Өзін-өзі жетілдіру
Оценка 4.9

Өзін-өзі жетілдіру

Оценка 4.9
doc
05.02.2020
Өзін-өзі жетілдіру
21. 5-сынып курал.doc

Өзіндік даму психологиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                 ЖОБА

Педагог-психологтарға арналған

оқу-әдістемелік құрал

 

5 сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2015

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігі

Астана қаласының Білім басқармасы

 

 

 

 

Өзіндік даму психологиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы білім беретін мектептің  5- сыныптарына сабақ беретін педагог-психологтарға арналған оқу-әдістемелік құрал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2015.

 

ӘОЖ

КБЖ

 

Пікір жазған: А.Р.Ерментаева – психология ғылымдарының докторы,     Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҰУ «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының профессоры, Астана қаласы., Ж.Қ.Аубакирова – психология ғылымдарының кандидаты, «Тұран-Астана» университетінің қауымдастырылған профессоры.

Сараптамашы: М.Г. Субханкулов – психология ғылымдарының кандидаты, «Көкше» академиясының профессоры., М.К. Курсабаев – педагогика ғылымдарының кандидаты «Тұран-Астана» университетінің профессоры., Т.С. Букашов – медицина ғылымдарының кандидаты, ПДМ МО жоғары санатты психиатр-дәрігері

 

 

 

 

Шығармашылық топтың жетекшісі:  А.Ш.Амерханова

Құрастырушы - автор:  А.Ш.Амерханова., А.Б.Ахметова, Б.Т.Байконырова, А.К.Орынбасарова.

 «Өзіндік даму психологиясы»: жалпы білім беретін мектептің 5-сынып педагог-психологтарына арналған оқу-әдістемелік құрал. / Астана, Ш67, 2015. – 108б. 12-жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығы психологиялық қызмет кабинеті.

 

                                                                                                                                                     

ISBN

 

Әдістемелік құрал 5-сыныпта «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсын оқытушы педагог-психологтарға арналған. Құралда бірыңғай сабақ құрылымы сақталған және тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық сабақтар түрінде жинақталған.

 

 

 

 

 

ӘОЖ

КБЖ

 

 

© ФАО Астана қаласы бойынша ПҚ БКИ

 «Өрлеу» Ұлттық біліктілік көтеру орталығы, 2015

 

Алғы сөз

 

Қазіргі заманауи қазақстандық қоғам болашақ түлектердің жылдам өзгеріске толы әлемдегі өмірге дайындығына байланысты білім жүйесіне жаңа талаптар қоюда. Анығын айтсақ, мұндай талапқа сай болу үшін балалардың әртүрлі ғылым салаларынан алған білімдерінің қосындысымен шектеліп қана қоймай, тұлғаның бейімделу мүмкіндігін дамытуға бағытталған нақты белгіленген жұмыстарды қарастырған жөн сияқты.   

Өкінішке орай, біздің балаларымыздың мектептегі және мектептен тыс өміріндегі күрделі әлеуметтік мәселелерінің болуы ата-аналарға және бүкіл қоғамға балаларды моральдық кері кетуден сақтауға, олардың әлеуметтік және интеллектуалды қорғалуына  қалай көмектесуге болатыны жайында шұғыл түрде маңызды мәселе көтеруді міндеттейді. Бұл мәселелерді шешуге қолданыстағы мектеп пәндерінің аясы тым тар болып отыр. Ол үшін мазмұны жағынан өзі туралы сұрақтарға жауап бере алатын, өзіндік дамуы үшін адам феномені, тұлғалық ерекшеліктері туралы біліммен қаруландыратын арнайы оқу курсы әзірленуі қажет. Сондықтан да жалпы білім беру мектептерінде жекелеген «Өзіндік даму психологиясы» эксперименталды курсының әзірлемесін құру қажеттілігі өте өзекті болып отыр. Аталған курстың басты мақсаты баланың өзбетіндік өмірге толыққанды кіруін қамтамасыз ететін барлық білім жүйесінің негізгі мақсаты -  баланың мәдени және әлеуметтік дамуы мақсатымен ұштасуы тиіс.

Осыған байланысты ұсынылып отырған тұжырымдаманың мақсаты құрылды:

Оқушыларда өз-өзімен және қоршаған ортамен өзара түсіністік әрекетте болуы үшін адамтану саласында негізгі құзыреттіліктерін дамытуды көздейтін психологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Аталған факультативтік курсты эксперимент түрінде енгізу үдерісінде келесі міндеттерді шешу қажет:

1. Оқушылардың психологиялық білімді меңгеруі олардың  дамуына қалай әсер ететінін анықтау.

2. Оқытудан өткен оқушылардың психологиялық білімінің нақты көлемін, мазмұнын және сапасын бағалау.

3. Мектепте психологияны пән ретінде оқу аясында балалардың өз-өзімен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жүйесінің дамуы ерекшеліктерін анықтау.

Қазақстандық мектеп оқушылары үшін «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсы бағдарламасын құруда үрдісті әлемдік тәжірибені қолдану ғана жеткіліксіз, сонымен бірге біздің көпұлтты мемлекетіміздің менталитет ерекшеліктерін де ескердік. 

Қазіргі заманауи қоғам талаптарына бағыттала отырып және Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік Бағдарламасы контексінде көрсетілген білім беру ортасын гуманизациялау міндеттеріне сәйкес «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсының негізі оқушының өмірлік тәжірибесін, оның жеке қызығушылықтарын, түрткілерін және өзекті құлшыныстарын  міндетті кірістіре отырып психологиялық мәдениетін қалыптастыратын гуманистік парадигма болу керек.

 

КІРІСПЕ

 

Оқушының даму үрдісіндегі тұлғасы – бұл білім беру жүйесінің негізі. Білім беру белгілі-бір нәтижеге – адамның қалыптасуы, олардың мәдени мәнді қасиеттерін, қабілеттерін, мүмкіндіктерін меңгеру сияқты, алып келетін мақсатты даму үдерісі ретінде түсіндіріледі. Білім беру үдерісінде бұл қабілеттер педагогтар тарапынан беріледі және білім алушылардың әмбебап оқу әрекеттерімен меңгеріледі. Әмбебап оқу әрекеттерін меңгеру, әлемді тану және меңгеру негізінде білім алушылар тұлғасы дамуының мақсатын құрайды және мектептегі білім алудың негізгі нәтижесі болып табылады. Білім беру міндеттерін табысты шешу білім алушылардың мақсат қоя білуі, қойылған міндеттерді шешу тәсілдерін меңгергені немесе сондай тәсілдерді өзі құрай алуы, өз іс-әрекетін бақылай, бағалай және түзете алуы болып табылады.

Әмбебап оқу әрекеттері адамның өзіндік дамуы және өзіндік жетілуіне қабілеттілігі, яғни оқи білу білігі болып қарастырылады.     

Бесінші сынып – бұл балалардың өмірі мен дамуында елеулі өзгеріс әкелетін пәндік оқытуға көшу кезеңі болып табылады. Жаңа оқу пәндері, таныс емес мұғалімдер, мектеп талаптарына бағыну, құрбыларымен үнемі байланыста болу, басқаша қарым-қатынас тәсілін меңгеру оқушының жүйке жүйесіне үлкен күш түсіріп, көңіл-күйінің аяқ асты ауысуымен, мазасыз ұйқымен, салмағын жоғалтумен қатар жүретін тез жүдеуіне әкеп соғады.  

Осы жастың маңызды ерекшеліктері, бірінші кезекте, оқушылардың жаңа оқу жағдайында өзін ұйымдастырудың толық жетілмеуіне, яғни ерік талаптары (өз бетімен жұмыс істеу, өзін ұйымдастыру және өзін қалыпты бағалау, басты мен қосалқы талаптарды айыра алу білігі)  күшейгеннен болатын бейімделу қиындықтарына қатысты болады.                    

 5 сыныпта тағы бір психологиялық мәселе баланың қалыптасып келе жатқан өзі туралы түсінігіне талаптың күшеюінен туындайтын күйзеліске қатысты болады.

Бағдарлама мақсаты: оқушылардың өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін дамытуға бағытталған психологиялық білім негіздерін қалыптастыру.

Міндеттер:

-       балалардың жағымды Мен-тұжырымдамасы аясында табанды оқу мотивациясын, өзін-өзі бағалау табандылығын қалыптастыру;

-       балаларда құрбыларымен тұлғааралық қарым-қатынас және рөлдік сәйкес қарым-қатынас орнату үшін қажет әлеуметтік және коммуникативтік білігін дамыту;

-       ішкі ресурстарын жұмылдырып,  қолдау тауып және көрсете алатын біліктерін жетілдіру;

-       оқушыларда өзін-өзі дамыту, өзіндік жетілу, өзіндік өзектілігін тану қабілеттерін қалыптастыру

5-сыныптарда «Өзіндік даму психологиясы» бойынша факультатив сабақтары бағдарламасы төрт негізгі бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімнің тақырыптары жеткіншек кезеңінің психологиялық ерекшеліктері ескеріліп құрастырылды. «Сезімдер мен  эмоциялар» тақырыбындағы бұл бөлім жеткіншек жасындағы (11-14 жас) психологиялық ерекшеліктер негізінде әзірленген. Бұл жас кезеңі үшін албырттық, яғни қызбалықтың көрініс беруі, көңіл-күйінің өзгермелілігі сипат алуы тән. Оқу пәндеріне және ақиқаттық болмысқа қатынасы сезім арқылы жүреді, сондықтан да бұл бөлімге өз-өзіне және қоршаған ортамен мейірбанды қарым-қатынас құруға ықпал ету мақсатында тиімді қарым-қатынас әдістері енгізілді.

Екінші бөлімнің «Мен оқығанды көңілге ықыласпен тоқуға үйренемін» тақырыптық жоспарлауы өзіндік білім алуына және шығармашылыққа қызығушылығының оянуына, ақпараттар мен жаңа білімдер  ағысында бағыт-бағдарын таба білу білігінің дамуына, өз орнын таба білуге іздену қадамдарын қалыптастыруға бағытталған, яғни мектеп оқушысының оқу үлгерімі және олардың өзіндік оқу қабілеттері арасындағы байланыс өзара әсер етушілік сипат алады. Оқудағы табыстары өзін-өзі бағалауының өсуіне, ал өз кезегінде, өзін-өзі бағалау нәтиже күту, талаптану, стандарттар, уәждеме және өз күшіне сенімділік механизмдері арқылы оқу үлгерімі деңгейіне ықпал етеді.

Үшінші бөлімнің «Ұлдар мен қыздар» тақырыптарына гендерлік айырмашылық мәселелері енгізілген, сонымен қатар жыныстық жетілу кезеңіндегі физиологиялық және психологиялық үдеріс аспектілерін қарастырады. Өзінің осы немесе басқа жыныс өкілі ретіндегі жеке дара ерекшеліктерін қабылдау білімдері мен дағдыларын дамытуға бағытталған рөлдік жыныстық сәйкестену бойынша тақырыптар берілген.  Баланың дербестікке ұмтылуын дұрыс бағыттау және дербестігінің қалыптасу кезеңінде ересектермен қарым-қатынасына байланысты туындаған жағымсыз сәттерін түзету. Өзін-өзі дамыту және өзіндік жетілу үшін негіз ретінде өзін ақиқатты қабылдауға үйрету.

 Төртінші бөлімнің «Күйзеліс және шиеленісті болдырмау тәсілдері» тақырыптары күйзеліс (стресс) белгілерін танып-білу білімдері мен дағдыларын дамытуға бағытталған. Эмоционалды және физикалық шиеленіспен күресу тәсілдеріне және күйзелістен шығу жолдарын табуға үйрету. Міндетті түрде күйзелісті жағдаймен күресу тәсілдерінің бірі ретінде бос уақытындағы шараларды ұйымдастыру және уақытын дұрыс өткізу бойынша түсініктерді енгізу.  отырып. өзінің жеке даралығын дамытуға, қоғамда бейімделе білу білігіне, басқа адамның даралығының көрінуіне құрметпен қарай білуге ықпал етеді.

Бесінші сынып оқушысы сезімдер мен эмоцияларды танып-білу арқылы өзінің жеке дара ерекшеліктерін аша түсіп, алған білімдерін тиімді қарым-қатынасқа түсуде қолдана алуға үйренетіндігі бесінші сыныптарда меңгеруге ұсынылған бағдарламаның ерекшелігі болып табылады.  Жыныстық рөлдік сәйкестену және өзін ақиқатты қабылдау жан-жақты әлеуметтік тәжірибесінің және өзі туралы нақты көрінісінің қалыптасуы негізінде тұлғаның сәтті әлеуметтенуіне ықпал етеді. 

Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау

(34 сағат, аптасына  1 сағат)

 

Тақырып

Мазмұны

Сағ саны

Сезімдер мен  эмоциялар

1

Біздің сезімдер

Сезім – эмоцияның көріну нәтижесі ретінде. Сезім түрлері. Жоғары сезімдер: адамгершілік, праксикалық, эстетикалық, интеллектуалдық. «Сіздің эмоцияларыңыз» тесті.

1

2

Эмоция

Эмоциялар – сезімдердің көрінуі ретінде. Эмоция түрлері. Жағымды  және жағымсыз эмоциялар туралы. Көңіл-күйдің рөлі. Тақырып бойынша негізгі логикалық түсініктер. Себеп-салдарлы құбылыстарды түсіну үшін негізін қалау.

1

3

Менің мықты және әлсіз  жақтарым

Өзінің дербестігін және жеке даралығын өзіндік таныта білу.  Кикілжіңді жағдайлардағы мінез-құлық стратегиясы.

1

4

Өз эмоцияңды басқара білу керек пе?

Өзін-өзі реттеу тәсілдері.  Қарым-қатынаста және өзара әрекеттестікте өзін-өзі бақылау.

1

5

Тиімді қарым-қатынас. Қарым-қатынас жасай білу.

Қарым-қатынас түрлері және адамның қарым-қатынаста өзін ұстау тәртібі. Қарым-қатынас құралдары.

1

6

Менің өмірімдегі қарым-қатынас

Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жетекші іс-әрекет ретінде. Адамдармен қарым-қатынас жасау мен көпшілікте өзін ұстау тәртібінің жаңа нормаларын меңгеру.  

1

7

Қоғамда өзін-өзі ұстау тәртібінің ережелері.

Оқушыларда «Қарым-қатынас» түсінігін кеңейту,  қарым-қатынастың адам өміріндегі рөлін көрсету. Өзара қарым-қатынаста өзін-өзі бақылау және өзін-өзі қалыпқа келтіру. Адамның табысты болуы, оның қоғамда қалыптасқан өзін-өзі ұстау және қарым-қатынас тәртібін сақтауға тәуелді екенін көрсету

1

8

Ұжымдағы өзара қарым-қатынас

Тұлға және топ. Топтағы тұлғааралық қарым-қатынас. Социометриялық әдіс

1

9

Өз - өзімен және басқалармен үйлесімді болу.

Қарым-қатынас адамдардың бірін-бірі қабылдауы ретінде. Психологиялық әсер ету түрлері мен механизмдері. Өз-өзімен, басқа адамдармен және қоршаған ортамен жағымды қарым-қатынас орнату.

1

Мен оқығанды көңілге ықыласпен тоқуға үйренемін

 

10

Жетстікке жол

Бесінші сынып оқушысының қоғамда сәтті әлеуметтенуіне және мотивациясын дамытуға, өзін-өзі көрсетуге талпынуы

1

11

Мен білім әлеміндемін.

Өзіндік білім алуға және шығармашылыққа қызығушылығын ояту. Ақпараттар мен жаңа білімдер  ағысында бағыт-бағдарын таба білу білігін дамыту, өз орнын таба білуге іздену қадамдарын қалыптастыру.

1

12

Менің  «Мен» бейнем

Өзара байланысты және өзара қабысқан түсініктер жүйесімен ұштасқан ішкі әлемін бейнелейтін өзінің «Мен» моделін құру.

1

13

Менің өмірімнің тұсбағдары

«Таңдау» және «жеке өзіндік таңдау» түсініктерінің мағынасын ашу. Осы немесе басқа таңдауға не әсер етеді? Таңдаудың жүзеге асырылуына құндылықтар бағдарының әсер етуі.

1

14

Менің бесінші сыныптағы  оқуым

Оқып-үйренуге, оқығанды тоқи білуге, үйде, жақын даму аймағында татулық қарым-қатынасты қолдауды үйренуге бағыттау. 

1

15

Мен және менің мектебім

Өзін қолдау көрсетуге қабілетті топ мүшесі ретінде тани білуіне көмек көрсету.

1

16

Менің қабілеттерім және талабым.

Бесінші сынып оқушысы неге үйренді? Оқушылардың білігін және қабілеттерін диагностикалау. Әр баланың ерекшелену жақтарын анықтау.

1

Ұлдар мен қыздар

 

17-18

Мен кіммін?

Өзіндік талдауға әкелу: өзінің жыныстық болмысын анықтауға мүмкіндік беретін сырт бейнесі, түр-сипаты және басқа да сипатты белгілерін жинақтау.  

2

19-20

Ұлдар мен қыздар әлемі.

Қыздар мен ұлдар арасындағы өзара достық қарым-қатынасты дамытуға ықпал ету. Баланың дербестікке ұмтылысын мадақтау және дербестігінің қалыптасу кезеңінде ересектермен қарым-қатынасына байланысты жағымсыз тұстарын електен өткізу.

2

21-22

Олар және біздер

«Біз өзіміз туралы не білеміз, бірақ бұны басқалар білмейді? Біз туралы басқалар не біледі, бірақ біз ол туралы білмейміз?». Өзіндік сана арқылы кері байланысты ашу. 

2

23-24

Өзіңе жол 

Өзіндік сәйкестену. Өз жынысыңдағы ересек адаммен өзін сәйкестендіру. «Болмысыма қарап, болғанымды көресің!» - өзінің жеке дара ерекшеліктерін түсіну және қабылдау.

2

Күйзеліс және шиеленісті болдырмау тәсілдері

 

25-26

Менің өмірлік күш-қуатым

Өмірлік күш-қуатты сақтау. Шиеленіспен күресу тәсілдері.

2

27-28

Өмір идеялары

Күйзелістен шығу жолдары. Нақты әрекеттер жасау үшін басты құралды анықтау. Әзіл-оспақты түсіне білу сезімін жандандыру. 

2

29-30

Салауатты өмір салты ережелері 

Уақытын дұрыс бөле отырып, бос уақытын ұйымдастыру шаралары. Денсаулығын бақылай білу және дене белсенділігі. 

2

31-32

Мен күйзелісті  жеңе білемін.

 Күйзеліспен күресу білімі мен дағдысын жүйелендіру.

2

33-34

Әлем менен басталады.

 Адам және әлемнің өзара тәуелділік болмысын ашу.

2

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

5 сыныпты аяқтағанда оқушылар білуге тиіс:

-     өзінің эмоциясы мен сезімдерін танып, игере алады;

-     өзінің әлді және әлсіз жақтарын түсінеді;

-     өзінің жеке-даралық мінез-құлық ерекшелігін саралай біледі;

-     өзін-өзі бақылауға талпынады;

-     күйзелістік жағдайдан шығу дағдыларын меңгерген;

-     қоршаған ортаның жаңа жағдайына бейімделе біледі.

 

Оқушылардың білімдерін бағалау

 «Өзіндік даму психологиясы» факультативі бойынша баға қойылмайды, оқу жылының соңында шығармашылық тапсырма беріледі.

 

I  тарау

СЕЗІМДЕР МЕН ЭМОЦИЯЛАР

 

1-сабақ

БІЗДІҢ СЕЗІМДЕР

 

Мақсаты: Эмоцияларын өз сезімдерінің көріну бейнесі ретінде түсінік қалыптастыруға ықпал ету.

Міндеттер:

- оқушыларды «сезім» түсінігімен таныстыру, адамның өмір сүру әрекетіндегі эмоционалдық реттеудің маңыздылығын көрсету;

-  оқушылардың сезімдердің мәні туралы түсінігін кеңейту;

- жеткіншекке өзінің сезімдерін түсіне білуге және басқа адамдармен оларды талқылай білуге үйренуге көмектесу.

Ұйымдастыру кезеңі

- Балалар! Сіздер 5-сыныпқа келдіңіздер. Бастауыш буыннан орта буынға өткендеріңізді қалай сезіндіңіздер? Қандай сезімдесіздер?

1-жаттығу «Сезіміңді бейнеле»

Педагог қатысушыларға қандай да бір сезімнің атауы жазылған карточкаларды таратады. Олар кезекпен сыныпқа өзінде жазылған сезімді бейнелеп көрсетуге тырысады, қалғандары қандай сезім екенін табу керек.

2-жаттығу «Сөйлемді аяқта»

Балалар бір-біріне доп лақтырады және қандай да бір сезімді атап, сөзін «Менің ... (қорқынышқа, қуанышқа, ашу-ызаға ... және т.б.) құқығым бар» деп бастайды.

 Теориялық бөлім

Біз бүгін сабақта сезім туралы, сезімнің қандай түрлері болатыны, сондай-ақ олар адам өмірінде қандай рөл атқаратыны туралы әңгімелесеміз.

Сезімдердің адам өміріндегі рөлі. Адам өзін қоршаған ортаға немқұрайлы қарай алмайды. Адам қабылдағанына (көргеніне, естігеніне), істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Адам әрекетінің, оқиғаларының біреулері бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды қайнататын жағдайға жеткізеді.

Қатерлі жағдайда тұрып біз қорқынышты сезінеміз, жауды мұқатып, жеңіске жету не қиын-қыстау жағдайдан өту, қуаныш пен шаттыққа кенелтеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында әр адам өмір сүре, еңбек ете, күресе отырып, осындай көптеген әсерлерді бастан кешіреді.

Өзінің танып білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін сезім  деп атайды.

Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналадағы заттардың және құбылыстардың сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап-тілектер болып табылады. Біздің істейтін әрекетіміз (еңбек, оқу, ойын), оның жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады.

Тұрмыстағы жай сөздерде «түйсіну», «сезіну» деген ұғымдар араласып жүреді. Біз сөйлегенде, «мен қорқынышты түйсінемін», «ауырғанымды сезіндім» дейміз, ол дұрысында: «қорқынышты сезіндім», «ауырғанымды түйсіндім» деп айтылу қажет. Түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың сапаларын танимыз, ал сезім болса, адамның ішкі көңіл күйін, оның сол заттар мен құбылыстарға қатынасын көрсетеді.

Сезім барлық психикалық процестермен тығыз байланысты, көптеген жағдайларда сол процестер сезімді туғызады, ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі түйсік болады, ал түйсіктің өзі біздің әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл-күйіне қарай адам бір затты әр түрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған бала, жай уақытта еш нәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңғы түссе шоғыр бұтаны қасқырға ұқсатуы мүмкін. Эмоция адамның есімен де тығыз байланысты. Біздің алған барлық әсерлерімізді, яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ, есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да болсын бір сезім туғызады.

Адам – қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр түрлі бағалайды.

Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде, оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнер тапқыштардың жұмыс процестеріндегі көтеріңкі көңілі, шабыты сезіммен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным процестерінде үлкен роль атқарады.

1 тапсырма. Балаларға сауалнама толтыру ұсынылады.

САУАЛНАМА

1.  ... кезде мен бақыттымын

2.  ... кезде мен  қапаланамын

3. .... кезде мен ашуланамын

4. .... кезде мен ызаға булығамын

5. ....  кезде мен тартыншақтаймын

6. ....  жағдайда мен қымсынамын

7. .... кезде менің есім шығып кетеді

8. .... кезде маған қорқынышты болады

9. .... жағдайларда мен өзіме өте сенімдімін

10. ... кезде мен мақтаныш сезімде боламын

11. .... кездер менің жаныма ауыр тиеді

12. ....  кезде мен сасқалақтаймын                             

13. ... кезде мен өзімнің мәнділігімді сезінемін

14. … кезде мен өкпелеймін                                                                                                              

15. ... кезде мен өзімді күшті және батыл сезінемін

16. ... кезде мен жылаймын

17. … кезде мен күлемін

18. ... кезде мен күйгелектенемін

19. ... кездер маған ауыр тиеді

20. ... кезде мен өзімді өте жаман сезінемін

2-тапсырма. Жалғыздық туралы әңгімелесу, әңгіме барысында балалар мына сұрақтарға жауап береді:

1.                 Қандай жағдайларда адам өзін жалғыз сезінеді?

2.                 Адамдар жалғыздықты жиі сезінеді деп ойлайсыңдар ма?                                       

3.                 Бұл жағдай ұзаққа созылады ма?

4.                 Кімдер жиірек өзін жалғыз сезінеді: балалар, әлде ересектер? Неліктен?

5.                 Кімді жалғыз адам деп айтуға болады?

6.                 Жалғыз адам нені сезінеді?

7.                 Ол өзін қалай ұстайды?

8.                 Адам отбасында өзін жалғыз сезінуі мүмкін бе? Неліктен?

9.                 Бала басқа адамдардың арасында өзін жалғыз сезінуі мүмкін бе?         Неліктен?

10.            Сен өзіңді жалғыз сезінесің бе?

11.            Қай кезде сен өзіңді жалғыз сезіндің?

12.            Қандай жағдайларда сен өзіңді жалғыз сезінесің?

13.            Жалғызбын деген адам жалғыз емес қалыпқа келуіне бола ма?

14.            Ол үшін не істеу керек?

   Ақпарат

   Сезімдердің қызметі:

*                    Уәждемелік (мотивациялық)сезімдер мінез-құлықты уәждемелейді;

*                    Белгіліксезімдер нысаналар маңыздылығына қажеттіліктер туралы белгі береді және іс-әрекетті соған қарай бағыттауды қоздырады.

*                    Бағалаушылық сезімдер барлық болып жатқандардың мәнін анықтауға көмектеседі;

*                    Бейненің негізін синтездеуші қызмет – түрлі қозуларды бейнелейді;

*                    Экспрессивті қызметвербальді емес қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.

Төмен және жоғары сезімдерді бөліп қарастыруға болады:

Сезімдер – өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет.

          Төмен сезімдер адамның физикалық немесе физиологиялық қажеттіліктеріне қанағаттануы немесе қанағаттанбауына байланысты.

Жоғары сезімдер. Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, зияткерлік (интеллектік) деп аталатын сезімдер кіреді. Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адмның мінез-құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі-моральдық немесе адамгершілік сезімдер. Жоғары сезімдер: адамгершілік, эстетикалық, интеллектік.

Адамгершілік сезімдерінің тобына: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят т.б.

Интеллектік сезімдер: тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен байланысты білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, жаңашылдық, болжау.

Эстетикалық сезімдер: адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі.

Адамгершілік немесе моральдық сезімдердің мазмұны, құрылымы да күрделі келеді. Ар-намысты қорғау – аса жарасымды қасиет. Сезімнің осы түрі көбінесе қайсар, өжет, табанды, әрі көздеген мақсаттарына жетпей тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық-екінің бірінде кездесе бермейтін қасиет. Мұның адам психологиясына қатты әсер етіп, терең із қалдыратындығы сонша – кісі кейде кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай алмай ұйқыдан, тамақтан қалатыны да болады. Ұятты адамның іштей ашулануы, өзінше ашу шығаруы деген екен. Ал Абай ұяттың 2 түрі бар дейді: оның бірі-надандықтан туатын, екіншісі-жағымсыз іске, теріс қылыққа ұялу. Оның ұғымынша, ұялмас нәрседен ұялу бұл-надандық, ынжықтық, жігер-қайрат осалдығы, білім мен тәжірибенің пайыздығы. Шын ұят ақыл-парасаттың ісі.

Борыш сезімі. Бұл-қоғам, ұжым, жанұя алдындағы міндеттердің санадан туған әсерлері. Бұл сезім адамды өз борышын орындауға шақырады. Мұны орындауға ар-ұят атты ерекше әсер көмектеседі.Адамға борыш сезімі білдіріп тұрғанды орындамай тастап, арамдық жасап, лайықсыз іс істесе, қоғамның моральдық нормаларын бұзатын әрекет жасаса, оның ар-намысына тиеді және опық тигізеді.Сезімтал адамдар мұндай жағдайлардың қасіретін тартадыжәне осылардың салдарынан өз мінез-құлқын жақсылық жағына өзгертеді.

Ұжымдық, достық және жолдастық сезім. Мұндай сезім қоғамда кеңінен дамыған. Шынайы достық сезім мен үстірт, дос-жарлық пен өтірік достықта болатын әсерлерді шатастыруға болмайды. Кейбіреулер, дос болу деген-адамның айтқанына жүру, оның ойлаған тілектерін, тіпті ол тілектері моральға жат бола тұрса да орындау деп  есептейді. Істеген ағаттықтарына сай жаза тартқызбас үшін, досын қорғауға  ұмтылғандар – оған жақсылық жасамай, жамандық жасағаны. Шынайы достық адамдарға әділдікпен қарауды қажет етеді. Сол дос адам, жолдасының кемшіліктерін алдымен ашып көрсетіп, оған сол кемшіліктерді жоюға көмектесуі керек.

1. Сүйіспеншілік сезім. Бұл достық сезімге жақынырақ. Шынайы сүйіспеншілік-адамды шаттандыратын тамаша сезім, ол парасаттылықты арттыруға септігін тигізеді, адамды тек сүйікті адамы үшін ғана емес, сондай-ақ басқа адамдар бақытты болуы үшін ерлік жасауға шақырады. Сондықтан да бірін-бірі шын сүйген адамдар, бұдан да жақсы болуға талпынады.

2. Жоғары сезімдердің екінші бір түрі – эстетикалық сезімдер. Эстетикалық сезімдер дегеніміз-адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезіну. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты. Өмірге үйлесімді әсем нәрселерден ләззат алуы кезінде байқалады. Мәселен, «жақсы ән мен тәтті күй», яғни жақсы музыкалы әуеннің адамның эстетикалық сезімдерінің қалыптасуында ерекше маңыз алатындығын С.Торайғыров былай сипаттайды: «Халықтың арғы-бергісін қозғап естеріне түсіріп, мұң-мұқтаждарын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі дауысымен құйқылжытып тұрғанда, қандай тас көңіл болса да жібімей қоймайды. Халықтың қайдағы жайдағысы ойына қозғалып, түсіп, қандары қайнап, тіпті арқалары қозып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жастары моншақтап, бойлары балқығандай, шарт-шұрт қол шапалақтасып тарқайды». Осы үзіндіде ақын жақсы ән мен тәтті күйдің қандай тас көңілді болса да жібітіп жіберетінін, қанды қайнататынын, көзден жас ағызатынын, бойды балқытатынын, адамды ләззатқа бөлейтінін айтып отыр.

3. Жоғары сезімдердің бұдан да басқа бір түрі-интеллектік сезімдер.

Интеллектік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне: таңсықтау, білімге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция, болжау т.б. сезімдер жатады. Мұғалімнің басты міндетінің бірі-оқушылар санасында интеллектік сезімдерді қалыптастыру болып табылады. Ол үшін көп оқу  қажеттігін, оқусыз ешбір мақсатқа жете алмайтынымызды оқушыларға түсіндіру керек. «Оқу инемен құдық қазғандай», ол оңайлықпен қолға түспейді. Оған жан-тәніңмен берілмесең, тиянақты еңбек етіп, зейін қоймасаң болмайды. Оны үнемі толықтырып отыру да қажет. «Адамның көңіл-күйі шын мейірленсе, - дейді Абай, білім - ғылымының өзі де адамға мейірленіп тезірек қолға түседі. Жүрдім - бардым үйренетін адамдарға ғылым тұрақтамайды. Өйткені, ғылым өзіне түгелдей берілуді қажет етеді». Интеллектік сезімдер адамның сана сезімінен орын алса, шындықты аша түсуге құмары арта түседі, мұндайда ол асыл мұрат үшін күреске белді бекем байлайды.

       Шығармашылық жұмыстың қайсысы да интеллектік сезімдермен байланысты болады. Әуесқой болу және соған сай қанағаттану осындай эмоциялар туғызады. Ондайлар тек ересек оқушыларда болып қоймай, сондай-ақ жас оқушыларда да болады. Балалар мұғалімнен: «Бізге есептің қалай шығарылатынын айтпаңыз, өзіміз ойластырайық», -деп сұрайды, бұл олардың оқу процесінде жақсы интеллектік сезім үстінде екенін көрсетеді. Интеллектік сезімдерге таңдану, күмәндану немесе кейбір қиын мәселені шешуде пайда болатын сенім сезімдері жатады.

«Менің бет бейнем» жаттығуы

Материалдар: адам бетінің «Мен ашулымын», «Мен бақыттымын», «Маған қорқынышты», «Мен мұңайып отырмын» жазбалары бар нобайлық суреттері.

Тапсырма. Сабаққа қатысушыларға суреттерді сәйкес жазулармен және суреттермен жалғастыру ұсынылады.

Кейін нәтижелері талқыланады.

Сұрақтар:

1. Қай кезде сенің түрің осындай болады?

2. Сенің мұңлы екеніңді айналаңдағылар тағы неден аңғаруы мүмкін?

3. Өзіңнің қобалжуларыңды тағы қалай білдірер едің?

4. Өзіңнің сезімдеріңді ашық көрсетуді қалайсың ба, әлде жасырып қалуды қалайсың ба? 

 

Рефлексия

-                     Сезімдер деген не?

-                     Сезімдердің қандай қызметтерін білесің?

-                     Жоғары сезімдерді құрайтын сезімдердің ерекше тобын атаңыздар.

 

 

 

 

2-сабақ

ЭМОЦИЯ

 

Мақсаты: оқушыларды «эмоция» ұғымымен, эмоция түрлерімен таныстыру.

Міндеттері:

қол-аяқ, бет қимыл, дене қозғалысы тілін меңгеру арқылы тиімді қарым-қатынас құра білуге және эмоциясын жеткізе білуге төселдіру;

-  өзінің және басқа адамдардың эмоционалдық күйін айыра білу қабілеттерін дамыту;

- өз эмоциясын басқара білуге, сезімдерін жеткізе білуге және талдай білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

“Менің бүгінгі көңіл-күйім” жаттығуы. Өз көңіл-күйіңді дәптердегі  суреттермен салыстыр...

Менің сендерге тілерім – жарқыраған күн сендердің жандарыңды жылытсын және сендер бәріне тек жылу сыйлаңдар. Бірақ өмірде ылғи жарқыраған күн бола бермейді, кейде сендер ренжіп, абыржып, қобалжып әртүрлі жақсы-жаман эмоцияда жүрулерің мүмкін. Сондайда өз-өзіңді ұстап, өз психологиялық денсаулығыңды сақтап қалуға тырысу керек.

Теориялық бөлім

1.                 Кіріспе түсіндіру

*      Мына бір бет бейнесіне назар аударыңдаршы. Сендерде осындай түр нұсқасы қай кезде байқалады? (көңілді, қуанышты кездерде). Не туралы хабарлайды? (қазіргі уақытта бұл адамға жақсы, жайлы екенін білдіреді). 

*      Ал енді қай кезде түрлерің мынадай болады? (бірдеңеге көңіліміз толмаған кезде, ашуланғанда, ызаланғанда). Не туралы хабарлайды? (бұл адамның басында қазір қиындық барын, бір жамандық жасағысы келіп тұрғанын көрсетеді).                

*      Ал қай кезде түрлерің мынадай болады? (қорыққан және жанымызға жайлы емес кезде). Не туралы хабарлайды? (адамға жайлы емес, бірдеңеден қорқады).  
      - Қараңдаршы, балалар, сендер қуаныш, ыза, ашу, қорқыныш сияқты ұғымдарды айттыңдар. Яғни осылай біз айналамыздағы немесе ішіміздегі болып жатқан құбылыстарға өзіміздің қарым-қатынасымызды, сезімімізді білдіре аламыз.

                Эмоция дегеніміз – адамның ішкі сезімін сыртқа шығаратын көңіл-күй көріністері.

2.            Шағын дәріс

Эмоциялар – бұл сыртқы ықпалдардың қажеттілік маңызы мен олардың субъект тіршілігіне қанағаттануы немесе қанағаттанбауы түрінде көрінетін теріс және оң тітітіркендіргіштердің әсеріне жауап беруі. 

Жанкүйерлердің спорттық жарыс тамашалаудағы сезімдері мен эмоциясын саралап көрейік:

Сезімдер                                                           Эмоциялар

- футболға деген сүйіспеншілік                 - рахаттану күйі 

- қуаныш                                                       - масаттану

- қорқыныш                                                  - жайсыздық

- ыза                                                               - наразылық

Эмоцияларды тану. Эмоция түрлері.

Адамдардың қуанышты екенін, ашулы немесе қорқып тұрғанын қандай белгілерінен анықтадыңдар? Адамдардың беттеріне қарап, неге көңіл аудардыңдар?

- көздеріне (неліктен?  Көзқарастарында қандай айырмашылық бар?)

-  қастарына

-  маңдайына

-  аузына, езулеріне (ерін)

          Біз мынаған көңіл аударамыз:

Ауыз – ашық немесе жабық;

Еріндері – ұштары түсірілген немесе көтерілген;

Көздері – бақырайған немесе жасаураған, «жанып тұр» немесе тұнжыраған;

Маңдайында көлденең немесе тік түскен сызықтар;

 Қастары – түйілген немесе жазылған т.с.с. 

Беттегі бұлшық еттер қозғалысы (қастардың түйілу-жазылуы, көздің ашылу-жабылуы, езулердің көтерілу-түсуі т.с.с.) – мимика деп аталады. Ол бізге эмоциямызды көрсетуге көмектеседі.

- Ал, кәне, енді дәптерлеріміздегі дөңгелектерге осы белгілерді ескере отырып, қуанышты, ренішті, ашу-ызаны, қорқынышты, таңқалуды білдіретін эмоцияларымыздың суретін салайық.

Мимикадан басқа бізге эмоцияларымызды сыртқа шығарып, білдіруге дене қимыл-ишараларымыз (қол сермеу, қол бұлғау, жұдырық түю, бас изеу т.б.) және жүріс-тұрысымыз, аяқ қоюларымыз да көмектеседі.

- Эмоциялар адамға зиянын тигізе ала ма?

- Қандай эмоцияларды біздің жауларымыз деп атауға болады, айтып беріңдерші (ашу, ыза, реніш, көре алмаушылық, кек, уайым, мұң, жек көру, ұялшақтық т.с.с.)

- Ал қандай эмоцияларды біздің достарымыз деп айтуға болады? Жағымды эмоцияларды атаңыздар (қуаныш, шаттық, әсерлену, байсалдылық)

- Сонымен, эмоциялар жағымды және жағымсыз болып бөлінеді екен, соны білдік.  

