Өзін-өзі жетілдіру
Оценка 4.9

Өзін-өзі жетілдіру

Оценка 4.9
docx
05.02.2020
Өзін-өзі жетілдіру
27. 11 сынып құрал.docx

Өзіндік даму психологиясы

 

 

 

 

 

 

                                                               ЖОБА

Педагог-психологтарға арналған

оқу-әдістемелік құрал

 

11 сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігі

Астана қаласының Білім басқармасы

 

 

 

 

Өзіндік даму психологиясы

 

 

 

Жалпы білім беретін мектептің  11- сыныптарына сабақ беретін педагог-психологтарға арналған оқу-әдістемелік құрал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2015

 

ӘОЖ

КБЖ

 

Пікір жазған: А.Р.Ерментаева – психология ғылымдарының докторы,Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҰУ «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының профессоры, Астана қаласы., Ж.Қ.Аубакирова – психология ғылымдарының кандидаты, «Тұран-Астана» университетінің қауымдастырылған профессоры.

Сараптамашы: М.Г. Субханкулов – психология ғылымдарының кандидаты, «Кокше» академиясының профессоры., М.К. Курсабаев – педагогика ғылымдарының кандидаты «Тұран-Астана» университетінің профессоры., Т.С. Букашов – медицина ғылымдарының кандидаты, ПДМ МО жоғары санатты психиатр-дәрігері

 

 

 

 

Шығармашылық топтың жетекшісі:  А.Ш.Амерханова

Құрастырушы - автор:  А.Ш.Амерханова., А.Б.Ахметова.

 «Өзіндік даму психологиясы»: жалпы білім беретін мектептің 11-сынып педагог-психологтарына арналған оқу-әдістемелік құрал. / Астана, Ш67, 2015. – 197б. 12-жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығы психологиялық қызмет кабинеті.

 

                                                                                                                                                     

ISBN

 

Әдістемелік құрал 11-сыныпта «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсын оқытушы педагог-психологтарға арналған. Құралда бірыңғай сабақ құрылымы сақталған және тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық сабақтар түрінде жинақталған.

 

                                         ӘОЖ

КБЖ

 

 

© ФАО Астана қаласы бойынша ПҚ БКИ

 «Өрлеу» Ұлттық біліктілік көтеру орталығы,2015

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз

 

Қазіргі заманауи қазақстандық қоғам болашақ түлектердің жылдам өзгеріске толы әлемдегі өмірге дайындығына байланысты білім жүйесіне жаңа талаптар қоюда. Анығын айтсақ, мұндай талапқа сай болу үшін балалардың әртүрлі ғылым салаларынан алған білімдерінің қосындысымен шектеліп қана қоймай, тұлғаның бейімделу мүмкіндігін дамытуға бағытталған нақты белгіленген жұмыстарды қарастырған жөн сияқты.   

Өкінішке орай, біздің балаларымыздың мектептегі және мектептен тыс өміріндегі күрделі әлеуметтік мәселелерінің болуы ата-аналарға және бүкіл қоғамға балаларды моральдық кері кетуден сақтауға, олардың әлеуметтік және интеллектуалды қорғалуына  қалай көмектесуге болатыны жайында шұғыл түрде маңызды мәселе көтеруді міндеттейді. Бұл мәселелерді шешуге қолданыстағы мектеп пәндерінің аясы тым тар болып отыр. Ол үшін мазмұны жағынан өзі туралы сұрақтарға жауап бере алатын, өзіндік дамуы үшін адам феномені, тұлғалық ерекшеліктері туралы біліммен қаруландыратын арнайы оқу курсы әзірленуі қажет. Сондықтан да жалпы білім беру мектептерінде жекелеген «Өзіндік даму психологиясы» эксперименталды курсының әзірлемесін құру қажеттілігі өте өзекті болып отыр. Аталған курстың басты мақсаты баланың өзбетіндік өмірге толыққанды кіруін қамтамасыз ететін барлық білім жүйесінің негізгі мақсаты -  баланың мәдени және әлеуметтік дамуы мақсатымен ұштасуы тиіс.

Осыған байланысты ұсынылып отырған тұжырымдаманың мақсаты құрылды:

Оқушыларда өз-өзімен және қоршаған ортамен өзара түсіністік әрекетте болуы үшін адамтану саласында негізгі құзыреттіліктерін дамытуды көздейтін психологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Аталған факультативтік курсты эксперимент түрінде енгізу үдерісінде келесі міндеттерді шешу қажет:

1. Оқушылардың психологиялық білімді меңгеруі олардың  дамуына қалай әсер ететінін анықтау.

2. Оқытудан өткен оқушылардың психологиялық білімінің нақты көлемін, мазмұнын және сапасын бағалау.

3. Мектепте психологияны пән ретінде оқу аясында балалардың өз-өзімен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жүйесінің дамуы ерекшеліктерін анықтау.

Қазақстандық мектеп оқушылары үшін «Өзіндік даму психология» факультативтік курсы бағдарламасын құруда біздің көпұлтты мемлекетіміздің менталитет ерекшеліктерін де ескердік. 

Қазіргі заманауи қоғам талаптарына бағыттала отырып және Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік Бағдарламасы контексінде көрсетілген білім беру ортасын гуманизациялау міндеттеріне сәйкес «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсының негізі оқушының өмірлік тәжірибесін, оның жеке қызығушылықтарын, түрткілерін және өзекті құлшыныстарын  міндетті кірістіре отырып психологиялық мәдениетін қалыптастыратын гуманистік парадигма болу керек.

 

 

 

 

11-сыныптарға арналған

«Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курс бағдарламасына түсінік хат

 

          Бұл бағдарлама жалпы білім беру мектептерінің 11-сыныптарындағы «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсына арналған.

Жалпы білім беру мектептеріндегі оқудың соңғы он бірінші жылы –  оқушылар мен олардың ата-аналары үшін ең қиын кезең. Түлектерге әрі қарай не істеу керек екендігін шешіп қана қоймай, өз шешімін өмірде іске асыру үшін жанын салып еңбектену қажет.

Бағдарламаның мақсаты: түлектерде ізгілікті көзқарас,  психологиялық мәдениет және кәсіби өзін-өзі анықтау білігін қалыптастыру.

Міндеттер:

-         өзін-өзі тану және өзін-өзі іске асыруға психологиялық бағдар қалыптастыру;

-         түлектердің алдында тұрған өмір соқпақтарының әр қилы жағдайларымен таныстыру;

-         еңбек әрекетіне және отбасылық-тұрмыстық жағдайларға қатысты жағымды құндылық бағыт-бағдар қалыптастыру; 

-         оқушыларда бәсекеге қабілеттілігін және өзін-өзі қорғай білуін қалыптастыру;

-         әрі қарай өзін-өзі жетілдіруіне бағыт-бағдар беру;

-         күйзеліске төзімділік және өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;

-         оқушылардың өмірдегі маңызды шешімдерді қабылдауда жіберіп алуы мүмкін қателіктерден өзін-өзі қорғай білуін қалыптастыру.

11-сыныптардағы психология бойынша факультатив курсы 4 негізгі бөлімнен тұрады:

 1-ші бөлім «Іскерлік әдеп және өзін-өзі реттеу» оқушылардың өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұстау дағдыларын дамыту мақсатында әзірленген. Жағымсыз эмоцияларын басу тәсілдері. Өзін-өзі сендіру. Күйзелісті жағдайдан қалай шығуға болады. Аутогендік жаттығу.

Екінші «Әлеуметтік өз орнын белгілеу» бөлімінің тақырыптық жоспарлауы әлеуметтік қауымдастық, қоғам және социум түсініктері, әлеуметтік бағдарлы топтар: бейәлеуметтік және әлеуметке қарсы, әлжуаз топтар.

«Отбасылық қарым-қатынас психологиясы» үшінші бөлім тақырыптарында отбасылық өмір үшін қажет қасиеттер қарастырлған. Отбасы міндеттері. Отбасылық одақ түрлері:   есеппен құрылған неке, рухани неке,   романтикалық неке, жолдастық-достық неке, ашық неке, махаббат үшін құрылған неке. Отбасындағы рөлдер. Туыстық қарым-қатынас.Өзіндік

 «Өзін-өзі кәсіби анықтау»  төртінші бөлімінде өз кәсіби орнын белгілеуден өзін-өзі іске асыруға дейінгі тақырыптар қамтылған. Білім алу және мамандық: мақсатты таңдау және оған жету жолдары. Мансап, қалау, істей білу, істеу. Еркіндік және жауапкершілік. Заң. Атаққұмарлық және менменшілдік. Іскерлік қарым-қатынас. Іскерлік сұхбат түрлері. Іскерлік сұхбаттасу сатылары және олардың сипаттары (дайындық, жанасу, бағдарлау, дәлелдемелеу және қарсы дәлелдемелер фазасы, аяқтау, талдау). Сындарлы сын. Сынды қалай қабылдау.

11-сыныптардың меңгеруі үшін арналған бағдарламаның ерекшелігіне мына тақырыптар енеді: өмірлік жоспарлар, адам және тағдыр. Есею баспалдақтары. Мамандық таңдауда жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін есепке алу.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 11 сынып

(34 сағат, аптасына 1 рет)

Бөлімнің атауы

Сабақ

Тақырыптар атауы

Мазмұны

Іскерлік әдеп және өзін-өзі реттеу

1-2

Адам туралы ғылым жүйесіндегі этика

Әдеп және философия. Әдеп және дін. Іскерлік әдеп. Өзін-өзі реттеу әдістері. Негізгі әдеп санаттары.

3-4

Өзін-өзі эмоционалдық реттеу

Өзіндік сана. Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұстау.

5

Өз-өзінің сыртқы ерекшеліктерін реттеу

Мінез-құлық мәнері және әдеп. Халықаралық әдеп.

6

Стресс және одан шығу жолдары.

Физикалық жағдайын, эмоциясын, санасын басқара білу.

7-8

Позитивті ойлау

Даму тәсілдері, позитивті ойлау дағдыларын сақтау

Әлеуметтік өз орнын белгілеу

9-10

Заманауи әлеуметтік қоғам және оның ерекшеліктері

Әлеуметтік қауымдастық, қоғам, социум туралы түсінік.

11

Қоғамның жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі рөлі

Жеке тұлғаны дамытуда әлеуметтендіру үдерісінің рөлі.

12-13

ҰБТ-ға психологиялық дайындық

Жас ерекшеліктері дағдарыстары туралы түсінік. Дағдарыс себептері. Тұлға акцентуациясының рөлі. Сәйкестену дағдарысы.

14-15

Әлеуметтік бейімделу және рухани өзіндік сәйкестену

Әлеуметтік бейімделу және рухани өзіндік сәйкестену туралы түсінік. Мен-құрылымы.

16

Әлеуметтік және тұлғалық өзін-өзі анықтаудың бастапқы негізі

Психологиялық тұрғыда өзін анықтау, өз орнын белгілеу туралы түсінік. Әлеуметтік және тұлғалық өзін анықтаудың бастапқы негізі.

Отбасылық қарым-қатынас психологиясы

17

Махаббат – отбасын құрудың басты негізі ретінде

«Махаббат» ұғымына түсінік беру. Махаббат неке және отбасы негізі ретінде.  

18

Жеке бас өміріңнің бақытқа бастар жолы

Жар таңдау: кездейсоқтық немесе ішкі есеп. Тұлғаның адамгершілік қасиеттері. Сезімге берік болу. Отбасын құрудағы ұлттық сана.

19

Болашақ отбасының әдеп негіздері

Отбасылық қарым-қатынастағы адамгершілік мәдениет. Отбасының қалыптасу кезеңдері. Отбасы қызметі. Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер.

20-21

Отбасылық қарым-қатынастағы психологиялық факторлар  

Отбасылық қарым-қатынасқа әсер ететін психологиялық факторлар.   Өзара түсінушілік. «Ерлі-зайыптылық» түсінігі.

22

Ерлер мен әйелдердің биологиялық және психологиялық айырмашылықтары

Ерлер мен әйелдер айырмашылығының ғылыми негіздемесі. Айырмашылықтардың сипаттамалық ерекшеліктері. 

23

Психологиялық денсаулық

Психологиялық денсаулықты қалыптастыру жолдары

24-25

Ата-аналардың жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі.

Отбасылық тәрбие тәсілдері. Диалогтық тәрбиелеу. Балалар-ата-ана қарым-қатынасы ұстанымындағы теңдік.

26

Отбасындағы этнопсихологиялық аспект

 

Ата-бабалар дәстүрі – адамгершілік негізі. Қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Қазақтардың шежірелік ерекшеліктері. Әр түрлі ұлыстар дәстүрінің этнопсихологиялық болмысы.                              

Өзін-өзі кәсіби анықтау

27

Өмір жолдары және өзін іске асырудың негізгі арналары.  

Өмірдің мәні мен бақытқа апарар жол мәселелері. Адамның өмірлік іс-әрекет арналары.  

28

Өзін-өзі іскерлік мансапқа  дайындау.

Өзін-өзі реттеуден өзін-өзі жетілдіруге дейін. Мансапты өсіру негіздері  Профессиограмма түсінігі. Кәсіби білім алу және өзіндік білім алу.

29

Іскерлік қарым-қатынас

 

Іскерлік сұхбаттың атқаратын қызметі. Телефонмен сөйлесу әдіс-тәсілдері. Іскерлік өзара қарым-қатынастың этикалық нормалары

30

 

Көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері.

Эмоцияны бақылау. Кикілжің және оны шешу. Кері байланыс. Конгруэнттілік.

31

 

Қарым-қатынас мәдениеті – әлеуметтік нарықтық қарым-қатынасқа дайындық факторы ретінде.

Мәдени іскерлік қарым-қатынас. Қарым-қатынас мәдениеті. Іскерлік әңгіме жүргізу.

32

 

Мамандықтар әлемі және ондағы сенің орның

Мамандық таңдауда өз қабілеттерінің мықты және әлсіз  жақтарын және тұлғалық қасиеттерін есепке ала білу.

33-34

 

Өзін-өзі кәсіби тұрғыда көрсетіп, ұсына білу.

Өзін-өзі кәсіби жағынан сенімді таныстыра білу дағдыларын жаттықтыру. Түйіндеме. Мектеп түлегінің жетістіктер портфолиосы. Кәсіби мәнді сапалар.

 

Оқушылардың дайындық  деңгейлеріне қойылатын талаптар:

11 сыныпты аяқтаған оқушы мыналарды білуі тиіс:

-         өзін-өзі ұстай білуін басқара білу;

-         өзін-өзі басқара білу;

-         өз көңіл-күйін бақылай білу;

-         отбасындағы жауапкершілікті сезіне білу;

-         өзін-өзі сенімді ұсына білу дағдыларын меңгеруге ұмтылу;

-         социумда табысты әлеуметтенуін көрсете білу.

 

Оқушылардың білімдерін бағалау

 «Өзіндік даму психологиясы» факультативі бойынша баға қойылмайды,  оқу жылының соңында шығармашылық тапсырма беріледі.

І тарау. ІСКЕРЛІК ӘДЕП ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ

1-сабақ

АДАМ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭТИКА

 

Мақсаты: оқушылардың адамзат туралы ғылым жүйесіндегі этика жөніндегі ұғымын тереңдете отырып, оның маңыздылығын дәріптеу.

Міндеті:

-         «Адам», «тұлға», «қоғам», «әлеуметтік қарым-қатынас» туралы түсініктерін кеңейту;

-         Тұлғааралық қарым-қатынас пен өзін-өзі дамыту дағдыларын өзектендіру;

-         Қарым-қатынас этикасына тәрбиелеу

Ұйымдастыру кезеңі.

 Теориялық бөлім.

Психология  көптеген  жаратылыстану  және  қоғамтану  ғылымдар қатарында адамды, тұлғаны зерттейді, бірақ олардың жеке өздеріне тән  ерекше қырлары мен сырларын бөле қарастырады. Бұл орайда психология тұлға терминімен бір қатар адам,         тек    өкілі (индивид) және «даралық» түсініктерін пайдаланады. Бұл ұғымдардың бәрі өзіндік өзгешелікке ие, дегенмен олар өзара кіріге байланысқан. Аса жалпыланған, бірігімді түсінік – бұл адам.

Адам - өмірдің ең жоғары даму сатысын, қоғамдық еңбек үдерісінің өнімін, табиғилық пен әлеуметтіктің ажыралмас бірлігін танытушы тіршілік иесі. Әлеуметтік-тайпалық мәнге ие болуымен бірге, әрбір адам өз алдына бөлектенген табиғат туындысы, тек өкілі.

Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән ерекшеліктері болады.Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе,білім, іс-әрекет т.б. жоқ.

Жеке адамның (тұлға) өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сезімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам – тарихи-әлеуметтік  жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада ғана  қалыптасады. К.Маркстың айтуынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы».

Тұлға қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адмның дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен адам өмірінің болуы мүмкін емес

Тұлға түсінігіне  байланысты  біз  ең  алдымен  адамның әлеуметтік мәнді сапалары жүйесіне назар аударамыз. Қоғаммен байланыста ғана адам қалыптасады және оның әлеуметтік мәні көрінеді.

Психология  ғылымы тұлғаны қоғамның  сыртқы  ықпалдарын  өз бойынан өткізіп, белгілі психикалық құрылымға келтіруші ішкі шарттар жиынтығы ретінде қарастырады. Бұл ішкі жандүниелік жағдай, шарттар өткендегі әлеуметтік ықпалдар негізінде қалыптасқан нәсілдік – биологиялық қасиеттер мен әлеуметтік себептерден болған сапалардың ажыралмас бірлігінен құралады. Тұлға жетіліп барған сайын ішкі шарттар тереңдей түседі, нәтижеде бір ықпалдың өзі әрқилы адамдарға әртүрлі әсер жасауы мүмкін. Сонымен, тұлға қоғамдық қатынастар нысаны және өнімі ғана емес, сонымен бірге ол іс-әрекеттің, қарым-қатынас және араласудың, сана мен өзіндік сананың белсенді субъектісі.

Тұлға  бес  түрлі  мүмкіндіктерімен  сипатталады.  Олар  келесідей: танымдық,         құндылықты,      шығармашылдық,        ара-қатынастық  (ком-муникативтік)         және  көркемөнерлік.

Тұлғаның   танымдық  (гносеологиялық) мүмкіндігі оның өзі жинақтаған  ақпараттың  көлемі  және  сапасымен  анықталады. Бұл ақпарат  сыртқы  дүние  (табиғат  және  әлеуметтік)  жөніндегі  білімдер мен өзін өзі тану мәліметтерінен құралады, сонымен бірге бұл құрамға адамның танымдық іс-әрекетімен байланысты психологиялық сапалар да кіреді.

Тұлғаның   құндылықтық     (аксиологиялық) мүмкіндігі оның ізгіліктілік, саяси, діни, эстетикалық салалардың құңдылықтары жүйесіне орай  әлеуметтену  үдерісінде  игеріп  қабылдаған  мұраттары,  өмірлік мақсаттары,  наным-сенімдері  және  ұмтылыс-ниеттері, яғни  бұл психологиялық  және  идеологиялық  сәттердің  бірлігі,  тұлға  санасы мен оның  өзіндік  санасы  жөнінде  әрі  бұлардың  бәрі  көңіл-күй,  ерік және зерделік (ақыл-ес) тетіктердің жәрдемімен қалыптасып, тұлғаның дүниетанымында,  көзқарастарында  және  тіршілік  ұмтылыстарында

ашылып, көрінуі.

Тұлғаның   шығармашылдық мүмкіндігі  - ол  қабылдаған  және  өз  бетінше меңгерген ептілік және дағдылар, жасампаздық, өнім беру немесе қайта жасау әрекеттеріне деген, қабілеттілігімен және олардың қандай да бір не бірнеше еңбек, әлеуметтік-ұйымдастыру мен қадағалау-бағалау салаларындағы іске асыру шамасы.

Тұлғаның   қарым-қатынас   (коммунинативті) мүмкіндігі - оның басқа  адамдармен  жасаған,  орнықтырған  әңгіме  сұхбатқа  түсу, байланыс  түзу әрекеттерінің  сипаты  және  беріктілігі. Өз  мазмұны бойынша тұлғааралық тілдесу, ортақтасу әлеуметтік рөлдер жүйесінде байқалады.

Тұлғаның   көркемөнерлік    мүмкіндігі -  оның  әсемдік  әлеміндегі қажеттерінің  деңгейі,  мазмұны  және  жеделдігімен,  сонымен  бірге олардың қаншалықты қанағаттандырылуымен өлшестірілуі. Тұлғаның көркемөнер белсенділігі кәсіби және өзіндік дербес шығармашылығында әрі  өнер  туындыларын  қажетсінуінде,  пайдалануында  кең ашылады.

Әр қандай қоғам өзінің тұлғалық сапа – қасиеттерді бағалау өлшемін (критерии) тағайындайды.

Тұлғааралық       қатынастар – бұл  адамдар  арасындағы  объектив пайымдалатын,  әрқилы  дәрежеде  түсіністікпен  бағаланатын  өзара байланыстар. Мұндай  қатынастар  негізінде  өзара  байланысқан  адамдардың эмоциялық  қалпы  мен  психологиялық  ерекшеліктері  жатыр.

Іскерлік қатынастардан  ажырату  үшін  мұндай  байланыстарды экспрессиялы, эмоциялы деп те атау қабылданған. Тұлғааралық  қатынастардың  дамуы  жыныстық,  жас,  ұлттық және басқа да жағдаяттарға тәуелді. Аралық байланыстарда әйелдер, мысалы, өзін айқара ашып танытқанды қалайды, өзі жөніндегі мәлімет, ақпараттарды  басқалар  алдында  жайып  салуға  оңтайлы.  Олар  көбіне жалғыздығына қиналатынын әңгіме арқауы етеді. Әйелдер адам аралық қатынастарда көрінетін ерекшеліктерімен еленсе, ерлер – іскерлік сапаларымен танылады. Әртүрлі ұлттық қауымдастықтарда өзара байланыстар адамның қоғамдағы беделіне, жыныстық – жастық мәртебесіне, түрлі әлеуметтік топтарда болуына тәуелді түзіледі.

Іскерлік қарым-қатынастың қалыптасуы өте күрделі. Оны нақты бір адам орындайтын жұмыстың белгілі бір функционалдық міндеттерінен тікелей көруге болады. Бұл міндеттердің табысты орындалуы адамдардың жеке ерекшеліктеріне, олардың қызметінің ұйымдастырылу деңгейіне және еңбек ұжымындағы моральдік-психологиялық климатқа байланысты болып келеді. Бұл факторлардың барлығы бір-бірімен байланысты ғана емес, олардың бір-біріне әсері де бар.

Еңбек ұжымында іскерлік қарым-қатынастар құратын принциптер:

- өз пікірін айту және бастамашылық;

- бірлік;

- ақпараттану;

- әріптестерді бағалаудағы әділдік;

- еңбек пайдалылығын мойындау;

- құрмет.

Іскерлік қарым –қатынас белгілі бір мінез-құлықтық қағидаларға сүйенуі керек, олардың ең басты қағидалары болып келесілер табылады: 1. іскерлік байланыстың негізінде жеке мүдделер мен өзіндік қызығушылықтардан басқа іскерлік қана қызығушылықтар болуы керек; 2.адамгершілік; 3.мейірімділік, яғни адамға мейірімділік жасау қажеттігі; 4.құрмет көрсетушілік, яғни қарсы тарапқа деген құрмет.

Психодиагностика.

Тест: "Мен қандай адаммын?"

Айналамызды бақылап, өзгелерге сын айту барлығымыздың қолымыздан келеді. Ал сол сынды өзімізге айта аламыз ба? Бұл тестің көмегімен қоғам ортасында өзіңізді қалай ұстайтындығыңызды анықтауға болады. Мінезіңізді өзгертуге әлі де кеш емес.

1. Біреумен ренжісіп қалған соң, татуласудың жолдарын іздейсіз бе?

А) әрдайым деп айта алмаймын

Ә) кейде

Б) ешқашан

2. Өзіңізді оқыс оқиғаларға тап болған жағдайда қалай ұстайсыз?

А) іштей ұяламын

Ә) өте сабырлымын

Б) өзімді басқара алмай қаламын

3. Сізді достарыңыз бен сыныптастарыңыз қандай деп ойлайды?

А) өзіне барынша сенімді, өзгелерге қызғанышпен қарайды

Ә) кіммен болса да жылдам дос болатын

Б) қарапайым әрі тәуелсіз

4. Сізге бір мекемеде басшылық қызметін ұсынса, қандай әрекет жасайсыз?

А) іштей қорықсам да, міндетті түрде қабылдаймын

Ә) қуана отырып келісемін

Б) өмірімнің тыныштығын қамтамасыз ету үшін бас тартамын

5. Достарыңыз сізден рұқсат сұрамастан дәптеріңіздегі үй тапсырмасын көшіріп алса не істейсіз?

А) ұрысамын

Ә) қайтаруын талап етемін

Б) басқа ештеңе керек емес пе деп сұраймын

6. Ата-анаңыз жұмыстан көп уақытқа кешігіп келсе қалай қарсы аласыз?

А) не себепті кешіктіңіздер?

Ә) бұл уақытқа дейін қайда жүрдіңіздер?

Б) мен уайымдай бастайған едім...

7. Көліктің рөлінде отырсаңыз қандай әрекет жасайсыз?

А) алдыма шыққан көліктермен жарысамын

Ә) маған менен жылдам жүріп жатса да бәрібір

Б) ешкім жетіп алмауы үшін барынша жылдам жүруге тырысамын

8. Өзіңіздің өмірге деген көзқарасыңыз қандай деп ойлайсыз?

А) белгілі бір дәрежеде тепе-теңдік бар

Ә) жеңілтекпін

Б) тым қатыгезбін

9. Қолыңыздан келмейтін іске тап болсаңыз төмендегі әрекеттердің қайсысын орындайсыз?

А) кінәні өзгелерге артамын

Ә) көнемін

Б) келесі жолы сақ боламын

10. «Қазіргі жастар бұзылып барады» тақырыбында жазылған мақалаларға көзқарасыңыз қандай?

А) толықтай келісемін, қазіргі жастарға тыйым салуымыз керек

Ә) жастарға мәдени ошақтарға бару үшін жағдай жасау керек

Б) оларға көңіл бөлудің қажеті жоқ

11. Сіз армандап жүрген зат басқа біреуге берілсе қандай сезімде боласыз?

А) бұған сонша жүйкемді тоздырып нем бар еді?

Ә) маған қарағанда бұл адамға көбірек қажет болған шығар

Б) мүмкін келесі бірде алармын

12. Қорқынышты фильм көріп отырғанда қандай сезімде боласыз?

А) қорқамын

Ә) маған қызық емес

Б) ләззат аламын

13. Маңызды кездесуге бара жатып көлік бұзылып қалса не істейсіз?

А) кездесу барысында кешіккенім үшін қобалжып, ыңғайсызданамын

Ә) жолда болған жағдайды түсіндіруге тырысамын

Б) өкінемін

14. Спорт жаттығуларына көзқарасыңыз қандай?

А) біреумен жарысқан жағдайда міндетті түрде жеңуге тырысамын

Ә) спорт пен салауатты өмір салтын қолдаймын

Б) жеңіліс тапқан жағдайда қатты қапаланамын

15. Сізге дәмхана даяшылары ойдағыдай қызмет көрсетпеген жағдайда не істейсіз?

А) сыпайылық танытып, көз жұма қараймын

Ә) дәмхана басшылығына ескерту жасаймын

Б) шағым кітапшасын пайдаланамын

16. Мектепте біреулер қарындасыңызды немесе бауырыңызды ренжіткен болса, не істейсіз?

А) сынып жетекшісімен сөйлесемін

Ә) ренжіткен адамның ата-анасымен жанжалдасамын

Б) сыбағасын өзің бер деп кеңес айтамын

17. Сіз қандай адамсыз?

А) орташа мүмкіндіктері бар

Ә) өзіне сенімді

Б) жеңілтек

18. Есікте біреумен соқтығысып қалсаңыз?

А) кешір, бұл – менің кінәм

Ә) ештеңе етпейді

Б) көзіңе қарап жүрмейсің бе?

19. Ең сүйікті жануарыңыз қандай?

А) жолбарыс

Ә) үй мысығы

Б) қонжық

Жауабы:

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

А

1

2

3

2

3

2

2

2

3

3

1

3

1

2

1

1

1

1

3

Ә

2

1

2

3

2

3

1

1

2

1

2

2

3

3

3

2

3

3

2

Б

3

3

1

1

1

1

3

3

1

2

3

1

2

1

2

3

2

2

1

Нұсқалардың ішінен дұрыс жауап таппаған жағдайда 0 ұпай деп есептеңіз.

34 ұпай және одан төмен. Өзіңізге, күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізге сенімсіздеу болғандықтан, бәрімен тату болғанды жақсы көресіз. Алайда бұны жағымпазданумен шатастырудың қажеті жоқ. Алайда шешім қабылдап үйренгеніңіз жөн. Қарапайым адамдардың сынына төзсеңіз де, жоғары жақтағылардың сынына төзе бермейсіз.

35-44 ұпай аралығы. Жеткен жетістіктеріңіздің көптігіне қарамастан, шамадан тыс ашуланшақсыз. Көп жағдайда себеппен айтылған сындарға ғана мән бересіз.

45 ұпай және одан жоғары. Ашуланшақсыз әрі айналаңызға қатыгезсіз. Алдыңызға мақсат қойсаңыз, өз күшіңізге ғана сенесіз. Өз жолыңызда өзгелерді құрбан қылуға дайынсыз.

Практикалық бөлім.

«Менің ғаламшарым» суреті.

Қағазға үлкен дөңгелек сал – бұл сенің ғаламшарың. Материктер – сенің негізгі әрекеттеріңнің түрлері: оқу, қарым-қатынас, армандарың, қалайтын істерің, жақсы көретін, қызығатын дүниелерің және т.б. материктердің суретін сал да, оларға іс-әрекет түрлерін жаз.

Материктер мұхиттармен, теңіздермен шектесіп жатады. Біздің өмірімізде олар сезімдеріміз бен эмоцияларымыз болып табылады. Естеріңе түсіріңдер, жаман көңіл-күйің болғанда не сезінесің, ал жақсы да ше? Қайсысын мұхит деп, қайсысын теңіз деп атар едің өз ғаламшарыңда. Суретіміз толығырақ болады егер біз оған өз жетістіктерімізді, біліктерімізді, қабілеттерімізді қоссақ – олар аралдар-ақ болсын. Аралдарға өзіңнің ең күшті біліктеріңді, қабілетіңді, дарыныңды жаз – бұл аралдардың атауы болады.

Сендердің өмірлеріңде сендерге ұнайтын, көмектесетін, сезіміңді бөлісетін, бірге қуанатын немесе бірге уайымдайтын адамдар бар. Бұлар сендердің өмірлеріңнің «жолсеріктері». Ғаламшарларыңның айналасындағы жолсеріктерге аттарын жазып қойыңдар.

Ғаламшарларың өмір сүріп жатыр! Ол тыныс алады, тірлік жасайды, қуанады, ренжиді, жаңа жетістіктерге ұмтылады. Бірақ сендердің өмірдегі ең жақсы қасиеттеріңнің сәулесінсіз ондағы өмір мәнсіз болар еді. Ғаламшардың айналасына жұлдыздардың суретін салып, өздеріңнің қасиеттеріңді жазып қойыңдар.

Суреттегі:

Материктер – іс-әрекеттің негізгі түрлері;

Мұхиттар мен теңіздер – басыңнан жиі өткізетін сезімдер;

Аралдар – қабілеттерің мен біліктерің;

Жолсеріктер – ұнайтын адамдар;

Жұлдыздар – тұлғалық қасиеттерің

 

Рефлексия

- өзің туралы жаңа не білдің?

- не көбірек ұнады, не азырақ ұнады?

 

 

 

 

2-сабақ

АДАМ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭТИКА

 

Мақсаты: оқушылардың адамзат туралы ғылым жүйесіндегі этика жөніндегі ұғымын тереңдете отырып, оның маңыздылығын дәріптеу.

Міндеттері:

-         Этика және психология, қарым-қатынас этикасы мен этикалық категориялар негізі жайында түсінік беру;

-         Адамгершілік қарым-қатынас пен өзін-өзі басқара алу дағдыларын дамыту;

-         Қарым-қатынас этикасына тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі. 

Теориялық бөлім.

Этика адам өмірінің арнайы спецификалық бөлігі болмағанымен, ол адам мен қоршаған дүниенің қарым-қатынасы барысында үлкен маңызға ие: яғни, адамның табиғатқа деген, қоғамға және жеке адамға деген, өз ісіне және мамандығы мен лауазымына деген қарым-қатынаста этиканың маңазы зор. XVII ғасырда неміс ойшылы  Г. Лейбниц  әділеттілік жайлы былай деген: «Адамдар әділеттілікті жылқыны көргендей анық байқамайды, бірақ, оны өте жақсы түсінеді». Ал, этика дегеніміз не? Ол қалай пайда болды? Этика жөніндегі сұрақтар неге өте жоғары маңызға ие болды?

«Этика» термині   –  көне грек тілінен енген. Алғашқыда  «этос» (ethos) ұғымы келген жері, адамның тұрағы, аңның іні және құстың ұясы   деген мағынаны білдірген.

Этика – Мораль және адамгершілік туралы ғылым. Этика терминін философияға алғаш енгізген адамзаттың Ұлы ұстаздарының бірі – Аристотель.

Этика - адамдар арасындағы қарым-қатынастылықты реттейтін нормалар мен талаптар, өнегелік пен мораль жайындағы ілім.

Этика деп – этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтқан. Ол бойынша адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады:

1.Этикалық ізгіліктер.

2.Дианоэтикалық ізгіліктер.

Этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, күш-қуатына байланысты болады. Олар мыналар: жомарттық,батылдық,шыншылдық.

Ал Дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл парасатына байланысты дүниелер. Олар мыналар болып есептеледі:Ақыл мен парасат.

Этиканың негізгі зерттейтін пәні Мораль болып табылады. Ол адамзатпен бірге бірігіп этиканы құрайды.

Адамгершілік – адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен қарым – қатынаста болатын қабілеті.Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі.

Ал мораль өзінің мәні жағынан жеке тұлғамен қауымның адам мен азаматтың арасындағы ізгілік ережелерінің жиынтығы.

Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.

Этиканың құрылымы:

теориялық этика;

нормативті этика;

эмпириялық этика.

Теориялық этика — этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді. Нормативті этика — негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т.б. қарастырады. Эмпириялық этика — белгілі бір кезеңдердегі адамзат үйымдарының накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.Этиканың негізгі категориялары.

Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау - өзін -өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы. Кәсіби такт –бұл қарым –қатынас кезінде басқаларға деген шыдамдылық, мұқияттылық және әдептілік танытудың үлгісі.

Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. "Этикет" сөзі француз тілінен аударғанда "рәсімді реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі" деген мағынаға ие. Орта  ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтижесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б.

         Этикетке ұсақ-түйек деп мән бермеуге болмайтын, өйткені сол қатынастағы ұсақ-түйектердің дұрыс орындалмауынан қақтығыстар мен жанжалдар туып, тіпті мемлекеттер арасы шиеленісетін.

         Корольдік билік тұсында этикет заңдары монархты конституция заңдарынан әлдеқайда мықты байлап алды деп әзілдейтін де еді. Тіпті "әтикет патшаларды күл етті" деген сөз де сол кез үшін этикеттің маңызын танытса керек. Этикет нормалары дербес қасиетке ие. Адамдардың нені жағымды, нені жағымсыз деп тануы әрбір тарихи кезеңге, әрбір этностың өзіндік менталитетіне сай анықталады. Кейбір халықтарда қонақтың тамақты жеп, риза болғанының куәсі ретінде кекіргенін естігенге мәз болады, ал ол басқа халықтарда нағыз мәдениетсіздіктің көрінісі болып табылады. Кавказ халықтарында амандасу барысында алғашқы болып үлкен кісі қол ұсынса, Қазақстанда жасы кішіден ізет күтеді.

Әлеуметтік элита арасында дүниеге келіп, сонда біраз уақыт бойында өз әсерін білдірген этикет халық арасында кездеспеді деуге тағы да болмайды. Әрбір халықтың өзіндік қарым-қатынас мәдениеті болғандығына ешкім күмән келтірмейді.

Этикет адам мен қоғам мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатын адамдардың ішкі қатынастарының пайда болу процесін реттейтін өзін - өзі ұстау ережелерінің жиынтығы.

 

Этикет адамның сыртқы келбетінің элементі ретінде ішкі мәнімен сәйкес бола бермейді, бала күнінен дипломатиялық қатынастардың даналығын сіңіріп өскен адам өнегесіз, адамгершіліксіз, менменшіл болып қалуы мүмкін. Бірақта осындай адамның мәдениетті, тәрбиелі болуы екіталай. Өзге адамдарға деген шынайы силастықтың сыртқы көрінісінде, адамның өзіндік абыройына, көмекке әзірлігі, қолдаушылық сияқты мінез – құлықтық мазмұнға ие болғанда өзін - өзі ұстаудың сыртқы нысаны шынайы мәдениеттің элементі мен көрсеткіші болып табылады.

Адамның өзін - өзі ұстауында сыртқы және ішкі бірлігі екі жарым мың жыл бұрын «мінез – құлықтың алтын ережесінде», «Басқалардың өзіңе қандай қарым – қатынаста болсын десең, басқаларға да сондай қарым – қатынаста бол» дегенді білдіреді. Біз бұл қағиданы Конфуцидің ілімінде, ежелгі индия эпосы «Махабхараттан» және Библиядан да кездестіреміз. Өзіндік абыройын сезіну адамның өзін - өзі бағалауын бекітетін этиканың негізі болып табылады. Адамдарға қатысты әдептілік, шынайылылық, табиғилық, ілтипаттылық (этиканың маңызды кредосы) қарым – қатынастағы мәнерлілік пен жалғандылықты айыптайтын этиканың маңызды кредосы.

Көбінесе қазіргі заманғы этиканың мінез – құлықтық шарттастығы жақсы мәнер мен өзін - өзі ұстау ережелерін зеріккен мырзалар немесе әлеуметтік топтардың назымен қалыптасқан жоқ, ал адамдардың объективті қажеттіліктерін реттеп, жоғарылатудың күшімен, өзін - өзі құрметтеуге, басқа адамдардың қадірлеуі мен тануы, қарым – қатынас пен бауырмалдылықты әлеуметтік қамсыздандырып, оларды жылы және адами ету болып табылады. Әсіресе, бізге бұл қажеттілік қазір қоғамымызды менмендік пен бөлектенушілік меңзегенде аса қажет, ал альтруизм ұғымы келмеске кеткен сияқты.

Қазіргі заманғы жеке әлеуметтік топтардың кәсіби ерекшеліктері мен қоғамның кейбір өмірлік қызметінің аясындағы кәсібилік сияқты өмірлік жағдайлардың ерекшелікреімен айқындалатын этикеттің әртүрлі нысандары. Сондықтан, бүгінгі күні этикетті кәсіби, қызметтік, ғылыми, медициналық, дипломатиялық және т.б. түрлерге бөледі.

Қазақы этикет нормалары: Халқымыздың бұрнағы заманда-ақ қалыптасып, одан кейінгі кезеңде сақталып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, жол-жоралғылары заман ағымына қарай өзгеріске ұшырайтынын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Дегенмен, мұндай мәліметтерді жинақтап, зерттеп, зерделеуде этнология ғылымының алатын орны ерекше екені дау тудырмайды. Негізінен, қазақ халқының әдебі салт-дәстүрмен тығыз байланысты. Оған қонаққа құрмет көрсету және қоштасу жоралғылары, сөйлеу үлгілері және тиымдары жатады. Қазақ әдебiнiң дәстүрлi нормаларына сәлем беру және қоштасу, қонақ қабылдау, отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, бата беру, т.б.

            Этнология ғылымының бір саласы («қарым-қатынас этнографиясы») этномәдени қауымдастық арасындағы өзара араласу ережелерін зерттейді. Ал қарым-қатынас мәдениетінің ең негізгі әрі маңызды компоненті – әдеп (этикет) болып табылады. Ғылымда этикет дегеніміз – белгілі бір қоғамға тән адамгершілік принциптерінің жиынтығы. Ал адамгершілік принциптерінің жиынтығы негізінен мінез-құлық, әдет-дағдыдан тұрады. Жалпы, қазақ әдебінің қыры мен сырын кешенді зерттеу, және оның дәстүрлі ерекшеліктерін анықтау, жергілікті жерлердегі төл әдептердің өзгеріске түсуін талдап, зерттеу жүргізу өзекті ғылыми мәселе болып табылады.

Оның қазіргі күні де кәсіптік, тұрмыстық және отбасылық этикетте өзіндік орын алып отырғаны белгілі.

         Іскерлік немесе кәсіптік этикеттің моральдық негізі — гуманизм. Адамзаттың қадір-қасиетіне деген құрмет, өзінің әріптесінің мүддесі мен іс-әрекет психологиясын білу, тану және т.б. кәсіптік этикеттің құрамдас бөліктері.

         Этикетті этикамен шатастыруға болмайды. Дыбыстық ұқсастықтарына қарамастан ол екеуі — екі дүние. Этикет нақты бір мезетте нақты бір жағдайға байланысты нақты адамдардың өзін-өзі белгілі бір ортада ұстау әдебін танытса, этика одан анағұрлым кең ауқымды қамтитын ұғым.  

Этикеттің кейбір ұстанымдары

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім, яғни сату-сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін қагілез жанды айтады. Іскер де тірі жан болғандықтан, адам қоғамында өмір сүретін болғандықтан, оны тек өз баспайдасын ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс емес. Іскерліктің де өзіне тән этикеті — іс-әрекет ұстанымдары бар.

         Іскерліктің маңызды ұстанымына сенім жатады. Әріптес адамдар арасында сенім болмай, іс оңға баспайды. Жалпы, сенім — адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор. Егер көлік жүргізушіге сенбесек, ешқашан жолға шықпаған болар едік, егер аспазшыға сенбесек, өмірде көшеде тамақ ішпеген болар едік, дәрігерге сенбесек, ауруханаға қаралмаған болар едік және т.б. Ендеше адамдық әрекеттенушілік негізінде метафизикалық сенім жатыр. Сенім жоғалған жерде үміт үзіледі, ал үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын-қыстау жағдайда болсын үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлер де әлдекімнің айтқан сөзінде, уәдесінде тұрар деген сенімін жоғалтпайды әрі өздері де сенімнен шығуға тырысады.

         Іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарым-қатынас адамдардың бір-біріне деген көңілінен басталады. Ашық-жарқын көңіл-күйде болу, айналаңа шаттық нұрын себу — тек іскердің емес, жалпы, әрбір адамның парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте ұстаған жөн: ұрыс-керіс, айқай-шу шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай жағымсыз эмоционалды күйдің алдын алған жөн. Ол үшін ең тиімдісі — қай жағдайда болсын сабыр сақтап, қиындықты айналып өтіп (оны мәселеге үстірт, калай болса солай қараудан айыра білу керек), ұжымда бәріне жағымды ахуал жасай білу.

Психодиагностика.

«Ағаштағы адамдар» проективті тесті.

Суретті қарап шық. Ағашта және оның қасында көптеген адамдардың суреті бейнеленген. Әрбіреуінің көңіл-күйі әр түрлі. Олар алуан түрлі іспен айналысуда және ағашқа орналасулары да өзгеше. Қызыл қарындашты алып, солардың арасынан көңіл-күйі мен дүниетанымы жағынан саған жақын бір адамды белгіле. Ағаштың әр бұтағы сенің жетістіктеріңе, табыстарыңа тең болу мүмкіндігіне назар аудар. Енді қай адамның орнында болғың келеді, соны жасыл қарындашпен белгіле.

Психолог үшін:

№1,3,6,7 қалыптағыларды таңдау кедергілерді жеңіп шығу мақсатын сипаттайды; 

№ 2, 11, 12, 16, 18, 19 – көпшілдік, достық қолдауы;

№ 4 – қиындықтарды айналып өтіп, табысқа жету талабы;

№5 – шаршағандық, жалпы әлсіздік, күш қоры шамалы, ұялшақтық;

№9 – көңіл көтеруге уәж;

№ 13, 21 – шеттелу, тұйықтық, мазасыздық;

№ 8 – оқу ынтасының төмендеуін сипаттайды, іштей тыну;

№ 10, 15 – жайлы күй, сенімділік;

№ 14 – дағдарысты күй, «шыңырауға құлау»;

№ 20 – көшбасшылықты мақсат еткен өзін-өзі жоғары бағалау;

№ 17 – өзінің қиын мәселелерін басқа біреуге артуға талпыну.

 

Егер ... адамды таңдап алсаң: 

№1,3,6,7. Жарайсың, талаптысың!
№ 2, 11, 12, 16, 18, 19. Көпшілсің, досыңа әрқашан көмек беруге дайын тұрасың!
№ 4. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегенді іштей жиі қайтала!
№5. Ұялшақтықтың да шегі болуы керек – өз-өзіңмен жұмыс істе. Демалуды да ұмытпа!
№9. Көңіл көтергенді жақсы көресің бе? Ал сабақты кім оқымақ?
№ 13, 21. Еңсеңді түсірме! Өмір тамаша ғой!
№ 8. Мұңайып жүргеніңе көп болды ма? Мүмкін анаңмен, я досыңмен сөйлесерсің?
№ 14. Қауіп-қатер ме? Білесің бе, Виктор Гюго бірде: «Кейде қауіп-қатердің жамандықты жақсылыққа ауыстыратын қасиеті де болады!» - депті.
№ 20. Өзімшіл екеніңді саған әлі ешкім айтпады ма?
№ 17. Сен үшін бәрін басқалар істегенді ұнатасың ба? Әй-әй-әй!
№ 10, 15. Құттықтаймыз! Өміріңде бәрі жақсы!

Практикалық бөлім:

1. Ойшылдардың пікірлерін түсініп, оқыңыздар.

2. Осы пікірлердің негізгі мағынасын анықтаңыздар.

3. Осы көзқарастар туралы өз қарым-қатынастарыңды айтыңыздар.

4.  Өзіңізге ұнаған пікірді  көрсете отырып, өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

5.  Өзіңізге ұнамаған немесе қарсы пікір тудырған көзқарасты көрсетіп, өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

6.  Этика жөнінде, оның маңыздылығы жөнінде пікіріңізді білдіріңіз.

7. Әр жаттығу жазбаша орындалып, кейін ауызша талданады.

Рефлексия

-         Бүгінгі сабақта өзің туралы жаңа не білдің?

-         Ойшылдардың айтқанынан өзіңе не түйдің?

-         Қайсын өзіңе ұстаным ретінде алар едің?

 

 

3-сабақ

ӨЗІН-ӨЗІ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ РЕТТЕУ

 

Мақсаты: оқушылардың өзіндік санасы мен өзін-өзі реттей білу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

-         Өзіндік сана мен өзін-өзі басқару түсінігінің мәнін ашу;

-         Өзін-өзі қадағалау дағдыларын дамыту;

-         Оқушы тұлғасының ерік-жігерін тәрбиелеу.

Описание: http://bookz.ru/authors/daniel_-kaneman/dumai-me_248/_029.pngҰйымдастыру кезеңі.

Кіріспе бөлім:   

Мына портретке қарап, оның келбетінен қандай сезімді байқап тұрғандарыңызды айтыңыздар. Бұл көтеріңкі дауыспен берілетін  ыза мен ашудың белгісі екендігін барлығымыз да байқап тұрмыз. Қалай ойлайсыздар, өз эмоциямызды, яғни, ренішіміз бен ашуымызды басақара алу мүмкін бе?  Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы аталған эмоция түрлеріне арналады.

Теориялық бөлім:

Эмоционалдық өзін-өзі басқару  — бұл әлеуметтік тұрғыда қалыптасқан өмір жағдайларына эмоционалды тұрғыда реакция таныту және қажет жағдайда жедел пайда болатын эмоцияны тежеп, өзін өзі басқара білу. Эмоционалдық өзін-өзі басқару бұл адамның өз сезімдерін басқаруы мен қарым-қатынас барысында өзгелердің сезіміне әсер етуі.  Бұл әлеуметтенудің маңызды бөлігі болғанымен, қоғамның мәденинтіне және әлеуметтік жағдайларға тікелей байланысты. 

Оңтайлы эмоционалды жағдай туғызудың жолдары:

1) жағдайдың маңыздылығын дұрыс бағалау;

2) жағдаймен толық таныс болу;

3) қорқыныш пен эмоционалды қозуды азайтатын алдын-ала дайындалған стратегияларды пайдалану.

Келеңсіз жағдайдың маңыздылығын төмен деп бағалау адамның өз денсаулығын сақтап қалуына және орынсыз күш жұмсаудан сақтануына мүмкіндік береді. Ежелгі Шығыста адамдардың: «Жаратушы ием, өз қолымнан келетін ісімнен сақтануға батылдық бере көр, өз қолымнан келмейтін ісімді мойындауға күш бере көр, бір істі екіншісінен ажырата білуге даналық бере көр» деп сұрауы бекер емес.

Адам жоғары қозу үстінде болғанда оны тыныштандыру бекер. Керісінше, оған айтқысы келгенін соңына дейін айтып, ішіндегі ашу-ызасын шығаруға мүмкіндік берген жөн. Кейін, адам тынышталған соң оған түсіндіруге және сөлесуге, бағыт-бағдар беруге болады. Адам  эмоционалды шаршау кезінде қозғалыс арқылы, яғни, бөлмеде ары-бері жүру, бір заттарды сындыру, жырту арқылы сол күшті жоюға тырысады. Мұндай жағдайда адамға күшті физикалық қозғалысты талап ететін жұмыстармен айналысу өте пайдалы.

Релаксациялық әдістер, аутогендік жаттығулар 5-10 минуттың ішінде адамның өзін-өзі қалыпқа келтіруіне пайдасын тигізеді. Адам өзінің эмоциясын сыртқа көрсетпеуге тырысатын болса, өзіне де ауыртпалық аз тиеді. Сондықтан адамның өз сезімдері мен эмоциясын басқара алуы өзі үшін өте пайдалы.

Психикалық күш түсуді азайту үшін әзіл-қалжың белсенділігін арттыру өте маңызды. С.Л. Рубинштейннің пікірі бойынша әзіл-қалжыңның пайдасы ол маңызды істі күлкіге айналдыру емес, керісінше, қиын және күрделі жағдайда күлімсірей білу. Бұл адамның ішкі тұрақтылығы мен рухани қуаттылығын білдіреді. Күлу адамның алаңдаушылығы мен мазасыздануын төмендетіп, жүрек қызметін қалпына келтіреді.

           ЭМОЦИЯНЫ ТАНУ ДАҒДЫЛАРЫ:

3 жасқа дейін – КҮЛУ

5-6 жаста – АУЫРСЫНУ

7 жастан бастап – АШУ-ЫЗА

9-10 жастан бастап – ҚОРҚЫНЫШ, ҮРЕЙ

11 жаста – ТАҢ ҚАЛУ, ТАҢЫРҚАУ

14 жасқа қарай - КІНӘЛАУ

Психодиагностика.

«Сізді тепе-теңдік күйіңізден шығару қаншалықты қиын?» тесті

Жан тыныштығы – қарым-қатынастың барлық түріндегі ең бағалы қасиеттің бірі. Бұл тест сіздің шынымен-ақ ашуланшақ па, әлде өз өзіңізді ұстаудан бас тартатындығыңызды анықтайды. Мүмкін мінезі «тұрақты» адам шығарсыз?

Тесте берілген әр жағдайға «... ашуыңызға тиеді ме?» деген сұраққа жауап беруіңіз керек. Ол үшін төмендегі жауап нұсқасының үшеуінен біреуін таңдауыңыз қажет.

