Компьютер процессорын адам миына ұқсатуға болады. Ми сияқты ол компьютер құрылымының барлық құрылысының орталығы болып табылады және басқа құрылғыларды басқарып отырады. Онсыз бірде-бір операцияны компьютерде орындай алмайсың. Компьютер жады адам жадысы сияқты. Тасымалдаушыға болашақта қолданылуы мүмкін ақпарат жазылады.
Компьютер адам ағзасы сияқты түрлі вирусқа (компьютерлік) ұшырауы мүмкін және оны да вирусқа қарсы бағдарламамен қорғау керек.
Өзектілігі: Қазіргі заманда желі дамыған сайын вирус түрлеріде даму үстінде. Осыған орай заманға сай ақпаратты қорғауда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ.
Жоба.docx
Жоба: "Ақпаратты вирустан қорғау
Кіріспе
Ғылыми жобаның тақырыбы: Ақпаратты вирустан қорғау
Мені толғандырған сұрақ бойынша қазіргі замандағы ақпаратты қорғау
жайлы жанжақты білуге мақсат қойдым.
Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: Қазіргі замандағы желінің дамуына
байланысты ақпаратты қорғау жайында мағұлматтарды көпшілікке жеткізіп,
қажеттілігіне жарату.
Мақсатқа жету жолында алға қойылған міндеттер:
ақпараттарды қорғау жайлы еңбектерді оқып, талдау;
көпшілікке қолайлы ақпаратты қорғау тәсілдері;
жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;
маңыздылығын анықтау;
электронды нұсқасын әзірлеу.
Компьютер процессорын адам миына ұқсатуға болады. Ми сияқты ол
компьютер құрылымының барлық құрылысының орталығы болып табылады
және басқа құрылғыларды басқарып отырады. Онсыз бірдебір операцияны
компьютерде орындай алмайсың. Компьютер жады адам жадысы сияқты.
Тасымалдаушыға болашақта қолданылуы мүмкін ақпарат жазылады.
Компьютер адам ағзасы сияқты түрлі вирусқа (компьютерлік) ұшырауы
мүмкін және оны да вирусқа қарсы бағдарламамен қорғау керек.
Өзектілігі: Қазіргі заманда желі дамыған сайын вирус түрлеріде даму үстінде.
Осыған орай заманға сай ақпаратты қорғауда өзекті мәселенің бірі болып
қалмақ.
Болжамы: Егер әр қолданушы ақпаратты қорғау жолдарын толық білсе, онда
вирустан қорғану бағдарламаларыда сұранысқа ие болар еді.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
І – теориялық. Көтерілген мәселе төңірегіндегі әдебиеттермен танысу. Сайт,
интернеттен қарау.
ІІ – практикалық. Компьютерге ақпаратты вирустардан қорғайтын
бағдарламаны орнату.
ІІІ – бекіту. Зақымданған файлды көшіріп, оны бағдарламамен тексеріске
салу. Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы: Бұл жобадағы
бағдарламаны мектептерде, жоғарғы оқу орындарында тәжірибе жүзінде
қолдануға болады.
Негізгі бөлім.
Ақпарат және вирус
«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды
білдіретін informatio сөзінен шыққан.
Бізді дүние жүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын газеттерді,
радио мен теледидарды «бұқаралық ақпарат құралдары» деп атайды. Біз
теледидардан жаңалықтарды көреміз, радиодан естиміз, бір бірімізден
қызықтырған нәрселерді сұраймыз, яғни ақпарат аламыз. Бұл мысалдардан біз
«ақпарат» деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтың, өткен оқиғаның
мазмұнын білдіретінін көреміз.
Ал археологиялық қазба жұмыстары арқылы табылған бұйымдар бізге сол
кездегі тұрмыс тіршілік туралы, адамдар жөнінде, қандай жағдайда өмір
сүргендері туралы аса бағалы ақпарат береді.
Тас бөктерлерінде, жер қатпарларында ертеден сақталып қалған хайуанаттар
сүйектерін, өсімдіктер жапырақтарын зерттеу нәтижесінде де біз жер бетінде
көне заманда өмір сүрген жануарлар, өсімдіктер туралы көп мәлімет аламыз.
Шексіз алыс әлемді, физиканың жұлдыздар жүйесін зерттеу барысында
физиктер, астрономдар олардан жерге жетіп жатқан электромагниттік
сигналдар арқылы олардың құрылыс, шығу тегі жөнінде көп мағлұматтар
алады.