Сергіту жаттығуы

                Шаршадым - "уһ" дедім

                Ренжідім - "түуһ" дедім

                Қорықтым - "ой-й" дедім

                Өкіндім - "аһ" дедім

                Шарасыз - "э-эһ" дедім

                Таңырқап - "о-о" дедім

                Кейідім - "и-и-и"дедім

                Біліп ап - "е-е-е" дедім

                Қуанып - "ха-ха-ха" дедім

Диагностика

1. Эмоциялар көңіл-күйге әсер ететінін сендер жақсы білесіңдер. Ендеше қазіргі уақытта сенің көңіл-күйің қандай екен? Анықтайық. /«Алаңдаушылық деңгейі» тестісі таратылады. Оқушылар теспен жұмыс істеп, толтырып шығады. Іле тест формуласы арқылы нәтижесі өңделеді./

 

р\с

 

Көңіл-күй көріністері

Жауап нұсқалары

Мүлдем келіспеймін

Негізінен келіспеймін

Негізінен келісемін

Толығымен келісемін

1

Мен қазір сенімді отырмын

1

2

3

4

2

Маған ешқандай қауіп жоқ

1

2

3

4

3

Мен уайымдап отырмын

1

2

3

4

4

Мен іштей қысылып отырмын

1

2

3

4

5

Мен өзімді еркін сезінемін

1

2

3

4

6

Менің көңілім бұзылып отыр

1

2

3

4

7

Мені сәтсіздіктер толғандырады

1

2

3

4

8

Мен рахат сезімде отырмын

1

2

3

4

9

Мен алаңдап отырмын

1

2

3

4

10

Мен іштей қанағатсыздықты сезінемін

1

2

3

4

Т = ∑1 – ∑2 + 35

1 – бланкте қоршалған сандар қосындысы /3,4,6,7,9/

2 – қалған қоршалған сандар қосындысы /1,2,5,8,10/

30 ұпай – алаңдаушылығы төмен

31-45 – орташа алаңдаушылық

46 және одан жоғары – алаңдаушылығы жоғары

- Балалар, тест нәтижесі бойынша арамызда алаңдап, қобалжып отырған оқушылар да бар сияқты. Ендеше, кәне, қолдарымызды шығыршықтай ұстап, бір-бірімізге дем, яғни энергия берейік.

2. «Сөздердің эмоционалдық мәндерінің әсер етуі» тест жаттығуы:

Нұсқау: төмендегі сөздерді мұқият тыңдап, естеріңде сақтауға тырысыңдар. 2 мин. ішінде есте қалған сөздерді жазып шығыңдар: достық, сыйлық, ұру, қуаныш, парта, мейрам, қарындаш, бояу, марапаттау, ауыру, ызалану, жол, қайғы, ағаш, ұрысу. /Әр бала өзінің +; - және бейтарап сөздерді тауып, санауы арқылы өңделеді /

Практикалық бөлім

«Шетелдіктер Қазақстанда» ойыны

- Қалай ойлайсыңдар, біздің бетімізден қандай ниетте екенімізді, біздің тілімізді білмейтін  басқа ұлт өкілдері де түсіне ала ма? (иә, эмоциялар бұл бүкіл әлемдік тіл).

Ойынның шарты: 8 ерікті оқушы таңдалады. Олар әр тілде сөйлейтін 8 ұлт өкілі. Қандай ұлт екені және қандай эмоцияны көрсету керектігі карточкалар арқылы анықталады. Олар өзіне берілген эмоция түрін сол ұлттың өкілі қалай жеткізер еді, соны көрсетеді. Қалғандары табу керек.  

«Қолмен сөйлесу» жаттығуы.

Бір-екі оқушыны тақтаға шығарып, көздерін жұмып, бір-бірімен қолдарымен сөйлесуді, ұрсысуды, достасуды, қоштасуды білдіруді сұрау.

«Дауыс ырғағы» жаттығуы

Тақтаға 5 оқушы шақырылады. Олардың әрқайсына қандай да бір эмоция түрі беріледі (ашу, сүйсіну, реніш, жек көру, қуаныш). Бәріне жалпы бір сөз беріледі, сол сөзді өзіндегі эмоциядағы дауыс ырғағына салып айту ұсынылады. Мысалы: «Кел» деген сөзді...

             Рефлексия       

 – Жағымды эмоцияларды атап шық және шкалаға орналастырып жаз. /күлкі, қуаныш, рахаттану, сүйсіну т.с.с./

Тұжырым: жағымды эмоциялар денсаулыққа пайдалы, себебі адамның көңілін көтеріп, күш-қуат береді.

– Жағымсыз эмоцияларды ата, шкалаға орналастыр. /реніш, қайғы, өкініш, мұңаю т.с.с./

Тұжырым: жағымсыз эмоциялар адамды әлсіретеді, жүдетеді.

– Эмоциялар қалай көрініс береді немесе адам эмоциясын қалай білдіреді?

-         бет әлпетінен /мимика/

-         сөз арқылы /интонация, дауыс ырғағы/

-         қимыл-қозғалыс арқылы /пантомима/

-         қан тамырларының жағдайын өзгерту /қызару, көгеру, бозару/

Жағымсыз эмоцияларды қандай жолмен жоюға немесе жағымды эмоцияға ауыстыруға болады? /жағымды музыка тыңдау, сүйікті ісіңмен шұғылдану, би билеу, күлу т.с.с. /

«Пайдалы кеңестер» кестесіне көңілдерін аударып, талқылау.

Пайдалы кеңестер

Эмоция мен сезіміңді басқара білуге:

Егер сені күшті эмоция билеп алса:

v       басқалардың сезімін сыйлай біл

v       біреудің буырқанған эмоциясына шыдамдылық таныта біл

v       біреудің бойындағы сен үшін жағымды қылықтарды мадақтап отыр

v       көшбасшылық үшін кереғар күрестен аулақ бол (кикілжің, дөрекілік, агрессия, яғни өктемдік)

v       кек алу, өштесуден аулақ бол, ол дегеніңіз адам үшін өзін-өзі құрту эмоциясы

v       отыр да жылап ал (эмоцияның шығуына жол бер)

v       үзіліс жаса, ішіңнен сана, не болмаса бір жағымды нәрсе туралы ойла

v       жүгіріп ал, өзіңе физикалық салмақ түсір

v       өзіңді-өзің бұның бәрі сондай керемет жамандық емес екеніне сендір

v       басқалардан көмек сұра, психологпен сөйлес

 

 

 

3-сабақ

МЕНІҢ МЫҚТЫ ЖӘНЕ ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫМ

 

Мақсаты: өзін-өзі қалыпты бағалауларын қалыптастыруға ықпал ету.

Міндеттері:

-   адам мінез-құлқының мықты және әлсіз жақтары туралы түсініктерін кеңейту;

-  өзін-өзі тиімді іске асыруға ұмтылыстарын дамыту;

-   басқалармен қарым-қатынаста мықты жақтарына басымдық беріп, әлсіз жақтарын баса білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

«Қар ұшқындары» жаттығуы

Нұсқау: Бұл жаттығуды орындау үшін сіздерге бір парақ қағаз дайындап алу керек. Бір-бірлеріңе жалтақтамай айтқанды мұқият тыңдап алып орындауға тырысыңдар.

Әрі қарай пәрмендерді орындаңдар:

1.     Бір парақ қағаз алыңдар.

2.     Оны екіге бүктеңдер.

3.     Үстіңгі оң жақ бұрышын жыртып алыңыз.

4.     Қағазды тағы екіге бүктеңіз.

5.     Үстіңгі оң жақ бұрышын жыртып алыңыз.

6.     Қағазды тағы екіге бүктеңіз.

7.     Үстіңгі оң жақ бұрышын жыртып алыңыз.

8.     Қағазды тағы екіге бүктеңіз.

9.     Енді қағаздарыңды ашып қараңдар.

    Көбіңде бір-біріне ұқсамайтын қар ұшқыны пайда болды. Қалай ойлайсыңдар неліктен?

«Мен туралы не айтты» жаттығуы

Балаларға олар туралы сыныптастарының ойларын тауып, дәптерлеріне 3 пікірден жазу ұсынылады.  

Менің кемшіліктерім басқалардың көзімен

Менің жетістіктерім басқалардың көзімен

 

 

Талқылау:

Өзің туралы қайсын жазу оңай болды – жетістіктеріңді әлде кемшіліктеріңді?

 Не себепті көптеген адамдарға жетістіктерінен гөрі кемшіліктерін санамалап шығу оңай?

Мысалы:

Менің кемшіліктерім басқалардың көзімен

Менің жетістіктерім басқалардың көзімен

1. Шашым кір

2. Мылжың немесе көп сөйлейді

3. Ақылсымақ

1. Мейірімді

2. Басқаларға көшіруге беремін

3. Достарымды ұстап бермеймін

«Өзің туралы жақсы бірдеңе айтшы» жаттығуы

Әр оқушы аяқталмаған сөйлем жазылған карточкалардың ішінен өзіне біреуін таңдап алады. Оны дауыстап оқып, аяқтауы керек. 

*                Маған ... (ақылды, сәнқой, мықты тұлға, қуакеш...) болғаным ұнайды.  

*                Кеше мен бір жақсы іс жасадым ... (бөлмемді жинадым, үй тапсырмасын орындадым, мұғалімге қарсы сөз айтқан жоқпын, ыдыстарды жудым...)  

*                Менде бір жақсы қасиетім бар … (мен мейірімдімін, достыққа адалмын, өзімді жақтап ала аламын ...)

*                Мен мақтауға тұрарлықпын, мысалы ... (Мен басқалар сияқты өсек айтпаймын ...)  

*                Мен өзімнің тамаша бір қылығымды әңгімелеп берейін. Бірде мен ... ( басқа мектепте оқитын құрбыма дискотекаға баратын билетімді сыйға тарттым, өйткені сол дискотекаға ол ұнатып жүрген бала барады екен...)

«Менің мықты жақтарым» жаттығуы

Біздің әрқайсымызда өзіміз бағалайтын құндылығымыз, абыройымыз бар, біз оларды бойымызға қабылдаймыз, жақсы көреміз, олар бізге іштей еркіндік сезімін береді және өз күшімізге сенімділік туғызады. Бұл жаттығудың басқаша атауы – «Тірек нүктесі»: өмірлік қиын жағдайларды көтере білуге бізге мықты жақтарымыз, әдеттеріміз, қызықты істеріміз көмектеседі. Мұндай тірек біздің әрқайсымызда бар! 5 минуттың ішінде солардың тізімін жаза қойыңдар. 

Ал енді үш-төртеуден бірігіп, топ құрыңдар және өз жазбаларыңды араларыңда талқылаңдар. Әркім өз тізімін оқиды да оны саралап береді. Тыңдаушылар сіздің тізіміңіз бойынша сұрақ қоя алады немесе түсінік беруді сұрауларына болады, сонымен бірге сіздің бойыңыздан байқаған басқа да жетістіктеріңізді қосулары мүмкін. Мінеп-сынауға тыйым салынады! Қандай да бір қасиетті, қылығыңызды не себепті жетістігім деп санайтыныңызды түсіндіріп жатуға міндетті емессіз, соны тірек нүктесі деп санауға өзіңіз сенімді болсаңыз болды.

Талқылау:

ü    Жаттығу өзіндік бағалауыңа қалай әсер етті?

ü    Кері байланыста әңгімелеу және тыңдау барысында қандай сезімде болдыңдар?

Дәптерлеріне жеке жұмыс жасау:

ü    Көпшіліктің алдында өзімнің жағымды жақтарымды айтқанда қандай сезімде болдым?

Ақпараттық бөлім

Өмірде сендер мен біз достасамыз, дауласамыз, кейде тіпті кикілжің жағдайға да қаламыз. Ал енді айтыңдаршы, сыныптастар арасында қандай қарым-қатынас болуы мүмкін? Шынымен де, адамдар бір-бірімен достасады, ұнатады, дауласады, сонымен бірге кикілжіңге барып, жанжалдасуы да әбден мүмкін. Кәне, бәріміз бірлесіп кикілжің деген не екенін, кмкілжіңді жеңуде қандай амал-тәсілдер қолдануға болатынын, кикілжіңді жағдаятта өздеріңді қалай ұстайсыңдар, соны талқыға салып көрейік.

           Сонымен, бастайық. Кикілжің ұғымына ғылыми анықтама бермес бұрын, сендердің әр қайсыңыз үшін «кикілжің» қандай маңызға ие екенін білейік. Кестеге қараңыздар және әр бағаннан кикілжіңнің мағынасын ашатын ең маңызды сөзді таңдап айтыңыздар.

Сонымен, мен үшін кикілжің – бұл ..., менің ойымда ... және сезінгенде ...

Кикілжің – бұл ...

Менің түсінігімде

Менің ойымда

Менің сезімімде

Ұрыс-керіс

Мені ренжіткілері келеді

қорқыныш

соғыс

Мені қорлағылары келеді

реніш

дау

Мені жәбірлегілері келеді

наразылық

күресу

 

ашу-ыза

бәсеке

Менің басады

абыржу

айқас

Менің сыртымнан күледі

ызалану

-                Кім өзінің жазғанымен бөліскісі келеді?

Екі оқушы көшеде келе жатып бірін-бірі қағып кетеді. Екеуі біраз кикілжіңге барды. Соңында төбелеске ұласу қаупі туындады.(Ал балалар, осы кикілжіңнің себебін ойластырып, одан шығу жолын рөлге еніп көрсетіңдерші. Оқушының дөрекілігіне, көңіл-күйіне, ұстамсыздығына, өз сезімін қадағалай алмауына, қарым-қатынасқа түсе алмайтынына мән беру қажет)

Психологтың пікірі: Кикілжіңді жағдай әр адамға әр түрлі әсер етеді. Кикілжің сөзіне психологиялық анықтама берер болсақ: конфликт психологиялық сөздікте былай аударылады. «Конфликт» (латынша conflictus – соғылу) - кикілжің. Мұның мағынасы - өткір эмоционалды ашу»

Кикілжің - ойы, мақсаты мен қалаулары, талабы, қызығушылығы әр түрлі немесе бірнеше адамдар арасындағы келіспеушілік. Ол мынадай болып бөлінеді:

1. Жеке бастың күйзелісі.

2. Екеуара кикілжің.

3. Топ арасындағы кикілжің.

Барлық жағдайда екі жақтың кикілжіңі әр түрлі себептен туады. Кей жағдайда кикілжіңнің өзі стреске әкеп соқтырады. Яғни, қорқыту, үркіту арқылы екінші адамды қысымға алып, әділетсіздік жасап отыру. Кімде - кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ. Ұят деген адамның бойындағы адамшылдығы.

Қысым - өз ойын зорлықпен екінші адамға мойындату, бұйыра уысынан шығармау, екінші адамды толық бақылауына алу. Кикілжің кей жағдайларда стреске соқтырады дедік. Ал балалар, стресс деген сөзді естігенде сендердің көз алдарыңа, ойларыңа не келеді?

Стрестік жағдайда болатын сезімдер: Қобалжу, қорқу, ауыру, ызалану, ашулану, әбігерге түсу, жек көру, уайымға салыну.

Стресс (ағылшынша stress – қысылу, қобалжу дегенді білдіреді) дегеніміз - жүйке жүйесінің зорығуы. Ашулану - адамның өзін меңгере алмауы / адреналиннің бөлінуі, оның әсері /, ерік тәрбиесінің кемістігі, ал ерік жігері күшті адам орынсыз ашушаңдыққа, ұшқалақтыққа бара бермейді. Ұстамды, мейірімді адам не істесе де ақылмен, ойланып істейді.

Адамдар арасында кикілжіңді болдырмау үшін, екі жақ та бірдей шешімге келуі тиіс. Мына жағдайда ашуды ақылға жеңдіріп, бір - біріне жылы сөз айтып келісімге келу - компромисс деп аталады.

Компромисс - бұл кикілжің туындаған сәтте, екі жақтың да кейбір өз ойларынан бас тартып ортақ бір шешімді қабылдауы. Келісім - бұл келешекте алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін адамның біріге күш қосуы.

Кикілжіңнің 5 стратегиялық жағдайын қарастырсақ:

Стратегияның аталуы

Сипаты

1

Кету  (жалтару)

Кикілжіңнен кету, кикілжіңнен шығуға ұмтылу, үндемеу.

2

Ыңғайлану, лайықтану

Мінез-құлқын қайта қарау, өз көзқарасын өзгерту, жеке мүддесінен бас тарту.

3

Басымдық жағдай (бәсекелестік)

Өз мүддесі үшін күресу, өз ұстанымын қорғау. Өз дұрыстығын дәлелдеуге тырысады. 

4

келісім; мәміле; ымыра

Кикілжіңді өзара жол беру арқылы шешу.

5

ынтымақтастық

Бірлесіп екі жақтың да мәмілесін қанағаттандыратын шешімін іздеу.

     Қарастырылған кикілжіңнің көптеген аяқталу түрлері:  ынтымақтастық, жалтару, келісім; мәміле; ымыра, ыңғайлану, лайықтану қай- қайсы болмасын қатысты адамдардың өзін сезінулеріне және көңіл-күйіне, сондай-ақ қарым-қатынас беріктігіне түрлі әсер етеді. 

- Сендердің ойларыңша, екі жақтың қарым-қатынасын сақтап қалу үшін қай аяқталу түрі мейлінше жемісті?

Аяқталу түрінің мейлінше қолайлысы «жуып-шаю және ымыраға келу». Жуып-шаю кикілжіңге қатысушы адамдардың екеуінің де теріс қобалжуларын басады, ал ымыраға келу тең құқылы ынтымақтастыққа ынталандырады, тұлғааралық қарым-қатынасты нығайтады.

Практикалық бөлім.

Жағдаяттар:

Кикілжіңнің әр аяқталу түрін бір жағдаят төңірегінде қарастырып көрейік:

Ойша елестетелік, таңертең сынып бөлмесіне сынып оқушылары келіп жиналу үстінде. Екі құрбы сыныпқа кіріп келе жатыр еді, сыныптастарының бірі оларды байқамай қағып кетті. Қыздардың бірі оған айғайлап ұрса бастады. Өзінің дауыс көтеруі орынсыз екенін түсініп тұрса да, айғайын доғарар емес. Сыныптасы қыз баланың қылығына не дерін білмей сасып қалып, ақыры жауап қайтаруға тырысады:

-  Кешірші, әрине, сенікі дұрыс (көңілін аулау, татуласу);

- «Бәрі өзіңнен» (кінәлау жауабы);

-  Сенің айғайлай жөнелетініңді сезген едім (айып-кінә);

-  Ләйла, Әмина апай саған бірінші сабақтан кейін кабинетіне келіп кетсінші деп еді (көңілін бұру);

- Егер қатты қағып кетсем, кешірші, ұрыспай-ақ қояйықшы (келісім, ымыра)

Осы жауаптардың кез-келгені кикілжіңді жағдайдың өрбуіне әр түрлі әсер ететіні талданады.

Рөлдік ойын

Ойын шарты: Сынып 4 командаға бөлінеді. Әр топ жағдаяттардың бірі жазылған өзіне тиісті карточканы алады. Сол жағдаятты ойнап көрсетулері тиіс. Көрсетілімдер аяқталғаннан соң сынып болып талқыланады. 

1 жағдаят:

Сіз автобуста келе жатырсыз, орта жастағы бір ер адам кіріп келіп, сіздің орын беру керек екеніңізді, қазіргі жастардың жаман тәрбиеленгенін айтып, айғайлай бастады. Сіздің әрекетіңіз?

2 жағдаят:

Сыныпта мұғалімге сыйлық әперу үшін ақша жинау жүріп жатыр. Сенің ақша тапсырғың келмейді. Сынып ұжымында кикілжің туындады, сыныптастарыңның бірі сені кінәлап, бетіңе айтып салды. Сіздің әрекетіңіз?

3 жағдаят:

Сыныптас бір қыз бала сені «топас» деп мазақтады. Осы жағдаятты қалай шешер едің?

4 жағдаят:

Мұғалім бақылау жұмысынан кейін қойылған бағаларды айтып жатыр. Сіздің парталас көршіңізге (сізден көшіріп жазған) сіздің бағаңыздан бір балл жоғары баға қойылыпты. Сіз ашу-ызаға булығып, дауласып жатырсыз, ал мұғалім одан сіздің көшіргеніңізді айтып қоймайды. Бірақ бұл олай емес ... Сіздің әрекетіңіз?

«Сиқырлы дүкен» ойыны.

Жүргізуші: «Сіздер кез-келген құндылықты сатып алуларыңызға болады (сүйіспеншілік, сурет салу қабілеті, сенімділік, көшбасшылық қасиет, достық, ерік күші және т.б.), бірақ бұл дүкен сиқырлы: құндылықтарды ақшаға емес, тек өзіңнің бір кемшілігіңді (жалқаулық, мазасыздық, өкпешілдік, өктемшілдік және т.б.) айырбасқа беріп қана сауда жасай аласың.

Бұл дүкенге кім кіргісі келеді?  

Қорытынды

«Мақтаны жасау үшін екі алақан керек» - деген қытайдың мәтелі бар. Бұл осы кикілжіңді қарым-қатынас мәселесіне тура келіп тұрған сияқты.

Бірақ кез-келген өзін сыйлай білетін заманауи адам кикілжіңнен ешқандай ауыр із қалдырмай дұрыс шығып қана қоймайды, сонымен бірге қажет болса, оны басқара да біледі.

Өзінің мықты және әлсіз жақтарын түсіну – бұл өзіндік бағалауын көтеруге әжептәуір көмегін тигізетін тиімді құрал. Адам өзінің әлсіз және мықты жақтарын түсіне алатын жағдайда болса, ол өзін тезірек іске жұмылдыра алады. Сондықтан да «Өздеріңнің мықты жақтарыңды жақсартыңдар және әлсіздерін дамытыңдар» - деген пайымдау тұлғаның өзін тиімді іске асыруы үшін басшылыққа алатын әрекет болып табылады. Бұл мәселенің қиындығы - көп адамдар өзінің әлсіз жағын көргісі келмейді.

Табысты болғыларыңыз келе ме?

Билл Гейтс – әлемдегі ең бай адамдардың бірі. Өте табысты кәсіпкер болғысы келетін адамдарға дәл сол Билл Гейтс қандай кеңестер береді:

1. «Кез-келген сәтсіздіктерің үшін ата-анаңа кінә артпа. Зарланба және өзіңнің сәтсіздіктеріңмен бәйек болма, одан да талдау жаса және солар арқылы үйрен!». Қателіктерің үшін ата-анаңды кінәлаудың орнына, оларды түзетумен шұғылдан. Мысалы, өзін-өзі бағалауды жоғарлату және өзін жақсы көруге үйрену.

2. «Егер сен мұғалімің тым талап қойғыш және қатал деп есептесең, - онда өзіңнің боссыңмен (болашақ бастығыңмен) танысуды шегере тұр. Мұғалімнің талабына қарағанда, адамның мансабы тек біліміне ғана емес, сондай-ақ сен өз міндеттеріңді қалай атқаратыныңа да байланысты».

3. «Мектеп бітіргеннен кейін саған бірден 40 мың төлеп бере қоймайды. Сен лайықты еңбек етпейінше қымбат қызмет автокөлігі және жеке жүргізушісі бар компанияның вице-президенті болып шыға келмейсің». Әр адам барлығына өзі жетуі керек! Осының бәрін мектеп жасынан бастаған дұрыс. (Жаңаны оқып-үйрену, кітаптарды көп оқу және т.б.)

4. «Бюргерлерді қуыру – сенің абыройыңнан еш төмен емес. Сенің ата-бабаң кез-келген жұмысты «жақсы мүмкіндік» деп есептеген. Еңбек тәрбиесі өмірдегі табыс үшін өте қажет, ал егер сен өміріңде қоқыс шелегін сыртқа шығарғаннан басқа ештеңе істеп көрмесең, қалай еңбектенуге үйренесің. Көптеген табысты кәсіпкерлер мектептегі жазғы демалыстарының өзінде  еңбек етуді бастаған (үйді жөндеуге көмектесу, бау-бақшада еңбек ету, кітап сөрелерін тәртіпке келтіру және т.б.).

5. «Шынайы өмірді теледидардан көрсеткен өмірмен шатастырма». Өкінішке орай, көптеген жеткіншектер компьютердің алдында отырғанды артық көреді және көп уақыттарын ойын-сауыққа, көңіл көтеруге жұмсайды. Алайда, табысты болу үшін Билл Гейтс сияқты сүйікті хоббиің (әуес ісің) болу керек. «Адам сүйікті ісімен шұғылданғанда ғана табысты бола алады».

6. ««Көзілдірікті оқымыстылармен» жақсы қарым-қатынаста бол, мүмкін солардың біреуі болашақта сенің бастығың болып шығуы ғажап емес». Мүмкін Билл Гейтс бұл пікірімен өзі туралы айтқысы келген шығар, өйткені ол өзі мектеп жасынан көзілдірік киген және мазақтамаларынан қиналған екен. Ең маңыздысы мектеп кезіндегі достармен жақсы қарым-қатынас сақтау керек, шынында да, осы өмірде достар бізге зор көмек береді және қол ұшын созады.             

«Менің саған тілейтінім ...» қорытынды жаттығуы.

Оқушыларға «Менің саған тілейтінім...» сөйлемін аяқтау ұсынылады. Психолог былай аяқтайды: «Менің барлығыңа тілерім, сендердің өмірлеріңде кикілжіңдер аз болсын, ал егер бола қалған жағдайда, осы балауыз шам сияқты өшіп қалсын».

Рефлексия

- Мықты жақтарың. Бұл не? Әлсіз жақтарың. Бұл не?

- Бүгін қандай кикілжің түрлерін білдіңдер?

- Кикілжің жағдайдың 5 қылық стратегиясын санамалап беріңдер?

  Сабақ соңында барлық қатысушылар бірлескен жұмыстары үшін бір-біріне алғыс білдіріп, қол шапалақтайды.

 

 

 

4 - сабақ

ӨЗ ЭМОЦИЯҢДЫ БАСҚАРА БІЛУ КЕРЕК ПЕ?

 

Мақсаты: Эмоциясын басқаруда өзіндік «Менінің» мүмкіндігі туралы түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету.

Міндеттер:

- өз эмоцияларын басқару қажеттілігін еркін таңдау ретінде тану үшін жағдай жасау;

- өз сезімдерін басқару тәсілдері туралы ақпаратқа сұранысты өзектілендіру;

- «Эмоциялық күнделік» тәсілімен таныстыру және өз эмоциялық жағдайын өзіндік талдау үшін қолдана білуге, эмоционалдық қолайсыздық жағдайында өз-өзіне көмектесуге үйрету.

Ұйымдастыру кезеңі

“Есімді көрсету” жаттығуы

Бір оқушы ортаға шығып өзінің есімін айтумен бірге өзіне тән қимыл немесе жест, поза түрін көрсетеді. Оны қалғандары қайталайды. Мысалы Айдос: «Сәлеметсіңдер ме, балалар!» - деп айтады да өзіне тән қимылын көрсетеді. Балалар: «Сәлем, Айдос!» - деп жауап қайтарып, қимылын қайталайды.

- Сендерге амандасу ұнады ма?

- Қандай сезімде болдыңдар? (қуаныш, ризашылық т.с.с.)

Ұсыныстар:

Өзіңді басқара біл.

1. Үнемі өз бойыңдағы «жасағым келеді», «қолымнан келеді» және «жасау керек» үйлесімділігін бақылай біл. Сіздердің қажеттіліктеріңіз, мүмкіндіктеріңіз және зәрушіліктеріңіз бірі-бірімен қарама-қайшылықта болуы мүмкін, бірақ сіздердің өмірлік іс-әрекеттеріңізге кедергі келтірмеуі керек.

2. Өзіңнің кім екеніңді және осы өмірде маған не қажет дегенді талдап алуға тырысыңыз. Өзіңдікі емес деген іске кіріспе. Бірдеңені орындай алмайтыныңды білсең, «жоқ» деп айтуға қорықпаңыз.

3. Сіздің шынайы «Меніңіз» сыртқы емес (кикілжіңді жағдайлар, достармен өзара қарым-қатынас), көбінесе ішкі үдерістерге тәуелді болуына жаныңызды салыңыз.

4. Өзіңмен үнемі жұмыс жаса, өз ерік-жігеріңді шынықтырып отыр.

5. Өзіңнің әлеуетіңді бағалауға, тұлғалық өсу мүмкіндігіңді тани білуге тырыс.

6. Біліп ал, әр адамның қор көзі әр түрлі болады, ол жеке дара болмысына, генетикалық жаратылысына тәуелді.

7. Жан-жақты «қаруланған» болуға тырыс (яғни жақсы білім, білік, дағды, мәдени мәнер)

8. Өзің үшін өмір сүруге көмектесетін ұстанымдар немесе әлемді қабылдау моделін таңдау және құру. Саналы түрде керек емес немесе кедергі келтіретіндерді мойындамау. 

 « Эмоциялық күнделік » тәсілі

Көп адамдар күнделік жүргізеді немесе жүргізуге тырысады. Бұл жеткіншектерге тән табиғи құбылыс. Одан басқа, көптеген тарихи және әдебиет шығармаларына сүйенсек, атақты адамдардың да кезінде күнделік жүргізгенін байқаймыз. Ендеше, неге бізге де бұған психологиялық әуен қоспасқа?

Үш түсті қарындаш таңдап алуымыз керек: оның біреуі нашар көңіл-күйді, екінші – жақсы, үшінші – орташа көңіл-күйді білдіретін түске сәйкес болғаны дұрыс. Алдын ала сезімдерді әртүрлі түспен қалай білдіруге болатыны жайлы талқылау жүреді («қуанғаннан беті қызарып...», «ашуланғаны соншалық, сұп-сұр болып кетті...», «бәрін күлгін қызыл көзілдірікпен (розовые очки)  көріп тұрғандай...»). Осыдан кейін «эмоциялық күнделікпен» жұмыс жасау тәртібі көрсетіледі:

Дәптерлерімен жеке жұмыстары:

Өткен күнге «Эмоциялық күнделіктерін» толтыру. (мысал)

Апта күндері:

 

Оқиғалар

 

Түс

(түстер сөзбен жазылған, балалар бояйды)

Өзгеру себебі

(егер олар болса)

Таңертең (оқиғалар көрсетіліп жазылады)

Ояндым

Тамақтандым

 

 

Сары

қызыл

 

Мектеп (сабақ кестесі)

Алгебра

Қазақ тілі

Ағылшын тілі

Музыка

Д/ш

 

көк

көк

сары

көк

қызыл

 

 

Кешке (оқиғалар көрсетіліп жазылады)

Қыдырдым

Үй тапсырмасын орындадым

Теледидар қарадым

Компьютерде ойнадым

Ұйқыға жаттым

 

қызыл

сары

көк

қызыл

қызыл

 

 

 

 

 

Баланың таңдаған түстерінің мысалы:

қызылжақсы көңіл-күй

көк – орташа көңіл-күй

сары – нашар көңіл-күй

Қарап отырсақ, жақсылап ойлансақ, әр күні де жақсы оқиғалар болады екен!

Қорытынды

- Сонымен балалар, не үшін өз эмоцияларымызды басқара білу керек?

Балалар өзін-өзі ұстай алмау, ашуға және қорқынышқа берілгіштік басқалармен қарым-қатынас құруға кедергі жасайды, өмірде табысқа жету үшін өзіне сенімді болу керек деген қорытындыға келеді.

- Біздің өмірімізде эмоция және сезімдер қандай рөл атқарады?

- Неліктен өзіңде эмоциялық мәдениетті тәрбиелеу керек?

Рефлексия

Сөйлемдерді аяқтау:

- Маған бүгін сабақта ...

- Мен сабақта өзімді ... сезіндім

«Көңіл-күй ағашы» жаттығуы

Оқытушы балалардан «Көңіл-күй ағашынан» өздерінің сабақ соңындағы көңіл-күйлерін білдіретін түстегі алманы алуларын сұрайды.

Қызыл алма – өте жақсы көңіл-күй.

Сары алма – жақсы көңіл-күй.

Жасыл алма – жабырқаулы көңіл-күй.

5 - сабақ

ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАЙ БІЛУ

                                                                 

Мақсаты: оқушылардың  коммуникативтік деңгейін арттыруға жағдай жасау.

Міндеттері:

- қарым-қатынас түрлері және тәсілдерімен таныстыру, тілді рәсімдеу талаптары;

- қарым-қатынас түрлерінің және тәсілдерінің мақсатқа сәйкестігін бағалауды білу,  карым-қатынас саласын анықтау, қарым-қатынас бойынша серіктестердің өзара әрекеті және әлеуметтік рөлі, басқа адамды түсіну және қабылдау, өз ойын білдіру, қарым-қатынастың этикалық, коммуникативтік тілдік қарым-қатынас  нормаларын сақтау;

- тәжірибелік дағдыларды меңгеруге жағдай жасау, коммуникативтік біліктілік деңгейін арттыру. 

Ұйымдастыру кезеңі

«Келіңдер, танысайық» жаттығуы. Жаттығу шеңбер бойында орындалады.  Әр адам өзінің есімін атайды. Бір қатысушы шеңбердің ортасына тұрып, әр адамның толық есімін атап,  допты лақтырады. Жаттығу бірнеше рет қайталанады.

Қарым-қатынастың бірінші құпиясы енгізіледі «Досынды есімімен ата, ол да сенімен солай қатынасады». 

Мұғалімнің сөзі :

Біздің өмір қарым-қатынасқа толы. Телефон, ғаламтор арқылы... ақпараттар алмасып қарым-қатынас жасаймыз. Жазбаша және ауызша. Сөз арқылы және сөзсіз. Әлдеқашан бізден кеткендермен, авторлармен және замандастармен (жазбаша мәтіндер арқылы) қарым-қатынаста боламыз. Бізбен бір уақытта барлық радиостанциялар және барлық теледидар каналдары арқылы байланысуға тырысады...  Біз бір–бірімізбен қарым-қатынастамыз... Біздің өміріміз қарым-қатынассыз мүмкін емес.

Сол себептен, біздің қоғамдық, кәсіби және жеке өмірімізде қарым-қатынас рөлі - зор.  Қарым-қатынас адам қызметінің барлық саласын безендіреді, сондықтан көптеген ғылымда зерттеледі, әр ғалым қарым-қатынас феноменіне өз қөзқарасымен жүгінеді. 

Қарым-қатынас – бұл сөз түрінде (сөздік және сөзсіз құраушысында) өтетін және процессуалды жайылатын  нақты қызмет. 

Қарым-қатынас  - қызмет.

– Бүгін біз қарым-қатынастың түрлері, құралдары және әдістері туралы әңгімелесеміз. Кестеге жүгінеміз. Кестені толтыра отырып, әр түріне жеке тоқталамыз.

1. Вербальді – вербальді емес

Вербальді және вербальді емес бір-бірімен бірге жүреді, себебі вербальді қарым-қатынас – бұл сөз арқылы қарым-қатынас, яғни бір ұлттық тілде. 

Вербальді емес қарым-қатынас –  бұл сөзсіз қарым-қатынас, ауызша тілдесуде белгі жүйесі қолданылады – дауыс ырғағы, ымдау, дене қимыл үйлеседі, ал жазбаша түрінде – мәтіннің орналасуы, шрифт, сызба, кесте, графиктер.  

2. Ақпараттық – ақпараттық емес

Ақпараттық қарым-қатынас үшін негізгі мақсат ақпаратпен байланысты. Осы қарым –қатынас барысында нақты жолданушы үшін жаңа бір нәрсе тыңдалады (оқылады), хабарланады. 

Ақпараттық емес қарым-қатынас ақпаратты қабылдау немесе біреуге жіберуге мақсатталмайды, керісінше әңгімелесушімен тілдік байланысты қолдауға және белгілеуге,    байланысты реттеуге, қарым-қатынастағы қажеттілікті қанағаттандыру мақсатталады:  сөйлеуге, бәрін айтуға және түсінушілікке тап болуға – осы қарым-қатынастың негізгі мақсаты. 

3. Монолог – диалог

Сөйлеуші адамдар саны бойынша ауызша сөйлеу екі түрге бөлінеді- монолог және диалог. Тұрақты/ауыспалы коммуникативтік рөлі бойынша бөлінетін қарым-қатынастың екі түрі монолог және диалог деп аталады – мен- сөлеуші және сен- сөйлеуші. 

Диалог (греч. dia – арқылы және logos – сөз, сөйлеу) – екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдесуі,  монолог (греч. monos – дара және logos – сөз, сөйлеу) – басқа адамдармен әңгімелесуді болжамайтын, бір адамның сөзі.

Монологты сипаттайтын белгілер:

1) үздіксіздік (сөйлегенде бір сөйлеммен шектелмей, белгілі көлемдегі сөйлемнен асыра бірлік);

2) сөздің жүйелілігі, ойға қонымдылығы;

3) салыстырмалы мағыналы толықтығы;

4) пікірдің коммуникативтік бағыты;

5) тақырыптығы  (бір тақырыптың толықтығы); 

6) синтактикалық күрделілігі.

4. Қарым-қатынастық - дистанттық.

Бұл қарым-қатынас түрлері кеңістіктегі және уақыттағы коммуниканттар жағдайын бір-біріне біркелкі қамтып көрсетеді, байланыстық қарым-қатынаста өзара әрекет бір уақытта болады, партнерлер бір-бірінің жанында болады, бір-бірін естиді және көріп тұрады, сол себептен байланыстық қарым-қатынас үнемі –ауысша болады. Сондықтан, бұл тек сөз арқылы емес, сөзсіз де қатынасуға мүмкіндік береді.

Дистанттық қарым-қатынас партнерлер бір-бірінен кеңістік және уақыт арқылы бөлінгенде болады.  Мысалы, кітап оқу, авторды оқырманнан бірінші де екінші де бөлгенін болжайды. Кейде қарым-қатынасқа қатысушылар осы жағдайдың бір компонентімен бөлінеді: мысалы, кеңістікпен (олар телефон арқылы сөлеседі немесе Ғаламтор арқылы диалог жүргізеді) немесе уақытпен (аудиторияда хатпен айырбас жүреді). 

5. Ауызша – жазбаша

Ауызша және жазбаша қарым-қатынастың ерекшелігі екі негізгі себептер тобымен анықталады:

1. Ауызша және жазбаша қарым-қатынас жағдайының ерекшелігімен.

2. Сөйлеу түрімен анықталатын ерекшелігімен.

Ауызша қарым-қатынасты талап ететін жағдайлар, қарым-қатынаста қатысушылар арасында жеке байланыс болуы мүмкін: бір уақытта көру (көзбен шолу) және акустикалық (есту). 

Сөйлеу түрін таңдау таратылатын ақпарат көлемі және маңыздылығымен анықталады, нақты:  ауызша сөз бір рет айтылса («Айтылған сөз атылған оқ»), ал жазбаша мәтін қайта-қайта оқуға бағытталады, себебі маңызды және күрделі ақпаратты немесе көлемі үлкен ақпаратты дәлме-дәл түсіну үшін жазбаша түрде, жеңіл ақпаратты қабылдау үшін – ауызша болғаны дұрыс.

Сұрақты шешу үшін сөйлеудің қай түрін дұрыс деп есептеуді білу қажет: бұл сөз кімге арналғанын, қандай жағдайда ол дұрыс қабылданатынын. Сонымен қатар,ескеру қажет:

– берілген мағынаның маңыздылығын білдіру үшін тілден жасалған және тілден жасалмаған құралдарды іріктегенде ауызша сөз өзінің даралығы және жиі суырып салып айтылуымен шектелген, ал жазбаша түрі ойды толық және аяқталғандығын жобалайды; 

– ауызша сөз сөйлеу барысында құралады, белгіленбеген мәтін өзгертулер және толықтау үшін орын қалдырады, «мен бұны айтқым келген жоқ!» деуі мүмкін, ал жазбаша сөз өңделген нақты мәтінді талап етеді;

– ауызша сөзде көптеген қайталаулар және жалпылаулар болады, жазбаша түрінде олар аз болуы немесе мүлде болмауы мүмкін. Бұл ерекшіліктің барлығы сөйлеу жанрының қарым-қатынас мақсатында лайықтысын таңдауды анықтайды.
 6. Көпшілік – бұқаралық

Көпшілік қарым-қатынас (ғимарат ішінде аудиторияда, жиналыста және т.б.) монолог түрінде өтеді. Бұл жағдайда адамдар маңызды бір мақсатқа жету үшін жиналғандықтан, қарым-қатынас құрылымдауды қажет етеді. Құрылымсыз  ұйымдастырылудан  қарым-қатынас өз мақсатына жетпейді.   Көпшілік қарым-қатынас барысында сөз үшін жоғары деңгейдегі жауапкершілік пайда болады және басты талаптардың бірі мақсаттылығы мен мағыналығы. 