А) қатты ашуландырады;

Б) онша ашуландырмайды;

В) мүлдем ашуландырмайды

Жағдайлар:

1.     Сіз оқығалы отырған газеттің беті умаждалғаны

2.     Орта жастағы әйелдің жас қыздай киінуі

3.     Қасыңдағы адамның тым жақын отыруы (мысалы, автобустағы жағдай)

4.     Көшеде шылым шегіп тұрған әйел

5.     Сізге қарап жөтелген адам

6.     Тырнағын шайнап тұрған адам

7.     Ретсіз күле беретін адам

8.     Ненің қалай жасалатынын үйретуге тырысатын адам

9.     Сүйіктіңіздің (немесе досыңыздың) кездесуге ылғи кешігіп келуі

10. Кинотеатрда алдыңғы қатарда отырған адамның тыпыршып, оған қоса фильмнің сюжетіне түсініктеме беруі

11. Оқығалы отырған романның немесе көруге ұсынылған киноның мазмұнын баяндап беруге тырысқан адам.

12. Қажетсіз дүниенің сыйға тартылуы

13. Қоғамдық көліктегі қатты әңгіме

14. Иіс суды шамадан тыс жаққан адам

15. Әңгіме барысында қолымен сермейтін адам

16. Шетел сөзін көп қолданатын замандас

Қорытынды:

Жауаптардың балы төмендегідей:

«а» нұсқасы – 3 балл;

«б» нұсқасы – 1 балл;

«б» нұсқасы – 0 балл.

30 балл және одан жоғары – Сізді шыдамсыз адамдар қатарына жатқызуға болады. Сіз әр нәрсеге, тіпті маңызсыз, ұсақ-түйек затқа да ызалана бересіз. Ашушаңдығыңызды бәсекелестеріңіз өз пайдасына асыруы мүмкін. Сондай-ақ бұл сіздің жүйке жүйеңізді бұзуы мүмкін. Одан сіз ғана емес, өзге адамдар да жапа шегеді. Өзіңізді ұстауға үйреніңіз.

12 балдан 29 балға дейін – Сізді адам типінің кең тараған түріне жатқызуға болады. Сіздің ашуыңызды тек шектен тыс әрекеттер ғана келтіреді. «Түймедейді түйедей ету» сізге жат нәрсе. Жағымсыз жағдайға артпен қарап, көңіліңізге тоқымауға тырысасыз.

11 бал және одан төмен – Өмірге нақты қарайтын, өте сабырлы жансыз. Бірақ бұл тест сұрақтары сіздің әлсіз жақтарыңызды аша алмауы да мүмкін. Өзіңіз білесіз. Десек те, сізді оңайлықпен ашуландыра алмайсың.

Практикалық бөлім,

«Эмоция мен сезімдер» жаттығуы.

Кіріспе бөлім: Барлық адамдар әр адамның өзіндік жеке эмоционалды-сезімдік әлемі бар екенін біледі. Бірақ сезімдер, бәрінен бұрын, адамның мінез-құлқын реттейтінін бәрі біле бермейді. 

Негізгі бөлім: қатысушылар шеңбер болып отырады да, сағат тілімен саналып шығады. Біріншіге мейлінше қатты жағымсыз эмоциясын жинақтап, бір-екі сөз орамымен бар жиналған эмоция қорын екінші нөмірдегі көршісіне бар темперамент күші мен эмоциясын қолданып, «ақтарып» тастау ұсынылады. Екінші біріншіге еш жауап қайтармай, бар ашу-ызасын келесіге «төге салады». Яғни күнделікті өмірдегі, қолына түскен бірінші адамнан өшін алу сияқты. Жаттығу ең соңғы адамға келгенше осылай жалғаса береді.

Осыдан кейін тапсырма ауысады. Бірінші нөмірдегі жағымсыз эмоциялар қорын түсіруге, барлық ақ пейілді және жарқын жан жылуларын бір-екі сөз орамымен жеткізуге тырысады да, жанындағы көршісімен жақсы көңіл-күйімен бөліседі.  Екінші, жағымды эмоциялардан күш-қуат алып, үшіншіге береді т.с.с. Осылай жағымды, жайлы эмоциялар тізбегі барлығын аралап шыққанға дейін жалғасады.

Қорытындылау: Жаттығудың қай нұсқасын орындау қиын болды? Немесе жеңіл болды? Жағымсыз эмоцияны «алғанда» көңіл-күйің өзгерді ме? Жағымды эмоция берілгенде ше? Қандай қорытынды жасар едіңіздер?

Факторлар: ішкі ресурстарына қолжетімділік (қарым-қатынас дағдылары, синергия, ассертивтілік), базалық білім (сенімділік)

Рефлексия

«Өкпені еріту» жаттығуы

Бұл жаттығу қара бұлтша ұйысқан өкпені еріту үшін керек. Кей адамдарға бұл жаттығу өте қиынға соғуы мүмкін. Әр түрлі адамдарды елестетумен айына бір рет осы жаттығуды жасауға болады. Әрі қарай өмір сүрудің жеңілдегеніне көз жеткіземіз.

Тып-тыныш бір жерде, денеңізді бос ұстап отырыңыз. 3-4 рет терең дем алыныз да, көзіңізді жұмыңыз. Өзінізді қара көлеңке театрда отырмын деп есептеңіз. Алдыныздағы шағын сахнаға (ең жек көретін, көргіңіз келмейтін) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін, қазір өмірде бар болсын, әлде өмірден өтіп кетті ме, оған мән бермеңіз. Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы, жүзіне күлкі үйірілген кейіпте болуы керек. Оны бақытты деп біліңіз. Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз, содан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз.
3-4 рет терең дем алыңыз да, көзіңізді ашыңыз. Не сезінгеніңізге көңіл бөліңіз, қазір қандай сезімде тұрсыз?

 

 

 

4-сабақ

ӨЗІН-ӨЗІ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ РЕТТЕУ

 

Мақсаты: оқушылардың өзіндік санасы мен өзін-өзі басқара білу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

-         Өзіндік сана мен өзін-өзі басқару түсінігінің мәнін ашу;

-         Өзін-өзі қадағалау дағдыларын дамыту;

-         Оқушы тұлғасының ерік-жігерін тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологтың кіріспе сөзі: Бүгін біз  эмоция тақырыбын жалғастыра отырып, өз эмоциямызды басқаруға жаттығамыз. Ал қазір, мен сіздердің назарларыңызға аңыз әңгіме ұсынамын:

«Тыныштық нұрын шашатын сурет» .

Ертеде бір патша өмір сүріпті. Ол өзіне тыныштық нұрын шашатын сурет қалапты. Ол сол суретке қараған адамның жан дүниесінде тыныштық орнағанын қалаған екен. Осындай суретті салған адамға бір қап алтын беремін деп шешіпті.  

Көптеген шебер суретшілер іске кірісіпті. Барлық суретшілер жұмыстарын аяқтаған кезде, оның назарына тек екі сурет қана ілініпті.

Бірінде тыныш, үлкен өзен бейнеленген екен. Өзеннің бетінен айна тәрізді көк аспан және биік таулар, гүлдер және көбелектер көрінетін әдемі туынды екен. Патша суретке ұзақ қарап тұрды да, әлемнің тыныштығын бейнелейтін осындай туынды болатындығына таң қалды. Екінші суретте үшкір және шатқалды таулар, бұлтты аспан, жауын мен найзағай, таудың етегіне құлап ағып жатқан сарқырама ешқандай да бейбітшіліктің көрінісі емес еді. Бірақ суретке анықтап қарағаны сол еді патша сарқыраманың астындағы тас шатқалдың бір бұрышынан құстың ұясын байқап қалды. Айналасындағы сарқыраған суға қарамастан құс сол шатқалда ұясын салып, балапан басып шығарған екен. Патша сол суретті таңдағандығын айтты. (авторы белгісіз)

-Қалай ойлайсыңдар, бұл аңыздың мағынасы неде?

Мағынасы: Адам үшін тыныштық ол тыныш әлем емес, ол айналасындағы қайнаған өмірге қарамастан іштей өз тыныштығын  сақтай білуінде. 

Практикалық бөлім:

1-жаттығу.  Эмоцияны тап.

2-жаттығу.  Эмоцияларды ата.

Кестенің сол жағына адамның өмір сүруіне кедергі келтіретін және оны бақытсыз ететін эмоция түрлерін, сол жағына адамның өзімен де өзгелермен де келісімде және бақытты өмір сүруіне кедергі болатын эмоция түрлерін жазыңыз:

Бақытсыз қылатын не?

Бақытты қылатын не?

·        Жек көру

·        Ашу

·        Қызғаныш

·        Іш тарлық

·        Ренжігіштік

·        Күдікшілдік

·        Мансапқұмарлық

·        Махаббат

·        Қайырымдылық

·        Жанашырлық

·        Жомарттық

·        Кешірімділік

·        Сенім білдіру

·        Қарапайымдылық

Психикалық қалыпты басқару түрлері.

Тыныс алу жаттығулары (баяу әуен қойылады).

Мидың тыныс алу орталықтарындағы жүйке талшықтары оның атқаратын қызметі ушін өте маңызды.  Сондықтан демді ішке жылдам тартып, баяу демді шығару мидағы қан айналымы мен қызмет барысын жақсартады. Демді баяу ішке тартып, демді жылдам босату жүйке жүйесінің қызметін белсендіргенімен кейде психикалық күш түсуге әкеліп соғады. Осы аталған дағдыларды пайдалы жағынан қолдану үшін тыныс алу жаттығуларының заңдылықтарын меңгеру қажет.

1 жаттығу. Тыныштандырушы тыныс алу жаттығулары

Отырған немесе тұрған қалпыңызда деміңізді толықтай ішке тартыңыз. Кейін, деміңізді ұстап тұрып, оны шеңбер тәрізді ауада өрнек салып, баяу босатыңыз. Осы жаттығуды төрт рет қайталаңыз. Енді осы жаттығуды шаршы тәрізді етіп, 2 рет орындаңыз. Осыдан кейін сізде тыныштық орнайды.

2 жаттығу. Шаршауды деммен шығару.

Арқаңызбен жатыңыз, өзіңізді жайлы сезініңіз және баяу ырғақты тыныс алыңыз. Тыныс алған сайын сіздің өкпеңізге таза ауа мен өмірлік қуаттың таралып жатқандығын және ол сіздің бүкіл денеңізге жайылғанын сезініңіз.

3 жаттығу.  Тыныштықы тартып, алаңдаушылықты босатыңыз.

Тыныс алу барысында өзіңіздің шексіз тыныштықты ішіңізге тартып жатқаныңызды сезінуге тырысыңыз. Ал, тынысыңызды сыртқа шығару барысында алаңдаушылығыңыз бен мазасыздануыңызды босатып жатқандығыңызды сезініңіз. Осы жаттығудан кейін сіз бойыңыздың жеңіл тартқандығын түсінесіз.

Егер сізде агрессивтілік деңгейі жоғары болса...

Сіздің күш-қуатыңыз және ерекше қасиеттеріңіз мақсатыңызға жетуіңізге септігін тигізуі мүмкін. Бірақ ойланыңыз: Сіз жеңісіңіз үшін қандай құрбандыққа барасыз?

Сіз өзіңіздің басқа адамдармен қарым-қатынасыңызға қанағаттанасыз ба? Агрессивті мінез-құлық адамдар арасындағы қарым-қатынасты бұзып, дау-жанжалға әкеліп соғады.  Сіздің агрессивтілігіңіз – ол сіздің жеке ісіңіз.

Бірақ, сізге өз эмоцияларыңызды басқарып, қадағалап үйрену қажет. Егер олай істеу қиын болса оны шығармашылыққа және спортқа пайдаланыңыз.

Агрессивті көңіл-күйді жоюға арналған ұсыныстар:

Сіз қаншалықты сабырлы, салмақты адам болсаңыз да кейбір өмірлік жағдайлар сізді қатты ашулануға мәжбүрлейді. Ашу мен ыза, кек, агрессия барлық адамның ішкі дүниесінде жасырынып жатады. Олар біз күтпеген жерден сыртқа шығуы әбден мүмкін. Соның салдарынан өзімізге жақын адамдарымыз бен достарымыз, туысқандарымыз, жақсы таныстарымыз зардап шегеді. Біздің көңіл-күйіміз вулкан тәрізді. Ол атылмай тұрған кезде біз тыныш әрі сабырлымыз. Ал вулкан сыртқа атылған кезде біз ішкі ашу мен ызамызды өзгелерге шашамыз. Сондықтан біз әрқайсымыздың ішімізде вулкан бар екендігін және оның сыртқа жиі атылмауын қадағалауымыз керек.  Агрессияның себептері әртүрлі болуы мүмкін: жайсыз ауа райы (сіз табиғатқа шығып, дем алуды жоспарлаған кезде), Компьютердің істен шығуы (жадында сізге қажет құжаттар қалып қойғанда), балалардың себепсіз жылауы, жұмыста немесе оқуда кездесетін мәселелер және т.б. Агрессивті адамға өмір сүру қиынырақ.  Ол үнемі өзіне де, өзгелерге де көңілі толмайды, өзіне қауіп төніп тұрғандай сезінеді, күдіктенеді. Мұндай мінез-құлықпен күресуге болады. Кейде адам өздігінен ішкі дағдарыс мәселелерін шеше алмаған жағдайда  психолог немесе психоаналитик мамандардың көмегіне жүгінуіне болады. 

Ең қарапайым шындықты есіңізде ұстаңыз: сіздің жағымсыз эмоцияларыңыз өзгелерге саналы түрде бағытталмауы мүмкін. Бірақ, оның соңы сізден жауапкершілікті талап етеді. Сіз ашулы және ызалы кезіңізде оны іштей тежеуге тырысасыз. Бұл дұрыс емес – ішіңізде жиналған «жағымсыз эмоциялар» одан сайын көбейіп, басқа бір жағдайда сыртқа шығуы мүмкін. Күшті ішкі сезімдердің сыртқа шығуына мүмкіндік берген дұрыс егер ол айналаңызға зиянын тигізбейтін болса.

Әр адам уақыт өте келе өз ашуын сыртқа шығарудың оңтайлы жолын табады. Мысалы, допты тебу, жұмсақ диванды немесе жастықты ұру және т.б. Сол жастықтың немесе доптың орнына  ашулануыңызға себепкер болған адамды елестетсеңіз жеңілдеп қалатындығыңыз және сыртқы қолайсыз жағдайлардан сақтанатындығыңыз  сөзсіз. Үйде қатты ашуланатын болсаңыз душты пайдаланыңыз. Су адамның жағымсыз эмоциясын тез «жуып» кетеді. 

Қажетсіз күшті бойыңыздан шығару үшін кез-келген белсенді әрекет жеткілікті. Музыканы бар дауысына қойып билеңіз, секіріңіз және өзіңізге ұнайтын дене жаттығуларын жасаңыз (әрине, түнгі уақытта олай істеу қисынсыз болады). Сізге музыка тыңдау ұнамай ма? Олай болса бар дауысыңызбен айқайлаңыз. 

Кейде біз өмір жағдайлары барысында өзімізге басқа адамның агрессивтілік танытуына жолығып қаламыз.  Әр адамның өмірінде түрлі жағдайлар орын алған – бастығы немесе мұғалімі дауыс көтерген, дүкенде сатушы дөрекілік көрсеткен және т.б.  Ал басқа адамның ашу-ызасын қалай жоюға болады? Егер сіз серіктесіңіздің агрессиясын сезіп тұрған болсаңыз, сіздердің араларыңызда жағымсыз эмоцияларды өткізбейтін әйнек немесе айна тұр деп елестетіңіз. Серіктесіңіздің жағымсыз эмоциясы айнадан немесе әйнектен өзіне кері қайтып жатқандай сезініңіз. Егер адамды тыныштандыру мүмкін емес болса, онымен дауласуды доғарыңыз. Үнсіз қалу арқылы оның ішінде жиналып қалған жағымсыз эмоциялардың сыртқа шығуына мүмкіндік беріңіз. Сонымен қатар ішіңізден онға дейін санап, терең дем алып, алаңдамауға тырысыңыз. Өз серіктесіңізге жанашырлықпен қараңыз, егер оның өмірінде бәрі жақсы болса ол ешқашан бұлай ашуланбас еді. Ал егер сіз де оған қарсы шықсаңыз сіз ешқандай пайда таппайсыз. Егер сізді себепсіз және жазықсыз кінәлап тұрған болса, онда тағы бір психологиялық қорғаныс жаттығуын ұсынамыз. Ол ересектер мен балаларға арналған көптеген кітаптарда жазылған. Сізге агрессивті мінез танытып тұрған адамды қисынсыз киіммен немесе оны үстіне қоқыс төгілген, күлкілі  қалпында елестетіңіз. Соның арқасында сіздің көңіл-күйіңіз көтеріліп, сол адамның ашуынан зардап шегу қаупі азаяды. Стрессті жағдайлардан кейін жұмсалған күш-қуаттың орнын толтыруға тырысыңыз. Ауыр жұмыс күнінен кейін өзіңізге демалуға мүмкіндік беріңіз. Ароматерапия әдістерін қолданыңыз, шөптер мен түрлі тұздардан жасалған ванна пайдаланыңыз. Аутотренинг жаттығуларын және йога жаттығуларын жасаңыз.

Рефлексия.

 

 

5-сабақ

ӨЗ-ӨЗІНІҢ СЫРТҚЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН РЕТТЕУ

 

Мақсаты: өзін-өзі реттеудің этикалық талаптардың құрылымына әсері.

Міндеттері:

1.     Халықаралық этикет пен адамдардың мінез-құлық ерекшеліктері туралы түсінік беру;

2.     Өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту;

3.     Тұлға мінез-құлқының этикалық нормаларын және еріктік қасиеттерін тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Қымбатты достар, бір-бірімізді түрлі елдердің тілінде қарсы алайық (шеңбер бойымен). (Салем!, Шалом! Привет!O key! және т.б.)

Сіздер өзге елдердің сәлемдесу жестерін білесіздер ме? Біз бүгінгі тақырыбымызды әлем елдерінің этикетіне арнаймыз.

Теориялық бөлім

Этикет – бұл адамзат қоғамының өте көлемді және маңызды бөлігі. Бұған адамзат тарихының барысында қалытасқан рухани және адамгершілік қасиеттер, сұлулық, әділдік, сыпайылық пен адалдық, тұрмыстық мәдениетті жатқызуға болады.

Мәнер – адамдармен қарым-қатынас барысында сөз мәдениетін, сөйлеу ырғағын, мимика мен жест түрлерін мінез-құлық ерекшелігіне сәйкес пайдалану. Қоғамда жағымды манераға қарапайымдылық пен ұстамдылық, өз іс-әрекетін басқара білу, өзге адамдармен мұқият әрі сабырлы түрде қарым-қатынас жасау жатады. Жағымсыз манера түрлеріне дауыстап сөйлеу, мәдениетсіз сөздерді пайдалану, өз мінез-құлқын басқара алмау, өз қарсылығын ашық және ашумен білдіру, өзгелердің пікірімен санаспау, балағаттау, адамға қосымша аттар қою және т.б жатады.

Халықаралық этикет.

АНГЛИЯ

Англияда өзін өзі дастархан басында салмақты ұстау өте маңызды.  Ол үшін адамдар жергілікті салт-дәстүрді ұстанады. Адамдар қолын үстелге қоймайды, тек шынтақтап қана отырады. Тамақтану құралдары тарелкадан алынбайды, өйткені ағылшындар қасық қоятын арнайы қойғыштар пайдаланбайды.  Тамақтану барысында құралдар бір қолдан екінші қолға ауыстырылмайды, пышақ оң қолға, ал шанышқы сол қолда болуы тиіс. Құралдардың басы тарелкаға қойылады. Түрлі көкөністер етпен ұсынылады. Ол кезде ортаға қойылған тамақтың етімен бірге көкөністерін де пышақ пен шанышқының көмегімен өз ыдысыңызға салып алу кезінде шанышқының дөңес тұсын пайдаланасыз. Егер сіз тағамды шанышқығмен шаншып алатын болсаңыз сізді тәрбиесіз адамға жатқызуы әбден мүмкін.

Адамдардың көзінше дастархан басында мадақтама айту, мысалы әйел адамның қолынан сүю, «көйлегіңіз неткен тамаша!» немесе «бұл торт неткен тәтті!» деп айту адамның мәдениеттілік деңгейінің төмендігін көрсетеді. Барлық адамдар сөйлеп отырған адамды тыңдап, өз пікірін өзгелер есту үшін өзінің кезегін күтуі шарт.

ГЕРМАНИЯ

 Сөйлесіп отырған адамның титулын атап сөйлесу қажет. Егер титулын білмеген жағдайда "Herr Doctor!" деп сөзіңізді бастасаңыз болады. «Доктор» термині біздің мемлекетіміздегі сынды тек медицина мамандарына ғана айтылмайды, ол барша маман иелеріне қаратылып айтылады. Ішпес бұрын адамдар бокалды қағыстырып, кейін ғана ішеді (ад Францияда бокалды көтергенімен қағыстырмайды). Мейрамханада өз маңайыңыздағы адамдарға және өзіңіз танымайты адамдарға "Mahlzeit", "Асыңыз дәмді болсын" деп айтасыз.

 ИСПАНИЯ

 Егер сізден таңғы асқа қалуыңызды өтінсе – асқа қалмаңыз, өйткені, ол қарапайым міндетті ұсыныс. Егер қайталап ұсыныс жасалса – сіз тағы да бас тартыңыз. Ал егер үшінші рет ұсынылса онда қалуыңызға болады, өйткені, ол шынайы көңілден ұсынылған таңғы ас қана емес, ол сыйластықтың белгісі. Баратын жеріңізге тура уақытынан кешікпей баруға болмайды, міндетті түрде 15-20 минут кешігу қажет. Түскі астан кейінгі демалыс уақытына жоспар құруға болмайды. Поезда өзіңіздің көршіңізге бірге тамақтануға ұсыныс білдіріңіз. Ол бас тартатындығы сөзсіз, егер сізге ұсынылған жағдайда сіз де бас тартыңыз.

 ГОЛЛАНДИЯ

 Бұл елде Испанияға қарағанда белгіленген уақыттан кешігу мәдениеттің төмендігін көрсетеді. Қол алысып, мадақтама айтуға болмайды. Голландықтар қарапайымдылық пен ұстамдылықты ұнатады.

АЗИЯ ЕЛДЕРІ

 Шығыста сорпаны түскі астан кейін ұсынады. Көптеген оңтүстік және орта азия елдерінде қонақтарды үйдің ауласында қарсы алады, ал түрік жанұяларында қонақты моншаға шақыру әдет-ғұрпы қалыптасқан. Бразилияда тропикалық бас киім кию, ал Таиландта ыстық күн жайлы әңгімелесуге тыйым салынған. Латынамерикасында әңгімелесушіге «сен» деп сөйлеу қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереді

Диагностика.

«Эмпатия қасиеттерін диагностикалау» сауалнамасы                                   (А.Мехрабиен, Н.Эпштейн)

Эмпатия – өзгелердің қуанышы мен қайғысын бөлісу, сезімталдық, қолдау мен көмек қолын созу  ұғымын білдіреді. Сонымен қатар, эмпатияның дамуы адамның тұлғалық жағынан өсуіне үлкен септігін тигізеді.

Эмпатия адамға әлеммен етене араласып, өзін жалғыздықта сезінбеуіне көмектеседі. Эмпатия қасиетін диагностикалау үшін А.Мехрабиен және Н.Эпштейн сауалнамасы жиі қолданылады. Сауалнама 33 тұжырымдамадан тұрады.

Жауаптарды кілтке салып, сәйкестіктерді санаңыз.

Кілт:

Келісемін "+"    1, 5, 7, 8, 9, 10, 12, 14, 16, 17, 18, 19, 25, 26, 27, 29, 31

Келіспеймін "-"    2, 3, 4, 6, 11, 13, 15, 20, 21, 22, 23, 24, 28, 30, 32, 33

Сауалнама нәтижесі:

Сәйкестіктердің жалпы санын (ұпай санын) талдап, өз нәтижеңізді келесі кестемен салыстырыңыз.

 

Жынысы

Эмпатия деңгейі

Ұпай саны

 

 

               Ұлдар

Жоғары

33-26

Орта

25-17

Төмен

16-8

Өте төмен

7-0

 

                Қыздар

 

 

Жоғары

33-30

Орта

29-23

Төмен

22-17

Өте төмен

16-0

Орташа есеппен алғанда әйел адамдардың эмпатиялық тенденциялары жоғары болады. Ол әйелдердің мәдени ерекшеліктері мен қоғамда қалыптасқан стереотиптеріне байланысты. Эмпатиялық қабілеттердің дамуы әйелдердің де ерлердің де тұлғалық тұрғыда қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Нұсқау: «Берілген тұжырымдамаларды оқып, аталған жағдайда өзіңізді қалай ұстайтыныңызды келісемін "+" немесе келіспеймін "-" деп белгі қойыңыз».

Сауалнама

1. Мен бір адамның өзге адамдардың арасында өзін жалғыз сезінетіндігін байқасам, қиналамын.

2. Адамдар жануарлардың сезімі мен уайымы туралы асырып айтады.

3. Маған адамдардың өзін-өзі басқара алмауы және өз сезімдерін ашық көрсететіндігі жағымсыз әсер етеді.

4. Бақытсыз адамдардың өздерін аяуы ашуыма тиеді.

5. Менің жанымда бір адам қобалжып тұрса, мен де қобалжи бастаймын.

6. Бақыттан жылау ақымақтық деп ойлаймын.

7. Мен өз достарымның мәселелерін жүрегіме жақын қабылдаймын.

8. Махаббат туралы әндер менің түрлі сезімдерімді оятады.

9. Мен адамдарға жағымсыз жаңалықты айтар алдында қатты қобалжимын.

10. Айналамдағы адамдар менің көңіл-күйіме әсер етеді.

11. Мен шет ел азаматтарын суыққанды және қатал деп ойлаймын.

12. Мен адамдармен жұмыс жасайтын мамандықты таңдағым келеді.

13. Достарым ойланбастан әрекет жасаса мен қатты ашуланбаймын.

14. Мен адамдардың сыйлықты қабылдау кезіндегі көңіл-күйлерін бақылағанды ұнатамын.

15. Менің ойымша жалғыз жүретін адамдар өте қатал болады.

16. Жылап тұрған адамды көрсем, көңіл-күйім түсіп кетеді.

17.Кей әндерді тыңдағанда мен өзімді бақытты сезінемін.

18. Мен кітап оқығанда  (роман, повесть және т.б.) кейіпкерлер үшін қатты алаңдаймын.

19. Бір адамға күш көрсетіліп немесе тіл тигізіп жатқандығын байқасам ренжимін.

20.Айналамдағылардың барлығы алаңдаулы болса да  мен сабыр сақтай аламын.

21. Егер менің досым өзінің мәселелері жайлы айта бастаса, мен әңгімені басқа тақырыпқа бұрып жіберуге тырысамын.

22. Адамдардың фильм көру барысында жылағаны, уайымдағаны ашуыма тиеді.

23. Өзгелердің күлгені менің ашуыма тимейді.

24.Мен шешім қабылдағанда өзге адамдардың пікірі оған еш қатысты болмайды.

25. Айналамдағы адамдар алаңдаулы болғанда менің ішкі тыныштығым бұзылады.

26. Қарапайым нәрселерге ренжіп жатқан адамды көрсем мұңаямын.

27. Мен жануарлардың қиналғанын көрсем жаным ашиды.

28. Кітап пен фильм кейіпкерлері үшін жылау ақымақтық деп ойлаймын.

29. Мен қорғансыз қарт адамдарды көрсем аяп кетемін.

30. Біреудің жылағаны менің ашуыма тиеді.

31. Мен фильм көргенде қатты уайымдаймын.

32. Мен айналамдағы адамдардың алаңдағанын көрсем салғырт қарап тұра алмаймын.

33. Кішкентай балалар себепсіз жылайды деп ойлаймын.

Өз мақсаты бар, тұрақты адам болу үшін ерік пен жігер болуы шарт.

Мақсатқа бағытталу – бұл адамның өз іс-әрекетін, күшін және шешімдерін алдына қойған мақсатына бағыттауы. 

Ұстамдылық – бұл өз іс-әрекетін, ойы мен сезімдерін басқара алатын адамдардың еріктік қасиеті. Мұндай адамдар салмақты және сабырлы келеді.  Өз бетімен шешім қабылдай алу – бұл еріктік қасиет; бұл адамның сыртқы күштердің әсеріне берілмей өз мақсатына ұмтылуы.

Шешім қабылдай білу – бұл адамның өмірлік жағдайлар барысында уақтылы және нақты шешім қабылдай алуы.  

Төзімділік – бұл адамның өз күшін кездескен қиындықтарға қарамастан мақсатының орындалу жолында пайдалана білуі.

Қуаттылық – бұл адамның өзінің рухани және физикалық күш-қуатын тиімді пайдаланып, өз жоспарлары мен мақсатына ұмтылуы және өзге адамдарға қолдау көрсетуі. 

Инициатива – бұл адамның шығармашылық іс-әрекетінің маңызды бөлігі. Оған адамның белсенділігі мен қабілеттілігін, рухани және физикалық күш-қуатын пайдалана білуін жатқызуға болады.

Орындаушылық – бұл адамның бастаған ісін соңына дейін жеткізуі, жүйелі түрде шешім қабылдап, оны орындауы.

Практикалық бөлім.

 «Ақсүйектер этикеті» жаттығуы

Мақсаты: бірыңғай жұмыс кеңістігін және топтағы мінез-құлық талаптарын құру.

Нұсқаулық: Өзіңізді патша немесе патшайым ретінде елестетіңіз. Қатысушылар сіздің – патшалығыңыз. Сіз өз талаптарыңыз бен шарттарыңызды қоя аласыз. Бірақ, барша қатысушыға ыңғайлы шарттар болуы қажет.

Патшалықтың шарттары ватманға жазылады:

Сөзді бөлмеу

Бағаламау

Үндемей қалмау

«Қазір және осында»

Қарым-қатынас жасай білу

Белсенділік

Құпия сақтау

Соңына дейін орындау

Қол көтеру

«Тоқта» тәртібі

Көп сөйлемеу.

Қатысушылар шағын топтарға бөлініп, жағдаяттарды ойнайды.

Ақсүйектер этикеті - бұл адамдардың өзгелердің намысы мен ар-ұятына нұқсан келтірмей, жалпылама қолдауға ие іс істеу, өзінің сөзі мен іс-әрекетін басқара алуы мен мәдениеттілігі.

Адамның сөйлеу әдебі киіну әдебінен кейінгі өте маңызды нәрсе. Сөзінен адамның білімі мен мәдениетін, адамгершілігі мен өмірлік көзқарасын байқауға болады.  Дауыс ырғағы да адамның тұлғалық ерекшелігінен хабар береді. Сонымен қатар, тыңдай білу де өте жағымды қасиет, егер сіздің сөзіңізді өзгенің мұқият тыңдағандығын қаласаңыз, сіз де тыңдап үйреніңіз. Қоғамдық ортада өзіңіз және өзіңіздің мәселелеріңіз жайында сөз қозғаудан аулақ болыңыз.

         Дастархан басында өзгелерден бұрын сүлгіңізді жайып, тамақ жеуге дайындалмағандығыңыз дұрыс.  Басқалармен бірге тамақтануға кіріскеніңіз жөн. Тамақтану құралдарын өз таныстарыңыз бен жақындарыңыздың үйінде қонақта болғанда сүртіп, тазаламаңыз. Ол сіздің үй иелеріне деген сенімсіздігіңізді көрсетеді. Нанды өз тарелкаңыздың үстінде үзіңіз. Нанды пышақпен кесуге, үлкен бөліктен тістеуге және нанның ұнтағын дастарханға шашуға болмайды.  Сорпаны қасықтың ұшынан гөрі, жанынан ішкен дұрыс. Ет өнімдері мен жұмсақ тағамдарға тек пышақты пайдаланса болады.

Жемісті кесілмеген қалпында тістеп жеуге болмайды. Оны алдын-ала сыртын тазалап, дәндерін кесіп барып жеу керек.

Тамақты өзіңізге бірінші болып ұсынуын өтінбеңіз, ол сіздің шыдамсыздығыңызды көрсетеді. Сусын ішкіңіз келген жағдайда құюшы адамға өз ыдысыңызды оң қолыңызбен ұсынсаңыз болады. Ыдыста сусынды тауыспай қалдырып кетуге болмайды. Сүлгіні тамақтанып болғаннан кейін бүктемеңіз, жай ғана дастарханның шетіне қойыңыз және өзгелердің тамақтанып болуын күтіңіз. Үстел жабдықтарын қою барысында үштен артық шанышқы немесе қасық қоюға болмайды. Өйткені барлығы дерлік қолданылмайды. Шанышқы тарелканың сол жағына, пышақ оң жағына қолданылуына байланысты кезекпен қойылады. Сусынға арналған ыдыстар солдан оңға қарай қойылады.

«Киіміңе қарап қарсы алады, ақылыңа қарап шығарып салады» деген даналық сөз бекер айтылмаса керек. Киім – адамның өзгелерге қандай әсер қалдыратындығының кепілі. Рокфеллер өз бизнесін соңғы ақшасына қымбат костюм сатып алуға жұмсағаннан кейін гольф-клубтың мүшесі болудан бастаған. Ер адамдар кездесуге және отырыстарға  сағат 20.00 ге дейін кез-келген киім түрлерін кие алады. Ал, 20.00 ден кейін қара түсті костюм киюі шарт. Ресми отырыстарда костюм үнемі түймелеулі болуы керек.

Киім түстерін әдетте былай таңдайды:  

- сары шашты адамдарға көк түс жарасады;

 - қоңыр шашты адамдарға – сары түс;

 - ақ түс өңі қызғылт адамдарға жарасады;

 - қара түс барлық түстерді қанық ете түседі.

Зиялылық (интеллигент) - бұл тек адамның білімділігінен ғана көрінбейді, сонымен қатар, оның өзгелерді түсіне білуінен, тәрбиелілігінен, көмек бере алатындығынан, жанжалдасудан аулақ болуынан, тазалық сақтауынан көрінеді. 

Зиялылық – бұл әлемге және адамдарға төзіммен қарау, құрмет көрсету.

Әлем іскер және жігерлі, ар-ұяты мен намысы жоғары азаматтар мен азаматшаларды қашан да қадір тұтады.

Рефлексия.

-Сізге қандай этикет және мәнер түрлері жақын сезілді?

-Халықаралық этикеттен сіз қандай жаңалықтарды білдіңіз?

-Сіздің бойыңызда қандай еріктік қасиеттер қалыптасқан?

6-сабақ

СТРЕСС ЖӘНЕ ОДАН ШЫҒУ ЖОЛДАРЫ

 

Мақсаты: оқушыларға стресс және оның психофизиологиялық белгілері туралы түсінік беру, оқушылардың стреске төзімділігін арттыру.   

Міндеттері:

-         стресті тани білу дағдыларын қалыптастыру;

-         стреске төзімділік пен өзін-өзі басқара алу қабілетін дамыту;

-         өзін-өзі тұлғалық тұрғыда жетілдіре білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Әуен арқылы орындалатын психогимнастика:

1. Тік тұрып, денеңізді босатыңыз. Мұрыныңызбен терең әрі жылдам тыныс алыңыз. Өз тынысыңызға назар аударыңыз. Ол кезде денеңіз қозғалыста болуы керек. Қозғалыс кез-келген сипатта болуы мүмкін

2. Енді сіз «ақыл-есінен адасқан адамның» кейпіне енуіңіз керек. Сіз не істесеңіз де өзіңіз білесіз. Сізге секіруге, айқайлауға, билеуге, күлуге, жылауға, дірілдеуге болады. Өзіңізді тоқтатпаңыз, денеңізге ерік беріңіз.

3. Тік тұрып, қолыңызды жоғары созыңыз.  “Ха” деп дауыстаңыз.  Сол арқылы ішіңіздегі жағымсыз эмоцияларыңызды шығаруға тырысыңыз.

4. Дереу тоқтаңыз. Қандай қалыпта тұрсаңыз, сол қалыпта қалып қойыңыз. Қозғалмаңыз және өз ішкі дауысыңызға құлақ түріңіз.

5. Жеңіл билеңіз, айналыңыз, ән салыңыз. Еркіндік пен қанағаттанушылықты сезініңіз.

Теориялық бөлім:

Эмоцияны қуатты түрде сыртқа шығару кешенді физиологиялық реакция – стресті тудырады. Тоңу, шаршау, қорқыныш, төмендеу, ауру және басқа да жағымсыз әсерлерге ағза тек қана қорғаныш реакциясын танытпайды, сонымен қатар ағзада бірыңғай кешенді қозу пайда болады. Адамға әсер етуші факторлардың оның физикалық күш қуатына, тұлғалық ерекшелігіне байланысты болатындығы белгілі. 

Стресс – бұл кешенді үрдіс, оған физиологиялық және психологиялық компоненттер кіреді. Стрестің арқасында ағза қорғану дағдысын меңгереді және төзімділік, мақсатқа ұмтылуға деген қызығушылық, белсенділік пайда болады.

         Стресс теориясының авторы Канадалық психолог Ганс Сельенің анықтауы бойынша стрестің физикалық және психологиялық белсенділікті арттырып, қауіп-қатерден өзін сақтауына ықпалын тигізетіндігі дәлелденген. Стресс кезінде адам ағзасына арнайы гармондар бөліне бастайды. Көптеген органдардың жұмысы өзгереді, яғни жүректің қағысы жиілейді, қан айналымы жоғарылайды және қорғаныш қасиеттері өзгеріске ұшырайды.

Психикалық стрестің негізгі ерекшелігі:

1) стресс – ағзаның жағдайы; ол қоршаған орта мен ағзаның қарым – қатынасынан туындайды;

2) стресс – өте күшті әсер етуші жағдай, оның зиянды және пайдалы жақтары болады;

 3) стресс құбылысы бейімделумен байланысты ағзадағы өзгерістерді туындатады.

Стрессорларға физикалық және психикалық қоздырушы факторлар жатады. Адам тек төніп келе жатқан қауіпке ғана алаңдамайды, оның нәтижесіне және болжамына да алаңдайды. Психикалық стрессорлар бұл мінез-құлықтың жедел өзгерістерге ұшырауы мен жауапты шешім қабылдау барысында, дау-жанжал кезінде және қанағаттанбаушылық сезім туындағанда пайда болатын стрессорлар.

Стресс теориясын құрастыру барысыныда Селье үш негізгі фазаны  бөліп көрсетті:

Бірінші фаза – алаңдаушылық реакциясы – бұл ағзаның қорғаныс фазасы. Көптеген адамдарда бірінші фазадан кейін еңбек қабілеттілігі жоғарылайды. Физиологиялық жағынан бұл дегеніміз – қанның қоюлануы, қанның құрамында хлор иондарының төмендеуі, азот, фосфат, калий көлемінің артуы.

Біріншіден кейін екінші фаза орын алады. Бұл ағзаның бейімделуі мен тұрақтылығының мөлшерлі түрде шығынға ұшырауы. Яғни, адамда барлық жағдайы дұрыс сияқты көрінгенімен стресс жалғасқан жағдайда адамның күш – қуатының төмендеуіне байланысты үшінші фазаға өтеді.

Үшінші фаза – бұл қажу және түңілу.

Диагностика

«Стресс-тест»

Сізге төмендегі тұжырымдамаларды оқып, өзіңіздің көзқарасыңызды арнайы шкалалар бойынша белгілеу қажет:

— ешқашан деуге болады (1 ұпай);

— кейде (2 ұпай);

— жиі (3 ұпай);

— үнемі (4 ұпай).

1. Ұсақ – түйек дүниелерге мен жиі ашуланбаймын.

2. Мен біреуді күткенде қатты қобалжимын.

3. Мен ыңғайсыз жағдайға қалғанда қызарып кетемін.

4. Мен ашулансам, біреуді ренжітуім мүмкін.

5. Сынды көтере алмаймын, қатты ашуланамын.

6. Егер қоғамдық көлікте мені итеріп немесе балағаттаса, мен де соны істеймін.

7. Мен бос уақытымда үнемі бір іспен айналысып отырамын.

8. Кездесуге мен ерте немесе кешігіп барамын.

9. Мен адамдарды тыңдай алмаймын.

10. Тәбетімнің жоқтығынан зардап шегіп жүрмін.

11. Мен жиі себепсіз мазасызданамын.

12. Өзімді таңертен нашар сезінемін.

13. Өзімді шаршаңқы сезінемін және ұйықтай алмаймын.

14. Ұзақ ұйықтасам да шаршағаным басылмайды.

15. Менің ойымша жүрегімнің қызметі бұзылған.

16. Мен арқамның және мойнымның ауырғандығын сеземін.

17. Дастархан басында отырғанда үстелді саусақтарыммен соғамын және аяғымды тербетіп отырамын.

18. Өзімді дәлелдегім келеді, мені мақтағанын қалаймын.

19. Мен өзімді өзгелерден жоғары санаймын.

20. Мен диета сақтамаймын.

Ұпайлар шкаласы:

30 ұпай және одан жоғары. Сіз тыныш өмір сүрудесіз. Барлығына үлгересіз және өз мәселелеріңізді өзіңіз шеше аласыз. Сіз өте ашық немесе өте тұйық адам да емессіз. Бұл адамдар өздерін бақытты сезінеді.

31–45 ұпай. Сіздің өміріңіз үнемі қозғалыс пен шаршаудан тұрады. Сізге бойыңыздағы стресс жағымды және жағымсыз жағынан да әсерін тигізуде. Өмір салтыңызды өзгертіңіз және өзіңізге көңіл бөлуге уақыт қалдырыңыз. 

46–60 ұпай. Сіздің өміріңіз үздіксіз күрестен тұрады. Сіз шындықты ұнатасыз және кәсіптік жоғарылауды қалайсыз. Сіз үшін өзгелердің пікірі өте маңызды және ол сізді стреске ұшыратады.  Егер осылай жалғасытыра берсеңіз үлкен жетістіктерге жетесіз. Бірақ, бұл сізге қуаныш әкелмейді. Орынсыз дауласу мен ашу-ызадан сақтаныңыз. Ұсақ-түйекке бола мазасызданбаңыз. Тек жоғары нәтижеге ғана ұмтылуға тырыспаңыз, өйткені, өмір аумалы-төкпелі. Өзіңізге тынығуға мүмкіндік беріңіз.

61 ұпай және одан жоғары. Сіз газ бен тежегішті бір мезгілде басқан жүргізуші тәріздісіз.  Өмір салтыңызды өзгертіңіз. Сіздің бойыңыздағы стресс сіздің денсаулығыңызға да, болашағыңызға да кері әсерін тигізуі мүмкін.

Практикалық бөлім:

Жаттығу.

Нұсқаулық: қатысушыға ыңғайланып отыру ұсынылады. Кейін, әр берілген команда бойынша өзінің дене мүшелеріне зейін аударуы қажет. Мысалы, «Жылу!» деп пәрмен берілгенде өзіне зейін аударып, мұқият қарап отырады. «Қол» дегенде оң қолына қарайды, «Шынтақ» дегенде оң қолындағы шынтағына назар аударады, «Саусақ» және «Саусақтың ұшы» дегенде оң қолына назар аударып, жылуды сезінуі тиіс. Әр пәрмен 10-12 секунд аралығында беріліп отырады. Жаттығудың ұзақтығы 5 минут.

«Стақан» жаттығуы.

Қажетті құралдар: қағаз стақан, қағаз және жазу құралдары. 
Нұсқаулық: Психолог алақанына қағаздан жасалған стақанды қойып былай дейді: «Бұл стақан – сіздің армандарыңыз бен ерекше мақсаттарыңыздың, қалауыңыздың қайнар көзі деп елестетіңіз. Сіз бұған өзіңіз үшін қымбат, бағалы дүниелеріңіз бен өзіңіз сүйіп, құрметтейтін құндылықтарыңызды сала аласыз». Біраз уақыт ішінде бөлмеде тыныштық орнайды, кенет, психолог қолындағы стақанды мыжиды. Осыдан кейін қатысушылардың бойында қандай эмоция пайда болғандығы жөнінде талдау жүргізіледі.
– Адамның бойында мұндай сезімдер қашан пайда болады?

– Оны кім басқарады?

– Кейін бұл сезімдер қайда кетеді?

– Сіздің қазір ғана басыңыздан өткізген сезіміңіз бұл – стресс. 

Бұл шынайы алаңдаушылық, туындаған мәселеге деген реакция және адамдармен қарым-қатынастан пайда болатын сезім.

– Психолог стресс кезеңдерінің түсінігін былайша көрсетеді: бейімделу, өмірлік күш-қуаттың азаюы (ішкі эмоционалдық жағдайлар – ашу-ыза, кек) және сыртқы стрессорлар (тоңу, шу).

 

Рефлексия:  

1.     Қандай практикалық жаттығу сізге әсер етті?

2.     Сіз стреспен күресудің қандай жолдарын білесіз?

          (Топтық талдау).

 

 

 

 

 

7-сабақ

ПОЗИТИВТІ ОЙЛАУ

 

Мақсаты: оқушыларда позитивті қабылдау және ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

-         Позитивті ойлай және сөйлей білуге үйрету;

-         Позитивті ойлау, қабылдау және сендіру дағдыларын дамыту;

-         Өмірге позитивті қатынастарын тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

- Бүгін сабағымызды астарлы әңгімемен бастағым келіп тұр, ал сендер тыңдап алып, ол бізді неге үйрететіні жайында ойланыңдар.

Адамға періште кездесіп, оған былай деді:

- Мен сенің өміріңді көрсетсем, қалай қарайсың?

- Көрсетші, - деді адам.

Періште оны жерден алып, аспанға көтерді, адам өзінің  өмірін көрді және бір-бірімен қатар жатқан екі жұп ізді көрді.

- Анау менің жанымдағы із кімдікі?

- Ол менмін, - деді періште. – Мен сені өмір бойы сүйемелдеп жүремін.

- Ал, неге  ендеше кей тұстарда бір ғана жұп іздер қалған?

- Иә, ол сенің өміріңнің ең қиын кезеңдері ғой,- деді періште.

- Сен сонда ең қиын уақыттарымда мені тастап кетіп отырғансың ба? Қалайша сен мені қалдырып кете алдың? – деп ашуланып қалды адам.

- Жоқ, мен сені қолыма алып алған едім, - деп, ақырын жауап берді періште.

Теориялық бөлім.

- Адам жағымсыз эмоцияларға оңай беріледі және қиын жағдаяттарда позитивті пікірді сақтап қалу өте қиынға соғады. Позитивті ойлануға қалай үйренуге болады, бүгінгі сабағымыз осы жайында болмақ.

Үнемі жадырап, жымиып жүретін адамдарға қарап, «Осының өмірінде қиындық болмай ма екен?» деп жатамыз. Кез келген адамның өмірі тұтастай қиындықтан, не тұтастай қуаныштан құралмайтын болғандықтан, әр адамның басында әлдебір ауыртпашылықтың болатыны рас. Бұл жердегі басты мәселе – қиындықты кімнің қалай қабылдайтындығында. Кездескен кедергіге морт сынып қала беретін болсаңыз, бақыт атты бал мекен көзден бұлбұл ұшты дей беріңіз. Бақытты болудың ең алғашқы сатысы – позитивті өмір сүру. Бұл сіздің де қолыңыздан келеді.

Оптимист болу керек.  Басыңызға түскен кез келген жағдайдың жақсы жағын көруге ұмтылыңыз. Тұра алмастай тұралап жатсаңыз да, «Бәрі жақсы болады әлі» деуден танбаңыз. Басыңызға бұлт неғұрлым қалың болып үйірілсе, сіздің бұлтты серпігеннен кейінгі қуанышыңыз соғұрлым үлкен болмақ. Өмір ақ пен қара жолақты екенін ұмытпаңыз.

"Жанның күлкісі" деген ұғымды қалай түсінесіз? Данагөйлер адам жаны тыныштықта өмір сүріп, өмірдің қуанышын сезінсе, ішкі жан-дүние адам келбетіне әсер етіп, күлкі содан туады дейді. Ал дәрігерлер адамның күлкісі бүкіл ағзамыздың жұмысын жақсарта алады деген пікірде. Психологтар болса, үнемі жымиып, күліп жүретін адам сәттілік сатысына оңай көтеріледі дегенді айтады.

Қанағат қыл. Күпірлік қылғанша, шүкіршілік етіңіз. Он екі мүшеңіз сау екеніне, өміріңіздің бірқалыпты ырғақпен болса да, тыныштықта өтіп жатқаны үшін шүкір деңіз. Қанағат қарын тойғызады.  Ашкөзділік ешқашан адамды мұратына жеткізбейді. Риза болып, қанағат ету жүрегіңізді қуанышқа толтырады.

Әзіл-қалжың жаттап, оларды орайы келгенде айтып жүр. Кез келген әзілді өміріңізбен байланыстырыңыз. Қатты ашуланғанда да, сол әзілдерді еске түсіріңіз. «Ашуланғанда мына әзілді еске түсірем» деген талпынысыңыздың өзінде күлкі тұрған жоқ па? Әлбетте...

Сонымен, позитивті адам - үйлесімді жетілген тұлға, ең алдымен зерделі жетілген адам. Позитивті адамның негізі адамгершілік, рухани күш және ақыл. Үйлесімді позитивті жетілген адам болу үшін өз-өзіңіз, ойларыңыз, дене, қоршаған ортадағы адамдармен және барлық әлеммен жарасымды өмір сүру керек. Рухани бай, білікті және жан-жақты жетілген адам болу керек, ондай адам өз уақытының қадірін біледі, оны текке жұмсамайды. Әр сағат өзі және өз жақындарының игілігі үшін өмір сүреді.

Ондай адам өмірде өзінің орнын тауып қана қоймай, онда табысты түрде кемелденеді де, өзінің бойында бар рухани қасиеттерді сақтайды: рақымдылық, жақсы көре алу қасиеті, бар әсемдікті бағалау, әлемге тек жақсылық әкелу. Әр кез білімге ұмтылып, кітап оқып, ой-өрісті кеңейту керек. Алайда барлығын біліп, бар уақиғалар жөнінде хабардар болу шарт емес, адам оқиды, оқу барысында өзі үшін жаңа бір нәрсе ашады.

Әрине, бұл қасиеттерді бала кезден жетілдірген жақсы. Егер кешігіп қалсаңыз – қайғырмаңыз, жақсы жаққа өзгеру, ешқашан кеш емес!!!

Үйлесімді позитивті тұлға болу үшін:

· Позитивті ойлау;

· Ой-өрісті кеңейту;

· Спортпен шұғылдану;

· Қол қусырып отырмау;

· Әр кез кемелдену;

· Өз уақытыңызды қадірлеу;

· Жақындарыңызға көмектесу;

· Көп оқу;

· Жақсы көру керек.

Біз барлығымыз жай ғана адамбыз. Әр адам – ешкімге ұқсамайтын, жеке дара тұлға. Қандай адам болуды – сіз ғана шешесіз.

Қорытындылайық, позитивті ойлаудың үш негізгі нұсқасы бар:

·        Позитивті сендіру (аффирмация);

·        Позитивті күйге келу (икемделу);

·        Шын мәніндегі позитивті ойлаудың (позитивті қабылдау);

1.     Позитивті сендіру. Мұны біз аффирмация ретінде танып білеміз.

Аффирмация – адам өзінде болуын қалайтын (қабілеттер, білімдер, қасиеттер және қарым-қатынас) тілектеріне басымдық беріп, өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері. Бұл біз ұмтылатын болашақ туралы ойларымыздың бейнесін өзгертуге және қалыптастыруға  көмектесетін позитивті сендіру пікірлері. Аффирмацияны сыртқа шығарып айту өз мақсатыңа, бақытыңа, махаббатқа, ішкі үйлесімділікке, денсаулыққа және аман-саулыққа жетудің тиімді тәсілі. Аффирмацияны үш еселенетін сандармен (3, 6, 9, 12 т.с.с.) қайталау тиімдірек болады деп есептеледі.  Мысалы:  «Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім қай жағынан болмасын жақсарып барады». Немесе:  

• Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.

• Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.

• Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.

• Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.

• Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді.

• Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.

• Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.

• Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.

• Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.

• Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.

2. Позитивті күйге келу (икемделу).

