"Жоғары молекулалық қосылыстар" тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Оценка 4.8
Разработки уроков
doc
химия
11 кл
01.11.2018
Жоңғары молекулалық қосылыстар тақырыбына сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы, білімділік мақсаты, дамытушылық мақсаты және тәрбиелік мақсаттары көрсетілген. Сонымен қатар пәнаралық байланыс, сабақтың жабдықтары, таратпа материалдар, пайдаланылған әдебиеттер көрсетілген. Берілген тақырыптың жоспары:
1.Жоғары молекулалы қосылыстар
2.Жоғары молекулалы қосылыстарды синтездеу әдістері
3.Полимерлердің қасиеттері
4.Пластмассалар және олардың түрлері
5.ҚолданылуыЖоңғары молекулалық қосылыстар тақырыбына сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы, білімділік мақсаты, дамытушылық мақсаты және тәрбиелік мақсаттары көрсетілген.
Жоғарғы молекулалық қосылыстардың алынуы,құрылысы,қасиеттері, қолданылуы..doc
№_2930____ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Топ:________________
Күні:_______________
ПӘН:__Химия_________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Жоғарғы молекулалық қосылыстар_______________________________
_____________________________________________________________________________________
ы
т
а
с
қ
а
м
ң
ы
т
қ
а
б
а
С
Білімділік:жоғары молекулалы заттарға негіз болатын ұғымдар – мономер, полимер,
сополимер, полимерлену дәрежесі, құрылым буыны, орташа молекулалық масса
жайлы білімді жүйеге келтіру.Полимерлердің кеңістіктегі әр түрлі пішінін сызықтық,
тармақты, торлы деп бөле білу.
Тәрбиелік:студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыру. Алған білімдеріне
жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға
тәрбиелеу
Дамытушылық: алған білімдерін әр түрлі жағдайларда қолдана білуге дағдыландыру.
Белсендігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге дағдыландыру.
Сабақтың типі:_аралас сабақ______________________ ______________________________
________
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
Сабақтың түрі:__лекция ________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
Материалтану «Полимерлер»
Информатика «Презентация құру»
с
ы
н
а
л
й
а
б
қ
ы
л
а
р
а
н
ә
П
Сабақтың жабдықтары
Көрнекіліктер:______Презентация Х 13_________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Үлестірме материал:_тірек конспектісі, тест сұрақтары
______________________________________
______________________________________________________________________________________
Оқытудың техникалық жабдықтары___интерактивті тақта, компьютер_________________________
______________________________________________________________________________________
Әдебиеттер: негізгі__ Жалпы білім беретін жаратылыстануматематика бағытындағы 11сыныбына
арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н.Нұрахметов – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2014 ж
______________________________________________________________________________________
Қосымша_ К.Жексембина Химиядан әдістемелік нұсқау Алматы «Мектеп» 2007,________________
«Химия мектепте» ғылыми – педагогикалық журналы, Химия Анықтамалық құрал Алматы_______
«Атамұра»,2008________________________________________________________________________ № Сабақтың кезеңдері
Жұмыстың түрлері
Сабақтың барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Оқушылардың оқуқұралдарын тексеру
4.Сабақтың мақсатын ашу
Уақыт
5 минут
2 Өткен оқу материалын
Тест сұрқтарына жауап беру
15 минут
қайталау
2 Жаңа материалды оқу.
1.Жоғары молекулалы
қосылыстар
2.Жоғары молекулалы
қосылыстарды синтездеу
әдістері
3.Полимерлердің қасиеттері
4.Пластмассалар және
олардың түрлері
Лекция оқу
Презентациялар арқылы түсіндіру
Тірек конспектісімен жұмыс
45 минут
3 Жаңа материалды бекіту.
Есеп шығару
20 минут
1.Төменде берілген
өзгерістерді жүзеге асыруға
болатын реакция теңдеулерін
жазыңдар:
(С6Н10О5)П С→ 6Н12О6
С→ 2Н5ОН СН→ 2=СНСН=СН2
(СН→
2СН=СНСН2)
2.Полимерлену дәрежесі 500
ге тең болса, капрон
талшығының
макромолекуласын
синтездеуге қанша
аминкапрон қышқылы
жұмсалады? 4 Қорытынды жасау, үй
тапсырмасы.
(2) §15.1.15.5. 275287 бет
5 минут
__________қолы
Жоғары молекулалы қосылыстар немесе полимерлер (гр. πολύ- — көп, μέρος — бөлік,
бөлігі) — молекула құрамында өзара химикалық немесе координаттық байланыстармен қосылған
жүздеген, мыңдаған атомдары бар және өздеріне ғана тән қасиеттермен ерекшеленетін заттар тобы.
Полимер синтезделетін кіші молекулалы зат мономер деп аталады. ЖМҚ кұрамының күрделілігі
оның молекулалық массасының да өте үлкен болуын қамтамасыз етеді. "Үлкен", "кіші" деген сөздер
салыстырмалы шартты түрде қолданылады. Сондықтан Мr < 500 болса, кіші молекулалы, Мг >5000
болса, жоғары молекулалы қосылыс деп саналады. Ал 500 < Мг<5000 болса, онда олигомер (грек.