Бұл ауызша сөйлеуде де болуы мүмкін – стадиондағы концертте, съезде, өкілдік митингте сөз сөйлеу және т.б., бірақ бұл қарым-қатынастың түрі газет, теледидарға сәйкес келеді. Нақты айтқанда бұл қарым-қатынас емес байланыс болады.  Сондықтан,  бұқаралық коммуникация құралдары деп аталатын лайықты құрал бар. Жаппай коммуникация барысында жолданушы нақты келбетін жоғалтады, ол сөйлеп тұрған адамның елесінде жалпыланған түрде болады.  

7. Ресми – бейресми (жеке)

Ресми (лауазымдық) қарым-қатынас – барлық ережелер және формальділікті сақтап, қатаң іскерлік жағдайдағы әрекеттестік. Жеке қарым-қатынас – бұл қатаң ресми сөйлеу рөлдері және іскерлік жағдаймен шектелмеген өзара қатынас: белгіленген қарым-қатынас саласы, өзара-қатынасы бойынша партнерлер арасындағы өзара қатынас және әлеуметтік рөлі бар, сөйлеу әрекеттесу жалпы заңына бағынады және еркін өтеді.    

 1 - тапсырма

Оқушылар 7 топқа бөлінеді. Әр топ қарым-қатынасты түрлерге және  формаларға бөледі.  5 минут ішінде әр топ өзінің негізгі белгісін тарту етеді.  

Қарым-қатынастың түрлері мен формалары

                       Негізгі белгілері

1.Вербальді  –

вербальді емес

Ауызша қарым-қатынас;
сөзсіз: мимика, ым, дауыс ырғағы,мәтін, әріп, кесте,белгілер

2.Ақпараттық – ақпараттық емес.

Тыңдарман үшін жаңа бір нәрсе;
сөйлеу байланысты қолдау

3. Монолог –диалог

Бір адамның сөзі;
бір немесе бірнеше адам арасындағы қарым-қатынас

4.Қарым-қатынастық

дистанттық

Уақыт және кеңістіктегі бір мезгілдегі әрекеттестік (ауызша);
қарым-қатынас партнерлері уақыт және кеңістікпен бөлінген (ауызша және жазбаша)

5. Ауызша

жазбаша

Бір қайтара сөйлеу;
көп қайталануға бағытталған

6. Көпшілік – жаппай

Әдетінше монолог түрінде өтеді, әрдайым құрылымдалған;
қарым-қатынас емес коммуникация, жолданушы нақты келбетін жоғалтады

7. Ресмибейресми (жеке).

Барлық ережелер мен формальдылықты қатаң сақтаған жағдайдағы әрекеттестік;
іскерлікпен шектелмеген, еркін өтеді

 2 - тапсырма.

Дәптерлерде «Сұрай-сұрай Меккеге де жетерсің» деген мәтел жасырылған, тапсырмада сурет бар.  Балаларға мәтелді оқуға ұсынылады.

Балалар тапсырманы орындағаннан кейін сұрақтар бойынша жаппай әңгіме өткізіледі:

- Неге солай айтады?

- Адамдар сөздерді қолданбай-ақ қалай қарым-қаиынасқа түсе алады?

 

Рефлексия

-                Қарым-қатынас дегеніміз не?

-                Қандай қарым-қатынас түрлерін білесіңдер?

-                Қарым-қатынаста нені ескеру қажет?

 

 

 

 

6 - сабақ

МЕНІҢ ӨМІРІМДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС


       Мақсаты: қарым-қатынас түсінігін кеңейту. Адам өміріндегі қарым-қатынастың рөлін көрсету.

Міндеті:
        - қарым-қатынас позициясы туралы ұғымды ашу;

        - адамның жетістіктерінің, оның көңіл күйінің тәуелділігін, орнатылған адамның жүріс-тұрысы мен қоғамдағы қарым қатынасты сақтау барысында көрсету;

         - Ата-ана, таныс, көрші, дос, ересек позициясына сәйкес келетін қарым-қатынас жағдайын үлгілеп жасау.


     Ұйымдастыру кезеңі

 « ... ретінде сәлемдес» жаттығуы

Оқушыларға жұптарға бөлінуге ұсынылады, бір-біріне қарама қарсы екі топқа тұру, кейін  оларға келесі хабарланады: тапсырма ала отырып, сендер бір-бірімен амандасасындар, кейін белгі бойынша жұптар ауысады:

- ескі достар ретінде амандасу;

- екеулеріне үлкен сапар күтілуде сияқты;

- дипломат сияқты.

         Ақпараттық бөлім

Кез келген адам – әр түрлі адаммен әр түрлі қарым-қатынаста болатына түсінікті.  Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның қарым-қатынаста болу тілегіне байланысты. 

Сонымен, қарым-қатынас – қоршаған әлеммен және бір-бірімен қатынасты орнатуға қажетті –  адам қызметінің ерекше түрі. 

Қарым –қатынаста болу тілегі – бұл адамның қарым-қатынасқа қажеттілігі.

Бұл қажеттілік барлығында бар, бірақ әр біреуде өзінше.

Сен байқаған шығарсын, бір адамдар үнемі қарым-қатынаста болғысы келеді, басқа адамдармен азғана қарым-қатынас жетеді. Кей адамдарды көпшіл дейді, ал кей адамдарды – араласпайтын адам дейді. 

Қарым-қатынаста болу тілегі не себепке байланысты? 

Ең алдымен, басқа адамдармен қарым-қатынаста болу тілегі бұрынғы қарым-қатынас тәжірибесіне байланысты. Бұрынғы қарым-қатынас тәжірибесі қарым-қатынас тілегін күшейтеді, азайтуы да мүмкін. Егер жасөспірімнің басқа балалармен қарым-қатынасы ойдағыдай болса, оның олармен қарым-қатынасы өседі. Бірақ, жасөспірімді досы сатып кетсе, басқа адамдармен қарым-қатынаста болу және оларға сену тілегі азаяды. 

          «Бәріне, бәріне айтамыз» жаттығуы.

         Оқушыларға барлығы бірге жақсы көретін пәнді атуға ұсынылады.  

          Психолог: Басқа оқушылардың жақсы көретін пәнін атандар.

(Қарым-қатынастың бірінші заңы – бір-бірін естуге және тыңдау икемділігі).

         «Иә- жоқ» (жұппен жұмыс) жаттығуы.

Оқушыларға бір пікірді («иә» немесе «жоқ») таңдау және оларды кезекпен айту ұсынылады, алдымен жай, әр белгі сайын қаттырақ. 

(Қарым-қатынастың екінші заңы – ымыра табу икемділігі.)

 «Жұдырықты жазу» (жұппен жұмыс) жаттығуы.

Оқушыларға кез-келген мүмкіндікті пайдаланып, бірақ ауыртпай, жұппен жұмыс істейтін досының жұдырығын жазу ұсынылады. 

(Қарым-қатынастың үшінші заңы – басқа адамды дәлелдермен сендіру икемділігі).

 «Маған көмек қажет...» ойыны

Ойын мақсаты жеке мінез-құлық үлгісін сезімінде жаттықтыру, көшбасшы тәжірибесінде қарым-қатынастың диалог стиль дағдыларын бекіту, оның эмфатикалық мүмкіндіктерін дамыту, әңгімелесушіні «көшіруге» жаттығу.

Топ 3-5 оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді.

Тақтада немесе карточкаларда рөлдер жазылды:

- дос

- ересектер

- көрші

- алыс таныс

- ата-аналар

Жүргізуші түрлі жағдайларда бір ақпарат  әр түрлі адамдарға ауысып, пікір түріне байланысты қолданылатыны туралы әр топтан ойлануды сұрайды.

Орынды мінез-құлық деп атауға болатын біз қаншалықты табыстымыз – сол жағдайға сәйкес реакциялармен, біз табылған орынмен, біз қарым-қатынаста болған адамдармен? 

– Маған көмек қажет! – сендер әр түрлі адамдарға жүгінесіндер және жауап аласындар...

Тақтада, карточкада атап айтылған адамдардың әр қайсысы, сіздің өтінішіңізге қалай жауап қайтаруы мүмкіндігін тексерейікші. Жұмысты келесі түрде құрастырайық:

– өзіне белгілеп қай әр топта, қызметтің қай түрі туралы айтылады, сіз қандай көмекке мұқтажсыз;

– әрқайсысы біздің тізімде белгіленген, әр кейіпкермен диалог-көрініс қалай ұласуын өзі көруге тырысады (қажетті белгілерді қоюға болады);

– келесі кезең топта  барлық кейіпкермен диалогтың барлық нұсқасы орындалуынан тұрады. Топтың әр қатысушысы досына жағдайдың өз көзқарасын ұсынып  және партнермен көріністің өз нұсқасын ойнап көрсетуге,  импровизацияланған диалог-көріністе қатысуы мүмкін;

– соңғы кезең – талқылау. Тиімді және жақсы жасау үшін, әр топқа жетекші сұрақтары бар парақ таратамыз:

1.       Сізбен алдын ала дайындалған нұсқалар, жағдайдың дамуы қалай болу мүмкіндігі топтың жалпы түсінігіне келеді?

2.       Сіз өзіңіздің ұсыныстарыңызды, команданың басқа қатысушыларының пікірімен таңысқаннан кейін үйлесімді деп санайсыз ба?

3.       Сіз өзіңіздің сюжеттің даму нұсқасын достарыңыздың ұсынған нұсқаларына қарағанда тым келісімшіл, тым агрессивті, тым бейтарапты, тым мәдениетті деп санайсыз ба?

4.       Сіз таңдаған реакция әдісі нақты жағдайдағы сіздің мінез-құлық стиліңіз туралы айта ма?

5.       Топтағы достарыңыздың ұсыныстары мен реакциясы Сізге қабылданбайтын деп көрінді ме?

6.       Не күтпегендік болды?

7.       Сіз немен сөзсіз келіссесіз?

Ойын  рефлексиясы.            

Барлық топтарды форумға қосылуға шақырыңыз. Қатысушыларға өз беттерімен анықтауға жаттығулар ұсынылады, жаттығуларды өткізу барысында олар үшін не негізгі болды, оның пайдасы мен оқу шамасы. Жалпы форум алдындағы пікірлерді көтермелейміз. Сөз сөйлегенлерге қорытынды шығарамыз.  

Ақпараттық бөлімі.

Жақсы қарым-қатынаста болуға үйрену қажет – оны дене бұлшық еттерін жаттықтыру сияқты, жаттығуларды орындау жолдарын жаттықтыру арқылы жүзеге асыруға болады. Басым көпшілік адамдар мұны үйренеді және бұл қарым-қатынас үрдісінде жасаған дұрыс.  

Рефлексия

Оқушылар дәптерлеріне өз алақанын қаламмен айналдырып шығып, келесі сұрақтарға жауап берулері қажет, жауаптарды әр салынған саусаққа жазуы керек:

- сен сабақтан қандай көңіл- күйде кетесін?

- сабақта не ұнады?

- сабақта не ұнаған жоқ?

- қиындықтар тудырған сұрақтар болды ма?

- сен өзін үшін қандай жаңалық білдің?

 

 

 

7 - сабақ

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Мақсаты: оқушыларды қоғамдық өмірдегі нормалар және тәртіппен таныстыру.

Міндеттері:

- адамда қоғамдағы адамгершілік және моральдік тәртіп ұғымын қалыптастыру;

- балаларда адамдағы жақсы қасиеттерді және қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеу. 

Ұйымдастыру кезеңі

- Біздің барлығымызда оқу жылы қандай болады деген белгілі түсінік және болжам бар. Барлығымыз бірге бізді бесінші сыныпта не күтіп тұрғанын елестейік? Қандай мәселелер және қиындықтар болуы мүмкін және оларды қалай жеңуге болады. Біз сендер бүгінгі кездесудің белсенді қатысушылары болады деп күтеміз!

- Балалар, сендер дәптерлеріңнен не көріп тұрсындар? (жол, машиналар)

- Көлікті кім жүргізіп келеді? (көлікті жүргізуші жүргізіп келеді).

- Автокөлікке отырар алдында жүргізуші не білуі қажет? (жолда жүрі ережесін)

- Дәптерлерінде кімді көріп тұрсындар? (мен адамдарды көріп тұрмын).

- Басқа адамдардың арасында, барлық адамдарға не білуі қажет? Қоғамдық тәртіпті бұзбау үшін нені білу қажет… (мінез-құлық тіртібін.) 
         Ақпараттық бөлім

Тақырып атауын хабарлау. «Кез-келген жол бірінші қадамнан басталады, ғимарат – іргетастан, адам қоғамда қалыптасады». 

Бұл сөйлемде бірде жолды қадам жасамай өтуге болмайды делінген, еңбек және күшсіз ғимарат салуға болмайды, сондай-ақ адам да – нағыз адам болу үшін – адамдар арасында, қоғамда өмір сүруге үйренуі қажет. 

Бүгін біз адамдардың қоғамдағы мінез-құлық нормалары және тәртібімен танысамыз, қарым-қатынастың алтын ережесін білеміз. Себебі, бұл ережені білген әр адам, жеңіл қарым-қатынаста және адамдарға керек  бола алады. 

-Балалар, қоғам деген не? (Сендер мен біз де қоғамбыз, бізді осы сабақ біріктірді).

- Сендер сабақта өздерінді қалай ұстауларын керек? (жақсы, тәртіпті бұзбай).

Қоғамда тәртіп сақтау үшін адамдардың жүріс-тұрыс ережесі бар.

Бүл ереже жүріс-тұрыс нормасы деп аталады. 

Жұмыс парақтарына жазындар.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас ережесі көп, олардың барлығы адамдардың қоғамдағы өмірін реттеуге, бағыттауға, кеңес беруге болады. Бұл ережелер моральдық деп аталады.

Мораль – бұл адамдардың қоғамдағы қарым-қатынасын реттейтін ереже. Жұмыс парақтарына жазып алындар.

 Моральдың ерекшелігі, ол адамдардың басқа адамға жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділсіздік көзқарасы арқылы қарым-қатынасын реттейді.  

Адамдардың ұзақ тарихы ішінде моральдық нормалар жүйесі құрастырылды. Бірақ, арасында ғасырлар бойы өзгермейтіндері де бар.

Адамдар әрқашан арамдықты, сатқындықты, мейірімсіздікті, ұрлықты, өтірікті, өсекті кінәраттаған. 

Дәйексөз: «Мейірімділікті, ерлікті, әділдікті, сыпайылықты - бағалағын»

Ұрпақтан ұрпаққа берілетін, моральдың барлық ережелері адамдарға қажет (әкеден ұлына, анадан қызына).

Өмір сүру үшін бейбітшілік пен тәртіп қажет.

Еңбектену, үйің, отбасың, балаларың болуы керек.

-Сендер қалай ойлайсындар ұрпақтан ұрпаққа тағы қандай ережелер беріледі?

Достаса білу, үлкендерді сыйлау, әлсіздерді қорғау.

Жақсы әрекеттерден басқа адамдарда тағы қандай  әрекеттер болады, айтындаршы? (Жаман әрекеттер)

-Жаман әрекеттерді айтындар (ұрлық, өтірік, қатыгездік,зорлық).

Физминутка.
        -көз үшін  физминутка.

- Сенсорлық.Көк карточкалар (жаман әрекеттер), қызыл (жақсы әрекеттер).
        - Қозғалтқыш. (мен адамдардың әр түрлі қасиеттерін атап беремін, егер жақсы қасиетті естісендер –шапалақ соғындар,егер жаманды естісендер аяқтарымен жерді соғындар):ықылас; менмендік, құрметтеу; немқұрайлық; зерделілік, сарандық;арамдық, қайырымдылық.

Жағдаймен жұмыс.

- Балалар, адамдар қоғамдағы қандай әрекетті жақсы, ал қандай жаман екенін қайдан біледі, ойланып көрейікші?

Ежелден бері адамдар  жақсылық және жамандық туралы халық ертегілерінен, мақал-мәтелдерден естіп білген.

        «Сөзді толықтыр» жаттығуы.

Кім жақсылық жасамаса, сол адамға жамандық төніп тұрады!
        Балалар көрдіндер ме біздің халық ежелден бері жақсы әрекеттерді бағалаған, жамандарды кінәраттаған.

    
Біз адамдардың әр түрлі әрекеттері  туралы білдік.  Адамдардың қоғамдағы қарым-қатынастағы ең басты ережесін қазір білеміз.

Қарым-қатынастың практикалық психологиясының кейбір ережелері

1.       Әңгіме барысында, әңгімелесушіге ілессеңіз, сонда сіздің оған деген әсеріңіз салмақты болады. Егер сіз барынша сіздің әңгімелесушіңізге ұқсасаңыз – түріңізбен, ойыңызбен, сөйлеу мінезіңізбен- ол сізге ұқсауға бейімді болады, сізге өзіне сенгендей сенуді бастайды.

Сүйкімді әңгімелесуші үнемі адамгершілік келбетін сақтайды.  «Адам мінезі туралы келесіден жорамалдауға болады, оған пайдасы жоқ адаммен, оған есесін қайтара алмайтын адаммен өзін ұстауына қарап» (афоризм). Сол себептен, егер адам өзімен әңгімелесіп тұрған, тек табысы тәуелді бастықпен ғана немесе клиентімен ғана емес,  адамдардың барлығымен адамша қарым-қатынаста болса, ол сүйкімді әңгімелесушіге қажетті нышандарға ие екен. 

2.   Қарым-қатынас барысында сен «негатив» сөз тіркестерін қолданбаңыз. Егер әңгімелесушіге (немесе аудиторияға): «сенікі дұрыс емес» немесе «сіз мені нашар тыңдадыңыз» десеңіз, біз жақсы тыңдаушыдан айырыламыз, себебі оның ішінде жамандықты және өкпені тудырамыз. Сүйкімді әңгімелесушіге осы сөз тіркестері оның алдындағы сөздеріне жағымсыз жауапты шақырады және сөзбен әсерін тигізу мүмкіндіктеріне сәтсіздік әкелетінін түсінеді. Сондықтан, сөйлеу мақсатына жеткіміз келсе, «ешқашан келесіні айтуға болмайды»: «сіз мені түсінген жоқсыз». Оның орнына: «сен өз ойынды дұрыс айтпадын». «Сен менің сенімімді ақтамадын» орнына «мен уақытымды кетірдім және осылай болғанына ренжідім». Өзіңізге жауапкершілік алуға қорықпаңыз, бұл ұятты емес.

3.                     Әңгімелесуші немесе аудиториямен жақындасу үшін «мен-сіз» орнына «біз» деген сөзді қолданғаныңыз пайдалы болады. Егер  көпшілік арасында сөйлеуші адам: «сендер бұны әлі білмейсіндер, мен оны кешірек айтып беремін» десе ол өзін аудиторияға қарама-қарсы салыстырғаны болады. Өзің қарама-қарсы салыстырса, тыңдаушыларда бірге қызмет істеуге емес қарсы шығып сөйлеу тілегі туындайды. Сол ойды «біз» сөзі арқылы білдіріңіз: «бұл туралы біз кейін сөйлесеміз». «Біз» есімдігі сөйлеушіні аудиториямен жақындатады, ал «сіз» («сен») өзіне қарама-қарсы салыстырғаны болады (сендер сондасындар ал мен мындамын). Сондықтан, «сіз бұл сұраққа қалай жауап бересіз?» (немесе «біз ол сұраққа қалай жауап береміз?») дегенше, «сіздердің барлығыңыз кате жібермейсіздер», «біз барлығымыз қателесеміз» деңіз.

4.                     Егер әңгімелесуші сізбен қалжыңдасса (жұмсақ немесе онша емес), «болды мені кемсітпеңіз!» деп айтпаңыз. Бұл сіз өзіңіздің әлсіздігіңізді білдіргеніңіз, себебі әлсізді кемісітуге ғана болады. Күшті бол – онымен бірге күл немесе «мен қалжындайтын адамдарды бағалаймын және әдептілікті де» деп жауап беріңіз.

5.    Жақсы сыныпта ешкім ешкімге күш салмайды. Сондықтан, жақсы сыныпта барлығы риза болады. Жақсы сыныпта бір-біріне наразылық болмайды, себебі онда адамдар бір-бірінің ерлігін, құқығын, қызығушылығын құрметтейді.   Сондай-ақ, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы жақсыны да жаманды да жақсы түсінеді. Жалпы айтқанда, жақсы сыныпта қарым-қатынас психология ережесі сақталады. Бұндай жағдай сирек кездеседі.

           Тапсырма.

           Алты топқа бөлінеміз. Әр топқа практикалық психология ережесін таратамыз.  5 минут ішінде әр топ өз жұмысын көрсетеді.  

Көбімізге қарапайым қарым-қатынас психология ережесі мәлім, бірақ біз олар туралы  ұмытпаймыз. Ереженің анықтамасын білетін емес, ережені қолданған адам біледі. Оларды есте сақтандар және қолданындар.

 

Рефлексия
-мінез-құлық нормалары деген не?
(Жұмыс парағынан жауапты тауып, оқындар)
-
мораль деген не?

-Егер адам жаман бір нәрсе жасаса, қоғамда оған қандай көзқарас қалыптасады?

 

 

8 - сабақ

ҰЖЫМДАҒЫ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

 

Мақсаты: ұжым үшін маңызды қарым-қатынас сапасын қалыптастыруға ықпал ету.

Міндеттері:

- жақсы жеке тұлға аралық қарым-қатынасқа (формалды және формалды емес ұйымдардың ұжымдағы байланыс ерекшілігі және олардың арасындағы байланысы),  ұжымда демократиялық деңгейге, ұжымның психологиялық үйлесімділігінің қолайлы деңгейіне жету;

- ұжымның бірігуін дамыту және балалардың өзін-өзі бағалауын арттыру.

Ұйымдастыру кезеңі

«Ешкім білмейді күйге келтіру жаттығуы

Сөйлемді жалғастыру – “Ешкім не екенін білмейді………………….”

Қорытындылай келе, біреулер осы жаттығуды орындауға ойланып, біреулер әзілдеп қарады, бірақ нәтижесінде біз бір-біріміз туралы көп нәрсе білдік.

Жұмыстың келесі кезеңінің міндеті – қатысушыларды сабақтың үндестілігіне келтіру, тақырыпқа құндылықты қатынас жағдайын туғызу, әр қатысушының даралығы және тұлғаның ерекшілігі туралы әңгімелеу.

 «Бату» жаттығуы.

Кімнің көңіл күйі қазір жақсы - қолдарынды көтеріндер, енді кімнің көңіл күйі жаман - қолдарынды көтеріндер. Біз қазір не істейтіңімізді білетіндер, қолдарынды көтеріндер. 

Сабақтағы тәртіп ережесі:

- айқайламау;

-досын сөйлеген кезде сөзін бұзбау;

- белсенді болу, барлығы бірге жасасын.

Алдымен астарлы әңгімені еске түсірейік: Бір ауылда үлкен отбасының үй иесі жан тапсырып жатты.  Сонда әкесі ұлдарына сыпырғыш әкелуді бұйырыпты.
–    Ал, енді сыпырғышты сындырыңдар

Қанша тырысқанымен, балалары сындыра алмапты. Сонда әкесі сыпырғыштың түйінін шешіп, бір-бірден сындыруды бұйырады. Балалары тез сындырады. Сонда әкесі:

–    Сендер де сыпырғыш сияқтысыңдар. Егер ауыздарың бір болса, сендерді ешкім жеңе алмайды, ал егер үнемі ұрысып, әркім өз бетінше жұмыс жасайтын болса, сендерді кез-келген адам ренжітетін болады.

«Сап» жаттығуы.  

Сендер тез және жеңіл бойларына лайық сапқа тұрындар. Мен сендерді шаштарының түстері бойынша сапқа тұруды сұраймын: ақшыл шаштан қарақоңырға дейін.  Әліпби бойынша аттарының бірінші әріпі бойынша, бірақ үнсіз,  сапқа тұрындар. (Нұсқалар – көзінің түсі бойынша, туған күні бойынша және т.б.).

Ақпарат

- Ұжымның бірлігі деген не, кім біледі?Ал достық байланыс деген не?

- Сендердің сыныптарында бірыңғай мақсаттар мен себептер бар ма?

Ұжымның бірлігі  –  ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін ашатын, құндылық бағытының бірлігі, ортақ қызмет аясында қызмет себебі мен мақсатының бірлігі – бұл ұғым.  Жұмыс және аяқталуы барысында серіктестік байланыс, ынтымақтастық пен өзара көмек әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастырады.    

Ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалға әсер ететін фактор әр мүшенің психологиялық және дара ерекшелікпен шартталған. Адамның дара ерекшеліктерін аралық әсермен қарау арқылы өндірістік және өндірістік емес айырмашылықтардың барлық әсері бүгіледі

Сол себептен ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын қалыптастыру үшін мүшелердің психологиялық қасиет емес, сол қасиеттердің өзара үйлесуі маңызды. 

- Қарым-қатынас үшін маңызды қандай қасиеттерді Сіз білесіз?

- Не себептен бір адамдар жеңіл тіл табысса, басқаларының қолынан келмейді?

Сәтті қарым-қатынас үшін адам арнайы қасиеттер мен икемділікке ие болуы керек. Кейбір адамдарда ондай қасиет басынан болады, ал басқалар тырысып үйренуі мүмкін. Бұл қасиеттер келесідей:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тапсырма

10 топқа бөліну. 5 минуттан соң әр топқа қарым-қатынас үшін маңызды қасиеттер берілсін. (диалог, ойын, ым, әңгілмелеу, мысалдар суреттер түрінде болады).

1) сезу және өзінің тілектестік қарым-қатынасын, құрметін, басқа адамдарға ұнатқанын, олардың әрекеттерін ұнатпасан да, оларға қолдауды көрсетуді білдіру қабілеттілігі (ақ пейілдік);

2) басқа адамның орнына өзін қоя білу, оның көзімен әлемге қарау, әрекеттерді оның көзқарасымен қабылдау, өзін оның көзімен көру икемділігі (эмпатия);

3) қарым-қатынаста шын болу, бетперде немесе рөлдердің артына жасырынбау, «өзін ақылды етіп көрсетпеу», басқа адам етіп өзін көрсетуге тырыспай, өз өзімен болу білу (түпнұсқалылық);

4) өзінің нақты күйзелісі, пікірі, әрекеттері туралы айта білу, әңгімелесуші үшін зергітетін, ұзақ,  түсініксіз және көп мағыналы жалпы пікірден бас тарту (нақтылық);

5) басқалар тарапынан бастаманы күтпей өзі қатынасты орнату қабілеті, «алға жүру және басқаларға жетекшілік ету», қарым-қатынаста белсенділік танытуға икемділік (жігерлілік);

6)  төтесінен айту және әрекет ету икемділігі, мәселелерге, адамдарға, өзінің көзқарысын жасырмай және үндемей қалмай өз қарым-қатынасын ашық көрсету (өзінділік);

7) адалдық, басқаларға өз ішкі дүниесін ашу және айналасындағылармен берік және пайдалы қарым-қатынас орнатуға ашық себептесуге дайындық; адамдарға оның құпиясы қызық емес, адам өзі қызық, сондықтан басқа адамдарға өзі туралы барлығын айтып салу теріс ынтаны ашықтықтан ажырату білу (ашықтық);

8)  эмоцияларды білдіру және басқа адамдар тарапынан білдірген эмоцияларды қабылдауды білу, өзінің және басқа адамдардың сезімімен қақтығысқан жағдайда қорқыныштың болмауы, өте ауыр немесе күшті өзінің немесе басқа адамдардың күйзелісін көрсетуге қорықпау және қымсынуға қажеті жоқ – себебі адам үшін болып жатқан жағдайға түрлі эмоциялық сезімін білдіру орынды, тек таста сезім жоқ (жағымды сезім);

9) қайшылық немесе шиеленіс жағдай туған кезде – жағдайдың шиеленісуіне жол бермей, басқа адаммен «көзбе көз» сөйлесу, келіспеушіліктің көзін анықтау, келісімді табу  икемділігі; бір келісімге келу үшін, достық емес тым болмаса ашық және жайлы қарым-қатынас орнатуға тырысып, кейбір жағдайларда конфронтацияға  бару дайындығы, бірақ басқа біреуді қорқыту немесе жазалау мақсатында емес (төзімділік, шыдамдылық);

10) өз өмірі мен мінез-құлығына зерттеушілікпен қарау, өзіне «басқа жақтан қарау» және осы үшін жанындағылардың көмегін пайдалану, олардың пікіріне құлақ қою, бірақ өзіне-өзі баға беру авторы өзі болу (себебі,  шышында сен қандай адам екенінді тек сен өзін білесін); шиеленістерге қарым-қатынастағы жаңа тәжірибе ретінде қарау қажет, ал адамдардың айтқан сынына – өзін-өзі терең тану үшін маңызды жаңа ақпарат ретінде қарау қажет (өзін-өзі тану).

“Сабаннан жасалған мұнара жаттығуы

Мақсаты: сынып ұжымы мүшелерінің қарым-қатынасына «осында және қазір» бақылау; көшбасшы және ұйымдастырушылық қабілеттерін айқындау; сынып ұжымы мүшелерінің арассындағы қарым-қатынасты зерттеу, келісу ептілігі.

Қажетті материалдар: коктейлге арналған түтікше, скотч, А4 үлгідегі қағаз парақтары, газеттер, тәрелке.

Нұсқама: сізге осы берілген материалдан мұнара (үй) құрастыру қажет. Мұнараны (үйді) құрастыру барысында бірлесе белгілі бір мақсатқа жетуге тырысындар. Сіздің мұнара әдемі, жақсы құрастырылуы және құрылысы бойынша өзіндік болуы қажет. Ол тіреусіз тұруы қажет және оны бір орыннан басқа орынға апару үшін мықты және бұзылмайтын болуы қажет. Сіз 10 минут ішінде жасап шығуыңыз керек.

    Бірінші 5 минутта мұнараны бір-бірімен сөйлеспей құрастыру қажет.

    Бұл талаптар фрустрацияны арттыруы мүмкін және кейбір кедергілерді айналып өтуге мүмкіндік береді, сынып ұжымындағы түрлі қарым-қатынас деңгейін анықтайды.

    Қолдану бойынша ұсыныстар: осы техника сынып ұжымымен жұмыс барысында терапевтикалық және диагностикалық құрал ретінде енгізілуі мүмкін. Диагностикалық мақсаттарды жүзеге асыра отырып, сынып жетекшісі мұнара құрастыру барысындағы білім алушылардың қарым-қатынас әдістерін бақылайды, сынып мүшелері арасындағы қарым-қатынасқа, коммуникативтік қарым-қатынас ерекшелігі туралы қорытынды жасайды, ұйымдастырушылық және көшбасшы қабілеттерін анықтайды

Рефлексия

Қорытынды шығару, бес саусақ әдісімен жалпыланған рефлексияны дамыту:

- Ш (шынашақ) – ойлау процесі:бүгін мен қандай білім алдым.

- А (атаусыз) – мақсаттың жақындығы: бүгін мен не істедім және қандай жетістіктерге жеттім.

- О (ортаңғы) – рух жағдайы: бүгін менің көңіл-күйім қандай болды.

- С (сұқ) – қызмет, көмек: бүгін мен басқаларға жәрдемдестім, немен қуанттым немесе себептестім.

- Б (бас) – сергектік, дене үлгісі: менің көңіл күйім қандай болды (әрқайсысы ватманда өзінің пікірін жазады). Немесе «Теледидарда сөз сөйлеп тұрып, мен біздің ұжым туралы келесіні айтар едім...» деген сөйлемді жалғастыруға болады (бірнеше секунд).

Топ жұмысына қорытынды жасау.  Өз ойларымен бөліседі

 

 

 

 

 

9 – сабақ

ӨЗ –ӨЗІМЕН ЖӘНЕ БАСҚАЛАРМЕН ҮЙЛЕСІМДІ БОЛУ

 

Мақсаты: Оқушыларың толеранттық ойлау және өзінің құқығы мен басқа адамдардың құқықтарын қадірлей білу қабілеттерін қалыптастыру.

Міндеттері:

-әр түрлі халықтың мәдениетін салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бір-бірін сыйлау,құрметттеуге тәрбиелеу .

-сыни тұрғыдан ойлау, топпен жұмыс жасау макшықтығын диолог жүргізе  білу өзінің ұстанымын дәлелдеу, талқылаған проблемаларды шешудеымыра жолдарын іздестіруді дамыту

-оқушылардың шығармашылық белсендігік деңгейін арттыруға ықпал ету.

Ұйымдастыру кезеңі:

«Айналу» ойын жаттығу

Мақсаты: метофориялық құрал көмегімен өзін-өзі тану және өзін-өзі көрсету

Өткізу тәртібі: қатысушылар дөңгеленіп отырады. Жүргізуші келесі сөйлемдерін аяқтауын ұсынады:

Егерде мен кітап болсам, онда...(сөздік,том)

-Егерде мен тамақ болсам,онда...(ботқа,картоп)

- Егерде мен ересек болсам,онда...(басқа да нұсқалар айтуға болады;ән,өлең,көлік және т.б)

Отырғандар жауап береді.

«Оң жақтағы көрші,сол жақтағы көрші»  ойын- жаттығу.

Қолында добы бар бала, өзінің оң жақтағы көршілерін,сосын сол жақтағы көршілерін атап шығып соңында өзін таныстырады. Содан согң допты доп мүшелерінің біреуіне лақтырады. Допты алған бала өзінің оң жақтағы ,сол жақтағы көршілерін атайды,өзін таныстырады ,әрі қарай жалғаса береді.

«Мақтау айту» ойын- жаттығу.

Өткізу тәртібі: Жүргізуші қатысушыларға бір-біріне мақтау сөздерін ойластыруды ұсынады. Ол отырғандардың біреуіне доп лақтырып,мақтау айтады. Мысалы: Дана сен өте әділ адамсың; немесе «Катя сенің шашың қандай әдемі». Допты алған бала допты қалаған балаға лақтырып,мақтау айтады. Бұл жерде әр қатысушыға мақтау тайтылуы керек.

 «Толеранттылық» дегеніміз не?

 «Толеранттылық» деген ғылыми ұғымды қатысушылардың түсіндірулеріне мүмкіндік беру.

«Толеранттылық» деген ұғымның көп мағыналы екенін көрсету

Материалдар:үлкен қағазға, ватманға жазылған «Толеранттылық» сөзінің анықтамасы;

Дайындық: «Толеранттылық» сөзінің үлкен қағазға жазып тақтаға сабақ басталар бұрын іліп қою, сыныптың артқы жағына ватман қағаздар теріс ілінеді;

Өткізу тәртібі: Жүргізуші  қатысушыларды 3-4 адамнан топқа бөледі.Әр топ «ой талқы» нәтижесінде «Толеранттылық» сөзіне өздерінің анықтамасын береді. Қатысушыларға толеранттылықұғымының маңыздылығын атап өтуін айтуға болады. Анықтама қысқада мәнді берілуі тиміс.Талқылау аяқталған соң топ мүшесі басқа қатысушылардың назарына өздерінің ақпаратымен таныстырады.Әр топтың анықтамасы  тақтаға немесе ватман қағазға жазылады.

Әр топ өз жұмысын аяқтаған соң,жургізуші  теріс ілінген ватман қағаздарды, анықтамасы жызылған жағымен қаратып іледі.Қатысушылар нақты анықтыамалармен танысуға мүмкіндік алады және өз пікірлерін айтады.

Талқылау: Жүргізуші сұрақ қояды:

- Әр анықтаманың айырмашылығы неде?

- Айтылған анықтамаларды не біріктіреді?

- Қандай анықтама дұрыс деп есептейсіңдер?

- «Толеранттылық» деген ұғымға бір ғана анықтама беруге болады ма?

-   Талқылау барысында келесі кезеңдерге назар аудару керек:

 -  «Толеранттылық» ұғымы жан-жақта мағынасы бар.

  -   Әр анықтама  осы ұғымның мәнін анықтады.

 «Тұлғаның толеранттылық қасиеттері» жаттығу.

    Мақсаттары: қатысушыларды толерантты, тұлғаның негізгі  толеронттылық деңгейн бағалауға мүмкіндік беру. Қасиеттерімен таныстыру, жасөспірімдерге өздерінің толеранттылық деңгейін бағалауға мүмкіндік беру.

Материалдар: Әр қатысушыларға саұрақ-жауап бланкілері. Толерантты тұлғаның қасиеттері

1. Басқаларға қарым-қатынасы.

2. Мейірімді қамқоршы.

3. Шыдамдылығы.

4. Әзіл-сықақты түсінуі.

5.Сергек.

6. Сенімді.

7. Альтруизм.

8. Әр нәрсеге шыдамдылығы.

9. Өзін ұстауы.

10. Кең пейілді.

11. Басқаларды сөкпейді, талқыламайды.

12. Ізгі ниетті.

13. Тыңдау біледі.

14. Танымдылығы мол.

15. Біреуге жаны ашиды.

Дайындық: «В» бағындағы сұрақ-жауап бланкісі үлкен қағазда тақтаға немесе қабырғаға жапсырылады.

Өткізу ережесі:Қатысушылар бланкілерді алады. Жүргізуші бланкіде көрсетілген 15 мінездеме толерантты тұлғаға тән.

Нұсқаулық: «А» бағанына сіздің ойыңызша көбірек сәйкес келетін мінездемеге «+» белгісін қой, «0» - белгісін шамалы сәйкес келетін қасиеттерге қой. Сосын «В»бағанына «+» белгісін толеранттық.Тұлғаға тән мінездеменің жанына қой. Бұл бланк нәтижелерімен сіздерде қалады.

Сондықтан сіздер әділ жауап бере аласыздар.

Сосын жүргізуші тақтада ілінген бланкіні толтыра бастайды. Ол үшін жүргізуші «В» бағанында бірінші қасиетті белгілеген адамды қолын көтеруді сұрайды. Жауап бергендер саны есептеліп бланкіге жазылады. Осылай әр мінездемеге берілген жауап саналады. Ең көп бал жинаған 3 қасиет немесе мінездеме толдлерантты тұлғаның түйіні болып табылады (аталған топ пікірінше) Қатысушылар алатын мүмкіндік:

Әр топ мүшесінің толлеранттық  тұлға туралы түсінігін салыстырады ( «+» «А» бағаны)

«Суретті аяқта » жаттығу.

Мақсаты: басқа адамның сезімі мен тілегін, ойын  түсіну қабілетін дамыту және өзінің ойын жеткізу.

Материалдар: сурет салу құралдары (А4 фарматты қағаз, фломастер, маркерлер)

Нұсқаулық:  Ойын сөзсіз өткізіледі. Әр қатысушы сурет ойлап оны қағаз бетіне түсіре бастайды. Сосын тізбек бойынша келесі қатысушыға беріледі. Ол суретті алып, қажет болған суретті салады. Осылайша барлық қатысушылар салады, соңында авторға қайтарылады.

 

Рефлексия сұрақтары:

- Таза қағазға сен қандай элемент салдың?

- Сен алғашқыда қандай картина ойладың?

- Қағазға өз ойыңды түсіре алдыңба?

-  Суретке қарап нені сезінесің, ойың қандай?

- Неге соны сезінесің (сенің ойыңша идеяң жүзеге астыцма?)

- Бір нәрсе өзгертесінбе,әлде осылай қалама?

- Сенің өміріңде осыған ұқсас жағдайлар болдыма?

- Нәтиже көңіліңнен шықпаса не сезінесің?

- Сонда не істейсің?

- Сен қағазды біреуден алғанда ,қандай сурет қостың?

- Сол суретті қосқан себебің?

- Сен идеяны жалғастырғың келдіме,әлде өзіңнің жеке тілегіңді же,текшілікке алдыңба?

- Оның ойын сен қалай түсіндің?

- Нәтижесінде не шығатынын қалай білдің,сол үшін не істедің?