Позитивті күйге келу – бұл іштей мен істей аламын деп өзін күйге келтіру немесе сену. Икемділік – кейбір нәтижеге жету үшін ойлау мен мінез-құлықтың тәсілдерінің кең жинағын меңгеру. Позитивтік ниет – кез-келген әрекеттің немесе нанымның негізінде жатқан позитивтік мақсат. Мұндай ойлау түрінде: «Менің қолымнан келеді»; «Мен лайықтымын»; «Менде жақсы шығады»; «Мен орындаймын» деген сөз орамдарын басшылыққа алу керек және позитивті күйге келудің ұраны «Мен болмасам, басқа кім?!» болып табылады. Осындай сөз орамдарын құру арқылы  осы нақты уақытқа жақындай түсеміз, бұл нәтижесі кейінірек (бірнеше айдан кейін) көрінетін аффирмациямен салыстырғандағы айырмашылық. Позитивті күйге келу «дайындықтан кейінгі» 3-10 минут ішінде «іске қосылады».

Мысалы: «Мен бұл кросста соңына дейін жүгіріп беремін! Менің қолымнан келеді».

Позитивті ойлаудың алдыңғы екі тәсілі: аффирмация және позитивті күйге келу біздің өзімізді бірдеңеге сендіруімізге байланысты. 

3. Шын мәніндегі позитивті ойлау (позитивті қабылдау).

Позитивті ойлау бұл оқиғалар немесе үдерістерді позитивті бастамада баяндауға негізделген  пікір айту мен ойлау.

Үшінші тәсіл – ішкі және сыртқы әлемді біздің өмірлік ұстанымызбен, біздің әлемге деген көзқарасымызбен шын мәнінде позитивті қабылдау, немесе басқаша айтқанда бұл біздің әлемдік «картамыз». 

Міне, осы үш тіреуіш бағанаға таянып, позитивті ойлау құрылады.

Диагностика.

«Өзіміздің позитивтілігімізді өлшейік» тесті:

Өзіңізді позитивке тестілеп көріңіз – бұл өз ойыңызды талдап алуға көмектесетін ең қарапайым тәсіл.

Сонымен, Сіз өзіңіздің қаншалықты позивті екеніңізді білу үшін келесі сұрақтарға әділ, шынайы жауап беріп, әр жауабыңызға сәйкес түрде ұпайларын қойып шығыңыз:

Үнемі немесе үнеміге жақын – 5

Жиі – 4

Кейде – 3

Сирек – 2

Ешқашан – 1 

1. Қандай да бір кенеттен болған жағдайдың әсерінен Сіз өз жоспарыңызды өзгертуге мәжбүр болдыңыз, ондай кездерде Сіз осындай жағдайдағы басымдылығыңызды жылдам таба қоясыз?

2. Сізге өмірдегі жолыңызда кездескен адамдардың көпшілігі ұнайды?

3. Келесі алдымыздағы жыл туралы ойлағанда, сіз оны биылғы жылдан гөрі жақсы болады деп ойлайсыз?

4. Сіз айналаңыздағы әдемілікті бақылап көріп және ләззат алу үшін жиі тоқтайсыз.

5. Сіздің бойыңыздан немесе Сіздің істеген ісіңізден біреулер ақау тауып жатса, Сіз одан сындарлы (конструктивті) сын мен жөнсіз міннің арасындағы айырмашылықты байқайсыз және соңғысына көңіл аудармайсыз? 

6. Серіктесіңізге немесе досыңызға сын айтудан гөрі жиі марапат сөздер айтасыз?

7.     21 ғасырда адамзат өркендей түседі деп ойлайсыз?

8. Сіздің досыңыз ұнжырғаңызды түсіруге мәжбүрлесе, таң қаласыз?

9. Сіз өзіңізді бақытты адаммын деп санайсыз?

10. Сіздің үстіңізден қалжыңдаса да, Сіз өзіңізді жақсы сезіне бересіз?

11. Сіздің ойлау бейнеңіз Сіздің денсаулығыңызға позитивті түрде оң әсер етеді деп ойлайсыз? 

12. Егер Сіз өзіңіз жақсы көретін 10 адамның тізімін жазсаңыз, онда бұл тізімде сіздің есіміңіз де болады?

13. Өткен ай туралы ойлағанда, сіз алдымен жетістіктерді есіңізге түсіресіз, кейін сәтсіздіктерді? 

Енді өз ұпайларыңызды санап шығыңыздар.

Тестің нәтижесі:

 55-тен жоғары – Сіз позитивті адамсыз және кез-келген кедергіні жеңіп шыға алатындай күшіңіз бар. 

50-55 – өте жақсы, Сіз позитивті ойлайтын жансыз.

45-50 – жақсы, Сіз кейде өзіңізге позитивті ойлауға рұқсат бересіз.

40-45 – ешқандай, Сіздің позитивті және негативті ойлауларыңыз толық теңгерімде (баланста).  

40-тан кем – торығушылық басым, мүмкін әлемге басқаша қарау керек шығар.

Әлемге позитивті түрде қараңыздар және сәйкес түрде одан да ал!

Практикалық бөлім.

Позитивті ойлауды дамыту үшін 7 жаттығу

1-жаттығу. Позитивті ойлау

Бұл жерде түсіну керек, негативті ойлау – бұл біздің таңдауымыз, біздің жақсымен алмастыра алатын жаман әдетіміз. Позитивті ойлау – өзіңмен күнделікті жүргізілетін жұмыстың нәтижесі. Кейбір мәліметтер бойынша жаңа әдеттерді қалыптастыру үшін біздің миымызға 21-ден 60 күнге дейін уақыт керек. Позитивті дүниені сезінуді қалыптастыруға бағытталған позитивті ойлауға жаттығуды күнделікті қолдана отырып,  сіз үшін позитивті күйге келу әдетке айналады.

2-жаттығу. Негативті сөздерден құтыламыз

Өз ойларыңыз бен пікірлеріңізді қадағалаңыз. Егер сіз «мен күмәнданамын...», «...менің қолымнан келмейді», «менің жолым болмайды» сөз орамдарын сыртқа шығарып, немесе тіпті іштей жиі айтатын болсаңыз – бұл негативті бағдарлардың басымдылығының нақты белгісі. Әр негативті пайымдаманы позитивпен алмастыруға тырысыңыз. Бұл үшін аффирмацияны қолданған дұрыс.

3-жаттығу. Ризашыл болыңыз!

Бұл бәлкім, ең мықты және тиімді жаттығулардың бірі. Ризашылық зор күшке ие. Сіздің өміріңіздегі барлық жағдайларға, тіпті қиыншылықтар мен түңілуге де, өйткені олар сіздің өмір тәжірибеңізді байытады, сізді күштірек қылады. Өз өміріңізге не жетіспейді деген емес, менде не бар деген көзқараспен үңіліп қараңыз. Күнде өз өміріңіздің ризашылық сезімде болатын 5 жағымды сәттерін жазыңыз. Осындай қарапайым жаттығу сізді болып жатқан құбылыстардың жағымды жақтарын назарда ұстауға үйретеді.

4-жаттығу. «Менің мінсіз күнім»

Бұл әдістемені позитивті психологияның негізін қалаушы америкалық психолог Мартин Селигман ұсынған. Бұл техника көбінесе мақсат қоюда қолданылады. Сонымен бірге ол сіздің нені қаламайтыныңызға емес, нені қалайтындығыңызға позитивті зейін қоюды ұстап тұруға көмектеседі.

Уақыт бөліңіз де өзіңіздің мінсіз бір күніңізді егжей-тегжейлі сипаттаңыз. Жеке артық көрушілігіңіз бен өмірлік құндылықтарыңызға ерекше назар аударыңыз, сізге не маңызды екенін анықтап алыңыз:

- Жақындарыңызбен уақыт өткізу;

- Сүйікті ісіңе уақыт табу;

- Табиғатта демалу;

- Қызықты жобамен жұмыс жасау;

Яғни, бұл сізге қуаныш пен қанағаттану әкелетін кез-келген іс-әрекет түрі болуы мүмкін.

Келесі кезең – өмірге ену, яғни жай ғана өзіңіздің «мінсіз күніңізді» басыңнан өткеру және өзің үшін не іске асты, не болмай қалды екенін анықтау. Қандай эмоцияны басыңнан өткіздің? Қуаныш, қанағаттану, тынышталу ...? Егер ештеңе шықпаса, жай ғана жаңа «мінсіз күніңізді» жазу керек және тағы да нақты өмірде сол күнді өткізу. Жаттығулар өз өміріңізде болып жатқан өзгерістерге қанағаттанушылық сезінбейінше орындалу керек.

5-жаттығу.«+5»

Бұл жаттығудың мәнісі өте қарапайым: сіздің ақыл-ойыңызды билеп тұрған барлық негативті оқиғаларға тексеріс жүргізіп шығу керек. Әр негативті оқиға үшін нақты мәселенің 5 пайдасын, 5 оң жағын табу керек. Мысалы, сізді жұмыстай шығарып жіберді (тьфу-тьфу). Бұл қалыптасқан жағдайдың пайдалы жақтары:

- сәл демалып алуға керемет мүмкіндік пайда болды;

- бұл жұмыс бәрібір де қанағат әкелмеген, сондықтан басқа қызығырақ жұмыс тауып алу мүмкіндігі туды;

- ұйқымды қандырып алуға болады;

- жоғарытөлемді қызметке тұруға және жаңа жұмыста жетістікке жетуге тамаша мүмкіншілік;

- жалақының жоқтығы – жеке бюджетті орынды жүргізуді үйренуге жақсы желеу.

6-жаттығу. «Өткеніңмен бейбіт келісім»

Сіз басыңыздан қайра-қайра өткізу арқылы өткендегі негативті оқиғаларды басыңыздан өткізуге қанша уақыт жіберетініңіз туралы ойландыңыз ба? Бұл дегеніңіз өмірлік энергияңыз бен алтын уақытыңызды бостан-босқа құрту. Өзіңіздің болашағыңызды болжаудың орнына сіздің энергияңыз өткенді қопарып, уайымдауға жұмсалады. Есіңізде болсын, эмоциялар әрқашан ойлармен түрленеді, тек өзіңіз ғана  ойлау моделіңізді өзгерте аласыз. Ол үшін:

- өткендегі болсын, қазірдегі болсын өзіңізді ренжіткен адамдарды кешіріңіз;

- зейініңізді дәл қазіргі уақытта істеп жатқан ісіңізден рахат табуға шоғырландыруға тырысыңыз.

7-жаттығу. Визуалдау

«Қиялдау білімнен де маңызды» - Эйнштейннің сөзі. Біздің ақыл-ойымыз бейне арқылы жұмыс жасайтыны және ойлайтыны еш құпия емес. Бейнелер бізді қоршағанның: нені сеземіз, не істеп жатырмыз, өз мақсаттарымызға қалай жетіп жатырмыз, айналамыздағы адамдармен қандай қарым-қатынас құрудамыз бәріне әсер етеді. Сіз өз қиялыңызда қаншалықты позитивті суреттер салсаңыз, өміріңізде соншалықты жақсылықтар жүзеге аса бастайды. Осыған байланысты қазақта «Жақсы сөз – жарым ырыс» - деген сөз бар. Алдымен идея, сосын іске асыру. Визуалдаудың құпиясы қарапайым – өз ойымызда өміріміздің позитивті бейнелерін жасай отырып, біз санамызға оң әсер етеміз.

Рефлексия.

 «Түйсіктердегі шоғырлану» жаттығуы

Нұсқау: Ыңғайланып отырып, көзіңді жұм, қолыңды алға қарай соз. Сенің алақаныңда кішкентай Күн жатыр деп ойла, оның шуағы сенің саусақтарыңның арасынан бүкіл қолыңа өтіп, бойыңа жылылық құйғанын сезінесің. Қолдарың тынышталып, босаңсығанын байқайсың. Біртіндеп ойша аяғыңа, өкшең мен башпайларыңа ауыс. Күн сәулесі жылыта отырып, бүкіл оң жақ аяғыңнан өтіп жатыр, бұлшық еттерің босаңсуда. Дәл солай сол жақ аяғыңды, қолыңды сезін. Беліңді, арқаңды сезін. Зейініңді бетіңе шоғырландыр – мұрын, қас-қабақ, маңдай, жақтарың, иек асты. Ауаның бетіңнің терісін өбіп жатқанын сезін. Көзіңді аш та, қасыңдағыларға күліп, жақсы көңіл-күймен қара.

 

 

 

 

 

8-сабақ

ПОЗИТИВТІ ОЙЛАУ

 

Мақсаты: оқушыларда позитивті қабылдау және ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

-         Позитивті ойлай және сөйлей білуге үйрету;

-         Позитивті ойлау, қабылдау және сендіру дағдыларын дамыту;

-         Өмірге позитивті қатынастарын тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Теориялық материал

Позитивті ойлауды дамытатын 5 жаңа тәсіл:

Біз барлығымыз өмірімізге дүниеге позитивті көзқарас әкелетін өзгерістермен рахатқа бөленгіміз келеді, бірақ кейде келеңсіздік біздің өмірімізге берік бекініп алады және егер сіздің тиімді әрекет жоспарыңыз болмаса, одан құтылу өте қиынға соғады. 

         Тәжірибелі бағбандар ең күтілген бақтың өзін бірнеше күннің ішінде жойып жіберетін арамшөптер болатынын біледі. Сондықтан да өз бақтарында арамшөптермен іждағатты күреседі, ал егер әлдеқайда бір жерде арамшөп пайда болғанын көрсе, оны түп-тамырымен толықтай жұлып тастайды.

Ал, енді өз өміріңізді – бақ, ал өзіңіз бағбан екеніңізді елестетіп көріңіз. Осы мәуелі бағымызды келеңсіз арамшөптерден қалай құтқару керектігіміз жайлы әңгімелесіп көрелік:

Жағдаятты бағалаңыз

Бағына арамшөптердің қаншалықты залал келтіргенін бағалау үшін кейінге көз жүгіртіп қарайтын бағбан сияқты артқа шегініп, келеңсіздік (негатив) сіздің өміріңізге қалай әсер етіп жатқанына көз жүгіртіп бір қараңыз. Кейбір негативті көріністер үстіңгі жағында жатуы мүмкін. Мысалы, күмәншілдік немесе сізден гөрі басқа адамдардың әсер ету мүмкіншілігі басым деген ой. Мүмкін, сіздің өзіңізге деген сеніміңіз онша емес болар және өзіңізде жиналып қалған негативті энергияңызды кейбір сәттерде басқаларға сын айту түрінде шығарып алатын шығарсыз.

Кейбір негативті бағдарлар сіздің санаңызда немесе бейсанаңызда терең тығылып жатуы мүмкін. Мүмкін ата-аналарыңыз сіздерге ешқашан жетістікке жетпейсің деп айтқан болар. Мүмкін сыныптастарыңыз қызғаныштан сізді келемеждеген болар, соның кесірінен сізде адамдармен қарым-қатынаста мәселелер пайда болған шығар.  Кез-келген жағдайда бала кезден сақталып қалған негативті бағдарлар – кең таралған құбылыс.

         Қалай өз өміріңіздегі негативтерді қайта қопарып, түгендеп шықтыңыз, солай енді арамшөптерді жоюға кірісуге болады.

Негатив неден туындағанын анықтаңыз

Жаңа тыңайтқыштар, жауын-шашын немесе қатты жел баққа жаңа арамшөптер әкелетінін бағбандар біледі. Олар үнемі бағын қадағалайды және арамшөптермен күресуге дайындалады. Ал сіздің негативті ойлауыңызға қандай оқиғалар мәжбүрлейді? 

         Кейде бүкіл әлем сізге қарсы келісіп алған сияқты болып көрінуі мүмкін! Кез-келген жағдайда негатив көрінісінің туындауын тоқтатуға дайын болыңыз.

Негативті ойлардан құтылыңыз

Сіздің осыған жіберген уақытыңыздың міндетті түрде орны толады! Бағбандар ерекше жабысқақ арамшөптерден құтылғанда терең қанағаттану сезіміне бөленеді. Оны түп-тамырымен жұлып алғанда керемет жағымды бірдеңе бар. Сіздің санаңыз болып табылатын өз бағыңызда осылай жасаңыз. Негативті ойларыңызды байқап қалсаңыз, бірден олардан құтылуға кірісіңіз.

Алға қарай жылжу үшін позитивті аффирмациялар қолданыңыз.

Позитивті аффирмациялардың көмегімен өзіңіздің психикалық жағдайыңызды өзгертуге болады. Бақ мысалына қайта оралсақ, бағбанда бір мезгілде арамшөптерден арылатын және топырақты тыңайтатын құрал бар деп елестетейік. Әрине бұл бағбан үшін бұл сыйымсыз болып көрінгенмен, сіздің қоймаңызда өзіңіздің жеке бағыңыз үшін қолданатындай мұндай құрал бар. Бұл позитивті аффирмация. 

Басқаларды позитивті болуға үйретіңіз

Мүмкін бұл сізге күлкілі болар, бірақ бұған күмәнмен қарауға асықпаңыз. Сізге жаңа дағдыларыңызды дамытуда шеберліктің жоғары деңгейіне жетудің ең ұтымды тәсілдерінің бірі – осыған басқаларды үйрету. Жақсы бағбанға үнемі кеңес алу үшін жүгінеді. 

Әр күн сайын позитивті ойлауыңыз үшін медитация сіздің кілтіңіз болмақ.

Медитация техникасы ақыл-ойды шоғырландыру және тыныштандыру үшін керемет құрал. отличное средство для концентрации и успокоении ума. Тұрақты медитативті тәжірибе рухани және физикалық денсаулыққа,  ментальді сабырлыққа ықпал етеді. Медитацияның артықшылығы көп, позитивті дүниені сезінуді дамыту соның ішіндегі біреуі. Медитативті күйде сізді мазалайтын сан-алуан негативтен құтылу жеңіл болады. Медитацияны визуализация және аффирмациямен үйлестірсе – тиіміділігі тіпті күштірек болмақ.

Сонымен, сіз қалай өз санаңыздың қожайыны боласыз, сол кезден өміріңіздегі әр оқиғаны жақсы, шабыттандыратын тәжірибеге айналдыра аласыз, қобалжулардан, күмәнденуден, көңіл қалудан арыласыз. Сіз енді өзіңіздің өткен өміріңіздің тұтқыны болмайсыз – сіз керемет болашағыңыздың жаратушысы боласыз.

Практикалық бөлім.

Позитивті ойлауды дамыту үшін 7 жаттығу

Позитивті ойлау – бұл еркіндікке, жаңа өмір деңгейіне, табысқа және тұлғалық өсуге жол. Әр адам өзінің болашағының табысты жаратушысы бола алады. Біздің болашағымыз – бұл біздің бүгінгі ойлауымыздың нәтижесі. Сондықтан да позитивті ойлау тәжірибесі – бұл біздің өмірімізді жақсы жаққа өзгертуге қабілетті шынайылықты қалыптастырудың құралы. 

Неліктен өмірге позитивті қатынас сондай маңызды?

- Позитивті ойлау позитивті сезімдерді және эмоцияларды тудырады: бақыт, қуаныш, өзіне қанағаттанушылық, тынышталу, ал осыған қарсы негативті ойлау негізінен, негативті эмоциялар тудырады: қорқыныш, ашу-ыза, қызғаныш, көңілі қалу, мұңаю;

- жағымды эмоциялар тек психологиялық денсаулыққа ғана әсер етіп қоймайды, олар ауруларға табандылықты көтере отырып, иммунитетті нығайтады;

- позитивті ойлауға жаттығуды қолдана отырып, сіз негативті бағдар мен уайымдар тудыратын біраз аурулардан құтыласыз;

- оптимистік «жұқпалы» - сіз мақсаттарыңызға жетуді жақындатуға ықпал ете алатын өз өміріңізге қажетті және позитивті адамдарды маңайыңызға жинай аласыз;

- позитивті күйге келу сіздің энергетикаңызды көтереді және сіздің тілектеріңіздің орындалуын жақындатады, ал негативті ойлау қарама-қайшы түрдегі үдерісті тудырады.  

Позитивті ойлау: ең тиімді жаттығулар.

Бұл жерде түсіну керек, негативті ойлау – бұл біздің таңдауымыз, біздің жақсымен алмастыра алатын жаман әдетіміз. Позитивті ойлау – өзіңмен күнделікті жүргізілетін жұмыстың нәтижесі. Кейбір мәліметтер бойынша жаңа әдеттерді қалыптастыру үшін біздің миымызға 21-ден 60 күнге дейін уақыт керек. Позитивті дүниені сезінуді қалыптастыруға бағытталған позитивті ойлауға жаттығуды күнделікті қолдана отырып,  сіз үшін позитивті күйге келу әдетке айналады.

Негативті сөздерден құтыламыз

Өз ойларыңыз бен пікірлеріңізді қадағалаңыз. Егер сіз «мен күмәнданбаймын...», «...менің қолымнан келмейді», «менің жолым болмайды» сөз орамдарын сыртқа шығарып, немесе тіпті іштей жиі айтатын болсаңыз – бұл негативті бағдарлардың басымдылығының нақты белгісі. Әр негативті пайымдаманы позитивпен алмастыруға тырысыңыз. Бұл үшін аффирмацияны қолданған дұрыс.

Ризашыл болыңыз!

Бұл бәлкім, ең мықты және тиімді жаттығулардың бірі. Ризашылық зор күшке ие. Сіздің өміріңіздегі барлық жағдайларға, тіпті қиыншылықтар мен түңілуге де, өйткені олар сіздің өмір тәжірибеңізді байытады, сізді күштірек қылады. Өз өміріңізге не жетіспейді деген емес, менде не бар деген көзқараспен үңіліп қараңыз. Күнде өз өміріңіздің ризашылық сезімде болатын 5 жағымды сәттерін жазыңыз. Осындай қарапайым жаттығу сізді болып жатқан құбылыстардың жағымды жақтарын назарда ұстауға үйретеді.

«Менің мінсіз күнім» жаттығуы

Бұл әдістемені позитивті психологияның негізін қалаушы америкалық психолог Мартин Селигман ұсынған. Бұл техника көбінесе мақсат қоюда қолданылады. Сонымен бірге ол сіздің нені қаламайтыныңызға емес, нені қалайтындығыңызға позитивті зейін қоюды ұстап тұруға көмектеседі.

Уақыт бөліңіз де өзіңіздің мінсіз бір күніңізді егжей-тегжейлі сипаттаңыз. Жеке артық көрушілігіңіз бен өмірлік құндылықтарыңызға ерекше назар аударыңыз, сізге не маңызды екенін анықтап алыңыз:

- Жақындарыңызбен уақыт өткізу;

- Сүйікті ісіңе уақыт табу;

- Табиғатта демалу;

- Қызықты жобамен жұмыс жасау;

- Ештеңе істемей бос сандалу, журналдарды қопару;

Яғни, бұл сізге қуаныш пен қанағаттану әкелетін кез-келген іс-әрекет түрі болуы мүмкін.

Келесі кезең – өмірге ену, яғни жай ғана өзіңіздің «мінсіз күніңізді» басыңнан өткеру және өзің үшін не іске асты, не болмай қалды екенін анықтау. Қандай эмоцияны басыңнан өткіздің? Қуаныш, қанағаттану, тынышталу ...? Егер ештеңе шықпаса, жай ғана жаңа «мінсіз күніңізді» жазу керек және тағы да нақты өмірде сол күнді өткізу. Жаттығулар өз өміріңізде болып жатқан өзгерістерге қанағаттанушылық сезінбейінше орындалу керек.

«+5» жаттығуы

Бұл жаттығудың мәнісі өте қарапайым: сіздің ақыл-ойыңызды билеп тұрған барлық негативті оқиғаларға тексеріс жүргізіп шығу керек. Әр негативті оқиға үшін нақты мәселенің 5 пайдасын, 5 оң жағын табу керек. Мысалы, сізді жұмыстай шығарып жіберді (тьфу-тьфу). Бұл қалыптасқан жағдайдың пайдалы жақтары:

- сәл демалып алуға керемет мүмкіндік пайда болды;

- бұл жұмыс бәрібір де қанағат әкелмеген, сондықтан басқа қызығырақ жұмыс тауып алу мүмкіндігі туды;

- ұйқымды қандырып алуға болады;

- жоғарытөлемді қызметке тұруға және жаңа жұмыста жетістікке жетуге тамаша мүмкіншілік;

- жалақының жоқтығы – жеке бюджетті орынды жүргізуді үйренуге жақсы желеу.

«Өткеніңмен бейбіт келісім» жаттығуы

Сіз басыңыздан қайра-қайра өткізу арқылы өткендегі негативті оқиғаларды басыңыздан өткізуге қанша уақыт жіберетініңіз туралы ойландыңыз ба? Бұл дегеніңіз өмірлік энергияңыз бен алтын уақытыңызды бостан-босқа құрту. Өзіңіздің болашағыңызды болжаудың орнына сіздің энергияңыз өткенді қопарып, уайымдауға жұмсалады. Есіңізде болсын, эмоциялар әрқашан ойлармен түрленеді, тек өзіңіз ғана  ойлау моделіңізді өзгерте аласыз. Ол үшін:

- өткендегі болсын, қазірдегі болсын өзіңізді ренжіткен адамдарды кешіріңіз;

- зейініңізді дәл қазіргі уақытта істеп жатқан ісіңізден рахат табуға шоғырландыруға тырысыңыз.

Визуалдау

Біздің ақыл-ойымыз бейне арқылы жұмыс жасайтыны және ойлайтыны еш құпия емес. Бейнелер бізді қоршағанның: нені сеземіз, не істеп жатырмыз, өз мақсаттарымызға қалай жетіп жатырмыз, айналамыздағы адамдармен қандай қарым-қатынас құрудамыз бәріне әсер етеді.

«Қиялдау білімнен де маңызды» - Эйнштейннің сөзі. Сіз өз қиялыңызда қаншалықты позитивті суреттер салсаңыз, өміріңізде соншалықты жақсылықтар жүзеге аса бастайды. Осыған байланысты қазақта «Жақсы сөз – жарым ырыс» - деген сөз бар. Алдымен идея, сосын іске асыру. Визуалдаудың құпиясы қарапайым – өз ойымызда өміріміздің позитивті бейнелерін жасай отырып, біз санамызға оң әсер етеміз.

Рефлексия

-         Бүгін менің түсінгенім ...

-         Мені таң қалдырғаны ...

-         Менің ойымша ...

-         Маған ұнамайтыны ...

-         Маған өте ұнағаны ...

 

 

 

 

 

ІІ тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗ ОРНЫН БЕЛГІЛЕУ

9-сабақ

ЗАМАНАУИ ҚОҒАМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Мақсаты: Заманауи қоғамның адам дамуындағы рөлін өзектендіру

Міндеттері:

-         Заманауи қоғам туралы жағымды түсінік қалыптастыру;

-         Болашақты болжамдау қабілеттерін дамыту;

-         Білім мәдениетіне, тұлғаның әлеуметтік өз орнын анықтай білуге тәрбиелеу

Ұйымдастыру кезеңі.

Бейнетаспа тамашалау

Психологтың кіріспе сөзі

- Біз әр түрлі адамдармен араласамыз және әр түрлі жағдайларды басымыздан өткіземіз, әр түрлі қарым-қатынаста боламыз. Ол сыныптастар арасындағы (ұжымдағы), компаниядағы, отбасындағы қатынастар. Қоғам – қатынастың ең үлкен шеңбері.

 Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.

«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.

Теориялық бөлім

Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.

         Адамның қоғамдағы рөлі және қоғамның адамға әсер етуі – адамның табыс көзін ашу жолындағы ең маңызды тақырыптарының бірі. Табысты болу үшін адамға  өзінің жеке табысына басқа адамдардың санасының баға беруін сезіну қажет, сонымен бірге бұл адамдардың даму деңгейі одан кем болмауы керек. Басқаша айтқанда, адамға теңдікті сезіну қажет.  

         Қоғамның адам дамуындағы рөлі       

Адамның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен қоғамдық орта әсер етеді. Адамның дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады. Тұқым қуалаушылық – ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы композитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.

Орта — адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.

Табиғи орта — бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.

Әлеуметтік орта — жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.

Африкада, Үндістанда, Индонезия елдерінің ормандарында Түрлі себептерімен аңдардық үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс өмір сүретін жас баланың санасын ояту, қабілетін дамытудың мүмкін емес екендігіне ғылыми мәліметтер дәлел бола алады. 1920 жылы Үндістанның Гадамури деревнясында тұрғындардық хабарлауымен аңшылар қасқырдық інінен бет әлпеті адамға ұқсайтын, бірақ төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады. Оларға Камала және Амала дейтін ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Амала көп кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен және оттан қатты қорқып, тек шикі ет жеп қана күн көріп, төрт аяқтап жүріп, көбінесе күндіз ұйықтап түнде бөлме ішін кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда, түнгі сағат бірлерде, таңға жақын, үш мезгіл ұлитын уақыты болған. Камаланы адамға айналдыру өте қиын болған.

Адам арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала түрегеліп тұруды және екі аяғымен жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолымен жеуді үйренеді. Адам тілін үйрету бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала 45 сөз ғана түсіне білді. 15-ке келгенде оның есі екі жасар баладай, ал 17-ге келгенде ой-өрісінің дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне әрең жетті. Камала 17 жасқа дейін өмір сүрген.

Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет. Соңғы кезде орталық Австралияда және Филиппиннің Менданао аралы ормандарынан табылған жабайы адамдардық сана-сезімінің өте төменгі сатыда екендігі байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің де алғашқы қауымдағы жабайы адамдардың өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы анықталады.

Практикалық бөлім.

1-жаттығу.  «Топта теңеу заттармен жұмыс» 

Топ тұрмыста қоладанатын көп түрлі заттарды қоршаған күйде шеңбер бойымен отырады. Қатысушыларға топтың ортасында жатқан заттардың ішінен біреуін таңдап алу ұсынылады. «Бұл зат сіздің қазіргі сәттегі жағдайыңызды және тәжірибеңізді бейнелеуі тиіс». Бірдей затты таңдағандар шағын топтарға біріктіріледі.

Шағын топта осы объектің қандай нақты материалдық қасиеті «неге осы зат – бұл мен» екенін суреттейді немесе ұқсастықтары бойынша сіздің жеке тәжірибеңіздің ерекшелігін көрсетеді екенін әңгімелеп беріңіз. Сипаттаудың дәлдігін қадағалаңыз. Міндетті түрде заттың тек «позитивті» жағын ғана емес, «негативті» жағын да айтып өтіңіз. Топтағы басқа қатысушылар тапсырманың орындалуын бақылайды және талдауға қатысады.

Талқылау сұрақтары:

- Теңеу заттарды қолдану арқылы өзің туралы жаңа не білдің?

- Теңеудің қандай материалдық, функционалдық қасиеттері сізге бұл сіз екенін сезуге мүмкіндік берді?

Факторлар: жаңа түзілістер (өзіндік сәйкестену, өмірлік позитивті сценаридің болуы), ішкі ресурстарына қолжетімдік (мінез-құлықтың синергиялық тәсілінің басымдылығы).

2-жаттығу. «Африка» 

Топтағы барлық қатысушылар қандай да бір сиқырлы күштің әсерінен өздерін Африкадан бірақ шықты деп елестетеді, сондай-ақ әрқайсы өзін сондағы  жануар, не өсімдік немесе ландшафт элементі ретінде көреді. Әрі қарай әр қатысушы өзіне тиесілі рөлін үнсіз орындау ұсынылады. Тапсырманы орындауға 5-7 минут беріледі.

Факторлар: өзіне бірдеңе алу (бастама, яғни инициатива), жаңа түзілістер (өзіндік сәйкестену), ішкі ресурстарына қолжетімдік (мінез-құлықтың синергиялық тәсілінің басымдылығы, сензитивтілік), әлеуметтік өзара әрекеттестік.   

3-жаттығу. «Чемодан»

Сынып бес-алтыдан бір-бірінен тәуелсіз шағын топтарға бөлінеді. Әр шағын топтан бір қатысушы бөлмеден шығады, ал қалғандары оған алыс жолға «чемодан» жинауды бастайды. Бұл чемоданға шағын топ мүшелерінің пікірі бойынша адамның басқа адамдармен қарым-қатынаста не қажет болатыны, міндетті түрде оның бойында өздері бағалайтын ерекшеліктерді ескере отырып, жинап салынады. Бұл адамға не кедергі болатынын да, яғни оған нелерден құтылу керектігін, ұмытпай «салады». Бұл тапсырмаларды орындау үшін әр шағын топтан бір «хатшыдан» сайлап алу керек. Ол бір парақ қағазды алып, оны тік сызықпен тең екі бөлікке бөледі. Сызықтың бір жағына «+» белгісі, екінші жағына «-» белгісі қояды. «+» белгісінің астына шағын топ мүшелерінің талқылауынан кейін шығып кеткен топ мүшесінің барлық жағымды ерекшеліктерін, «-» белгісінің астына ренжітіп алмайтындай етіп, барлық жағымсыз, яғни кедергі келтіретін ерекшеліктерін тізеді. Жақсы жинақталған чемодан үшін 5-7-ден кем болмайтын сипаттама қажет. Талқылау ұзақ жүрмеуі керек.  

Әрі қарай, шығып кеткен қатысушыға бұл тізім оқылып, қолына беріледі. Ол егер өзіне бірдеңе түсініксіз болса, топқа бір-екі сұрақ қоюына болады.

Факторлар: жаңа түзілістер (өзіндік сәйкестену), ішкі ресурстарына қолжетімдік (қарым-қатынас дағдылары), өзіне негізгі бірдеңе алу (автономдық, сенім).

Рефлексия

- Қандай жаттығулар көбірек есте қалды?

- Өмірде оларды қалай қолдануға болады?

- Сіздерде не өзгерді?

 

 

 

10-сабақ

ЗАМАНАУИ ҚОҒАМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒА

 

Мақсаты: Заманауи қоғамның адам дамуындағы рөлін өзектендіру

Міндеттері:

-         Заманауи қоғам туралы жағымды түсінік қалыптастыру;

-         Болашақты болжамдау қабілеттерін дамыту;

-         Білім мәдениетіне, тұлғаның әлеуметтік өз орнын анықтай білуге тәрбиелеу

Ұйымдастыру кезеңі

Бейнетаспа ұсынылады

Психологтың кіріспе сөзі. Бүгін біз заманауи қоғам ерекшеліктері тақырыбындағы сабағымызды жалғастырамыз. Қоғамның бір мүшесі ретінде тұлға ұғымын қарастырамыз. Тұлғаның дамуы үшін не қажет? Тұлғаның дамуы үшін білім мәдениетінің рөлі қандай?

Адамзат баласының басқа биологиялық әлемнен өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама атау - "Адам". Ол – бар адами қасиеттері қоғамда, әлеуметтік ортада жетіліп, қалыптасатын, күнделікті іс-әрекет, мінез-құлық үдерісінде жекелік қасиеті байқалатын белсенді де саналы жан. Адам туғаннан әлеуметтік ортамен тығыз байланыста, қатынаста болып, сол ортаның (топтың, ұйымның, алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) салт-санасын, әдет-ғұрпы мен мәдени құндылықтарын өзінің бойына сіңіреді. «Адам» деген кім деген мәселеге әлі еш ғылым толық жауап бере алған жоқ. Сондықтан да француздың атақты биолог-ғалымы, хирург-тәжірибешісі, Нобель сыйлығының лауреаты Алексис Каррель өзінің бір кітабына «Адам - бұл бейтаныс» деп ат қойған. « Әр адам  ашылмаған бір роман» деп қазақтың көрнекті ақыны Қайнекей Жармағамбетов жырдағандай, адам феномені сан ғасыр зерттеліп келеді, бірақ ол туралы мағлұмат әлі жеткіліксіз. 

Теориялық бөлім

Тұлға  деп  қоғамдық өмірдің тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет және қарым-қатынас иесі, айналадағыны танып-білуші, бойына елеулі әлеуметтік сапалар мен тәжірибе жинаған жеке адамды айтамыз. Адам әртүрлі жағдайлармен (психикалық науқас болып немесе қоғамдық ортада өмір сүрмесе) әлеуметтік сапаны игере алмаса, тұлға бола алмайды. Ол   аса күрделі әлеуметтену үдерісінде өзіне қажетті қасиеттерге ие болу нәтижесінде тұлғаға айналады. Әрбір адам қоғамдық қатынас жүйесінде толып жатқан әлеуметтік байланысқа түсіп, көптеген мәртебелер мен әртүрлі рөлдер атқарады, белгілі идеялар, сезімдер, мінез-құлық ерекшеліктерінің иесі болады.

Тұлға – жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Адамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менін” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.

         Адам өз бетімен емес, ұжымда өмір сүріп, әрекеттенеді, жеке тұлға ретінде ұжым – отбасы, сыныптастары, жұмыстағы әріптестері, бүтіндей қоғам ықпалынан қалыптасады. Ұжымда және оның ықпалынан адамның бағыттылығы мен белсенділігі жетіледі, оның іскерлігі мен қылығы реттеледі, оның қабілеттерінің дамуына жағдай жасалады. Жеке тұлғаның басты мінездемесі ретінде оның белсенділігі – өзінің қызмет саласын кеңейтуге тырысу және бағыттылығы – яғни қажеттілігін, қызығушылығын, себебін, нанымын есептеу қабылданған. Белсенділік – жеке тұлғаның өте маңызды қасиеті және ол іскерлікте, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас кезінде пайда болады. Жеке тұлғаның беталысы, адам өз алдына қоятын мақсаттарды, өзіне тән талаптарды, соған орай әрекет ететін себептерді анықтайды. 

Қосымша ақпарат

Дж. Холландтың (әдебиетте «Дж. Голланд» деп жазылуын кездестіруге болады) жеке тұлғаның типтері мен кәсіби ортаның түрлерін салыстыруға негізделген типологиясы жайлы әңгімелеп беріңіз:

Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері қоршаған ортасы жоғары бағалайтын қабілеттерімен, қызығушылықтарымен, мінезімен сипатталады. Әр адам белгілі бір түрге (тип) жатуы немесе бірнеше типологиялық ерекшеліктерінің қиыстырылуы арқылы сипатталуы мүмкін. Жеке тұлғаның типологиялық ерекшеліктері көптеген мәдени және дербес факторлардың әрекеттестігінің нәтижесі, оған отбасының, ата-ана мен маңызды адамдардың және тағы басқалардың ықпал етуі жатады. Осы факторлардың әсерінен жеке тұлға алғашында қызмет түрлері мен әлеуметтік белсенділіктің бірін артығырақ көріп, басқаларын қабылдамайды. Содан кейін бұл қызметтер басым қызығушылықтарға айналады. Қызығушылықтар белгілі бір қабілеттерді жетілдіреді. Ең бастысы, жеке тұлғаның қызығушылықтары мен қабілеттері қоршаған әлемді адамның қалай қабылдайтынын, сезімін, ойы мен әрекетін анықтайтын, белгілі бір дербес диспозицияларын қалыптастырады. Жеке тұлға әрекет ететін қоршаған ортаның 6 түрі бар: шынайы (Ш), зияткерлік (З), әртістік (Әр), әлеуметтік (Әл), кәсіпкерлік (Кә), кеңселік (Ке). Қоршаған ортаның әрбір түрінде үйлесімді түр басым болады. Айталық, әлеуметтік ортада мысалы, Ш түрінен гөрі, адамдардың көп пайызы Әл түрінен қызмет істейді. Адамдар өздерінің дағдылары мен қабілеттерін жаттықтыруға, мақсаттары мен наным-сенімдерін білдіруге, оларды толғандыратын қиындықтарды шешуге және сұраныстарға сайма-сай рөлдерді өз мойнына алуға мүмкіндік беретін ортаны іздейді және тағы сол сияқты. Ұқсас және үйлесімді орта өзіне лайықтырақ адамдарды тартады. Қоршаған ортаның ең маңызды негізгі құрамы – адамның кәсібі, оның кәсіби қызметі. Кәсіптер сондай-ақ ондағы 6 түрдің элементтеріне қарай жүйеленуі мүмкін.

Жеке тұлғаның қылығы оның дербес ерекшеліктерінің әрекеттестігімен және қоршаған ортасының мінездемесімен анықталады. Егер біз адамның типологиялық ерекшеліктері мен қоршаған ортасының мінездемесін білсек, оның қанағаттанушылығына, шамасының тұрақсыздығына, жетістіктеріне, мінсіздікке жетуге талпынушылығына қатысты болжам айта аламыз. Айталық өздерінің түрлеріне (типтеріне) сай келетін кәсіппен айналысатын және сондай ортада өмір сүретін адамдар, өз мансабына қанағаттанады, барынша нәтижелі жұмыс істеп, өз мекемелерінде бағаланады. Керісінше, өздерінің түрлеріне (типтеріне) сай келмейтін кәсіби қызметті атқарушы адамдар, қанағаттанбаушылық сезімде болады, жұмыс орнын ауыстырып, уәжін жоғарлатқысы келеді. 

  Психодиагностика

Тұлғалық типін анықтау тесті

Қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест)

Өзіңіздің тұлғалық типіңізді анықтау үшін, ойланбастан, ерекше көзіңізге түскен ағаштардың бірін таңдап алыңыз

http://dengi-kuem.ru/wp-content/uploads/2013/06/деревья-тест.png

Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?

1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін… содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды.

3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін.

4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті  сізбен салыстыруға тұрарлық жан да… Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.

5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. “Бәрін өзім жасаймын” деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз – олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.

6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.

8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі “Қолдаймын” деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз.

9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір – сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.

Практикалық бөлім

«Жеке тұлға типтері» ойыны. (Ойын блиц-турнир түрінде өтеді)

Сыныпты жеке тұлғаның 6 типіне қарай алты топқа бөліңіз. Әр команда өз тақтасын төмендегідей атаулармен алады:

1-ші  топ – «Реалистер» шынайы тип

2-ші  топ – «Зияткерлер» интеллектуалды-зияткерлік тип

3-ші топ – «Социологтар» әлеуметтік тип

4-ші топ – «Кеңсе» келісімшіл-кеңселік  тип

5-ші топ – «Іскер» кәсіпкер-іскерлік тип

6-ші топ – «Әртістер» әртістік тип.

Сұрақ қойыңыз, команда мүшелері келісіп, жауап береді. Капитаны тақтасын бірінші болып көтерген команданың кез келген мүшесі жауабын айтады. Егер дұрыс жауап берілмесе, келесі команда жауап береді. Бұл команда да қателессе, сұрақты талқылау ойынның соңына қалдырылады. Дұрыс жауапқа командалар жетон (картоннан жасалған квадраттар) алады. Жеңіскерлер жетондардың мөлшерінің көптігіне қарай анықталады.

Сұрақтар жазылған карточкалар (сұраққа жауап берілген соң, карточкаларды жеке тұлға типтеріне қарай алты конвертке салыңыз):

1) Жеке тұлғаның қандай түрі берілген қызметтерді: үлкен машиналарды, ауыр құрал-жабдықтарды, механизмдерді игеру және дәлдікті, ептілікті, жұқа моторлы үйлестіруді қажет ететін (бұрғылайтын, токарь станоктары, дантист боры, хирургтің скальпелі, зергерлік құралдар) құралдарды пайдалануды қалайды? (Шынайы тип)

2) Қай түрдің кәсіптері аталған: коммерсант, адвокат, қауіпсіздік агенті, менеджер, брокер?   (кәсіпкер-іскерлік тип)

3) Жеке тұлғаның қандай түрі зияткерлік және әлеуметтік түрге жақынырақ болғанымен, кеңселік түрмен үйлеспейді? (әртістік тип)

4)   Жеке тұлғаның қандай түрі мына қызметтерді: бөлшектерге көңіл қоюды, ұқыптылықты талап ететін істі, карточкалармен жұмыс жүргізуді, жазбаларды сақтап, жүйеге келтіруді, қызметтік есеп жүргізуді, сызба, кесте, диаграммаларды дайындауды артығырақ көреді? (келісімшіл-кеңселік тип)

5) Ойға салынбай әрекеттенгенді, қиын және дерексіз мәселелерге – нақтылы міндеттер қоюды дұрыс көретін жеке тұлғаның қай түрі? (Шынайы тип)

6) Қандай түрдің кәсіптері аталған: әртіс, сәулетші, мүсінші, дирижер, фотограф, музыка пәнінің мұғалімі, мұражай төрағасы? (әртістік тип)

7) Келесі қасиеттер жеке тұлғаның қандай түріне тән: жауапкершілік, адамгершілік, басқалардың ықпалына көну, түсіну, әдептілік, болашаққа сеніммен қарау? (әлеуметтік тип)

8) Жеке тұлғаның қандай түрі рационалды және әртістік түрлерге жақынырақ, ал кәсіпкерлік түрге аса ұқсас емес? (зияткерлік тип)

9) Келесі дербес қасиеттер мен құндылықтар қандай түрлерге жатады: сезім тұрақтылығы, сенімділік, іскерлік, құнттылық, табандылық, қайсарлық, өз-өзіне сенімділік, тәуелсіздік, кертартпалық, мұқияттылық, тиянақтылық? (шынайы тип)

10) Қалай ойлайсыңдар, жеке тұлғаның қандай түрі келесі ортаны: театрларды, концерт залдарын, мұражайларды, кітапханаларды, галереяларды, жарнама және дизайн фирмаларын қалайды? (әртістік тип)

11) Жеке тұлғаның қандай түріне мына қасиеттер тән: ұйымдастырушылық, сөздей қабілеттер, шешендік, нандыруға қабілеттілік, басшылық және көшбасшылық қабілеттер, менмендік, құмарпаздық, сайыскерлік, өз-өзіне сенімділік, қияңқылық, жанкештілік, ақшаға бейімделу? (кәсіпкер-іскерлік тип)

12) Берілген қабілеттер жеке тұлғаның қай түріне тән: қиялдау, креативтік, үйлесімділік, талғамдылық сезімі, музыкалық және әртістік қабілеттер? (әртістік тип)

13) Жеке тұлғаның қандай түрі шынайы түрге қарағанда, әртістік және кәсіпкерлік түрге жақынырақ? (әлеуметтік тип)

14) Жеке тұлғаның қай түрі әрекеттен гөрі ойға бейім? (зияткерлік тип)

15) Жеке тұлғаның қандай түріне келесі қасиеттер тән: арифметикалық және кеңселік қабілеттер, нәзік қол моторикасы, ұйымшылдық, мұқияттылық, педанттық, ұқыптылық, кертартпалық, сақтық, табандылық, іскерлік? (келісімшіл-кеңселік  тип)

16) Қалай ойлайсыңдар, жеке тұлғаның қандай түрі мынандай ортаны дұрысырақ көреді: мектеп, медициналық мекеме? (әлеуметтік тип)

17) Берілген қасиеттер жеке тұлғаның қай түріне тән: тәуелсіздік, албырттық, жылдамдық, қызбалық, сезімталдық, тәжірибесіздік, жөнсіздік, ішкі түйсікпен сезінушілік, бейнелі ойлау, «оң жақ жарты шарлылық», өзін-өзі көрсетуге талпыну, наразылық көрсетушілік? (әртістік тип)

18) Сендерше, жеке тұлғаның қай түрі келесі ортаны дұрысырақ көреді: өнеркәсіптік фирмалар, бөлшек және көтерме сауда компаниялары, жер учаскелерін, үйлер мен қозғалмайтын мүліктерді сату агенттігі?  (кәсіпкер-іскерлік тип)

19) Жеке тұлғаның қай түрінің сөздей қабілеттері, қарым-қатынас дағдылары, адамдармен өзара әрекет жасауы, оларды таңдауы жақсы жетілген? (әлеуметтік тип)

20) Келесі қасиеттер жеке тұлғаның қай түріне жатады: тәуелсіздік, өзін-өзі билеушілік, тапсырмаға бейімділік, жұмыстан бас алмау, жүйелілік, білуге құмарлық, креативтілік? (шынайы тип)

21) Қандай түр үлкен ұйымдарда жақсы жұмыс істейді, бірақ көшбасшылық емес, бағыныштылықты артығырақ көреді? (келісімшіл-кеңселік  тип)

22) Қалай ойлайсыңдар, мынандай ермектер кімде болуы мүмкін: қоғамдық іс-шараларға, жиналыстарға қатысу, қайырымдылық жұмыстарын өз еркімен орындау? (әлеуметтік тип)

23) Жеке тұлғаның қай түрі математикалық талдағыш қабілеттерге, ұтымды және қисынды талдауға қабілеттілікке, орындылыққа, білімділікке ие? (зияткерлік тип)

24) Ұйымдастыру мен экономикалық табысқа жету мақсаттарында, басқа адамдармен мекемелерде жұмыс істеу: сату, сатып алу, сауда-саттық, ұйымдар мен компанияларды басшылыққа алу, адамдарды, жобаларды басқару ісімен жеке тұлғаның қандай түрі айналысқысы келеді? (кәсіпкер-іскерлік тип)

25) Сипаттама қандай түрге сай келеді: әлеуметтік емес, тұрақты, осы кезге бейімделген, нақтылы нысандармен (заттармен, жануарлармен, машиналармен) және оларды тәжірибеде қолданумен айналысады? (шынайы тип)

26) Жеке тұлғаның қай түрі зияткерліктен гөрі, әлеуметтік және кеңселік түрге көбірек ұқсайды?  (кәсіпкер-іскерлік тип)

27) Қандай түрдің кәсіптері берілген: мұғалім, тәрбиеші, денсаулық сақтау саласының қызметкері, әлеуметтік қызметкер, психолог? (әлеуметтік тип)

28) Қалай ойлайсыңдар, мынандай ермектер кімде болуы мүмкін: клубтар мен ұйымдарға мүшелік, көрермен ретіндегі спорттық жарыстар, аса қымбат демалыс, сауық-сайран кештерін ұйымдастыру, саяси іскерлік? (кәсіпкер-іскерлік тип)

29) Қалай ойлайсыңдар, жеке тұлғаның қандай түрі мынандай ортаны: басқа адамдармен сирек араласуды, қатаң иерархиялық сатыға бағыныштылық және авторитарлық (мысалы, қарулы күштер) ұйымдарды, нақтылы, елеулі өнімдерді жасаушы фирмаларды ұнатады?  (шынайы тип)

30) Мына қызметтерді жеке тұлғаның қандай түрі жоғары бағалайды: күрделі және дерексіз тапсырмаларды орындау, қиындықтарды ой арқылы шешу, болжамдар мен теорияларды талдау? (зияткерлік тип)

Топ мүшелері жеке тұлға типтерінің сипаттамаларын қоса алып, талқылауға кіріседі.

1. Шынайы тип. Бұл түрге жататын адамдар күш, ептілік, ширақтық, қимылдың үйлесімділігі, тәжірибелік жұмыс дағдысы сияқты қасиеттерді талап ететін жұмысты қалайды. Осы түрдің кәсіпқойларының істері көзге көрінерлік және шынайы – бізді қоршаған заттар әлемі солардың қолынан шыққан. Шынайы түрдің адамдары бос сөзден гөрі, іске жақын, олар қайсарлы және өз-өздеріне сенімді, жұмыста айқын, нақтылы нұсқауларды дұрыс көреді. Дәстүрлі құндылықтарды ұстанатындықтан, жаңа ойларға тосын қарайды. Оған жақын түрлер: зияткерлік және кеңселік. Қарама-қайшы түр – әлеуметтік.  

2. Интеллектуалды-зияткерлік тип. Аналитикалық ой, тәуелсіздік және ойлау ерекшелігі тән. Теоретикалық және эстетикалық құндылықтары басым. Интеллектуалды шығармашылық тапсырмаларды шешуге бейім. Жиі ғылыми кәсіптерді таңдайды. Интеллектің құрылысы үйлесімді: вербальды және вербальды емес қабілеттер дамыған. Жоғары белсенділікпен сипатталады, бірақ әрекет барысында қарым-қатынасқа дайындалмаған. Шығармашылықтары үшін еркіндік қажет. Жұмысқа елігетіндері соншалықты, жұмыс уақыты мен бос уақыттарының шегі жойылып кетеді. Оларға адамдармен араласудан гөрі, жаңа ой әлемі маңыздырақ болуы мүмкін.   Әңгіме барысында жиі ақпарат таратушы болып қана табылады, көбінде – интроверт. Неғұрлым көбірек қалайтын әрекет түрлері: математика,  география, геология, шығармашылық  мамандықтар. Оған жақын типтер: шынайы және әртістік. Қарама-қайшы түр: кәсіпкерлік.