ХІХ ХХ ғасырларда телеграфтың, радионың пайда болуы ақпаратты кез
келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге, ал
теледидардың шығуы үйде отырып ақ, дүние жүзінде не болып жатқанын
көріп білуге мүмкіндік тудырды.
Сонымен ақпарат — бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін
қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де,
әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді. Ақпаратты қорғау —
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар
кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау,
өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың
тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын
қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың,
жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің,
рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін
шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді
қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және
техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.
Компьютерлік вирустардың тарихы Вирустың ең бірінші прототипі 1971 жылы
пайда болды. Боб Томас деген программист бір компьютерден екінші
компьютерге ақпаратты жіберуді шешу үшін, өз бетімен бір компьютерден
басқа компьютерге «секіретін» Creeper программасын құрды. Бірақ бұл
программа өзөзінен көбеймеді, зияны болмады. Фон Нейман және Винер
программистері бірінші рет өзөзінен көбейетін табиғи құрылымдарды
зерттеді.
Компьютерлік вирустардың тарихы Компьютерлік вирустың «бірінші
эпидемиясы» 1986 жылы пайда болды, Brain атты вирус (ағылшынша –«мозг»)
компьютердің дискеттерін «зақымдады».
Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім)
программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша
жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондайақ компьютерде тағы басқа
келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа
"ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске
қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы
орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға
да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды ісәрекеттер жасай
бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу
кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.).
Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды
бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді.
Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус
өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі
программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей
береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт
көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады.
Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда қайта жүктегенше тұрақты
сақталып, оқтыноқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.
Вирустың зиянды ісәрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға
байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін,
сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше
жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны көбеймей тұрғанда, онда
вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен
соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді,
олар, мысалы, мынадай ісәрекеттер істеуі мүмкін:
— кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс
істемейді;
экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;
компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;
— көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с.
Жұмыс логикасына және мақсатына қарай
1. "Ұстауышвирустар" – программалық жабдықтар. Әртүрлі зияндық
әрекеттері бар вирус.
2. "Логикалық бомбалар" (баяу әсер)
3. "Құрттар" – жүйелік программалаушылардың енгізіп, құрдан құр жүргізіп
қояды;
4. "Троян аттары" – қарапайым
Мақсаттарына қарай вирустар мынадай 4 топқа бөлінеді:
1. "Бейсауат" (гуманды) – онша
2. "Шантаж жасаушы"
3. "Насихатшы" – "өзін көрсету"
4. "Мағынасыз" – атынанақ әсері
Барлық алуан түрлі вирустар арасынан бастыбасты топтарын бөліп
қарастырайық.
1. Жүктеулік вирустар – дискеттің немесе винчестердің жүктелу
секторында сақталатын компьютерді алғашқы іске қосу программасын
закымдайды.
2. Файлдық вирустар ең алдымен кеңейтілулері ехе және соm болатын
файлдарға енеді, бірақ бұл кезде олар ешқандай да басқаруды қолына
алмайды, демек, көбею қабілетін жоғалтады.
3.Жүктеулікфайлдық вирустар файлдарды, сол сияқты дискеттердің
жүктелетін секторларын зақымдайды.
4. Драйверлік вирустар компьютер құрылғыларының драйверлерін
зақымдайды немесе файлға қосымша қатар конфигурациясын қосу жолымен
енеді.
5. Желілік вирустар ондаған немесе жүздеген мың көп компьютерлерді
біріктіретін желіде тарайды.
Жалпы информация қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануға ғана емес
басқа жағдайда да пайдалы болатынын есте сақтаған жөн. Ондай тәсілдің
негізі екі түрі белгілі. 1.
2.
Информацияның көшірмесін алып тастау – файлдары және дискінің
жүйелік мәліметтерін көшіріп сақтау.
Керекті информацияңызды басқалардың жиі пайдалануына тосқауыл
қою. Вирустар әсерін жоятын антивирустық программаларды үш
негізі топқа бөлуге болады
Файл мәліметтерінің бақылауға арналған олардың қосындыларын есте
сақтауға негізделген программалар;
Программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды
анықтайтын резиденттік программалар.
Вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын
программалар.