- Сенің мүмкіндігің болды ,ол нені салғысы келетінін білу үшін (мысалы хат- хабар алу арқылы,нұсқаулықты оған тыйым салынған жоқ)

- Осыны неге пайдаланбадың?

- Қазіргі сезімің? Егер теріс болса; сезімдеріңнің пайдалы жағы? Олар саған қандай белгі береді?

Белгілер көмегімен нені түсіндің?

- Осы тәжірибені қалай қолданасың?

- Сенің өміріңе ұқсастығы барма?

- Айналаңдағы адамдар сенен не талап етеді немесе өзіңнің ойыңша әрекет жасайсыңба?

- Қандай жағдайда сен басқа адамның пікірін есепке аласың және неге?

- Біреудің арманын жүзеге асыру кезінде немесе ол идеяны өмірде іске асырғанда сен көмектесесің,сен сезімің қандай болады?

- Адам не сезінеді не болмаса я болмаса не ойлайды,не білгісі келетінін сен нақты білесің бе?

Сабақ рефлексиясы

- Кейбіреулерің толеранттылық ұғымынан алғашқы рет таныстыңыздар.Осы ұғымның қандай анықтамасы сізге жақын болды?

- «Толеранттылық» тақырыбы сіздер үшін  көкейтесті мәселе ме, егер «ия» десеңіз, неге?

 

 

 

 

 

 

 

 

II –ТАРАУ

МЕН ОҚЫҒАНДЫ КӨҢІЛГЕ ЫҚЫЛАСПЕН ТОҚУҒА ҮЙРЕНЕМІН

 

10 - сабақ

ЖЕТІСТІККЕ ЖОЛ

 

Мақсаты: Тұрмыс салты мен өмірдегі табыс туралы оқушыларда ұғымдарды,түсініктерді қалыптастыру.

Міндеттер:

- деректемелерді талдау негізінде қортынды жасауды қалыптастыру.

- өмірлік жолын дамытуда  өзінің рөлін көру.

- өмірлік табыс алыс емес елесті мақсат, кенет болған бақытты жағдай емес, өзінің шығармашылық потенциялы тынымсыз еңбек апта сайын өзіңнің өміріңді позитивті бағдарламаудың нәтижесі екенін түсіну.

Ұйымдастыру кезеңі

Біздің көпшілігіміз, міне – бақыт ойда жоқта келеді деп тосады. Бақыттың қолында сиқырлы көмекшілері бар: жасартатын алмалар және біз өзгереміз, энергиямыз көп қарапайым өмірге риза боламыз. Біз  «бақыт құсы» ұшып келеді деп күтеміз, біздің өміріміз жарқырап біздің таланттар гүлдене бастайды, біздің қабілетіміз көбейеді. Егерде бақыт құсы жылдам тез жүретін етіктер сыйласа біз өз ойымызды арманымызды орындар едік.

Үйде аквариумда «алтын балық» болса жаман болмас еді бірақ осы сиқырлы көмекшілердің мейірімінде  бақытты, табысты адам болғымыз келетінімізге сөз жоқ.

Позитивті ойлау.

Позитив дегеніміз өмірде, іс-әректтерде жақсы қылықтарда өте жақсы оң нәтиже күту.

Позитивті ойлайтын адамдар стакандары жартылай бос адамдарға қарағанда жағдайы, тұрмысы түзу болады.

Өз қызметінде табысқа жетуге ұмтылғандар позитивті ойлау ұстанымына көшулері тиіс.

 Өмірдегі жетістік табыс жиынтығын түсіндіруге талаптанған ұлы адамдардің  сөздеріне тоқталайық.

Міндет- айтылған  пікірлері оқып, топпен твалқылап мына сұраққа жауап берулерің керек: Адамның өмірдегі табысы неден құралады?: (сынып 5 топқа бөлінеді,өз жұмыстарын көрсетуге 5 мин беріледі)

Бір нәрсеге жету үшін шеберлік ,ептілік керек, бірақ табысқа жету тағдырыңа байланысты.

Адамзаттың басы – махаббат пен әділдік. Олар барлық жерде қатысады, барлығын шешеді.

                                                                                                           (А.Құнанбаев)

Кімде махаббат пен әділдік басым – сол ақылды, данышпан.                                                                                                         (Ш.Құдайбердиев)

Әлсіз адамдар -бақытты,қолайлы жағдайда күтеді,күшті адамдар –оларды өздері жасайды.

                                                                                     (Алксександр Афиногенов)

Табыс кездейсоқ іс.Оны кез келген бақытсыз адам айтады

                                                                                                            (Эрл Уилсон)

(Бүгін адамзат үшін осы ғұлама адамдардың пікірлері адамның адамгершілігі мен данышпандылығын жоғалтатын, рухани байлықтан айыратын жаһанды дағдарыстан шығатын бағдарлама болып отыр)

Әңгіме

- өз табыстарыңды қайдан көресіңдер? (оқушы жауапты)

- адамның өмірдегі жетістігі, табысы недне құралатынын бүгін айта аласыңдар ма?

- табысты адамның қасиеттерін атап өтейік. Төмендегі сөздерден таңдаңыз: жалғау, шыдамды,ұқыпты,өзін-өзі ұстау, тәртіпті, мақсатқа ұмтылған, жүгерлі, жеңілтек, ынталы.

Оқушыларға болашақта мамандықты дұрыс таңдау-бұл да табыс екенін түсіндіру қажет.

Тапсырма: жазылған пікірлерге назар аударыңдар:

 

Жағымсыз ойлар

Позитивті ойлар

-Көп адамдарға мен ұнамаймын

Мен білетін адамдардың маған көзқарастары,қарым-қатынасы жақсы

-Менің дауысым қатты

 

-Мен осы қызды киноға шақырар едім,бірақ ол бармайтын шығар.

 

-Мен стадионда жүгірер едім,ауа-райы бұзылған соң үйде қалдым

 

 

   «Табыс схемасы» жаттығу.

Дәптерлеріңе «табыс» деген сөзді жазасыңдар, қоршайсыңдар, жан-жағынан сәуле тәрізді сызықшалар сызып, осы сөзге ассоцияия жазыңдар

Топтан 1-2 адам шығып сөйлейді.

«Ең табысты адам» жаттығу.

«А3» форматына сурет құрастыру керек.Топпен бірлесіп, «табыс» сөзін сурет бойынша көрсетіңдер.Суретті қорғау,тақтаға ілу.

Сонымен: табысты адам бақытты адам?!

«Табыс баспалдағы» -жаттығу .

  Нұсқаулық: Психолог оқушыларға «Табыс баспалдағы» суреті салынған дәптерге назар аударуын

  Өтінеді,осыған ол қалай жеткенін,түсіндіру қажет.

«Бақытты күн» -жаттығу.

  Ең бақытты ,табысты барлығы өте жақсы болған күнді естеріңе түсіріңдер. Қағаз парағын екіге бөліңдер.Сол жағына «Бақытты жан» деп жазыңдар.

1-тапсырма:

-барлығы жақсы болған күнді суреттеңдер,жазыңдар.

-сол күнгі сезімдерің.

-өзіңе, адамдарға,әлемге қарым-қатынасыңыз

-сол күні неменеге дайын болдың ?

-сол күні бір сөзбен өзіңді қалай атар едің?

Өзіңнің естеліктеріңмен бөліс,айт.

Астарлы әнгіме, оқып талдау.

       Бір қарапайым, данышпан кемпірден сұраған екен. «Әже сенің өмірің өте қиын болды, ал көңіліңіз жас! Қандай да бір құпияңыз бар ма? деп сұрайды.

        Бар әрине, айналайын. Маған жасаған жақсылықтарды өз жүрегіме жазамын, жамандықтың барлығын суға жазамын дейді әже! Егер де мен керісінше жасасам, жүрегім  тыртық болар еді, ал қазір жүрегім жұмақ тәрізді. Бізге құдай екі қабілет берді, еске алу және ұмыту»

 

 

 

11 - сабақ

МЕН БІЛІМ ӘЛЕМІНДЕМІН

 

Мақсат: оқуға танымдылық қызығушылық белсендіру және оны әлеуметтендіру.

Міндеттері :

  баланың шығармашылық жәнезеректілігін қабілеттерін дамыту .

Оқушыларды өзін өзі тану және шығармашылыққа ынталандыру .

  кәсіби қызыметте жасампаз еңбектің маңыздылығын көрсету .

Ұйымдастыру кезеңі

       Сәлеметсіңдер ме балалар! Біздің саяхатшымызды бастамас бұрын бір минутқа ойланайық адам жұмыссыз, еңбексіз өмір сүре ала ма? Көз алдарына елестетіңдер, үйде  де, жұмыста да ешкім ештеңе істемей ді зауыт, дүкеншілер, емхана, ауруханалар мен дүкендерде барлығы да демалыста.

Егер де құрлышы дем алса не болады?

Дәрігерлер жұмысқа шықпаса?

Дұрыс айтасыңдар, балалар, еңбексіз өмір жоқ .

Балалар , сендер ойларыңша бүгінгі сабақ неге арналады ?

«Мамандықты суретте»

Оқушы бір бірімен кез келген мамандықты ойластырып көрсетеді. Қалған балалар шешуін табады

  Ал енді балалар жұмыс ережесін еске түсірейік

-         қарым - қатынаста адалдық

-         белсенділік

-         бір-біріңді сыйлау

-         орныңнан айқалама

 

Ақпарат

      Біз бүгін мамандықтар теңізіне саяхатқа аттанамыз. Алдымен қабілеттерімізді ашықтайық . Әр адамда өмірге келгеннен бастап ағзаның мидың, сезім органдарының құрлымы болады, яғни тұған берігі талант сый - қабілетті аламыз. Еске сақтау қабілеті жақсы назар, ой өрісі  кей адамға табиғат береді, кей адам жаттығу арқасын дамытады.

Талай, келешек —  біздің мүмкіндігіміз қолайлы жағдайда қабілетке айналады, бірақ тас жерге түскен тұқым тәрізді өліп құрып қалады.Таланттар негізінде қабілеттер пайда болады. Әр адамның жеке психологиялық ерешеліктері қабілетер жалпы және арнайы болады. Жалын қабілеттілік есте сақтау , оспектілерге назар , ойлау қалыптастыруына байланысты .

            Қабілетті адамда көптеген таланттар болады. Мысалы: Әль - Фараби, А.Құнанбаев, Ж. Аймауытов тек қана ұлы ақын болған жоқ ғұлама ойшыл, ақылды адам болған.

Ұлы ойшыл  Әль  - Фараби: бақытқа жол көрсету, «трактатында  оқырмандарым назарын оқытудың «психологиялық -  педогогикалық аспектісіне аударды. Яғни балаларға тек қана ой өрістеріңді дамыту, білім алу арқылы бақытқа жол табыңдар деген екен. Сонымен қатар психология - педогогикалық ой - өрісті дамытуда қазақ ойшыл сыншыл Абай Құнанбаевтың қосқан үлесі көп. Жас өспірімге арналған Абайдың сөздерінде негізгі ойды анықтап көрсетті .

« Кез келген кәсіптің өнерін немесе білімді меңгеру процессі - ынта, жігер, ойлау үшін қажетті жоғары игілі», «Білімін дамытқан адамды үнемі бағалаймын».

Ұлы ойшыл Ж.Аймауытов «психология және мамандық таңдау» кітабында мамандық таңдауда жас адамның психологиялық ерешеліктері, оның темпераменті, қабілеті мен мінезі ерекше рөль атқаратын көрсетті. Барлық адам туғанда дарынды болып туады, кейін біреулер оны басып тастайды, кейбіреулері әрі қарай дамыта алады.

«Мен істей аламын, қолымнан келеді» жаттығу

Бұл жаттығу сабақта өзін - өзі бағалау үшін және қызықтыру үшін қолданылады Балаларға сөйлемді аяқтау ұсынылады. Егер де бірінші сөйлемді бастау қиын болса, мысалы «Мен істей аламын» Мысалы бәліш пісіре аламын, тенис ойнаймын, тышқанды үйрете аламын және т.б

Балалардың жауаптары бағаланбайды , талқыланбайды. Егер де оқушы 3 секунд ішінде ештеңе айт алмаса, сөз келесі балаға ауысады.

Практикалық сабақ үшін ақпаратты есту, көру, сезіну, қозғалыс машықтығының маңызы зор. Құқық қорғау органының қызметкері, даяршы, хатшы, жаттықтырушы қандай болуы тиіс күшті, шыдамды , шапшаң.

Әскери қызыметті, күзет, спорт, өрт сөндіргіш, суға сүңгуші құтқару жұмысымен байланысты мамандық иесі қандай болу керек ( физикалық дамуы жоғары деңгейде) кеңестікте бағдарын білу қабілеттілігі тексеру үшін келесі жаттығулар көмектеседі.

« Кім жақын » жаттығу

Оқушы тағтаға шығады. 3,4 метр қашықтықта зат алмасқан: үстел, орындық. Мұғалім оқушының көзін байлайды . Содан соң оқушы затқа жақындауы керек. Ең жақын келген оқушы жеңеді .

Талқылау :

 - орыс тілі, матем, музыка, бейнелеу өнері, дене шынықтыру сабақтарында қандай қабілеттілікті дамытасыз?

 - Әр түрлі қабілеттілікті дамыта алатын сіздің қандай мүмкіндіктеріңіз бар ?

Кез келген қызыметке қажетті қабілеттіліктер бар. Оларды атап шығыңыз: (көру, есту , сезіну , сөйлеу) бақытымызға қарай бізде осылардың барлығы бар .

Бірақ адам жағдайға қарамастан кәсіби дәрежелі табысқа жетіп жатады. Бетховен саңырау, Мильтон көзі көрмеген бірақ олардың есімдері ешқашанда ұмытылмайды, себебі олар армандап қоя қоймады, армандары өмірге айналды.

Талқылау:

 - Өмірдегі жағдайыма қарамастан кәсіби табысқа жеткен адамдарды білесің бе?

  - Табысты маманның мінезінің Әмбебап шегін атап өтіңдер .

Оның қайсысы сенде бар Біз сый сыйпатты бағалай аламыз ба ?

Өзіңнің қабілеттілігіңді қалай реттейсің ?

Біраз уақыттан соң сендер өмірдегі жолдарыңды таңдайсыңдар. Ол жол қиылыстан басталады онда ертегідегідей 3 жол емес 50 мың жол бүгін осынша мамандық бар. Жолды таңдағанда ең маңыздысы қателеспеу керек. Сенің таңдауынан көп нәрсе байланысты .

Біздің еліміздің тағдыры сендердің қолдарыңда .

Сөздік жұмыс :

Кәсіп сөзі нені білдіреді?

Сендер қалай ойлайсыңдар , мамандықтар неге көп ?

« Кәсіп » - еңбек қызыметінің негізгі жұмыс түрі . «Ожегов сөздігі»

Қандай кәсіпті білесіңдер ?

Тарих сабағында қандай кәсіптер естеріңе алдыңдар тарихшы, сәулетші, жөндеуші т.б орыс тілі сабағында қандай кәсіптер туралы сөз болды ?

Жаратылыстану сабағында адамның денсаулығына байланысты кәсіптер туралы сөз болды . Оларды атаңдар.

Жұмбақтар :

«Аукцион » ойыны

Бірінші оқушы бір кәсіптің атын ашады , екіншісі соңғы әріптен басталатын кәсіпті атайды әрі қарай жалғаса береді . Егер оқушы айта алмаса , мұғалім 3-ке дейін санайды , айта алмаса келесі балаға ауысады. Соңғы бала жеңіске жетеді . Ойын жүру барысында дабыл қағу арқылы кезеңдері бөлінеді. Жеңімпаз балаға сыйлық ұйымдастыруға болады.

Білім алу үшін не істеу керек? (Өзіңді дамыту керек, даму үшін еңбектену керек)

Еңбек дегеніміз  не ? (Оқушылардың жауаптарын психолог тақтаға жазады )

Студет ботанк: Еңбек адамның қызыметі , оның барысында физиологиялық және морольдық қажеттілігін қанағаттандыру үшін жұмсалатын физикалық және психологиялық мүмкіндіктері.

Философ : Еңбек-көруге, ұстауға, естуге сезінуге болатын нақты нәтиде әкелетін зияткерлік немесе физикалық қызымет . Еңбек қабілеттілік емес, көруге, естуге, сезінуге, ұстауға мүмкіндік беретін қызмет.  Сонымен қатар еңбекті өлшеуге, бағалауға болады .

Үй шаруасындағы әйел: Еңбек қоғамға бірнәрсе туғызатын, табиғатқа әсер ететін адамның мақсатты қызыметі.

Еңбек туралы қандай мақал білесіңдер ?

Мысалдар :

Қазақ халқында еңбек құрметті орынды болды.

Балалар балалық шағынан ересектетердің істерін бақылап көмектесе бастайды, ер жеткен соң еңбекке толық араласады. Аналар мен әжелер қыздарды әйел адамының жұмысына үйретті: кесте тоқу , жүн илеу , тамақ пісіру , үй ішіндегі жұмыс, балаларға қарау. Ұлдарды бес жастан бастап әкелері мен аталары үйретті . Мал шаруашылығы, теріні өңдеу, ағаш кесу, таспен жұмыс. Ұл бала «шаңырақ» иесі болды ғой. Сонымен қатар балалар білімдерін, зиятгерлік қабілеттерін дамытты , міне сондықтан қазақ халқында еңбекке арналған мақал мәтелдер өте көп .

Мақал мәтелдер :

         Сол жақта мақалдың басы.             Оң жақта соңын тауып,оқыңдар

Мақалдың басы

Мақалдың соңы

 

 

Жауаптары :

Жарайсыңдар , бұл тапсырманы өте жақсы орындадыңдар , соңғы кезде жаңа заманға сай кәсіптер , мамандықтар көбейді.

Әрине , біз барлық кәсіпті есептеген жоқпыз олар әлемде 50 мың . Бірақ кәсіп таңдағанда біз әлемге қарамаймыз , біз өзіміз тұратын елге , қоғамға бағытталған, таңдау жасаймыз .

Тест : «фигураның үш түрі»

Өздеріңді тану үшін геометриялық фигуралармен тест жүргіземіз . Үшбұрыш, шеңбер, квадраттың көмегімен адамның суретін салыңдар, он элементтен тұрады .

Фигураның 3 түрі қолданылу тиіс сурет сапасы есептелінбейді орындалуға -1 минут.Енді үшбұрышты салайық балалар тапсырманы орындайды .

Тест «кілтін» шыңдаңдар .

Бірінші тип : 6-8 үшбұрыш жетекші , басшы , жақсы ағартушылар . Адамдарды жақсы таниды, лидер болуға ұмтылады.

Екінші тип : 5 үшбұрыш жауапкерлігі мол адамдар. Ұйымдастырушының қабілеттері бар . Өзінің жұмысын ойланып жасайды.

Үшінші тип : үшбұрыш қызығушылығы мен таланттары әр түрлі жеке жұмысқа білімді.

Төртінші тип : 3 үшбұрыш Ғалым , обьективті , үнемді бір қызметтен екінші жұмысқа тез ауыса алады .

Бесінші тип : үшбұрыш Адамға, өмірге қызығушылығу бар жаңалықты ерекше сезінеді .

Алтыншы тип : 7 үшбұрыш конструктор , суретші , ойлау елестету қабілеті өте жоғары .

Әрине бұл тест сендердің таланттарыңды жан -жақты көрсете алмайды . Мүмкін тест сендерге өзің туралы, өзінің мүмкіндіктерің туралы ойландырады , қабілеттеріңді дамыта бастайсыңдар. Соңында бұл сендерге өмірлік жолды таңдауға көмектеседі .

Біздің кеме өмір мұхитында , біздің арманымызға жүзіп келеді .

Қандай қасиетті өздеріңмен бірге аласыңдар ?

Өмірде өз арманына жету үшін адамда қандай қасиеттер болуы тиіс .

Өз ісінің шебері деп айту үшін ...?

Мен сендерге жолаушылар дайындап қойдым .Сендер ойлаңдар , арманға жету үшін қандай қасиеттер ең басты , маңызды деп есептейсіңдер,  соны жазыңдар . Мен сендердің фантазияларына шектеу қоймаймын , девиз ойлауларыңа болады немесе бір сөзбен айтуға болады .Бірақ сендердің кемедегі жолаушылардың қарсы келе жатқан балалар

 

 

 

12-Сабақ

МЕНІҢ «МЕН» БЕЙНЕМ

 

Мақсаты: «Мен» – позитивті бейнені қалыптастыруына жағдай жасау.

Міндеттері:

- позативті өзін - өзі ұғынуды дамыту .

- каммуникативті машықтықты дамыту .

- өзін - өзі  тәсілдеу машықтығын дамыту .

 

Ұйымдастыру кезеңі :

«Қол алысу немесе бас ию» жаттығыу.

Мақсаты: жұмысқа позативті көңіл - күй және өз көңіл күйін жасау .

Психолог топ  мүшелеріне әр халықтың сәлемдесу  ишарасына тоқталады . Қатысушыларды бұл шараны барлығын қолданбау екенін жүргізуші ескертеді. Өздері ойлап табуларына болады .

Сәлемдесу нұсқалары :

Құшақтасу және екі беттен үш рет түйіс біру (Ресей)

Қолдарын кеудеге қойып шамалы иілу ( Қытай )

Қол алысу және екі беттен сүю ( Франция )

Шамалы иілу алақаны маңдай алдында (Индия)

Шамалы иілу алақаны мен қолы бүйірінде ( Жапония )

Беттерінен сүю алақандары серіктесінің  иығында (Испания )

Жай ғана қол алысу көздеріне көздеріне қарау (Германия )

Екі қолды алып амандасу саусақтар ғана тиеді ( Монғолия )

Мұрнымен үйкелесу ( Эскимсе дәстүрі )

Топ шеңбер құрады. Топтың бір мүшесі ортаға шығып оң жақтағы серікбесімен амандасады .Сосын сағат тілі бойынша жүріп , барлығымен амандасып шығады .

Осы жаттығу орындалу барысында бір – біріне сыйлау , құрметтеу , толеранттылық ахуал болуы тиіс . Сонымен бірге оқушыларға сыныптастарымен әр түрлі амандасуы өте қызық . Жаттығу соңында ой –пікірлерімен алмасады .

Сабақ цитатасы .

Бір адам екіншісінен  өрік пен жүзім тәрізді ерекшеленеді . ( Араб мақалы )

Мақалды қалай түсінесіңдер ?

Бір күні тарих мұғалімі бізге бесігі храм жанындағы фонтанға «өзіңді тан» деп бұрынғы гректер  жазғанын айтты « Мен  бесінші сыныпта оқыдым , әрине ойладым . Сол жазуды жазу керек деп ұғынған гректер түсініксіз адамдар екен .

Менің «бесінші сыныптағы ақылым»  бұл жерде бір керемет мағына барын түсіне алмады .

« Өзіндік шыңға шығу », «Эпитет және есім »

Топ шеңбер құрып отырады. Оқушылардың біреуі өзіне басқаларға эпитет арқылы таныстырады . Бұл сын есім оқушының есімі қандай әріптен басталады сол әріппен басталуы тиіс. Мысалы: ақылды Арман, қайратты Қанат , жігерлі Болат т.б

Екінші оқушы бірінші баланың есімі мен эпитеттік қайталады сосын өзінің есімін эпитетік айтады. Соңғы оқушыға өте қиын себебі ол барлық қатысушының айтқанын қайталап өзінің сөзердін қосады .

Жаттығу орындалып болған соң , пікір алмасады сұрақтарға жауап береді :

1.Қандай эпибеттер маған ұнады ?

2.Қандай есімдерді мен есіме сақтай алмадым ?

3.Кімге менің қызығушылығым бар ?

Солар «кім жаттығу»

Психолог тез реакциясын тексеру үшін былай дейді:

«Кім теледидар, компьютерден қорқынышты фильмдерді көргенді ұнатады. Мұрындарына саусақтарынды тигізіңдер «немесе кім бүгін тісін тазалады» сол жақ өкшеңді соқ. Әрі қарай жүргізушінің рөлін борсық оқушылар орындап шығады .

Пікір талас :

Психолог сұраққа жауап беруін ұсынады .

Босқа адамдармен сойлесу сіздер үшін нәтижесі бола ма және жағымды эмоциялар береді ме ?

Сойлесуге үйрету керек пе?

Сендердің ойларынша бұл керек пе ?

Өзіңнің әлсіз және күшті жақтарыңды не үшін білулерің керек .

Пікір талас соңында психолог адам өмірінде кісілермен араласу маңызды роль атқарады , сөйлесу пайда келтіру үшін кісілермен араласып үйрету керек екенін оқушыларға қортындысын айтады . Сонымен қатар өзіңді не үшін білуің керек рефлекция мен өзін - өзі тану машықтығы бізге ие беретінін түсіндіреді .

Өзіңді білесің бе ? жаттығу

Өзімнің физикалық деректерімді білемін

5

4

3

2

1

білмеймін

Өз мінезімді білемін

5

4

3

2

1

білмеймін

Сезім органдарымның ерешеліктерін білемін

5

4

3

2

1

білмеймін

Өзімнің қабілеттерімді білемін

5

4

3

2

1

білмеймін

Өзімнің қасиеттерімді білемін

5

4

3

2

1

білмеймін

Осы тапсырманы орындау барысында балалардан сұрауға болады, кім өзін беске біледі ? кім төртке . Бұл тапсырманы оқушының өін - өзі бағалауын ықпал етеді .

Мен кіммін ? жаттығу 5 минут ішінде бес түрлі жауап жазыңдар, осы сұраққа

Мен кіммін ?

Ескерту : Бұл жаттығу қарапайым болғанымен , терең ойландырады бала түгілі ересектерді де . Бірақ жеке тұлға  ретінде сезіну үшін  қажет. Қалауыңыз  болса жазғаныңызды дауыстап оқуға болады . Сонын ішінде ахуал жақсы болса оқып шығып кім екенін шешіп айтуға болады . Бұл жерде мұғалім оқушылардың қағаздарын жинап алып оқиды .

Бұл нұсқа балаларға өздерінің бағаларын басқалардың бағаларымен салыстыруға болады .

Жауап сіздің яғни балалардың қызығушылығын (музыкант, спортсмен, фонат)  адамгершілік қасиеттерін ( жауапты жалқау көңілді ) көрсетеді . Қандай міңездеме басым : жағымды , жағымсыз .

Бұл жаттығу адамға өмірде өз орнын түсінуге көмектеседі .

«Менің әлемім « ( жеке тұлғаның мүмкіндіктері жаттығу )

Мақсаты : позитивті өзін - өзі сезінуге ықпал жасау .

Қағаз ортасына оқушылар «планета» салып оған « Мен « деп жазады планетаның жан жағына жұлдыздар салып , оған сұрақтарға жауап жазады .

1)    Мен өзімде қандай қабілеттілікті табамын ?

2)    Мен қандай кітаптарды оқығанды жақсы көремін ?

3)    Мен не армандаймын ?

4)    Менің жағымды естеліктерім

5)    Менің міндеттерім қандай ?

6)    Менің көңіл күйім жиі қандай болады ?

7)    Барлығына қарағанда менде ең жақсы шығады ?

8)    Менің жақсы көретін ісім ?

9)    Мен кім болғым келеді ?

    1O) Мен жұмыс істегенді жақсы көремін бе және мен білемін бе ?

    11) Менде не басым : өзіме сену немесе жасқаншақтық

    12 ) Мен әзілді түсінемін бе ?

    13 ) Мен кейде ұяламын ба , өкініш сезімі болама ?

    14 ) Көре алмаушылық , күдік алу , ашу сезімдері болама ?

    15 ) Менің өзім көзғарасым ?

Әр оқушының жұлдыз картасы әр қайсының мүмкіндіктерінеқанша ол бірегей екенін өмірде табысқа жетуге не көмектесетін айқын көрсетті деп психолог бұл жаттығуды қортындылайды .

« Қадір қасиет « жәрмеңкесі

Мақсаты : тепе - тең өзін - өзі бағалауын қалыптастыру .

Психолог әр оқушыға қызыға » самалетпін « сөзінің астына өзінің кемшіліктерін және өзінің кемшіліктерін және өзінің қадір қасиеттерін жазады . Басқа қағазға сатып аламын сіздің астына қандай қасиеттерді иеленгісі келетінін жазады .

Дәптерлерінді қолдарына алып « жәрменкеге « қатысушылар болып кетеді . Әрлі - берлі жүріп бірнәрсе сатуға немесе сатып алуға ұсынады . Жаттығу барлық оқушылар сатып алу , сату нұсқаларын аяқтағанша сызылады .

Сосын нұсқалау өтеді :

1) Не сатып алдың ?

2) Не саттың ?

3) Нені жеңіл сатуға немесе сатып алуға болады ? Неге ?

4) Қандай қасиеттер сатылды ?

5) Қандай қасиеттерді көпшілігі сатып алғысы келеді ? неге ?

6) Қандай қасиеттерді сата алмадың немесе сатып ала алмадың ?

Талқылау соңында психолог өздерінің кешіліктерінен қорықпаңдар , мойындамаңдар , ол деген ерлік . Осыдан адам адам да күштірек болады , деп қортындылайды .

Жаттығу : «Кемпірқосақ бойынша жоғары шығу»

Мақсаты : шаршағандықпен қауырдылықты түсіру .

Ақырын музыка ойнайды . Барлыға орындықта отырып көздерін жұмады терең дем алып жоғары қарай шығып бара жатқанын елестеді жолда кедергілермен кездеседі  ( ал дем сыртқа шыққанда таудан түсіп кеме жатқан тәрізді сезінеді кемшіліктерден айырылады ) 3,4 қайталаңдар .

Нені сезгендерін талқылап , еркіндік сезімнің маңызын түсіндіреді .

Жаттығу : « Мен қолдаймын »

Психолог оқушыларға «Мен қандаймын басқалардан ерешелігім неде? тақырыпшада шағын шығарма жазуын өтінеді .

Жаттығу «Телеграмма»

Мақсаты : бір – біріңді позитивті сезіну машықтығын қамтамастыру .

Психолог « Телеграмма » мекен - жай жазылған таратады .

Балалар ол туралы жақсы хабар жазулары керек. Сосын психолог телеграммаларды жинап оқып береді . Адресоттар өздері туралы жазылғанды алып, өз пікірлерін айтады .

Талқылау:

-         Абройлы , қадірлі адам қандай болуы тиіс ?

-         Өзің туралы қандай жаңа білім алдың ?

-         Алған білімін өмірде қажет бола ма ?

-         Сабақты бағалайық : үш деп санағанда бір қолыңның саусақтарын көрсетіңдер , сол сабақтың бағасын сәйкес келеді .

 

 

 

 

 

 

13 – сабақ

МЕНІҢ ӨМІРІМНІҢ ТҰСБАҒДАРЫ

 

Мақсаты: өмір жағдаяттарын түсінуге ынтагерлік білдіру.Адамгершілік бағдарлауын дамыту, мәдениетке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Тоқпақты тыңдаңдар: (тоқпақ беріледі)

Талқылау: тоқпақтың екінші бөлімінде «Қайырымды» әженің орнына мыстан кемпір шығады

(балалардың жауабы)

Әркім алдында өзіндік таңдау өзіндік жолы тұр.

« Неге жеткілерің келеді » жаттығу.

Нұсқаулық: Осы сұраққа барлықтарың жауап жазыңдар. Болған соң, өздеріңде не бар, нені сақтап қалғыларың келеді? Соны жазыңдар.

Барлық қалау тілектеріңді үш санатқа бөліңдер:

А: өте-өте маңызды

В: өте маңызды

С: маңызды

      Егерде қалау тілектерің жеткіліксіз болса да «С» санатынан сызып тастаңдар.

Кері байланыс сұрақтар:

Не сезінесіңдер?

Өзіңнің тілектерің туралы не ойлайсың?

Егерде осының барлығы сіздікі болса,сезімің қандай болар еді?   

 «Екі хандық» ойын

Сынып командаларға бөлінеді «жреби» таратып командаға ат қояды.Әр команда король сайлайды. Міне екі хандық, екі король тақта отыр. Біреуі «Мәдениет» хандығының королі. Екіншісі «Мәдениетсіз» хандығы

       Мен сендерге жағдаят ойлап ұсынамын ,сендер ондай жағдаяттан қалай шығасыңдар,шығуларың тиіс. Қандай хандықтың азаматы болатындарыңды король шешеді. Ол былай хабарлайды: Сен менің королдігімнің азаматы боласың дейді.

Мысал жағдаяттар:

- Маған бәліш сыйлады, бірақ тәтті болмай шықты мен...

- Автобуста отырған, бір әже кірді, отыратын орын жоқ,мен...

- Сыныптасып қаламын ұмытып кетті және мен...

Мен конструктор алуға ақша жинадым,бірақ мені туған күнге шақырды,мен...

Көрші сыныптағы бір ер бала қызға ойыншық бомба лақтырып жіберді,мен...

Мен партаның жанынан өтіп бара жатып,байқаусызда суы бар банканы қағып кеттім,мен...

Үзілісте мен сыныпта  1000 тг тауып алдым,мен...

Менің көзімше,менің жек көретін сыныптасымды мақтайды,мен...

Маған дөрекі жауап берді,мен...

Мен мектепке кешігіп жатсам, бір әйел өзін нашар сезінді,мен...

Мені киноңа шақырды,бірақ анам ақша жоғын айтты,мен...

Еңбек сабағына мен ермек сазды ұмытып кеттім,мен...

Ойын: «Ия, жоқ, мүмкін»

Мен сыныпқа ой тастаймын.Егер сендер келіссендер «ия»,келіспесендер «жоқ» қатарына отырыңдар, «мүмкін» деп ойласаң қолыңды көтер.

- Менің сыныптас достарым көп.

- Ренжіткен адамды қорғау керек.

- Өзіңе жақсылық күтсең ешкімге, арамдық жасама.

- Барлығын ақшаға сатып алуға болады.

- Кім маған көмектеспейді,менде оған көмек көрсетпеймін.

- Менің мұғалімім бәрін біледі.

Сабақ қортындысы (топпен жұмыс)

Сендерге бірнеше мақал мәтел ұсынамын.

Рефлексия

Бір данышпан адам айтқан екен:

Жақсы сөз - түбірлер.

Жақсы сөз - гүлдер

Жақсы сөз - жемістер

Жақсы сөз - бау-бақша

Дегенмен,бәрі айтқанындай жасамайды.Айтуға бәрі оңай.Мен сендерге өздеріңді мына баспалдаққа қоюларыңды өтінемін.

Мен дұрыс таңдау жасаймын.

Мен дұрыс таңдау жасағым келеді.

Мен қалай дұрыс таңдау жасау керектігін білемін.

 

 

14-сабақ

МЕНІҢ БЕСІНШІ СЫНЫПТАҒЫ ОҚУЫМ

 

Мақсаты:бесінші сынып оқушыларының оқуға саналы көзғарасым дамыту.

Міндеттері:

- Оқу білуге бағдар беру.

- Өзіне сыйлауға тәрбиелеу

- Оқушылардың шығармашылық белсенділігін және ойлау қабілеттілігін дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар тақтаға қарап, онда жазылған мақал-мәтелдерді оқиды:

1.Оқу-білім бұлағы.

Білім-өмір шырағы.

2.Білекті бірді жығады.

Білімді мыңды жығады

3.Мектеп-білілім ордасы.

- Сендер қалай ойлайсыңдар,бүгінгі әңгіме не туралы?

- Сендерге білім не үшін керек,білімді болу өте қиын.

- Мектептен соң білімді қайдан алуға болады?

 (Мектепте алған білімдерің сендерге мамандық   таңдауға, құрметті адам болуға, елімізге пайда әкелуге көмектеседі. Атақты адамда!институт,университтер мен академияда жақсы білім алды)

Иә,сендер дұрыс айтасыңдар, бүгін біз оқу туралы айтамыз, біз сабақтың тақырыбын шешіп, айтуымыз керек. Кім айтуға дайын?(жауаптары)

Ақпарат

Ал, балалар сендер бір сұраққа жауап беріңдер. Адамға оқу не үшін керек?   Адам оқиды, себебі ол бәрін білгісі келеді, білім алуға құштарлығы болады. Ол-ішкі себептер.

Тумысынан ол барлық адамда  болады,тек біреуі әрі қарай дамытады,екіншінің жағдайлармен өшіп қалады.Адам оқуы мүмкін себебі оны тұрмыстық жағдай мәжбүрлейді,оқымаса ол өмірде өзі қалаған орнын таба алмайды.

Осының барлығы сыртқы себептер: Олар да ішкі себептер тәрізді мықты.Сыртқы себептер табиғи білімқұмарлықты дамытады,сонда екі ғажап күш адамды шексіз қабілетті етеді.

Біздің бала кезімізде,бізге айтатын «Мектепке білім алуға барып кел» дейтін ата-аналарымыз. Біз кішкентай болғандықтан түсінбейтінбіз, білім деген не? және не үшін керектігін білмейтінбіз. Біздің ойымызша білім ата-анаға керек екен деп ойлайтынбыз.Әрі қарай өсе келе білімнің керектігіне көзіміз жетті. Және олар білуге шын мәнінде көмектесуде, біздің біліміміз қандай екенін біз сирек ойланамыз!

Білім-есіктің жауабын табу барысында қолданатын немесе негізге алатын қалыптасқан ақпарат.

Білім дегеніміз не? Білім  данышпандардың айтуынша біздің өмірімізде қауіпсіз, жайлы ете алатын, қателеспеуге көмектесетін мағлұмат.

Соломон туралы  өсиет әңгіме (мысалдар) талқылау. Ерте-ертеде шығыста, бір данышпан адам Соломон патша өмір сүріпті. Бір қу адам патшаны алдамақшы болған. Көбелекті ұстап алды да алақанына қысып, Соломанға айтады: Менің қолымда көбелек бар, ол тірі ме әлде өлі ме? деп сұрайды. Егер де патшп тірі десе алақанымды қатты қысып өлтіріп тастаймын деп ойлайды. Егер патша «өлі» десе алақанымды аша саламын, көбелек ұшып кетеді. Осындай сұрақ қойған адамға Соломон патша: «бәрі өз қолыңда» деп жауап береді.

Мұғалімнің сұрағы: Соломоның, «Бәрі өз қолыңда» деп жауап береді.

Жарайсыңдар балалар! ең бастысы ешкімді алдамаңдар,өтірік айтпаңдар бәрі өз қолыңда, ал енді бірнеше сұраққа жауап беріңдер.

Мектеп пәндері туралы жұмбақтар

1)Керекті ғылым,миға гимнастика бізді ойлатуға үйретеді...(математика)

2)Әр оқушы сауатты болады,егер де ол білсе... (орыс тілін)

3)Шет ел тілін білгің келсе,шетел тілін оқы               

4)Мәдинетімізді көтереміз,кітап оқуға үйретеді...(әдебиет)

5)денені шынықтырамыз,бұлшық етті дамытамыз...(дене шынықтыру сабағы)

6)Баланың вокалды қабілеттерін дамытады...(ән-күй сабағы)

7)Картиналар,бояулар,жоғары сезім.Оған үйретеді.(бейнелеу өнері)

8)Шеберлікке,жұмысқа баулиды...(еңбек сабағы)

9)Бұрынғы заман,бұрынғы аймақтарды зерттеп білуге...(тарих үйретеді)

10)Табиғатты сүюге, қастерлеуге ...табиғаттану үйретеді.

«Менің арманым» жаттығу

Балалар, кімнің арманы бар,кейбіреулерінің 5-ші сыныпты үздік аяқтауды армандайтыңдарың бар шығар.Өз арманында күмәнданатындар бар ма?