3. Әлеуметтік тип. Жоғары әлеуметтік біліктіліктермен ерекшеленеді (қарым-қатынасқа түсе білу, лидерлікке ұмтылу). Қоршаған адамдарға тәуелді емес, жағдайларға тез, әрі жақсы бейімделеді. Эмоционалды және сезімтал. Интеллект құрылысында вербальды қабілеттер айқын көрінеді. Өзгелерді оқыту мен тәрбиелеуге ұмтылумен, жанашырлық сезімдерімен ерекшеленеді. Аса ерекше қалайтын кәсіптер: психология, медицина және педагогика. Оған жақын түрлер: әртістік және кәсіпкерлік. Қарама-қайшы түр: шынайы. 

 4. Келісімшіл-кеңселік тип. Құрылған әрекетті, нұсқау бойынша жұмысты, белгілі алгоритмдерді қалайды. Нақты, үйреншікті (сандық) ақпаратты өңдеуге қабілеті бар. Мәселеге келуі стереотипті сипатта. Мінез бітістер:  консерватизм, бағынушылық..  Тәуелділік. Әрекетте және қарым-қатынаста стереотиптерді ұстанады, салт-дәстүрді жақсы ұстанады. Ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілет өте төмен. Жиі вербальды емес (ерекше есептік) қабілеттер басым.  Бас есепші, финансист, тауаржүргізуші, экономист, іс-жүргізуші, баспашы, кеңсе қызметкері. Оған жақын түрлер: шынайы және кәсіпкерлік. Қарама-қайшы түр: әртістік.

 5. Кәсіпкер-іскерлік тип. Күш-қуатты, импульсивтілікті, ынтаны көрсетуге мүмкіндік беретін мақсат пен міндеттерді таңдайды. Мінез бітістері: лидерлікке ұмтылу, танылуға қажеттілік, пысықтық, аздаған агрессивтілік.  Басшылық пен жеке мәртебеге байланысты  міндеттерді қалайды. Интеллект құрылысында көбінде вербальды қабілеттер басым. Жігерді, үлкен еңбекті, моторлы дағдыларды, зейіннің шоғырлануына талап ететін жұмыстарды ұнатпайды. Мәмлегер, репортер, менеджер, басшы, брокер, кооператор сияқты кәсіптерде жүзеге асыра алады. Оған жақын түрлер: келісімшіл-кеңселі және әлеуметтік. Қарама-қайшы түр: зияткерлік.

6.  Әртістік тип. Айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста өз елес-қиялы мен интуициясына сүйенеді. Өмірге деген ауыр эмоционалды көзқарас тән. Мінез бітістері: шешім қабылдауда тәуелсіздік, ойлаудың өзіндік  ерекшелігі. Әдетте ереже мен салт-дәстүр бойынша өмір сүрмиді. Шығармашылық түрдегі жұмыстарды қалайды. Қабылдау мен моторика жақсы дамыған. Экстраверттіліктің жоғары деңгейі. Қалайтын әрекет түрлері: тарих, филология, өнер. Оған жақын түрлер: зияткерлік пен әлеуметтік.  Қарама-қайшы түр: келісімшіл-кеңселік.

Рефлексия

-         Заманауи қоғамның адам дамуындағы рөлі туралы не білдіңдер?

-         Қоғамның бір мүшесі ретінде тұлға ұғымын қалай түсінесіңдер?

-         Тұлғаның дамуы үшін не қажет?

-         Тұлға қоғам үшін не бере алады?

-         Тұлға ретінде өзің туралы не білдің?

 

 

 

11-сабақ

ҚОҒАМНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДЕГІ РӨЛІ

 

Мақсаты: Адами құндылықтарды қалыптастыруда тұлға үшін қоғамның рөлін өзектендіру 

Міндеттері:

-         Әлеуметтік психология туралы түсініктерін кеңейту;

-          Адами құндылықтарды бағалай білу қабілеттерін дамыту;

-         Адами құндылықтарды дәріптей білуге, өзінің қоғамдағы әлеуметтік рөлі құндылығын анықтауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Бейнетаспа ұсынылады

Психологтың кіріспе сөзі. Бүгін біз тұлғаның дамуына қоғам қалай әсер ететінін ашуға көмектесетін тақырыптар: жеке тұлға даралығы қандай жалпы адамзат құндылықтарын қалыптастыра алады; қоғамда қалай табысты болуға болады және өзіңді қалай іске асырасың т.с.с туралы әңгіме қозғамақпыз.  

Теориялық бөлім

Қоғамдағы қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен рөл атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады.

Әлеуметтену – бұл белгілі әлеуметтік шарттармен үйлескен тұлғаның белсенді түрде өзін-өзі қалыптастыруы. Әлеуметтенуден тұлға қоғамның толыққанды мүшесі ретінде танылады.

Адамның сән көрінісі, талғам, қажетсіну бағдары ауыспалы болса, ал дүниетанымдық көзқарастары, жалпыадамзаттың мәдени құндылықтары тұрақтылау келеді. Әлеуметтену – бұл жаңа әулетті өткен салт-дәстүрлер мен құндылықтарға бағындыру емес. Егер бұлай болса, тарихи үдеріс өз да-муынан қалады, әке мен баланың айырмашылығы жоғалады. Әлеуметтену – әрбір ұрпақтың өз дәуіріне сай жасай білуі, өз қоғамына орай әлеуметтік – психологиялық ұстанымдарды түсініп, тіршілік қызметін орындауы.

Сонымен, әлеуметтену – бұл әлеуметтік  мекемелердің арнайы бағытталған жағдайларында   немесе тұлғаға әртүрлі өмірлік шарттардың кездейсоқ        ықпалынан         туындайтын әлеуметтік құндылықтар мен әлеуметке бейімделген әрекет-қылық әдістері жүйесін игеру үдерісі (сонымен  бірге – нәтижесі).

Әлеуметтену  сапасы  мен  сипаты  көп  жағдайда  нақты  қоғамның  әлеуметтік құрылысымен анықталады.

Әлеуметтенген тұлғаның психикалық қалып шеңберінде көрініс беретін бірнеше ерекшеліктерін атауға болады:

Тұлға  өз  дамуында  әлеуметтік бейімділікпен бір  қатар  тұлғалық дербестік, өз даралығын тұрақтандыру қажеттігіне  ие. Сындарлы  жағдайларда  мұндай  тұлға  өз  өмірлік  бағытын  қорғай  алады,  өз  ұстанымдары мен құндылықты көзқарастарын сақтап қалу күшіне ие.

Қатерлі жағдайларда қандай да ауытқулардың алдын алып, психикалық

қорғаныс табуға тырысады.

Тиянақты кемелденген тұлға үшін қалыпты шарттар: үздіксіз даму жағдайында болып, өзін-өзі жетілдіру және өз мүмкіндіктерін іске асыра  білу;  өзі  үшін  жаңа  табыс  шектерін  белгілей  отырып,  «ертеңгі күн қуанышын» көре білу; өз қабілеті мүмкіндіктерін ашып, пайдалану; ал қиыншылық басқа түскенде – ымырашылдыққа келіп, жағдайға бейімделуге әрекет жасай білу.

Психикалық ұстамды тек өкілі басқа адамдармен тілектестік қарым-қатынаста болып, олардың мүдделері мен қажеттеріне сезімтал келеді.

Өз өмірлік жоспарын түзуде психикалық тұрақтанған тұлға шынайы мүмкіндіктерінен аспай, күші келмейтін талаптарға ұрынбай, орынсыз  әрекеттерден  сақтана  біледі.  Дамыған  тұлға  жоғары  дәрежелі әділдік, ар-намыс және абырой сезімдеріне бай келеді. Ол алдына қойған шындыққа сай да мәнді өз мақсаттарын орындауда табандылық көрсетіп, көздегеніне  жетпей,  тынбайды.  Қиындау  талаптар  кезіксе,  бұл  тұлға психикалық күйзеліс ауытқуына түспей, тактикалық жол-жосық табуда шеберлік таныта алады. Өз табыстары мен ұтылыстарының себебін басқадан көрмей, өз мойнына ала біледі. Күрделі өмір жағдайларында жауапкершілік көтеруге әрі орынды тәуекелдікке бел буып, қалаған істі бастай алады. Көңіл-күй тұрақтылығынан жетілген тұлға әсемдік пен қастерлі рухани      дүниеге сезімталдығымен ерекшеленеді. Өз сый-қадірін құрметтей білумен бірге, ол өзіне сырттай көз жіберіп, бағалауға бейім, сонымен қатар, әңгіме-сұхбатта орынды әзіл пайдаланып, фәлсафалық сын, күмән айтуда шеберлік танытады.

Әлеуметтенудің  келесідей кезеңдерін    ажырата көрсетуге болады:

1. Бейімделу        кезеңі (туғаннан  жасөспірімдік  шаққа  дейін  бала әлеуметтік тәжірибені ойланбастан қабылдайды, соған бейімделеді,  икемделеді, еліктейді).

2. Даралану кезеңі (басқалар арасынан өзін бөле көрсету ниеті пайда болады, қоғамдық әрекет-қылық қалыптарын сындарлы ой қалыбына сала, қабылдайды).

3. Бірігу (интеграция) кезеңі (қоғамдағы өз орнын табу ниеті пайда болып, қоршаған ортамен үйлесім табуға ұмтылыс жасайды).

4. Еңбеккерлік кезеңі (адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана қоймастан, өз еңбек әрекетімен қоршаған дүниеге ықпал жасап, сол тәжірибені қайта жасайды, өңдеп жаңа өнімге айналдырады).

5. Еңбеккерліктен соңғы кезең (әлеуметтік  тәжірибені  қайта жасауда  әрі  оны  келесі  әулетке  өткізуде  үлкен  де  маңызды  үлесімен

танылатын адамның егде жасы).

Психодиагностика

М.Рокичтің құндылықтарды анықтауға арналған сұрақнамасы

Бұл әдістеменің авторы М.Рокич болып табылады. М.Рокичтің құндылық бағдарларын анықтау сауалнамасы қазіргі таңдағы кең қолданыс тапқан әдістемелердің бірі. Оның пікірінше, құндылықтар мақсатына қарай және құралдарына қарай бөлінуі тиіс. Әдістеме бойынша нәтижелер құндылықтар тізімін тікелей жіктеу арқылы алынады. Аталмыш әдістеме адамның құндылықты-мотивациялық аумағын зерттеуге бағытталған. Құндылықтар бағдарының жүйесі тұлға бағытталуының мазмұндық жағын сипаттайды, сонымен қатар оның өзін қоршаған айналасына, өзге адамдарға, өз өзіне, дүниетанымына, өмірлік белсенділігіне, өмірлік тұжырымдарына және де «өмірлік философиясына» деген қатынасының негізін құрайды.

Сыналушыға екі тізім беріледі. Мұнда әрқайсысында 16 құндылықтар берілген. Тізімдерді әріп бойынша да, карточка бойынша да жасауға болады. Сыналушы осы тізімдегі құндылықтарды өз таңдауы бойынша реттік номермен белгілеп шығуы тиіс. Сынақты жеке де, топпен де жүргізе беруге болады.

Әдістеменің жетістігі ретінде оның әмбебаптылығын, ыңғайлылығын, үнемділігін және нәтижелерін өңдеуде қарапайымдылығын, сонымен қатар икемділігін атап өтуге болады. Дегенмен, әдістеменің кем тұсы да жоқ емес, яғни әлеуметтік қалау мен шынайы жауап беруді нақты көрсетіп бере алмайды. Сондықтан, сауалнамаға қатысушының еріктілігі мен шынайы нәтиже алуға деген мотивінің болғаны дұрыс.

Нұсқау: Төменде адамдардың өздерінің өміріндегі қол жеткізуге ұмтылатын негізгі мақсаттарының тізімі берілген. Сіз үшін олардың қайсысы құнды (мағыналы) болып табылады?

         1-тапсырма. Өмір мақсатының (құндылығының) мазмұны

Сіз үшін мәнді болып табылатын бұл тізімнің әрбір бөлігіне «5» - ең жоғары балл, ал «1» өте төмен балл болып есептелетін 5 тен бастап 1 ге дейін балл қойыңыздар.

Негізгі құндылықтар тізімі (1-ші тапсырмаға):

Пікірлер мен бағалауларға тәуелсіз ретінде, өзбетінділік   

Өзіне сенімділік (ішкі қарама-қайшылықтардан, күдіктен еркін)

Материалдық қамтамасыз етілген (өмірде материалдық қиыншылықтардың болмауы)   

Денсаулық (дене тұрғысынан және психикалық)      

Ләззаттану (өмірде толық рахаттану, уақытты жағымды өткізу, әуестенудің көптігі)       

Қызықты жұмыс

Махаббат (сүйікті адамыңа рухани және дене тұрғылық жақындық)    

Әрекет пен қылықтарда тәуелсіз ретінде еркіндік      

Әдемілік (табиғат пен өнердегі әдемілікті сезіну)      

Жақсы және адал достар       

Таным (өзінің білімін, танымын, зияткерлік дамуын кеңейту мүмкіндіктері)

Бақытты жанұялық өмір       

Шығармашылық (шығармашылық іс-әрекет мүмкіндіктері)        

Қоғамдық мойындалу (айналадағылардың, әріптестердің құрметі)      

Белсенді, іскерлік өмір

Теңдік (бауырлық, барлығы үшін тең мүмкіндік)      

2-тапсырма. Тұлғаның негізгі қасиеттері.

Нұсқау: Төменде адам тұлғасының негізгі қасиеттерінің тізімі берілген. Олардың қайсысы сіз үшін қажет, құнды, мәнді болып табылады. Сіз үшін мәнді болып табылатын бұл тізімнің әрбір бөлігіне «5» - ең жоғары балл, ал «1» өте төмен балл болып есептелетін 5 тен бастап 1 ге дейін балл қойыңыздар. 

 Негізгі құндылықтар тізімі (2-ші тапсырмаға)

Жоғары сұраулар (жоғары талап)  

сезгіштік (қамқорлық) 

Тәрбиелік (жақсы мәнерлер, сыпайылық)

Өмір шаттығы (әзілқойлық) 

Істегі тиімділік (еңбексүйгіштік, жұмыстағы өнімділік)     

Өзінің пікірін, өзінің көзқарасын қорғаудағы батылдық     

Орындаушылық (тәртіптілік)

Өзіндегі және басқалардағы кемшіліктерге төзе алмау      

Көзқарастың кеңдігі (басқа көзқарастарды түсіну шеберлігі, талғамды, дағдыны құрметтеу)

Шыншылдық (шыншылдық, шынайылық)      

Білімділік (білім кеңдігі, жоғары жалпы мәдениет)   

Өзіндік бақылау (ұстамдылық, өзіндік тәртіп) 

Төзімділік (басқа адамдардың пікірлері мен көзқарастарына, басқаларды, олардың қателіктерін және адасушылықтарын кешіре білу)   

Берік ерік күші (өзіндікінде тұра білу, қиыншылықтардан қашпау)     

Рационализм (сау және логикалық ойлай алу, ойлаған шешімін қабылдау)   

Жауапкершілік (міндетін сезіну, сөзінде тұра алу)

Практикалық бөлім

1.     «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.

Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойымен әркім өзінің сыйлығын атайды. Қоршаған орта да сізді осы қасиетке лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік.

2.     Жаттығу: “Көзқиық”

Қатысушыларға адам саны бірдей ішкі және сыртқы шеңбер құру ұсынылады. Іштегі шеңбердегілер сырттағыларға қарап тұрады. Олар бір минуттың аралығында бір-біріне көздерін тасаламай, күлмей, бет-аузын қисайтпай, тыжыраймай қарау керек.

Содан кейін сыртқы шеңберлердегідей барлық қатысушылар сағат тілі бойынша қозғалып, келесі серіктеске барады. Сөйтіп, осы көрініс қайталанады. Бірінші жаттығу аяқталып әрқайсысы өз орнына отырады.

Ескерту: жаттығу қанша дегенмен көптеген тұлғалық тосқауылды жеңуді талап етеді. Топтың барлық мүшелері өзін шаршаған және тітіркенген адам сияқты сезінуі мүмкін. Мұндай жағдайда төмендегі жаттығулардың біреуін қолдануға болады:

а) бәрі бірге дем тарту мен оны шығару;

ә) шеңбер құрып барлығы бірге тебінуі, бір мезетте қолды жұдырықпен сілку;

б) барлығы бірге “а-а-а” немесе “иә” деп айқайлау

Талқылау.

Қатысушыларға төмендегілерді түсіндіруге ұсынады:

а) жаттығудың басында және аяғындағы өзінің күйі қандай болғаны жайлы;

ә) не айтқысы, не жасағысы келгені туралы;

б) адам бір-біріне қараған кезде қандай ойлар пайда болғаны жайлы;

в) серіктес не туралы ойлағаны жайлы айту керек.

Талқылау кезінде талап пен ақыл айтуға мүмкіндік бермеу қажет. Шеңбер бойынша рефлексия жүргізіледі.

3.     «Ішкі түйсік» жаттығуы

Шарты: қатысушылар еркін түрде жұптарға бөлінеді. Әр жұпқа бір парақ таза қағаз беріледі. Жұптағылар бір-бірімен маңдайларын түйістіріп, түйіскен жерге қағазды қыстырып және қолдың көмегінсіз оны түсіріп алмайтындай еркін түрде бөлменің ішінде қозғалып жүруі тиіс. Қолдары арттарына айқастырып қойылған. Мүмкіндігінше, музыка қосып қоюға болады. Қозғалыссыз орындарында тұрып қалуға болмайды. Сөйлесуге де мүлдем болмайды. Серіктесімен ішкі түйсікпен (интуиция) түсінісу арнасын тауып алу керек.  Парақты ұстай алмаған жұптар ойыннан шығады. Бұндай жағдайда парақ қағаз қалай жерге түседі, сол бетте серіктестер сол қалпында ойын аяқталғанға дейін «қатып қалулары» керек. Қай жұп парақ қағазды басқаларынан ұзағырақ ұстай алды, сол жеңеді.

Қорытындылау: Серіктестерге мүмкіндігінше ұзағырақ шыдауға не көмектесті? Бұл жағдайда серіктестердің арасында бір-бірін ішкі түйсікпен түсінісу болды ма?  Осындай түсіністіктер қандай да бір мәселелерді шешуге ықпал ете ала ма?

Факторлар: ішкі ресурстарына қол жеткізу (сензитивтілік), әлеуметтік өзара әрекеттестік

Рефлексия

-         Қоғамның жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі рөлін қалай түсінесіңдер?

-         Адами құндылықтарды бағалай білу қабілеттеріңіз туралы не білдіңіздер?

-         Қандай дамыту жолдарын қарастырар едіңіздер?

 

 

12-13 сабақтар

ҰБТ-ға ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

 

Мақсаты:  тұлғалық даму үдерістерін өзектендіру

Міндеттері:

-         Тұлға ретінде қалыптасу сатысы қорын айқындау;

-         Болашақты болжамдай білу дағдыларын өзектендіру;

-         Өмір жолдарын сындарлы құра білуге тәрбиелеу. 

Ұйымдастыру кезеңі

Бейнетаспа ұсынылады

Психологтың кіріспе сөзі. Балалар, біз бүгін сендердің өмірлеріңдегі ең қызықты да қиын кезеңдердің бірін қарастырамыз. Ол сендердің дамуларыңның әлеуметтік жағдайының және басты іс-әрекеттеріңнің өзгерісіне байланысты.

Халықтық педагогикада қазақ халқы адамның өмірін балалық шақ-қозы жасы деп бірнеше кезеңге бөлген. Қазақтың өмірі малмен тығыз байланысты болғандықтан: балалық кезең 1 жастан 10 жасқа дейін осы кезде баланың сана-сезімі дамиды. Қозы жас 10-15 жастың арасы адамға ақыл-ой кіреді. Қой жасы 15-25-тің арасы, мінез-құлық пайда болып қалыптасады. Жылқы жасы 25-40-тың арасы, одан үйлі-баранды болып халықтың әдет-ғұрпына араласады. Патша жасы 40-тан жоғары, ел болып, қоғамның салт-дәстүрін сақтап мемлекет басқаруға құқығы бар.

Теориялық бөлім

Сонымен, дамудың әлеуметтік жағдайы дегеніміз не? 

Қазіргі кезеңде сіздер осы қоғамдағы қабылданған қарым-қатынастың ерекше бір аралық тұсын қамтып тұрсыздар. Тәуелді балалық шақтан жасөспірім шаққа өту кезеңінде балалық пен ересектіктің аралығындағы жағдайда боласыздар. Сіздер әлі толық ересек те емессіздер, бірақ енді бала да емессіздер. 

Жасөспірімдік шақ – ең қызықты және күрделі кезең. Балалар жасөспірімдерге айналған кезде өзгерістерге ұшырап ата- аналарына түсініксіз болып оларға көптеген қиындықтар туғызады. Жасөспірімдік кезең мінез- құлықтың өзін- өзі бағалау және өзін- өзі танудың өзгерілуі және қалыптасу кезеңі. Еркіндікке және ата-аналарынан тәуелсіздікке ұмтылуы әлеуметтік бейімдеу барысында қосымша қиындықтар туғызады.

Ересектер мен балаларға әртүрлі талап қойылуына байланысты туатын жасөспірімдік шақтың обьективті қиыншылықтары:

1.     Оқушылардың  қарсылығы мен бағынбалы бұрынғы қарым –қатынасты жаңа арнаға ауыстыру құралы болып табылады;

2.     Жыныстық  даму, бұл кезде жасөспірімдер өз бойындағы өзгерістерді күйзеліспен қабылдайды;

3.     Бұған дейін оқушының толық дербестігі байқалмауынан, оның қарым-қатынасы мен іс әрекетінің біршама тар шеңберде қалып қойылуы салдарынан бұл кезеңінде бұған дейін анық көрінбеген тәрбиедегі кемшіліктердің жинақталып қалуы;

4.     Сондықтан жасөспірімдік шақ баланың оқуға деген қызығушылығының төмендеуі мен жалпы денсаулығының нашарлау кезеңі; мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтарының көбеюі мен осылардың салдарынан негізінен балалардың көпшілігінің білім алудан бас тарту кезеңі болып қалып отыр.

Әдетте жасөспірімдік шақты ересектерден шектеу кезеңі деп атайды. Бұл сіздердің өз қатарларыңыздың құндылықтары мен өлшемдеріне ерекше қараудан байқалады. Бұл кезеңде мінез-құлық және негізгі тұлғааралық қатынас түрлері тұрақтанады және эмоционалдық-мазмұндық басымдығы анықталады.

Сонымен, жас шамасының әр кезеңінде тұлға дамуының әлеуметтік жағдайында өзгеріс болады, әлеуметтік переспектива кеңейеді, әлеуметтік көзқарастарыңыз күрделенеді және осылардың нәтижесінде тұлғаның өзін-өзі тануы жетіледі: қарым –қатынас басымдылығы өзгереді.

Кіші сыныптарда сіздердің негізгі іс-әрекеттеріңіз  – оқу әрекеті болса, жасөспірім шақта бұл тұлғааралық қарым-қатынасты қалау әрекетіне ауысады. Сіздердің өзіндік саналарыңыз нақ осы қарым-қатынас үдерісі арқылы жаңа деңгейге көтеріледі, әлеуметтік өзара әрекет дағдыларыңыз, бағына білу және сонымен қатар өз құқықтарыңызды  қорғай білу дағдыларыңыз қалыптасады. Одан басқа, қарым-қатынас сіздер үшін өте маңызды ақпараттық арна болып табылады.

Сіздердің жастарыңыздағы қызығулардың оқыс ауысуы нәтижесінде оқу әрекеті жапа шегіп, мектеп уәждемесі төмендейді. Сіздердің жастарыңыз эмоционалды тұрақсыздықпен және көңіл-күйдің оқыс құбылуымен сипатталады (экзальтациядан депрессияға дейін). Мінез-құлықтарыңыз көбінесе болжап болмайтындай болады, қысқа ғана уақытта сіз мүлдем қарама-қайшы  жауап әрекетін жасауыңыз мүмкін:

·                     Мақсаткерлік пен табандылық ырықсыздыққа ұласып кетеді;

·                     Шексіз іс-әрекетке құштарлық апатиямен, ұмтылыстың және бірдеңе жасауға деген құлықтың жоқтығымен ауысуы мүмкін;

·                     Өзіне деген жоғары сенімділік, талқыланбайтын пайымдаушылық қамкөңілділікке және өз-өзіне сенімсіздікке тез ауысып кетеді;

·                     Мінез-құлықтағы дөрекілік кейде ұялшақтықпен ұласып кетеді;

·                     Романтикалық көңіл-күй  жиі арсыздық, бақайесеппен шектесіп кетеді;

·                     Кейде қатыгездік нәзіктік, жұмсақтықты көлеңкелеуі мүмкін;

·                     Қарым-қатынасқа деген қажеттілік жекеленуге деген тілекпен ұштасады.

Қазір мен сіздерге өздеріңіздің мінез акцентуацияларыңызды анықтауға көмектесетін тест ұсынамын, қажет болған жағдайда ұсыныстар беруге тырысамын.

Психодиагностика

Леонгард – Шмишектің тұлға акцентуациясын анықтау тесті. 

1. Жайшылықта сен байсалды, көңілдісің?
2.
Сен тез өкпелеп, қамығасың ба?
3.
Сен оңай жылай саласың ба?
4.
Сен өз жұмысыңда қате жоқ па деп бірнеше рет тексересің бе?
5.
Сенің де сыныптастарың сияқты білімің мықты ма?

6. Сен қуанудан мұңаюға немесе керісіншеге тез ауысасың ба?

7. Ойында сен басты ойыншы болуды жақсы көресің бе?
8. Ешқандай себепсіз барлығына ашуланып жүретін күндерің бола ма?

9. Сен байсалды адамсың ба?

10. Саған бірдеңе қатты ұнайтыны бола ма?
11. Сен жаңа ойын ойлап таба аласың ба?

12. Егер біреуді ренжітсең, тез ұмытасың ба?
13. Сен өзіңді мейрімді деп есептейсің бе, біреуге жаның аши ма?
14. Пошта жәшігіне хатты тастағаннан кейін, оны қолыңмен кептеліп қалған жоқ па деп тексересің бе?
15. Мектепте, үйірмеде немесе спорт секциясында алдыңғы қатарда болуға тырысасың ба?

16. Сен кішкентай болғанда найзағайдан, иттерден қорықтың ба?
17. Балалар сені тым ұқыпты және ынталы деп есептей ме?
18. Сенің көңіл-күйің мектептегі және үйдегі істеріңе тәуелді ме?
19. Таныстарың барлығы да сені жақсы көре ме?
20. Сені жаныңның мазалайтын кезі бола ма?
21. Әдетте саған сәл мұңлы болады?
22. Сенде қайғы болды ма, еңіреп жылаған жағдай болды ма?
23. Саған бір орында қалу қиынға соға ма?
24. Өзіңе қатысты әділетсіздікке қарсы күресесің бе?
25. Иттер мен мысықтарды зақпымен (рогатка) атқан кезің болды ма?
26. Егер шымылдық немесе дастарқан қисайып тұрса, бұл сенің ашуыңды келтіре ме? Сен оны дұрыстауға тырысасың ба?
27. Кішкентай кезіңде үйде қалғанда, сен үйде жалғыз қалуға қорықтың ба?
28. Себепсізден себепсіз саған көңілді немесе мұңды бола ма?
29. Сен сыныптағы мықты оқушылардың бірісің?
30. Сен тез ашуланасың ба?
31. Сен жиі көңіл көтеріп, есерленесің бе?
32. Кейде сен өзіңді өте бақытты сезінесің бе?
33. Сен балаларды көңілдендіре аласың ба?
34. Сен біреуге ол туралы не ойлайтыныңды тура айта аласың ба?

35.
Сен қаннан қорқасың ба?
36.
Мектептің тапсырмаларын сен шын көңілмен орындайсың ба?
37.
Сен әділетсіз жазғырылғандарға араша түсесің бе?
38.
Саған қараңғы бөлмеге кіру қорқынышты ма?
39.
Сен жылдам және онша нақты емес жұмыстан гөрі ақырын асықпай жасайтын және нақты жұмысты көбірек жақсы көресің?
40.
Сен адамдармен оңай тіл табысасың ба?
41.
Сен мектептегі ертеңгіліктер мен кештерде шын көңілмен ынталана өнер көрсетесің бе?
42.
Сенің үйден қашқан кездерің болды ма?
43.
Саған өмір қиын сияқты болып көріне ме?
44.
Сен мұғалімдермен немесе балалармен ұрысып қалғанның кесірінен көңілің бұзылғаны соншалық, мектепке бара алмаған күндерің болды ма?
45.
Сен тіпті өзіңде сәтсіздік болған кезінде өз-өзіңе күле аласың ба?
46.
Егер сен біреуді ренжітсең, татуласуға тырысасың ба?
47.
Сен жануарларды жақсы көресің бе?
48.
Сенде осындай болды ма, үйден шығып кеткеннен кейін бірдеңе болып қалған жоқ па деп тексеруге қайтып келген күндер?
49.
Саған кейде сенімен немесе ата-аналарыңмен бір нәрсе болып қалатын сияқты көрінулер болды ма?
50.
Қалай ойлайсың, сенің көңіл-күйің кейде ауа-райына тәуелді сияқты?
51.
Саған сыныпта жауап беру қиынға соға ма?
52.
Егер біреуге ашулансаң, сен төбелесе жөнелесің бе?
53.
Саған балалардың арасында болу ұнай ма?
54.
Егер бірдеңеде жолың болмай жатса, сен  күдеріңді үзесің бе?

55. Сен ойынды, жұмысты ұйымдастыра аласың ба?
56. Сен тіпті қиындықтарды кездестірсең де, мақсатыңа қасарып (қайраттанып) жетесің бе?
57. Сенің аянышты фильм немесе кітап үшін жылаған күндерің болды ма?
58. Саған қандай да бір бас қамы үшін ұйықтай қою қиынға соғатын кездер бола ма?
59. Сен сыныптасыңа сабақты сыбырлап айтып немесе  көшіріп алуға беріп көмектесесің бе?
60. Кеш түскенде сен қараңғы көше бойымен жүруге қорқасың ба?
61. Сен әр заттың өз орнында тұруын қадағалайсың ба?
62. Сен ұйқыға жатарда жақсы көңіл-күймен жатып, жаман көңіл-күймен оянатын кездерің бола ма?
63. Таныс емес балалармен (жаңа сынып, кеш) өзіңді еркін сезіне аласың ба?
64. Сенде бас ауруы бола ма?
65. Сен жиі күлесің бе?
66. Егер сен адамды сыйламасаң, өзіңді оған байқатпайтындай ұстай аласың ба?
67. Сен бір күнде әртүрлі көп жұмысты атқара аласың ба?
68. Саған әділетсіз қарай ма?
69. Сен табиғатты жақсы көресің бе?
70. Үйден кетерде немесе ұйықтар алдында сен есік жабылғанын, шамның өшірілгенін тексересің бе?
71. Сен үрейшілсің бе? Сен қалай есептейсің?
72. Мерекелік дастарханда сенің көңіл-күйің өзгере ме?
73. Сен драмалық үйірмеге қатысасың ба (сахнада өлең оқығанды жақсы көресің бе)?
74. Сен армандайсың ба?
75. Сенің болашақ туралы мұңмен ойлайтының бола ма?
76. Сенде қуаныштан қамығуға күтпеген ауысулар бола ма?
77. Сен қонақтардың көңілін аулай аласың ба?
78. Ұзақ ашуланып, ренжисің бе?
79. Жақын достарыңның қайғысын қатты ойлап уайымдайсың ба?
80. Қатенің, шимайдың кесірінен сен дәптеріңнің парағын қайтадан көшіріп жаза аласың ба?
81. Сен өзіңді сенгіш емес деп есептейсің бе?
82. Саған қорқынышты түстер жиі кіре ме?
83. Сенде терезеден секіріп кету немесе машинаның астына түсу ниетің болған жоқ па?

84.
Егер айналаңдағылардың бәріне көңілді болса, саған да көңілді бола ма?
85.
Егер сенде жайсыздықтар болса, сен олар туралы үнемі ойлай бермей, уақытша ұмыта тұра аласың ба?
86.
Сен өзің үшін де тосын бір қылықтар жасайсың ба?
87.
Сен көбінесе көп сөйлегеннен гөрі аз сөйлейсің? Сен сөйлемейтін тұйықсың ба?
88. Сен драмалық үйірмеге қатысқанда, өзіңнің сахнадағыдай емес екеніңді ұмытып, рөлге соншалықты еніп кете аласың ба?

Нәтижесін шығару:

Бланк қағаздарын толтырғаннан кейін әр 10 екпіндеу типі бойынша жеке ұпай сандары келесідей тәртіппен есептеледі:

1. Гипертимді (желікпе) тип
А. № 1, 11, 23, 33, 45, 55, 67, 77 сұрақтарына берілген «иә» жауаптарының қосындысы шығарылады.
Б. Алынған қосынды 3-ке көбейтіледі.

2. Ригидті (қысылған) тип

А. № 2, 15, 24, 34, 37, 56, 68, 78, 81 сұрақтарына берілген «иә» жауаптарының және № 12, 46, 59 сұрақтарына берілген «жоқ» жауаптарының қосындысы шығарылады.
Б. Алынған қосынды 2-ге көбейтіледі.

3. Эмотивті тип.

А. № 3, 13, 35,47, 57, 69,79 сұрақтарына берілген «иә» жауаптарының және №25 сұраққа берілген «жоқ» жауабының қосындысы шығарылады.
Б. Алынған қосынды 3-ке көбейтіледі.

4. Педантты тип

А. № 4, 14, 17, 26, 39, 48, 58, 61, 70, 80, 83 сұрақтарына берілген «иә» жауаптарының және № 36 сұраққа берілген «жоқ» жауабының қосындысы шығарылады.
Б. Алынған қосынды 2-ге көбейтіледі.

5. Мазасыз тип

А. № 16, 27, 38, 49, 60, 71, 82 сұрақтарына берілген «иә» жауаптарының және № 5 сұраққа берілген «жоқ» жауабының қосындысы шығарылады.
Б. Алынған қосынды 3-ке көбейтіледі.

6. Циклотимді (құйылма мінезді) тип

А. № 6, 18, 28, 40, 50, 62, 72, 84 сұрақтарына берілген «иә» жауаптарының қосындысы шығарылады.

Б. Алынған қосынды 3-ке көбейтіледі.

7. Демонстративті (наразы, қыр көрсетуші) тип

А. № 7, 19, 22, 29, 41, 44, 63, 66, 73, 85, 88 сұрақтарына берілген «иә» жауаптарының және № 51 сұраққа берілген «жоқ» жауабының қосындысы шығарылады.
Б. Алынған қосынды 2-ге көбейтіледі.

8. Қозғыш (басқаруға көнбейтін) тип
А. № 8, 20, 30, 42, 52, 64, 74, 86 сұрақтарына берілген «иә» жауаптарының қосындысы шығарылады.
Б. Алынған қосынды 3-ке көбейтіледі.

9. Дистимді тип
А. № 9, 21, 43, 75, 87 сұрақтарына берілген «иә» жауаптарының және № 31, 53, 65 сұрақтарына берілген «жоқ» жауаптарының қосындысы шығарылады.
Б. Алынған қосынды 3-ке көбейтіледі.

10. Экзальтивті тип

А. № 10, 32, 54, 76 сұрақтарына берілген «иә» жауаптарының қосындысы шығарылады.
Б. Алынған қосынды 6-ға көбейтіледі.

         Сауалнама өңделгеннен кейін әр акцентуация типінің ұпай сандары жазылады. Ұпай сандарының ең жоғары қосындысы 24-ке тең болуы керек.

18-24 балл – осы типте әсіре көрінетін акцентуация.

12-17 балл – жасырын акцентуация.

12 балдан төмен – осы тип бойынша акцентуацияның болмауы.

- Адамның өз мінезін сезіне бастауы Абай атамыз тілімен айтқанда, кісінің өзіне - өзі ұдайы есеп беруінен, өзін - өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді. Біріншісі - өз бойындағы берекесіздіктен, екіншісі – тұйықтықтан, үшіншісі – ұялшақтықтан арылғысы келеді. Жоғарыда мінез-құлықтағы біраз кемшіліктер туралы, көптеген жақсылықтар туралы айтып өттіңдер. Бәріміз де пендеміз, жаратылыста кем – кетіксіз адам болмайды, дегенмен шындап қолға алса, адам мінезінің сөзсіз өзгеретіндігі жаңалық емес.

Адам ғалам, ғажайып жеке - дара,

Жан құмары – ізденген мәңгі сана.

Өзіңді - өзің танысаң – істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана

Практикалық бөлім

1-жаттығу «Топтық кескін»

Сыныптағы оқушылар барлығы толығымен топтық мүсін жасайды: мысалы, көлік құралы.  Әр адам, кезекпен ортаға шығып, өзін автокөліктің қандай бөлшегі екенін атайды. Осыдан кейін алдында аталған бөлшектердің қасына барып жайғасады. Әрине, автокөлік дөңгелексіз және үш рулімен шығуы әбден мүмкін. Енді осы «құрастырылған» көлік құралы қозғалып көрсін, кеңістікте орнын тапсын. Эксперимент аяқталғаннан кейін кім өзіне қандай бөлшектің қызметін алғандығын, қандай қызметтер «талап етілмей қалғанын» талқылау. Бұл осы топтың өмірінде қалай көрінеді. (Ұсынылатын басқа нұсқалар: көлік құралының орнына кез келген жануарды алуға болады. Талқылау барысында бұл жануардық не істей алатынын, оның тірлігі үшін қандай жағдайлар қажет және тағы басқа да мәселелерге көңіл аудару).  

Факторлар: базалық иеленулер (бастамалық, жауапкершілік), жаңа қайта құрылулар (өзіндік сәйкестену, жауапты таңдау дағдылары), ішкі ресурстарына кіруге жол (мінез-құлықтың синергетикалық стратегиясының басымдылығы, сензитивтілік), әлеуметтік өзара әрекеттестік.

2-жаттығу «Иесіз қалған ескі дүкен»  

Жаттығуды орындау барысында қатысушылар өз тұлғасының бұрын ой елегінен өткізбеген тұстарымен бетпе-бет келуі мүмкін. 

«Елестетіп көріңіз, сіз қараңғы түнде қала көшелерінің бірімен төмен қарай жүріп келесіз. Не көрдіңіз, не естідіңіз, не сезесіз? Сіз бүйірдегі бір шағын көшеден ескі иесіз қалған дүкенді байқап қаласыз. Терезелері кір, шаң басқан. Егер сол терезелерге үңіліп қарасаңыз, сіз қандай-да бір затты байқап қалуыңыз мүмкін. Жақсылап қараңыз.  Қалаға қайтып келмей тұрып, иесіз қалған дүкеннен шетке қарай кетіңіз». 

Жұптасып немесе шағын топқа бірігіп иесіз қалған дүкеннің терезесінен байқап қалған сол затты сипаттаңыздар. Осыдан кейін сол заттың атымен бірінші жақта сөйлесіп көріңіздер. Сіз өзіңізді қалай сезінесіз? Сізді неге дүкенге қалдырып кеткен? Сізді кім қалдырды? Осы зат ретіндегі сіздің тірлігіңіз неге ұқсайды?

Бірнеше минуттан кейін «өз кейпіңізге келіңіз» және ойша сол қалаға қайтып келіңіз. Дүкенге жақындаңыз және тағы бір рет терезедегі затты қарап шығыңыз. Сіз одан жаңа бірдеңе көріп тұрсыз ба? Оған бірдеңе айтқыңыз келе ме? (Джон Стивенс бойынша).

1-нұсқа. «Елестетіңіз, сіз үлкен ескі қалада қыдырып жүрсіз. Мүмкін, бұл сізге таныс қала немесе қиялыңыздағы қала шығар. Көшеден сіз бір зат тауып алуыңыз мүмкін, оны өзіңізбен алып кетер ме едіңіз».

2-нұсқа. ("Сиқырлы дүкен»). Сіз саяхатшысыз, саяхатта жүріп сіз «Сиқырлы жәдігерлер дүкенін» тауып алдыңыз. Ғимаратқа кіресіз, жан-жағыңызға қарайсыз. Бірінші бөлмеде – ескі жиһаз, картиналар, шамдар, ілмекшамдар, айналар. Келесі бөлмеден Сіз ескіліктің ыдыстарын, кілемдер,  әбзелдер көресіз. Жеке көрме сөрелерінен – қуыршақтарды, экзотикалық шұңғылша (раковина), экзотикалық елдерден кәдесыйлар. Ең түпкірде сирек кездесетін кітаптар қазынасы бар шағын бөлме. Қызықты заттардың қайсысы сіздің назарыңызды өзіне аударады. Сіз бұл зат сізге арналғанын ұғынасыз. 

Факторлар: базалық иеленулер (ашықтық), жаңа құрылымдар (өзіндік сәйкестену)

Рефлексия

-         Жас кезеңдері дағдарыстары  туралы не білдіңіздер?

-         Сіздердің жас шамаларыңыздағы қандай өзгерістерді нақтылап айта аласыздар?

-         Жаттығулардан сіздер өздеріңізге не алдыңыздар?

-         Бүгін білгендеріңізді өмірде қалай қолданар едіңіздер?

 

13-сабақ

ЖАС КЕЗЕҢДЕРІ ДАҒДАРЫСТАРЫ

 

Мақсаты:  тұлғалық даму үдерістерін өзектендіру

Міндеттері:

-         Тұлға ретінде қалыптасу сатысы қорын айқындау;

-         Болашақты болжамдай білу дағдыларын өзектендіру;

-         Өмір жолдарын сындарлы құра білуге тәрбиелеу. 

Ұйымдастыру кезеңі

Бейнетаспа ұсынылады

Психологтың кіріспе сөзі: Қазақ халқы әр жасқа байланысты әлеуметтік-тұрмыстық ерекшеліктерін ескере отырып, өз атауларын қойған:

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте

1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек

2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін

3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса

6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай

8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек

13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім

16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен

20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз

30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек

40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте

50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел

60 пен 70 жас аралығы – қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже

70 пен 80 жас аралығы – ақсақал, ақбұрым

80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария

90 мен 100 жас аралығы – селкілдек шал, селкілдек кемпір

100 жастан жоғары – кейуана, баба.

-         Енді өздерің қай атауға иесіңдер деп ойлайсыңдар? (жасөспірім, бозбала, бойжеткен)

Теориялық бөлім

Тұлға теориясын жасауда  американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар. Ол тұлға дамуы мен қалыптасуын эпигенетикалық принципке сүйене отырып түсіндіреді және өмір сүру барысында болатын тұлға дамуындағы 8 дағдарыстың болатынын белгілейді.

1.    Алғашқы өмір сүру кезеңінде болатын сену, не сенбеу.

2.    2-3 жас арасында болатын күмән мен үят.

3.    3-6 жас аралығында белсенділік пен оған қатысты болатын кінәләну.

4.    Еңбек қорлық және  оған қарсы толық мәнде болмаушылық.

5.    12-18 жас аралығындағы болатын тұлғаның өзін - өзі белгілеуі   мен жеке дара даралануындағы топтамалар мен дау-дамайлар.

6.    20 жас шағындағы өз шектеулігі мен қоғамға  араласушылығы мен оған қарсы мәндері.

7.    30-60 жас аралығында жас ұрпақ қамқорлыққа өзін-өзі жегуі.

8.    60 жас және одан жоғары жаста өткізген өміріне қанағаттануы мен өкіну, түңілуі.

Жастық шақтың жасөспірім кезеңі – ақыл-ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі. Жоғары сынып оқушылары «Неге?» деген сұракқа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне әрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардын ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәнге қызығушылығы туралы жасөспірімдердің түсінігі жеткіншектерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пәннін сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен зандылықтарды іздеуге құштар.

Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс – өзіндік ақыл-ойдын және өзіндік «Мен» бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастықтың психологиялық құндылығына ие болу деген сөз – өзінің ішкі әлемін ашу деген сөз. Өзінің ішкі әлемін ашу – бұл аса маңызды да, қуанышты, жан толқытарлық жағдай, бірақ ол сонымен қатар көңілді алаңдататын және қақтығысқа толы шақтарды да бастан кешіру деген сөз. Сананың толығуымен бірге өзінің ғайыптылығымен, қайталанбастығымен, басқа сезімдерден өзгешелігімен ерекшеленіп жалғыздық сезімі пайда болады. Жастық шақтағы «мен» әлі толық анықталмаған, бұлыңғыр сезім, ол көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді. Осыдан келіп басқалармен араласуға деген құштарлық, сонымен бірге кіммен қарым-қатынаста болудың да тандалуы пайда болып, онаша болуды қалайды.
Үлкендермен қарым-қатынасы жастық шақтың ең маңызды мәселесі болып табылады, оның әлеуметтік және психологиялық та жағы бар. Ал оны дұрыс жолға қою үшін, жас айырмашылығын және қарым-қатынаста болатын, бірак әрқайсысы өмір жолының әр кезеңінде келе жатқан адамдармен өз арасындағы айырмашылықты шектеуді қажетсінеді. Мұндай айырмашылықтар әр түрлі және өзіндік қасиеттер мен қарым-қатынастарды қамтиды. 16 жастағы жігіт өзінің мүмкіндіктері жағынан да, өз кызығушьшықтарымен де, қоғамдық жағдайымен де 36 жастағы ер адамнан қашанда, қай жерде болса да ерекшеленіп тұрады.

Қазіргі сендердің дене жетілуі мен психикалық дамуы жағынан бұдан он жылдан бұрынғы қатар құрдастарыңнан айтарлықтай жоғары, бұл жастағылар өздерін көп жағдайда ересектер санатындамыз деп есептейді. Адамның әрбір жас шамасы айнала шындықпен тікелей қатынаста болады, сондай-ақ әрбір жас шама адамның өмірінде өз ерекшелігімен маңызды орын алады.

Жастық шақ – жеке тұлғанын қалыптасқан кезеңі. Жеке тұлғаның өзіне тән құштарлықтарына сәйкес оның негізгі мүмкіндіктерін іске қосу үшін, жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алуы керек.

Маңызды қызметі  өз мамандығын тандауына мұқият қарау, өзінің отбасын құруына дайындалу және азаматтық көзқарасы тұрғысынан әлеуметтік, Отанға деген белсенділігін қалыптастыру болмақ.

Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымының негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзінің орны айқындалады. Дәл осы кезде жеке тұлғаның өз белсеңділігі, оның әртүрлі құбылыстарға баға беруі, әлеуметтік келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап ететін және өзінің әлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба білуі керек.                           
          Психодиагностика «Көк құс» (бейнесурет) 

Бір күні бөлмеңіздің терезесінен бір көк құс ұшып келіп, бұғаулыққа түсіп қалды. Сізді осы бір адасып қалған құс қандай да бір ерекшелігімен баурап алды да, оны өзіңізде қалдыруға шешім қабылдадыңыз. Сізді ол құстың әдемілігі мен ерекше бір өзгешелегі таңдандырды. Келесі күні-ақ таңғажайып жағдай орын алды: құс әп-сәтте көк түстен сары түске айналып кетті. Осы бір таңғажайып құс әр түн сайын түсін ауыстырып отырды - үшінші күн дегенде, таңертеңгілік оянғанда құстың түсі алқызыл түске боялған, ал төртінші күні ол қап-қара түске енді. Ал, 5- күні қандай түске өзгеруі мүмкін? Өз жауап нұсқаңызды дөңгелектеп қоршап қойыңыз.

1.    Құстың түсі өзгерген жоқ: қара күйде қалуы мүмкін.

2.    Құс бастапқы көк түсіне енеді.

3.    Құс ақ түске енеді.

4.    Алтын сары түске енеді.

Кілті :  Сіз терезеңіздің алдына ұшып келген құсты «бақыттың нышаны» деп қабылдадыңыз. Бірақ ол түсін өзгертіп сізді уайымға салды, бақытым ұзаққа бармады деп ойлауыңыз әбден мүмкін. Бірақ өмір осымен тоқтаған жоқ, әр қорқыныштың артында қуаныш болатынына сеніңіз. Бірден уайымға салынбай қандай қиыншылыққа да төзе біліп, шынайы өмірге көзқарасты қалыптастырып үйрену керек.

1.                 Қара күйде қалады деп ойлағандар - пессимистік көзқарастағы жандар.

Олардың ойынша егерде басыңызға қиыншылық түскен жағдайда ол ешқашан бітпейтіндей, қайта қалыпқа келмейтіндей көрінеді. Жаңбырдан соң күн шығатынын, түннен кейін таң ататынын ойыңыздан шығармаңыз.

2.     Бастапқы көк түсіне енеді деп ойлаған жандар - оптимист адамдар.

Сіз өмірге сенесіз. Өмір жақсы мен жаманның қосындысы деген оймен келісесіз. Қиындықтарды сабырмен қабылдайсыз. Әр нәрсенің жүйкеге тимей, артық әбіржітпей, шаршатпай өз ретімен болуын қадағалайсыз. Сізге өмір толқындары қатты соқпай, өзімен бірге алып кетпей, өз ыңғайыңызбен жүзгенді қалайсыз.

3. Ақ түске енеді деп ойлаған жандар - қиын кездің өзінде де сабырлы шешім қабылдай алатын жандар.

Сіз уақытыңызды шешім шығару үшін немесе уайымдап отыруға текке жұмсамайсыз, тіпті дағдарыс болып жатса да. Егер жағдай қиын боп бара жатқан жағдайда сіз бұл істі бірден тоқтатып, өз мақсатыңызға жету үшін, басқа іске оңай ауыса аласыз. Бір қарағанда бәрі сіздің қалауыңыздай болып көрінеді.

4.  Алтын түсті сарыға өзгереді деп ойлаған жандар бір сөзбен айтқанда еш нәрседен қорықпайтын адамдар десе де болады.

Сіз қысымның, қиындықтың не екенін білмейсіз деуге де болады. Сіз үшін әрбір дағдарыс та жағымды мүмкіндік. Сізді «Наполеонмен» салыстыруға болады.

Практикалық бөлім

         1-жаттығу «Есімнің де айтары бар...»

Сәйкестенуді сезіну қоршаған ортаның әсерімен дамиды. Бұл субъектіге бағытталған ықпал ету және әсер ету реакциясы. Тіпті адамға берілген есім немесе құжатта жазылған аттың да айтары көп мұндайда.

«Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» демекші, достарыңыздың саны көп болған сайын, олардың есіміндегі мағынаға да мән бере бастайсыз. Адамға қойылған есімнің болашақ тағдырына ықпалы болады деген жел сөз емес екеніне айғақ көп. Кейбір елдерде адамның атын қою тағдыр деген ұғымды білдіретін көрінеді. Өз есіміңізге соншалықты немқұрайлы қарасаңыз, сізге жұрттың аса көңіл аударарлықтай көз жіберуі күмәнді. Есімді жолдасым деп бағалағанның өзі артық емес. Себебі өзіңіз кешетін ғұмырдың соңына дейін сізбен қосақталып еріп жүреді.

Жағымды есімді әр күн сайын есту адамға үлкен қуаныш сыйлайды. Есімін құлағы шалғанда өзін ерекше сезінетін жандардың ныспысы дөп қойылған деседі. «Сенің есімің түріңе сәйкес келмейді» деген әзіл-шыны аралас сөзді кейбір достарыңыздың бір-біріне айтқанын естіген боларсыз. Расында да, кейбір жандарға өз есімдері сәйкес келмейді.

 Балаға ат қою - үлкен жауапкершілікті талап ететін дүние. Бұған күнделікті құбылыс ретінде қарамағаныңыз абзал. Себебі адам есімін зерттейтін антропонимика ғылымы бар екені есіңізде жүрсін. Сол ғылымның зерттеп жатқан нысаны - адам өміріне есімінің қаншалықты әсер ететіндігі. Бір сәт өзіңізге қойылған есімнен таңғажайыпты іздеп көріңізші. Тағдырыңыздың қай арнада орын табатынына есіміңіздің де біршама септігі тиеді. Антропонимика ғылымын зерттеуші ғалымдардың айтуынша, адам есімі Күн жүйесіндегі белгілі бір планетамен тығыз байланысты көрінеді. Демек, жер мен көктің арасындағы алшақтықта адам есіміне байланысы бар бір тылсым сыр бүгулі жатқандай. Тіпті, аттары бірдей жандардың тағдырлары ұқсас келмесе де, олардың мінездерінде айтарлықтай айырмашылықтар болмайды екен.