Файлдардағы мәліметтердің белгілі бір сиппаттамаларын есте
сақтайтын антивирустық программалардың негізі жұмысы – сол
файлдардың жана сипаттамаларын бұрын белгіленіп жазылып қойылған
мәндерден салыстырады.
Детектор – программалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерін ғана
қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді.
Доктор — програмалар немесе «фагтар» вирус жұққан
программалар мен дискілерді «вирус» әсерін алып тастау, яғни
«жұлып алу» арқылы емдеп оларды бастапқы қалпына келтіреді.
Ревизор – программалар да алдымен программалар мен дискіні
жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны
кейінгісіне салыстыра отырып сәйкесіздікті анықтаса, оны дереу
прграмма иесіне хабарлайды.
Доктор – ревизорлар – доктор – программа мен ревизорлар арасынан
шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай,
оларды автоматты түрде «емдеп» бастапқы қалыпты жағдайды түзейді.
Филътр программалар – компъютердің оперативтік жадында
тұрақты орналасады да, вирустардың зиянды әрекетінде әкелетін
операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер
кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне
байланысты болады.
Вакцина – программалар компъютердегі программалар жұмысына әсер
етпей, оларды вирус «жұққан» сияқты етіп модификациялайды да, вирус
әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді
емес.
Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар,
дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер
арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус
басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады. Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті одан да терең болады. Олар
бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген
программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң бірден
бел шешіп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалға, компьютердегі қатгы дискіні
өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін программаларға аз
тигізіп, бірақ қатты дискідегі мәліметтердің ішіен "мүжіп", құртып жататын
вирустарға не істеуге болады?!
Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ, оның келешекгегі әсері
керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек.
Бүлінген және вирус жұққан файлдар Вирус дискіндегі кез келген файлды
бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың
ішкі көлемінен орын алып, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай
туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен, көптеген програмалар
мәтіні мен құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына,
электрондық кестелердегі мәліметтерге вирустар онша әсерін тигізе алмайды,
тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін.
Ақпаратты вирустан қорғау
ДКді вирустан қалай қорғауға болады? Антивирустық бағдарлама орнату.
Антивирустық бағдарлама – бұл файлдар мен бағдарламалардағы вирустарды
тауып, оларды жоюға мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарлама.
Вирустардан қорғау және зақымдалған компьютерлерді емдеу үшін
антивирустық программалар қолданылады, оларды әрекеттеріне қарай
детекторлар, ревизорлар және полифагтар деп бөлуге болады.
Ревизорлардың жұмыс істеу принципі дискіде сақталған файлдардың
бақылау қосындыларын есептеуге негізделген. Бұл қосынды, сонымен бірге
бұдан да басқа ақпараттар (файл ұзындығы, олардың соңғы өзгертілген
уақыты және т.б.) вирусқа қарсы құралдың мәліметтер қорында сақталады.
Детекторлар вирустарды тауып қана қояды.
Полифагтардың жұмыс істеу принципі файлдарды, секторларды және жүйелік
жадыны және олардағы белгісіз және жаңа (полифагқа белгісіз) вирустарды
тексеруге және емдеуге негізделген. Қазіргі кездегі антивирустық
программалар полифагтарға жатады.
Бүгінгі таңда ең танымал (әйгілі) антивирустық құралдарға Norton
AntiVirus, AVR, Aidstest, Adinf, DoctorWeb және DSAV. DoctorWeb
дестелерін жатқызуға болады. DoctorWeb антивирустық программа құралы
компьютердің жадында сақтау программадағы белгілі вирустарды іздестіріп,
табылған вирустарды дискіден алып тастауды орындайды. Сондайақ компьютер дискілеріндегі жүйелі аймақтың және файлдардың эвристикалық
талдауын жүзеге асырады. Эвристикалық талдауыш дестенің маңызы айрықша
элементі болып табылады. Ол программадан белгісіз болып келген бұрынғы
және жаңадан пайда болған компьютерлік вирустарды табуға (оның таба
алатын мүмкіндігі зор) мүмкіндік береді. DoctorWeb антивирустық
программасы 1994 жылы шығарылған. Дәл қазіргі уақытта бұл программаның
нұсқалары көптеп шығарылған.
Компьютерлік вирустарды тауып, жою үшін DoctorWeb программа дестесін
қолдану тәртібі.