Бір оқушы тақтаға шығады, сол бала арманына сезіктенеді. Оқушыға таяқша көрсетеді. (қалам,қарындаш) осы таяқша сенің арманың. Ал енді осы таяқша сенің сырт жағыңнан ұсынамын, ал сен арманыңа қол жеткіз, бұрылмай, оңға, солға қозғалмай сол таяқшаны алуың керек!

Былай жасау керек, алғашқы рет ол таяқшаны, яғни арманына қол жеткізе алмау керек.Ол қандай, арманына қол жеткізуге тырсу керек.Таяқшаны алған соң, сұраққа жауап береді:

- Арманыңа қол жеткізгенде сенің сезімің қандай?

- Алғашқыда таяқшаны  ала алмағандағы сенің сезімің қандай?

- Арманың орындалу үшін не істеу керек(Арман:бесінші сыныпты үздік аяқтау)

-  Енді арманыңда күмән бар ма?

Әңгіменің соңында керемет келбеттері бар суреттерге назар аударыңдар (7сурет). Сендердің міндеттерің осы суреттің қайсысы сенің оқуға деген көзқарасыңды көрсетіп тұр.(сурет)

Қосымша.

Тест: «Мектеп уәжін анықтау» Н.Лусканова

Мектеп уәжін анықтау мақсатында оқушыларға 10 сұрақтан тұрады. Балаларға түсіндірілмейді, егерде балалардың төмен уәжі анықталса, сол баламен психолог жеке әңгіме жүргізеді, ата-анасы мен сынып жетекшіге ұсыныстар беріледі.

1)Саған мектепте ұнайды ма?

А)онша емес

Б)ұнайды

В)ұнамайды

2)Сен, таңертең метепке қуанып келесің бе немесе сен жиі үйде қаласың ба?

А)үйде жиі қалғым келеді.

Б)әр түрлі жағдай болады.

В)қуанып келемін

3)Егер де мұғалім былай айтса,барлық оқушылар ертең үйде қалуларыңа болады,қалғыларың келсе үйде қалыңдар,сондай жағдайда не істейсің?

А)білмеймін

Б)үйде қалар едім

В)мектепке келер едім

4)Кейбір сабақтар болмаса,саған ұнайды ма?

А)ұнамайды

Б)әр түрлі сезім

В)ұнайды

5Үй тапсырмасын бермегені,саған ұнайды ма?

А)ұнайды

Б)ұнамайды

В)білмеймін

6)Мектепте біріңғай  үзілістер болғанын қалар ма едің?

А)білмеймін

Б)қаламас едім

В)болғанын қалар едім

7)Ата-аналарға мектеп туралы айтасың ба?

А)сирек

Б)жиі

В)айтпаймын

8)Сенің мұғалімің шамалы қатал болғанын қалар ма едің?

А)нақты білмеймін

Б)болғанын қалар едім

В)қаламас едім

9)Сыныпта достарың көп пе?

А)аз

Б)көп

В)достарым жоқ

10)Сенің сыныптастарың саған ұнайды ма?

А)ұнайды

Б)онша емес

В)ұнамайды

 

Тест: жауаптарын есептеу сауалнама сұрақтарына берілген жауаптарды 3-ке бөліп, балл санын есептеу.

 

сұрақ

 

«а»жауабы

«б»жауабы

«с»жауабы

1

1

3

0

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірінші деңгей:25-30 балл оқу белсенділігі мен мектеп уәжі өте жоғары.

Мұндай балалардың танымалдылық мотивті,оқуға ынтасы жоғары,мектеп талантарының барлығын орындайды.Оқушылар,мұғалім тапсырмаларын  жауапкершілікпен орындайды,нашар баға алса қатты күйзеліске түседі.Мектеп тақырыбындағы суретте олар нақты алдындағы мұғалімдер,сабақ барысын суреттейді.

Екінші деңгей:20-24 балл мектеп уәжі жақсы.Мұндай көрсеткіштер көбіне бастауыш сынып оқушыларында болады. Суретте олар оқу барысын суреттейді.Ал жауаптарында қатаң талантар мен нормаларға тәуелділіктері шамалы.

Үшінші деңгей:15-19 балл мектепке оң көзқарас бірақ мұндай балалардың сабақтан тыс уақыт қызықтырады.Олар мектепте өздерін жақсы сезінеді дегенмен олар мектепке балалармен, мұғалімдермен сөйлесу үшін келеді.Оларға әдемі сөмке ,қаламдар, дәптерлер ұнайды.Танымалдылық қызығушылықтары аз, оқу барысы оларды қызықтырмайды. Суреттерінде олар оқу барысын емес, жалпы мектептегі жағдайларды суреттейді.

Төртінші деңгей:10-14мектеп уәжі төмен. Мұндай балалар сабақтан жиі қалады. Сабақта бөгде іспен,ойынмен айналысады. Оқу барысында қиындық көп көреді.Мектепке бейімделуге тұрақсыз.Мектеп тақырыбындағы суреттерде ойын сюжеттерін салады, мектеп өмірмен еш байланысы жоқ.

Бесінші деңгей:10 балалардан төмен-мектепке көзқарасы жағымсыз, мектепке  бейімделмейді.

Оқуда көп қиындық көреді, жаман оқиды, сыныптастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынастары проблемалы нашар.Мектепті олар дұшпандық орта деп есептейді. Кішкентай балалар (5-6жас) үйге кеткілері келіп, жылайды. Кей жағдайда оқушылар агрессивті мұғалімнің тапсырмаларын орындаудан бас тартады, мектеп ережесі мен нормаға бағынғысы келмейді! Мұндай оқушыларда жүйке психологиялық бұзылыстар байқалады.

Олардың салған суреттері мектеп тақырыбына мүлде сәйкес келмейді, тек баланың өзіндік құмарлығын көрсетеді.

Үйге тапсырма: «Менің мектебім»тақырыбында сурет салып келіңдер.

Рефлексия:

-Білім деген не?

-Білім не үшін керек?

-Болашақта кім болғың келеді,оған қалай жетесің?

 

 

15 -16 - сабақ

МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

 

Мақсаты:өзара қарым  -қатынас мәдениет: мен оқуға мотивациясын дамыту

Міндеттері:

      - мақсатқа ұмтылған , өзінің жауапгершілігі әдептілік, өзіндік қадір —  қасиет , абырой сезімдерін дамыту!

      - ұл мен қыздың сыртқы түрлерінің жеке ерешеліктері туралы білімді кеңейту және жинақтау

      - материалды дұрыс баяндау сауатты сөйлеу, ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту .

Ұйымдастыру кезеңі

Мектеп - сендер білім алатын бір ғана орын . Сендерді сонымен қатар ата-аналар мен достарың , қоршаған әлем және көңілді ойындарда оқытады.

Сабақ басында шамалы сергіту сәтін өткізейік .

«Ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдер»

Психолог  балаларға карточкалар таратады, алда күнделікті естіп жүрген фразалар жазылған : Маған жақындап кел, отыр өтінемін !    Сен неге осылай жасайсың ? «маған кітапты берші», «сен неге күлесің?» және т.б әр қайсың осы сөйлемдерді үш рөлге бөлін оқисыңдар : ата-ана , мұғалім оқушы. Қалғандары қандай рөлде оқығанын шешіп , айтуларың керек.

Сауалнама:

Оқушылар мұғалім сауалнамасын толтырғанда жазған сөйлемдерін аяқтап жазуларын керек:

 - Сыныпта мен...

 - Үйде мен...

 - Мен достарымның арасында...

Сөйлем жазған карточкаларға оқушылар атын жазбайды. Сосын карточкалар араластырылады да қорапқа салынады.Мұғалім карточканы бір-бірден алып оқиды,ал балалар кім туралы айтылғанын анықтау керек. Әсіресе 5-сынып оқушылары осы ойынды қызығып ойнайды, жазылған сөздерінен бас тартпады, ұялмады.

Кезінде мектептер қазіргідей заманауи болған жоқ. Міне қазір бұрынғы мектепке аттанамыз.

«Сезім кітабы» жаттығу

Оқушылар 3 топқа бөлінеді, тапсырма алады.

 1.Топ: «Менің мектептегі сезімдерім»

 2.«Үй тапсырмасын орындау барысында менің үйдегі жиі болатын сезімім»

 3.«Мектепте достарымның арасында болғанда, менің сезімім»

Дәптердің соңғы парағына, өздеріңде нені өзгерткілері келетінін жазады. Ойын соңында психологпен бірге пікір алмасады, ойын барысында не ұнағанын және неге екенін айтады. Бұл ойының жалғасы болуы тиіс. Ең бастысы-балалар ойлаулары керек, қай жерде олар шын сезімдерін білдірді, қай жерде жалған сезім.

Бұл жаттығуды келесі сабаққа үйде орындауға беруге болады. Ең үздік мектеп туралы  (астарлы әнгіме мысалы). Ең үздік жақсы мектепте жақсы жөндеу жасалады. Еңбек ақы ең жоғары болады, ең жақсы жабдықтар тұрады. Әлде «жақсы , үздік» деген басқаша болады ма ?

Ата-анасы баласына жақсы мұғалім таңдады.Таңертең атасы немересін мектепке әкелді. Атасы мен немересі ауылға шыққанда, балалар оларды қоршап алды:

 - қандай күлкілі ата, -деп бір бала күлді.

 - Ей кішкентай борсық! деді екіншісі

Балалар айқалап атысы мен немересі айналып, күлді.Осы кезде мұғалім қоңырау соғып, сабаққа шақырды балалар жүгіріп кетті.

Атасы немересінің қолынан ұстап мектеп ауласынан көшеге шықты.

- Алақай,мен мектепке бармаймын!-деп бала қуанды.

- Барасың,бірақ бұл мектепкке емес-деді атасы, мен саған өзім тауып беремін мектепті. Атасы немересін үйіне апарып әжесіне тапсырды да, өзі жақсы мұғалім іздеп кетті.

Мектеп көрсе болды, атасы ауылда мұғалім оқушыларды үзіліске жібергенін тосып тұрды. Кей мектеп те балалар оны байқағанда  жоқ, кей мектепте оны мазақ қылып күлді. Атасы үнсіз шығып кеттіп отырды . Соңында ол кішкентай мектептің кішкентай ғана ауылдасына кіріп, шарбаққа сүйеніп тұрды. Қоңырау соғылды, балалар жүгіріп ауылға шықты.

Ата, сізге не болды,су әкеліп берейін бе?деген дауыс естілді.

Біздің ауылда орындық бар,соған отырыңыз,өтінемін деді екінші бала.

Қаласаңыз, мұғалімді шақырайын деп сұрады тағы біреуі. Шамалы уақыттан соң ауылға жас мұғалім шықты.

Ата амандасты да:

 - Әйтеуір,бір жақсы мектепте таптым ау немерем үшін деді ата .

 - Сіз қателесесіз,біздің мектеп жақсы емес, біздің мектеп тар,кішкентай деді мұғалім

Атасы мұғаліммен келісті, үйге кетті .

Кешке баланың анасы атадан сұрады:

Әке, сіз сауатсызсыз!Сіз неге жақсы мұғалім таптым деп ойлайсыз?

Оқушыларына қарап мұғалімін таниды, деді ата.

Ал енді сендер мектепте оқи жүріп,өздерінің міндетті түрде орындауға тиіс ережелерді білесіңдер ме, соны тексереміз.Презентация: тәрбилі балалар үшін ережелер: Мен сендердің жеңіл емес еңбектерің-оқуда сәттілік ,табыс тілеймін. Жақсы балалар бастысы екенін естен шығармаңдар. Ең бастысы-жақсы ұл-қыз,немере, дос,құрбы болу яғни жақсы адам болу керек екенін ұмытпаңдар.

«Мен оқушымын» жаттығуы

Қатысушылар шеңбер құрады, жүргізуші кез келген әдіспен (доп лақтыру,санамақ т.б)бір баланы таңдап, ортаға отырғызады, ал қалғандары оны аяқтайды.

Нұсқалар:

 - Оқушы тоқсанды ойдағыдай аяқтайды.

 - Оқушы сыныпта жаңа бала.

 - Оқушы бақылау жұмысына керемет дайындалады

 - Оқушы сыныпта кезекшілікті жақсы ұйымдастырады.

 - Оқушы жақсы спортсмен

 - Оқушы жақсы оқуға талпынады

 - Оқушы жақсы сурет салады

 - Оқушы жақсы билейді

 - Оқушы жақсы әзір жауап береді

 - Оқушы айтқанында тұрады

  (тапсырма әр түрлі әдіспен берілуі мүмкін бірақ баланың жеке ерешеліктері есепке алынады)

 

Рефлексия

 - Біз білімді қайдан аламыз?

 - Не үшін оқу керек, түсініктеріңізді айтыңыздар?

 - Біздің мектебіміз қандай?

 

 

 

 

III ТАРАУ

ҰЛДАР МЕН ҚЫЗДАР

 

17-18 сабақ

«МЕН – КІММІН?»

 

Мақсаты: қарым-қатынас белсенділігі,өзін-өзі ашу өзі-өзі диагиостикалау тәсілдерін меңгеру.

Міндеттері:

 - Өмірде тек жақсыны көру,өзінің жақсы және жаман тұстарын көруге үйрету.

 - Онда жағымды  қасиеттер көп екенін түсіндіру.

 - Басқа адамдар мен өзін толық және баламалылық (адекват)тану қабілеттілігін дамыту.

 - Ішкі «Мен»ұғымын сипаттау.

Ұйымдастыру кезеңі

 «Өз есіміңді айт»жаттығу.

Барлықтарының дөңгеленіп отырыңдар,өз аттарыңды жіне жағымды қасиеттеріңді айтыңдар аталатын қасиет сенің атыңның бірінші әріпінен басталуы керек.

Осы жаттығудан соң талқылау өткізуге болады,өзің де нені бағалайсың? Жақсы қасиетті табу үшін қиын ба?

Жасөспірімдерге қажетті әріптен басталатын қасиетті нәрсе бар.Ол кішкентай ғана тірі «нәрсе», ол барлық өмірдегі жағдайларға елең дейді.

Көздеріңді жұмып, оны көз алдарыңа елестетіңдер. Ол сендердің сезімдеріңе байланысты түсін өзгерте алады.

Ол жұмсақ, мамықтай болады егер де сендерге жақсы болса,ол қара түске де енеді, суық тас сияқты қатты да болады, егер сені ешкім түсінбесе, барлығы тек ұрса берсе ол үлкен, ашық түскеде боялады, көңілді болсаң,ол тікенекті,темір тәрізді де болады, егер оны ренжітсе, ауыр соққы алса. Бұл деген кішкентай ғана тірі «нәрсе» ол біздің «Мен» деген ұғымымыз. Ол әрқашан бізбен бірге, ұйықтағанда, демалғанда, рахаттанғанда, бақытты болғанда және кейбір мәселелерді шешкенде бірге болады.(көзімізді ашамыз) Сендер ойларыңмен бөлісіңдер,бүгін сендердің "Мен қандай"?

Ал қазір өздерінің "Мен" туралы айтыңдар:

-Сендер ашуланғанда...

-Бақытты болғанда...

-Сендерді ренжіткенде...

-Сендер күлгенде,көңілді болғанда...

Біздің "Мен"-ол біздің ішкі әлем "жан-дүниеміз".Психология сабағында "Мен туралы көп нәрсе білесіздер көптеген сұрақтарға" жауап бересіңдер: ол қандай болады,нені сезінеді;

"Ең-ең жаттығу"

Дәптерлеріңе өмірдегі сендерге маңызды,бастысы не екенін дәптерлеріңе жазыңдар (балалар жазып жауаптарын оқиды) Мұғалім олардың жауаптарын тақтаға жазады.

Әр пунктіні талқылау. Балалар сұраққа жауап береді.

- Денсаулық өмірде неге маңызды?(ұзақ өмір сүру үшін)

- Отбасы неге қымбат(ата-анам маған өмір сыйлаған , мені жақсы көреді)

- Неге сенің достарың қымбат?(қиын кезеңде олар маған көмектеседі,олармен құпияңды бөлісесің)

(талқыланбайтын мысал)"Баты бол әрекет жаса!"

Бір күні патша қол астындағы адамдарды сынамақшы болды, ол патшалығында кім маңызды мемлекеттің орынды алғысы келетінін білгісі келді. Оның жан-жағында данышпан және білікті адамдар көп болды.

"О, данышпандар - деді оларға патша - менде сендер үшін қиын есебім бар, соны кім шешеді екен?

Ол қатысушыларды үлкен есікке алып келді, мұндай есікті ешкім бұрын көрмеген. Бұл ең үлкен және ең ауыр есік менің патшалығымда.

       Осыны кім ашып береді екен?-деп сұрады патша.Кейбіреулері бастарын шайқады.өздерін данышпан санағандар есікке жақын келіп қарады, бірақ аша алмайтынын мойындады. Егер данышпандар солай деп жатса, басқалар да олармен келісті.

Тек бір мұқият қарап шықты, былай итерді есікті ашуға тырысты, шамалыдан соң есікті бар күшімен итеріп қалып еді, есік ашылып қалды. О керемет, есік ашылды! Ол тек қана жай жабық тұрған екен, құлып салынбапты.Тек ерік керек еді тексеру үшін, өжеттілік керек шешім қабылдау үшін.Сонда патша хабарлама жасады.Сен патшалықты осы орынды аласың, себебі жақсы көресің, естисің бірақ өзіңнің күшіңе сенесің, әрекет жасауға қорықпайсың!

Балалар!Өзіңе сенімді болсаң, барлығы орындалады.

"Өзің туралы коллаж " жаттығу.

Кіріспе бөлімі:әр кім өзінің кемшіліктері мен қадір-қасиетін көпшілікке көрсете алмайды. Бұл жерде әркімнің жеке мінезіне байланысты. Басқаларға сену-өзіңе сену өз мүмкіндіктеріңді жақсы жағын өзгерту - осы жаттығудың негізгі міндеті.

          Алдымен әр қатысушы ватман парағын вертикаль бойынша екіге бүктеп, дәл ортасынан адамның басы  сиятындай тесік жасайды. Сосын оны киесіңдерде тірі жарнамалық тумбаға айналасыңдар, оның бергі беті және сырт жақтары болады. Бергі бетіне қатысушы өзінің жеке ерешеліктері туралы коллаж жасайды. Бұл жерде өзіңнің қадір-қасиетіңді көрсетесің, бірақ, жағымсыз қасиеттеріңді де ұмытпа. Сырт жағы (арқа жағы) бір нәрсеге жету үшін ынтаңды, қалау тәсілдеріңді, арманыңды айқындайды.

Коллаж мәтінінен,суреттер,басылым беттерінен қиын алынған фотографиялардан тұрады,қажет болса өз қолыңнан суреттер т.б қосуға болады.

Жұмыс аяқталған соң,барлығы өздерінің коллаждарын киіп алады да бөлме ішінде жүреді.Осы жерде бір-бірінің жазғандарын оқып,сурақтар қоюға болады.Ақырын музыка ойнап тұрады.

Плакаттарды талқылау:

Тапсырманы орындау барысында өзіңнің қандай адам адам екеніңді түсінген сияқтысың?

Ватман бетіне сен өзіңді жан-жақты толық көрсете алдың ба?

Қайсысы жеңіл болды:өзіңнің қадір-қасиетіңді көрсету немесе кемшіліктеріңді көрсету,серіктестеріңнің  арасында өзіңе ұқсас адамды таптың ба ?

Кім сенен ала бөтен ерешеленеді?

Кімнің коллажы ұнады жіне неге ?

Үйге тапсырма "Девиз"жаттығу

Мақсаты:Девиз арқылы өмірдегі нұсқаларыңды көрсет.

Міндет:дәптерге өз девизіңді жаз .

Нұсқаулық: Орта ғасырда рыцарларда мынандай дәстүр болған-қақпаға,герб әскердің қалқанына девиз жазылатын,ал қысқаша мақсатты білдіретін.Сендердің девиздерің басты мақсаты бағытталған,жолын әлемге дүниеге көзқарастарыңды, сенің мұратыңды айқындау керек, өзіңе сұрақ қойып жауап беріп көр:өмірде мен нені үйрендім,не үшін өмір сүремін,нені қадірлеймін. Девиз түсініктеме берулеріңе болады, тан алдыңда өз девизіңді қорғауға дайындал.

Қортынды шығару : әр адам қайталанбайды,оны отбасы да бағалайды, ал өзін жақсы көруі тиіс, басқа да адамдардың оны жақсы көруге құқығы бар .

Өзіңді жақсы көру яғни өз әрекеттеріңді мақтан ету сенімді бөлу ; Егер де адмның өзін-өзі бағалауы төмен болса,онда ол өзіңнің әлсіз,жалғыз екенін сезінеді.

Рефлексия

1)Мен бүгін қандай жақсылықты білдім?

2)Мен өзімді қалай жеңдім?

3)Қандай жаңа сезімді сезіндім?

 

 

19-сабақ

ҰЛДАР МЕН ҚЫЗДАР ӘЛЕМІ

Мақсаты: ұлдар мен қыздар арасындығы достық қарым-қатынасты дамытуға ықпал ету.

Міндеттері:

-ұл балалардың қызға деген құрмет көрсетуі, азаматтығы мен өз бетінше дамуын тәрбиелеу.

-ұлдар мен қыздарға бағаланатын адамагершілік қасиеттерді дамыту.

-ұл балалармен қыздар өзара дос болу,бір-бірін сыйлау керектігін үйрету.

Ұйымдастыру кезеңі

Бүгін біз өте қызықты тақырыпты талқылаймыз, бірақ мен айтпаймын,сендер өздерің шешіп ,айтасыңдар! Мен сендерге бірнеше ой саламын ал қазір кішкене ойнаймыз.

«Молекулалар»-ойыны.

Ойын ережесін мұқият тыңдаңдар,сендер білулерің мүмкін,біз және бізді қоршаған ортабарлығы «молекула»-деп аталатын бөлшектерден тұрады,яғни сендер сол молекуласындар,менің айтқаным бойынша әр түрлі бағытта қозғалуды бастайсыңдар.Дегенмен сендер менің шапалақ ұрғанымды және кез келген санды естігеннен соң сол санға сәйкес адам жинап шеңберге қол ұстысып жиналуларың керек.Шеңберде орын жетпесе,менімен бірлесіңдер. Ал кәне бастайық...

(психолог өз атаған санға сәйкес қатысушылары тең тең түскен 2 команда жинағанша ойннайды)

«Бұл кім» жаттығу.

(«Молекула» ойыны бойынша топ 2командаға бөлінеді)

Әрқайсыңның дәптерлеріңде фигуралар бар,олардан сурет құрастырыңдар.

(қыздың суреті -1топ;ұл баланың суреті 2- топ) тапсырманы орындаған соң сабақтың тақырыбы айтылады.

Талқылау

Біздің сабағымыздың тақырыбы қалай аталады,кім айтады екен?

(Балалардың жауаптары тыңдалады)

Ақпарат

5-сынып . оқушылардың көпшілігі қарама-қарсы жыныс өкілдерімен достасуға болады ма деп көп ойланады.

Егер де  ұл бала қыздармен дос болса,оның керемет мүмкіндігі ашылады,мынандай қасиеттері дамиды: әдептілік,сенімділік, мақсатқа ұмтылғышы,адамдардың қайғысына ортақтасып,достарының жетістіктеріне қуана білу.

Қыз егер де ұл баламен дос болса алатыны көп,біріншіден досының әңгімесіне қарап(ата-аналарымен талқылап) қыз түсіне бастайды,қыздардың қандай қасиеттері  ұлдарға ұнайтынын,әр түлі жағдйаятта қалай өзін-өзі ұстау керектігін жақсы түсінеді.Екіншіден; қыз бала әр қашан өзін «бір адам қорғап жүргенін » сезінеді,үшіншіден: өзінің эмоцияларын бақылай алады,үрейленіп ,қорықпайды.

Белгілі бір затқа әр түрлі көзқарастары қиындық кезінде бір-біріне ымыраға ,келісімге келіп,кездескен мәселеге басқа жағынан қарауға мүмкіндік береді.

Сонымен қарама-қарсы жыныс дегеніміз не?

Жыныс-ағзаның туа біткен анатомия –физиологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.Адам әйел немесе еркек жынысты болатын тұлға.

«Мен көп есім білемін»-сергіту ойыны.

(психолог алдымен қыздардың ,сосын ұлдардың есімдерін айтып доп лақтырады)

Әр қайсыңда аулада ,сыныпта,мектепте достарың мен құрбыларың бар! Солай емес пе? Мен ұлдардан сұрайтыным,оз достарыңды атаңдар!

-Сендардің достықтарың қалай білінеді? (Балалардың жауаптары)

-енді қыздар сендер дос-құрбыларыңды атап өтіңдер және қалай доссыңдар? (Балалардың жауаптары)

Сендерді тындап және сендердің дос-құрбыларыңның есімдерімен таныса отырып,мен мынадай қорытындыға келдім,ұл баланың қыздар арасында , қыздардын ұлдар арасында достарыф жоқ .себебі не? (Балалардың жауаптары)

Ана мен әке туралы жұмбақтар.

Жаттығу «Ұлдар мен қыздардың қасиеттері»

Аналар кезінде қыз болса, әкелер ұл болды.

Бізге балалық шақтан түсінікті,ұлдар мен қыздардың айырмашылығы неде?

А)балалармен әңгіме (ұл мен қыздың айырмашылығы)

Б) «кімнің қасиеттері»-жаттығу.

Қазір мен ер адамның қасиеттерін айтамын, егер аталған қасиет ер адамға тән болса аяқпен тарсылдатасыңдар.

Ер адам: күшті, жауапты, нәзік, шыдамды,жұмсақ,еңбек  сүйгіш,ақылды,ұялшақ,шешім тез қабылдайды.

Енді мен әйел адам қасиеттерін айтамын дұрыс болса шапалақ ұрасыңдар,қате болса аяқпен тарсылдатасындар.

Әйел адам: қарапайым,салмақты, дөрекі, жұмсақ,нәзік, сүйкімді, түсінігі мол,қатыгез,шаруашылықты меңгерген.

«Біздің қыздар қандай,біздің ұлдар қандай»- жаттығуы.

Мұнандай сөз бар:Әрбір әскери адам генерал боламын деп армандайды.Ал, әр ұл бала құтқарушы болмаса да ұқсағысы келеді,әрине нағыз құтқарушы қыздарды ренжітпейді,керісінше қыздар мен достасуғав ұмтылады.

Ұлдарға тапсырма: қыздар қандай болғанын көргің келеді, жазыңдар.

Қыздарға тапсырма:ұлдар қандай болғанын көргің келеді,жазыңдар.

(Бұл тапсырмаға барлық балалар қатысады, тек біреуі ғана шығып қорғайды)

Қортынды:Менің ойымша ұлдарға түсінікті болды,олар қандай болу керек және қыздар олар мен достасып,сыйлау керек екені түсінікті болған сияқты.Ал қыздар ұлдар жазған қасиеттерді бойымызда сақтап,ұлдар сендерді бағалай білсін.

«Чемодан және кішкентай сөмке»-жаттығу.

(Тақтада үлкен ер адамның чемоданы және әйел адамың кішкентай сөмкесінің суреттері ілінген,ал балалардың алдында журналдан алынған әйел,ер адамдардың заттарының кесінділері.)

Ал кәзір әркім өзіне зат таңдайды, ұл болса ер адамның заты ,қыз болса әйел адамның затын таңдап чемоданға не болмаса сөмкеге апарып салады.(Әр бала таңдаған затын апарып салады.)

«Мен кіммін,ойланып тап»-жаттығу

(психолог қимыл арқылы әйел және еро адамның рөлін көрсетеді,балалар тауып, айтады.Мысалы:шеге қағу,күш көрсету ,макияж жасау,әйелдің жүрісі т.б).

«Шапалақ» белсенді- ойын.

Сол жақ алақанды маған көрсетіңдер.Енді оның үстіне баланүйрек саусақты қойып ,соғыңдар,содан соң ортан терек,шылдыр шүмек,кішкене бөбек және бас бармақты қойып, соғыңдар,шапалақтаңдар.

Ал енді қыздар ұлдарға,ұлдар қыздарға шапалақ ұрады.

«Алақандар»-ойыны.

Қыздар ішкі шеңберге арқаларын ортаға қаратып тұрады.Ұлдар қыздарға қарап сыртқы шеңберге тізіледі.

Алақанмен ойнаймыз ,қыздар алақандарын ұлдарға созады,ұлдар қолджарын қыздардың алақандарына қояды.Қыздар жылдам ұлдардың қолдарының сырт жағынан соғулары керек,ал ұлдар тез қолдарын тартып алады.Сосын ауысуға болады (Менің шапалақ ұрғаным бойынша сыртқы шеңбер айналады да келесі ойыншыға ауысады,ойын ұлдар жеңілгенше жалғасады )

«Қыздар тоқтаңдар,ұлдар тоқтаңдар»-ойыны.

Қазір,ұлдар мен қыздар сынып ішінде кез келген бағыттажүре бастайды,менің «қыздар тоқтаңдар!»-деген командамды естіген сәтте қыздар тұра қалады,ұлдар жүре береді,егерде мен  «ұлдар тоқтаңдар!»-десем ,ұлдар тоқтайды,қыздар жүре береді.

«Қайырымдылық пен зұлымдылық»-аңыз әңгіме.

Бір күгі Қайырымдылық Зұлымдыққа қонаққа келеді.Зұлымдық шай береді,бірақ қанттың орнына тұз салады.Қайырымдылық тұздышайды ұрттап көреді,бірақ Зұлұмдыққа ештеңе айтпай,сый құрметіне рахмет айтады.

Балалар сендер қалай ойлайсыңдар Қайырымдылық Зұлымдықтан кетерінде не деп айтты  екен?

Қайырымдылық Зұлымдықтан кетерінде былай деді: «Сіздің қантыңыз тәтті емес екен ,міне сізге ақша кәмпит алыңыз».

Зұлымдық ашуланып қалсада ақшаны алды.

Сөйтіп, Қайырымдылық Зұлымдықтың арамдығын қайырым жасап төледі.

Қайырымдылық арқашанда күштіАдамдар қарапайым адамдарды үнемі естеріне сақтайды,қиындық жағдайда көмектеседі.Зұлым,арам адамдар үнемі жалғыз өмір сүреді.

Қарапайым сезім үнемі адамның қарапайымдылығынкөрсетеді ,үнемі қарапайым істерге жетелейді.Ондай адамда өзіндік беделі , ісіне сөзінепайындауында сенімділік болады.Арамдық пен байланысты сезімдер:қорқақтық,өтірік айту,үрейлену,теріс әректтерге әкеліп соқтырады.Ол әдеттерден құтылу керек,арамдық,зұлымдық туғызады.Қарапайымдылыққа үйрену керек.

Үйге тапсырма:  Үйде ересектер мен талқылаңдар.

«Қарама – қарсы жыныстағы сыныптастарыңмен қалай кішіпейіл,қарапайым болуға үйрену

керек» - тақырыбына жаднама құрастырыңдар.

Қортынды:

1.Жиі күліп жүр,қарапайым сөздерді көп айтып жүр.

2.Елгезек және кішіпейіл бол.

3.Шыдамды бол және дөрекі мінез көрсетпе.

4.Адамның жақсылығын көріп жүр,қамқор жаса.

5.Достығыңа ,сөзіңе сенімді бол.

6.Адал бол.

Рефлексия

1.Қарама-қарсы жыныс дегеніміз не?

2.Қарама-қарсы жыныс өкілімен дос болуға болама?

3.Зұлымдықты қалай жеңуге болады?

 

 

20 - сабақ

ҰЛДАР МЕН ҚЫЗДАР ӘЛЕМІ

 

Мақсаты:ұлдар мен қыздар арасында достық қарым қатынас дамытуға ықпал ету.

Міндеттері:

- ұлдарда ержүректік,өз бетінше әрекет жасау,қыздарды сыйлауды тәрбиелеу

- ұлдар мен қыздарда бағаланатын адамгершілік қасиеттер дамыту.

- ұлдар мен қыздар жақсы дос болу керектігін,бірін-бірі үйрету.

Ұйымдастыру кезеңі

        Мен сендердің көңіл-күйлерің жақсы екенін көріп қуанып тұрмын. Алдымен бір-бірлеріңе қараңдар, жымиып күліңдер, сабақ барысында қуаныш,тыныштық болсын! Бір-біріңе мұқият қараңдар.

- Сендерді қандай екі топқа бөлуге болады.

- Ұлдардың қыздардын айырмашылығы неде?

           Бүгін біз ұлдар қыздардан,қыздар ұлдардан немен ерекшеленеді айырмашылықтары неде, сол туралы айтамыз. Сендер дұрыс айтасыңдар, сырт пішімімен айрықшалайды, сонымен бірге мінез-құлықтары мен әрекеттерімен.

Қазір кішкентай эксперемент жүргіземіз дәптерлеріңе әр түрлі заттар бар солардың ішінен ұнағанын жанына белгі қойыңдар.

- Қыздар не таңдаған екен?

- Ұлдар ше?

Енді бірге ойланайық қыздар неге осы заттарды, ал ұлдар мыналарды таңдаған.

Қортындылау:

Ұлдар шапшаң, күшті, ер жүрек болулары керек. Ол қорғау керек. Ұлдар көп сөйлемеу керек, жыламауы керек. Ұлдар балға, күрек ұстау білулері керек, спортпен шұғылдану керек. Ұлдар еңбекқор, шыдамды, айтқан сөздерін орындау керек.Ұлдар қыздарды сыйлау керек.

Ал қыздар дөрекі сөйлемейді,барлық жерде ұқыпты,жинақты болу керек.Оларда тамақ пісіру,кесте тақу қызықтырады. Қыздар табиғатты жақсы көреді,талғамдары өте жақсы олардың шаш үлгілер, киімдері мен аяқ киім үнемі таза, тәртіпті.Олар әдемі жүреді. Қыздар басқа адамның жағдайын өте жақсы түсінеді, жылы сөзбен, ісімен көмекке дайын.Ұлдар мен қыздарды не біріктіреді? Ұлдар да қыздар да ақылды, білімді, белсенді, әдебиет пен өмір қызықтыра алады. Олар бірдей ойлап, шешім қабылдай алады.Қазір мен бірнеше үзінді оқимын, сендер өзі туралы айтып жатқан қыз ба, ұл ма? анықтаңдар.

Егер де ұл болса ұлдар тұрады , егер қыз деп ойласаңдар қыздар тұрады.

- Мен достарыммен футбол ойнағанда ұнатамын, мен үнемі спорттық киім,кроссовки киіп жүремін.

- Мен дүкенге барғанды ұнатамын әр түрлі киімдерді киіп көремін және айнаға қарағанда жақсы көремін.

- Соғыс туралы кинолар ұнатамын.

- Ағаштарға өрмелегенді жақсы көремін,құлап жатсам жыламаймын.

- Өзімнің сымбатыма қарап,қадағалаймын,әдемі жүруге тырысамын.

- Әкеммен бірге пәтерді жөндеу жасаған ұнайды.

- Ойыншықтарыма көйлек тіккенді жақсы көремін.

Балалар ойын оңай болды ма? Неге?

Ойының аты: «Затты іске пайдалан»

Сендердің алдарыңда заттар. Осы затты ұл мен қыз қайда қолданады.

Ұлдар мен қыздардың психологиялық айырмашылығы:

 1)Ұлдарға қарағанда қыздар тілалғыш.

 2)Ұлдар көбірек ерешекшеленгісі келеді,өнер тапқыш.

 3)Қыздарға қарағанда ұлдар ойлап тапқыштар.

 4)Қыздар еңбекқор ұлдарға қарағанда.

 5)Ұлдар көп орын алады.

 6)Ұлдар көбіне ақпаратты көзімен, қыздар құлақтарымен қабылдайды.

Ұлдардың қыздардан айырмашылығы неде?

Ұлдар киінгенде бірінші үстін,сосын астын киеді.

Қыздар керсінше астын бірінші ,сосын астын киеді.

Ұлдар футболкасын қолымен арқасынан тартып , басы арқылы тартып киеді.

Қыздар шешінгенде екі қолдарымен жоғары тартып кофталарын шешеді.

Ұлдар біреу шақырса барлық корпустарымен бұрылады,себебі мойындар икемді.

Қыздар тек бастарын ғана бұрады.

Ұлдар дем алғанда кеуденің бұлшық еттері қосылады.

Қыздар кеудесімен деп алады.

Ойлағанда ұлдар иегін және мойынмен қасиды.

Қыздар байласа саусақтарына шаштарына орайды.

Шаштарн жөндегенде ұлдар қолмен шашын сипап өтеді.

Қыздар шашын жөндегенде саусақтарымен көтеріп қояды.

Көтерілгенде (түскенде) тауға (таудан) ұлдар аяғын кең қояды.

Қыздар бір жағымен көтеріледі (түседі) өкшелерін ұлдарға қарағанда аяғын көтеріп, алдыңғы жағынан қарайды.

Қыздар өкшелерін кіндіктен төмен байлайды.

Халат белбеуін кіндіктен төмен байлайды.

Халат белбеуін кіндіктен жоғары, беліне байлайды. Құлақтарын саусақпен жабады.Креслоға жайыла отыру үшін аяқтарын кең қойып бір аяғының табанын екінші аяғының тізесіне қояды.Қыздар болса аяқтарын өздерінің астына жібереді. Құпия бір нәрсе айтқанда ұлдар дауыстап бжеңдетіп, бастарын төмен салады. Қыздар болса өз дауысын және құрбысының қулығын алақанымен жабады.Тістерін тазалағанда ұлдар аяқтарын иең қайып ,бос қолын раковина шетіне қояды.

Қыздар болса, тіс тазалағанда қолдары бүйірінде болады.

«Ойын комплимент»(алдын ала қыздар мен ұлдардан сұрауға болады.)

Екі командаға бөлінеміз:ұлдар,қыздар  қарама қарсы командаға жақсы сөз комплимент көп айтқан команда жеңімпаз болады.

Қыздарға сұрақ:

 -Ұлдарды не үшін сыйлау керек?(ақын,күш,адал,шыншыл,мейірімді)

 -Ұлдар,сендерге түсінікті шығар, не үшін сендерді сыйлау керек.

Ұлдарға сұрақ:

қыздарды не үшін сыйлау керек?(ақыл,шыншыл,ұқыптылық,барлығы қолдан келген үшін)Қыздар сендерге түсінікті шығар.

Ұлдар нағыз еркек рыцарь,ал қыздар нағыз әйел,әдемі,елгезек етіп тәрбиелеу керек.

«Әр түрлі әлем»  жаттығу.

Ал, қазір біз сурет саламыз.Сендер керекмет, ғажайып әлемге түстіңдер деп елестетіңдер.Бұл әлемде тек бір жынысты адамдар тұрады.Сендер осы әлемнің адамдарысыңдар.Мен сендерге бес мин беремін.Өздерінің қолдауларың бойынша осы әлемді өзгертуге болады.Ойлаңдар,бұл әлемде ұлдар көп бала ма әлде қыздар бола ма,қандай қасиеттері болады олардың.

Уақыттарың аяқталды. Ал енді ұлдар сендер бірінші болып бастаңдар,бұл әлемдегі адамдардың қасиеттері қандай?Ал қыздар мұқият тыңдаңдар.(ұлдар оқиды)

Ал енді жауап беріңдер:

 -Сендердің әлеміңдегі тұрғындар қандай қасиеттері басым оқуға болды.

-Қандай қасиеттері ұқсас. Оқуларыңа немесе ауызша айтуға болады.

Қортынды

Сендерде көп айырмашылық та ұқсастықта бар.қыздар,сендер ұлдар әлеміне қөргілерің келе ме?(қыздар жауабы)

Ұлдар,сендер қыздардың әлемін көргілерің келе ме?