Сіздерге есімдерге байланысты сезімдерді белсендіретін және есімдерге баламалы қарым-қатынас тудыратын бірнеше эксперименттік нұсқалар ұсынылады:

1.  Бала кезіңізде сізді қалай атаушы еді, есіңізге түсіріңіз. Сізге бұл аттарды кім қойды, кім сізді осылай атаушы еді, қандай жағдайларда сізді солай атады? Сол аттар (есімдер) туралы ойлағанда, қазір сіз қандай сезімдерде боласыз?

2.  Бала кезіңіздегі аттарыңызды және лақап аттарыңызды есіңізге түсіріңіз. Қандай сезім тудырушы еді? Ішіндегі ерекшелерін таңдаңыз. Елестетіп көріңіз. Бұл ат қандай сезімді және нені білдіргісі келді? Сізге бұл атты немесе лақап атты қойғандар сізге қалай қараушы еді? Қасыңыздағы парталасыңызбен ойын ретінде өткізіп көріңіз.

3.  Сіздің қазіргі уақытта қандай жалған немесе еркелететін есімдеріңіз бар? Сіз оған қалай ие болдыңыз? Ол өміріңіздің қай кезеңдерін қамтиды?

4.  Сізде қазір үйде және мектепте басқаша айтылатын әртүрлі аттарыңыз бар ма? Егер бар болса, ол неге байланысты?

5.  Өміріңіздің әр кезеңіндегі атыңыз немесе сипаттау есімдеріңізді есіңізге түсіріңіз. Қазіргі сіздің өзіңіз туралы елестетулеріңізге олар қалай әсер етті және әсер етуде?

6. Топтық шеңберде әрбіреуін дауыс ырғағымен және пантомиммен сүйемелдеп үш түрлі атпен өзіңізді таныстыру үлгісін ұсыныңыз.

7.  Өміріңіздің әр кезеңіндегі өз атыңызға қалай қарағаныңызды есіңізге түсіріңіз. Ол қалай  өзгерді? Өз атыңызды жақсы көрдіңіз бе, мақтан тұттыңыз ба немесе жағымсыз көңілмен қараған кездеріңіз болды ма?

8.  Қазір сіздің аттарыңыздың қандай нұсқалары бар? Қандай жағдайларда сізді осылай атайды, сіз өзіңізді осындай атпен қайда, қашан, кімдерге таныстырасыз? Осы аттарға байланысты сізде қандай сезімдер көрініс береді? Сол адамдармен сіздің қарым-қатынасыңыз қандай?

9.  Атыңыз бен жынысыңызға қатысты қандай байланыс бар? Сізді жынысыңызға сәйкес емес атпен атаған немесе басқаларда әжуа-мысқыл туғызған атпен атаған кез болды ма?

10.  Ата-аналарыңыз сіздің атыңызды қалай таңдады, кімнің құрметіне, не күтілді? Атыңыздың тарихы туралы не білесіз?

11.  Сіздің есіміңіздің қандай астарлы белгісі бар, мағынасы қандай, аударғанда нені білдіреді, өміріңіздің әр кезеңінде сіз үшін қандай маңызға ие болды?

12.  Басқа адамдардың арасында, топтарда есіміңізге байланысты өзіңізді қалай сезінесіз? Аттастарыңызға сіздің қарым-қатынасыңыз қандай, өзіңізді жақсы сезінесіз бе, әлде сондай атпен аттас адам болғаны сізде жағымсыз сезім тудыра ма? Егер сіздің атыңыз ерекше болса -  кәдімгідей қарапайым аттары барлардың арасында қалайсыз?

13.  Егер сіз өзіңізге қайрадан ат таңдайтын болсаңыз, қандай атты қалар едіңіз және неліктен, ол нені білдірер еді? Жаңа ат таңдау үшін қандай дәлелді негізіңіз бар немесе бұрынғы атыңызды сақтап қалу үшін қандай дәлел келтіресіз?

14.  Өн-бойыңыздан өткізіңіз, сіз қалай өз атыңызды жариялайсыз, мысалы, осы топта, сізді қалай атайды – қалай жарияладыңыз солай, әлде басқаша. Оған Сіз қалай қарайсыз? Сізді қалай атағанын қалайсыз, кім және қашан? Өз атыңыздың қандай нұсқаларын ұнатпайсыз?

Факторлар: жаңадан қайта құрылым (есімге байланысты өзіндік сәйкестену)

2 жаттығу  «Сирек заттар дүкені»

Орындыққа отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз, денеңізді босатыңыз. Енді сіз өзіңізді сирек кездесетін заттар (антиквар)  дүкенінде жүрмін деп елестетіңіз. Ойша кез-келген затты таңдаңыз және өзіңізді сол зат ретінде қараңыз. Сол заттың атынан өзіңіз туралы: «Өзіңізді қалай сезінесіз»; «Бұл дүкенге қалай тап болдыңыз»; «Сіздің бұрынғы иеңіз кім және ол қайда» және т.б. әңгімелеп айтып беріңіз. Көзіңізді ашыңыз және алған әсерлеріңіз туралы топпен бөлісіңіз.

Дәл солай гүлмен, ағашпен, жануармен өзіңізді сәйкес түрдегі жағдайларда елестетіп өзіндік сәйкестенуге болады. Өз сезінулеріңізден ұялмаңыз. Аяқталмаған қобалжулар қалдырмауға тырысыңыз. 

Факторлар: жаңадан қайта құрылым (өзіндік сәйкестену)

3-жаттығу «Сенім»

Ойынның шарты: Қатысушылар қағазға өзінің көптен бергі арманының бірін: бұл адамның шұғылданғысы келген немесе өзінде болғанын қалаған, тіпті барғысы келген бірдеңе болуы мүмкін. Бәрінен дұрысы, жеке интимдік егжей-тегжейге кетіп қалмай, бәрінің алдында оқуға ыңғайлы болуы тиіс. Сонымен қатар қазіргі осы шақта жазылу керек, мысалы: «Мен ақыры ұшаққа билетімді алып, әйтеуір аэропортқа келдім-ау. Қазір мен мені Канадаға бір-ақ алып баратын ұшақтың бортына көтеріліп келемін. Онда мені жегілген итпен саяхаттау күтіп тұр...».

Әрқайсы өзінің қиялын жазып отырған сәтте тренер біртіндеп парақтарын жинап алып, жазбаларды дауыстап оқи береді. Дұрысы, оларды әр қатысушы естіп, есінде жақсы сақтап қалу үшін екі реттен оқыған жөн.

Осыдан кейін топ үш-төртеуден бірнеше командаға бөлінеді де, топ ішінде қай команда жаттығуды бастайтынын шешеді. Бұл команда кез-келген жазбаны алып, кімнің қиял-тілегі екенін табуға тырысады. Осыдан кейін жүргізуші команданың мүшелері хаттың авторы деп ойлаған адамынан шынында да бұл тілек оған тиесілі ме екенін анықтап алады. Егер команда дұрыс тапса, сол арман-тілектің иесі осы командаға келіп қосылады. Ал бұл команда қателескенге дейін басқа жазбалардың авторларын таба береді. Тренер топтағы қатысушыларға өз авторлығын жасырмай айту керектігін ескертеді.

Қорытындылау: Топтағы талқылаулар қалай өтті? Авторды табу оңай болды ма? Авторларды табу қандай ұстаныммен жүрді? Осындай жаттығулар ұжымда жағымды ахуал орнатуға қалай әсер етеді деп ойлайсыздар?

Факторлар: жаңадан қайта құрылым (өзіндік сәйкестену, жағымды өмір сценариі), базалық иелену (сенім).

Рефлексия

-         Сабақтың қай тұсы көбірек ұнады?

-         Алған жаңа ақпараттар сіздерге қалай әсер етті?

-         Бір-біріңізге не тілер едіңіздер?

 

 

 

14-сабақ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК РУХАНИ СӘЙКЕСТЕНУ

 

Мақсаты: Қоғамда табысты бейімделу бағыты ретінде сындарлы қарым-қатынас қалыптастыру.

Міндеттер:

-         Әлеуметтік бейімделу типтерін ұғындыру;

-         Өзіндік рухани сәйкестенуді дамыту үшін тұлғалық сатысын белсендіру;

-         Толеранттылыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Бейнетаспа тамашалау

Психологтың кіріспе сөзі.

Бейімделу (ағыл. аdaptation, орыс. адаптация) – алғашында биологияда пайда болған термин, құрал мағынасын беріп, қоршаған орта мен ағза арасындағы байланысты зерттеу кезінде қалыптасты. Кейін әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдардың жаңа идеяларымен толығып, жаңа мағынаға ауысты (физиология, медицина, биология, психология т.б.)

Әлеуметтік бейімделу үдерісінің басты идеясы – жеке тұлғаның жаңа әлеуметтік ортамен формалды және формалды емес әлеуметтік қатынас барысында ондағы қалыптасқан нормалар мен құндылықтар жүйесін қабылдауы

Бейімделу – кез келген әлеуметтік жүйелердің (мысалы, отбасы тобы, іскерлік фирмасы, ұлттық мемлекет) өзінің тіршілік ету ортасына жауап беруі немесе, оны «басқаруы»;

Бейімделу – тұлғаның немесе әлеуметтік топтың қоғамдық ортаға икемделуі үрдісі, мұның нәтижесінде осы үрдіске қатысушы субъектілердің талаптары мен күтулері сәйкестендірілуі.

 Теориялық бөлім

Әлеуметтік–психологиялық бейімделу даралықты дамыту жағдайларының бірі. Даралылықтың тұрақты қырының болуы бейімделу процесінің жетістігінің бір көрсеткіші. Бірақ кейбір жағдайларда нақты осы даралық сол немесе басқа топта тұлғаның бейімделуіне кедергі келтіруі мүмкін. Бейімделу механизімінің құрылу денгейі даралықты дамыту жағдайын қамтамасыз етеді. Өмір әрекеті процесінде бейімделу механизімінің құрылуы автоматтандырылған әдет, дағды, мінез–құлық, бейсаналы аймаққа өтеді. Бұл даралықтың дамуы үшін шексіз мүмкіншілікті ашады. Тұлғаның әлеуметтену процесінің жетістігінің алғы шарты адамның дара ерекшеліктері мен әлеуметтік – психологиялық бейімделудің жанама түрде болуы.

         Әлеуметтік–психологиялық бейімделу түсінігіне қысқаша қарастыратын болсақ, жеке адам мен топтың өз ара қатынасының жағдайын жеке адам созылмалы емес ішкі және сыртқы қақтығыстарсыз басты әрекетке сәтті қосылуы, негізгі социогенді қажеттіліктерді қанағаттандыруы, оның топ ұсынатын ролдік күтілімдеріне қарсы шығуы, өзінің ісін көрсету және шығармашылық қабілеттерін еркін көрсету жағдайы - әлеуметтік–психологиялық бейімделу деп аталады.

         Сонымен әлеуметтік–психологиялық бейімделу – толық әлеуметтенудің бір жолы болып табылады екен. Адамның әлеуметтік бейімделуі жеке позицияны, әлеуметтік статусын түсінуден, сондай-ақ онымен байланысты рөлдік мінез–құлық рөлі ретінде жалпы топтық міндеттерді шешу процесінде тұлғаның дара ерекшеліктерін жүзеге асыруды қарастырады.

Кейбір жағдайларда адам жаңа бір әлеуметтік жағдайда өзінің мүдделерін өзгерте алмайтын халге ұшыраса, онда ол өзінің жүріс-тұрмысын, мінез-құлқын өзгертуге, яғни бейімделуге мәжбүр болады.

 Бейімделу - өмір сүру жағдайларының өзгерісіне деген сол адамның көзқарасының қалыптасуына көмектеседі, сөйтіп түсініспеушіліктің нәтижесінде пайда болатын шиеленісті жоюға, я болмаса оны бәсеңдетуге жағдай туғызады.

Сонымен, жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуі мына үш түрді қамтиды:

  • Тұлғаның мәселелі жағдайларды, көбінесе кикілжіңді, жеңіп шығу және жою жолдарымен бейімделуі;
  • Мәселелі жағдайдан кету жолымен бейімделу;
  • Жағдаятқа ыңғайлану жолдарымен бейімделу, яғни мәселе шешілмеген күйінде қала береді.

Психодиагностика

Толеранттылық дағдысы – жастардың кез-келген білімді жақсы игеруіне, сабақ пен кез-келген қарым-қатынасқа ұстамды, түзу қатысуға мүмкіндік беретін сипаттамасы. Толеранттылықтың бастапқы қалыптасуына мүмкіндік беретін бірден-бір институт білім беру үрдісінің барлық субъектілері арасындағы диалог, серіктестік, құрмет.

толеранттылық,Ынтымақтастық, серіктестік рухы,қайырымдылық,рақымдылық,Басқалардың мінез-құлқына, дініне, пікіріне төзімділік,Басқалардың құқығын сыйлау,Кешіре білу,Басқаны сол қалпында қабылдау,Адамның абыройын құрметтеу 

 

 

 

 

 

 


Ендеше сендерге өз толеранттылықтарыңды анықтап, болашақта жұмыс жасай білу үшін сауалнама ұсынылады. 

Коммуникативтік толеранттылығының диагностикасы (В. В. Бойко)

Нұсқаулық: Сізге көп бейнелік адамдық қарым-қатынасқа саяхат жасау мүмкіндігі беріледі. Осы мақсатта сізге басқа адамдармен өзара әрекетте өзіңізді бағалауға тоғыз қарапайым жағдайлар ұсынылады. Жауап беруде алғашқы реакция өте маңызды. Жаман немесе жақсы жауап болмайтынын есте ұстаңыздар. Көп ойланбай, сұрақтарды өткізіп жібермей жауап беру керек. Өз жауабыңызды төрт бағананың біреуіне («V» немесе «+») қоюыңыз керек.

  0 балл – тіпті дұрыс емес,

 1 – кейбір дәрежеде дұрыс (күшті емес),

 2 – мәнді дәрежеде дұрыс (мәнді),

 3 – жоғары дәрежеде дұрыс (өте күшті).

        

1) Сіз кездескен адамдардың даралығын қабылдау немесе қабылдамауға қаншалықты қабілеттісіз, өзіңізді тексеріңіз. Төменде пікірлер беріледі: сізге жеке қарым-қатынас бойынша олар қаншалықты дұрыс екендігін білдіретін 0 ден 3-ке дейінгі баллдармен бағалауды қолданыңыз:

1       Ақырын қимылдайтын адамдар менің жүйкеме тиеді         

2       Мені тынышсыз, беймаза адамдар тітіркендіреді      

3       Балалардың шулы ойындарын қиындықпен өткізем  

4       Шынайы, стандартсыз, жарқын адамдар маған теріс әсер етеді   

5       Барлық қарым-қатынастағы мінсіз адамдар мені қырағы етеді    

        

2)  Өзіңізді тексеріңіз: жеке «МЕН» тұжырымдамасынан шыға отырып сізде адамдарды бағалау тұжырымдамасы бар ма. Пікірлермен келісу шараларын алдындағы жағдай сияқты 0 ден 3-ке дейінгі балл қойып көрсетіңіз.

1        Мені ойланбайтын әңгімелесуші тепе-теңдіктен шығарады         

2       Мені сөйлесуді жақсы көретіндер тітіркендіреді       

3       Пойызда, самолеттегі жолсерігім мен үшін еш мәні жоқ әңгімеге тартылар едім, егер ол бастама көрсетсе       

4       Маған білімі мен мәдениеті бойынша жол беретін кездейсоқ жолсерікпен әңгімелесуге тартылар едім.

5       Маған мен үшін зияткерлік деңгейі басқа серіктеспен ортақ тіл табысу қиын         

 

         3) Өзіңізді тексеріңіз: айналадағылардың адресіне сіздің бағаңыз қандай шамада шектеулі немесе өзгеріссіз.

1       Қазіргі жастар өздерінің сыртқы түрлері (шаш мәнері, косметика, киім киісі) арқылы жағымсыз сезім тудырады

2       «Жаңа қазақтар» деп аталатындар жай кезде мәдениетсіздігімен, немесе пйдакүнемдігімен жағымсыз әсер қалдырады  

3       Менің айналамдағы кейбір ұлттардың өкілдері ашық түрде маған әдемі емес         

4       Мен жек көретін еркектер (әйелдер) типтері бар       

5       Кәсіби деңгейі төмен іскерлік серіктестерге шыдай алмаймын    

        

4) Өзіңізді тексеріңіз: адамдардың қарым-қатынас түсе алмау қасиеттерімен (пкірмен келісу дәрежесін 0 ден 3-ке дейінгі баллдармен бағалайсыз) кездескенде жағымсыз сезімдерді сіз қаншалықты дәрежеде жасырып немесе білдірмей аласыз.

1       Дөрекілікке солай жауап беру керек деп есептеймін

2       Егер адам қандай ба бір жағымсыз болса маған жасыру қиын     

3       Ерегісті өзінікінде тұрып алатын адамдар мені тітіркендіреді     

4       Өз-өзіне сенімді адамдар маған жағымсыз       

5       Көлікте итермелейтін ашулы немесе жүйкесі сыр берген адамға ескерту жасаудан тоқтау жай түрде қиын

        

5) Өзіңізді тексеріңіз: сізде серіктесті қайта жасау және қайта тәрбиелеуге бейімділік бар ма (пкірмен келісу дәрежесін 0 ден 3-ке дейінгі баллдармен бағалайсыз).

1       Менде айналадағыларды оқыту дағдысы бар   

2       Тәрбиесіз адамдар мені ашуландырады  

3       Мен өзімді басқа біреуді тәрбиелеуге әрекет етуімнен жиі ұстаймын   

4       Мен әдет бойынша үнемі біреуге ескерту жасаймын

5       Мен жақындарымен бұйрық бергенді жақсы көремін

        

6) Өзіңізді тексеріңіз: сіз қаншалықты дәрежеде серіктесіңізді, оларды ыңғайлы болу үшін қол астыңызға алуға бейімсіз (пкірмен келісу дәрежесін 0 ден 3-ке дейінгі баллдармен бағалайсыз).

1       Мені қарбалас уақытындағы қалалық транспортта немесе дүкендегі кәрілер тітіркендіреді     

2       Қонақ үй нөмірінде басқа адаммен бірге тұру мен үшін мені қинау      

3       Менің дұрыс көзқарасыммен серіктесімнің келіспеуі мені тітіркендіреді

4       Маған келіспеген жағдайда мен төзімсіздік көрсетемін      

5       Егер серіктесім мен қаламайтындай, өзінше бірнәрсе жасаса, ол мені тітіркендіреді     

        

7) Өзіңізді тексеріңіз: сізге мынадай мінез-құлық тұжырымдамасы лайық па (пкірмен келісу дәрежесін 0 ден 3-ке дейінгі баллдармен бағалайсыз).

1       Жай кезде, мені ренжітушілер өздеріне лайық жазасын алады деп үміттенемін      

2       Ұрысқақтығым үшін мені жиі кінәлайды         

3       Кімді бағалаймын немесе құрметтеймін, солардың маған жасаған ренжітулерін мен ұзақ уақытқа дейін ұмытпаймын      

4       Қызметтестерді жөнсіз әзілі үшін кешірмеу керек    

5       Егер іскерлік әріптесім менің өзімшілдігіме байқамай тиіп кетсе, оған сонда да ренжимін  

 

8) Өзіңізді тексеріңіз: айналадағылардың қолайсыз қалпына сіз қандай дәрежеде төзімдісіз (пкірмен келісу дәрежесін 0 ден 3-ке дейінгі баллдармен бағалайсыз).

1       Басқаларға мұңын шағатын адамдарды мен кінәлаймын    

2       Қолайлы жағдайда өздерінің аурулары туралы айтатын әріптестерімді (таныстарымды) мен іштей қолдамаймын        

3       Мен өзінің жанұялық өмірі туралы шағымданатын әңгімеден аулақ тұруға тырысамын

4       Достарымның (құрбыларымның) ағынан жарылуын мен еш назар аудармай тыңдаймын         

5       Кейде туысқандарымнан және достарымнан біреуін ашуландырған маған ұнайды

        

9) Өзіңізді тексеріңіз: адамдармен өзара әрекетте сіздің бейімделушілік қабілеттеріңіз қандай (пкірмен келісу дәрежесін 0 ден 3-ке дейінгі баллдармен бағалайсыз).

1       Серіктесіме жол беру маған қиын  

2       Нашар мінезді адамдармен тіл табысу маған қиын    

3       Біріккен жұмыс бойынша жаңа серіктеске мен қиыншылықпен бейімделемін

4       Мен біртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасаудан қашамын    

5       Мен қағида бойынша өзімдікін дұрыстаймын, тіпті серіктесім дұрыс екенін түсінсем де         

Тестің кілті:

Барлық 9 белгі бойынша алынған ұпай қосындылары есептеледі. Ең жоғарғы ұпай саны – 135, әр бөлік бойынша – 15.

1-45 – толеранттылықтың жоғары деңгейі
45-85 – толеранттылықтың орта деңгейі
85-125 – толеранттылықтың төмен деңгейі
125-135 –
 айналасындағыларды мүлдем қабылдамау

Нәтижесін талдау:

Нәтиже ұпайлары жоғары болған сайын сыналушылардың коммуникативтік толеранттылығы төмендей береді. Бұл айналасындағыларды мүлдем жақтырмауды білдіреді және кикілжің туындаудың жоғары ықтималдығы.  Ұпайлардың қосындысы қай бөліктерде жоғары шығып тұрғанына назар аударыңыз. Сол қарым-қатынас аспектісі бойынша зерттелушінің басқа адамдарды төзуі төмен және тиімді қарым-қатынас орнатуы қиынға соғады. Ал егер керісінше болса, яғни ұпайлар саны төмен болса, сол қарым-қатынас аспектісі бойынша жалпы қарым-қатынас толеранттылығы жоғары деңгейде екенін білдіреді.

Бөліктер бойынша саралау:

1. Жеке адамның даралығын қабылдамау немесе түсінбеу: сіз басқа адамдардың жеке даралық ерекшеліктерін түсіне немесе қабылдай білмейсіз, әлде түсінгіңіз келмейді.

2. Басқаларды бағалағанда өзін эталон (үлгі) ретінде қолдану: адамдардың мінез-құлқын немесе дара сипаттамаларын бағалағанда сіз өзіңізді эталон ретінде қарастырасыз.

3. Адамдарды бағалаудағы кесімділік немесе ескішілдік: адамдарды бағалауда сіз кесімді пайымдайсыз немесе ескілікпен бағалайсыз, сізде икемділік пен ой-өріс кеңдігі жетіспейді.   

4. Жағымсыз сезімдерді жасыра алмау немесе баса білмеу: сіз серіктестеріңіздің қарым-қатынасқа жат қасиеттеріне тап болған жағдайларда туындайтын жағымсыз сезімдеріңізді жасыра алмайсыз немесе баса білмейсіз.

5. Қарым-қатынастағы серіктесін өзгертуге, қайта тәрбиелеуге ұмтылыс: сіз өзіңіздің серіктесіңізді қайта тәрбиелеуге, өз қалауыңызға қарай өзгертуге тырысасыз.         

6. Қарым-қатынастағы басқа қатысушыларды өзіңе ыңғайлап жақындатуға ұмтылу: сіз басқаларды өзіңіздің мінезіңізге, әдеттеріңізге, талаптарыңызға ыңғайлап мойынсұндырғыңыз келеді. 

7. Басқалардың қателігін кешіре білмеу: сіз басқаның қателігін, епсіздігін, байқаусызда сізге жайсыздық келтіргенін кешіре білмейсіз.                          

8. Қарым-қатынастағы серіктесіңіздің жайсыз жағдайларына (ауру, шаршау, көңіл-күйінің болмауы) төзбеушілік: сіз басқаның басындағы физикалық немесе психикалық жайсыздығына төзімсізсіз.       

9. Қарым-қатынасқа түсуші басқаларға ыңғайлана білмеу: сіз басқалардың мінезіне, әдеттеріне, талаптарына қиын ыңғайланасыз.    

Практикалық бөлім

1.     «Біздің ұқсастықтарымыз бен айырмашылықтарымыз» ойыны

Қатысушылар дөңгеленіп, шеңбер құрып отырады. Тренер бір ұқсастықтың негізінде қатысушарлың біреуін ортаға шақырады. Мысалы: «Айман, екеуміздің ұқсастығымыз бар болғандықтан ортаға шығыңызшы. Мысалы:  біздің шаштарымыздың түсі ұқсас (немесе біз жер тұрғындарымыз т. б.)". Айман ортаға шығып, сол ережемен тағы біреуді ортаға шақырады. Ойын, топтағы барлық адамдар шығып болғанынша, жалғасады.

Ойынның екінші кезеңінде, топ мүшелері ішінде айырмашылықты айтып, сол айырмашылықтың «+» табу керек.

Факторлар: әлеуметтік әрекеттестік (адамдар арасындағы шыдамдылық пен басқа көзқарасты қабылдай  алу), жаңа қайта құрулар (өзіндік сәйкестену, басқаның пікірін сыйлау)

2.     Жаттығу: “Танысыңыз, шетелдік!”

Топ бір қатарға тізіліп отырады. Әр адамға карточка таратылады. Карточкада әр адамға белгілі бір ұлттың (ағылшын, француз, итальяндық, жапондық және тағы басқа ұлт өкілдері) мінез-құлқындағы қол-дене қимыл-қозғалысын, бет қимылын, позасын, жүріс-тұрысын көрсету керек екендігі туралы тапсырма берілген. Қалған қатысушылар қай ұлтты көрсеткенін табу керек.

Талқылау:

-Неге сүйеніп анықтадық?

-Ұлттық таптауырындар қажет пе?

Осы сұрақ бойынша топ екіге бөлінеді. Бір топ таптауырындардың қажетін дәлелдейтін болса, ал екінші топ – оның қажет емес екендігін дәлелдеу үшін пікірталас жүргізіледі.

3.     Жаттығу: “Елсіз арал”

“Мұхит бойындағы бірнеше күнгі болған оқиғадан кейін адамдар елсіз аралға тап болады. Осы уақыт аралығында тек үрленген қайыктан басқа ештеңе қалмады. Әрі ол да жарамсыз болып қалды”.

Ойынның шарты: Елсіз аралда қалдыңыз. 20 жылға дейін сіздер басқа адаммен кездесе алмайсыздар. Енді үш топқа бөлініңіздер (жетекші жеребе арқылы әр топқа қай ұлттың өкілдері екенін анықтап береді, ал топтар басқа топтың қай ұлт өкілдері екенін білмейді, әрі бір-біріне айтуға болмайды).

20 жылдың арасында әр ұлт өкілдері қалай өмір сүретінін, қандай заңдарға көнетінін, нені өсіретінін, оларды кім басқаратынын, күнделікті салт-дәстүр, түрлі мейрам ерекшеліктерімен көршілері алдында таныстырып, ойынмен көрсету керек. Әр топ қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, фломастер, желім және тағы басқа заттармен қамтамасыз етіледі.

Әр топ тапсырманы алғаннан кейін,  презентацияға дайындық жүргізеді (10 минут). Топқа көріністі көрсетуге 5-10 минут беріледі (топ қай ұлт өкілдері туралы екендігін айтпайды, олар өздерін жан-жақты таныстыру үшін көрнекті құралдар мен көріністерін  дайындайды). Тыңдаушылар анықтауға қатысады.

Талқылау толық жүрмесе, тек мынадай сұраққа жауап беріледі:

- Қандай белгілер арқылы ұлтты анықтау мүмкіндігі болды?

Рефлексия

-         Әлеуметтік бейімделу және өзіндік рухани сәйкестену дегеніміз не?

-         Қоғамда табысты бейімделу үшін нелер қажет?

-         Өзіндік сәйкестенуді дамыту үшін қандай тұлғалық тұстарды белсендіру керек?

-         Толеранттылық дегеніміз не?

-         Қоғамдағы толеранттылық көзқарасқа қосар үлесің?

 

 

 

 

 

15-сабақ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК РУХАНИ СӘЙКЕСТЕНУ

 

Мақсаты: Қоғамда табысты бейімделу бағыты ретінде сындарлы қарым-қатынас қалыптастыру.

Міндеттері:

-         Әлеуметтік рөл ұғымына түсінік беру, мен-құрылымын белсендіру;

-         Өзіндік сәйкестенулерін дамыту үшін жеке даралықтарын өзектендіру;

-         Толеранттылыққа тәрбиелеу.  

Ұйымдастыру кезеңі.

Бейнетаспа тамашалау

Психологтың кіріспе сөзі

Өткен сабақта әлеуметтік бейімделу түсініктерін  қарастырсақ, бүгін әлеуметтенудің өзіндік сәйкестену тақырыбына тоқталамыз.

Теориялық бөлім

Әрбір әлеуметтік рөл өзі көптеген мінездің мәдени нормалары, ережелері, стереотиптерін ендіреді. Өмір сүру барысында әлеуметтік рөлдің біреуін ғана емес, бірнешеуін немесе көптеген әлеуметтік рөлдерді жастық және қызметтік баспалдаққа байланысты меңгеруге тура келеді.

Әлеуметтену мазмұнына қарай екі жақты процесс. Бір жағында әлеуметтік тарихи тәжірибелер, символдар, құндылықтар, нормалар жатыр. Екінші жағында оны индивидтің меңгеру, интериоризациясы жатыр. 

Интериоризация – бұл қоғамдық өмір сыртқы формасындағы процестердің сананың ішкі процесіне ауысуымен: талдап қорыту, вербалдану, ары қарай даму қабілеті.

Мен-құрылымы әлеуметтік хабарларды қалай өңдейтінімізге қатты әсер етеді. Бұл  өзімізді және өзгелерді қалай қабылдауымыз жадымызды  сақтауымыз және оларды бағалауға ықпал  етеді. Егер студент  болу  Мен –тұжырымның орталық бөлігі болып есептелінсе, онда біз «студенттік» дағдыларды меңгереміз. Кезеңге тән білім, білікті өзімізде және өзгелердегі деңгейін белгілеп, байқаймыз, бағалаймыз. Біз өз кезегінде студенттік өмірге байланысты барлық жаңалықтар  мен хабарларды жинақтап отырамыз. Яғни, бұл біздің  Мен-құрылымға сол уақыттағы мұратына лайық келеді. Мен –құрылымы мынадай өзіне  тән қасиеттерді жинақтайды:

-         Өзіне деген сенімнің болуы;

-         Өзіне тән қатысты хабарларды ұйымдастыру  және оны ауысып  отыруға бағыттау;

Мен–құрылымы өзіне қатысты хабарлар мен тәжірибелерді жинақтап, реттеп отыруды осы тұрғыдан келгенде кітапханашының каталогтарды жинақтауына және қайта реттеп отырушы ретіндегі қызметіне теңейді.

Сервантес «Назидательные новеллы» атты еңбегінде «Адам – шыны, ол мөлдір, нәзік, әрі оның   құрылымынан дүниені тануға болады» деп көрсетеді.

Шындығына келгенде адам күрделі жаратылыс иесі. Бірақ сіз – бірегейсіз, өзіңіз сияқты, өзіңіздің кейбір жақтарыңыздың ұқсастығы бар адамдарды кездестіресіз. Соған қарамастан нақ өзіңіздей адамның бұрын және болашақта да қайталанбайтынына сенімдісіз. Сондықтан, әр адамның қайталанбас, өзгеше  «Мен»-бейнесі бар. Әрқайсымыз «Мен» сөзін түрліше толықтырамыз «Мен кіммін?» деген сұраққа беретін жауабыңыз «Мен –тұжырымын» құрайды.

«Мен» тұжырымы» бірнеше элементтерден жинақталған. Соның бірі –  «Мен-құрылымы». Мен-құрылымы – бұл, біздің өз өмірімізді ұйымдастырудағы психикалық модель болып табылады.

1. Адамның өзін белгілі бір жыныс өкілі, өзіне сай қызығушылығы бар жан ретінде (күйші, мүсінші, зергер т.б.) сезінуі.

2. Өз мұратына лайық белгілі бір кәсіп иесі оқушы, студент, аспирант, ізденуші, малшы, кәсіпкер екенін мойындайды.

Мен-құрылымы әр адамда әртүрлі  болады. Ол негізінен сол адамның Мінез құру бағытына тікелей байланысты болып келеді. Мен бейнесі бір ситуациядан екінші бір ситуацияға өзгеріп отырады. Мысалы жолдасымен беріліп ойнап отырады да, екінші біреумен әңгімелеседі.

Мен-бейнесі үнемі өзгеріс үстінде болады және сол бір бейне екі рет туындамайды және одан өзін айқын байқап отырады. Өз бойымыздағы ерекшеліктерді, айырқша қасиеттер жиынтығын яғни, өзімізді өзіміз бағалаймыз. Өзіміздегі «Менге» баға беріп сынаймыз. Міне, бұл да «Мен» тұжырымының элементтерінің біріне жатады. Мұны «Өзім сүйенетін нәтиже» деген атпен аламыз. Адам өзіне өзінің берген бағасымен шектелмейді. Өзіне өзінің берген бағасының қандай деңгейде екенін анықтап білу үшін, айналасындағы адамдардың өзіне берген бағасымен салыстырып көреді. Ол мына, схемадағыдай болып шығады.

-         Айналамыздағылардың бағасы     

-         Өз бағамыз

Адам өзінің өзгешілігі, мен бағасының нақтылығын болжауға байланысты және дұрыс бағдар түзуге талаптанып, әрдайым салыстырмалы түрде, өзгерлердің бағасына да бағынышты болады. Егер өзгенің өзіне берген бағасы дәл келіп жатса «Азаматтық  келбетінің дұрыс қалыптасып келе жатқаны болып табылады».

Міне, бұның барлығы мен-көрсеткіші болып есептелінеді. Мен –көрсеткішінде сіз өзіңізге тән даралық ерекшелігіңізді хабарладыңыз. Ол мен –адаммын, Мен-жоғарымын, Мен-көпшілмін.

Топтық және әлеуметтік байланысқа орай «Мен мұсылманмын», Мен –Қазақстандықпын» деп көрсетесіз.

         Өзіндік сәйкестену (иденфикация) – бұл адамның өзін белгілі бір әлеуметтік топпен, бейнемен, рөлмен, архетиппен теңдестіру.    

Архетип (грек, агсһе — бастау, typos — бейне) — алғашқы үлгі, түпнұсқа. К. Юнгтің аналитикалық психологиясында архетип көмескі сананың тылсымдық құрылымдарында «ұжымдық бейсаналық» түпнұсқалар ретінде сақталады. Архетип жалпы адамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығармашылық жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәдени архетиптер — бұл ілкі мәдени түпнүсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, казіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар. Мәдени тұлғаның рухани-шығармашылық қазынасын қауымдық тылсымдағы архетиптер құрастырады. Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-әрекетін, мінез-құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда «мендік» сезім, этноста ортақ уақыттық-кеңістік өрісі пайда болады. Әрбір халық өз мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, Қазақстанда соңғы жылдары мәдениет пен өнердің әр саласындағы «ұлттық негіздерді жаңғырту» идеясы осымен тұстас.

          Өзіндік сәйкестену адам тұлғасының басты элементтерінің бірі болып саналады. Негативті немесе позитивті өзіндік сәйкестену адамның барлық мінез-құлқына түбегейлі түрде әсер етуі мүмкін.     Яғни, сәйкестену (идентичность) – бұл басқа индивидтен бірегей дербес, жеке, жүзеге асуын сезінуі немесе басқа топтан топтық құндылықты пайдаланып, өзгешеленуі, бірегей топтың бөлшегі ретінде өзін сезінуі.

Араласу (общение) барысында тұлғаларды өзара түсіністікке келтіретін негізгі тетіктер - сәйкестену    (идентификация), басқаның  көңіл-кейпіне ене білу (эмпатия),         субъекттің  өзін-өзі      тануы         мен басқаның      кейпін сезе білуі (рефлексия).

Араласу тұрғысынан идентификация       –       бұл тұлғаның өз сұхбаттас не іс-әрекеттік әріптесін тану және оның ойы мен ұғым-түсініктерін анық қабылдау мақсатымен ой аймағында оған сәйкестенуі және өзін оның орнына қоя, бағалауы. Эмпатия     – бұл да тұлғаның оймен өзін басқаға сәйкестендіруі, бірақ бұл үдерістегі негізгі мақсат – әріптестің толғаныс не күйзеліс сезімдерін түсіне, көңіл білдіру.

Өзара  түсіністікке  келу  проблемасындағы рефлексия      мәні  –  әрбір тұлғаның  өз  бойындағы  қасиеттерін  әріптесінің  көзімен  ой  сарабына сала білуі. Өзара түсінісу барысында рефлексия субъекттердің қатынас жасау әрекет-қылығын бағыттап, қалыптастыруға, олардың бір-бірінің ішкі жан-дүниесі ерекшеліктерін барластыруға жәрдемдесетін ерекше кері байланыс құралы ретінде қабылданған.

Қарым-қатынас барысында кері     байланыс   –       әріптес әрекет-қимылы, оның сөйлесу мазмұнына болған қатынасы – кең қолданылады. Ішкі ойын, жасырын сырларын жарыққа шығару үшін оны кері байланыс әрекеттеріне әдейі келтіру де көзделеді.

Қарым-қатынас жасау, әңгіме-сұхбат жүргізу шеберлігі әріптестердің әрқайсысы өзін сұхбаттас адамының орнына қоя білуі, ол ойлағандай ойлауы, төңіректегілерді ол қабылдағандай қабылдай білуі, әріптесінің көңілі  тұрғысынан  оның  әрекеттеріне  сипаттама  бере  алуы  сияқты психологиялық қабілеттерден құралады.

        Практикалық бөлім.

1-жаттығу:”Тұсаукесер” (“Презентация”)

         Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, психолог жетекшіден бастап, топқа өз бейнесін таныстырады. Алдымен психолог өзі  бастап: “Ыммен, қол қимылы арқылы, әрі позамен, бір-екі ауыз сөзбен өзін топқа қандай адам тұрғысынан көрсеткісі келеді, солай өзі туралы жеткізеді. Содан кейін әр қатысушы шеңбер бойымен өзін таныстырады.

         Тұсаукесер аяқталғаннан кейін, өзі айтқаны жайлы, қалай жүргені туралы талқылау жүргізіледі.

         Психолог: Не сезінетініңізді, топтың Сізді қалай қабылдауын қалайтындығыңызды көз алдыңызға елестетіп, соны жеткізуге тырысыңыз”, - дейді. Психолог сөзінен кейін өзі топқа төмендегі сұрақтарды қояды:

         -Сізге кімнің өзін  таныстыруы өте айқын, есте қаларлықтай әсерін тигізді?

         -Сіз үшін қай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?

         -Қай топ мүшесінің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді (мінезі, көңіл-күйі бойынша)?”;

         -Кімнің айтқан ойы Сізге түсініксіз немесе Сізді таң қалдырды? Мүмкін, сіздің сол адамға қандай да бір сұрақты қойғыңыз келетін шығар?”

         Факторлар: өзінің ішкі ресурсына қол жетімділік (креативтілік)

         2-жаттығу: “Мұз жарғыш”.

         Қатысушылар екі қатар құрып, бір-біріне қарап тұрады.

         Мақсаты: серіктесті итеріп жіберу.

         Талқылау.

         Қойылатын сұрақтар:

         -Неге ұнамсыз сезім пайда болды?

         -Сіздің өміріңізде кездескен осындай жағдайларды айтып бере аласыз ба?

         3-жаттығу: “Көпір”.

         Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Психолог диагонал бойынша бормен сызық жүргізеді. Ойынның мәнін былай түсіндіреді: “Бұл сызық – тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір. Желге теңселген, тартылып байланған көпірдің астында төменде сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жалғызаяқ жол, тек бір адам ғана өте алады, әрі артқа шегінуге, қайтып кетуге жол жоқ. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі адам –  көпірден құламай, аяғына дейін жету керек”. Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі.

         Талқылау:

         -Тапсырма ненің көмегімен орындалды?

         -Қатысушылар бір-біріне көмектесті ме?

         -Осы жағдайда қарым-қатынастың қандай құралдары (вербальді немесе вербальді емес) маңызды?

Факторлар: әлеуметтік өзара әрекет дағдысы, серіктестердің қатынас барысындағы кеңістікте орналасуының әсерін сезіну. 

Рефлексия  

-         «Әлеуметтік рөл», «интериоризация», «мен-құрылымы», «мен тұжырымы» ұғымдарын қалай түсінесіңдер?

-         Өзіндік сәйкестену, архетип дегендеріміз не?

-         Араласу арқылы өзіндік сәйкестену өз орындарыңды, статустарыңды белгілеуде қандай маңызға ие?

 

 

16-сабақ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ӨЗІН-ӨЗІ АНЫҚТАУДЫҢ БАСТАПҚЫ НЕГІЗІ

 

Мақсаты: Әлеуметтік және тұлғалық өзін анықтаудың бастапқы негіздерімен таныстыру.

Міндеттері:

-         Психологиялық тұрғыда өзін анықтау, өз орнын белгілей білу білімдерін белсендіру;

-         Оның әлеуметтік маңыздылығын өзектендіру;

-         Табанды өмір ұстанымына тәрбиелеу.  

Ұйымдастыру кезеңі.

Бейнетаспа тамашалау

Психологтың кіріспе сөзі

Өткен сабақта әлеуметтік бейімделу түсініктерін  қарастырсақ, бүгін әлеуметтенудің өзіндік сәйкестену тақырыбына тоқталамыз.

Теориялық бөлім

Өзін - өзі жүзеге асыру - бұл тұлғаның жетілген өзіндік реттеу, өзіндік басқару негізінде пайда болатын, жақын ортада өзінің әлеуметтік статусын жоғарылату қажеттілігінен туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін әлеуметтік тәжірибе субъектісі ретінде өзін-өзі бекіту бойынша дербес, саналанған, арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті. Осы процестің психологиялық механизмдері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:

тұлғаның арнайы түрде ұйымдастырылған өзін-өзі зерттеуі (өзін-өзі тану);

адамның өз қасиеттері, қабілеттері, әлеуметтік құндылықтары жөніндегі түсініктердің қалыптасуы (өзін-өзі анықтау);

өзіне бағытталған сыртқы талаптарды мақсатты түрде зерттеу, солармен өз әлеуметтік кемелдігін салыстыру, яғни өзінің әлеуметтік талаптарға сай болуға дайындығын анықтау (өзін-өзі саналау);

өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерін бөліп алу, қоғамдық пайдалы іс-әрекет барысында өз жеке басы бойынша тәрбиелеу жұмысын жоспарлау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі бағалау түрлерін анықтау (өзін-өзі дамыту).

Өзін-өзі анықтау - тұлғаның жалпы әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі өзінің әлеуметтік рөлі мен позициясын таңдауы. Ш. Бюлердің көзқарасы бойынша, тұлғаның толымды өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ететін, өзінің ішкі мәніне сәйкес мақсаттарды қоя білу мүмкіншілігі. Өзін-өзі бағалау адамның өзіне деген сенімін арттырып, рухани үйлесімділігін дамытады. Өзін-өзі бағалау адамның айналасындағылармен қарым-қатынасын, өзіне сын көзбен қарауын және талап қоя білуін, жетістікке және сәтсіздікке қалай қарайтынын көрсетеді.

Өзін-өзі бағалау: Өзін-өзі бағалау дәрежесі; тұлғалық бағытының мазмұнды жағы; адамның қоғамда өзін-өзі тұлға ретінде анықтауы, оның әлеуметтік-мәдени құндылықтарға байланысты белсенді көзқарас ұстануы және осы арқылы өзінің өмір сүру мәнін анықтауы (болашаққа ұмтылу арқылы); қандай да бір проблемалық жағдайда өзіндік ұстанымын анықтау мен бекіту бойынша жеке таңдауын саналы түрде жүзеге асыру процесі мен нәтижесі; адамның ішкі еркіндігіне ие болуының және оны көрсетуінің негізгі тетігі.

Құндылық: Ұмтылыстар мен мақсаттардың, ал абсолюттік мағынасында - болмыстың мәні. Жоғары мәнділігі нақты немесе басқа да объектілермен қатынастарда құндылықтар мәні болып табылады. Жоғары рухани құндылықтар: жақсылық, сұлулық, еркіндік, өмір мәні, ақиқат, адамның өзіндік құндылығы, лайықты өмір сүру, жалпы адамгершілік және т.б. Жеке тұлғалық тұрғысындағы құндылықтық бағдарлар (олардың сипаты, мазмұны, әр түрлілігі, жоғары рухани құндылықтарға ие болуы) тұлғаның рухани даму деңгейін білдіреді.

Жеке тұлғаның құндылықтық әлеуеті: Жеке тұлғаның бағыттылығы, оның сенімдері, дүниеге көзқарасы, идеалдары, ұмтылыстары; өмір сүру түрін еркін таңдай алуын өз бетінше іске асыратын дербес ерекшелік.

Адам: Өзінің қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес тұрмысты және өзін-өзі мақсатқа лайық қайта өзгертуші, белсенді, әрекетшіл жан. Адам биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және рухани-мәдени сипаттардың бірлігін көрсетеді. Осылардың біреуінің жетіспеуі оның тұтастығы мен өзгешелігінің сапасына нұқсан келтіреді. Өзінің жаратылысын түсіну, өмірдің мәні бойынша сұрақтарға жауап іздеу, қоршаған болмыс арасынан өзін бөліп қарау және әлемнің қайта құрылуын түсінетін субъект болып табылу адамға ғана тән. Әрбір адамды сипаттайтын тән, жан және рух барлық уақытта үйлесімділікте бола бермейді және бірегей ұмтылыстарға бағына бермейді. Олардың арасындағы үйлесімділікке толық қол жеткізу және оны ұзақ уақыт ұстап тұру – әрбір саналы адамның мақсаты және оның қанағатанушылығы мен бақытының негізі.

Өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жүзеге асырудың өсімпаздық (репродуктивті) жолдары:

Бұл бағыттарды жүзеге асыруда жігерлілік және тәсілдер жүйесі қажет.

1. Мақсатты таңдау және оны негіздеу;

2. Мақсаттың шынайылығын, қолжетімділігін анықтау;

3. Шынайы емес мақсатты шынайыға ауыстыру;

4. Өз мақсаттарыңды белсенді тексеру, айқындап алу;

5. Мақсаттардың реттілігін анықтау;

6. Жеткен деңгейді ескере отырып, жаңа мақсат белгілеу;

7. Мақсаттарды нақтылау; мақсаттарды анықтау;

8. Мақсаттардың жағдайларға тәуелділігін анықтау;

9. Қалыптан тыс мақсаттарды белгілеу. 

(оқушылармен сызбанұсқасын немесе картасын жасауға болады)

Практикалық бөлім

1-жаттығу. «Маңызды адамнан хат»

Нұсқаулық: Сіздерге сізбен қарым-қатынастағы адам өзі бірінші болып сізге қарай бірінші қадам жасағаны ұнай ма? Немесе сіз қатып қалған шаруаны өз бетіңізбен үйіріп әкеткенді қалайсыз ба? Сіз өмір жолының келесі қиылысында күтпегендікті жақсы көресіз бе, әлде сізге алдын ала білген көбірек ұнай ма?

Елестетіңіз, сіз үшін маңызды бір адам сізге хат жазуға оқталды. Мүмкін бұл сіздің мүлдем күтпеген адамыңыз болуы мүмкін. Мүмкін – кез-келген қандай да бір сізбен тілдесуіне ниет білдіргеніне қуанатын адамыңыз.  Шешіңіз, бұл кім болуы мүмкін, өз қиялыңызда оны дәл және жете толық елестетіңіз. Оның түрі қарым-қатынасқа дайын екенін білдіретін болсын... Ол адамның сізге ашық хат жазып жатқан әрекетін бақылаңыз...

Енді сізде сол кісінің атынан өзіңізге хат жазуға 10 минут уақытыңыз бар. Сол адам туралы білетіндеріңізді және сіздердің өзара қарым-қатынастарыңыз туралы, сонымен бірге сіздің ішкі Меніңіздің санаңыздың түкпірінен алып шыққан мәліметті де, барлығын пайдаланыңыз.

Факторлар: жаңа құрылымдар (өзіндік сәйкестену), әлеуметтік өзара әрекеттестік.

2-жаттығу. «Болашақтан хат»

Нұсқаулық: Елестетіңіз, біздің бейсаналығымыз бірнеше жылғы болашаққа алға кетті, мысалы, бес, он жыл немесе екі жылға жылжыды және сол болашақ тұрғысынан сіздің қазіргі өміріңізге, ағымдағы жағдайыңызға және мәселелеріңізге түсінік беруде.  Ол сізге сіздің өміріңіз әрі қарай қалай болатынын ашып берді. Сіз өз мәселелеріңізді қалай шешкеніңізді, бұл қашан болғанын немесе шешуге ыңғайсыз мәселеңізді  айналып өтуге қандай жол таңдағаныңызды көре аласыз.

Сіз өзіңізге қазіргі алаңдауыңыздың нық болашаққа айналғанын көрсететін келешек өміріңізді суреттейтін көрінісі бар  болашағыңыздың бір кезеңінен хат жазыңыз. Мерзімін қойыңыз, үндеу жазуды және қол қоюды ұмытпаңыз. Бұған сіздің 15 минут уақытыңыз бар. 

Факторлар: жаңадан қайта құрылым (өзіндік сәйкестену, жағымды өмір сценариі)

Рефлексия

Өз меніңнен хат» (релаксация ретінде)

Нұсқаулық: Ыңғайлы отырыңдар және көздеріңді жұмыңдар...Сіздер бір алқапта жүрсіздер. Таза ауа, аспан көкпеңбек, сіздің айналаңызда жасыл шөптер, гүлдер жайқалып тұр. Таңғы самал жел сіздің бетіңізді аялайды, сіздің аятарыңыз жер бетінде нық тұр. Біраз уақытқа өз түйсінуіңізді тыңдаңыз және мұқият жан-жағыңызға көз салыңыз... (1 минут) 

Сіз айналаңызға көз салып қарап тұрып, бір тауды көресіз. Сіздің жанарыңыз оның шыңына келіп жеткенде, сізге олар өздері өсіп шыққандай көрінді... Сіз сол тауға шығып көтеріліп келесіз және бұл қиын шаруа екенін байқадыңыз: аяғыңыз шаршады, терең дем алу керек, дегенмен сонымен қатар сіздің денеңіз өмірлік күш-қуатқа және белсенділікке толығып жатқанын сезесіз, өзіңіздің қуатыңыздың жылуын сезінесіз.  (1 минут)

Ақырындап сіз бұлттар аумағынан шығып келесіз. Сіз қайрадан аспанды және тау шатқалдарының қанық бояуларын көрдіңіз. Күн жарқырап тұр. Сіздің денеңіз жеп-жеңіл болып көрінеді. Міне, сіз тау басындасыз. Сіз керемет көріністі: көршілес таулардың бастары, алқаптар және олардың арасында шашылып жатқан ағаштарды тамашалағаныңыздан қуаныш сезіміндесіз. Сіз үлкен бір шоқының үстінде үнсіз тұрсыз...

Алыстан сіз біреуді көресіз, басында ол кішкентай ғана жылтыраған нүкте болып көрінген. Бұл Сіз үшін ерекше кездесу болатынын сезесіз. Сіздің алдыңыздан өзіңізді мұқият тыңдап алып, нақты не білгіңіз келеді, соны айтып бере алатын данышпан және ақ пейілді адам жолығады.  Міне, сіздер бір-біріңізді байқап қалып, қарсы жүріп келесіздер. Бұл адамның болғаны сізді қуаныш пен күшке бөледі. Енді міне, сіз оның көзіне қарай аласыз, ол да сізге достық көңілмен күлімсіреді. Сіз онымен барлығы туралы сөйлесе алатыныңызды және бәріне де жауап алатыныңызды сезесіз...     

Сол адаммен сөйлесіңіз. Ұзақ, өте ұзақ әңгімеңізді сіз бірнеше минутқа сыйдыра аласыз... (3 минут).