1.
Негізгі мәзірдің немесе жұмыс орнының тиісті таңбашасының басу
немесе Программа – DoctorWeb – DoctorWeb командасымен DoctorWeb
программасын іске қосу.
2.
Баптау – Орнатуды өзгерту командасының, Орнату таңбашасын немесе
Ғ9 функциялық пернесінің оперативті түрде жадында сақтауын
тестілегеннен кейін параметрлер терезесін шақырып, қарау керек әрі қажет
болған жағдайда вирустарды іздестіруді орындайтын режимді қалпына
келтіру;
3.
4.
5.
Программаның негізгі терезесінде тексерілуі тиіс дискіні көрсету.
Тексеруді бастау/аяқтау командасын орындау үшін Файл Тексеруді
бастау немесе СігІ+Ғ5 перңесін бірге басумен тексеру процесін іске қосу.
Файл – Шығу командасымен, Шығу таңбашасымен немесе Alt+ X
пернесін үштастырумен дестенің жұмысын аяқтау.
Norton AntiVirus 2000. Windows үшін осы заманға антивирустық
программалардың ішінде Sumantec Corporation фирмасының вирустарды
тауып, залалсыздандыру бойынша үлкен мүмкіндіктеріне ие, сондайақ аса
қолайлы пайдалану интерфейсі бар Norton AntiVirus программасы кеңінен
танымал.
Вирустардың баржоғын тексерудің ең қарапайым түріне Іздеу кнопкасын
басудан кейін іздеу процесі орындалатын дискідегі КАУ бас терезесіндегі
мүмкіндік беретін барлық параметрлердің мәні дыбыс шығармауы (по
умолчанию) бойынша белгіленеді.
Тексеруді пайдалануға қажетті қапшықты иемесе файлды тапсыру үшін
командалардың біреуін пайдалану керек: Іздеу Папкалар – Файлдар және
ашылған диалог терезесінен қажетгі атауды тандау керек.
Әр түрлі іздеу парамегрлерінің тапсырмасы үшін құралсаймандар
панеліндегі Параметрлер кнопкасын пайдалаітуға болады немесе құралы
Параметрлер командасын орындау керек.
AntіVirus Toolkit Pro (АVР). Соңғы уақытта Касперлік АVР
антивирустық дестесі өте әйгілі деп саналады. Бұл программа вирустарды
іздестіріп, жоюға арналған. Аса қолайлы пайдалану интерфейсіне, көптеген әр түрлі баптауларға, сондайақ антивирустық деректердің көлемді базасына ие
АУР пакетінің қолданбалары бүгінгі күні белгілі болып отырған барлық
вирустарды дер уақытында (уақытылы) залалсыздандыру арқылы
пайдаланушының еш алаңсыз тапжылмай отырып жұмыс істеуіне мүмкіндік
береді. АVРтың ең басты артықшылығы – соңғы уақытта пайда болған
вирустардан қорғауды қамтамасыз ететін антивирустық программаны
уақтылы әзірлей алады. Анитивирустық деректер базасын жаңарту процесі
автоматтандырылған және пайдалануға Интернет арқылы осы базаға енгізілген
өзгертулердің барлығынан аттап (немесе айналып) өтуіне мүмкіндік береді.
Дестенің негізгі құрастырушылары ретінде Монитор АVР және сканер АVР
программалары қызмет етеді. Монитор АVР қолданбасының негізгі міндеті –
компьютердің жағдайын (орындалатын программалар, жүктелген
кітапханалар жэне т.б.) ұдайы бақылап отыру. Басқаша айтқанда, жадта ұдайы
болуы арқылы бұл программа болып қалуы ықтимал барлық күдікті
әрекеттердің ізін бағып отырады, ал мұндай әрекеттің үстінен тап басып
түсетін болса (тауып алса), тиісті хабар береді.
Сканер АVР қолданбасы өз кезегінде дискіде вирустың баржоғын бірақ
рет тексеріп білуге, яғни бір жолғы тексеруге арналған. Бүлінген файлды
тауып әрекет етудің әр түрлі ықтимал нұсқаларын ұсына отырып ескерту
жасайды, болмаса бүлінген файлды бірден жөндеуге кіріседі (немесе
баптауға қарай алып тастайды).