(ұлдардың жауабы)

Мен сендердің пікірлеріңді сыйлаймын. (бұл сөйлемді міндетті түрде айту керек,қарама-қарсы әлмді көруге келіссеңіз де келіскеңізде)

 «Сөйлемді аяқта»жаттығу

Топпен жұмыс жасаңдар.Сендер сөйлемді аяқтауларың керек:-Біздің сыныптың ұлдары мен қыздары жақсы болар еді егер де...

Біздің сыныптың қыздары мен ұлдары тату, себебі...

2мин беріледі. Топпен қағазға жазады. Ал енді,қыздар оқиды өздерінің тілектерін...

Сосын ұлдар оқиды.

Сендер бір бірің туралы пікірлерді шыңдадыңдар коллаж көрдіңдер.Енді сендер дүние жүзінде жалғыз емессіңдер.Сендерде таңдау бар,барлығы қалай болды солай қалдыруға болады,немесе бір әлемге бірігуге болады.

Қортындылау:қымбатты қыздар, қадірлі ұлдар!Біз нені анақтағанымыз келеді?Ұлдар мен қыздар шын мәнінде екі түрлі әлем бе?(балалардың жауабы)

экранда жанады:»Біз әлемді әр түрлі көреміз,бірақ біз бір ортақпыз.

Иә,дәл «Біз әлемді әр түрлі көреміз,бірақ бізде көп ортақ нәрсеміз,кейде бір-біріне керек,бір әлем болып бірігеді.

Ұлдар мен қыздар арасындағы достық белгісі ретінде біз шырақ жағамыз.

Ал енді бір шеңберге тұрып осы шырақты бір-бірімізге береміз,ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас сондай нәзік сол шырақты біз алақанымызға қойып бір-бірімізге жақсылық тілек жақсы комплименттер айтайық.

«Біз біргеміз»(мен бастаймын балалар бір-біріне тілек айтып,шырықты беріп отырады.)

                                         

 

 

21-22 - сабақ

ОЛАР ЖӘНЕ БІЗДЕР

 

Мақсаты: ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас. Мәдениетін қалыптастыру және ұжымда тұлға аралық қарым-қатынас жасауға ықпал ету.

Міндеттері:

- балалардың өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін анықтау,туралы ұғымды кеңейту.

- мақсатқа ұмтылу,ерік,өзімен жұмыс жасау,тұрақтылық сияқты қасиеттердің адамгершілік бағалауын қалыптастару.

- тепе-тең өзін-өзі бағалау,өз іс-әрекетіне талдау жасау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіруін  қалыптастыруға себептесу.

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме ұлдар мен қыздар. Сабақты біз «Жел соғады оған, кім...» деген ойынан бастаймыз. Мен жел кімге соғады деп айтам, ал сендер орындарынды ауыстырыңдар.

Жел соғады оған кім 5сынып оқиды.

                            Кімнің ағалары бар

                            Кімнің аналары бар

                            Кім балмұздақты жақсы көреді

                            Кім ұйықтағанды ұнатады

                            Кім балық аулағанды жақсы көреді

                            Кім тоқығанды ұнатады

                            Кім футбол ойнағанды жақсы көреді

                            Кім кітап оқығанды жақсы көреді

                            Кім теледидар көргенді жақсы көреді

                            Кім компьтер ойнағанды жақсы көреді

Ал жел менің сол жағымда отырған қыздарға соғады. Жел оң? жағымда отырған ұлдарға соғады. Кім өзіне мынандай сұрақ қояды: Мен қандаймын? Менің қоршағандардың көзімен мен қандаймын?туралы не ойлайды.Мен басқаларға қарағанда әдемімін бе әлде жоқ па?(балалардың жауабы)

Проблемалық жағдай: «өзіңді қалай бағалау»

Сырт көзбен адамның өзін-өзі бағалауы қиын болады. Тоғызыншы сынып оқушысы Жұлдыздың аты қыздың әңгімесін тыңдайық. Анасы мен әжесінің ойынша Жұлдыз мектепте әдемі, ақылды қыз.Бірақ барлық мұғалімдер Жұлдызға тисе береді.Оның құрбылары Шолпан мен Раушанға қойғандай Жұлдызға үштік бағаларды көп қояды.Жұлдыз өзінің құрбыларын ақымақ деп есептейді. Ал Шолпан мен Раушан олай есептемейді, олар Жұлдызға өзі туралы жоғары пікірде ойлайтынын бетіне айтып береді.Қазір Жұлдыз олармен сөйлеспейді.Жұлдыздың ойынша олар оған қызығады.Жұлдыз өзі атақты болғанда қолдарынан дәлелдейтінін  айтты.

- өкінішке орай,тақтада жазылған өзіңді қалай бағалайсың?-деген сөз жазылған,әңгіме кейіпкері осы ережелерді біле бермейді.өзіңді қалай бағалайсың?

- өзіңді ісіңмен бағалайсың

- өзіңнен жақсы адамдармен салыстырасың ба?

- Сізге сын айтатын адам-сіздің досыңыз бола ма?

- Біреу сын айтса-ойланасың ба?

- Екі адам сын айтса-өзіне талдау жасайсың ба?

- үш адам сын айтса-өзіңді өзгертесің бе?

- өзіңе жұмсақсың ба әлде қаттысың ба?

Жұлдыз өзін дұрыс бағалады ма?Оның қателері бар ма?

Балалардың жауаптары:       

- Анасы мен әжесі пікірі бойынша өзін бағалады.

- Оқудағы сәтсіздіктерді мұғалімдерден көрді.

- өзін әлсіз балалармен салыстырды.өзіне талап қоя білмейді,өзіне-мейірімді болды.

- Сынды тыңдамайды,үш адам оған сын айтты,бірақ ол қортынды жасамады.

- Оның кемшіліктерін айтқан құрбылармен ұрсып қалды.Алдымен ісіне аспайтын мақсатты қойды.

Талқылау:

Өзің туралы білуге бола ма?

Өзің туралы білгің келе ме?

Өз мүмкіндіктерің мен қабілеттілігіңді әділ бағалау үшін өзіңді білуің керек? Ол не береді?

Дұрыс өзін-өзі бағалау не үшін керек?(оқушылар өз пікірлерін айтады)

Кәсіп таңдау, білімділігін мойындау.

Қателер мен түңілуге жол бермеу.

Өзіңді қоршаған ортада дұрыс ұстай біл.

Орындалмайтын жұмысты қолына алма.

Өмірде өз мақсатыңды дұрыс анықта.

4-нұсқа

1 Не қолыңнан келеді,ең маңыздысын есіңе түсір.

2 Қолыннан келмейтін істерді атап шық?.

3 Басқаларды үйрете алатындай нені жақсы білесің?.

4 Өзің неменеге үйренгің келеді?

 

Екіншіде жазу біріншіге қарағанда аз болады.Неге?

Себебі өзің туралы шамалы білесің. Ал 4-нұсқада 3-ге қарағанда көп неге?

Себебі, біздің қолымыздан көп нәрсе келмейді.Бүгінгі сабақта өзімізді және басқаларды білуге тырысамыз.

Тапсырма. Сенің қоршаған ортаға қарым-қатынасың қандай екенін «Кішкентай үй» тестін орындау арқылы білетін боламыз.

Сенің алдыңда орман пейзажынан бір көрініс берілген және кішкентай ғана эльф, оған үй керек болып тұр. Сенің міндетің – оған үй салып беру!

Енді жақсылап қарап ал, эльфке үйді қай жерден салып берер едің. Орын таңдап алу өте маңызды, ол сенің адамдарға қатынасыңды, оларға деген сенімің қандай екенін көрсетеді.

*  Егер үй қараторғайдың үйшігі сияқты ағаштың бұтағына салынған үй -  онда ол адам әлемді сүйеді, әлемге ашық, болмысынан оптимист және дүниеде жақсы адамдар жаман адамдарға қарағанда әлдеқайда көп екеніне шынайы сенеді.

*  Егер үй гамак сияқты бұтақта ілініп тұрса – бұл адам қарым-қатынасқа дайын, адамдардың адалдығына сенеді. Дегенмен, әлемде аяқтан шалатын қатыгез адамдардың да аз еместігін біледі. Бұл адамның қағидаты – зат жақсы екен, бірақ сақ болған да дұрыс. 

*  Егер үй саңырауқұлақтың ішіне салынса, онда бұл адам сақ және саналы екенін білдіреді, досы аз, бірақ олар сыннан өткен нағыз достар. Саңырауқұлақтан салынған үйдің терезелері болмаса, бұл адам шулы ортадан гөрі тыныш шағын ортаны қалайды. Әлемге алданып қалам ба деген күдікпен қарайды. Егер терезелер болса, бұл адам қарым-қатынасқа жақсы деген сөз. Әйнек мейлінше көп болса, соншалықты жаңа достар табуға ұмтылысты білдіреді.

*  Өзен бойындағы үй – қиялшыл және қылықты жаратылыстағы адам екенін білдіреді. Өмірге «қызғылт көзілдірікпен» қарайды, барлық адамдар мейірімді және  әдемі болып көрінеді, қиялы елеске толы және жарқын жақсылыққа сенеді.  Өкінішке орай, адамдардан көңілі қалып қоятын кездері де болады.

*  Егер үйді шөптің үстіне салса, онда бұл адамның епті және өз-өзіне сенімді адам екенін білдіреді. Елеске берілмей, өмірде не күтіп тұрғанын жақсы біледі. Қиындықтардан  қорықпайды және оларды жеңе біледі.

*  Егер үйді төмпешіктің үстіне жер үй қылып салса, бұл адам томаға-тұйық және бұйығы. Негізінен, бұл табиғи қасиеті емес, оның жағымсыз жағдайлардан алған сабағы болуы мүмкін. Мүмкін оны бір кездері алдаған, сатып кеткен немесе ренжіткен болар, содан бері адамдарға сенімі әлсіреген болар. Дегенмен, жер үйдің кіреберісі неғұрлым кең және әйнегі болса, онда жан дүниесі жазылып, жақсы ниетке жол тапты деген сөз. 

 «Ассоциация»-жаттығуы өзіңді жақсы білуге көмектеседі. (парақтар,фломастерлер). Әрқайсыңда әртүрлі затты немесе құбылысты қабылдау сезімі әртүрлі:

Мысалы: «Теңіз»деген сөзді естігенде нені елестетесіңдер:

Кейбіреуі- жаймашуақ күн, кейбіреуі-кеме, кейбіреуі-жағажайды елестетеді.

Тақтада  сөздер жазылған:

Үй, жұмыс, достық, отбасы, сабақ, қорқыныш. Осы сөздерді сурет арқылы көрсетіңдер. Көршілеріңмен сурет алмастырыңдар.

Психологиялық портрет:

Ұқсас адамдардың суреттері де ұқсайды:

Егер суреттер үлкен, нақты, ашық түсті болса, авторлары сенімді, негізді, фонтазияңа бейімді емес. Егер суреттер математикалық белгілерді білдірсе, оны салған адам қасында, өзін басқара алады, бірақ құрғақтау.

Егер суретте фонтазия мен түпнұсқасы көп болса шығармашылық қабілеттері барын,бірақ күделікті өмірде қиындығы көп екенін білдіреді.Фонтазиясы көп адамда өмірде қиын болады.

           Қазір психологиялық портрет жасап көреміз. Әркім өзінің немесе досының портретін жасайды. Ал енді жаңа сөздер сендер үшін: шығармашылық демалыс, арман, көңіл көтеру, қылмыс.

Портрет жасау оңай ма өзің туралы естігенде қандай сезімде болдың.Біз әртүрлі екенімізді түсіндік.Әрқайсымызда әртүрлі күштер бар. Бірақ біз басқаларға ұқсап өмір сүреміз. Сол басқалардан ойланбастан не көрініп тұр соны қабылдаймыз. Сендер қазір екі қозғалысты есте сақтаңдар; Оның біреуі белсенді: барлығың команда бойынша бір қадам алға басыңдар, қолдарыңды шынтаққа бүгіп, қатты «ХА»деп айқалайсыңдар. Дауыстағанда бар күшті салу керек. Қолдарын екі жаққа салбыратып жіберіп, «АХ» сөзін дауыстап айтып шегінеді. Бастысы үйлесімділік болу керек.

Сұрақ: қандай қозғалысты орындау жеңіл болды, қандай сезімде болдыңдар?

Пантомима: «Әртүрлі өзін-өзі бағалау, кімде жоғары, төмен. Кім өзіне сенімді? Адамның ішкі жағдайы оның кейпінде, жүріс-тұрысында көрініп тұрады. Тақтаға үш оқушы шықсын. (шығады)

Әр оқушы өзін-өзі әртүрлі бағалайтын адамдардың рөлін сомдай отырып сахналап көрсетеді. Мен режиссермін, ол адам қандай екенін оқимын. Сендер көрсетесіңдер. Қалғандары соны істейді. Тұрып партадан шығыңдар. Спектакльге дайындықты бастаймыз.

(Бірінші оқушыға) Сенің кейіпкерің қандай болады (әрі қарай өзіне сенімсіз адам туралы оқылады)

- тік қарамайды, көзімен басқа жаққа қарайды.

- басы төмен түскен.

- арқасы бүгілген.

- қолдары алдында.

- аяқтары айқасқан жіне қатты қысылған.

 Тамаша қандай адамды көрсеттік өзін-өзі бағалау жоғары ма әлде төмен бе? Бұл адам өзіне сенімді ме?(жоқ әрине)

(екінші оқушыға) Бұл адам басқаша...

өзіне сенімді адам:

- Тура көзге қарайды.

- Иегі жоғары көтерілген басын түзу ұстайды.

- Арқасы түзу,иықтары жойылған.

- қолдары артынды.

-  кең қойған

- Жартылай бұрылып тұрады.

(Бұл адам өзіне дұрыс баға берген,өзіне сенімді)

Үшінші оқушыға:бұл адам...

- оң иығы шамалы алда

- кеудесі дөңгелеген

- басы тым жоғары көтерілген.

- Өзін жоғары ұстайды.

- Қолдары белінде,сол аяққа салмақ салады,оң аяғы шамалы алда.

Қандай адам шықты. (өзіне сенімді,пысық,мақтаншақ)

Қазір, көп адамдар өзіне сенімділігін мақтаншақты, пысықтықпен көрсетеді. Бұл мысалдар сенімді және өзіне адамнын айырмашылығын көрсетеді.

Өзін бағалауды көтеру өте ұзақ процесс. Міне бірнеше ереже, өздеріңді төмен бағалау шегін болдырмауға көмектеседі. (Әр балаға жаднама беріледі)

Басқа адамдармен өздеріңді салыстырмаңдар. Әрқашан сенен артықышылығы бар немесе кемшіліктері жетерлік адамдар табылады. Егер үнемі салыстырып жүрсеңіз, алдыңызда қарсыластырың көп болады.

Өзіңді ұрсуды, кінәлауды тоқтат. Өзіңді жек көрсең ешқашан да өзіңді бағалаудың жоғары деңгейіне жетпейсің. Барлық комплименттерді қабылдаңыз, жауап ретінде «рахмет» айтыңыз. Егер жақсы сөзге, «ештеңе етпейді» деп жауап берсең, өзіңді бағалау төмендейді, міне сондықтан үнемі мақтау сөздерді жақсы қабылдаңыз. Позитивті адамдармен көп қарым-қатынаста бол. Жағымсыз адамдар сенің айналаңда болса, сенің өзіңді өзің бағалауың төмендейді. Басқа жағынан сені мақтағанда, сенің бағаң өседі. Жағымды қасиеттерді қағазға жазып, соған жиі қарайыз.

Рефлексия:

- Сенімді адамда қандай өзін-өзі бағалау түрі басым?

- Өзіңді қалай бағалайсың?

- Өзің және басқалар туралы не білдің?

 

 

 

23-24 - сабақ

ӨЗІҢЕ ЖОЛ

 

Мақсаты: балаларда өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі анықтау туралы түсінікті кеңейту.

Міндеттер:

- мақсатқа ұмтылу, ерік, тұрақтылық, өз-өзімен жұмыс істеуге құштарлық сияқты қасиеттерге жағымды адамгершілікті бағалауды қалыптастыру;

- өзін-өзі дұрыс бағалауды қалыптастыруға мүмкіндік жасау;

- балаларды өзінің әрекеттеріне, ойларына, сезімдеріне, өзін-өзі бақылауға, өзін-өзі жетілдіруге талдау жасай алуға итермелеу.

 Безендіру: тақырыпты, эпиграфтарды жазу, топтық жұмыс үшін тақтаға «Өзін-өзі бағалау» кестесін сызу. Бағанада көрсетілген белгілер дұрыс емес, дұрыс жауаптар – сценарий мәтінінде.

Өзін-өзі бағалау

Жоғарылатылған

Төмендетілген

Шынайы

Өзіне сенімді

Шыдамсыз

Салмақтылық

Қорқақтық

Тәкаппарлық

Ұятсыздық

Ренжігіштік

Өзіндік намыс сезімі

Енжарлық

байыпты

Өзіне сенімді

Сендірерлік

Ұйымдастыру кезеңі

Ойын «Мен және әлем»

Мақсаты: Өзіне және қоршаған әлемге жағымды қарым-қатынас дағдысын тудыру, жағымды Мен-тұжырымдамасын қалыптастыру.

Жетекші: Қазір біз барлық нәрсені өте тез уақытта жасау қажет болатын қызықты ойын ойнаймыз. Сіздер қаншалықты мұқият тыңдап қана қоймай және сіздерден сұраған нәрсені мұқият орындай алатыныңызды көрсете аласыз. Қазір сіздерде өзіңіздің әріптесіңізді таңдап және оның қолын жылдам ұстауға мүмкіндік беретін бес секунд уақыт бар. Ал қазір мен сіздерге бір-біріңмен денелеріңіздің қай бөлігімен «амандасу» қажет екенін айтамын:

- оң қолмен оң қолға!

- арқамен арқаға!

- өкшемен өкшеге!

- тіземен тізеге және т.с.с.

Интербелсенді сұхбат

Ұлы ақындар мен психологтар «Ақылды адам көп білген емес, өзін-өзі жақсы білетін адам» деп айтқан. Сіздер өздеріңді ақылды адам деп есептейсіздер ме? (Балалар жауап береді)

- Өзің туралы не білуге болады?

Балалардың үлгілік жауаптары:

-         Өздерінің физикалық мүмкіндіктері, денсаулық жағдайы.

-         Өздерінің таланты, қабілеттері (ақыл-ой, шығармашылық).

-         Өздерінің мінезі, темпераменті, ерік-жігері.

-         Өздерінің талғамы, дағдылары.

-         Өздерінің күшті және әлсіз жақтары.

    Өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін шынайы бағалау үшін өзі-өзі білгені қажет. Ал бұл не береді? Өзін-өзі дұрыс бағалау не үшін қажет? (балалар жауаптары)

      Шынымен де, өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін шынайы бағалайтын адам өзінің талғауын қатесіз таңдауға, өмірдегі мақсатын анықтауға мүмкіндік алады. Бұндай адамға өмірлік жоспарының бұзылуынан, күйзелістерден, қателіктерден қашу жеңіл болады. Егер жамандық туындаа, ол себебін басқадан емес, өзінен іздейді.

Сауалнама «Өзіндік сипат»

Нұсқаулық: сұрақтарға жауап беру.

1. Сіздің сыртқы түріңіз. (Сіз өзіңіздің сыртқы түріңізге ризасыз ба?)

2. Сенім және идеалдар. (Сізде қағидалар бар ма? Сіз өмірді неге қол жеткізуге ұмтыласыз?)

3. Қабілеттер мен қызығушылықтар. (Сізде не қатты қызықтырады, сіз нені жақсы жасай аласыз, сіз қандай кітаптар оқисыз?)

4. Еңбекке қатынас. (Сіз қандай жұмысты қызығушылықпен орындайсыз, ал қайсысын ырықсыз жасайсыз? Сізде отбасында еңбек жауапкершілігі бар ма?)

5. Адамгершілік-еріктік қасиет. (Сіз қандай адами қасиеттерді құнды деп; қайсысын жаман деп есептейсіз? Сіздің сүйікті кейіпкеріңіз кім? Кімге еліктегіңіз келеді?

Топпен жұмыс

     Өзін-өзі бағалауы қалыпты адамды қалай тануға болады? Мен тақтаға өзін-өзі бағалауы әртүрлі адамдардың нышандары бар кесте құрастырдым. Бірақ кейбіреуі белгілерді шатастырып алған. Бағанадағы сөзерді қалай дұрыс орналастыруға болады? Бұл сұрақты топта талқылауға ұсынамын. Предлагаю обсудить этот вопрос в группах. Өзін-өзі бағалауы әртүрлі 3 нышандағы адамдарды жинау қажет. Бірінші топ – жоғарылатылған, екінші – төмендетілген және үшінші – шынайы өзін-өзі бағалайтындар. Таңдалып алынған нышандары сіздер ақ қағазға жазуға тиіссіздер. Біз дұрыс жауаптарды тақтаға ілеміз. Қосымша шарт – өз таңдауыңызды дәлелдейсіз.

 (Балалар қолдарын көтереді, жауап береді, өз таңдауларын дәлелдейді. Дұрыс жауаптарды сәйкес келетін кесте бағанына скотчпен қыстырады)

- Өзін-өзі бағалауы жоғары адамға қандай кеңес беруге болады? (өзіндік сынның болуына, өзінің әлсіз жақтарын көруді үйренуге, өзін басқалардан жоғары қоймауға және т.б.)

- Өзін-өзі бағалауы төмен адамға қандай кеңес беруге болады? (Спортпен айналысуға, өзінің қорқақтығын жеңуге, «жоқ» деп айтуға үйренуге жіне т.б.)

- Өзін-өзі бағалауы шынайы адамға қандай кеңес беруге болады? (Өз-өзіне сенімділігін жоғалтпауға, өзінің кемшіліктерімен жұмыс ісстеуді жалғастыруға, өзінің жетістіктерімен мақтанбауға және т.б.)

Жаттығу «Өзіңнің мінезіңнің суретін сал»

Сіздерге қазір өздеріңнің мінездеріңді салуды ұсынамын, сіздің пікіріңіз бойынша сіздің мінезіңізді білдіретін парақтың түсі мен көлемін, қарындаш немесе фломастер түсін таңдаңыз.

Сурет салып болған соң, балалар өз мінездерін көрсету үшін қандай көлемдегі және түстегі парақ таңдады, бұл шынайы өмірмен қаншалықты сәйкес келеді, осыларды талқылаңыз.

Түсініктермен жұмыс: мақсаты, қағидалары.

Мақсаты: Көп адамдар өздерінің мақсаты мен қағидаларын анықтай алмайды. Менің ойымша олар өзін бұл нәрсені нашар түсінеді. Келіңіздер бұл түсініктерді талдайық.

- Өмірлік мақсаттар – бұл не нәрсе? (Бұл арман. Адамның қол жеткізуге тырысатыны.)

- Не үшін алдымызға мақсат қоямыз? (Бірнәрсеге ұмтылу үшін, өмірдің мәні болу үшін.)

- Адамда қанша мақсат болуы мүмкін?

- Өмірде мақсаттардың қандай түрлері болуы мүмкін? (Қысқа мерзімдік, ұзақ мерзімдік мақсаттар болуы мүмкін.)

     Ғалымдар өмірлік мақсаттар адамға күш береді, ол бұл мақсаттарға жету үшін бірнәрсе жасай бастайды, ақырында оның арманы орындалады деп айтады. Бірақ өмірлік мақсаттар әртүрлі болады. Біреулері өмірбойы, ал басқалары қысқа кезеңге күш береді. Сіздер қалай ойлайсыздар, қандай мақсаттар өмірлік мақсаттар болуы мүмкін? (Балалар жауап береді.)

     Мақсатқа жету қиын емес деп айтады: ол үшін әрбір күн сайын сол мақсатқа жету үшін бір қадам алға басу қажет. Өйтпесе бұл мақсат арман түрінде қалады.

Қағидалар. Тіпті ең әдемі мақсаттан да адам бас тартуы мүмкін, егер қағида бойынша әрекет ететін болса.

Өмірлік қағидалар – бұл нәрсеге, өмірлік ережелерге көзқарас, сенім. Қағидалар қандай болады? (Балалар қолдарын көтереді, жауап береді.)

Қағидаларды басшылыққа алатын адамдар болады, мысалы: Жеке үлгі – тәрбиенің ең жақсы әдісі (Өзің жасай алмайтын немесе өзің оған сай емес нәрсеге үйретуге сенің құқығын жоқ); Ешқашан тітіркенбе (Бұл сенің абыройыңды түсіреді); Ешқашан және қандай жағдай болса да, кім жұмыс істемейді сол ішіп-жемейді деген қағиданы түсіндіру қабілетіңізді жоғалтпаңыз (Ерікті еңбек қоғам игілігі үшін); Кедергілерге қуануға, мықты қарсылас және ақылдырақ әңгімелесушіні таңдауға үйрен (тек ослай ғана жоғарыға көтеріле аласың).

Сіз тағы қандай қағидалар білесіз? (Балалар айтады.)

- Қағидалар не үшін керек?

- Адам өмір сүру барысында өз қағидаларын өзгерте ала ма?

- Қағидасыз адамдар бола ма? (Балалар жауап береді).

Өмірлік қағидасы бар адамбұл тұлға. Өмірлік қағидамен жүру – сезімді және дағдыны емес, ақылды басшылыққа алуды әдетке айналдырған күшті адамдар таңдауы.

- Ал сіз қалай ойлайсыз, ғұлама адамдарда өмірлік қағидалар бола ма?

- Ғұлама адамдардың өмірлік қағидасындағы басты нәрсе не?

Ғұлама адамдардың өмірлік қағидасы:

1.                 Ойды бақылау. Егер сіз өзіңіздің басында бақытты өмірді тудыра алсаңыз, сіз шынайы өмірде бұл ойларды жүзеге асыра аласыз.

2.                 Құрмет. Өзіңді және айналадағыдарды құрметтеу. Бұндай жағдайда сізге түсінушілікпен және дұрыс көзбен қарайды.

3.                     Айналадағылармен тек қана жақсылықпен бөлісу. Сіз бірнәрсені бере отырып орнына басқа нәрсе аласыз. Егер сіз қуаныш пен сүйіспеншілік сйласаңыз, олар сізге одан да көп болып қайтады.

Ойын «Маска, мен сені білемін»

Нұсқаулық: Екі масканың суретін салу. Бірінші маска ең күшті касиеттері бейнелеуі тиіс, ал екіншісі сіздің жағымсыз немесе әлсіз жақтарыңызды бейнелеуі тиіс.

-Көзімізді жабамыз және біз бірінші масканы кигенімізді елестетеміз.

-Ал енді екіншісін кигенімізді елестетеміз. Біріншісін және екіншісін кигенде сіз не сезіне алдыңыз?

Қорытынды

Барлық адамдар ерекше жан екенін білеміз, бірақ бұл ерекшелікті көбісі түсіне алмайды немесе түсінгісі келмейді. Ал бұл үшін тек өз-өзіңді тану, өзіңе шынайы баға беру жеткілікті. Бірақ бұл оңай нәрсе емес. Өзін-өзі тану үрдісі әрбір адамда өзінше, жеке, қайталанбас. Ол өмірбойы жалғасады. Өз-өзіңді тану арқылы басқа адамдарды тану, әлемді тану және өмірдің мәнін тану басталады. Ең маңыздысы өзіңді қалай санау емес, шын мәнінде сен кімсің.

Рефлексия

- Өмірлік мақсаттар адамға күш бере ме?

- Дұрыс өзіндік бағалауы бар адамды қалай білуге болады?

- Өмірлік қағидалар дегеніміз не?

 

 

 

 

 

 

IV ТАРАУ

КҮЙЗЕЛІС ЖӘНЕ ШИЕЛЕНІСТІ БОЛДЫРМАУ ТӘСІЛДЕРІ!

 

25-26  сабақ

МЕНІҢ ӨМІРЛІК КҮШ-ҚУАТЫМ

 

Мақсаты: оқушылардың психологиялық саулығын нығайту үшін эмоционалдық күштелуді түсіру.

Міндеттер:

- оқушыларды психологиялық өзін-өзі реттеудің кейбір тәсілдерімен таныстыру;

- оқушыларға жеке эмоционалдық қалпын сезінуге мүмкіндік беру;

- «стресс» түсінігімен және оны жою тәсілдерімен таныстыру.

Ұйымдастыру сәті

Психолог оқушыларға өздерінің көңіл-күйі мен өзіндік сезімін анықтау үшін дәптерден түрлі-түсті жолақты таңдауды ұсынады.

Біздің өмірімізде кемшіліктер қағидасы үлкен орын алады. Бізге кездесуге, көңіл аударуға, бір-бірімізбен қарым-қатынасқа уақыт жетпейді. Біз үнемі жүгіреміз, асығамыз, бір-бірімізді байқамаймыз. Бір сәтке бұл жүгірісімізді тоқтатайық және бір-бірімізбен қарым-қатынасқа түсейік.

– Мүмкін, соңғы уақыттарда Сізді бір нәрсе мазалап жүрген шығар?

– Немесе сіз шаршағанды сезінетін шығарсыз?

– Немесе болмашы жағдайлар Сіздің шамыңызға тиетін шығар?

Егер Сіз «иә» деп жауап берсеңіз, онда бүгін табиғат адамға өзін-өзі реттеуге қабілеттілікті сыйлағаны туралы сөйлесеміз, яғни тек Сіз өзіңіз ғана өзіңіздің эмоционалдық қалпыңызды басқара аласыз.

Өнімді еңбекті бастамас үшін Сізде қандай көңіл-күй мен сезім басым екенін қараймыз. Психолог таңдап алынған түстің мәнін түсіндіреді. «Түстің мәні» карточкасы.

«Түстің мәні» карточкасы.

Көк түс – сабырлы, қанағаттанған, басқаның жанын түсінетін, сенім, адалдық.

Жасыл – сенімділік, табандылық, бірбеткейлік, өзін-өзі бекітуге қажеттілік.

Қызыл – жетістікке ұмтылу, әрекет етуге және басқаруға ұмтылыс, жетістікке қол жеткізу.

Қоңыр –тыныштық және тұрақтылық.

Сары – белсенділік, көңілді, қарым-қатынасқа ұмтылу, бақытты сәтті күту.

Қара – қорғаныс, жабықтық.

Жаттығу «Визитка»

Топ қатысушылары өздерінің есімдерінің бірінші әрпіне өздерінің мінезін, темпераментін және өмір сүру стилін бейнелейтін анықтама-сөз жазады. Визиткалар келесі жаттығу үшін қолданылады.

Жаттығу «Молекула»

Барлық қатысушылар бөлме бойынша еркін орналасады. Психолог «екі атомды молекула» деп айтады. Балалар жұп құрайды және былай:

– Мен ақкөңілмін! – деп айтады.

– Иә, сен ақкөңілсің, сондай-ақ әдемісің! Жанында тұрған балалар айтады.

Психолог сұрақтар қояды: сіздің визиткаға жазғаныңызбен, сыныптастарыңыздың айтқаны сәйкес келді ме?

Осыған ұқсас психолог үш атомды, төрт атомды және бес атомды «молекула» жасауды сұрайды, ал балалар топ құрауға және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуге ұмтылады.

– Ал енді бір-біріңді қолдарыңнан ұстаңдар және хормен:

«Қандай тамаша, бүгін біз барлығымыз осы жерде жиналдық» деп айтыңдар.

Ақпарат.

Психолог сабақ тақырыбын айтады.

Әрбір адам жетістікке және жақсы жағдайға ұмтылады. Ол өзін жақсы көргенді және құрметтегенді қалайды. Бірақ айналаға қарасақ қоршаған өмірге көңілі толмайтын көптеген адамдарды көреміз. Олардың үстіне өздері шеше алмайтын мәселені артып қойған сияқты. Нәтижесінде дүрбелең, сенімсіздік, эмоционалдық күштену пайда болады.

Өзін  игере алу – адамның ерте заманнан бергі арманы. Бұл босаңсу немесе шектей алу, физикалық және эмоционалдық күштенуді түсіре алу шеберлігі.

Эмоцияны күшпен басуға болмайды, бұл өте зиян. Бірақ әдептіліктің нақты шегі бар, өйткені бейтаныс адамдарға ішімізде қайнап жатқан барлық эмоциямызды үнемі көрсете бермейміз. Ал ұзақ эмоционалдық күштелудің соңы жағымсыздық тудырады.

Эмоционалдық күштелуді әрбір адамның кей уақыттарда сезініп отыратын стресімен салыстыруға болады. Бірақ стресс – бұл нәтижесі. Ал себеп — бұл сіз іштей сөндіруге ұмтылған барлық сіздің эмоцияңыз. Әрине эмоцияны бақылауды үйренуге болады, бұл басқа адамдармен қарым-қатынасқа түскенде өте пайдалы. Бірақ эмоцияны үнемі іште ұстауға болмайтынын, сәті келгенде шығарып тұру керектігін барлығы біле бермейді. Егер бұлай жасамаса адамда эмоционалдық стресс болады.

Жаттығу арттерапия - «Көңіл-күй»

Космостық әуен ойнайды.

Қалағандар сыр, кисть, гуашь, ватман, суы бар банкі дайындалған үстелге жақындайды. Абстрактілі оқиғаны – сызық, түсті дақтар, фигуралар салуды бастайды. Ең маңыздысы толықтай өз күйзелістеріңізге ену, түсті таңдап және қанша сызық сызғыңыз келеді, соны өз көңіл-күйіңізге сай жасаңыз. Сіз өзіңіздің мазасыздығыңыз бен дүрбелеңіңізді қағазға ауыстырғаныңызды елестетіңіз. Қағаздың бетінде бос жер қалмағанша сурет салыңыз және сіз тыныштықты сезінесіз.

Сосын дәптерге сіздің көңіл-күйіңізді білдіретін бірнеше сөз жазыңыз. Көп ойланбаңыз, сіздің сөздеріңіз еркін, басқа біреудің бақылауынсыз туындауы керек. Суреттер басқа жаққа қойылады.

Жаттығу «Қала туралы ертегі» құраймыз, яғни жанжал жоқ, барлық адамдар бақытты да сүйікті. Ал ертегі былай басталады: Бір тамаша қалада керемет жанұя өмір сүріпті....

Әрбір оқушы кезекпен, жұмсақ ойыншықты бір-біріне бере отырып ертегі құрау үшін бір сөйлем ұсынады.

Біздің барлығымыз сол қалада тұрғымыз келеді. Сол кезде біз бақыттымыз, біз өзімізді дені сау және толық адам ретінде сезінеміз. Бірақ бұндай болмайды!

Мүмкін әрқайсымыз стрестік жағдайларға түскен шығармыз.

Стресс – бұл сыртқы физикалық және эмоционалдық тітіркендіргіштерге біздің ағзамыздың реакциясы. Адамдар стресті басынан әртүрлі өткізеді. Біреулер – «дабыл фазасын» жылдам өткізеді және бірден «өз-өзін қолға алады». Бұл сабырлы, салмақты адамдар тез, аяқ астынан шешім қабылдамайды. Басқалар – тез «беріледі». Бұл адамдар шыдамсыз, өз-өзін ұстай алмайтын, олардың қимылдары тез және жылдам.

Егер сіз стрестік жағдайға тап болсаңыз, ең бастысы – сабырлылық, тіпті сырттай болса да. Өз-өзіңді игеруді сақтау. Сіз өз-өзіңізге күшті адам екеніңізді дәлелдейсіз. Ең бастысы Сіз өз денсаулығыңызды сақтайсыз.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам ауруының 90% стреспен байланысты.

Жаттығу «Лимон»

Мақсаты: бұлшықеттік күштелу қалпын басқару және босаңсу. Ыңғайланып отырыңыз: қолыңызды тізеңізге еркін қойыңыз (алақан жоғары), иығыңыз беп басыңызды салбыратыңыз, көзіңіз жұмулы. Ойша елестетіңіз, сіздің оң қолыңызда лимон жатыр. Оны ақырын қысыңыз, қашан барлық шырынын «сығып» алғанын сезінгенше қысыңыз. Денеңізді босатыңыз. Не сезінгеніңізді ете сақтаңыз. Енді лимон сол қолыңызда жатқанын елестетіңіз. Жаттығуды қайталаңыз. Денеңізді босатыңыз және не сезінгеніңізді есте сақтаңыз. Сосын жаттығуды екі қолыңызбен бірге жасаңыз. Денеңізді босатыңыз. Тыныштық сәтімен рахаттаныңыз.

Жаттығу «Поезд»

Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бір-екі деп санаймыз. Бірінші нөмірлер – бір рет қол шапалақтап, екі рет аяғымен жерді тарсылдатады. Екінші нөмірлер екі рет қол шапалақтап, бір рет аяғымен тарсылдатады. Қозғалыс кезекпен қайталанады: бірінші-екінші-бірінші-екінші және т.с.с. шеңбермен поезд дөңгелегінің дыбысын саламыз. Бастадық.

- Ырғақты жылдамдатамыз. Тағы да жылдам.

Ескерту. Біреу міндетті түрде қателеседі және жетекші барлық қатысушыларға қол шапалақтап қолдау білдіреді.

Жаттығу «Тыныштық мекені»

Егер біз стрестің жағымсыз салдарынан құтылғымыз келсе, біз оларды басқаруды үйренуіміз керек.

Стресті басқарудың бір шарты өз қалпымызды басқара алу болып табылады. Келіңіздер сіздермен «Тыныштық мекені» жаттығуын жасайық.

Ыңғайланып отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Өзіңізге қатты ұнайтын жерді елестетіңіз. Бұл жерде мүмкін сіз болдыңыз, мүмкін қиялыңыздағы жер шығар. Бұл жерде сіз өзіңізді толықтай қалыпты сезінесіз... оны өзіңізде барлық бөліктеріне дейін елестетіңіз... Айналаға қараңыз, сіз не көріп тұрсыз... Тыңдаңыз, мүмкін сізге бір дыбыстар естілетін шығар... Мүмкін сіз желдің соққанын сезінерсіз... Сізде қазір осы жерде бола тұруға мүмкіндік беретін біраз уақыт бар... Бұл сіздің тыныштық мекенің... Ал енді тағы да айналаға қараңыз, терең дем алыңыз және көзіңізді ашыңыз, керілсеңіз болады.

Жаттығуды жасап болғаннан кейін қатысушыларға өз әсерлерімен бөлісу ұсынылады. Өз сезімдерінің жағымды өзгерістеріне назар аудару маңызды. Қалағандарға қай жерді елестеткені туралы айтуына болады.

Қатысушылардан өздерінің «Тыныштық мекенін» суретін салу сұралады немесе сол жердегі еске түскен сәттерді салуға болады. Сурет салып болған соң, қалағандар оларды көрсетсе болады. Бұл жаттығу өз қалпымызды басқаруға – тынышталуға және күшімізді қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді.

Сабақтың басында сіздер өз көңіл-күйлеріңізді салдыңыздар. Қағаздарыңды алып өзіңіздің салған суреттеріңізге қараңыздар. Өз көңіл-күйіңіздің суретін салып және оны сөзге аударғаннан кейін, оны рахаттанып тұрып жыртыңыз да қоқысқа тастаңыз. Болды! Сіз өз күштелуіңізбен қоштастыңыз. Сіздің күштелуіңіз суретке айналды және сізге жағымсыз сурет ретінде көз алдыңызда жоғалды.

Біз тек қарым-қатынасты өзгерттік, бірақ өз өмірімізден мәселені алып тастау мүмкін емес. Сіздерге бір «Кемпірқосақпен жоғары қарай» релаксациялық жаттығуды ұсынғым келіп отыр. Бұл жаттығуды өзбетіңізбен жасасаңыз болады. Бұл жаттығуды жасау үшін ең қажет нәрсе – ол сіздің қиялыңыз.