Сонымен қоштасатын кез де келді. Егер қаласаңыз, сіз осы данышпан адаммен әлі де бірнеше рет кездесе аласыз. Ақырындап артқа қайтыңыз... Таудың басында не білгеніңізді ой елегінен өткізіп, ойлануға мүмкіндік алу үшін сіз келесілерді орындай аласыз:  елестетіңіз, таудан түсіп, осында қайтып келгенде сіз сол данышпан адамнан келген хатты тауып аласыз. Хаттың мазмұнын үйде ойластырып жазып келіңіздер.

 

 

 

 

ІІІ тарау. ОТБАСЫЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ

 

17-сабақ

МАХАББАТ – ОТБАСЫН ҚҰРУДЫҢ БАСТЫ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

 

Мақсаты: Махаббатты отбасын құрудың басты негізі ретінде өзектендіру. 

Міндеттері:

-         «Махаббат», «ғашықтық» ұғымдарына тереңірек түсінік беру;

-         Неке және отбасын құрудағы махаббаттың маңыздылығын ұғындыру;

-         Отбасындағы жарасымды шартсыз қарым-қатынасқа тәрбиелеу.  

Ұйымдастыру кезеңі.

Бейнетаспа тамашалау: «Отбасы деген не»

Психологтың кіріспе сөзі

Бүгін біз сендер үшін ең қызықты «Махаббат» тақырыбына тоқталамыз. Махаббат – адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Жалпы махаббат деген сөздің мағынасы кең. Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді.

Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космология ілімінде: «Махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш» - деп білді.

Платон оны сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды:

Сезімдік махаббат — сұлулыққа сұқтанатын Махабаттың төменгі сатысы, рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады.

Махаббаттың алуан түрлі сипаттары мен аспектілерін білдіру үшін гректер төрт түрлі терминдерді қолданды, олар: эрос, филео, агапе, сторге.

«Эрос» —сөзін олар обьектіні өздеріне толығымен иеленіп алу мақсатымен, сол обьектіге бағытталған сезімдерді білдіру үшін қолданды.

«Филео» — сөзі жеке немесе әлеуметтік таңдау еріктеріне байланысты біріккен индивидтердің байланысын білдіреді.

«Сторге» — сөзі болса айырбастауға берілмейтін мәңгі органикалық түрде туыстық жақындықпен байланысты махаббатты білдіреді. Бұл ата-ана мен бала, ері мен әйелі, отаны мен азаматтары арасындағы өте нәзік әрі өз өзіне деген сенімді махаббат.

«Агапе» — термині гректерде ғашық адамының, сүйіктісінің белгілі бір ерекшеліктерінің, оның ерекше бір мінезінің негізінде пайда болатын саналы махаббатты білдіреді.

Махаббат ұғымының сырлы әлемін жүрек пен көкейкөздің (интуицияның) үлесіне қалдырып, оның эзотерикалық, тылсым бейсаналық табиғатын мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам рухани ізденісінің түп мақсатына қатысты ақыл-ой деңгейіндегі толғаныстарды шешуде де Махаббат философиялық категория қызметін атқарды. Бұл бойынша Махаббат – ғаламның, адамзат жаралуының телеологиялық себебі, оның рухани жетілуінің, эстетикалық ләззаттануының, этик. ғибраттануының негізі. Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық. Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным-түйсігі.

Махаббат ол кездейсоқтан пайда болмайды. Ол адамның бүкіл ішкі әлемінің біртіндеп өзгеріске ұшырап, қайта жандануы, жаңа бір күй кешуі. Стендаль махаббат сезімінің пайда болуын былай суреттеп береді:

1) Таң қалу

2) Ғашық адам сүйіктісінің сұлулығына сүйсініп оны құшағына алып сүюді армандайды.

З) Ғашық адамына деген үміт оты оянады.

4) Махаббат оянады.

Жақсы көру дегеніміз – ләззат сезіміне бөлену. Адам өз ғашығын барлық сезім органдарымен сезіне бастайды.

1) Алғашқы кристаллдану процесі басталады.

Адам өзінің сүйікті ғашығын қуаныш пен ләззатқа бөлеуі үшін, барлық құрбандықтарға дайын бола бастайды және мұны ол қуанышпен іске асырады.

Кристалдану – бұл ойдың ерекше бір қызметі.

2) Күмәнның тууы.

Ғашық адам өзіне жақын тұрған бақытқа күмәндана бастайды; ол өзіне жылт етіп көрінген үміттің өзіне күмәнмен қарай бастайды. Ол өзін өмірдің басқа да қуаныштарына бөлегісі келеді де кейін оны жоғалтып та алады. Осыдан ол бақытсыздық сезіміне бөленіп, осы сезімнен кейін ол ойға шомады.

3) Екінші кристаллдану процесі.

Екінші кристаллдану процесі басталғанда ғашық адам «ол да мені жақсы көреді» деген ойға келеді.

Ғашық адам үш түрлі ойдың арасында ойланып толғана бастайды:

1. Оған ешкім тең келмейді.

2. Ол мені сүйеді.

3. Оның сүйетіндігінің дәлелдеріне қалай көз жеткізуге болады? Махаббаттың ұзақтығы екінші кристаллдану процесінде анықталады, осы кезде ғашық адамыңның жауабын ала аласың немесе ала алмайсың. Екінші кристаллдану процесі тез беріле салатын махаббат жағдайында өтпейді.

Сонымен бірге мына жағдайды ескеру керек. Өзінің табиғаты жағынан әйелдер еркектерге қарағанда сезімтал келеді. Әйелдердің өмірінде сезімнің алатын орны ерекше. Көптеген әйелдер үшін сүюден гөрі сүйікті болу өте маңызды. Өйткені бұл қасиет әйелдердің психологиялық табиғатының өзінде жатыр. Ал ер адамдар болса сүйікті болудан гөрі сүюді қалайды. Махаббатты осылайша жіктеуге Махаббат иесі сезімінің нысанын, көздеген мақсатын белгілеуі негіз болады. Махаббаттың сезімдік әсер тұрғысынан күйініш пен сүйініш, қорқыныш пен үміт өзара ұласа жүріп, адам бойында күйіп-жанған ынтық сезім, қанат бітірер ұшқыр қиял, риясыз пейіл, мейірім-шапағат түрінде көрініс беруі махаббаттың бар түріне тән жалпы сипаты болып табылады. Яғни Махаббаттың қай түрі болсын адамды ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелейді.

Теориялық бөлім

Әрбір адам өмірінде шынайы махабатты тапқысы келеді. Оны тапқан соң, сол әсем сезім мәңгіге созылса екен дейді. Барлық адамзат, Шығыста болсын, Батыста болсын, махаббаттың мәңгілік болуын тілейді. Мысалы Батыстың Ромео мен Джульеттасы, Шығыстың Ләйла мен Мәжнүні, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуы, Қыз Жібек пен Төлеген. Шын махаббат өмір бойы болуы керек. Неге олай?

Ғашықтық деген не? Физиологтар кейбір кезде еркек пен әйелдің бірін-бірі көргенде таңқаларлық сезім пайда болатынын, жүректері қаттырақ соғып, денесі жеңіл тартып, жаны рахатқа бөлене қалатынын зерттеп қарапты. Оның бірнеше себептері анықталыпты.

Биологиялық: адамның бойынан шығатын өзге жыныстыны тартып тұратын феромон аталатын ерекше бір заттың болуы.

Гипноздық: бір көргенде ғашық болу үшін көз ала алмай біраз уақыт қарап қалу жетерлік.

Психоталдамалық: қыз әкесіне, ұл анасына ұқсаған әйелді іздейді және сондай адамды көргенде ерекше сезім пайда болады.

Топографиялық: қыз бен жігіттің ең алғашқы сезімі есте сақталып қалады, сондай адамды көргенде ерекше тартылыс пайда болады.

Онегиндік: бір көргенде ғашық болып ұмыта алмау. Бұл адамның көп уақыт жалғыздық сезініп, өз идеалын жолықтыра алмай жүргенде болады. 

Ғашықтық деген тіпті сезім де емес, ол – қажеттілік, адамдардың бірге болуға деген ұмтылысы. Сезімдерді басқаратын жүйе кейіннен, 8-17 ай өткенде қосылады.

Ал бастапқыда ғашықтық – тәуелділік. Оны есірткіге елігіп қалғанға ұқсатуға болады.

Біреуге ғашық болып қалсаң, оны бірте-бірте көбірек қажет етіп тұрасың. Ғашық болып қалған адам тәуелді, оның мінезі де өзгеріп кетеді.

Ғашықтық сезім ұдайы ең биікте бола алмайды. Тіптен дүниеге бала келгеннен соң да ол сол бұрынғы жаңа ғашық болған қалпында қалып қоймайды. Оны айтасыз, бір әйелден бала көрген еркек тағы бір әйелден бала көруге ынтығатын кездер де жиі кездеседі. Сол сәттен аман- есен өтіп кеткен жұбайлар тұрақты тұрмыс кешеді.

Романтикалық махаббатты ұзаққа созылатын махаббатқа айналдыратын рецепт жоқ шығар, бірақ өзің сүйіп жейтін тәтті тортты қайта-қайта жегің келетіні, сүйіп тыңдайтын музыкаңды қайта-қайта қоя бергің келетіні екеуара махаббатты да ұзаққа созуға болатынына мысал бола алады.  Енді бір мысал айтайын: соны түсінсең, ғашықтық пен махаббаттың айырмашылығын түсінесің.

…Бір сұлу қызға екі жігіт бірдей ғашық болыпты. Біреуі қызға келіп жақсы көретінін айтыпты. Қыз: «Анау тұрған таудың басында түні бойы сөнбестен от жанып тұратын болса, саған тұрмысқа шығамын», - депті. Жігіт орындауға жөнеліпті.

Сол күні екінші жігіт те келіп қызға көңілін білдіргенде қыз: — Таудың басында түнде от жанады, сол отты сөндірсең саған тиемін, — депті. Бұл жігіт те атына мініп тауға қарай асығыпты. Таңға жақын екінші жігіт тау басына шығып, оттың жанына барса, отқа салған ағаштар жанып таусылуға айналыпты, жанында бір жігіт тоңғанынан оранып отырып, қалың ұйқыға кеткенін білмей ұйықтап қалған екен. Жігіт әйелдің ниетін сонда танып, отқа таң атқанша жетерлік ағаш тастап, ұйықтап жатқан жігіттің жамылғысын қымтап, төменге түсіп кетіпті.

Психодиагностика

Махаббат көзқарасы туралы тест

 «Адасып қалған ғашықтар»

Сен өз ғашығыңмен бірге тауға бардың. Биік құз жартастар, ну қалың орман. Абайсызда бір-біріңнен адасып қалдыңдар. Сен оны таба алмай жүрсің, ол да сені таба алмай жүр. Дәл осы сәтте, сен қандай әрекет жасайсың?

1.     Демалатын бір жер тауып, оның іздеп келуін күтіп отырамын.

2. Міндетті түрде оны іздеп табамын, әрқандай іске душар болудан қорықпай...

3.     Адасып қалуымыз мүмкін емес, алаңсыз тау көрінісін тамашалап жүре тұрамын, аздан кейін ол өзі мені тауып алады.

4.     Төтенше жағдай қызметіне хабарласамын. Олардың көмегінсіз ештеңе істеуге болмайды.

Осы төрт түрлі қалыптың бірін таңдаңыз да, мына жауаптарға сәйкесін оқыңыз.

1. Сен ақылды, өзіңе күйінетін, жаны ашитын адамды қажет етесің. Екеуара жақсы қарым-қатынастың орнауына өз тарапыңнан көмек жасауың керек. Өйткені, сен өздігіңнен еш әрекет жасамайды екенсің. Егер сен ештеңемен шаруасы жоқ, маңғаз адаммен бірге өмір сүрсең, онымен ортақ тіл табысуың өте қиын. Үнемі өзіңді одан қашырып жүресің. Өмірлеріңе үнемі оның шешімі арқылы үлкен өзгерістер жасалып жатады.

2. Дәл махаббат жайына келгенде, сен қисайған жағыңнан қайтпайды екенсің. Өзіңнің өмір сүретін, тек өзіңе ғана тән тұрмыс кеңістігің болып көрмепті. Бүкіл назарыңды сүйген адамыңа қарай бұрып жібергенсің. Кей әрекеттеріңді ол қабылдай алмауы да мүмкін, ал сен дәл сол сәтте қорланғандай сезімде боласың, өз-өзіңе риза болмай, бұртиып жүресің. Махаббат майданында өзіңді еркін ұста, өзіңе де кеңістік қалдыр.

3. Қыз-жігіт ара қарым-қатынасына өте еркін көзқараста екенсің. Өзіңе өте сенімдісің және қауіп-қатер туралы да ойламайсың. Сүйген адамыңнан айрылып қаламын деп те алаңдамайсың. Оның саған деген адалдығынан күмәнданбайсың. Сенің махаббат сезімің біртүрлі сәбилік психология деңгейінде қалған, сен қарсы жақтың сезіміне де назар аударуға тиіссің. Бұлай болмағанда, ол сен туралы: "Екеуара махаббатқа мұқият, шын пейілімен қарамайды" деген көзқараста қалып қоюы мүмкін.

4. Екі адамға ортақ сезімнен мәселе шыққан кезде, сен үшінші адамның келіп біржақтылы етуін үміт етесің. Өзіңдегі кемістіктерді толтыруға күшің жетпейді. Өткелсіз қалуың мүмкін. Сенің істегенің дұрыс, бірақ, сол көмекке келген үшінші адамның күш-қуаты сендерді қайта табыстыруға жетсе, тамаша-ақ болар еді, ал жетпесе, онда бүкіл трагедияны өз қолыңмен жасаған боласың.

Ал сіз қай түрді таңдадыңыз? Берілген жауап көңіліңізден шығып, ойыңызды дөп басты ма?

Практикалық бөлім

Практикалық тапсырма: Болашақ жарыңызға тән қасиеттер тізімін жасаңыз.

Шамамен былайша:

-                     Түсіністік

-                     Шыдамдық

-                     Сенімділік

-                     Қамқорлық

-                     кешіре білу

-                     еңбекқорлық

-                     шынайылық

-                     сену

-                     сыйластық

1-жаттығу.  «Эмпатия»

Кіріспе бөлім. Эмпатия ( лат. емпатһеіа ) – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. Эмпатияны алғаш рет АҚШ психологы Э.Титченер (1867 – 1927) зерделеді. Ол философиядағы “ұнату” сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімнің салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық негіздерін ашып көрсетті. Сол арқылы адамның күйзеліске түсу себептерін ғылыми тұрғыда жүйелеп шықты. Сезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі. Эмпатия адамның өзгелер қайғы қасіреті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл күйде болуы. Эмпатия өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатия айқын көрінісі — идентификация. Бұл адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргеңдей халде болуы.

- Қасымыздағы адамды сезініп, түйсініп, түсіне аламыз ба? Мысалы, біз жай ғана қолымыздың немесе денеміздің жанасуы арқылы екінші бір адамның қандай жағдайда екенін түсіне аламыз ба? 

Негізгі бөлім. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады да, көздерін жұмып, бір-бірімен кол ұстасып тұрады. Зейінін оң жағындағы көршісінің алақанына шоғырландырып, жинақтайды. Өз-өзіне келесі сұрақтарды қоя отырып, өзінің субъективті түйсінулерін бағалауға тырысады: серіктесіңнің қолына жанасқанда қандай сезім туындады? Оның қазіргі күйі туралы не айтуға болады?

Психологтың пәрмені бойынша қатысушылар көздерін ашады, серіктесінің қолын босатады және олардың күй-жағдайлары туралы өзіне айтып береді.

Қорытындылау. Кімнің түйсінулері серіктесінің дара түйсігімен сай келгені анықталады. Кім өз сезінуімен дәлірек болды? Жанасудан кейінгі түйсінулер не арқылы сезілді?

Факторлар: ішкі ресурстарына қолжетімділік (қарым-қатынас дағдылары)

         2 жаттығу. «Мен сені ... үшін жақсы көремін»

Кіріспе бөлім: Жаттығуымызды бастамас бұрын мына бір үзік сырға көңіл аударайықшы: «Мен сені жақсы көремін! Неге  екенін білмеймін… Жоқ. Білемін! Себебі… Себебі, түпкі табиғатыңмен жақсы таныспын. Иә, сенің кейде шыр-пырың шығып, жан жағыңды "қуырып" жататының бар. Ондайда  аузыңнан ақ ит кіріп, көк ит шығады. Бола берсін! Маған оның артында  ешқандай зіл жоқтығы аян. Ол сенің «қоғаныш реакцияң»  ғана.

Негізі сен өте ашық адамсың. Жүрегінің түпкіріндегі  түрлі сезімдерді, өзінің  басындағы жай-күйді  ашық адамдар ғана қаз қалпында көрсете алады. Ашықтық  меніңше, рухтың мықтылығы. Бәз біреулерге ұқсауға тырысып, солардың іс-қимылын, сөзін қайталап, тыраштану — әлсіздердің ісі. Сен ондай емессің!»

Негізгі бөлім: Қатысушыларға осы топтың ішінен өзіне басқаларынан бөлектеу жақсы көретін, көп жағынан қадір тұтатын бір адамды ойша таңдап алу ұсынылады. Сосын бір парақ қағазға осы адамның бойынан ерекше ұнайтын бес қасиетін жазу тапсырылады. Аты-жөні көрсетілмейді. Жазып болғаннан кейін кезекпен сипаттамалар оқылады, ал қалғандары олар кімге қатысты екенін табуға тырысады.

Қорытындылау: Ерекше есте қалған және табуға ыңғайлы сипаттамалар аталады. Талқылау: Сипатталатын тұлғаға қатысты ерекшеліктерді бөліп көрсетуді қалай іске асырдыңыз? Адамның мінез-құлқы көбінесе қандай ерекшеліктерімен көзге көрінеді?  Жаттығу сіздерге несімен ерекшеленді?

Факторлар: ішкі ресурстарына қолжетімділік (сензитивтілік), әлеуметтік өзара әрекеттестік

 Рефлексия

 «Менің көршім бәрінен артық, өйткені ...»  жаттығуы

Шеңбер бойымен отырған қатысушылар сөйлемді өзінің оң жақтағы көршісіне қатыстырып аяқтайды. 

 

 

 

 

18-сабақ

ЖЕКЕ БАС ӨМІРІҢНІҢ БАҚЫТҚА БАСТАР ЖОЛЫ

 

Мақсаты: Жеке өмір жолындағы сындарлы тіл табысу тәсілдерін өзектендіру.

Міндеттері:

-         Жеке өмірінің жалпы құрылымына түсінік беру;

-         Болашақ жарын таңдаудағы сезім мен сезгіштік қасиеттерін дамыту;

-         Жауапкершілікті қарым-қатынасқа тәрбиелеу.  

Ұйымдастыру кезеңі.

Бейнетаспа тамашалау: «Бақытты отбасы»

Психологтың кіріспе сөзі

Адам ғұмырының мәні – жанұя бақыты. Байлық та, сән-салтанат та, атақ-даңқ, қызмет, марапат та адамды бақытсыздықтан құтқара алмайды. Пендені барлық бақытсыздықтан құтқаратын  жанұя ғана. Ол үшін бас екеу болуы керек.

Ал өз сыңарыңды қалай қателеспей таңдауға болады? Адамзат бұл сұраққа жаратылғалы бері жауап іздеп келеді.

Бір-бірін танымайтын танымы, тәрбиесі, ортасы, мінезі бөлек екі жанның бір-бірін жан ұшыра іздеуі, аңсауы неліктен? Бұл тек адамға ғана жарасқан жан мен тәннің қалауы. Оның аты махаббат. Махаббат –ерекше сезім. Оның күші де, ұлылығы да қайталанбас құдіретінде. Оның ақылға сыймайтын заңдары мен ережеге бағынбайтын кездері аз болмайды. Махаббат – адам санасын өзгертетін ұлы сезім. Адам біреуге ғашық болғанда өзінің мықты екенін дәлелдеу үшін тіпті тау қопарып, тас жарады.

Теориялық бөлім

Сонымен болашақ жартымызды қалай таңдаймыз?

Психолог В. Зацепин, қыздар пысық, алғыр, көңілді, билей алатын, бойы ұзын, әдемі, жігітерді ұнатып, ал жарының еңбекқор, ақылды, шыншыл, адал, салмақты, қамқор етіп елестетеді дейді.

Ал жігіттер әдемі, сұлу, көңілді, биші, әзілді түсінетін қыздармен жүріп, ал жарының адал, әділ, көңілді, еңбекқор болса екен дейді.

Сөйтіп, жастар некеге белгілі бір сапалардың қажет екенін түсінеді. Бірақ, күнделікті қарым-қатынаста сыртқы түр-тұлға,  қызықты көңіл көтеру маңыздырақ болып кетуі көрініс беруде.

Көбіне қыздарды жігіттер таңдайтын сияқты көрінеді. Алайда психологтар таңдауды жігіт емес, қыздар қалайтынын айтады. Шындығында да солай ма? Кім кімді таңдайды? Болашақ жартымызға қалай сүйкімді көрінеміз? Қалай? Ерлерді  тану үшін, онымен соншалықты көп уақыт араласу маңызды емес. Ең маңызды деген нәрселерді сіз бірінші кездесудің алғашқы 10 минутында-ақ оп-оңай біле аласыз. Сүйікті ісі, әдет-дағдысы мен қалауы туралы сұрақтарға жауап алу арқылы, оның әзірге беймәлім мінез-құлқын әп-сәтте біліп алуыңызға болады. Адамдар жалқау, ашушаң, ұрысқақ, қырсық, жігерсіз, көп сөйлейтін адамнан өзін аулақ ұстайды. Қазақы менталитет бойынша жігіт алғаш боп қадам жасап, қызға өз сезімін білдіреді. Оны қыз қабылдай ма, жоқ па – өз еркі. Жігіт қызға деген сезімін ашық білдіреді. Ал қазақ қыздары әлі күнге дейін өз сезімдерін айта алмай ұялады. Сол себепті, өз махаббаттарынан айырылып, жаны күйзеліп, азап шегеді. Әдепті сақтай отырып қыздарымыз ұнаған жігітінің өзіне деген сезімін білдіру, «басын ашып алу» арқылы жан азабынан арыласыз. Ауыр да болса, сізді жігіт қаламаса, сезімді жеңуге тура келеді.Тек аяқ астында тапталып, оған жем болмаңыз. Өмір алда, сізге әлі талай азамат кездеседі. Уақыт бәрін орнына қояды.

Қазақ шежірелерінде әйел, жар – жауға жұмсайтын қарумен тең болған. Тарихқа жүгінсек, әйелдер – ерлердің ақылшы серігі, кеңесшісі. Қазақтар халық болып құралмай тұрып, сонау ежелгі ғұн, сақ дәуірінен-ақ неке мен отбасы мәселесіне, жар таңдау мен жанұяның болашағына айрықша мән берген.

Жас жұбайлардың отбасын құрғаннан кейінгі халық алдындағы борышы – өмірге ұрпақ әкелу және оны тәрбиелеу. Осы орайда халқымыз отбасын құруға байланысты жар таңдау мәселесіне аса мән беріп, «баланың жақсысы – нағашыдан» - деп, алатын жарының текті жерден болуын қалаған. Халқымыз қазақ қыздарының жағымды   мінезін былай көрсетеді: нәзік, әдемі, жұмсақ мінезді, қарапайым, қайырымды, шебер, әдепті. Бұхар жырау жырларында ол былайша көрініс табады:        

Жаман қатын алмаңыз!

Жабыдан айғыр салсаңыз,

Жауға мінер ат тумас.

Жаман қатын алсаңыз,

Топқа кірер ұл тумас.

Абай махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жастарды жұбайлық өмірге үлкен жауапкершілік сезіммен қарауға шақырады. Өзінің «Жігіттер, ойын арзан күлкі қымбат» деген өлеңінде:

  Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

  Кедей қызы арзан деп құмарланба.

  Ары бар, ақылы бар, ұяты бар

  Ата-ананың қызынан ғапыл қалма, - 

Сөйтіп отбасы өмірдің этикасын, ерлі-зайыптылардың бір-бірімен сыйласымды өмір сүруін ескерте келіп, күнделікті тіршілікте кездесетін қиындық атаулыны қол ұстаса отырып жеңе білуге жастардың әзір болуын талап етеді.           

Бұл жолдардан қыз бала тәрбиесіне ерекше қараған халқымыздың  ақылына көркі сай қыз тәрбиелейтінін көруге болады. Қалайда сорыңды емес, бақытыңды қателеспей таңдау мүмкін бе? Әйелдердің жаратылысы туралы ақын аға Қадыр Мырза Әлі көп жырлады. Сұлулығына сұқтанып қараған өлеңінде:

 Бір адамның, бір адамның бақыты ол,

 Мың адамның, мың адамның қайғысы,

 Ажарлы қызды көргенде,

 Ақылды қызды аяйсың, – деді.

Ақылды қыздардың азабы артық, бұл – ақиқат. Жар таңдау туралы батыста бірталай кітаптар жазылды. Маргарита Кент жар таңдаудың жолын көрсетіп берді. Өзгенің ойын біліп, керегін алған артық болмас, бірақ ата-бабалар салған жолдың да бізге берері көп. Отбасы мықты болмай, туысқандық қарым-қатынас әлсірейтінін түсінген олар отбасы және неке құқықтарына ерекше мән берген. Бұл орайда ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан құдалық институттары жұмыс істеген. Құдалық институттардың рәсімдері мынадай: бесік құда – бізге эпостық жырлардан белгілі, кәмелетке толған ұлдарын әкесі «қыз көру», «жар таңдау» атандырған. Бұдан соң үлкендер араласып, құда түскен. Мұны «үкі тағу», қазір «сырға салу» деп атап жүр. Бұдан былай бойжеткеннің басы бос емес дегенді білдіреді. Осылайша 3–5 жыл қалыңдықтың бойжетіп, баланың жігіт болуын күткен. Осы жылдар аралығында жастар бір-бірін тану мүмкіндігі болған. Алайда атастыру, айттыру әрдайым сәтті болмаған, есейе келе бойжеткен не бозбала қарсылығын білдірген. Бұл мәселе ата-аналардың келісімімен қалың мал қайтарылып беріліп, даусыз шешілсе, қайсыбірі трагедиялық  жағдайлармен аяқталып отырған. Қазақ даласында «жер дауы, жесір дауы» жолында мыңдаған адамдар құрбан болғанын білесіздер. Содан болар, «көріп алсаң, көріктіні ал», «көрмей алсаң, тектіні ал» дейді. Құдалық институттардың тәжірибесінде ең алғашқы сауал қалыңдықтың анасына қатысты, «шешесіне қарап, қызын ал» деген қағида әрдайым бірінші орында тұрған. Жар таңдауда болашақ жарыңыздың текті жерден болуы ең алдымен анасына келіп тіреледі. Бұл махаббат буына қанаттанып тұрған екі жасты ойландыра қоймайды. Тоқтаңыз. Ойланыңыз. Біз ата-анасымен бірге тұрмаймыз ғой дерсіз. Иә, солай. Алма ағашынан алманың жемісін, жүзімнен жүзімді ғана аласыз. Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Жарыңыздың басқаша болуын тілесеңіз де, ол анасын қайталайды. Сіз қанша қаласаңыз да, жаратылысты өзгерте алмайсыз. Жар таңдауда ата-ананың, жанашыр адамдардың көмегі аса қажет. Бұл орайда үлкендердің өмір тәжірибесін тыңдасақ, қателеспейміз. Басқа халықтардың салт-дәстүрінде де осындай ұқсастықтар бар. Ежелгі Русьта орыс халқы әскерге бармаған, ата-анасына қайрымсыз, үй салмаған жігітке қызын бермеген.

ХХI ғасырда жар таңдау басқа сипат алды. Таныстыру қызметтері,  газет-журналдар мен интернет-«жеңгетайлар» жар таңдауға көмекке келді. Осы заманғы жеңгетайлардың арасында көңілге қонатыны – жапондардың тәсілі. Олар жастар көп шоғырланған мекемелерде кәмелетке толған қыз-жігіт туралы толық ақпараттар жинайды, әрі бұл шаруамен мамандар айналысады, ата-аналар үнемі хабардар болады.

Егер сіз таңдаған жігіт электронды хаттар арқылы қарым-қатынас жасауды дұрыс көрсе, онда ол «оңайлықпен шағылмайтын жаңғақ» болғаны. Жазғандарын редакциялауға мүмкіндік беретін қарым-қатынасты тандауының өзі оның шын мәнінде қандай адам екенін көрсеткісі келмегендігінен болуы мүмкін. Ал қолма-қол хат алысуды (агент, смс, ICQ, т.б.) қалайтын жігіттер қашанда сіздің ықыласыңыз бен назарыңызды іздейді, оған өзі жайындағы пікір өте маңызды. Сондықтан ол сіздің өзі жайында не ойлайтыныңыз жөнінде сол сәтте-ақ білгісі келеді.

Жар таңдауда бойжеткеннің тегі, анасы қандай адам, ұлты, әлеуметтік жағдайы, тіпті өскен ортасы, жағрапиялық ерекшелігі де рөл атқарады. Әлеуметтік жағдайға келсек, егер сүйіктіңіз ауқатты жердің қызы болса, ертелі-кеш бұл теңсіздіктің басы ашылмай қоймайды. Ақша жүрген жерде тәуелсіздіктен айырыласыз. Жар таңдауда тағы бір сақ болатын жағдай – болашақ әйеліңіздің төркіндерімен алыстан сыйласқан жөн. Қандай ақылды әйел болса да, ұл мен қызыңыз сіздің ата-анаңызды емес, нағашыларын мойындайтын болады.

          Біз сақ пен ғұн секілді әйгілі бабаларымыздың неке тарихына зер сала бермейміз. Мысалы, ежелгі қалыптасқан құқық заңдылықтарында «Махаббат лаулаған от, артында шоғы, уақыт өте келе күлі қалады», «Отбасың көргенді, текті, тәрбиелі, тәлімді болса, өзің де бақытты, қоғам да жақсы», «Дер кезінде тұрмыс құрып, түтін түтетпегендер адамдық міндетінен қашып, парызын өтемеген болып табылады» делінген.

Өмірлік жар табу оңай міндет емес. Біреулерге жүз жігіттің біреуі ғана ұнаса, енді біреулерге бәрінің де бір міні бар сияқты болып көрінуі заңды құбылыс болып табылады. Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек: бірі мамандық таңдау, екіншісі жар таңдау деген қағиданы жастардың арасынан жиі естіп жүрсек те, көп жағдайда албырт сезімдер оларды көптеген адасуларға жетелеп келе жатқаны белгілі. Дегенмен, отбасылық өмірге психологиялық дайындық барлық құбылыстардың жиынтығын біріктіретін интегралды категория:

- тұлғаның отбасылық өмірдегі жұбайы мен болашақ балаларына, жаңа жүйедегі қарым–қатынасқа дайындығы адамгершілік қасиеттерін қалыптастырумен байланысты. Бұл құбылыстар ерлі–зайыптылардың отбасындағы рөлдерімен жүзеге асырылады;

- ерлі–зайыптылардың отбасылық өмірлері дұрыс қалыптасу үшін, олар өзара түсінушілік пен тұлғааралық қарым- қатынасқа психологиялық тұрғыда дайын болуы қажет;

- отбасылық өмірде бір–біріне деген эмпатиялық қабілеттері болу керек. Және де өз сезімдеріне сай жақсы көретін адамына әрекет етулері маңызды рөл атқарады;

- эмпатиялық құбылыс адамның ішкі жан дүниесі мен рухани қасиеттерімен байланысты. Бұл құбылыстың ерекшелігі отбасылық өмір тұлғаның нәзіктік күшін күшейтіп, ерлі–зайыптылардың эмоциялық қабілетін дамытады;

- отбасылық өмірде тұлғаның мінез–құлқында жоғары мәдени эстетикалық сезімдері болады;

- отбасылық өмірде кездесетін тұлғалық шиеленістерді конструктивті іскерлік арқылы шешу;

- ерлі–зайыптылардың тұлғааралық қарым-қатынастарын дамыту үшін жастар  шешу процесін қолдануға болады.

Психодиагностика

Психологиялық сынақ: Өмір, жар, дос

Сіз қандай адамсыз, қалай өмір сүріп жатырсыз, өмірге көңіліңіз тола ма... Өзіңізге беймағұлым өз ішкі жан әлеміңіздегі құпияларды психологиялық сынақ арқылы анықтаңыз. Әр сұрақтың жауабын есіңізге сақтап отырыңыз немесе жазып алыңыз. Жазба соңында жауаптарымен салыстырасыз.

Ну қалың орманды аралап келе жатқаныңызда, алдыңыздан бір күркеше кезікті дейік:

1. Сізше күркешенің есігі қалай тұр? (Жабық не ашық)

2. Үйдің ішіне кіргенде бір үстел көзіңізге шалынды, сізше үстелдің формасы қандай? (Дөңгелек, сопақша, квадрат формалы, тік төртбұріш формалы, үшбұрыш формалы)

3. Үстелдің үстіне бір гүл құмырасы қойылған, бұл құмырада су бар, сізше бұл құмыраға қаншалықты су құйылған? (Толтырылған, орта, су жоқ)

4. Сізше бұл құмыра қандай материалдан жасалған? (Әйнектен, фарфордан, балшықтан, метәл, пластик)

5. Сәлден кейін бір сарқырамаға келесіз, сол арада жарқ-жұрқ еткен бір затты көрдіңіз, ол затты иіліп алсаңыз бір топ кілт тағылған кілтілгіш екен. Сізше онда қанша кілт бар? (Бірден онға дейін)

6. Бұл жерден өтіп, тағы да жолға шықтыңыз, жолдың сорабын іздеп жүргеніңізде алдыңыздан қала қорғаны көзіңізге шалынды, сізше бұл қандай қорған? (Ескі қорған, жаңа қорған)

7. Қала қорғанынң ішіне кіріп жүріп келе жатқаныңызда алдыңыздан бір ластанған малтау көлшігі кезігеді, кенет былғанған көлшік бетінен жалт-жұлт етіпеткен асыл тастарды байқайсыз, сіз бұл асыл тасты қайтесіз? (Аламын, алмаймын)

8. Ластанған көлшіктің қасында тағы бір көлшік бар, бүл көлшіктің суы мөп-мөлдір, бетінде ақша қалқып жүреді, оны сіз теріп аласызба? (Аламын, алмаймын)

9. Қала қорғанының енді бір басында шығатын есік бар, сіз осы есік арқылы қала қорғанынан шығып кеттіңіз. Одан шыққаныңызда үлкен гүл бақшасын көрдіңіз, бақшадан бір сандық көзіңізге түсті. Сізше сандықтың үлкендігі қандай? (Кішкене, орташа, үлкен)

10. Сандық қандай материалдан жасалған? (Қатты қағаздан, ағаштан, металдан)

11. Сандыққа жақын жерден гүл бақшаның ішінен көпір көрінеді. Сізше оны неден салған? (Металдан, ағаштан, өсімдік сабағынан)

12. Көпірдің қасына келгеніңізде бір арғымақты көресіз, сізше арғымақтың түсі қандай? (Ақбоз, күрең, қара)

13. Арғымақ не істеп тұр? (Тынш мүлгіп тұр, жайылып тұр, шапқылап жүр)

14. Арғымаққа жақындау жерде қатты құйын соғып кетті, сіз не істейсіз?

Жүгіріп барып сандыққа тығыламын.

Жүгіріп барып көпірдің астына тығыламын.

Арғымаққа міне қашамын.

Жауап:

1. Есік.

Ашық есік: сіздің қандай іс болса да басқалар мен ортақ игіліктенуді қалайтын адам екеніңізді бейнелейді.

Жабық есік: қандай іске тап болсаңыз да жалғыз өзіңіз шешуді жөн санайтын адам екеніңізді бейнелейді.

2. Үстел.

Дөңгелек, сопақша формадағылар: сізге серік болатын бірнеше достарыңыз бар, сіз оларға өте сенім артасыз.

Квадрат, тік төртбұріш формалылар: сіз дос талғайсыз, тек жақсы танитын адамдарыңызбен ғана дос бола аласыз.

Үшбұріш формалылар: сіз өте қазымыр адамсыз, сондықтан досыңыз көп емес.

3. Құмырадағы су.

Құрғақ: сіз көз алдағы тұрмысыңызға риза емессіз.

Орташа су: сіздің тұрмысыңыз сіз армандаған тұрмысқа жартылай болса да жақын.

Толы су: сіз қазіргі тұрмысыңызға өте ризасыз.

4. Құмыраның материалы.

Әйнек, фарфор, балшық: сіздің тұрмыста дәрменсіз, басқалардың көмегіне мұқтаж екеніңді бейнелейді.

Метал, пластик: сіздің тұрмыста мықты адам екеніңізді бейнелейді.

5. Кілт.

Тек бір ғана: сіздің тек жалғыз досыңыз ғана бар.

Бірден беске дейін: сіздің бірнеше досыңыз бар.

Алтыдан онға дейін: көптеген достарыңыз бар.

6. Қала қорғаны.

Ескі қорған: сіздің өткен өміріңізде араласқан достарыңыз жайлі көңілсіз, еске алуға татымайтын істер болған.

Жаңа қорған: сіздің өткендегі достарыңызбен болған тамаша қарым-қатынас сезіміңіз жүрегіңіздің түпкірінде сақталған.

7. Лас көлшіктегі асыл тас.

Алған болсаңыз: сіздің өмірлік жарыңыз қасыңызда болса да, сіз басқаларға қырындайсыз.

Алмаған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз қасыңызда болса, сіз тек осы адаммен бірге боласыз.

8. Мөлдір көлшіктегі ақшалар.

Алған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз сіздің қасыңызда болмаса, сіз маңайдағыларыңызбен жақсы боласыз.

Алмаған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз сіздің қасыңызда болмаса да, сіз оған мәңгі адалсыз.

9. Сандықтың үлкен-кішілігі.

Кішкене: жауапкерсіз.

Орташа: мәлім мөлшерде жауапкершілік бар.

Үлкен: жауапкершілігі күшті.

10. Сандықтың материалы.

Қатты қағаздан, ағаштан (сырты жарқырамайды): сіз кішпейіл жансыз.

Металл: мақтаншақ әрі тоңмойын жансыз.

11. Көпірдің материалы.

Металл: достарыңызбен өте жақын, қою байланыстасыз.

Ағаш: достарыңызбен белгілі дәрежеде байланыстасыз.

Өрім: сіздің айналаңызда ешқандай досыңыз жоқ.

12. Аттың түсі.

Ақбоз ат: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде кіршіксіз әрі ардақты.

Күрең арғымақ: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде әдеттегідей ғана.

Қара тұлпар: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде тым жақсы емес тіпті жаман болу мүмкін.

13. Аттың қимылы.

Тыныш тұрған не жайылып тұрғанды таңдаған болса: сіздің қосағыңыз үйдің қамын жейтін кішіпейіл адам.

Шапқылағанды таңдаған болса: сіздің қосағыңыз тұрпайы адам.

14. Ең соңғы әрі ең маңызды сұрақ, иә, әңгіменің аяғы боран соққанға келді, сол жағдайға не істедіңіз:

Жүгіріп барып сандыққа тығыламын.

Жүгіріп барып көпірдің астына тығыламын.

Арғымаққа міне қашу.

Қазір біз бұл заттардың нені бейнелейтініне қарайық:

Соққан құйын: сіздің өміріңіздегі қиыншылық.

Сандық: өзіңіз

Көпір: досыңыз

Жылқы: өмірлік қосағыңыз.

Сандыққа тығылу: қандай қиыншылыққа кездессеңіз де жалғыз өзіңіз қарсы тұрасыз.

Көпірдің астына бару: мейлі қандай уақытта қандай қиншылыққа жолықсаңыз да достарыңызбен бірге шешесіз.

Тұлпарды таңдаған болсаңыз: қандай қиыншылық, боран-шашынды күнде де өмірлік қосағыңызбен бірге өткізесіз.

 Практикалық бөлім

         1 жаттығу. «Қарым-қатынас шкаласы»

Ойынның шарты: Топ шартты түрде сахнаға және көрермендерге бөлінеді. Қатысушылардың бір бөлігі, яғни 10 шақты адам, өздерінің «сахнадағы» орындарына барып тұрады. Жүргізуші оларға алдарында еденде ойша шкала (шәкіл) салынып тұрғанын түсіндіреді. Сол жақ бөлігінің ең шегі нөлдік белгіге тең. Ал оң жақ бөлігінің шегі көрініс белгісінің әсіре білінуі – 100.

Жүргізуші қатысушылар тобына қандай да бір пайымдауды айтады және олардан айтылған пікірге келісе ме, келіспей ме сәйкес түрде жаңағы ойша сызық бойымен орналасуларын сұрайды.  Егер пайымдаумен толық келіссе, онда олар оң жақ шеткі нүктеге барып тұрады. Егер пайымдау миға сыйымсыз, мүлдем жарамсыз болып көрінсе, яғни олар сол жақтағы ең шеткі нүктеге орналасады. Басқа қалған келісемін-келіспеймін реңктері – 0 ден 100-ге дейін орналасу.  Жүргізуші пайымдауды айтқаннан кейін оларға ойлануға сәл уақыт береді және қатысушылар шкала бойымен өз орындарына жайғасады. Осыдан кейін жүргізуші әрқайсынан не себепті осы орында тұрғанын түсіндіруін сұрайды.

Пайымдау мысалдары:

- Келісесіз бе, жұбайлық өмірдің басы қатты болса, аяғы тәтті болады

- Баланы жастан, әйелді бастан.

- Сұлу сұлу емес – сүйген сұлу

- Үйлену – оңай, үй болу – қиын

- Жақсы әйел, жаман еркекті би етеді. Жаман әйел, жақсы еркекті құл етеді.

- Қырсыққан қыз бай таппас, қырсыз жігіт мал таппас.

- Жаман қатын алғанның, жауы үйінде. Екі қатын алғанның, дауы үйінде.

- Төркіні жақын әйелдің төсегі жиылмайды.

- Еркектердің негізгі жауапкершілігі – отбасын ақшамен қамтамасыз ету.

- Ата-анадан жар жақын.Туысқаннан мал жақын.

- Үйді қырық еркек толтыра алмайды, бір әйел толтырады.

- Келіннің сөзі кетпендей, Баланың сөзі батпандай.

- Өзің сүйгенді алғанша, өзіңді сүйгенді ал.

- Келін жаман емес, келген жері жаман.

- Әйел жомарттық қылғанда, еркек сараңдық қылғаны өлім.

- Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық

Қорытындылау. Талқылайтын сұрақтар: Қарым-қатынас адамның эмоционалдық-сезімдік әлеміне әсер ете ме? Иә десеңдер, қалай? Сіздердің бастарыңызда қарым-қатынас басқа адам туралы пікіріңізді бұзған жағдайлар болды ма? Осындай жағдайдан қалай шықтыңыз? Сіздің үлгіңіз басқаларға сабақ бола ала ма немесе бұл өзгеше жеке бас жағдайы ма?

Факторлар: отбасымен жұмыс, жаңа құрылымдар (өзіндік сәйкестену)

2-жаттығу. «Эмоциялар шкаласы»   

Кіріспе бөлім. Адам аралық қатынастардың ерекшелігі олардың эмоционалды болуында. Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір-біріне болған айрықша сезімдер мен ықыластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субьектив сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келе бермейді. Олар әрқашан адамның көңіл-күйіне байланысты, бір адамның екінішісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп тұрады. Көңіл-күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келеді: бүгінгі тәп-тәуір сыйлы қатынас күн өтпей-ақ кері сипатқа енуі баршаға аян құбылыс.

Қатысушыларға белгілі бір мінез-құлық сапалары мен эмоциялардың отбасы қарым-қатынасында көрініс беруіне сәйкес ойша сызылған шкаладағы өз орнын белгілеу ұсынылады. 

Негізгі бөлім. Қатысушыларға жұп қасиеттер беріледі: шыдамды – шыдамсыз; бағалауда жұмсақ – қатал; кешіруге дайын – бірбеткей ымырасыз; байсалды – ашуланшақ; жылы шырайлы – агрессивті; ілтипатты – немқұрайлы;  қамқор – өзімшіл; ашық – жабық (эмоцияларының көрінуінде, пікір айтуда); парасатты – қызба; сараң – жомарт.

Әр қасиеттер жұбы оқылған сайын жүргізуші қатысушылардан «шкалада» өз орнын тауып орналасуды сұрайды. Шкала көрсеткіштері – алдыңғы жаттығудағыдай: 0 ден 100-ге дейін. Тағы бір нұсқасы ретінде қатысушыларға қайрадан «мінсіз» таңдау жасауды ұсынуға болады. Бұл оларға болғанын қалау мен шынайылықтың арасындағы елеулі айырмашылықтың себебін айқындай білу мүмкіндігін береді.

Қорытындылау: Отбасындағы өзара қарым-қатынасқа эмоциялар қалай әсер етеді? Қандай да бір отбасылық жағдайларда өз эмоцияңды қысып ұстауға бола ма? Оны жасау керек пе? Егер керек десеңіздер, қалай? сұрақтары талқыланады.

Факторлар: отбасылық қарым-қатынас, әлеуметтік өзара әрекеттестік.

3-жаттығу. «Кездейсоқ танысу»

Жағдай 1. Жігіт қызбен танысқысы келеді, қыз бас тартады. Жігіт қайтсе де оны жаулап аламын деп мақсат қояды. (гүл,мейрамхана, киноға билет, т.б.)

Жағдай 2. Қыз көшемен келе жатып, оқыс жас жігіттің портмонесінен ұсақ тиындары жерге шашылып қалғанын көрді.

Жағдай 3. Ол – ішкі істер орган қызметкері. Ол тұратын үйде әп-әсем көрші қыз тұрады. Ол қыз қылмыстық топқа тап болып, өзгере бастады.

Жігіт қызды дұрыс жолға салуды мақсат етеді.( Ойнап көру: қызға қылмыстық айғақтарды тығуды, т.б. көмек ұсынады, сөйтіп жұмысынан айрылып қалуы да мүмкін) қалай ойлайсың, қыз оған тұрмысқа шыға ма?

Одан кейін жағдаяттарды талдау:  қаншалықты тез эмоционалдық контакт жүзеге асты, «сезімнің шынайылығы: қызығушылық «қақпандары», адамшылық, жалған көкіректену, намыстану, жолы болу, актёрлік, жеңілтектік, пайда көру.

Үйге практикалық тапсырма «Жар таңдау».

Отбасы құру үшін лайық  жар  портреті: «нағыз жігіт» пен «нағыз қыз» сапалары. Болашақ жарыңда болса деген Нағыз қыз, Нағыз жігіт сапаларының тізімін құр.

Нәтижесін сыныпта талдау: «Осы сапалар отбасылық өмірде қажет пе?

Рефлексия.

Бақытты отбасы болу арманына жету үшін не істеуім керек?

 

 

 

19-сабақ

БОЛАШАҚ ОТБАСЫНЫҢ ӘДЕП НЕГІЗДЕРІ

 

Мақсаты: Болашақ отбасындағы әдеп негіздері құндылықтарын өзектендіру

Міндеттері:

-         Болашақ отбасында әдеп негіздерін қалыптастыруға ықпал ету;

-         Отбасы қарым-қатынасы әдебі туралы түсініктерін дамыту;

-         Отбасы қызметі маңыздылығына тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Бейнетаспа тамашалау «Менің болашақ отбасым»

Кіріспе сөз

Отбасы, жанұя, үйелмен деген атаулар бір мағынаны береді.

Мәселен, “Отбасы – жанұя, үй деген сөздің синонимі”, яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар.

         “Жанұя - өмірдегі туысқандық қарым – қатынастық ортақ белгісі”

         “Үйелмен – ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы”

         “Отбасы – некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы” 

Осы анықтамалардан түйіндейтініміз – адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.

Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол - отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ. Отбасы шағын (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады:

-репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);

-экономикалық (өндіру және тұтыну);

-қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау);

-тәрбиелік (балаларды оқыту-тәрбиелеу);

-эмоциялық (ерлі – зайыптылардың бірін-бірі сүюі, сыйлауы, түсінісуі);

-әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б. баулу).

Отбасының өзінің тарихи өзгерісіне байланысты бұл функциялардың арақатынасы да өзгеріп отырады.

         Отбасында адам өмірге келеді, тәй-тәйлап басады, бірінші қуанышы мен қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан үлкен өмірге аттанады. Осы жерде көптеген сұрақтар туындайды. Олар:

Отбасы деген не?

Оның мәні неде?

         Қоғамда қандай рөл атқарады?

         Әр адамға не береді?

Теориялық бөлім

Осы сұрақтарды жан-жақты қарастырып, шешу кезінде көптеген ойшылдар, ғалымдар атсалысқан. Мысалы: ежелгі грек ойшылы Платон «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» деген екен. Ал, Аристотель болса, «отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған.

Классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасы мәселесін қарастыра отырып, ондағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген.

Фихте отбасының негізі-махаббат десе, Гегель бірінші болып отбасы мен некенің тарихи формаларын көрсеткен.

Бір жағынан отбасы - адамдардың өзінің ішкі өмірін, құпияларын, сырларын, қарсы тұрған сыртқы әсерлерден қызғанышпен қорғайтын тұйық бірлестік. Егер отбасының ішкі өмірін қоғамға ашық етсе, онда ол бірден ыдырап, күйзеліске ұшырауы мүмкін, ал екінші жағынан, отбасы адамдардың қоршаған ортаға, қоғамға ашық, айқын бірлестігі. Мұндай отбасыда өз мәселелері қоғам мәселелерімен қатар қарастырылып, шешімі де ыдырамайды. Керісінше, отбасының дамуына қауіпсіздік және сақтану сезімдерін қамтамасыз ететін мүмкіндік туғызады.

         Қандай да тұйық, жабық отбасы болғанымен ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Өйткені оның мүшелері жан-жақты әлеуметтік топтарға, яғни өндірістік, оқу ұжымдарына, балалар ұйымдарына, қоғамдық ұйымдарға, сонымен қатар сауда, денсаулық орындарына қатысты, ондағы адамдармен тығыз байланыста болады.

Сонымен қатар отбасы қоғамдық қарым-қатынасқа оның барлық өмірінің үрдісіне ықпалын тигізе алады. Отбасы адамдарға қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, бірқатар әлеуметтік функциялар орындалып, қоғамның әлеуметтік құрылымы, бір элементі болып табылады.

Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасында: әйелі мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңлілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасында ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайындар мен балдыздардың рөлі қосылады.

         Отбасындағы ата мен баланың қарым-қатынасына ешкімнің күмәні жоқ. Ана баланы өмірге әкеледі, ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді, өсіреді. Ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Біреулер балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоционалдық көмекте дейді, ал үшіншілері «Әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы - олардың анасын сүюі» деген ойда. Қалай болса да әкенің рөлі ананың рөлінен кем болмауы керек. Ол тек әр адамның жауапкершілік сезіміне байланысты болады.

         Ғалым-педагогтар мен психологтардың ойынша балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т.б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады.

         Сонымен отбасының өзіндік даму тарихы бар. Отбасы - кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда. Ертеде отбасын құру - күнкөріс қамынан, ерлі-зайып қатынасынан, ұрпақ әкелуден туындаған.

Бүгінде отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу.

         Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сипатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.

Психодиагностика

Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы. Faces-3 сауалнамасы

Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы қалыпқа түсірілген сауалнама, мақсаты-отбасы құрылымын бағалау. Сауалнама авторлары

Д.Х. Олсон, Дж Портнер, И. Лави. 1986 жылы алғаш бейімдеуге М. Перре ұсынған

Сұрақнамада отбасы мінез-құлқын үш негізгі шамада: топтасуы, бейімделуі және қарым-қатынасын жинастыра «дөңгелек моделі» қарастырылады.

^ Отбасы топтасуы: отбасы мүшелерінің эмоционалды көңіл-күйде бір-бірімен байланысуы, оған мынадай белгіде көрсеткіштер: эмоционалды байланыс, отбасылық шекара, уақыт, шешім шығару, достары, қызығуы мен демалуы қарастырылады.

