге дағдыланады.