Жаттығу «Кемпірқосақпен жоғары қарай»

Ыңғайланып отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең дем алыңыз және кемпірқосақты елестетіңіз. Оны мұқият қараңыз. Кемпірқосақпен амандасыңыз. Әрбір дем шығарған сайын, сіз кемпірқосаққа мініп барасыз. Ал енді кемпірқосақтың ең үстінде отырсыз. Кемпірқосақтан сізге бәрі көрінеді. Кемпірқосақтың гүлдерін көріп тұрсыз... оны ұстап көрсеңіз болады... қандай екенін сезініңіз... сіз өз кемпірқосағыңызда біраз отырсаңыз болады… терең дем алыңыз....енді демді сыртқа шығарыңыз... демді сыртқа шығару арқылы сіз кемпірқосақтан түсесіз. Кемпірқосаққа жерден қараңыз... кемпірқосақпен қоштасыңыз... үшке дейін санағаннан кейін көзіңізді ашыңыз... бір, екі, үш... көзіңізді ашыңыз... және тағы амандасыңыз!

Соңында қалағандары болса өздеріңіз алған әсерлері туралы айтса болады және дәптерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерінің суретін салады.

Рефлексия

 -Қалай эмоционалдық күштелуді түсірсе болады?

Эмоционалдық күштелуді түсіру өнері – өз ойларымызды, сезімдерімізді, эмоцияларымызды игеруге көмектесетін негізгі әдіс. Ең басында өзімізді талдамай, сынамай, өзімізді өзгертуге тырыспай бақылау өте маңызды. Сіз өміріңіздің кейбір сәттерінен әртүрлі жағдайларды және эмоционалдық қалыпты бейтарап фотокамерамен жасалған өзіңіз туралы «ойша суретті» қалай құрайсыз.

- Сіз қалай ойлайсыз жаттығуды тұрақты түрде жасап тұру арқылы стресті өзбетімен жеңуге бола ма?

Мен бүгінгі сіздермен жасаған жаттығу сіздерге көмегін тигізеді деп сенемін. Иә. Жаттығуды тұрақты түрде жасау арқылы сіздер стресті өзбетімен жеңе аласыздар. Сабақ соңында сіздердің көңіл-күйлеріңіз күні бойы көтеріліп жүру үшін сіздерге «Көңілді сәттер» презентациясын көрсеткім келіп тұр.

27-28 - сабақ

ӨМІР ИДЕЯЛАРЫ

 

Мақсаты: оқушылардың психологиялық саулығын нығайту үшін эмоционалдық күштелуін түсіру.

Міндеттер:

- нақты шара қабылдау үшін қолайлы сәтті анықтау;

- қиын жағдайдан шығудың әртүрлі амалдарын көрсету;

- қалжың сезімін арттыру.

Ұйымдастыру кезеңі

Ойын «Сиқырлы қалпақ».

Оқушыларға келесідей айтуға болады: Елестетіңіз сізге жақсы сиқыршы қалпақ сыйлады, сіз сол қалпақтың көмегімен әртүрлі жануар кейпіне ене аласыз.

*                Егер сіз қалпақты сабақта кисеңіз, неге айналғыңыз келеді?

*                Егер достарыңмен қыдырып жүріп қалпақты кисеңіз, неге айналғыңыз келеді?

*                Егер қалпақты үйде кисеңіз, неге айналғыңыз келеді?

Балалар сұраққа ауызша немесе жазбаша жауап береді. Егер балалар өзінің жануарға айналуы туралы дәлелдер келтіріп айтса қызық болар еді.

Жаттығу «Алгоритм бойынша фраза»

Алгоритм бойынша фраза құрыңыз:

«Қиын жағдай мен үшін – бұл... (ассоциация), мен ойланған кезде... (ой), мен сезінген кезде... (сезім) және әрекет етемін... (мінез-құлық стратегиясы)».

Қатысушылар өз фразаларын оқиды, өз пікірлерімен бөліседі, неге келіседі және неге келіспейді, жаңа не ашты, нені түсінгенін айтады

Тақпақ «Мен адалмын және көңілдімін»

Мен өлеңнің сөздерін сіздермен бірге айтқым келіп тұр. Мен фразаны айтамын сендер қайталайсыңдар.

Жерді айналып Қ жіңішке жіп Қ,

Жіп параллель  Қ және көк өзен Қ,

Қолдарыңды созыңдар Қ, созыңдар қолдарыңды Қ,

Достыққа Қ, әрбір адам Қ сену үшін Қ

Жылытыңдар сөзбен Қ, көздеріңмен сүйіңдер Қ,

Әдемі қалжыңнан Қ  қарда ериді Қ.

Бұл сондай тамаша Қ, егер сіздің қасыңызда болса Қ

Жақсы да көңілді болады Қ қабағы түсіңкі адам Қ ( Қ-қайталау)

- Сіздер бұл өлең жолдарынан стрестік ситуациядан шығудың қандай амалдарын білдіңдер?

Бой жазу «Отырып билеу»

Мақсаты: Эмоционалдық күштелу деңгейін төмендету.

Жетекші: Неге тұрып екі аяқта билеген жақсы болып есептеледі. Жатып немесе отырып билеуге болмай ма? Осылай да жасап көріңіз

Орындықтан тұрмай билеп көріңіз

- ламбада;

- брейк;

- вальс.

«Джунглидегі жаңбыр» жаттығу

Келіңіздер тығыз шеңбер жасап тұрамыз.Жунглиде жүргеніңіді елестетіңіз. Ауа-райы басында керемет болды, күн жарқырап, өте ыстық және қапырық болды. Енді жеңіл ғана жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызды тигізіңіз. Жел күшейді (арқаға қысым күшейді). Дауыл басталды (күшті шеңберлік қозғалыс). Сосын майда жаңбыр басталды (серіктестіңіздің арқасын ақырын ұрыңыз). Ал енді құйып кетті (саусақпен жоғарыдан төмен жылжыту). Бұршақ жауды (барлық саусақпен арқадан қатты ұру) сосын құйып жауды, майда жаңбыр, дауыл соқты, күшті жел соқты, сосын әлсіз жел соқты, соңында табиғат тынышталды. Қайтадан күн шықты.

Ал енде 180 градусқа бұрылыңыз және ойынды жалғастырамыз.

Талқылау:

• Бұндай массаждан кеін өзіңізді қалай сезінесіз?

Сол немесе басқа қимылды жасау ұнады ма немесе ұнамады ма?

Өзіңіздің сезіміңізбен және көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз.

Ғалымдар көңілді адамдардың ұзақ өмір сүретінін дәлелдеген.

XVI ғасырда француз ғалымы, дәрігер Амбруаз Парэ: «Көңілді адам үнемі жазылады» деп айтқан. Сізге өз эмоцияңызды жаттықтыру керек және стрестік ситуациядан шығудың керемет тәсілі – күлкі екенін естен шығармағаныңыз абзал.

«Егер мен директор болсам» жаттығу

(Бұл ойын балаларға шағын топтарда мектеп үшін күлкілі және миға симайтын ережелер ойлап табуға көмектеседі, бірақ ары қарай жалғастыру үшін бір немесе екі салмақты ереже болуы тиіс).

Жетекші әрбір қатысушыға 5-6 бөлікке бөлінген открытка немесе суреттің бөлшегін береді. Қатысушылар суретті жинайды және сол арқылы шағын-топтар құрылады.

7-10 минуттың ішінде сіз мектеп үшін – күлетін бірақ мектепке, сыныпқа немесе оқушыға көмегі тиетін он шақты ереже ойлап табуыңыз керек.

Жұмысты жасап болған соң әрбір топтың өкілдері өздері жасаған ережелерін оқиды. Жетекші сұрақтар қояды:

- қайсы ереже ең күлкілі?

- қайсы ереже ең ерекше?

- кайсы ереженің түк пайдасы жоқ?

- қайсы ереже орындалуы ең қиын?

- қасы ереже ең маңызды?

- оқушылар қабылданған мектеп ережесіне қатыссуы тиіс деп есептейсіз бе?

Ал енді ұсынылған барлық ережелердің ішінен бізге мектепте жақсы оқуға көмектесетін ең маңыздысын таңдаймыз.

(Жасалған ережені балалар безендіріп сынып бұрышына қойса болады)

Бой жазу «Қолдар танысады, ұрсысады, татуласады»

Мақсат: Коммуникативтік дағдыларды жетілдіру. Сынып ұжымының ауызбіршілігін жоғарылату.

Жаттығу жұппен көздері жұмулы, жақын қашықтықта қолдары созылған  күйде жүргізіледі.

Жетекші: Көздеріңді жұмыңдар, қолдарыңды бір-біріңе созыңдар, бір қолмен танысыңыздар. Адал қарым-қатынасыңызды көрсетіңіз. Қолдарыңызды түсіріңіздер.

Тағы созыңыздар, сіздің қодарыңыз ұрсысады. Түсіріңіздер, ал енді олар татуласады, сіз дос боп ажырайсыз.

Соңында балалармен ойын барысында алған әсерлері туралы талқылайсыз.

Рефлексия.

- Сізге қиын жағдайдан шығуға не көмектеседі?

 

 

29-30 сабақтар

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Мақсаты: адамның денсаулығын нығайтуға көмегін тигізетін өмір салтын қалыптастыру.

Міндеттері:

- оқушыларды өмірін құрдымға жіберетін әдеттерден алыстатып және денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін жеке өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті ақпараттармен  қамтамасыз ету;

- денсаулықты нығайту үшін қажетті жағымды көңіл-күйге мотивациялау;

- ұжымдық сезімді, топта жұмыс істей алуды тәрбиелеу;

- оқушылардың қалжыңдық сезімін және шығармашылық қабілетін дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі

- Балалар бір-біріңе күліп қараңдар. Күлкі сізге және сіздің достарыңызға жылулық береді және барлығыңыздың көңілдеріңізді көтереді. Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз, «СӨС ережесі» деп аталады.

Қалай ойлайсыздар, ал бүгін біз не туралы айтамыз? Сіздердің ойларыңызша СӨС не кіреді?

Әрине біз дене тәрбиесімен және спортпен тұрақты айналысу, дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, дұрыс демалу, өмір бойы дені сау, сергек, күшті, жайдары, энергиямыз көп болуы үшін жаман дағдылардан аулақ болу туралы айтамыз, ал соңында салауатты өмір салты Формуласын құрастырамыз..

Балалар айтыңыздаршы, адамдар бір-бірімен кездескенде не айтады?

Әрине сіздер дұрыс айтасыздар. Олар бір-біріне «Сәлеметсіз бе?» дейді, яғни «Деніңіз сау болсын!» немесе «Сізге саулық тілеймін!» деп айтады.

Бұл кездейсоқтың емес! Бұрын дана адамдар: «Бірінші байлық денсаулық», «денсаулықты ақшаға сатып ала алмайсың!», «Алла денсаулық берсе, бақытты өзіміз тауып аламыз!», «Ақылмен өмір сүрсең, саған емшінің керегі жоқ!» деп бекер айтпаған.

Яғни адамдар бұрыннан денсаулықтың адамның қалыпты өмір сүруі үшін өте маңызды екенін түсінген.

Мүмкін балалар сіздердің араларыңызда, денсаулық немесе салауатты өмір салты туралы басқа да мақалдар білетіндер бар ма?

v     Келесі мақалдар мен мәтелдерді жалғастырамыз:

1.     Жақсы ұйқыдан … (жасарасың)

2. Ұйқы – ең жақсы … (дәрі).

3. Ұйқың қанса – … (жасарасың).

4. Ұйқың қандыжаңадан… (туғандайсың).

5. Кім жақсы шайнаса, сол ұзақ… (өмір сүреді).

6. Нан жегің келсе – … (пештің қасынан шық).

7. Кім қомағай -… (сол өзіне жау).

8. Тәбет аурудан қашады, ал дені сауға ……… (жүгіреді).

9. Ауру кірмен ……… (дос).

10. Ақыл мен денсаулық …… (бәрінен қымбат).

11. Тәтті  тамақтан – …………… (жақсылық күтпе).

·Балалар, денсаулық дегеніміз не? Дені сау адамның аурудан айырмашылығы неде?

Денсаулық – бұл аурудың жоқтығы ғана емес, толық денелік, психикалық және әлеуметтік жағдайдың жақсы болу қалпы.

·Балалар, адам денсаулығы неге байланысты?

  Иә, ол көптеген факторларға байланысты болады, мысалы, қоршаған ортаның жағдайына, адамның тамақтануына, көп жағдайда адамның өмір сүру салтына байланысты болады.

Мысалы, ежелгі гректер ауырмаған және ұзақ өмір сүрген. Олардың қалай жолы болғыш болған? Барлығы қарапйым, олар бала кезден қартайғанға дейін өз ағзаларын шынықтырумен айналысқан және үнемі қозғалыста болған. Ежелге гректердің балалары жарты күн ғылыммен, ал жарты күн спортпен айналысқан.

Балалар, кім спорт секциясына немесе спорт үйірмесіне барып жүрген болса, қолдарыңызды көтеріңіздер?

Керемет! Сіздер ұзақ өмір сүру және дені сау және мықты болып қалу үшін спортпен, физикалық жаттығулармен, қозғалыспен дос болу керек екенін түсінесіңдер.    

Балалар! Сіздер психологиялық саулық туралы білесіздер ме?

Алдымен денсаулықтың әмбебап заңдылығы туралы айтайық. Адамның денсаулығын нығайтуға көмектесетін көптеген әдістер бар. Біреу иогамен, жүгірумен, тыныс алу жаттығуларымен және дұрыс тамақтанумен айналысады.

Бұл әдістердің барлығының салауатты өмір сүру салтына қатынасы бар, бірақ олар бір-бірімен байланыспаса тиімділігі болмайды.

Адам БІР МЕЗГІЛДЕ 4 әлемде өмір сүруі керек

- Рухани Әлем;

- Сенсорлық Әлем;

- Зияткерлік Әлем;

- Денелік Әлем.

Бұл әлем денсаулықтың Әмбебап заңдылығы деп аталынады.

Денсаулықтың рухани әлемі нені білдіреді? – бұл – адам ең алдымен сеніммен қоректенуі тиіс. Өзіне сену, жан тыныштығы. Егер жеңіске сенсең, онда жеңу мүмкіндігі жоғарылайды. Егер ештеңе орындалмайды деп сенсең, онда шынымен де ештеңе болмайды.

- екінші рухани өсу – бұл қабылдауды өзгерту, әлем бейнесін өзгерту. Бұндай адамдар әлемді және өзін сонда көреді.

- үшінші рухани тазару – бұл реніштерден құтылу (кешіру), жағымсыз бағдарламаларды залалсыздандыру.

- төртінші Рух-күші – бұл адамды «еріксіз» бірнәрсе жасауға итермелейді, бұл адамның ішкі энергиясы. Ол қорғайды және бізге көп нәрсені жеңуге, құнды тәжірибе жинақтауға, еңбек пен спортта жетістіктерге жетуге көмектеседі.

Денсаулықтың сенсорлық әлемі деген не? – бұл сезіммен қоректену дегенді білдіреді. Өз сезімдерімізбен өмір сүруге үйрену керек, бұл өз қажеттіліктерімізде құрметтеуді үйрену үшін өте маңызды. Сезім Мен қаламаған нәрсені көрсетеді және мені сол нәрседен тыяды. Өмірді толықтай сезіну үшін не жетпейтінін көрсетеді. Жағымдыны сезініп және қоректеніп адам күштірек болады.

- Салауатты өмір салты үшін жағымды сезімталдық: қуаныш, бақыт, өмірге қанағаттану, жақсылық қажет. Денсаулықты жағымсыз сезімталдық: ашу, қорқыныш, реніш, зарығу, кінәмшілдік, сараңдық бұзады. Бұндай эмоциядан қашуға және сізді қоршаған адамдарды олардан қорғауға тырысыңыз.

-Тазару – гармониямен. Медитация және релаксация арқылы өзімізді жаман ойлардан тазалаймыз.

-сүйіспеншілікпен қорғану, сен сүйсең және сені сүйсе бұл өмірді ұзартады.

Денсаулықтың зияткерлік әлемі нені білдіреді? – бұл – денсаулық Мәдениеті – бұл денсаулықты жақсартатын факторлар туралы теориялық білімді, сондай-ақ күнделікті өмірде денсаулықты белсенді тұрақты жақсарту қағидаларын дұрыс қолдануды, яғни жақсаруды білдіретін кешенді түсінік.

- Билеуді, қозғалысты, ән айтуды үйрену, өмірлік дағдыларды қалыптастыру. Өзіңнің талантыңды, шығармашылыңды дамыту. Көптеген адамдар өз денесі, оның құрылымы мен қызметінің ерекшелігі туралы, денсаулық – адамның зор байлығы екенін аз біледі. Осыдан адам өзін білсе өмірде оған ұрынбауға болатын көп қателер жібереді.

- Тазару – ғылымда дұрыс шешім қабылдау және өзінің сөзі мен әрекетіне жауап бере алуға үйрету. Қоректену үшін жағымды және  қауіпсіз, қоршаған нәрселердің денсаулыққа әсері туралы білім.

- қорғаныс – ақиқат бұл жақсылық. Игі істер, әрекеттер.

 Денсаулықтың зияткерлік әлемі нені білдіреді? – бұл дұрыс тамақтану. Әркім өзін дұрыс немесе дұрыс емес тамақтанумен ішін толтырады, оның нәтижесі бәрімізге белгілі.

- Біз ең алдымен лас ақпараттардан тазаруға тиіспіз. Егер біз адамдар туралы, табиғат туралы, әлем туралы айтатын болсақ, тек жақсы нәрсе айтуымыз керек, бұл біздің өмірімізді ұзартады.

- Қозғалыс белсенділігі, дене шынықтырумен және спортпен айналысу. Ең қол жетімді және пайдалы спорт түрлері: жүзу, велосипед тебу, гимнастика, жаяу жүру.

- өз ағзамызды гигиенамен қорғау: жек және қоғамдық гигиена ережесін сақтау, алғашқы жедел көмек беру дағдыларын игеру.

Бүгін сіздер денсаулықтың әмбебап заңдылықтарын білдіңдер және сіздер мен қаншалықты түсіндіңдер, біз соны тексереміз.

Балалар! Созылмалы шаршаңқылық синдромымен қалай күресуге болады?

Созылмалы шаршаңқылық синдромына қазіргі заманңы ересек адамның әрбір үшіншісі шадығады. Бұндай қалыппен қалай күресуге болады және өзімізге өмір қуанышын қалай қайтарамыз?

1) Жаман әдеттерден бас тартыңыз.

2) Спортпен айналысыңыз – денелік жүктелулер имминутетті күшейтеді, ағзаның барлық жүйесінің жұмысын жақсартады. Сондай-ақ эндорфиндерді – күштелуді түсіретін және стресспен күресетін қуаныш гармондарын тудырады.

3) Тамақ мәзіріңізді қайта қараңыз – құрамында ақуыз, дәрумендер және минералдар мол болуы керек. Стресспен күресуге жаңа піскен жемістер мен жидектер, оның ішінде грейпфрут, жүзім, анар жақсы көмектеседі

4) Ашуланбауға тырысыңыз және бәрін қалыпты қабылдаңыз.

5) Таза ауада көбірек қыдырыңыз – бұл ағзаның жалпы жақсаруына көмектеседі. Күн астынада жүру де пайдалы – күн сәулесі адам ағзасы үшін өте қажетті Д дәруменін тудыруға көмектеседі.

Денсаулық құпиясы

Кейбір адамдар өздерін психологиялық тұрғыдан әлсізбін деп есептейді, бекер. Кітаптарда, киноларда және өмірде өте күшті тұлғалық қасиеттерін көрсетіп жатады, біз олардың қасында өзімізді жиі әлсіз сезінеміз. Бірақ бұл олай емес! Күшті адамдардың сипаттарында кейбір жеке қасиеттері болады және ол қасиеттер бізге де тән. Егер …

1.     Сіз айқайламайсыз және сізді ашуландыру оңай емес.

Сабырлық сақтау және жағдайды еркін бақылайсыз. Сіз дауыс көтеру арқылы өзіңізді төмендеткеніңізді сезінесіз

2.     Сіз кері байланысқа ашықсыз.

Сіз өз пікіріңізді айтудан қорықпайсыз. Басқалардың да жағымды немесе жағымсыз болса да пікірлерін тыңдаудан қорықпайсыз. Сіз оларға әр уақытта да құшақ жаясыз және осы арқылы үйренесіз

3.     Сіз қажет болған жағдайда кешірім сұрайсыз.

Сіз қашан қателік жібергеніңізді білесіз және беделім түседі деп қорықпай кешірім сұрайсыз. Сіз кешірім сұрау арқылы беделіңіздің өсетінін түсінесіз.

4.     Сіз жақсы болу үшін бейімделесіз.

Соңында өзгеру үшін сіз болашақ психологиялық күшті адам ретінде бейімделесіз. Сіз өзгеру – қандай жағдай болмаса да жақсы екенін түсінесіз.

5.     Сіз көмек қолын созуға дайынсыз.

СІз өзіңіздің әлсіз жақтарыңызды білесіз және айналадағылардан көмек сұраудан қорықпайсыз. Сіз осылай жасау арқылы үйренетініңізді түсенесіз.

6.     Сіз өзіңізді кешіресіз.

Сізді бірнәрсе ұстап тұрса, ары қарай жылжу қиын екенін, сіз көп жылдардан кейін түсіндіңіз. Сондықтан кателік жасап, бұны өзіңізге кешірдіңіз және өткен нәрсеге байланып қалмайсыз.

7.     Сіз реніш мәселені шешпейтінін түсінесіз.

Сіз реніш мәселенің шешімі емес екенін және ол жетістікке жетуге ешқашан көмектеспегенін білесіз. Сондықтан сіз ренжудің орнына мәселені қалай шешу керектігін ойлайсыз.

8.     Сіз кез-келген кедергіні жеңесіз.

Сіз байқап көре бересіз және мақсатыңа жеткенше тоқтамайсыз. Тастай салу – бұл сізге тәне емес, сіз мәселене шешудің басқаша жолдарын іздейсіз.

9.     Сіз өз денсаулығыңызды күтесіз.

Егер денсаулығын мықты болмаса, онда сен бай және ақылды емессің – бұл сіздің ұраныңыз. Сондықтан сіз тамақ жеу, ішу, ұйықтау және дем алу қаншалықты дұрыс, соншалықты жасауға тырысасыз.

10.  Сіз өз уақытыңызды дұрыс пайдаланасыз.

Уақытты бос өткізу бұл сізге тән емес. Сондықтан сіз үнемі өнімді уақыт өткізуді қалайсыз, бұнан тек сіз ғана емес айналадағыларда пайда көреді.

«Жүйке жүйесін нығайтатын дем алу» жаттығуы

Қалпыңыз - Аяғыңызды иық турасына қойып тұрасыз.

Деміңізді сыртқа шығара отырып, бір уақытта қолыңызды иығыңыздың деңгейіне дейін көтеріп ішке дем аласыз. Қол буындары жұдырық боп жиылып, деміңізді ұстап тұрып шынтағыңызды бүгесіз (жұдырығыңызды иыққа тигізесіз). Сосын деміңізді ұстап тұрып қолыңызды ақырын бастапқы қалпына келтіресіз. Деміңізді сыртқа шығарғанда қолыңызды төмен түсіресіз.

Жаттығуды бастар алдында демді ұстап тұру қолды жайып-бүгу циклы бойынша өтеді. Сосын цикл саны 2-3 ке дейін болғанша демді ұстап тұрасыз.

Жаттығу араға біраз уақыт салып қол төмен түскен, дене алдыға сәл еңкейген түрде 3 рет қайталанады

Психологтар өлең айту денсаулықты нығайтады деп айтады. Егер ұзақ өмір сүргіңіз келсе, әркімнің өз сүйікті әні болуы керек. Егер сізге жаман болса, өлең айтыңыз, бірден жеңілдейді.

Сөйлеу ырғағы мен сөзді жақсартуға арналған психологиялық жаттығуларды таңертең орындау тек қана дауысты жақсартпай, адам тұлғасының жетілуі мен өзін жалы сезінуіне көмегін тигізеді

Шығармашылық жұмыс.

Төрт командаға, 4 әлемге бөлінеміз:

- Рухани Әлем;

- Сенсорлық Әлем;

- Зияткерлік Әлем;

- Денелік Әлем.

Әрбір топ, өз әлемін қалай түсінді, соны көрсетеді. Мүмкін суреттермен, рөлдік ойындармен немесе диалогпен. Таңдау балалардың өзінде.

v     Тест «Сенің денсаулығың»

1. Менде тәбетім нашар болатын сәт жиі болады.

2. Бірнеше сағат жұмыс істеген соң менде бас аур басталады.

3. Жиі шаршаңқы және әбіржіп, кейде ашушаң және қаһарлы көрінемін.

4. Мен жиі қатты ауырамын, тіпті бірнеше күн төсектен тұра алмай жатып қаламын.

5. Мен спортпен еш айналыспаймын.

6. Соңғы уақыттарда мен біраз салмақ қостым.

7. Менің басым жиі айналады.

8. Қазіргі уақытта мен темекі шегемін.

9. Бала кезде мен бірнеше аурумен ауырғанмын.

10. Менің ұйқым нашар және оянған соң өзімді жайсыз сезінемін

Өңдеу: Әрбір «иә» деген жауапқа 1 балл қойыңыз және көлемін санаңдар.

Нәтижесі:

1-2 балл. Денсаулығыңыздың нашарлауының бірнеше белгісі болғанмен, сіз жақсы формадасыз. Өз денсаулығыңызды сақтау бойынша жұмысты орта жолдан тастамаңыз.

3-6 балл. Сіздің өз денсаулығыңызға қатынасыңызды қалыпты деп айту қиын, сіз оны қатты ренжіткеніңізді сезінесіз.

7-10 балл. Сіздің жүріп және жұмыс істеп жүргеніңіз таңқаларлық. Сізге тез арада өз әдеттеріңізді өзгерту керек.

          Ойын «Жақсы деген не және жаман деген не?»

Сіз ең қарапайым гигиена ережесі мен денсаулық сақтауды білесіз бе, сол туралы ойнаймыз. Мен өлеңнің бірінші қатарын айтамын, ал сіздер «иә» немесе «жоқ» деп хормен айтасыңдар:

*                    Жаттығу, жаттығу, таңертең өзіне шақырады.

*                    Жаттығу, жаттығу, сізге денсаулық береді?

*                    Міне жаттығуды аяқтадың, енді шомылуға асығасың.

*                    Сабын, щётка, ұнтақ, онда сені күтеді?

*                    Қолыңды сабындап жудың, мұрның мен бетіңді ұмытпадың ба?

*                    Үстелде тамақ тұр. Қолыңды жуу керек?

*                    Түскі ас алдында тәттіге тойдың. Солай бола ма?

*                    Тісіміз ауырмау үшін, біз оны кейде ғана жуамыз ба?

  «Салауатты өмір салты» бейнеролигін көру

http://my.mail.ru/mail/777555angel/video/_myvideo/1.html

 

Рефлексия:

- Денсаулық деген не?

- Балалар денсаулық неге байланысты болады?

- «Ақпарат таза болуы қажет» деген сөйлемді қалай түсінесіңдер?

31-сабақ

МЕН КҮЙЗЕЛІСТІ ЖЕҢЕ БІЛЕМІН

 

Мақсаты: қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың белсенділігін, әртүрлі өмір жағдайындағы мінез-құлық нормалары мен ережелерін тәрбиелеу.

Міндеттері:

- оқушыларға жеке өздерінің эмоционалдық қалпын сезінуге мүмкіндік беру;

- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

- өзін-өзі реттеу тәсілдерімен таныстыру.

Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі күнді қағида бойынша 4 кіші топқа бөлінуден бастаймыз. Әрбір топтың міндеті – басқа топтарға мимка және ишара арқылы амандасуды ойлап табу.

Талдау: 

1. Жаттығу сіздерге қаншалықты ұнады?

2. Тапсырманы сіздің тобыңыз қалай шешті?

3. Амандасу тәсілін жылдам ойлап таптыңыз ба?

4. Қалай амандасу керектігі туралы идеяны топта кім ойлап тапты?

5.Сізге қандай амандасу ерекше ұнады?

6. Бір-біріңізбен амандасудың ерекше түрінде не сезіндіңіз?

Балалар сіздер ойландыңыздар ма, біздің миымыз нені жақсы көреді?

Бізде стресс болмауы үшін, миымыздың нені жақсы көретінін білуіміз керек?

1. Нақты мақсат. Қалай сіз алдыңызға мақсат, міндет қоясыз – сол сәтте таңғажайып басталады. Ал егер сіз алдыңызға мақсат қойып, оны құрамдас бөліктерге бөліп, онда ақырындап, үнемі орындай берсеңіз – онда сіздің алдыңызда ешқандай мәселе туындамайды.

2. Жағымды эмоциялар. Жағымды эмоциялар адамды әрекетке итермелейді. Өмірдің қарапайым қуанышын іздеуді бастаңыздар. Олар ойлау үрдістерінің баппен жүруіне мүмкіндік береді, жақсы көңіл-күй мен әлемге деген жағымды көңіл-күйді тудырады.

3. Қозғалыс және таза ауа. Таза ауада қан кислородпен жылдам толады, кислород пен қорек ми жасушаларына жылдам барады, қорек алмасу күшейеді, қажетті энергиялар босайды, жаңа биохимиялық қосылыстар туады. Қозғалыс пен таза ауа болмаса қан қоюланады – ми бұзылады.

4. Аз мөлшердегі қарапайым тамак. Қарапайым тамақты табу, дайындау және қорыту оңай. Ми айтады (егер сен оны тыңдағың келсе): досым, ағза алатын барлық энергияның 50%-ы көруге кетеді, 40%-ы ас қорыту мен қоректік токсиндерді залалсыздандыруға, ал тек 10%-ы ақыл-оймен жүйке жүйесінің жұмысына, миллиардтаған микробтармен күресуге жұмсалады. Егер үнемі тамақ жей берсек, қашан ойланатын боламыз?!

5. Ұйқы, демалыс. Барлық адам ағзасы сияқты миға да тынығу қажет. Миға түнде нұсқау: болжам жасау, шешім, қорытынды, жағымды ұйықтауға пікір беру керек. Қажетсіз әсерлер, байланып қалу мидың «түнгі қорғаныс толқындарымен жуылып» кетеді. Үнемі заттық түс адамдар, ең алдымен жақсы аналитиктер.

6. Бой үйрету. Ми жағдайдың аяқ астынан басқаша өзгеруіне, жаңа өмірге, жаңа оқуға, мекен-жайды өзгертуге, топқа, тамаққа, жаңа адамдарға тез бейімделе алмайды. Кез-келген қызметке бейімделе отырып ақырын кірісіңіз.

7. Еркіндік – бұл қорқыныштар мен стереотиптерге тәуелсіздік. Өзбетінше және жаңаша ойлаудан: өзінің өмір сүру салтын, өзінің өмірін, өзінің сыртқы келбетін, өзінің жақындарын сақтаудан қорықпау. Сізді түсінбегені және мойындамағаны үшін әлемді кінәламау. Басқалардың саған ұқсамауын, өзіндік пікірі мен өмірге деген көзқарасы болуына мүмкіндік жасау.

7. Шығармашылық –– құдайдан берілген, бізді құдай жасайтын, мидың сүйікті жұмысы. Идеялар ұсынады, оларды өмірде жүзеге асыру үшін жолдар мен құралдар табады, болашаққа үңіледі және оны жақсы жағына өзгертуге ұмтылады.

Миымыз нені ұнатпайды?

Қандай қалдықты мидан шығарып тастауымыз керек?

Ми жақсы көрмейді

1.                 Қорқыныш. Біз қорқынышты сезінген кезде, өзін-өзі сақтау инстингі алдыңғы қатарға шығады, ми алабы, жүйке жасушалар тобы ойлау әрекетіне қосылады.  Адам шығармашылық ойлаудан айрылады.

2.                 Кез-келген қасиеттің күшті эмоциялары. Күшті эмоциялар мидың ойлау қабілетін бірден тежейді. Үлкен қуаныш және үлкен қайғы ойлау қабілетін уақытша тоқтатады. Бұндай қалыптың ұзақтығы мидың дәрменсіздігіне әкеледі. Мысалы, «дүрбелеңдік» кезінде ми ажырайды. Осылай ауыруыңыз да мүмкін.

3. Жалғыздық егер адамның біреумен болсада байланысы бар, оны түсінетін болса, онда қарым-қатынастың жетімсіздігі қорқынышты емес. Мүмкін осы әлемде сен тек адам ғана, ал біреу үшін сен – бүкіл әлем шығарсың.

4. Стереотиптер. Ми стереотиптермен және «Ойланғым келеді!» деген өзін-өзі сақтаумен күреседі. Ми кез-келген сыртқы және ішкі ортаның («ақымақтықпен бірбеткей болма») өзгерістеріне жауап береді. Адамдарға өзгеруге, әртүрлі болуына мүмкіндік жасаңыздар. Өзіңіздің стереотипіңізді өзіңізге қажет болмаса басқаларға таңбаңыз

Ешқашан ештеңеден қорықпаңыз, сізбен сіздің зор байлығыңыз бірге, сіздің ең сенімді досыңыз – сіздің миыңыз!

Балалар! Сіздің миыңыз шығармашылықты сүйеді екен. Онда біздің миымызға жұмыс берейік бе? Ал бізде кім ең шығамашылықты адам, біз қазір білеміз.

Миды дамытуға арналған жұмбақтар.

1. Не туралы екенін табыңыз. Біреу отыр және ешқашан тұрмайды. Екіншісі берген нәрсенің барлығын жейді және әрқашанда аш. Үшінші үнемі олардан кетеді және қайта оралмайды.

Жауап: Бұл пеш, от және түтін.

Егер 5 мысыққа 5 тышқан ұстау үшін 5 минут керек болса, 100 минутта 100 тышқан ұстау үшін неше мысыық керек?

Жауап: 5 мысық.

Тәулігіне сағаттық және минуттық тіл неше рет тіқбұрыш құрайды? 

Жауап: 44 рет. Сағат тілі тәулігіне 2 айналыс жасайды, ал минуттық тіл - 24. Яғни минут тілі сағаттан 22 рет озады және әрбір озған сайын сағаттық тілмен екі реттен тікбұрыш құрайды. 

Бөлмеге кіресің:

Бөлмеде 2 ит, 4 мысық жатыр. Бір керік және бес бегемот тұрып тұр. Үш тауық ұшып жүр және бір қаз (кішкентай) отыр. Бөлмеде қанша аяқ  пен табан бар?

Жауап: 62. Жануарлардың аяғы мен табанынан басқа кереуеттің төрт және екі сенің аяғың бар.

Артық ффигураны тап?

Егер сіз жұмбақтың жауабын 2 минутта тапсаңыз, онда сіз 15% дарынды адамдардың қатарына кіресіз.

Түсіндіру: Сізге алдымен барлығына ұқсамайтын фигура болып көрінеді. Енді ең қызығы басталады:

— Иә, № 2 ақ шеңбері жоқ төртбұрыш.

        — Но как же тогда № 3 — единственный круг?

        — № 4 — жасыл, басқасы қызыл.

        — № 5 бәрінен кіші...

Жауап: Жұмбақ логикасы тек № 1 басқалардан еш айырмашылығы жоқ. Міне оның ең басты артықшылығы. Жауабын тапқандарды құттықтаймыз. Өз қабілетіңіздің босқа құруына жол берме.

Байлардың кедейлерден айырмашылығы неде?

Әрбір адам өмірінде бір рет болса да бай адамдардың кедейлерден айырмашылығы неде деп сұрақ қойып көрген шығар?

Жауап қарапайым: ойлаумен! Иә жақсы ақша табу үшін, миллионер ретінде ойлау керек. Стив Сиболд «Байлар қалай ойлайды» деген өз кітабында байлардың ойлау ерекшеліктерін сипаттайды. Ол мынадай:

Мәселеге қатынасы:

Байлар – өз мәселелерінен үнемі жоғары.

Кедейлер – өз мәселелерін үлкейтеді.

 

Ақшаны қалай алады:

Байлар – өз еңбегінің нәтижесіне.

Кедейлер – өткізген уақытына

 

Қашан таңдау жасау керек:

Байлар – бәрін таңдайды.

Кедейлер – тек біреуін таңдайды.

Тәуекел:

Байлар – қорықпай қимылдайды.

Кедейлер – қорқып қимылдайды.

Оқу:

Байлар – өмірінің әр уақытында оқиды және өседі.

Кедейлер – жеткілікті дәрежеде білеміз деп есептейді.

Жаттығу «Менің көңіл-күйім неге ұқсайды»

Бұл жаттығу қатысушыларға өзінің «осы жерде және тап қазір» деген эмоционалдық қалпын сезінуге және оны бейнелік символикалық түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Жаттығу шеңберде, қатысушылардың кезекпен допты бір-біріне лақтыруы арқылы алдымен бір сұраққа, сосын басқа сұраққа жауап береді. «Өзіңді тыңда. Сіздің көңіл-күйіңіз қай түске ұқсайды?».  «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай ауа-райына (әуенге, гүлге, жануарға және т.б.) ұқсайды?

Қорытындылау

Сіздің көңіл-күйіңіз жақсы болған уақытта, сіз күлесіз, қалжыңдайсыз және айналаның барлығы көңілді екенін байқайсыз, жұмысыңыз алға жүреді, сіздің көңіл-күйіңіз айналадағыларға беріледі. Егер бұндай сәтте өзіңізді бақыласаңыз немесе бұндай қалыпта өзіңізді еске түсірсеңіз, онда еркін, қалыпты дем алыңыз, денеңіз босайды, бетіңіз қалыпты және салмақты өң береді.

Ал сіздің көңіл-күйіңіз болмаса – айналадағыларға да бәрібір және көңілсіз, жұмысыңыз жүрмейді. Жаман көңіл-күй басқаларға таралады. Шарт боынша жаман көңіл-күйде аурулар күшейеді, жалпы жағдайыңыз нашарлайды. Сіз неғұрлым жағымсыз энергияны сезінсеңіз, соғұрлым сіздің жүйке жүйеңіз үлкен ауыртпашылық алады. Жүйке әрекетінің бұзылыстары жиі болады.

Рефлексия

- Стреспен күресу үшін нені білу керек? (Біздің миымыз нені жақсы, нені жаман көреді)

- Байлардың кедейлерден айырмашылығы неде?

- Басымыздан қандай қалдықты шығарып тастауымыз керек?

- Ақылды адам стреспен күресе ала ма? (әрине иә)

 

 

 

 

32 - сабақ

МЕН КҮЙЗЕЛІСТІ ЖЕҢЕ БІЛЕМІН

 

Мақсат: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекетті, көшбасшылық тұжырымын дамыту, күштелуді түсіру.

Міндеттер:

- оқушыларға жеке өздерінің эмоционалдық қалпын сезінуге мүмкіндік беру;

- «Стресс» түсінігімен және оны жою жолдарымен таныстыру.

- өзін-өзі реттеу тәсілдерімен таныстыру.

 

Ұйымдастыру кезеңі

Жаттығу «Ашығын айтқанда»

Мақсат: айналадағыларға топтық сенімді нығайту, ішкі күштелуді түсіру, ашық болу.

Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау керек. Барынша ашық және шынайы болуға ұмтылу. Егер топ мүшелері қатысушылардың біреуінің шынайы болмағанын сезінсе, оған қайтадан жаңа мәтінге жауап беруге тура келеді.

Үлгілік мазмұн:

Ашығын айтқанда, мен алдағы бақылау жұмысы туралы ойлағанда...

Ашығын айтқанда, мен сынаққа дайындалғанда...

Ашығын айтқанда, мен алдымда тұрған бақылауды стресін ұмытқан кезде ...

Ашығын айтқанда, мен  үйге келген кезде...