^ Отбасы бейімделуі: Отбасы мүшелері стрестік жағдайға қаншалықты икемді (иілгіш) немесе кертартпалық қасиеттері бойынша бейімделуі

         Сауалнама авторлары теңдестікте және соңғы деңгейдегі отбасы топтасуын және бейімделуін анықтауда-отбасы жүйесінде қызметтің жетістігін көрсетеді.

Сауалнаманы жүргізер алдында түсіндіріп өтеді. Ал орындау барысында кездескен сауалнамадағы түсініксіз жерлерді, психолог қосылмай өзара түсіндіруіне мүмкіндік туғызғаны жақсы.

Мақсаты: қарым-қатынас ерекшелігін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

         Әдістеме сипаттамасы: Сауалнаманың жауабын бекітуі 5 ұпайды шкаладан тұрады.

Ешқашанда-5

Сирек-4

Оқтын-оқтын-3

Жиі-2

Барлық уақытта-1

Нұсқау: Бұл әдістеме екі рет қолданылады: біріншіде сіз «шынайы» өміріңізде отбасы мүшелерін қалай бағалайсыз, екінші қандай болса деп өзгеруін армандайсыз «идеалды»деңгейде бағалауға әкелдіру, екеуінде де осы сұрақнама беріледі.

^ Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы.

 «А» нұсқасы – шынайы өміріңізді бағалап жазуыңызды өтінемін.

 «В» нұсқасы – идеалды өмірін жазуын сұрау.

        Сауалнама

1.Бізде отбасы мүшелері бір-бірінен көмек сұрай алады.   

2.Мәселені шешу барысында балалардың ұсыныстары да ескеріледі.  

3.Біз достарымыздың отбасы мүшелерін мақұлдап, қолдап отырамыз 

4.Балалар өз еріктерінше дербес мінез-құлық түрлерін таңдай алады.  

5.Біз өз отбасымызбен ғана тар шеңберде қарым-қатынасқа болғанды жоғары бағалаймыз        

6.Бізде кез-келген отбасы мүшесі көшбасшы бола алады.  

7.Біздің отбасы мүшелері өз ортамызға қарағанда, бөгде адамдармен етене жақын болады.     

8. Біздің отбасымызда күнделікті айналысатын тірлік өзгеріп отырады.        

9.Біз бос уақытымызды бірге өткізуді ұнатамыз       

10.Отбасында жаза қолдану ата-ана мен балалар арасында бірге талқыланып отырады   

11.Отбасы мүшелері бір-біріне өте жақын екендігін сезінеді.      

12.Біздің отбасымызда шешімді көбінесе ата –анамыз шығарады.       

13.Отбасылық мерекелерде барлығы бірге болып, қатысуға ат салысады.     

14.Біздің отбасындағы ереже өзгеріп отырады.

15.Біздің отбасында қалай бірге отырып, шешім шығаратынымызды елестету қиынға түседі        

16.Отбасында күнделікті орындалатын жауапты әрекеттер әрдайым бір-бірімізге ауысып отырады.   

17.Біз шешім шығарарда бір-бірімізбен ақылдасып, кеңесеміз.   

18.Отбасында кімнің көшбасшы екенін айту қиын.   

19.Бірлік –отбасымыз үшін маңызды      

20.Отбасы мүшелерінің үйде кім қандай жұмысты атқаратыны туралы айту қиын

Өңдеу және нәтиже көрсеткіштері:

^ Отбасы құрылымының түрлерін анықтау. Өңдеу барысында жұп және тақ сандар бойынша нәтиже көрсеткіші жеке қосылады. Тақ сандар нәтижесі қосындысы –отбасы топтасуын білдіреді, ал жұп сандар отбасы бейімділігін анықтайды. Отбасы жүйе түрлерін екі жақтың топтасу мен бейімделу қосындысын ала отырып, бағалауды қалыпқа сай көрсеткіштерде берілген.

^ Отбасы өміріне қанағаттану деңгейін анықтау. Екі жауаптың реалды және идеалды бағалау айырмашылығынан байқалады. Қазіргі таңда эмпирикалық нормада реалды және идеалды көзқарас арасында көп алшақтық байқалмайды. Жоғары бағалау отбасында төмен қанағаттану деңгейін білдіреді. Топтасуы мен бейімделу арасында алшақтықтың болуы мүмкін, нәтижесінде отбасы қанағаттану деңгейін бақылаймыз. Әдістемені кеңінен қолдану мүмкіндігіне, диагностикалық шек шкаласы Белгілер: х- орта көрсеткіштер

Sd- қалыпты ортадан төмен ауытқу

Шкаланы бағалау көрсеткіштері

Диагностикалық көрсеткіш

№ бекітуі

Шкала

1

Эмоционалды байланыс

1,19,11

Отбасылық

топтасу

Отбасы шегі

5, 7

Шешім шығаруы

17

Уақыты

9

Достары

3

Қызығуы мен дем алуы

13,15

2

Көшбасшылық

6,18

Отбасылық

бейімделу.

Бақылау

2,12

Тәртіп

4,10

Ролдер

8,16,20

Ереже

14

Практикалық бөлім.

1-жаттығу «Түпнұсқалық өнім».

Негізгі бөлім: «Ертегілер орманы» шағын-фестиваліне түрлі кино өндірісі фирмалары танымал сарын бойынша түсірілген фильмдердің өз нұсқаларын ұсынады. Мысалы, «Қызыл телпек» ертегісінің сарынымен. Барлық фестивальға қатысушылар үш киностудияға бөлінеді. Біріншісі – «Қызыл телпекті» қорқынышты фильмдер стилінде қойған америкалық кинофирма. Келесі кинофирма – француздық. Ол «Қызыл телпекті» нәзік, романтикалық оқиғасымен, арасында драмалық уақиғаларымен, бірақ соңы сәтті аяқталған мелодрама ретінде ұсынады. Үшінші фирма, Италиядан келген кинофирма, «Қызыл телпектің» детективтік нұсқасын, яғни атыс-шабыс, мафия, қызыл телпек киген шаршамайтын, тіміскі журналистері бар нұсқаны ұсынады. Әр студияның өз кинолентасын көрсетуге дайындалуына 20 минут уақыты бар. Рөлдерді бөліп беру, фильмнің желісін құру және негізгі безендірулерді дайындау керек. Сонан кейін кезекпен фильмдердің көрсетілімдері жүреді.

Қорытындылау. Жалпы талқылау жүреді және жаппай дауыс беру арқылы бірінші орын беріледі. (шапалақ ұру арқылы анықтауға да болады)

Факторлар: ішкі ресурстарына қолжетімділік (креативтілік, зияткерлік ресурстар)

         2 жаттығу «Әртістік шеберлік».

Жүргізуші: «Орындарыңда отырып, серіктесіңіз сол жақ көршіңіз немесе оң жақтағы көршіңіз болатындай жұпқа бөлініңіздер. Әр жұптағы рөлдерді:  біреуіңіз – режиссер, екіншісі – әртіс болып бөлісіп алыңдар. Режиссер заттанған босаңсу түрін және затты ойлап табады, мысалы: қатты пісіп кеткен немесе бұтақтан үзіліп түсейін деп тұрған алмұрт; алып маятник; жанартау бөктерімен жылжып ағып келе жатқан жұмсақ, жылы лава; еріп жатқан май. Режиссер бар қиял күшін салып, өзін осы затқа айналдыра алу керек, қысқасы, сол көрінісімен әртістің көзін жеткізіп, тарту үшін бар күшін салуы керек. Әртіс режиссер тапсырған кейіпке кіріп, төселуі керек. Жаттығуға бірнеше минут уақыт беріледі.

Жаттығу орындалып болғаннан кейін режиссерлар мен әртістер орын ауыстырады».

Қорытындылау. Қатысушылар пікір алмасады және кім жаңа түрге енуде көбірек жетістікке жетті және қалай екенін әңгімелейді.

Факторлар: ішкі ресурстарына қолжетімділік (сензитивтілік, креативтілік, зияткерлік ресурстар).

         3-жаттығу. «Ермексаз»

Мақсаты: Бір-біріне деген сенім мен қолдау дағдыларын игеру немесе қалыптастыру.

Шарты: Қатысушылар шеңбер бойымен барынша тығыз орналасып,  тұрады. Содан кейін қатысушының бірі шеңбер ортасына шығып, барынша босаңсуға тырысады. Қалғандары алға қарай қолдарын созып, ортада тұрған адамды оңды-солды құлап қалмайтындай демей отырып, теңселтеді. Осындай «рәсімнен» кезекпен барлығы да өтуі керек. Қатысушылар тым көп деп есептесеңіз, екі шеңберге бөлуге болады.

Қорытындылау:  Кім шындығында, босаңси алды, қысымын шығарды,  қорықпай құлай алды, яғни топқа сенім артты сұрақтары талқыланады. Неліктен кейбіреулер толық босаңси алмады және топқа сенім білдірмеді? Мұндай сенімсіздіктің себебі неде?

Факторлар: базалық иелену (сенімділік)

Рефлексия.

-         Отбасы деген не?

-         Оның мәні неде?

-         Отбасы әдебі дегенді қалай түсінесіңдер?

 

 

 

20-сабақ

ОТБАСЫЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР

 

Мақсаты: Отбасылық қарым-қатынастағы психологиялық факторлардың рөлін  өзектендіру.

Міндеттері:

-         Отбасылық қарым-қатынастағы психологиялық факторларға сындарлы келу мүмкіншілігіне ықпал ету;

-         Отбасылық қарым-қатынас үшін психологиялық факторлар құндылығын белсендіру;

-         Ерлі-зайыптылық өмір құруда психологиялық факторларды ескеру маңыздылығына тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Бейнетаспа тамашалау

Теориялық бөлім

Отбасылық қарым-қатынастағы отбасы жұптарының  бірлескен өмірге қанағаттануының бірнеше факторларын айтып өтуге болады:

- Махаббаттың және нәзік сезімдердің ашық көрінуі;

- Ортақ қызығушылықтар мен құндылықтар;

- Өзара сенім және сыйласу;

- Алыс-беріс қабілеттілігі;

- Бір-бірінің мұқтаждықтары мен тілектеріне қамқорлықпен қарау;

- Үстемдік жасау, билік құру ниеті жоқ қарым-қатынас; 

- Әзіл-оспақты түсіне білулері жақсы жетілген;

- Ойын элементтерін қолдану, бірлесіп көңіл көтеру;

- Балаларды сүю және олардың өміріне қызығушылық таныту. 

Қазіргі уақытта жастардың отбасына және некеге деген қатынастары ерекше сипатта болып отыр. Өйткені көптеген бүгінгі жастар өз әріптестерімен қарым–қатынасқа түсуге, істі жауапкершілікпен орындауға үйренбей жатып, ойланбастан неке құруға асығыс шешім қабылдайды. Нәтижесінде неке туралы пікірлері мен сенімдері дұрыс болып шықпайды. Көптеген зерттеулерде көрсеткендей, неке сәтті болуы үшін жастар жауапкершілікті ең басты орынға қоюлары керек. Кейбір жастар ерлі–зайыпты өмірдің бірінші жылында стресстік жағдайларға ұшырап, өмірлік қиындықтарға толық дайын емес болып шығады. Мұның салдарынан жас отбасылар дағдарысқа ұшырап, ажырасулар көптеп белең алып кетеді. Осы орайда, «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген нақыл сөзі еріксіз еске түседі. Алып ұшпа-сезімдерінің салдарынан жастардың бір-бірінің өміріне жауапсыздығы белең алып, «әкесіз бала», «жалғызбасты ана» деген ұғымдар белең алып отырғаны кімді де болса ойландырады.

Отбасының беріктігі көптеген факторларға байланысты деп тұжырымдауға болады. Өйткені, отбасын күрделі психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері бар қарсы жынысты тұлға құрады. Некеде болатын адамдардың әлеуметтік–психологиялық қарым–қатынасы толығымен кемелденген болуы керек. Психологиялық кемелдену эгоизм мен агрессивтілікті жойып, керісінше ерлі–зайыптылардың қарым–қатынасының үнемі өзіндік жетілуіне бағыттала отырып, өзіндік қателіктерін сезінуге қабілеттілігін арттырады.

Отбасын құруда жастардың, болашақ  ерлі – зайыптылардың  бір–бірін  толық  танып,  бір–бірімен  жақсы  түсіністік  қарым – қатынаста  болу  өте маңызды.   Отбасының  берік  болуына  —  болашақ  ерлі – зайыптылардың  отбасында  болатын  қиыншылықтарды  алдын – ала  біліп,  саналы  түрде  сол қадамды  нық  басып, отбасының  жақсы  және  берік  болуына  үлесін  қосуға  бел  буу  қажет. 

Психодиагностика

Қарым-қатынас бағдарын анықтау әдістемесі (В.В. Бойко)

Нұсқаулық. Сіз төменде ұсынылған пікірлердің әрқайсысын оқисыз және олармен өзіңіздің келісетініңізді немесе келіспейтіндігіңізді білдіре отырып «иә» немесе «жоқ» деп жауап бересіз. Сұрақ нөмірлері мен сіздің жауаптарыңыз тіркелетін қағаз парақтарын қолдануды ұсынамыз: сосын біздің ары қарай анықтауымызда өзіңіздің жазбаңызға қарайсыз. Мұқият және шынайы болыңыздар.

 Сауалнама

1.                 Адамдармен қарым-қатынастағы менің қағидам: оған сен, бірақ тексер.

2.                 Адам туралы жаман ойлап барып қателескен артық, керісіншіден гөрі (жақсы ойлау, кейін қателесу).

3.                  Жоғары шенді лауазымды адамдар, қалыптасқан пікір бойынша ептілер және қулар.

4.                 Заманауи жастар махаббат сезімін терең сезінуді жоғалтқан.

5.                 Жыл өткен сайын мен тұйық болып келе жатырмын, өйткені өзімнің сенгіштігімнен жиі сан соғып қаламын.

6.                 Білуімше, кез-келген ұжымда көре алмаушылық немес түртпектеу болады.

7.                 Көптеген адамдар басқаларға деген жанашырлықтан жұрдай.

8.                 Мекемелердегі көптеген жұмысшылар мен қызметкерлер көлденең жатқан нәрселердің бәрін қыстырып кеткісі келеді.

9.                 Бүгінде көптеген жасөспірімдердің бұрынғыларға қарағанда тәрбиесі нашар.

10.            Менің өмірімде арсыз адамдар жиі кездесті.

11.            Кейде былай болады: адамдарға жақсылық жасайсың, ал сосын өкінесің, өйткені олардың рахметі жоқ.

12.            Қайырымдылық тек жұдырықпен жасалады.

13.            Біздің халықпен жақын болашақта бақытты қоғам құруға болады.

14.            Өзіңнің айналаңда ақылдылардан гөрі, ақымақтарды жиі көресің.

15.            Көптеген адамдар іскерлік қарым-қатынаста, өздерін ар-ұяты бар парасатты адам ретінде көрсетеді, ал бірақ олар шын мәнінде басқаша.

16.             

17.            Мен өте сенгіш адаммын.

18.            Аңдар емес, адамдардан қорқу керек деп есептейтіндер дұрыс айтады.

19.            Біздің қоғамымыздағы рақымшылдық жақын болашақта алдамшы елес болып қалады.

20.            Біздегі ақиқаттық болмыс адамды стандартты, сезімсіз етеді.

21.            Айналамдағы адамдардың тәрбиелілігі – сирек қасиет.

22.            Өтіп бара жатқанның өтінішімен ақшасына телефон-автомат жетонын айырбастап беру үшін үнемі қажет болғанда тоқтаймын.

23.            Көптеген адамдар өздерінің жеке пайдасы үшін адамшылыққа жатпайтын қылықтар жасауға дайын.

24.             Жұмыста адамдардың көбіне-көп бастамашылдығы (жұмысты үйіріп әкету қабілеті) жоқ.

25.            Көптеген қарт адамдар өзінің ызасын әркімге көрсетеді.

26.            Көптеген адамдар бір-бірін өсектегенді ұнатады

Нәтижелерін өңдеу:

Жағымсыз бағыт-бағдар белгілері

1. Адамдарға, олар туралы пікірлерге қатысты бүркемелі қатыгездік:  1 – иә (3), 6 -иә (3), 11-иә (7), 16 -жоқ (3), 21 -жоқ (4). Жақшада сәйкес нұсқаға есептелетін ұпай саны көрсетілген.

Ең жоғары ұпай саны – 20. Ұпай саны көп болған сайын адамдарға қатысты бүркемелі қатыгездік айқын көрініс беретінін білдіреді. 

2.  Адамдарға қатысты ашық қатыгездік: 2  -иә (9), 7  -иә (8), 12  -иә (10), 17  -иә (10), 22-иә (8). Сізде мүмкін болған 45 баллдың қаншасы анықталды?

3. Адамдар туралы пікіріндегі дәйекті мойындамаушылық: 3 -иә (1), 8 -иә (1), 13 -жоқ (1), 18 —иә (1), 23 —иә (1). Ең жоғары ұпай саны – 5, бұл ұпайды жинап алудың еш әбестігі жоқ. 

4. Күңкілдеу, яғни серіктестермен өзара қарым-қатынас аймағында және әлеуметтік шынайылықты бақылау барысында жағымсыз фактілерді дәйексіз жалпылауға бейімділік:  4 - иә (2), 9 - иә (2), 14 - иә (2), 19 - иә (2), 24 - иә (2). Жоғары ұпай саны -10. Ал сіздің күңкілдеуіңіз қандай деңгейде?

5.  Қоршаған ортамен қарым-қатынастағы жеке дара жағымсыз тәжірибесі: 5 —иә (5), 10 -иә  (5),  15  - иә  (5),  20  - иә  (4),  25  - иә (1).  Болуы мүмкін 20 ұпайдың қаншасын жинадыңыз?

Егер сіз жалпы орта 33 балл жинасаңыз, ол серіктестеріңіздің хал-жайына жағымсыз әсер ететін ашық көрінген негативті қарым-қатынас бағдарыңыздың барынан хабардар етеді.  

Практикалық бөлім

1-жаттығу. ««Менің отбасым–қазір және ертең»

Кесте арқылы қазіргі отбасы (ата-анасымен бірге) қандай және болашақтағы отбасы қандай болатыны туралы пайымдаулар жазылады. Пайымдаулар саны шектелмейді. Соңында өз еріктеріне байланысты салыстырмалы түрде «оң», «теріс» жақтары талданады. Мысалы, «қазіргі менің отбасымда жалғыз бала – мен ғана, болашақта менің отбасымда бала көп болғанын қалаймын» т.с.с.

Факторлар: отбасымен жұмыс, жаңа құрылымдар (өзіндік сәйкестену)

2 жаттығу. «Өзара түсіністік».

Сіздердің әрқайсыңыз (сіз және серіктесіңіз) сіздің ұстанымдарыңыз бен өмірлік бағыттарыңызды сипаттайтын келесідей 10 пікірді оқып шығуы керек. Бұл сіздердің отбасындағы қарым-қатынастан күтетіндеріңіз.

Дәптерде жазылған пікірлердің тұсына сіз үшін «дұрыс» немесе «дұрыс емес» белгісін қойып шығыңыз. Ол сіз үшін.

Сөз орамдары:

1. Отбасында еркектер мен әйелдер тең құқылы. Бірақ жауапты шешімдерді ер адам қабылдау керек.

2. Егер ер адам өз әйелінен кем табыс тапса, онда ол жолы болмайтын бір бейбақ.

3. Әйел адам табиғатынан нәзік, сондықтан да отбасында оны еркек басқаруы керек.

4. Отбасында әйел үшін ең маңыздысы – мықты, тәуелсіз болу және кикілжің кезінде өз көзқарасын берік ұстауы крек.  

5. Отбасы бюджетін еркек басқару керек. Егер басқармаса – ол қуыс кеуде.

6. Әйелге тән биязылық — бұл бәрінен бұрын көнгіштік, шыдамдылық және  жұмсақтық.

7. Егер әйелге басқа еркектер көз салса, онда оған қарапайымдау киіну және өзін тым заманауи ұстамау керек.

8. Егер отбасында балалар пайда болса, онда ата-аналары өздерінің жеке қанағаттануы мен көңіл көтерулерін бірнеше жылға ұмыту керек болады.

9. Егер еркек жұмысын одан гөрі еңбекақысы жоғары жұмысқа ауыстыруға талпынбаса, онда ол жауапсыз отағасы.

10. Егер балалы отбасында ата-аналар бірін бірі сүюден қалса, онда олар балалар үшін отбасын қайткен күнде сақтауы керек.

Келесі кезең.   Оқып шықтыңдар, дұрыс немесе дұрыс емес деп жаздыңдар, енді бір-бірлеріңізге жазғандарыңызды көрсетіп, салыстырып, талқылауға кірісіңіздер.

          3-жаттығу «Екеулеп сурет салу» (арттерапия)

         Екі адам, мүмкін болса, бір қыз және бір ұл ойша отбасы жұбын құрады. Оларға бірлесіп сурет салу тапсырылады. Ескерілетін жайт: тақырыбы келісілмейді, не салатындарын ақылдаспайды. Екеуі бірге бір қарындашты ұстап сурет салады. Сурет салу екі кезеңде жүзеге асады: 1-суретті салғанда біріншісі жетекшілікте болады – қолы қарындаштың төменгі жағында, екіншісі оның қолының үстінде, 2-суретті салғанда қарындашты ұстау орындары ауысады.

         Талқылау жүреді: Не сездіңдер? Қай кезеңде өздеріңді еркін ұстадыңдар? Не себепті? Екінші адамның ойын табу оңай болды ма? Не түйдіңдер?

Факторлар: отбасымен жұмыс, жаңа құрылымдар (өзіндік сәйкестену)

 

Рефлексия. Қорытындылау. Сабақта не ұнады?  Жаттығулардан өздеріңнің болашақ өмірлеріңе қандай сабақ алдыңдар?

 

 

21-сабақ

ОТБАСЫЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР

 

Мақсаты: Отбасылық қарым-қатынастағы психологиялық факторлардың рөлін  өзектендіру.

Міндеттері:

-         Отбасылық қарым-қатынастағы психологиялық факторларға сындарлы келу мүмкіншілігіне ықпал ету;

-         Отбасылық қарым-қатынас үшін психологиялық факторлар құндылығын белсендіру;

-         Ерлі-зайыптылық өмір құруда психологиялық факторларды ескеру маңыздылығына тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Бейнетаспа тамашалау

Кіріспе әңгіме:

Тау халқында бір аңыз бар. Ертеректе бір келіншек күйеуінің өзге әйелдерге көп назар салып, солардың жетегінде жүргенін айтып, мұң шағып анасына келіпті. Етегі жасқа толған қызының көзіне қарап тұрып анасы: «Күйеуіңді қайтар­ғың келсе, маған жолбарыстың  3-4 тал мұртын жұлып әкеліп бер», — депті. Анасының мына сөзінен шошынған қыздың түсінбеген кейпін көрген анасы тағы да қайталап айтады. Бірақ, отбасының бірлігін сақтау үшін келіншек те көзсіз ерлікке бел байлайды. Сөйтіп қолына қой етінің бір кесегін алып, ну орманның арасына кіріп кетеді. Алдынан арпылдап атып шыққан аш жолбарыстың қаһарынан қорқып, етті алдына лақтырып, өзі қаша жөнеледі.

Екінші мәрте барғанда да дала аңы әлгі әйелге қарай ұмтылғанда тағы да етті тастап орман арасынан шығып кетеді. Үшінші рет тамақ бергелі тұрған әйелдің қолындағы етке ұмтылады, бұл кезде де қалың ойға шомған күйі үйіне қайтып келіп, ертеңіне соңғы рет бағын сынап көруді ойлайды. Осы барғанында жолы болмаса, басқа қандай амал етерін білмейді. Сөйтіп, соңғы үмітін арқалап, төртінші рет орманға қолындағы қой етін алып кіргеннен бастап әлгі жолбарыс әйелдің келер жолында құйрығын бұлғаңдатып, аузын ашып қарсы алады. Оның да күткені осы еді. Дереу қолындағы ет кесегін беріп, жеп болғанын күтеді. Жолбарыс та тамағын тойдырған соң әйелдің алдына басын қойып, қалғып кетеді. Осы кезді сәтті пайдаланған келіншек 3-4 тал мұртын жұлып алып, анасына апарып береді. Сонда анасы: «Міне, сен жыртқыш жолбарыстың өзін алдап түсірдің. Оның қасында күйеуің адам баласы емес пе?! Бар да күйеуіңнің көңілін тап!», — депті. Аңыздың  соңында  сол секілді әр еркектің  бойында  бір  жолбарыс жатқанын, ал әйелдің оны мейірімі мен жан жылуын астастыра отырып, алдап, арбаса, көнбейтін еркек болмайтынын айтқан. Сірә, «бір әйелдің айласы қырық есекке жүк болады» деген мақал осындайда айтылса керек. Қызым, саған айтам: отбасының бақыты саған «дана әйелге» байланысты!

 

Теориялық бөлім

Балалар өмір сүру барысында отбасы мен некеге деген қатынас нормаларын айналысындағы ересек адамдардан үйренеді. Оларда адами қадір–қасиет, достық, жолдастық және шынайылық қасиеттері балалық шақтан бастап дамиды. Бұл қасиеттер адамдағы ең жоғары сезімдердің бірі махаббатты елестетуге және неке мен отбасылық қарым–қатынасты қалыптастыруға жол көрсетеді.

Біріншіден, әлеуметтік ерекшеліктер - отбасында ата–аналар мен ерлі–зайыптылардың рөлдерін, бағалауларын, белгілерін неке мен отбасындағы қарым–қатынастың қоғамдық маңызын ашады;

Екіншіден, адамгершілік–эстетикалық ерекшеліктер - жауапкершілік, шынайылық, ұстамдылық, мейірімділік, инабаттылық қасиеттерді бойға сіңіре отырып, кіші және үлкенді, ана мен әкені сыйлауға, адамдармен достық қарым–қатынаста болуға тәрбиелейді;

Үшіншіден, заңи ерекшеліктер - заңды түрде неке мен отбасының негізгі заңдылықтарына сүйенеді. Отбасының жалпы заңына сай ерлі–зайыптылар қоғам мен балаларына, бір-біріне деген міндеттерді білуі керек;

Төртіншіден, психологиялық ерекшеліктер - неке мен отбасылық өмірдің психологиялық негізі. Ерлі–зайыптылар отбасылық өмірде бір–бірінің психологиясын түсінумен қатар, сезімдерін дамытып, қарым-қатынас дағдыларын игеру қажет;

Бесіншіден, физиологиялық ерекшеліктер - ерлі–зайыптылардың жыныстық өмірімен ерекшеленеді;

Алтыншыдан, педагогикалық ерекшеліктер - отбасында баланы тәрбиелеуде маңызы зор. Ата–ананың педагогикалық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғарлауы отбасылық тәрбиелеуді қалыптастырумен байланысты;

Жетіншіден, шаруашылық–экономикалық ерекшеліктер - ерлі–зайыптыларды үй–шаруашылығын, мәдени тұрмысты және отбасы қаржысын жұмсауға үйретеді.

Отбасының сансыз көп құбылыстары тұлға сипатына әртүрлі мағына береді. Отбасы адамның психологиялық–физиологиялық жайлылығын толығымен қамтамасыз етеді және жоғарыда атап өткен эмоциялық функциясын атқарады. Отбасында әрбір тұлға өзін керек екендігін сезінеді. Отбасында әрбір адам өзін бірегей, қайталанбас және қамқорлыққа ие, сонымен қатар өзінің қажет екенін сезінуі керек.

Ұрпақтар арасындағы айқын аралық – бұл жақсы берік отбасын құрылымының негізгі құрауыштарының бірі (мұны отбасы ішіндегі қатал иерархиялық қатынастармен алмастыруға болмайды). Ата-аналар мен балалардың «билік» және «жауапкершілік» сияқты түсінік көзқарасы жағынан бірдей емес екені анық байқалады. Өзара ынтымақтас ата-аналар балаларға қауіпсіздік сезімін қамтамасыз ететін отбасының омыртқа бағанасы ретінде көрінеді. Бірақ салауатты отбасы ата-аналардың балаларға деген басымдылығына негізделмейді, керісінше үлкендердің кішілерге деген қамқорлығын қамтамасыз етуге негізделеді.

Бүгінгі бала ертеңгі қандай ата-ана болады? Мұның барлығы баланың қажетсінуі ме, жоқ па? Бірақ, ол балалық шағында өзінің ата-аналарының үлгі-өнегесіне сәйкес анықталады. Олардың  рухани жағдайларының дұрыс болуы, қаталдығы мен жазалануы түсінбеушіліктің дер кезінде шешілуін сезеді. Бала үлкендердің айналасында жүріп, олардың іс-әрекеттерін еріксіз үйренеді, өз бойына сіңіреді. Сонымен қатар олардың саналарында кейбір жағдайлар өмір бойы қалуы мүмкін. Кейбіреуі еркінен тыс жойылады. Кей жағдайларда кейбір ата-аналардан: «менің әкем өте қатал болған, сондықтан мен тәрбиелі болдым» дегенді жиі естуге болады. Мұны өзін-өзі ақтау емес, өз ата-аналарының тәрбиесін саналы түрде қайталау деп есептеуге болады. Кейде керісінше «Балалық шағымда мен даудамайлы отбасында көп қиыншылық көрдім, сондықтан балаларыма түсінбеушілікпен қараймын» дейтіндер болады. Кей жағдайларда ата-ана балаға жеткілікті көңіл бөлмеуінен бала жабырқаулы болып, жалғызсырайды.

Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижелі болары күмәнді. Абай былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады». Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да, қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Балалардың болашақ қадамы отбасында басталатыны бәрімізге аян. Бала жақсы әдетті болса да, жаман әдетті болса да ең алдымен отбасында алады.  

Психодиагностика

Тұлғааралық қатынасты анықтау сұрақнамасы (ОМО) (В. Шутц бойынша)

Нұсқаулық:  Сұрақнама сіздің адамдарға қатысты әдеттегі тәсілдеріңізді бағалауға арналған. Мұнда дұрыс және дұрыс емес жауаптар жоқ, әр әділ жауаптар дұрыс. Кейбір сұрақтар бір-біріне өте ұқсас, бірақ олар әртүрлі нәрсені меңзейді. Әр сұраққа жеке басқа сұрақтарға алаңдамай жауап беруді өтінеміз. Жауап беру уақыты шектелмейді, бірақ бір сұрақтың төңірегінде көп ойланып отырудың да қажеттілігі жоқ.

Әр тұжырымға өзіңізге келетіндей жауапты таңдаңыз. Жауабыңыздың санын тұжырым санының тұсына жазып қойыңыз. Тұжырымдарды мұқият тыңдаңыз да дұрыс жауап беріңіз:

(1)              әрдайым                               (4) кездейсоқ

(2)              жиі                                        (5) сирек

(3)              кейде                                    (6) ешқашан

1.Бәрімен бірге болуға ұмтыламын.

2.Не істеу қажет екені туралы сұрақты шешуді басқаларға  ұсынамын.

3. Әртүрлі топтардың мүшесі боламын.

4. Топтардағы басқа мүшелермен жақын араласуға ұмтыламын.

5. Сондай жағдай туса, мен қызықты ұйымның мүшесі болуға бейіммін.

6. Менің іс-әрекетіме басқалар қатты әсер етуіне жол беремін.

7. Биресми қоғамдық өмірге крігуге ұмтыламын.

8. Басқалармен жақын және сезімді қарым-қатынасқа ұмтыламын.

9. Өзімнің жоспарыма басқаларды қатыстыруға ұмтыламын.

10. Басқаларға мен не істеймін, сол туралы талқылауларына жол беремін.

11. Адамдардың арасында болуға тырысамын.

12. Басқалармен жақын және ықыласты қарым-қатынас орнатуға ұмтыламын.

13. Бірігіп жасайтын іс-әрекетте қалғандармен қосылуға бейімім бар.

14. Басқаларға жеңіл бағынамын.

15. Жалғыздықтан қашуға тырысамын.

16. Біріккен шараларға қатысуға ұмтыламын.

         Әрі қарайғы тұжырымдарға сізге әсер етуі мүмкін немесе кімдерге сіздің қылығыңыз тарауы мүмкін адамдар санын көрсететін жауап нұсқасын таңдаңыз.

(1)                          көп адамдарға;                          (4) бірнеше адамдарға;

(2)                          көбіне;                                       (5) бір-екі адамға;

(3)                          кейбір адамдарға;                     (6) ешкімге;  

17. Басқалармен ... қатынаста болуға ұмтыламын.

18. Не істеу қажет екенінен туған мәселені басқаларға шешуге ұсынамын.

19. Менің айналамдағылармен жеке қарым-қатынасым – салқын және немқұрайлы.

20. Оқиға барысын басқалар басқаруына жол беремін.

21. Қалғандармен жақын қарым-қатынаста болуға ұмтыламын.

22.Менің іс-әрекетіме басқалар қатты әсер етуіне жол беремін.

23. Басқалармен жақын және сезімді қарым-қатынасқа ұмтыламын.

24. Мен не істеймін, сол туралы басқалардың талқылауына жол беремін.

25. Өзімді басқалармен салқын және немқұрайлы ұстаймын.

26. Басқаларға жеңіл бағынамын.

27. Басқалармен жақын және ықыласты қарым-қатынаста болуға ұмтыламын.

Әрі қарайғы тұжырымдарға сізге әсер етуі мүмкін немесе кімдерге сіздің қылығыңыз тарауы мүмкін адамдар санын көрсететін жауап нұсқасын таңдаңыз.

(1)                         көп адамдарға;                          (4) бірнеше адамдарға;

(2)                         көбіне;                                       (5) бір-екі адамға;

(3)                         кейбір адамдарға;                     (6) ешкімге;  

28. Басқалар мені бірдеңеге қатысуға шақырғанын жақсы көремін.

29. Егер қалған адамдар менімен қысылмай және ықыласты қарым-қатынаста болса, маған   ұнайды.

30. Басқалардың әрекетіне қатты әсер етуге ұмтыламын.

31. Басқалардың мені өз іс-әрекетіне қатысуға шақырғаны маған  ұнайды.

32. Маған басқалар менімен қысылмайтын қатынаста болғаны ұнайды.

33. Басқалардың ортасында жағдаят барысын басқаруға ұмтыламын.

34. Маған басқалар мені өз жұмысына араластырғаны ұнайды.

35. Басқалардың өздерін менімен салқын және тартынып ұстанғанын жақсы көремін.

36. Мен қалай қаласам, басқалардың да солай жасауына ұмтыламын.

37. Басқалардың мені өздерінің пікірталастарына қатысуға шақырғаны маған ұнайды.

38. Басқалардың менімен жылышырайлы қатынаста болғанын мен жақсы көремін.

39. Басқалардың мені өз жұмыстарына қатысуға шақырғаны маған ұнайды.

40. Айналамдағылардың менімен тартынып араласқаны маған ұнайды.

         Әрі қарайғы тұжырымдарға келесі жауаптардың біреуін таңдаңыз.

(1)              әрдайым                               (4) кездейсоқ

(2)              жиі                                        (5) сирек

(3)             кейде                                     (6) ешқашан

41. Көпшіліктің арасында басшылық рөлдерде ойнауға ұмтыламын.

42. Басқалар мені бірдеңеге қатысуға шақырса, маған ұнайды.

43. Басқалар менімен өзін тартынып ұстаса, маған ұнайды.

44. Мен нені қаласам, басқалардың да соны жасауына ұмтыламын.

45. Басқалар мені өз жұмыстарына қатысуға шақырса, маған ұнайды.

46. Басқалар өздерін менімен салқын және тартынып ұстанса, маған ұнайды.

47.Басқалардың іс-әрекетіне қатты әсер етуге ұмтыламын. 

48. Басқалар мені өз ісіне араластырса, маған ұнайды.

49. Басқа адамдардың менімен қысылмай және ықыласпен араласқаны маған ұнайды.

50. Көпшіліктің арасында болып жатқан жағдайды басқаруға тырысамын.

51. Басқалар мені өз әрекеттеріне қатысуға шақырса, маған ұнайды.

52. Менімен тартынып араласса, маған ұнайды.

53. Мен қалай қаласам, басқалардың да солай жасауына ұмтыламын.

54. Көпшіліктің арасында болып жатқан жағдайды басқарамын.                                                                                                                                                                  

Өңдеу кілті:

Сол жақта шәкіл тармақтары көрсетілген, оң жақта – дұрыс жауап нөмірлері. Зерттелуші жауабының кілтпен сәйкес келуі бір балл болып есептетеледі, сәйкес келмесе, 0 балл.

 Ie  

Ce

Ae

1. 1, 2, 3, 4

2. 1, 2 ,3 ,4, 5

4. 1, 2

3. 1, 2, 3, 4, 5

6. 1, 2, 3

8. 1, 2

5. 1, 2, 3, 4, 5

10. 1, 2, 3,

12. 1

7. 1, 2, 3

14. 1, 2, 3

17. 1, 2, 3

9. 1, 2, 3

18. 1, 2, 3, 4

19. 3, 4, 5, 6

11. 1, 2

20. 1, 2, 3, 4

21. 1

13. 1

22. 1, 2, 3, 4

23. 1

15. 1

24. 2

25. 3, 4, 5, 6

16. 1

26. 2

27. 1

Iw  

Cw

Aw

28. 2

30. 2, 3, 4

29. 1

31. 2

33. 2, 3, 4, 5

32. 1, 2

34. 2

36. 2, 3

35. 5, 6

37. 1

41. 2, 3, 4, 5

38. 1, 2, 3

39. 1

44. 2, 3, 4

40. 5, 6

42. 2, 3

47. 2, 3, 4, 5

43. 1

45. 2, 3

50. 2

46. 4, 5, 6

48. 2,3,4

53. 1, 2, 3, 4

49. 1

51. 1, 2, 3

54. 1, 2, 3

52. 5, 6

Баллдар 0 ден 9-ға дейін болуы мүмкін.

Жалпы мінез-құлық сипаттамалары:

а) қосылу

Ie – төмен – даралық өзін адамдардың арасында онша сезінбейді және олардан қашқақтауға бейімділігі басым;

Ie – жоғары – даралық өзін адамдардың арасында жақсы сезінеді, және оларды іздеп тұру беталысына ие;

Iw – төмен – даралық аз саны бар адамдармен қарым-қатынас беталысына ие;

Iw – жоғары – даралықтың басқалардың өзін қабылдауына және солардың арасында болуға деген қатты қажеттілігін білдіреді;

б) бақылау.

Се – төмен – даралықтың шешім қабылдаудан және өзіне жауапкершілік алудан қашқақтайтынын білдіреді;

Се – жоғары – даралық өзіне жетекші рөлге ұласқан жауапкершілікті алуға ұмтылады;

Cw – төмен – даралық өзін-өзі бақылауды мойындамайды;

Cw – жоғары – кіріптарлыққа немесе тәуелділікке қажеттілік және шешім қабылдауда  жалтақтау;

в) аффект

Ае – төмен – даралық жақын сырлас қарым-қатынас орнатуда өте сақ екенін көрсетеді;

Ае – жоғары – даралықтың жақын сезімдік қарым-қатынас орнатуға бейімділігі бар екенін білдіреді; 

Aw – төмен – даралықтың терең эмоционалды қарым-қатынас орнатуға адамдарды таңдауда өте сақ екенін байқатады;

Aw – жоғары – басқалардың онымен эмоционалды қарым-қатынасты талғаусыз орнатуын талап ететін адамдарға тән.

 Практикалық бөлім.

1-жаттығу. «Қызығушылықтар бірлестігі»

Шарты:  Әр қатысушы парақ қағаздың бір жағына өзінің пошта мекен-жайын жазады, мысалы «Қалың ну орман, сол жақтан төртінші емен», ал келесі бетіне достарының онымен бөлісуін қалайтын өзінің хоббиін немесе қандай да бір қызығушылығын жазады. Осы жазбасын оралған күйінде жүргізушіге береді, ал тренер оларды шеңбер бойымен жібереді. Әр қатысушы жазбаны ашып оқып, автормен қызығушылығын, қалауын бөліскісі келсе, қосылатынын білдіріп, атын жазады. Соңында барлық жазбалар тренерге тапсырылады. Қатысушылар өз поштасын алады да, қарап шығады. Бұл жаттығудың негізгі міндеті – рухани жағынан және қызығушылығымен жақын өз пікірлесімен танысу.

Поштаны талдап алған соң қатысушыларға өз пікірлестерімен қызығушылықтар бірлестігі қауымдастығын көрсету шарасын: көркемөнерпаздар нөмірі түрінде, немесе басқа да бірлескен бір іс-шараны ойлап тауып, орындап көру ұсынылады.

Қорытындылау: Ортақ әуестер, қызығулар бірлесіп атқаратын іс-әрекетке қалай әсер етеді? Отбасында, болашақ кәсіптеріңде ол туралы білгеннің қажеті бар ма? сұрақтары төңірегінде талқылаулар болады.

Факторлар: әлеуметтік өзара әрекеттестік

         2 жаттығу. «Жаңалықтар хабары»

Шарты: Жаттығудың соңына қарай шартты түрдегі эфирге телевизиялық «Жаңалықтар» сияқты ақпараттық хабар бағдарламасы шығарылуы керек. Бірақ эфирге, бүгін ол тікелей көрсетіледі. Сондықтан да оған алдымен мұқият дайындалу қажет. Тұтастай хабардың шығуына жауап беретін редактор, диктор, сонымен қатар бағдарламаның жеке көріністеріне жауаптыларды таңдау керек. Топтағы ойнаушылардың барлығы бір мемлекетті құрайды, сондықтан ақпараттық бағдарламаға келесідей бөлімдер енгізіледі: бірінші – мемлекеттің ресми жаңалықтары, екінші – ішкі өмірден алынған көріністер түсіндіруімен, үшінші – жалпы танымал тұлғамен сұхбат, төртінші – халықаралық өмірден, яғни ұжымнан тыс жаңалықтар. Әрі қарай – күлкілі жағдайлар. Келесі бөлім – мәдени өмір, спорт жаңалықтары және соңында, әдеттегідей, ауа райы. Әрі қарай дайындықтан кейін телевизиялық «Жаңалықтар» бағдарламасын шығару ұйымдастырылады.

Қорытындылау: Дайындық барысына командалық жұмыс қалай әсер етті? Не кедергі жасады? Шешім қабылдау критерилері қандай? Қандай факторлар шешім қабылдауды шектейді? сұрақтары төңірегінде талқылау жүреді.

Факторлар: әлеуметтік өзара әрекеттестік

Рефлексия. Қорытындылау. Сабақта не ұнады? Кері байланыс.

 

 

 

 

 

 

22-сабақ

ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

 

Мақсаты: Гендерлік-рөлдік әлеуметтенуді өзектендіру

Міндеттері:

-         Ерлер мен әйелдер айырмашылығына ғылыми негізделген мағлұмат бер; 

-         Айырмашылықтардың сипаттамалық ерекшеліктері туралы білімдерін дамыту;  

-         Ұлдар мен қыздардың әлеуматтану үрдістерінің нәтижесінде жастарды тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Бейнетаспаны тамашалау: «Әйелдер ерлерден нені күтеді», «Әйелдер мен ерлердің психологиялық жағынан айырмашылығы».

Теориялық бөлім

Әйелдер мен ерлердің психологиялық жақтағы айырмашылығы өте көп. Тұрмыс, күйбең тірлік, қайғы мен қасірет, қуаныш пен шаттық олардың психологиясына әртүрлі әсер етеді. Ендеше, психологтардың зерттеулерінен үзінділер жазып көрелік.

Ғашық болу: 50% ерлер тұңғыш кездесуде-ақ қарсы жағын ұнатып қалады, ал 25% әйелдер тек 4 кездескеннен кейін ғана қарсы жағын ұнатады.

Достық барыс-келіс: Ерлер балалық шағынан бастап достасады. Әйелдер орта жастан асқаннан кейін ғана дос ұстайды.

Некеден кейінгі тұрмыс: Некелі ерлердің тұрмыс-тіршілігін бақытты сезінуі бойдақ жігіттерге қарағанда екі есе жоғары болады. Ал әйелдер көбіне қыз күнінде өзін бақытты сезінеді.

Билік жағында: Оқушы кезінде ұл балалар қыз балаға қарағанда билеп-төстеуге әуес келеді. Жас ұлғайған сайын бұл кері шегінеді де. Үйленген соң әйелдер табиғи билеушіге айналады.

Қылмысты бөгеу: Ұры-қарыға немесе басқалай зияндауға тап болғанда, әсіресе бала-шағасына қауіп төнгенде қарсылық көрсететін әйелдер ерлерден 25%-ға көп болады.

Кесім жасау мен төзімділік: Әйелдердің кесім жасауы мен бір шешімге келуі ерлерге қарағанда қашанда тез болады. Әйелдер аштыққа, шөлге сондай-ақ рухани жақтағы қысымға төзімді келеді.

Қайғы: Ерлер қайғырғанда көз жасы жанарында лықсып тұрады. Ал әйелдер жылау мен өксуден тамағы бітіп қалады.

Науқасқа шалдығу: Ұзақ жыл созылмалы көмескі науқасы бар ерлер әйелдерге қарағанда көп болады. Ұйқы қашу науқасына душар болатын еркектердің саны әйелдерден екі есе жоғары. Әйелдер бұл жағында да төзімді келеді.

Қартаю: Ерлердің биологиялық сағатының жүруі әйелдерден ұзақ. Қабақ, бет сүйектері әйелдерге қарағанда шығыңқы, терілері қалың, әжім сызықтары аз болғандықтан, жас көрінеді. Ал әйелдердің күйбеңі, отбасына, күйеуіне деген уайымы көп болғандықтан, олардың биологиялық сағатының жүруі тез әрі қысқа болады. Әйелдердің ерте қартаятыны сондықтан.

Биологиялық және психологиялық тұрғыдан алғанда, ерлер мен әйелдер бір-біріне мүлде ұқсамайды және осы айырмашылықтары оларды бір-біріне тартып қана қоймайды, саяси-әлеуметтік өмірдегі іс-әрекеттерінде де ерекше көрініс табады. Реті келгенде айта кетейік, әйелдер мен ерлердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары көптеген ғылыми еңбектерге арқау болған. Солардың бірі шетелде 1993 жылы жарық көрген Саймон  Ливайдың (Sіmon LeVay) “The sexual braіn” атты  кітабы. Онда автор ерлер мен әйелдердің миының жұмысына талдау жасай отырып, әйелдердің миының оң жақ бөлігі жақсырақ жұмыс істесе, ер адамдарда сол жақ бөлігі белсендірек болатындығына назар аудартады. Себебі, оқырманға мидың екі жақ бөлігінің функционалдық жүктемесі әртүрлі екені белгілі: сол жақ бөлігі – адамның талдау жасауы, логикасы, абстрактылы ойлауы, ақпаратты дәйектілікпен өңдей білуі және басқалар, ал оң жақ бөлігі – эмоциялық қабылдауы, синтездеуі, ақпаратты сол сәтте өңдеуі, интуиция, т.б. қасиеттер үшін “жауап береді”. Ғылымда осыдан барып, мидың сол жақ бөлігі – жаңашылдық, ізденіс, бастамашылық, мақсатқа ұшқырлықпен қол жеткізу, ал оң жақ бөлігі – жаңадан ашылған және зерттеп, барлап білгендердің ішінен мәнді, мағыналы жақтарды іріктеп, таңдап, бекіту, іске асыру қасиеттерін дамытатыны туралы айтылады.

Осыған ұқсас бірқатар басқа зерттеулерде ерлер мен әйелдердің организмінде әртүрлі пропорцияда түзілетін жыныс гормондарының ми жұмысына әрқалай әсер ететіні айқындалған. Ер адамның гормондары мидың сол жақ бөлігінің жұмысын жандандырып, керісінше, оң жақ бөлігінің жұмысын тежейтіні, ал әйелдер гормонының оң жақ бөлікті басымдау жандандыра отырып, екі бөліктің де жұмысына қолайлы әсер ететіні атап көрсетіледі.

Міне, сондықтан да, абстрактылы-талдамалық ойлау қабілетінің басым дамуының арқасында ер адамдар ғылым мен техниканы дамытуға зор үлес қосады. Бірақ, өкінішке орай, осы ғажайып қабілетті дұрыс бағыттамаудың салдары, әрі билік үшін, сондай-ақ ықпал ету салаларын ұлғайту жолындағы күрес  ер адамдарды жаппай қырып-жоятын қаруларды ойлап табуға, соғыс ашып, ұлтаралық жанжалдар отын өршітуге алып келді. Пайда алу үшін планета ресурстарын сарқу, ядролық сынақтар жасау, әскери іс-қимылдар биосфераның жай-күйін күрт әлсіреткені қазір баршамызға аян. Осыдан барып қоршаған ортаның қолайсыз антропогендік фактор­лары (радиацияның жоғары деңгейі, электромагниттік ауытқушылықтар, судың, топырақ пен ауаның зиянды химиялық элементтермен ластануы) адамның жыныстық (әйелдердің ХХ, ерлердің ХУ) хромосомаларына айтарлықтай әсер еткені, сөйтіп, бір­те-бірте адамның геномының өзгеруіне алып келгені туралы дабыл қағылуда. Әсіресе, ерлердің “геномға экологиялық ақпаратты жеткізуші” деп аталатын У-хромосомасы өзгеріске қатты ұшырағанын  ғалымдар қатты алаңдаушылықпен атап көрсетеді. 

Бұл хромосоманың ерекшелігі сол – оның гомологиялық жұбы жоқ. Қазіргі кезде жер бетінде қай жынысқа жататыны түсініксіз, белсіз, әйелге ұқсас ер адамдар көбейіп келе жатқанын ешкім жоққа шығармасы анық, хромосоманың гомологиялық жұбының жойылуының салдары, міне, осы. Мұндай бір жыныстық хромосомасы жоқ адамдарды биологияда Шерешевский-Тернер синдромына ұшырағандар деп атайды екен. Ғалымдар әйелдердің жыныстық хромосомаларының бұзылу процесі ерлерге қарағанда 4-6 есе баяу жүретінін де есептеп шығарған. Мұның себебі Х-хромосома­лардың жұп болуында, олар бір-бірінің қызметін атқара алады. Сондықтан көзі ашық адамға жыныстық хромосомалардың бұзылуының аяғы бүкіл адамзат масштабында неге әкеп соғатынын аңдау қиын емес.

Ерлер мен әйелдердің психологиялық ерекшеліктерін олардың қоғамда атқаратын әртүрлі рөлдері айқындайды: ежелгі замандардан бері ер адам – асыраушы, қорғаушы, әйел адам – отбасының ұйытқысы, өмірге адам әкелуші және оны сақтаушы.  Әйелдердің мінез-құлқында эмоцияға берілу, өзіне-өзі сенбеушілік, жаңаға күдікпен қараушылық басым болғандықтан, олар өз іс-әрекеттерінде стратегиялық жоспарлаудан гөрі тактикалық  амалдарды қолайлырақ көреді. Алыс болашақтағы мәселелерден гөрі бүгінгі күннің мәселелерін анық көреді және соларды шешуді басым бағыт деп таниды. Осы себептер және табиғат заңдылығымен әйел затына біткен қасиеттер әйел-басшы еркек-басшыға қарағанда: а) ішкі интуициясына көбірек бағынады; ә) басқа адамның хал-күйін жақсырақ түсінеді; б) төзімдірек, кешірімшіл болады; в) жауапкершілік сезімі молырақ болады; г) алдына күші жететін, қолынан келетін міндеттерді қояды және оны орындайды деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте ерлер мен әйелдердің өзін-өзі бағалауын айқындау үшін ресейлік зерттеушілер жүргізген сауалнама нәтижелері де көңіл аударарлық. Әйелдер үшін алғашқы үш орында: компромистік шешімдерге бара алу;  даулы және белгілі бір тәуекелді жағдайда іс-әрекет жасай білу; өзіне және өз ісіне деген сенімділік болса, ерлер үшін: жаңашылдық; өзгерістерге ұмтылу; өз ұстанымының дұрыс екендігіне басқалардың көзін жеткізе алу; басқа адамдардың білімі мен қабілеттерін дұрыс пайдалана білу болып табылады.