Қазіргі уақытта әлемде, бір типті вирустердің әртүрі болып табылатын
штаммдарды қосқанда, 20 мыңнан астам вирус бар. Компьютерлік
вирустардан сактану әдісі. Компьютерлік вирустардан сақтануда бірқатар
ұйымдастырушылық және техникалық сипатты шаралар өткізіледі.
«Қорғанудың» бірінші сатысында бұзудан сақтану құралдарын қойып, одан
кейінвирустарды табу және, ең соңында, вирустарды нейтралдау кұралдарын
қойған дұрыс болады.
Қорытынды
Қазіргі кезде компьютерлік вирустардың түрлері өте көп. Вирус қажетті,
маңызды ақпараттарды жойып, тіпті жүйені де істен шығарады. Әр вирустың
қандай зияны бар екенін де білген жөн. Сол себептен әркім, мұндай
компьютерлік вирустардан қорғанудың жолын білу керек. Егер әрбір
қолданушы вирустың түрлерін анықтап, әр вирустан қалай қорғануға
болатынын білсе, онда өзінің құнды ақпараттарының жоғалмауына,
сақталуына, жүйенің бұзылмауына септігін тигізеді. Кейбір вирустар өте
қауіпті, сондықтан, әркім вирусқа қарсы қолданылатын шараларды білу қажет. Қорытындылай келе: 1. Компьютерді әркімнің жиі пайдалануын
шектеу; 2. Сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу; 3.
Вирустан «емдеу аспаптарын» дайындап қою.
Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім:
1.
Алдымен аспайсаспай, ойланып іске кіріскен жөн. 2. Дегенмен, бір
әрекет бірден орындалуы керек – вирустың зиянды әрекеттерін әрі
жалғастырмас үшін компъютерді бірден өшіру қажет. 3. Егер компъютерге
«жұққан» вирус түрін емдей алатын детектор программалар болса,
дискілерді тексеру мақсатында соларды дереу іске қосу керек. 4.
Біртіндеп вирус жұғуы мүмкін болған барлық дискілерді тексеріп шығу
қажет. 5. Егер дискідегі барлық файлдарыңыздың архивтік көшірмелері
болса, онда дискіні қайта форматтап, мәліметтеріңізді бұрынғы қалпына
келтіруге тырысыңыз.
Өзімнің жобамды сынып арасында ұсынып компьютерлік вирусқа сауалнама
алдым. Сауалнамада кім қаншалықты вирустар жайлы білетіндігі және
олардан қалай қорғану керектігі жөнінде болды. Сауалнамаға қатысқан
оқушылар саны 20. Сыныптың 100% ақпарат және вирус жайлы, 60%
антивирус бағдарламасы жайлы, 30% бағдарламаны орнатуды біледі екен.
Ұсыныстар:
1. Жаңа ақпараттық технологияны одан әрі дамыту.
2.
Тек технологияны шығарып қоймай, оны пайдалану барысында
вирустардан қорғау жолдарын білу керек.
3.
Тағыда айтар кететін жайт, мектептерге толықтай ақпараттық
технологиялар қамтамасыз етілу керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
Балапанов. Информатика 30 сабақ оқулығы, 2007 Алматы;
О.Камардинов. Информатика, 2006 – Алматы;
Н. Ермеков «Информатика». Алматы,
О.А.Акулов «Информатика» .Москва 2005.
Н.В.Медведев «Информатика» Алматы,2005
К. Изтілеуов «Информатика». Ақтөбе, 2005
Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
«Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі»
Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар
жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2005 ж.
9.
«Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал, Е.Ы.Бидайбеков,
Ж.К.Нұрбекова, А.Е. Сағымбаева. «Информатикадан оқушылардың
білімін бақылау, бағалау» әдістемелік құрал – Алматы 2003ж 10. Интернет беттерінен;
Жоба: "Акпаратты вирустан қорғау" 5 сынып
Жоба: "Акпаратты вирустан қорғау" 5 сынып
Жоба: "Акпаратты вирустан қорғау" 5 сынып
Жоба: "Акпаратты вирустан қорғау" 5 сынып
Жоба: "Акпаратты вирустан қорғау" 5 сынып
Жоба: "Акпаратты вирустан қорғау" 5 сынып
Жоба: "Акпаратты вирустан қорғау" 5 сынып
Жоба: "Акпаратты вирустан қорғау" 5 сынып
Жоба: "Акпаратты вирустан қорғау" 5 сынып
Жоба: "Акпаратты вирустан қорғау" 5 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.