Ашығын айтқанда, менің оқуыма қатысты ата-аналарымның күйзелгенін ойлаған кезде...

Ашығын айтқанда, менде бос уақыт болған кезде...

Ашығын айтқанда, мен көшеде қыдырғанда немесе биге барған кезде...

Ашығын айтқанда, мен толқыған кезде...

Ашығын айтқанда, мен ойымды жинақтай алмаған кезде...

Ашығын айтқанда, мен кеңес алуға келген кезде...

Ашығын айтқанда, мен тренингке қатысқан кезде...

Талдау:

Ұсынылған сөйлемді аяқтау қиын ба?

Қазіргі сәтте сіздің өмірлік маңызды мақсаттарыңыз қандай?

Стресс деген не? Кім стреске ұрынған?

Стресс — бұл эмоционалдық және физикалық күштелу қалпы. Кез-келген адам стресске душар болады. Біз үнемі денсаулығымызға ықпалын тигізетін стрестік жағдайларға душар боламыз.

Ғалымдар стрестің біздің денсаулығымызға тікелей ықпалын тигізетін мида химиялық өзгерістер тудыратынын дәлелдеді. Үнемі стрестің салдарынан 80% адам созылмалы шаршау синдромы деген ауру табады.

Стресс болмауы үшін, біздің миымыз нені жақсы көретінін еске түсіруіміз керек.

 

«Стресс-тесті».

Мақсат: бітіруші стресске ұрынған ба, соны анықтау.

Нұсқаулық: Сіз тұжырымды оқып, төмендегіей шкалаға сай өзіңіздің келісіміңізді білдіресіз:

ешқашан (1 балл);

кейде (2 балла);

жиі (3 балла);

— әрқашан (4 балла).

1. Мені майда-шүйделер кейде ғана мазалайды.

2. Біреуді күтуге тура келгенде, мен мазасызданамын.

3. Мен ыңғасыз жағдайға түсіп қалсам, қызарақтаймын.

4. Мен ашуланған кезде, біреуді ренжітуім мүмкін.

5. Мен сынағанға шыдамаймын, шектен шығып кетемін.

6. Егер көлікте мені біреу итерсе, мен де солай жауап беремін немесе жаман сөз айтамын.

7. Бос уақытымның барлығында бірнәрсемен айналысамын.

8. Кездесуге үнемі алдын-ала келемін немесе кешігемін.

9. Тыңдай алмаймын, қарсы сөз айтамын.

10. Тәбетімнің жоқтығынан зардап шегемін.

11. Себепсізден жиі мазасызданамын.

12. Танертең өзімді жайсыз сезінемін.

13. Өзімді шаршаңқы сезінемін, нашар ұйықтаймын, тез ұйықтап кете алмаймын.

14. Ұзақ ұйықтағаннан кеінөзімді қалыпты сезіне алмаймын.

15. Менің жүрегім дұрыс емес деп ойлаймын.

16. Менің арқам мен мойным ауырады.

17. Мен үстелде отырған кезде саусақтарыммен столды ұрамын және аяғыммен тербелемін.

18. Танымал болуды армандаймын, жасаған жұмыстарым үшін мақтағанын қалаймын.

19. Мен көп адамдардан жақсымын деп ойлаймын.

20. Мен диета сақтамаймын.

 

Бағалау шкаласы:

30 балл және одан төмен. Сіз ақылмен және қалыпты өмір сүресіз, туындаған мәселелерді шешуге үлгересіз. Сіз өтірік абыройды, айрықша салмақтылықты ұнатпайсыз. Бұндай адамдар өзін қызғылт түсте жиі көреді.

31–45 балл. Сіздің өміріңіз әрекетке және күштелуге толы, стрестен жақсы да (сізде бірнәрсеге қол жеткізуге ұмтылыс бар) жаман да мағынада да күйзеліс шегесіз. Қарап тұрсақ сіз өмір салтыңызды өзгертпейсіз, бірақ өзіңіз үшін де азғантай уақыт бөліңіз.

46–60 балл. Сіздің өміріңіз — толассыз күрес. Сіз мақтағанды жақсы көресіз және карьера туралы армандайсыз. Сіз үшін басқалардың пікірі маңызды және бұл сізді стресс қалпында ұстайды. Егер осылай жұмыс істей берсеңіз, көп нәрсеге қол жеткізесіз, бірақ бұл сізге қуаныш сыйлайды деп айта алмайсыз. Артық ерегістерден қашыңыз, болмайтын нәрсе үшін өз ашуыңызды көрсетпеңіз. Барлық нәрседен барынша нәтиже алуға ұмтылмаңыз. Арасында өзіңізге демалыс жарияялаңыз.

61 балл және одан жоғары. Сіз бір уақытта тежегішті де және газды да басатын машина жүргізушісі сияқты өмір сүресіз. Өмір салтыңызды өзгертіңіз. Сіз алған стресс денсаулығыңызға және болашағыңызға қауіп төндіріп тұр.

 

Жаттығу «Досқа дос»

Мақсат: бір-біріне адал, дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру, тактилдік қабылдауды дамыту.

Нұсқаулық: Сіздерге аудиторияда еркін жүруге және менің бұйрығымды орындауға болады. Қашан мен «Досқа дос» деп айтқанда – сіз өз жұбыңызды табуға тиіссіз. Сіз жұбыңызды тапқан соң, мен тапсырма берем. Ал, кеттік: «Досқа дос!» енді бір-біріңіздің қолыңызды ұстаңыз, бір-біріңе бастарыңды бастарыңа, құлақтарыңды құлақтарыңа, иықтарыңды иықтарыңа  тигізіңіз.

Тағы да залда жүріңіз және жұптарыңды іздеңдер. Ойын жаңа жұппен жалғасады.

Талдау:

Өз көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз.

Бұл ойын неге бағытталған?

Кіммен және қашан оны қолдануға болады?

Стресті залалсыздандыру үшін не істеу керек?

Біріншіден, стресс кезінде дәрумен қоры, әсіресе В тобындағылар тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнделікті дәрумендер қабылдауға кеңес береді, бірақ артық падаланудан сақ болыңыз. Барлығының шегі болуы керек!

Екіншіден, дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залға барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, өлең айтыңыз, қалада қыдырыңыз, бассейнге, моншаға түсіңіз.

Үшіншіден, психикалық және физикалық релаксация қажет. Былайша жасап көріңіз тынышталдыратын әуен тыңдаңыз, түнгі аспанға, бұлтқа қараңыз, армандаңыз.

Төртіншіден, ырғақты өмір сүру үшін, жанұя, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингке барыңыз, жанұялық шаралардан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-анаңызға, атаңызға, әжеңізге, қарындасыңыз бен ініңізге көңіл бөліңіз, өйткені олар сіздің сүйіспеншілігіңізге, қомқорлығыңызға, еркелеткеніңізге мұқтаж.

 

Шағын топтағы пікірталас

Мақсат: теориялық материалдарды бекіту.

Материал: 4 парақ ватмана, фломастерлер, қатысушылар санына сай стрестті залалсыздандыруға бағытталған төрт қадамы бар, төрт әртүрлі сөздер (әрбір карточкаға бір сөзден) қарточкалар.

Нұсқаулық: Сіздерге төмендегідей кейіпте 4 шағын топқа бөліну керек. Менің қолымда сөздер жазылған карточкалары бар шкатулка. Әркім шкатулкадан карточканы алып, кімге сондай сөз келді, сол адамды табады. Тыныш, вербальсыыз тәсілмен іздеу керек. Әрбір  «табылған» топ өз сөздерін пантомимомен көрсетеді.

Сөз: дәрумен, жаттығу, релаксация, жанұя. Ал енді 4 топ құрып, таймер, хатшы, спикер, төрағаны таңдаңыздар. Қазір мен талқылауға арналған сұрақтар таратамын. Пікірталас жүргізу кезінде миға шабуыл қағидасын қолданыңыз және топ тәртібін сақтаңыз. Жасауға 2 минут уақыт беріледі.

1-ші топқа тапсырма: «Стресс – бұл....» сөйлемін аяқтаңыз

2-ші топқа тапсырма: стреске қалай қарсы тұруға болады?

3-ші топқа тапсырма: стрестік ситуацияға мысал келтіріңіз.

4-ші топқа тапсырма: стрестік ситуацияға тап болсаңыз, не істеу керек?

Ал енді спикерлерге талқылау барысында туындаған топтық идея туралы айтуын сұраймын.

Тапсырма. Менің сұрағыма жауап беріңіз:

Неге данышпандар жақсы адамға есіктер өзбетімен ашылады деп айтады?

Жаттығу «Маған қымбатты адам, саған не тілейін

Мақсат: топтан тренинг өткен күн туралы кері байланыс алу.

Материал: «Бауырсақ» ойыншығы.

Нұсқаулық: Үлкен шеңбер жасап, ыңғайлы отырыңдар және менің қолымдағы керемет Бауырсаққа қараңыздар. Қазір ол сіздердің олдарыңызда көңілді ауысады. Қолына Бауырсақ тиген бала қалған топ мүшелеріне өзінің тілегі мен әсерін айтады. Ал қалғандары сыныптастарын құрметтей отырып әңгімені бұзбай мұқият тыңдауы қажет.

Рефлексия:

1.Стресс деген не?

2. Денсаулыққа стресс әсер ете ме?

3. Стресті залалсыздандыру үшін не істеу керек?

 

 

 

33 - сабақ

ӘЛЕМ МЕНЕН БАСТАЛАДЫ

 

Мақсаты: Мәселені көре білу шеберлігін және оны шешу жолдарын табуды қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Адам мен әлемнің өзара байланыс мәнін ашу.

2. Әлемді эмоционалдық—сезімдік қабылдауды дамыту.

3. Әлемге қамқормен және ұқыппен қарауды тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Дәптердегі суретке қараңыз, ол неге ұқсайды немесе немен ассоциациялауға болады? (Әлем)

Ал егер біздің әлем қап-қара, кір болса, ондай әлем әдемі бола ала ма?            

Білесіз бе? неге? Адамдар сұлулықты байқамайтын болды, оларға енді сұлулық керек емес деп айтады.

Біздің әлемімізді өзгертуге бола ма?

- Әрине, мүмкін. Әлемнің сұлулығы жан сұлулығынан басталады. Бұл үшін өз ішіңізге үңілу керек, сол жерде барлық әлем!

Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Әлем менен басталады». Әрбір адамға қол жетімді жер шарында бейбітшілік орнатудың бір амалы, өз жеке тобыңыз – туысқандар, достар, және қоғамның басқа мүшелері арасында жағымды атмосфераны орнату.

Бейбітшілік дұрыс ойлы адамдар арасында ғана болуы мүмкін. Егер сіз іштей тыныштала бастасаңыз, онда шыдамдылық пен төзімділікті тәжірибеге ала отырып, өзіңіздің ішкі жеккөрушілігік деңгейіңізді төмендетіңіз.

 

Тапсырма «Менің әлемім»

Біздің әлемнің суретін салыңыз. Оны біз қалай елестетеміз.

Әлем менен басталады

«Егер Сіз адамдар бұрыннан ызалы және алдап кетуге дайын тұрады деп есептесеңіз, бірақ бір уақытта ақкөкірек адам кезіктірсеңіз, Сіз ол мені алдап кетті, болмаса бір жаман ниеті болды деп ойлайсыз. Бұл Сізді солай жасауға, сол адамның саған қарым-қатынаста ашу-ызасын тудыруға итермелейтін адам мінез-құлқының интерпретациясы. Егер сіз өзіңізді нашар жүргізуші деп есептесеңіз, онда Сіз нашар жүргізумен есте қаласыз. Егер сізде кедей болудың белгілері бар деп ойласаңыз, онда өзіңізді кедейшілікке әкелесіз. Ойдың шынайылыққа айналу феноменін тылсымды қоса отырып түсіндіретін көптеген амалдар бар, бірақ ой мінез-құлықты, ал мінез-құлық нәтижені  тудыратыны туралы тұжырымдама бар – бұл түсіну үшін дәл, анық».

 

«Қураған ағаш» әңгімесі.

·Түнде ұры келіп, өзін күтіп тұрған полицей екен деп қорқып кетті.

·Сосын ғашық жігіт өтті, оның жүрегі қуаныштан дүрсілдеп: ағашты өз ғашығы екен деп құшатқтады.

·Қорқынышты ертектерді көп тыңдаған бала, бұл елес екен деп қорқып жылады.

Бірақ барлық жағдайда да ағаш тек ағаш боп тұра берді

Біз әлемді өзіміз қандаймыз, солай көреміз.

Балалар! Ал қазір «Жақын болу үшін біз боянуға тиіспіз» деген бейне ролик көреміз?

 Көріп болған соң.

  - Жақын болу үшін біз неге боянуға тиіспіз?

 

Кішкентай жест – күлу, жылы көзқарас, қолмен әшейін ұстау, жылы сөз – адам өмірін өзгертуі мүмкін.

Сіздің өміріңіз түгелдей өзгеруі ммүмкін. Қара. Бақыла. Қазір Сіздің күлкіңізді, Сіздің көзқарасыңызды біреу күтіп отыр...

 

Жаттығу «Күлімде, сені жақсы көреді»

Балалар келіңдер өз өмірімізді өзгертейік. Бәріміз шеңбер жасап тұрып бір-бірімізге қарап күлеміз және құшақтасамыз. Осы арқылы біз өз әлемімізді өзгертеміз. Өйткені әлем бізден басталады.

Соңында. Сіз не сезіндіңіз?

Балалар! Бұл дәйексөзді есте сақтаңдар.

·Маңызды болу қажет емес, қажет болу маңызды.

·Сараңдық пен бақыт ешқашан бір-бірімен кездескен емес.

Олар бір-бірін білмеуі таңсық емес.

 

v     Жануарлар бізге адам болуды үйретеді.

Жануарлар бізге адам болуды үйретеді. Дельфин әлсіреген дельфинді кездестірсе оған жүзе алуына көмектеседі.

Жануарлар бізге адам болуды үйретеді. Пілдер кәрі адамдарды ешқашан тастап кетпейді.

Жануарлар бізге адам болуды үйретеді. Арыстан өз ұшін ешқашан қорлау үшін жұмсамайд

 

v     Шығармашылық жұмыс

Сынып 3 командаға бөлінеді. Әрбір команда өз тақырыптарын көрсетеді.

ü     1-ші команданың тақырыбы: Жануарлар бізге адам болуды үйретеді. Дельфин әлсіреген дельфинді кездестірсе оған жүзе алуына көмектеседі.

ü     2-ші команданың тақырыбы: Жануарлар бізге адам болуды үйретеді. Пілдер кәрі адамдарды ешқашан тастап кетпейді.

ü     3-ші команданың тақырыбы: Жануарлар бізге адам болуды үйретеді. Арыстан өз ұшін ешқашан қорлау үшін жұмсамайды.

Өз көрсетілімдерін «Әлем бізден басталады, өйткені...» деген сөйлеммен бастайды.

 

Рефлексия:

-Адам мен әлем арасында байланыс бар ма?

-Біз өз әлемімізді өзгерте аламыз ба?

-Қалай?

 

 

 

 

 

 

34-сабақ

ӘЛЕМ МЕНЕН БАСТАЛАДЫ

 

Мақсаты: Мәселені көре білу шеберлігін және оны шешу жолдарын табуды қалыптастыру.

Міндеттері:

- Адам мен әлемнің өзара байланыс мәнін ашу.

- Әлемді эмоционалдық—сезімдік қабылдауды дамыту.

- Әлемге қамқормен және ұқыппен қарауды тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Жаттығу «Мен өз-өзіме тілеймін...».

Қазір дәптерімізге өз-өзімізге «казіргі» емес ,болашаққа бағытталған тілек жазамыз. Ең азы 5 жылға деген шарт қойылады. Мысалы, неге жиырма жасқа толуыммен өз –өзімді құттықтамасқа және тілек арнамасқа? Жазғанды тек автордың қалауы бойынша оқу керек.

Мысалы: Мен өзіме бес жылдан кейін тілейтінім……

«Сіз нені күтесіз?» бейнеролигін көру

  - Қайыктан шығатын уақыт келді деп, не мағынада айтты?

Шекспир айтқан:

Мен үнемі өзімді бақытты сезінемін. Неге екенін сен білесің бе? Өйткені мен ешкімнен ештеңе күтпеймін. Күту әрқашанда  ауыр... Өмір қысқа... Сол үшін өз өміріңді сүй... Бақытты бол... Күліп жүр...

Айту үшін алдымен, тыңда...

Жазу үшін алдымен, ойлан...

Ақшаны жұмсау үшін алдымен, тап...

Құлшылық ету үшін алдымен, кешір...

Біреуге қиыншылық жасау үшін алдымен, сезін...

Жек көру үшін алдымен, сүй...

Жаттығу «Комплимент».

Атының астына комплимент жазып өз дәптерімізді көршімізге береміз, ол да комплимент жазып ары қарай береді. Осылай сынып бойынша жеткіншектердің, тіпті жетекшінің де дәптері айналып шығады.

Дәптер иесіне қайтып келгенде, ол сонда жазылғандарды оқып риза болады.

Жаттығу «Суға батқан кеме».

Балаларға Тынық мұхиттың оң жақ бөлігінде яхтамен саяхат жасап жүргені туралы қиялдауын сұрамыз. Шыққан өрт салдарынан яхтаның көп бөлігі және оның жүктері жанып кетті. Яхта біртіндеп батып бара жатыр. Навигациялық құралдар істен шыққанына байланысты оның қай жерде жүргені белгісіз, бірақ ең жақын жер оңтүстік-батысұа дейін 2000 мильдей бар. Катастрофа болған уақытта әркімнің жұмыс дәптерінде тізімі бар бірнеше зат қана аман қалды. Балаларға да аман қалған адамдара тек бір қорап темекі, бір қорап сіріңке және бірнеше он теңгелік ақша қалғаны хабарланады.

Тірі қалу үшін маңыздылық дәрежесі бойынша аман қалған заттарды өз дәптерлерімізге ретімен жазамыз:

1. Сақал алуға арналған айна.

2. Суы бар канистр.

3. Масаға қарсы тор.

4. Қосымша бір жәшік тамақ.

5. Тынық мұхит картасы.

6. Үрленген жастық.

7. Канистр бензин.

8. Транзисторлы радиоқабылдағыш.

9. Акуладан қорғануға арналған реппелент.

10. Алты кв. м. полиэтилен.

11. Бір бөтелке ром.

12. Бес метр нейлон канат.

13. Екі қорап шоколад.

14. Балық аулайтын тор.

Балалар сол немесе басқа заттың тірі қалу үшін құндылығына сай алдымен өз бетімен, сосын жұпта тізім жасайды. Өз пікіріңізді қорғауыңыз қажет.

Жұпта жасалған мәліметтер бірегей ранг жүйесінде болуы шарт. Сынып 10 минут ішінде бір ғана жауап дайындау керек, мүмкіндігі болса дұрыс жауап. Тақтаға жазылады.

Алынған нәтиже тірі қалу үшін маңыздылық деңгейіне сай заттарды рангілеу бойынша кәсіби құтқарушылар ұсынған нәтижемен салыстырылады. Олардың көзқарасы бойынша ең алдымен іздеуші топтың назарын өзіне аударатын заттар (айнаның көмегімен тікұшаққа белгі беруге болады, бензинді жағуға болады) болуы керек. Ары қарай су мен тамақ, сосын – оның көмегімен (полиэтилен) су жинауға және балық аулауға (балық аулау жабдықтары) болатын заттар. Сосын – алкоголь (тек медициналық мақсатта, өйткені тұщы суда шөлдеу болмайды). Қалғандары екінші дәрежелік болады.

Әлемді сезімдік қабылдау үшін жұмбақтар.

Балалар! Келіңдер жұмбақ шешейік. Кім тез шешсе, соның IQ жақсы дамыған. Ал бастадық.

1.                     Бұтақта үш құс отыр, екеуі ұшамыз деп шешім қабылдады. Бұтақта қанша құс отырып қалды?

Жауап: Үш құс. Шешім әлі әрекет емес, құстар ұшамыз деп шешім қабылдады, бірақ әлі ұшқан жоқ.

2.                     Саған қонақтар келді, тоңазытқыштар – бір бөтелке лимонад, ананас шырыны және минеральды су бар. Ең бірінші сен нені ашасың?

Жауап: тоңазытқыш.

3.                     Қандай аадам пілді көтере алады?

Жауап: Шахматист

4.                     Егер түнгі 12-де жаңбыр жауып тұр, 72 сағаттан кейін күн шыққан ауа-райын көре аламыз ба?

Жауап: Жоқ, - 72 сағаттан кейін тағы да түн ортасы болады.

5.                     СІз қараңғы бөлмеге кірдіңіз. Сізде керосиндік және газдық лампа бар. Сіз ең алдымен қайсысын жағасыз?

Жауап: Сіріңкені.

6.                     Ең үлкен кастрюлге не сыймауы мүмкін?

Жауап: Оның қақпағы.

     Тест: Сен қандайсың?

Көп ойланбай, өзіңізге ұнаған символды таңдаңыз.

 

1-символ: жомарт, адамгершілігі мол

Сіз тек жақсы қасиеттерге ұмтыласыз. Өзіңізге үлкен талаптар қоясыз. Еңбекқор адамсыз. Менмен емессіз.

2-символ: тартымды, шыншыл

Сіз жауапкершілікке бей-жай қарайтын адам емессіз. Өзгелерге қамқорсыз. Жұмысты «таза» орындауға тырысып, мойыныңызға көп міндет жүктеп аласыз. Мінезіңіз жақсы. Адамдар сізге сенеді. Сіз тез ойлап, тез әрекеттенуге дағдыланғансыз. Өткір тілді адам болғандықтан, таныс емес ортада да айтарға сөз табасыз.

3-символ: ақылды, ойшыл

Сіз көп ойланасыз. Идеяларыңыз бен ойларыңыз сіз үшін өте маңызды. Белгілі бір мәселені шешу үшін жалғыз қалып, ойланғанды жақсы көресіз. Сіз – интровертсіз. Ойланып, білім алуға құштар адамдармен тіл табыса аласыз. Адамгершілік туралы ойлануға көп уақыт жұмсайсыз. «Дұрыс жолмен» жүруге тырысасыз. Қоғамның пікіріне тәуелді емессіз.

4-символ: зерек, философ

Сіздей адам бұл әлемде жоқ. Тіпті ұқсайтын адам да жоқ. Сіздің интуицияңыз жақсы дамыған. Көп адам сізді дұрыс түсінбейді. Мұндай жайттарды жүрекке жақын қабылдайсыз. Жеке кеңістікті қажет етесіз. Өз шығармашылығыңызды дамытуға тырысасыз. Өте сезімталсыз.

5-символ: сенімді

Сіз – тәуелсіз адамсыз. «Бәрін өзім істеймін» деп үйренгенсіз. Өзіңізге ғана сенесіз. Өз мақсаттарыңызға жету үшін бас көтермей еңбек етуге даярсыз. Жақындарыңыз үшін бәріне қол жеткізуге тырысасыз. Олардың сізге тек шындықты айтып, адал болғанын талап етесіз. Кез келген ақиқат, пікір мен сынға дайынсыз.

6-символ: тартымды, энергиясы мол

Сіз ашық жүзді, көңілді адамсыз. Әлеммен «гармония» орнатуға тырысасыз. Аяқ астынан шешім қабылдауға бейімсіз. Өмірге ғашықсыз. Адамдарды таңғалдырып жүресіз. Көптеген нәрсеге қызыға қарайсыз.

7-символ: бақытты, сабырлы

Сіз сезімтал адамсыз. Өзгелерді түсінуге тырысасыз. Әр адамның өз тағдыры бар екеніне сенесіз. Кез келген адам қателіктер жасайтынын түсінесіз. Адамдарды, өмірде болатын жайттарды сабырмен қабылдайсыз. Көп уайымдамайсыз.

8-символ: мейірімді, сезімтал

Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Айналаңызда дос, жолдастарыңыз көп. Оларға көмектесіп, жақсы дос болуға тырысасыз. Сіздің аураңыз ашық әрі жылы. Адамдар жаныңызда өзін қауіпсіз сезінеді. Сізге сенеді. Ерекше болуға тырысасыз.

9-символ: оптимист, жолы ашық

Өмірді қымбат сый деп бағалайсыз. Жетістіктеріңізді мақтан тұтасыз. Жақсы көретін адамдарыңызды бақытты етуге тырысасыз. Өмірді мәнді етіп өткізгіңіз келеді. Өсіп-дамуға барыңызды саласыз.

 «Психологияны саламыз» жаттығу

Егер сіз өзіңізге керек емес нәрсені талап етпесеңіз, онда сізге керек нәрсе өзі келеді.

Осы жылдағы психология сабағымен байланысты өз эмоцияңыз бен сезімдеріңіздің суретін (сурет символдық немесе сюжеттік, түрлі түсті немесе біртекті болуы мүмкін) салыңыз.

Сурет салып болған соң суреттің нені білдіретінін сыныптастарыңызға айтып берсеңіз дұрыс болатын еді. Менде, ереже бойынша, бұл жаттығуға қатысамын.

Рефлекция  

«Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсында алған білімдерін қорытындылау мақсатында «Менің сезімдер әлемім» тақырыбында эссе жазу шығармашылық тапсырмасы беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.   М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы, 1998.

2.   М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982.

3.   Қ.Жарықбаев. Психология.  Алматы, 1993.

4.   Қ.Жарықбаев., Ө.Озғанбаев. Қазақ этнопсихологиясына кіріспе. Алматы, 2014.

5.   Ж.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, Рауан 2002.

6. О.В. Хухлаева.  «Тропинка к своему Я» Москва, 2014.

7. С.В.Кривцова.Жизненные навыки. Москва,2009

8. П.Астахов. Детям о праве. Москва, 2014г.

9.   Твоя жизнь – волшебный мир. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2002.

10.   Волшебный хоровод. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2002.

11.        Ж.Қоянбаев. Педагогика. Алматы. Рауан 2002.

12.   В мире волшебных фигур и цифр. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2003.

13.            Ә.Алдамұратова. Қызықты психология. Алматы, 1992

14.            М. Кемел. Ақыл қалта. Астана., 2013

15.            Ю.П. Азаров. Искусство воспитания. 2-е изд., испр. - Москва, 1985

16.        Е.В.Бурмистрова. Психологическая помощь в кризисных ситуациях (предупреждение кризисных ситуаций в образовательной среде). М.: МГППУ, 2006 г.

17. Л.И. Божович. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М. Просвещение, 1968.

18. М.В. Беншаминова. Воспитание детей. - М., 1985

19.  Г.Н. Волков. Этнопедагогика. – Чебоксары, 1977

20. Н.Дереклеева. Родительские собрания в начальной школе //Школьный психолог. – 2004. - №46.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Алғы сөз…………………………………………………….…………...........……3

Кіріспе …..…………………………………….........................................………...5

1. Тарау.  Сезімдер мен  эмоциялар

1-сабақ. Біздің сезімдер.........................................................................................10

2-сабақ. Эмоция.....................................................................................................15

3-сабақ. Менің мықты және әлсіз  жақтарым......................................................19

4-сабақ. Өз эмоцияңды басқара білу керек пе?..................................................25

5-сабақ. Тиімді қарым-қатынас. Қарым-қатынас жасай білу............................28

6-сабақ. Менің өмірімдегі қарым-қатынас..........................................................32

7-сабақ. Қоғамдық тәртіп ережелері....................................................................34

8-сабақ. Ұжымдағы өзара қарым-қатынас..........................................................38

9-сабақ. Өз-өзімен және басқалармен үйлесімді болу.......................................42

2.Тарау. Мен оқығанды көңілге ықыласпен тоқуға үйренемін

10-сабақ. Жетстікке жол........................................................................................45

11-сабақ. Мен білім әлеміндемін.........................................................................47

12-сабақ. Менің «Мен» бейнем............................................................................51

13-сабақ. Менің өмірімнің тұсбағдары................................................................55

14–сабақ. Менің бесінші сыныптағы  оқуым......................................................57

15-16-сабақ. Мен және менің мектебім...............................................................61

3. Тарау.  Ұлдар мен қыздар

17- 18-сабақ. Мен кіммін?.....................................................................................63

19-сабақ. Ұлдар мен қыздар әлемі.......................................................................66

20-сабақ. Ұлдар мен қыздар әлемі.......................................................................69

21-22-сабақ. Олар және біз...................................................................................72

23-24-сабақ.  Өзіңе жол.........................................................................................77

4.Тарау. Күйзеліс және шиеленісті болдырмау тәсілдері

25-26 сабақ. Менің өмірлік күш-қуатым.............................................................81

27-28 сабақ. Өмір идеялары..................................................................................85

29-30-сабақ. Салауатты өмір салты ережелері  .................................................87

31-сабақ. Мен күйзелісті  жеңе білемін...............................................................93

32-сабақ. Мен күйзелісті  жеңе білемін...............................................................96

33-сабақ. Әлем менен басталады.......................................................................100

34-сабақ. Әлем менен басталады.......................................................................102

 

 

 

 


Скачано с www.znanio.ru

ЖОБА Педагог-психологтарға арналған оқу-әдістемелік құрал 5 сынып

ЖОБА Педагог-психологтарға арналған оқу-әдістемелік құрал 5 сынып

Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ОЖ КБЖ Пікір жазған: А.Р

ОЖ КБЖ Пікір жазған: А.Р

Алғы сөз Қазіргі заманауи қазақстандық қоғам болашақ түлектердің жылдам өзгеріске толы әлемдегі өмірге дайындығына байланысты білім жүйесіне жаңа талаптар қоюда

Алғы сөз Қазіргі заманауи қазақстандық қоғам болашақ түлектердің жылдам өзгеріске толы әлемдегі өмірге дайындығына байланысты білім жүйесіне жаңа талаптар қоюда

КІРІСПЕ Оқушының даму үрдісіндегі тұлғасы – бұл білім беру жүйесінің негізі

КІРІСПЕ Оқушының даму үрдісіндегі тұлғасы – бұл білім беру жүйесінің негізі

Бірінші бөлімнің тақырыптары жеткіншек кезеңінің психологиялық ерекшеліктері ескеріліп құрастырылды

Бірінші бөлімнің тақырыптары жеткіншек кезеңінің психологиялық ерекшеліктері ескеріліп құрастырылды

Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (34 сағат, аптасына 1 сағат) №

Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (34 сағат, аптасына 1 сағат) №

Психологиялық әсер ету түрлері мен механизмдері

Психологиялық әсер ету түрлері мен механизмдері

Баланың дербестікке ұмтылысын мадақтау және дербестігінің қалыптасу кезеңінде ересектермен қарым-қатынасына байланысты жағымсыз тұстарын електен өткізу

Баланың дербестікке ұмтылысын мадақтау және дербестігінің қалыптасу кезеңінде ересектермен қарым-қатынасына байланысты жағымсыз тұстарын електен өткізу

I тарау СЕЗІМДЕР МЕН ЭМОЦИЯЛАР 1-сабақ

I тарау СЕЗІМДЕР МЕН ЭМОЦИЯЛАР 1-сабақ

Түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың сапаларын танимыз, ал сезім болса, адамның ішкі көңіл күйін, оның сол заттар мен құбылыстарға қатынасын көрсетеді

Түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың сапаларын танимыз, ал сезім болса, адамның ішкі көңіл күйін, оның сол заттар мен құбылыстарға қатынасын көрсетеді

Жалғыздық туралы әңгімелесу, әңгіме барысында балалар мына сұрақтарға жауап береді: 1

Жалғыздық туралы әңгімелесу, әңгіме барысында балалар мына сұрақтарға жауап береді: 1

Адамгершілік сезімдерінің тобына: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят т

Адамгершілік сезімдерінің тобына: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят т

С.Торайғыров былай сипаттайды: «Халықтың арғы-бергісін қозғап естеріне түсіріп, мұң-мұқтаждарын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі дауысымен құйқылжытып тұрғанда, қандай тас көңіл болса да жібімей қоймайды

С.Торайғыров былай сипаттайды: «Халықтың арғы-бергісін қозғап естеріне түсіріп, мұң-мұқтаждарын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі дауысымен құйқылжытып тұрғанда, қандай тас көңіл болса да жібімей қоймайды

Рефлексия -

Рефлексия -

Эмоция дегеніміз – адамның ішкі сезімін сыртқа шығаратын көңіл-күй көріністері

Эмоция дегеніміз – адамның ішкі сезімін сыртқа шығаратын көңіл-күй көріністері

Сонымен, эмоциялар жағымды және жағымсыз болып бөлінеді екен, соны білдік

Сонымен, эмоциялар жағымды және жағымсыз болып бөлінеді екен, соны білдік

Балалар, тест нәтижесі бойынша арамызда алаңдап, қобалжып отырған оқушылар да бар сияқты

Балалар, тест нәтижесі бойынша арамызда алаңдап, қобалжып отырған оқушылар да бар сияқты

Жағымсыз эмоцияларды қандай жолмен жоюға немесе жағымды эмоцияға ауыстыруға болады? /жағымды музыка тыңдау, сүйікті ісіңмен шұғылдану, би билеу, күлу т

Жағымсыз эмоцияларды қандай жолмен жоюға немесе жағымды эмоцияға ауыстыруға болады? /жағымды музыка тыңдау, сүйікті ісіңмен шұғылдану, би билеу, күлу т

Енді қағаздарыңды ашып қараңдар

Енді қағаздарыңды ашып қараңдар

Тыңдаушылар сіздің тізіміңіз бойынша сұрақ қоя алады немесе түсінік беруді сұрауларына болады, сонымен бірге сіздің бойыңыздан байқаған басқа да жетістіктеріңізді қосулары мүмкін

Тыңдаушылар сіздің тізіміңіз бойынша сұрақ қоя алады немесе түсінік беруді сұрауларына болады, сонымен бірге сіздің бойыңыздан байқаған басқа да жетістіктеріңізді қосулары мүмкін

Психологтың пікірі: Кикілжіңді жағдай әр адамға әр түрлі әсер етеді

Психологтың пікірі: Кикілжіңді жағдай әр адамға әр түрлі әсер етеді

Бірлесіп екі жақтың да мәмілесін қанағаттандыратын шешімін іздеу

Бірлесіп екі жақтың да мәмілесін қанағаттандыратын шешімін іздеу

Мұғалім бақылау жұмысынан кейін қойылған бағаларды айтып жатыр

Мұғалім бақылау жұмысынан кейін қойылған бағаларды айтып жатыр

Көптеген табысты кәсіпкерлер мектептегі жазғы демалыстарының өзінде еңбек етуді бастаған (үйді жөндеуге көмектесу, бау-бақшада еңбек ету, кітап сөрелерін тәртіпке келтіру және т

Көптеген табысты кәсіпкерлер мектептегі жазғы демалыстарының өзінде еңбек етуді бастаған (үйді жөндеуге көмектесу, бау-бақшада еңбек ету, кітап сөрелерін тәртіпке келтіру және т

Есімді көрсету” жаттығуы Бір оқушы ортаға шығып өзінің есімін айтумен бірге өзіне тән қимыл немесе жест, поза түрін көрсетеді

Есімді көрсету” жаттығуы Бір оқушы ортаға шығып өзінің есімін айтумен бірге өзіне тән қимыл немесе жест, поза түрін көрсетеді

Дәптерлерімен жеке жұмыстары : Өткен күнге «Эмоциялық күнделіктерін» толтыру

Дәптерлерімен жеке жұмыстары : Өткен күнге «Эмоциялық күнделіктерін» толтыру

ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Ақпараттық – ақпараттық емес

Ақпараттық – ақпараттық емес

Сөйлеу түрімен анықталатын ерекшелігімен

Сөйлеу түрімен анықталатын ерекшелігімен

Оқушылар 7 топқа бөлінеді. Әр топ қарым-қатынасты түрлерге және формаларға бөледі

Оқушылар 7 топқа бөлінеді. Әр топ қарым-қатынасты түрлерге және формаларға бөледі

МЕНІҢ ӨМІРІМДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

МЕНІҢ ӨМІРІМДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Иә- жоқ» (жұппен жұмыс) жаттығуы

Иә- жоқ» (жұппен жұмыс) жаттығуы

Сіз өзіңіздің ұсыныстарыңызды, команданың басқа қатысушыларының пікірімен таңысқаннан кейін үйлесімді деп санайсыз ба? 2

Сіз өзіңіздің ұсыныстарыңызды, команданың басқа қатысушыларының пікірімен таңысқаннан кейін үйлесімді деп санайсыз ба? 2

Біздің барлығымызда оқу жылы қандай болады деген белгілі түсінік және болжам бар

Біздің барлығымызда оқу жылы қандай болады деген белгілі түсінік және болжам бар

Еңбектену, үйің, отбасың, балаларың болуы керек

Еңбектену, үйің, отбасың, балаларың болуы керек

Сондықтан, сөйлеу мақсатына жеткіміз келсе, «ешқашан келесіні айтуға болмайды»: «сіз мені түсінген жоқсыз»

Сондықтан, сөйлеу мақсатына жеткіміз келсе, «ешқашан келесіні айтуға болмайды»: «сіз мені түсінген жоқсыз»

ЖЫМДАҒЫ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

ЖЫМДАҒЫ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Ақпарат - Ұжымның бірлігі деген не, кім біледі?Ал достық байланыс деген не? -

Ақпарат - Ұжымның бірлігі деген не, кім біледі?Ал достық байланыс деген не? -

Тапсырма 10 топқа бөліну. 5 минуттан соң әр топқа қарым-қатынас үшін маңызды қасиеттер берілсін

Тапсырма 10 топқа бөліну. 5 минуттан соң әр топқа қарым-қатынас үшін маңызды қасиеттер берілсін

С абаннан жасалған мұнара ” жаттығуы

С абаннан жасалған мұнара ” жаттығуы

З –ӨЗІМЕН ЖӘНЕ БАСҚАЛАРМЕН ҮЙЛЕСІМДІ

З –ӨЗІМЕН ЖӘНЕ БАСҚАЛАРМЕН ҮЙЛЕСІМДІ

Анықтама қысқада мәнді берілуі тиміс

Анықтама қысқада мәнді берілуі тиміс

Сондықтан сіздер әділ жауап бере аласыздар

Сондықтан сіздер әділ жауап бере аласыздар

Біреудің арманын жүзеге асыру кезінде немесе ол идеяны өмірде іске асырғанда сен көмектесесің,сен сезімің қандай болады? -

Біреудің арманын жүзеге асыру кезінде немесе ол идеяны өмірде іске асырғанда сен көмектесесің,сен сезімің қандай болады? -

Позитивті ойлайтын адамдар стакандары жартылай бос адамдарға қарағанда жағдайы, тұрмысы түзу болады

Позитивті ойлайтын адамдар стакандары жартылай бос адамдарға қарағанда жағдайы, тұрмысы түзу болады

Дәптерлеріңе «табыс» деген сөзді жазасыңдар, қоршайсыңдар, жан-жағынан сәуле тәрізді сызықшалар сызып, осы сөзге ассоцияия жазыңдар

Дәптерлеріңе «табыс» деген сөзді жазасыңдар, қоршайсыңдар, жан-жағынан сәуле тәрізді сызықшалар сызып, осы сөзге ассоцияия жазыңдар

Егер де құрлышы дем алса не болады?

Егер де құрлышы дем алса не болады?

Мен істей аламын» Мысалы бәліш пісіре аламын, тенис ойнаймын, тышқанды үйрете аламын және т

Мен істей аламын» Мысалы бәліш пісіре аламын, тенис ойнаймын, тышқанды үйрете аламын және т

Жаратылыстану сабағында адамның денсаулығына байланысты кәсіптер туралы сөз болды

Жаратылыстану сабағында адамның денсаулығына байланысты кәсіптер туралы сөз болды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.02.2020