"олигос" — "көп емес, шамалы" деген мағынаны білдіреді) деп аталады. Бұлай бөлудің негізі
молекула шектен тыс көп атомнан тұратын жағдайда олардың сандарының шамалы өзгеруі
қасиеттеріне аса көп әсерін тигізбейді, кейде тіпті өзгермейді.[2]
Полимерлердің осындай ірі макромолекулаларының пішіні әр түрлі болады. Оларды: сызықтық,
тармақты немесе торлы және кеңістіктік, т.б. деп бөледі. Табиғи полимерлерден целлюлоза мен
табиғи каучуктың құрылымдары сызықты екенін білесіңдер, ал синтетикалық полимерлерден капрон,
төменгі қысымда өндірілетін полиэтилен сызықты болады. Тармақты құрылымды полимерлерге:
крахмал, полипропилен жатады. Жүн, резеңке мен фенолформальдегид полимерлерінің
құрылымдары кеңістік болады. Полимерлердің физикалық қасиеттері полимерлену дәрежесі мен
полимердің құрылымына тәуелді болады.
1. Конструкциялық пластиктер. Оларды көбіне пластмассалар деп атайды. Пластмассаға
кейін толығырақ тоқталамыз. Басқа полимерлерден айырмашылығы мынадай: пластиктер —
бөліну беріктігі 50—200 кг/см2 болатын қатты заттар.
2. Эластомерлер. Оған каучук, резеңке және осыларға ұқсас материалдар жатады.
Эластомерлерге атына сәйкес жоғары (эластикалық) иілімділік, созылғыштық тән,
деформациялығы қайтымды.
3. Талшықтар мен жіптер. Бұларға осы талшықтардан тоқылған маталар жатады. Бұл
материалдардың қасиеттері молекулаларының үш өлшемінің қайсысын негізге алуға
байланысты бірбірінен айқын ерекшеленеді. Талшықты материалдардың беріктігі,
иілімділігі, қаттылығы, кейде тіпті тығыздығы да анизотропиялық (дененің барлық немесе
бірқатар физикалық қасиеттері әр бағытта әр түрлі) болады. Бұл бастапқы полимердің
химиялық құрылымы мен жалпы қасиеттеріне байланысты.
4. Қабыршақтар, лактар, бояулар және басқа қорғағыш, әсемдегіш жабындар (пленкалар). Бұл
заттарда қасиеттердің анизотропиялығы өте айқын байқалады. Лак, бояу материалдарының
олар жабатын негізбен берік байланысында — адгезияның да маңызы зор. Сондайақ бұл
типтегі материалдардың тағы бір ерекшелігі — алдын ала пішін жасауға болмайды. Оларды
қорғалатын заттың бетіне жұқа қабатпен жағып, қолмақол пайдаланады.
Полимер материалдарының осы негізгі төрт типінен басқа да қосымша түрлері бар. Мысалы,
желімдеу, тығыздау үшін құйылатын қоспалар, газ толтырылған материалдар, т.б. Олардың
барлығының да өзінің қолданылатын жері бар.
Құрылым буындарына қарай ЖМҚ екіге бөлінеді: құрылым буындары бірдей
болса, полимер, әр түрлі болса, сополимер деп аталады.
Полимерлер мономерлерден синтезделеді, полимердің қайталанып отыратын ең кіші
бөлігін құрылым буыны, ал олардың санын полимерлену дәрежесі деп атайды. ЖМҚ молекулалық массаларына байланысты кіші молекулалы Мг<500, олигомерлер
(500<Мг<5000), үлкен молекулалы М >5000 деп шартты түрде бөлінеді.[2]
Жоғары молекулалы қосылыстарды синтездеу әдістері
Жоғары молекулалы қосылыстарды алудың негізгі әдістері — поликонденсациялану және
полимерлену реакциялары. Кіші молекулалы мономерлердің жоғары молекулалы полимер
молекулаларына бірігуінің үш түрлі әдісін атауға болады:
1. қанықпаған көмірсутектердің еселі байланысының үзілуі немесе тұйық тізбектердің ашылуы
есебінен;
2. эфирлік байланыстардық түзілуі — С — О — С — есебінен;
3. функционалдық топтар арқылы амидтік байланыстардың түзілуі — С — N — есебінен.[2]
Поликонденсация реакциялары
Поликонденсация реакцияларына, әдетте, қосфункциялы (бифункциялы) немесе көпфункциялы
мономерлер катысады. Олар бірбірімен әрекеттескенде, қарапайым кіші молекулалы затты (көбіне
суды) бөле отырып бірігеді. Мысалы, адипин қышқылының гексаметилендиаминмен
поликонденсациялануы негізінде полиамидтік материал — найлонның алынуы:
Поликонденсация процесі сатылап жүреді: бір молекуладан кейін келесісі қосылып жалғасады.
Аралық өнімдері — тұрақты қосылыстар, әрі қарай процесс барысында олардың үнемі белсенділігін
арттырып отыру қажет. Ол үшін көбіне температураны жоғарылатады. Сонда әрекеттесуші заттарды
біртіндеп қыздырғанда молекулалық массасы да өседі.
Полимерлену реакциясы
Полимерлену реакциясы еселі (қос, үш) байланыстардың есебінен немесе тұйық тізбектердің ашылу
салдарынан жүзеге асады. Мономерде реакцияға қабілетті бір топша болса жеткілікті. Полимерлену
инициатордың әсерінен тізбекті процесс түрінде жүреді.
Инициатор ретінде бос радикалдарға жеңіл айырылатын заттар қолданылады. Радикалдар мономер
молекулаларын радикалдық түрге айналдырып, полимерленудің тізбекті реакцияларының
басталуына себепші болады. Мысалы, стирол бензоил пероксидінің әсерінен полистиролға айналады.
Инициатордың (тізбек бастаушы) түзілуі:
"Жоғары молекулалық қосылыстар" тақырыбы бойынша сабақ жоспары
"Жоғары молекулалық қосылыстар" тақырыбы бойынша сабақ жоспары
"Жоғары молекулалық қосылыстар" тақырыбы бойынша сабақ жоспары
"Жоғары молекулалық қосылыстар" тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.