Ерлер мен әйелдердің ғылыми ізденістерге деген ұмтылыстарын зерделеумен айналысқан ғалым А.Митчел әйелдердің пәнаралық зерттеулерге, ал ерлердің нақты, аз зерттелген, арнайы бағыттарда ізденіс жасауға бейім екендігі туралы жазады. Яғни, әйелдер қоғам назарын бар нәрселердің ескерілмеген, ұмыт қалған, мән берілмеген жақтарына аудартса, ерлер бұрын болмаған жаңалықтарды ашуға ұмтылады.

Осыдан барып, ерлер мен әйелдерге тән биологиялық және психологиялық ерекшеліктерді білу, олардың қасиеттері мен қабілеттерінің симбиозын ұтымды пайдалану адамзатқа тек жақсылық әкелетінін түсіну көп жайға деген көзқарасты өзгертер ме еді деген ой туындайды. Алғырлық пен мұқияттылық, жаңашылдық пен байыптылық, батылдық пен сезімталдық, тәуекелшілік пен сақтық, стратегия мен тактика үйлесе ұштастырылған жағдайда ерекше қарқынды, жасампаз күш пайда болып, қоғамымыз өркендей, гүлдене түсері сөзсіз. Гендерлік саясаттың, қоғам дамуында ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін  пайдалануды ұсынып отырған саясаттың көздегені де – сол.

Гендер термині «жыныс» - деген мағынаны білдіреді. Аталмыш терминді әлеуметтануға енгізген Энн Оукли болатын. Демек жыныс ретіндегі гендер ұғымы ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтардың әлеуметтік аспектілерін қозғайды. Бірақ гендер термині қазіргі уақытта кең мағынада қолданыла бастады. Ол жеке бастың бірегей дарылығын айқындау үшін ғана емес, сонымен бірге бейнелік деңгейде еркек және әйел жынысының мәдени мұраттары мен стерелтиптерін анықтау үшін қолданылады. 1970 жылдары әлеуметтанушылар мен психологтардың негізгі назары жыныс гендер бар деген мәселені дәлелдеуге бағытталды. Яғни олар ерлер мен әйелдердің арасындағы жіктелу мен айырмашылықты биологиялық әртүрлілікпен түсіндіруге болмайтынын, мәдени ауанда басым болып отырған еркектік пен әйелдік идеялары шын мәнінде жаттандылық екенін, олардың ақиқат шындыққа салыстырмалы ғана қатысты барын дәлелдеуге тырысты. Жыныс – гендерге, сондай-ақ еркектер мен әйелдердің рөліне қатысты астасып жататын көп мәдени нұсқалар бар екені дәлелденді. Ұлдар мен қыздардың әлеуматтану үрдістерінің нәтижесінде – жастарды тәрбиелеу білім беру, мәдени дамыту, өндірістік қатынастар мен отбасы идеологиясы арқылы ересек ерлер мен әйелдерге айналуы саласында зерттеулер жүргізіліп жатыр. Құрылымдық деңгейде үй шаруасындағы еңбектің тіпті еркек пен әйелдің екеуі де үйден тыс жұмыста болса да, олардың арасында тең бөлінбейтіні зерттелді. Сондай-ақ жұмысқа орналасқанда да жеке бастың қабілеті мен біліктіліктен гөрі жыныстық нышан басып кетіп, әйел затына қалған қызметі тимей немесе жұмыс бабымен өсе алмайды. Кейінгі кезде мәдени деңгейде гендердің құрылымдық өзгерістеріне ынта-ықылас білдіріле бастады. Кейде кәсіпктік жұмыспен қамту құрылымында ерлер мен әйелдерге жұмысты тең бөлмеуге қатысты проблемалар да туындап жатады.

Психодиагностика

Менің стилім қандай? тесті

Нұсқау: Берілген сұрақтарға «иә» немесе» жоқ» деп жауап беріңіз, қиындық туып жатса, сұрақ белгісін қойып қалдырып кетерсіз.

1. Көп адамдардың ортасында бірінші боп «скрипкада ойнағанды» жақсы көремін.

2. Қиын немесе дау туып тұрған жағдайда ең жақын адамымның көмегін күтемін.

3. Қандай жағдай болмасын қиындықсыз шешім қабылдай аламын.

4. Көңілшектігіммен басқа адамдардан бөлекпін, мені оңай төмендетуге немесе қайғыға салуға болады.

5. Өзімнің дәрежем үшін күресе аламын.

6. Өзімнің келбетімді күтемін және бұдан мен рахаттану сезімін кешемін.

7. Өзімнің сезіміме байланысты емес, орын алған жағдайға байланысты бейімделемін.

8. Кейде басқа жыныстағы адамдардың алдында ұяңдық танытамын.

9. Психологиялық күшке иелік етемін және әрекеттен тәуелсізбін.

10. Өзіммен бірге әрқашан айнамды қоса алып жүремін.

11. Ұзақ уақыт кек сақтаумен қатар есемді де қайтарамын.

12. Барлық жағдайға  сабырлылықпен  қараймын және табандылық танытамын.

13.  Махаббатты сыртқа көріне бермейтін, жасырын ойға бату деп санаймын.

14. Мен романтикпін.

15. Менің мінезім әкемнің мінезімен сәйкес келеді.

Кілт:

1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15 сұрақтарында «иә» жауабы болса, олардың әрқайсысына 10 балдан;

2, 4, 6, 8, 10, 12, 14 сұрақтарында «жоқ» жауабы болса, әрқайсысына 10 балдан қоясыз;

Әр сұрақ белгісі болса – 5 балл.

Зерттеу нәтижесі және психологтың кеңесі.

Балдарыңыздың нәтижесі 100-ден 150-ге дейін болса, Сіздің жақсы жақтарыңыз – тез шешім қабылдаушылық, дербестік және тәуелсізділік болып табылады. Басқа адамға сүйеніш, тіреу бола аласыз және бұл дүниеде не үшін өмір сүріп жүргеніңізді білесіз. Сіздің өмірлік қағидаларыңыз басқа адамдардың сізді құрметтеуіне шақырады. Егер сіз – ер адам болсаңыз, онда сіздің бойыңызда нағыз еркекке тән қасиеттер бар, егер әйел адам болсаңыз, онда сіз өзіңізге көңіліңіз тола ма?

50 балл мен 99 балдың аралығы. Сіз керек болған жағдайда нәзіктігіңізді шешім қабылдаушылықпен, көңілшектігіңізді ақылдылықпен алмастырып, бойыңыздан еркекке де, әйелге де тән қасиетті көрсетесіз. Кей жағдайларда өмірдің өзі сізден қарсы жыныстағы адамның әрекеттерін күтеді, соған қарамастан сіз психологиялық икемділігіңіздің арқасында қандай жағдай болмасын бейімделіп кетесіз.

0 және 49 балл аралығы. Қазіргі кезде сіздей адамдарды жолықтыру өте қиын. Егер сіз тамақ істегенді, үй жұмыстарымен айналысқанды және балаларға қарағанды жақсы көрсеңіз, онда сіздің бойыңызда барлық еркекті баурап алатын қасиет бар. Нағыз еркек сіз қандай болсаңыз, солай қабылдайды. Оның сізді жақсы көріп кетуі де жеткілікті. Егер сіз еркек адам болсаңыз, онда сіздің жағдайыңыз қызығарлықтай емес.

Назар аударыңыз! Егер жауаптарыңыздың арасында сұрақ белгісі бестен көп болса, онда сіз шешім қабылдай алмайтын адамсыз.

Практикалық бөлім

1.     Практикалық тапсырма: 

Отбасындағы әйел адам мен ер адамның тұрмыстық міндеттерін айырып тізім құру. Нәтижесін талдау

2.     Жаттығу «Екі әлем».

Топ екіге бөлінеді: қыздар және жігіттер.

Екі топ бір-біріне қарап тұрып кезекпен кезек бір-біріне былай деп айтады:

Маған жігіт (қыз) болған ұнайды, себебі…

Мен жігіт (қыз) болғым келеді, себебі…

Маған жігіт (қыз) болған  қиын, себебі…

Мен қыз (жігіт) болғанымды  мақтан тұтамын, себебі…

Мен жігіттерге(қыздарға) қызығамын, (қызғанышпен қараймын), себебі…

Маған жігіттерде (қыздарда)ұнамайтыны…

Жігіт (қыз) болған жақсы, өйткені ...

Соңынан: Жігіттер мен қыздар бірлесіп «Қыз бен жігіт» атты коллаж құрастырады.

3.     «Сұраңыз-жауап береміз» жаттығуы.

Бұл жаттығуды орындау барысында әр қатысушы өздеріне қарама-қарсы жыныс өкілінен қыз бен ұл арасындағы қатынас жайлы пікірлері мен көзқарастары қандай екені туралы пікірлерін салыстырып талдайды. Ұл балалар бұл сұрақты қыздар қалай талқылайтыны туралы өз пікірлерін, ал керісінше қыздар ұл балалар пікірін өзінше талдайды.

Әр қатысушы парақ бетіне бір сұрақтан жазады. Сұрақ тақырыптары – ұл балалар мен қыз балалардың қатынасы және кездесу. Мысалы, кездесу кезінде не істеуді ұнатасың? Біреуге ұнайтыныңды қалай білесің? Ұл балалардың (қыз балалардың) киім киісінің  қандай стилі ұнайды?». Ер балалар мен қыз балалар топтары екі жаққа тарайды да біріге отырып сұрақтар тізімін жасайды. Әр сұрақ жеке параққа жазылып, парақтар екі қорапшаға немесе себетке салынады. Сұрақтарды талқылауды қыздар бастайды. Біріншіден,қыз балаларда сөйлеу әрекеті жақсы дамыған, сұрақтарды талқылау бірден қызықты пікірталасқа айналады. Екіншіден,жеткіншек қыз балалар ұл балаларға қарағанда «ересектеу» болып саналады. Демек қыз балалар, ұл балаларға үлгі бола алады.

Қыз балалар жерге шеңбер бойымен отырады, ал ұл балалар олардың артына орындықта отырып, пікірталасты бақылап отырады. Қыздар кезекпен сұрақтарды бір-біреуден қорапшадан шығарып, оны дауыстап оқып, талқылайды және оған жауап береді. Егер ұл балалардың  біреуі бір нәрсені нақтылағысы келсе, қолын көтеріп, сөз берілгенше күтеді. Сұрақтардың барлығы талқыланғаннан кейін, ұл балалар ортаға отырып қыз балалардың сұрақтарын талқылайды, ал қыздар болса жетекшілер рұқсат бергенше сөйлей алмайды.

 

Рефлексия

«Шеңбер бойымен қол шапалақтау» жаттығуы

Нұсқау: біз бүгін жақсы жұмыс жасадық, сондықтан, мен сендерге ойын ұсынамын./Қол шапалақтаулар әуелі өте жай, бірте-бірте күшейе түсуі керек/. Жүргізуші бір қатысушыға қарай қолын жаймен шапалақтап жақындайды. Ол келесі қатысушыны таңдап оған қарай жүреді, оған екеуі бірігіп қол шапалақтайды, т.с.с. Ең соңғы қатысушыға барлығы бірге қол шапалақтайды.

 

 

 

 

23-сабақ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ

 

Мақсаты: Психологиялық денсаулықты қалыптастыру жолдарын өзектендіру.

Міндеттері:

-         Психологиялық денсаулықтың қалыптасуын табиғи үрдіс ретінде қарастырып түсінік беру;

-         құндылықты бағдарларды белсендіру;

-         өз денсаулығын жетілдіріп, салауатты өмір салтын қалыптастыра білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Бейнетаспа тамашалау «Психологиялық денсаулық»

Кіріспе сөз.

Адам  денсаулығы  оның  бүкіл  өмір  бойына  қалыпты  және  белсенді  қызмет  етуі  үшін  маңызды және  қажетті  шарт  болып  табылады.  Оның  бұзылуы  өз  соңына  үйреншікті  өмірлік  тұрмыс салтындағы,  әлеуметтік,  кәсіби  бейімделудегі  өзгерістерге  жетелейді,  өмірлік  жоспарларды түзетуге, өзгертуге мәжбүрлейді, оған қоса дәмелену деңгейін төмендету тұсына қарай ойысады.

Денсаулық  –  бұл  өз  мәні  бойынша  күрделі,  жүйелі  ұғым.  Медицина  ғылымы  дәстүрлі түрде патология, яғни денсаулық жоғалған кездегі жай-күй мәселелерімен айналысып келді, бірақ шипагерлік  мақсаты  тек  емдеу  ғана  емес,  керісінше  адамға  денсаулық  жай-күйін қайтару.

Теорилық бөлім

Психикалық денсаулықты мәдениеттің, эмоциялардың және психикалық денсаулықтың өзара қатынастары тұрғысынан қарастырсақ: «Психикалық денсаулық, бұл –  ең  алдымен,  әр  түрлі  психикалық  қасиеттер  мен  процестердің  балансы  (басқа  біреуге беру  және  одан  алу,  жалғыз  қалу  және  басқалардың  ортасында  болу,  өзіне  деген  және басқаларға деген махаббат арасындағы баланс және т.б.)».

Психологиялық  денсаулық  –  тұлғаның  негізін  құрайтын  және  оның  дамудың  кез келген  кезеңінде  даралық  және  жас  ерекшелік-психологиялық  мүмкіндіктерін кемелдендіруге  жағдай  жасайтын  іштей  аман-саулылығының  (үйлесімділіктің) динамикалық күйі.

Психологиялық денсаулық:

·        Адамның жас ерекшелік, әлеуметтік, мәдени (бала немесе ересек, мұғалім немесе менеджер, қазақ немесе араб) рольдерді адекватты орындауы;

·        Адамның үздіксіз даму мүмкіншілігін қамтамасыз ету;

 

Психологиялық денсаулықтың құрылымы.

·        Аксиологиялық;

·        Инструменталдық;

·        Қажеттілік-мотивациялық.

Аксиологиялық – адамның өзінің және өзгелердің құндылығын ұғынуы (өзін қабылдауы және жынысына, жасына, мәдени ерекшелігіне қарамастан өзгені де қабылдай алуы)

Инструменталдық – рефлексияны өзін-өзі тану құралы ретінде өзінің жан дүниесін және өзгелермен қатынасын ұғыну қабілеті ретінде игеруі. (өзінің және өзгелердің эмоционалдық жағдайын, мінез-құлқының ерекшелігін ұғынуы).

Қажеттілік-мотивациялық - өзіндік дамуды қажетсіну (өзін дамытуға деген жауапкершілікті сезіне білу)

Норма адамның қоршаған ортаға бейімделуімен және оны өз қажеттілігіне сәйкес бейімдей алу іскерлігімен айқындалады. Осы жоғарыдағы норма ұғымының анықтамасына сәйкес психологиялық денсаулық деңгейі былай айқындалады.

·        Жоғары деңгейі – креативтілік тұлғаның психологиялық көмекті қажет етпеуі. (ортаға тұрақты бейімделе алуы, стрестік жағдаяттардан шыға алуы, қоршаған әлемге белсенді, шығармашылық қатынасының болуы)

·        Орташа деңгей – бейімделу алдын-алу, дамыту бағытындағы топтық жұмысты ұйымдастыру. (социумге бейімделе алуы, үрейленудің басым болуы).

·        Төменгі деңгей – бейімделе алмаушылық мінез-құлықтың ассимилятивтік-аккомодативтік стилінде индивидуалдық психологиялық көмекті қажетсінудің (мінез-құлықтың ассимилятивтік стилі өз қажеттілігі мен мүмкіншілігіне залал тудыра отырып қоршаған ортаға бейімделуге тырысуы, мінез-құлықтың аккомодативтік стилі - өзгелерді бағындыруға тырысуы) маңызды болуы;

Психологиялық дені сау адамның маңызды қасиеттерінің бірі – стрестік жағдаятқа сәйкес өзгере білуі, яғни қиын жағдаяттан жол іздеуде өз күшіне сүйенуі, позитивті  өзгерістерге өзін жетелеуі.

Стресс, фрустрация, шиеленіс және дағдарыс ұғымдарын дағдарыстық жағдаят идеясымен түсіндіреді. Дағдарыстық жағдаяттың ерекшелігі: дағдарыстық жағдаятқа жауап беру ғана емес, сонымен қатар оған деген адамның қатынасы болып айқындалады.

Дағдарыстық жағдаят ұғымы «өмірлік оқиға» ұғымына кіреді. Оқиға позитивті де, негативті де болуы мүмкін, негізінен адамның оқиғаны қабылдау ерекшелігіне байланысты түсіндіріледі.

Стрестік жағдаятты,  фрустрацияны, шиеленісті қиындық жағдаят ұғымымен біріктіруге болады. Адамның тұлғалық өсуі үшін дағдарыстық жағдаяттың әсеріне тоқталамыз.

Тұлғаға қиындық жағдаяттардың екі жақты әсер ететінін білеміз.

·        Біріншіден, жағымсыз эмоциялардың туындауынан іс-әрекеттің бұзылуына, әлеуметтік бейімделеалушылыққа, тұлғалық дамуына әсер ететін негативті ықпалдардың күшеюіне алып келуі;

·        Екіншіден, ерік күшінің дамуына, кедергіні жою тәжірибесінің жинақталуына, өзіндік дамуға мүмкіншілік туғызуы.

Дамудың эволюциялық механизмдері екі компоненттен тұрады:

1)    жаңа белгілердің байыппен, баяу, сапалы жинақталу түрінде қалыптасуы

2)  қиындық жағдаяттағы мәнді сапалы өзгерістердің туындауы

Психологиялық денсаулықтың қалыптасуының маңызды алғы шарттарының бірі - әрекетке итермелеуші қиналыстың болуы.

Адамның қиналысты сезіну жағдайы босаңсу, толықтай тынығу жағдайымен ауысып отырғаны дұрыс.

Қиналыс туғызатын қиындық жағдаяттар балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес болуы қажет, ал ересектердің міндеті – қиындық жағдаяттарды жеңуге көмектесу емес, қиындықтың мәнін, маңызын іздеуге үйрету.

Психологиялық денсаулықтың қалыптасуының маңызды шартының бірі – жағымды көңіл-күйдің болуы. Жақсы көңіл-күй адамның белгілі бір проблеманы нәтижелі шешуіне және қиындық жағдаяттарды жеңуіне көмектеседі. Қиындық жағдаяттар балаға нені үйретеді?

·        Күресе білу тәжірибесін жинақтауға;

·        Белсенділігін арттыруға;

·        Тұлғалық дамуына;

·        Жоғарғы дәрежеде компенсация жасауға.

Психика  саулығы  дегеніміз  –  адам  мен  сыртқы  дүние  арасындағы  тепе-теңдік  жағдайы, оның  әлеуметтік  ортаға,  физикалық,  биологиялық  және  психикалық  ықпалдарға   қатысты реакциясының  сай  болуы,  жүйкелік  реакция  күші  мен  сыртқы  тітіркендіргіштер  арасындағы сәйкестігі,  адам  мен  оның  айналасындағылар  арасындағы  үйлесімділік,  адамның  шынайы

объективтілік  жайлы  пікірінің  басқа  адамдардың  пікірлерімен  ұштасуы,  өмірдің  кез-келген жағдайына сын көзбен қарауы.

Адам  психикасының  саулығын  білдіретін  нормалар  мен  аномалиялардың  көрсеткіштерін анықтау  –  аса  күрделі  мәселелердің  бірі.  Мәдени-әлеуметтік  дәстүрлердің  норма  көрсеткіштері болып есептелетін жағдай тарихи түрде қалыптасып қалған. Бірдей психикалық көрініс барлығына ортақ норма ұғымына қатысты қалыпты да, аномальды да болып саналуы мүмкін. Қазіргі заманғы ғылым психика саулығын медициналық және психологиялық көрсеткіштер қосындысы, сондай-ақ әлеуметтік нормалар мен құндылықтар арқылы анықтайды.

Адам психикасының саулығын білдіретін үш деңгейді көрсетуге болады:

  Психофизиологиясының  саулық  деңгейі  (орталық  жүйке  жүйесінің  қызметімен, жағдайымен анықталады);

  жеке психологиясының саулық деңгейі (психикалық іс-әрекітінің жағдайымен, қызметімен анықталады);

  тұлғасының  саулық  деңгейі  (адам  қажеттіліктері  мен  әлеуметтік  орта  талаптары, мүмкіншіліктері арасындағы қатынаспен анықталады);

Ал  денсаулық  психологиясы  –  ғылым  мен  клиникалық  психологияның, психоаналитикалық және психосоматикалық медицинаның тереңге жамылған тамыры. Денсаулық психологиясының  міндеті  –  теорияны  қолдану,  психологиялық  денсаулықтың  дамуы  және физикалық  денсаулықты  сақтау,  аурудың  ерекше  түрін  қарастыру.Тұлғаның  психикалық денсаулығын  сақтауда  есінің  өзгеруі,  өмірлік  денсаулық  мотивациясы,  өмірлік  құндылықтар дамытуы ескеріледі. Тұлғаның физикалық денсаулығы жалпы денсаулық жағдайын құрайды.

Адамның  тұлғалық  және  шығармашылық  потенциалының  сарқылмас  қайнар  көзі  -  үнемі өзін-өзі дамыту. Алайда өзінің қабілеті, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту арқылы басқа адамның ішкі жан-дүниесіне  үңілуге  болады.  Әрбір  адамның  ішкі  жан-дүниесі  ғарыш  тәрізді  шексіз-шетсіз, сарқылмайтын тылсым құбылыс.

Ғалымдардың  тұжырымы  бойынша  психикалық  ауытқушылықтың  пайда  болуы  өмірлік жағдайына көп көңіл бөлуінен болады. Зерттеулердің  көрсеткіші бойынша 48% жұмысшылардың медико-психикалық  қиындықтары  бар  екені  анықталды.  Зерттеу  нәтижесінде  оның  10%-  да

әлеуметтік-психологиялық дезадаптация құбылысы байқалған. Яғни әлеуметтік ортаға бейімделе алмауы. Оның қиындықтары төмендегі жағдайларға байланысты пайда болып отырған:

-  физикалық денсаулығына байланысты туындаған қиыншылықтар;

-  психикалық  ауытқушылықтарына  байланысты,  яғни  эмоциялық  сферасы,  көңіл-күйін басқара алмауынан туындайды;

-  қарым-қатынастағы қиыншылықтар;

-  отбасылық жағдайлардағы қиыншылықтар;

-  темекі шегу мен алкогольді қолданғаннан туындаған қиыншылықтар.

Ендеше  психикалық  денсаулық  бұл  әрбір  адам  өз  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыра  алатын, қарапайым  өмірлік  стресстерді  жеңе  алатын,  өнiмдi  және жемiстi жұмыс  iстей  алатын,  сонымен қатар  өз  қоғамдастығының  өмiрiне  үлес  енгiзетін  аманшылық  күйі.  Сөйтіп,  біз  көріп  тұрғандай, психикалық денсаулық – бұл аурудың жоқтығы ғана емес, сонымен қатар адам өзін бақытты санай алатын,  психикалық  жайлылық  күйі.  Бірақ  егер  адам  психикалық  дені  сау  болмаса,  әрдайым жайсыздықты  сезінеді,  оның  келеңсіз  күйі  физикалық  денсаулығына  да  әсер  етуі  мүмкін.

Ұлы  Абай дене мәдениетін, дене күшін қалыптастыру, оның ақыл-ой тәрбиесіне тікелей байланысын  көрсете  отырып,  «тәрбиелеу  керек»  деп  жай  ғана  сөзбен  емес,  оны  дұрыс  жолға қоюды  нақты  істермен,  жолдармен  насихаттау,  тәрбиенің  өзегін  философиялық,  психологиялық арнадан  іздеу  қажеттілігіне  тоқталады.  Бұл  мәселеде  Абай  оны  халықтың  рухани  мұрасы,  асыл қоймасы халықтық тәлім-тәрбие бесігі  –  ауыз әдебиетінен, мақал-мәтелдері мен даналықтарынан іздеуді  меңзейді.  Халқымыз:  «Азған  денеге  ауру  үйір»,  «Қайраты  мен  ақылы  сай  жігіттің  жолы болар»,  «Ақылсыз жігіт күшіне сенер»,   «Денсаулығын  ойлаған, жан сарайын таза ұстар» және

т.б. тоқсан сөздің түйінін мақал-мәтелдер арқылы береді.

Практикалық бөлім

1-жаттығу. «Өз театрың»  (сценарий және қойылым).

Қатысушылар 3 топқа бөлінеді. Топтары бойынша тағы 2 шағын топқа бөлінеді. Әр түрлі отбасылық жағдаяттарға сценарий дайындап, қойылым қояды. Қойылым 2 бөлімнен болуы керек. Бірінші бөлімде отбасы дағдарыстарын анық көрсететіндей болуы керек:

1. Сыртқы қиындық (жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы);

 2. Күтпеген жағдай, стресстер

 3. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы

 2-жаттығу. «Жағдаяттар жалғасы...» жаттығуы.

Бұл алдыңғы жаттығудың екінші бөлімі. Мұны екінші шағын топ орындайды. Нақ бірінші бөлімде көрсетілген отбасылық дағдарыстардан шығу жолдарын қойылым ретінде көрсетеді. 

          Факторлар: әлеуметтік өзара әрекеттестік, отбасылық жағдайларды басынан өткізіп, саралау.

3-жаттығу. «Тартып-итер».

Топ екі-екіден жұпқа бөлінеді. Жұптағы біреуі екіншісінің  арқа тұсында тұрып, бел тұсына қолын қояды (топтағы барлық жұп бөлменің бір шетіне  осылай бір-бірінің артына тұрады). Белгі берілген кезде бірінші ойыншы қарсы бағытқа қарай қозғалуы тиіс, ал оның серіктесі оны жібермейді.  Жұп бөлменің  қарсы жағына жетсе, екеуі орнымен алмасады.Сөйтіп бірнеше рет.

Соңында жаттығуды талдау.

 

Рефлексия

-         Отбасы қарым-қатынасы дағдарысының себептері неде деп ойлайсыңдар?

-         Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс деген не?

-         Үйлесімді, бақытты отбасын құру үшін нені ескеру қажет?

 

 

 

24-сабақ

АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖЕТКІНШЕК ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ РӨЛІ

 

Мақсаты: Ата-аналардың жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін өзектендіру.

Міндеттері:

-         Тұлғаның дамуындағы маңызды компонент ретінде ата-ананың рөлін түсінулеріне ықпал ету;

-         Диалогтық тәрбиелеу құндылықтарын дамыту;

-         Бала – ата-ана қарым-қатынасы ұстанымындағы теңдікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.        

Бейнетаспа тамашалау «Сіздің отбасы»

Психологтың кіріспе сөзі.

«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан оң моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді.

Теориялық бөлім

Отбасылық міндеттері мен лидерлік қасиеттеріне байланысты отбасы үш негізгі типтерге бөлінеді:

-         дәстүрлі (патриархалды) отбасы;  

-         дәстүрлі емес (эксплуататорлық) отбасы;

-         эгалитарлы (теңдіктері бірдей отбасы);

Дәстүрлі отбасыларда бір баспанада кем дегенде үш ұрпақ тұруы мүмкін. Бұл типтің мінездемесі:

1)    әйелдің күйеуіне экономикалық тәуелділігі;       

2)    әйел мен еркектерінің міндеттерінің бөлінуі;

3)    еркектің отбасын басқаруы.

Дәстүрлі емес отбасыларда:

1)    әйел мен еркектің қоғамдық еңбекке бірдей қатысуы;

2)    үй шаруашылығын әйел атқарады.

Эгалитарлы отбасының мінездемесі:

1)    үй шаруашылығының бірдей бөлінуі;

2) туындаған мәселені отбасының барлық мүшелерімен келісуімен шешілуі;

3)    отбасындағы қатынастардың эмоционалдылығы.

Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады.

Әке-шешесі жақсы болса, балалары да жақсы тәрбие алып өседі. Бұл сөздерді біз өте жиі естісек те, «жақсы әке-шеше» деген сөз қандай мағына беретінін түсіндіре алмаймыз. Әке-шеше болатын адамдар жақсы ата-ана болу үшін арнайы әдебиеттерді оқу немесе тәрбиенің ерекше тәсілдерін үйрену керек деп ойлайды. Әрине педагогикалық және психологиялық білім керек, бірақ бұл әдетте жеткіліксіз болып табылады. Адамның қандай да бір іс-әрекетін бағалағанда көбінесе біз белгілі бір нормалар мен идеяларға сүйенеміз, тәрбие іс-әрекетінде мұндай нормалар жоқ. Әйел болуды, күйеу болуды үйренген тәрізді немесе қандай да бір жұмыста шеберлікке үйренген тәрізді әке-шеше болуды да үйренеміз. Жақсы әке-шеше болуда қандай да бір әрекет түрінде қателіктер, сенімсіздіктер, жеңілістер, сонымен қатар жеңістер де болуы мүмкін. Отбасындағы тәрбие сол өмірдің өзі болып табылады. Және де біздің жүріс-тұрысымыз, тіпті біздің балаға деген сеніміміздің өзі де күрделі, бірқалыпсыз, кейде қарама-қайшылықты болып келеді. Балалар бір-біріне қаншалықты ұқсамайтын болса, әке мен шеше де бір-біріне соншалықты ұқсас емес. Баламен қарым-қатынас та терең индивидуалды және бір біріне ұқсамайтын болып келеді.

         Әке-шешенің көбі балаға жақсы көретініңді білдіртпеу керек деп ойлайды. Олардың ойынша баланы тым жақсы көру олардың ерке болуына, өзімшіл болуына әкеп соғады деп ойлайды. Бұл ойды жоққа шығару керек. Осы жағымсыз тұлғалық қасиеттер керісінше, балаға деген махаббаттың жетіспеушілігінен туады.

         Баламен үнемі терең психологиялық байланыс орнату – тәрбиенің әмбебап шарты болып табылады. Бұндай байланыс балаға қай жаста болса да керек. Ата-анасымен байланысты білу, сезіну – балаға әке-шеше махаббатын, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді. Осыған баланы сендіру керек. Тәрбие диалогын қалай құру керек? Оның психологиялық сипаты қандай болуы керек? Ондағы басты мақсат – ортақ мақсатқа бірге талпыну, әр түрлі ситуацияларда әке-шеше мен баланың біржақты бағыт ұстануы болып табылады. Бұл – көзқарастар мен бағалаудың міндетті түрде бірдей болуы керек деген сөз емес. Көбінесе әке-шеше мен баланың көзқарастары сәйкес келе бермейді. Дегенмен мәселелерді шешуде екі жақ бір бағыт  ұстанғаны жөн. Әке шешесінің қандай бағыт ұстанатынын бала әрқашан білуі, түсінуі керек.

         Бала әке-шешенің тәрбиелеу объектісі емес, ортақ отбасылық өмірдің одақтасы болу керек. Сондықтан отбасылық өмірге, мақсаттар мен жоспарларға ортақтас болғанда ғана біржақты тәрбие жойылып, маңызды диалог құрыла бастайды.

         Диалогтық тәрбие – отбасындағы қарым-қатынастың ең басты сипаты. Яғни, отбасылық қарым-қатынаста бала мен ересектің позицияларын тең деңгейге қою болып табылады.

         Тәрбиеде диалогтан басқа өте бір маңызды мәселе бар. Әке-шеше мен бала қарым-қатынасының бұл түрі психологиялық тілде баланы қабылдау деп аталады. Қабылдау сөзінің мағынасы – баланың индивидуалды болуына, басқаға және әке-шешесіне ұқсамайтын болуына деген құқығын қабылдау. Баланы қабылдау – баланың өзіне сай ерекшеліктерін, тұлғалық қасиеттерінің жақсы жақтары мен жаман жақтарын бірдей қабылдай білу. Ең алдымен әке-шешенің баламен қарым-қатынасын бағалауына назар аудару керек. Оның мінезінің ерекшеліктері мен тұлғалық қасиетіне жағымсыз баға беруден міндетті түрде бас тарту керек. Өкінішке орай көптеген әке-шешелерде «Өй, миғұла, қолыңнан түк келмейді, басқа балаларға қарашы, қандай, а!», «Неге ғана сені өмірге әкелдім екен?» сияқты сөздер әдетке айналып кетті.

         Отбасы – шағын қоғам. Отбасының белгілі тұратын мекен-жайы, өзінің табысына лайық шаруасы болады. Отбасында не әке, не шеше басшы болады, оның мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігіне қарай міндеттерін атқарады: оқиды, жұмыс істейді.

         Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтады. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Эпик те «Күллі ғажаптың ішінде ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам», - деп пайымдайды.

Психодиагностика

«Трансактілі анализ» тесті (Э. Берн бойынша)

Э.Берн әрбір адам үнемі басқа адаммен байланыста (контакт) болуы керек деп айтады. Бұл оның денсаулығы мен дамуы үшін қажет (әсіресе балалық шақта). Бұл контактілерді ол сипау, еркелету деп атайды. Бұл шынымен физикалық сүйкену, жұғысу немесе сөз немесе басқа адамға қатысты жесттер.

Позитивті сипау, еркелету адамның басқа адамға осы дүниеде өмір сүруін қолдайтынын білдіреді.

Әрбір адам өзін жақсы сезінуі үшін және өмір сүруі үшін белгілі бір деңгейде оң сипау болуы тиіс. Ол әдетте позитивті сипауларға, еркелетулерге талпыныс жасайды да ол сол сипауларды, еркелетулерді не үшін алса, сол тәртіп формасын сақтайды. Мысалы: егер бала ауырғаны үшін немесе уайымдары үшін еркелетулер мен сипалаулар алып үйренсе, ол жиі ауырып және көп қайғыруға үйірсек болады.

Қарым-қатынас индивидтің психикалық және де физикалық денсаулығына қажеттілік болып табылады. Терең, оң және шынайы қатынастар бақыт әкеледі. Алайда адамға контакт жеткіліксіз дәрежеде болса онда адам теріс контактіні қалайды. Кейбір жағдайда бала әдейі ата –анасының ашуын шақырады. Бұл тек қана ата –анасынан контакт алу үшін жасалады.

Берн адамның үш «Мен» күйін сипаттайды. Бұл күйлер: ата –ана, ересек және бала. Ол бұның бәрін бір Эгоның күйі дейді. (Су – сұйық, бу, мұз күйінде  күйде болатын сияқты). Бұл күйдің әрқайсысында адамның белгілі бір мінез –құлық бағдарламасының спектрі және соған лайық эмоциясы бар. Бұны былай түсіндіруге болады:

 А) Әр адамның ата –анасы болған және әркім өз жасына қарамай «Мен» күйіне сәйкес. «Мен» оның ата –анасының күйін қайталайды. Әр адамда ата –ана бар.

 Б) Барлық адам (балаларды қоса) объективті информацияны қайта өңдеуге қабілетті. Олардың активтенген «Мен» күйіне сәйкес. Бұны жай тілде былай айтуға болады: «Әр адамда ересек бар».

В) Әр ересек адам бала болған және де ол балалық күйді өз ішінде сақтайды. Ол балалық шақтан әсері бар, олар белгілі бір жағдайда белсендірілуі мүмкін. Әркім өз ішінде кішкентай ұлды немесе қызды сақтайды деуге болады. Әр адамның іштей бала.

Ата –ана (нанымдарға, қорытындылауға, үйретулерге көңіл қою).

Ересек (өмірге рационалды және жағдайға байланысты қатынас).

Бала (еркін эмоциялар, талаптар мен сезімдер көзі).

Бұл күйлер өзін үш жолмен көрсетуі мүмкін:

Табиғи бала –нәзік, импульсивті, мәнерлі қараусыз, өзіне жинақталған, тілазар т.с.с. (яғни табиғат қалай жаратты сондай).

         Кішкентай профессор – интуитивті, шығармашыл, манипуляция жасайтын бала. Бұл күйден адам шығармашылықты бастайды.

Бейімделген (икемделген) бала –репрессивті тәрбиелеу көмегімен ата –ананың, баланың Эго күйіне әсер ету.

Американдық психолог Эрик Берн (1902-1970) және оның ізбасарларының ғылыми көзқарастарының жиынтығы психологияда трансактілі талдау тұжырымдамасының пайда болуына ықпал етті. Аталмыш тұжырымдама бойынша адам тағдыры көбіне белгілі бір оқиғаларға - жетістіктерге, сәтсіздіктерге, трагедияға итермелейтін оның бейсаналық ерекшеліктеріне тәуелді болады. Э. Берн пікірінше, адамның бейсанасында бір кішкене адам отырып алып, жіптен тартып қойып, үлкен адамның өмірін бейсаналықтың белсенді қалыптасу кезінде орын алған өмір жағдайларының көмегімен бейсанада шегенделіп қалған сценарий бойынша басқарып отырған сияқты.

Тестке нұсқаулық:

Трансактілі анализдің негізгі түсінігі: «Ата-ана»; «ересек»; «бала». Ендеше, сіздің мінез-құлқыңызда осы үш «Мен» қалай қабысатынын бағалап көріңіз. Ол үшін төменде келтірілген пайымдаулардың әрқайсысын 0 ден 10 балға дейін бағалап шығыңыз.

1. Маған кейде шыдамдылық жетіспейді.

2. Егер менің қалауым маған кедергі келтіретін болса, мен онда оларды баса аламын.

3. Ата-аналар есті ересек адамдар ретінде өз балаларының отбасылық өмірін жайластыруы керек.

4. Қандай да бір оқиғаларда мен кейде өз рөлімді асыра сілтеп жіберемін.

5. Мені алдау оңай емес.

6. Маған тәрбиеші болу ұнайтын сияқты.

7. Менде кішкентайлар сияқты есіріп кеткім келетіні болады.  

8. Барлық болып жатқан оқиғаларды дұрыс түсінемін деп ойлаймын.

9. Әркім өз парызын орындауы керек.

10. Мен жиірек жасау керек емес, қалай қалаймын солай жасаймын.

11. Шешім қабылдай отырып, мен оның аяғы не болатынын да ойластыруға тырысамын.

12. Кейінгі ұрпақ қалай өмір сүру керек екенін аға буыннан үйренуі керек.

13. Мен, көптеген басқа адамдар сияқты, өкпешілмін.

14. Маған адамдардың өзі туралы айтқанынан бұрын, өзім көре білген бұйырған.

15. Балалар сөзсіз ата-аналарының нұсқауына еруі керек.

16. Мен – елікпе адаммын.

17. Менің негізгі адамды бағалау өлшемім – әділдік.

18. Менің көзқарасым берік.

19. Мен таласта, ерегісте жеңілмейтін себебім, өйткені тек қана жеңілгім келмейді.

20. Ережелер пайдалы болған кезіне дейін ғана орынды.

21. Адамдар еш жағдайға тәуелсіз барлық ережелерді сақтауы керек.

Тестің кілті:

 Тұлғааралық қарым-қатынастағы рөлдік ұстанымдары:

I («бала» күй - Б): 1, 4, 7, 10, 13, 16, 19.

II («ересек» күйі - Е): 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20.

III («ата-ана» күйі - А): 3, 6, 9, 12, 15, 18, 21.

Тест нәтижелерін өңдеу:

Әр жол бойынша жеке қосындыларды есептеңіз.

Бейімделген Бала және Еркін Бала. Ересек адам бола тұра мен кейде, ата-анамның үмітін ақтау үшін бала кезімдегідей әрекеттерді істеймін. Бұлай істеген кезде мен бейімделген бала эго – қалпында боламын.

Кейде балалық шағымда ата-анама айтқанына қайшы әрекеттер істейтінмін. Бұнда мен ата-анамының үміттеріне бейімделмейтінмін, керісінше қарсы шығатынмын. Мен өзімді өз қалауым бойынша ұстайтынмын. Бұл жағдайда мен еркін бала эго – қалпында боламын

Позитивті және негативті Еркін Бала. Кейде балалық әрекеттерім пайдалы болады, сондықтан оны позитивті, ал керісінше пайдасыз болса, негативті деп атаймыз.

 Қадағалаушы Ата-ана және Тәрбиелеуші Ата-ана.  Мен бала болған кезімде менің ата-анам мені басқарып, қадағалайтын, олар маған не істеу керек, не істемеу керектігін айтып отыратын.  Егер мен осылай әрекет етсем, ата-анамды қайталасам, онда мен Қадағалаушы эго – қалпында болғаным.

Ал керісінше менің ата-анам мені қорғаштап, аялады.. мысалы, мен құлап қалдым да, тіземді ауыртып алдым. Егер мен осындай қылық әркет көрсетсем, онда мен Тәрбиелеуші (қамқоршы) эго – қалпында болғаным.

Біз эго – қалпының функцияларын екі жақты қарастырдық.

Позитивті және негативті Қадағалаушы және Тәрбиелеуші Ата-ана. Позитивті қадағалаушы тип адамның қамын, денсаулығын ойлауға бағытталған, алнегативті қадағалаушы басқа ата-аналық қалыптардан бас тартатын, басқа адамдарды мойындамайтын тип. Позитивті тәрбиелеуші ата-ана қамқор болады, көмек береді, көмек көрсетіп жатқан адамды силайды. Негативті тәрбиелеуші басым боу позициядан көмек көрсетеді де, басқа адамдарды мойындамайды.

Ересек. Кез келген әрекет егер «қазір және осында» жағдайына реакциясы болса, онда ол ересек әрекет ретінде сипатталады.

Егер сізде II, I, III немесе ЕБА формула пайда болса, онда сізде жауапкершілік сезімі бар, шамаға қарай импульсивтісіз және ақылгөйлік пен мән үйретуге бейіміңіз жоқ.

Егер сізде III, I, II немесе АБЕ формуласы пайда болса, онда сізге   пайымдаудың және әрекеттің тиянақтылығы тән,  мүмкін адамдармен өзара әрекеттестікте өз-өзіңізге сенімділігіңіздің әсіре көрінуі, көбінесе  еш шүбәсіз сіздің сөзіңіз бен әрекетіңіздің арты не болатынын ойламай-ақ не ойлайсыз немесе білесіз, соны айта саласыз.

Егер формуладағы бірінші орында І күй немесе Б-күй («бала») тұрса, онда сіз ғылыми жұмысқа бейімділік танытуыңыз мүмкін, бірақ өз эмоцияларыңызды  басқара алуыңыз әрқашан іске аса бермейді.

Практикалық бөлім

1-жаттығу. «Отбасы мүсіні»  социометриялық  техникасы

Мақсаты: отбасы қызметі және құрылымының өзгеруі

Жүргізілу кезеңдері: Отбасы жүйесінде жағдайдың шынайылық ерекшеліктерін бейнелейтін жағдайлары:

- мүсін жасауда аз  дегенде отбасының 3-4 адамнан болуы.

- сынып бөлмесіндегі жеңіл орнынан жылжытуға болатын жиһаздарды қолдану;

-жеткілікті кеңістік отбасы мүшелерін еркін мүсіндеуге барлық жағдай туғызу.

 Мүсінді талдау кезеңі

Қатысушылардың идеалды отбасы туралы түсінігін бейнелейтін мүсін жасау. Қатысушылардың біреуі (өз еркімен) отбасы композициясын жасайды. Ол үшін ол өзіне қажетті адамдарды таңдайды және оларды отбасындағы өзара қарым-қатынас түрін бейнелей отырып орналастырады. Нәтижесінде қатып қалған мүсін немесе «жанды сурет» жасалады. Мысалы, отбасының түскі ас кезіндегі үстелдің айналасында отырғандарын немесе серуенде жүргендерін бейнелеуге болады. Әр қатысушыға оның қандай кейіпте тұратыны хабарланады. Көрініс қойылғаннан кейін, «суретші» суретте кім бейнеленгенін немен әуестенетінін әңгімелейді. Содан кейін әр қатысушы кезекпен өз сезімдерімен бөліседі: сол көзқарас қаншалықты жайлы болды, бауырлары өзара өте жақын немесе алыс қашықтықта орналасқаны, жанұяның барлық мүшелері көз алдында болды ма т.с.с. Талдаудан кейін олар өз қалаулары бойынша өз орындары мен позаларын өзгертулеріне болады, нәтижесінде жаңа бір сурет пайда болады.

2-жаттығу. «Кино»

Нұсқау: «Көздеріңді жұмыңдар, сен отыздасың осы уақытта сен туралы фильм түсірілді. Сен ол фильмді ойда жоқта көріп қалдың. Сол фильмнің басты кейіпкері ретінде қалай көрініп тұрсың, немен шұғылданасың, кімдермен тұрасыз тағы басқа да ерекшеліктеріңді байқап, әңгімеле. Сол фильмнен қандай да бір үзінділердің суретін сал».

Талдау: Осы фильмге көңілің толды ма? Ол жерде саған көбірек ұнаған жері? Саған ұнамаған жерлер болды ма? Толық қанағаттанбасаң, онда өзіңнің қай тұстарыңды өзгерткің келеді? Ол үшін саған не істеу қажет?

3-жаттығу.  «Еске алу кеші»

Бұл жаттығуға дайындау үшін медиациялық техникалар қолдануға болады.

Нұсқау: «Көздеріңді жұмыңдар. Көздеріңді ашқанда сіз 25 жаста боласыз. Көздеріңді ашыңдар. Бөлме ішінде жүріп, өз жағдайларыңды сезініп көріңдер...».

Содан кейін балалар жұп болып жұмыс жасайды: «бір-біріңмен еске алу кешіндегідей әңгмелесіңдер, яғни 13 жаста қандай болдыңыз, 25 жаста қандайсыз...»

Рефлексия

-         Ата-аналардың жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі туралы не айтар едіңіздер?

-         Диалогтық тәрбиелеу құндылықтары дегенді қалай түсінесіздер?

-         Бала – ата-ана қарым-қатынасы ұстанымында нелерді ескеру қажет?

-         Бүгінгі сабақта өздеріңі, болашақ отбасыларыңыз туралы не білдіңіздер?

 

 

 

25-сабақ

АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖЕТКІНШЕК ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ РӨЛІ

 

Мақсаты: Ата-аналардың жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін өзектендіру.

Міндеттері:

-         Тұлғаның дамуындағы маңызды компонент ретінде ата-ананың рөлін түсінулеріне ықпал ету;

-         Диалогтық тәрбиелеу құндылықтарын дамыту;

-         Бала – ата-ана қарым-қатынасында сындарлы әдістерді іске асыра білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

               Бейнетаспа тамашалау: «Позитивті қарым-қатынас», «Сіздің отбасы»

Теориялық бөлім

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Бабам қазақ бала тәрбиесіне қашан да бей-жай қарамаған. Баланы ертеңгі ел қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кеңдікке тәрбиелейтін болған. Бір ғана «баланы жастан» деген сөздің астарынан қазақтың бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлгенін аңғаруға болады. Баласы есейіп 14-15 жасқа келгенде атқа мінгізіп алыстағы аузы дуалы ақсақал қарттарға сәлем беріп кел деп жіберетін болған, ондағы мақсат: көпті көрген көне көз қазыналы қарттардан тарихта болған жайларды, бабалар ерлігін тыңдап, кең байтақ жерімізді батыр бабаларымыз ерлікпен қорғағанын, дарқан даламыздың бүгінгі және кейінгі ұрпаққа аманат екенін саналы түрде санасына сіңіріп отырған. Міне, бұл ер тәрбиесі.

Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін «үлкен үй», «қара шаңырақ» деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Әке тәрбиесі арқылы, ұл мен қыз балалардың өздеріне тән мінез-құлықтарын ерекше сергектікпен қалыптастыратындығы да анық. Әсіресе,  ұл бала үйдегі де, сырттағы да ер адамға қажет тағылымдарды, көбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. Сондықтан да, әке тәрбиесі дұрыс та, мейірімді болу керек. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», – деп бекер айтпаса керек.

Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп мадақтайды. Отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр.

«Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі» дей жақсы көріп, оларға көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіре отырып, баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру – бұлар әкенің басты міндеттерінің бірі.

      Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі немесе қызға тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Баланың өмірінде болып жатқан әр түрлі жағдайлардың бәрі баланың ақыл-ой, санасына байланысты. Дегенмен, дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда әкеге байланысты. Ары қарай өмір теңізінде кез болар қиындыққа төтеп беру де, суға кету де осы бағыттың нәтижесін бермек. 

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабақ алады. Ол ерінің адал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ «Шешесіне қарап қызын ал» – деген.

Қоғамның қуат тірегі – отбасы. Сол отбасының бекем болуы көбіне әйел адамдарға байланысты.

Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есімінен дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.

Ал нәресте өмірінің нәрі - Ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді. Атақты орыс жазушысы М. Горькийдің: «Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған»,- деуі де сол шындықты айқындайды. Әрине, сондықтан да дүние жүзінің барлық елдерінде Отанға опасыздық пен Ана сүтін ақтамау ең зор қылмыс саналады. Бұл туралы қаһарман Бауыржан Момышұлы ағамыз: «Ана үшін аянба – ант ұрады, Бала үшін аянба – бетің күйеді»- деп, керемет өсиет қалдырған.

Практикалық бөлім

         1-жаттығу. Ойын терапиясы (ойыншықтармен түрлі отбасы жағдайларын ойнау)

Кіріспе сөз: 8-10 жасқа дейінгі балалар үшін, кейде ересек балалар үшін де бұл әдіс тиімді, өйткені бір жағынан бұл жағдай қауіпсіз формада мазалайтын тақырыптарды ойнауға мүмкіндік береді, екінші жағынан, ересектерге мәселенің шешілу жолын көрсетеді. Әдістің негізгі идеясын баланың қандай да бір рөлдерді  ойнап отырып өз мәселелерін, мазасыздануларын, қоршаған әлем туралы түсініктерн анықтауға мүмкіндік білдіреді.

Жағымсыз жағдайларға қатысты ойындарын бірнеше рет қайталауынан қорқудың қажеті жоқ. Осылайша олар өздерін мазалайтын тақырыптармен жұмыс жасайды. Бұл ойындар уақытының өзгеруі, жағымды аяқталуы маңызды.

2-жаттығу. Коллаж «Менің қазіргі отбасым» (ата-анасымен бірге тұрып жатқан отбасы)

Топтағы әр қатысушыға осы тақырыптарда коллаж жасау ұсынылады. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет.

Коллаж жасап болғаннан кейін оқушылар өз жұмыстары туралы әңгімелейді.

3-жаттығу.  «Пілдің аяғы»

Мақсаты: «ата-аналармен» және «балалардың» дене деңгейінде өзара әрекеттесу; өзара әркеттесудің дағдыланған тәсілдерін сезіну, қажет болған жағдайда қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін ыңғайлы жағдайларды іздестіру; негізгі мүмкіндіктерді ашу; күрделі жағдайларды шешуде одан шығу жолдарын игеру; ішкі мазасыздануларды көрсету, әсіресе қоғамда қабылданған мінез-құлыққа сәйкессіздіктен туындаған мазасыздануларды, яғни түрлі қарсылықтарды көрсету.

Топ қатысушылары жұптарға бөлінеді (ата-ана – бала). Олардың біреуі өзін пілдің аяғы ретінде көрсетеді және осы рөльде өз көзқарасы бойынша сәйке с әрекеттер жасайды. Екіншісіне «Аяқты» кез-келген тәсілмен қозғалту ұсынылады. Әрі қарай жұптағы рөлдер алмастырылады.

Рефлексия

Қатысушылар бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады. Психолог тізбекті түрде келесілерді ұсынады:

1.                       Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу»

2.                       Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.

3.                       Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу.

4.                       Серіктестің біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру

5.                        Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.

 

 

 

26-сабақ

ОТБАСЫНДАҒЫ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТ

 

Мақсаты: Отбасындағы этнопсихологиялық аспектіні тұлға дамуындағы маңызды мәселе ретінде өзектендіру. 

Міндеттері:

-         Толыққанды үйлесімді отбасын қалыптастыруда этнопсихологияның маңыздылығы туралы білім игеруге ықпал ету;

-         Отбасындағы этнопсихологиялық аспект рөлін дамыту;

-         Этнопсихология негізінде түсіністік қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі. 

Бейнетаспа тамашалау: «Осындай дәстүр», «ECO ETHNO: Color it! 

Кіріспе сөз: Кез – келген адамды өзге халық өкілдері, олардың бет пішіні, жүріс – тұрысы мен өмір сүру образы қызықтырары сөзсіз. Жер шарында өмір сүретін халықтар өте көп болғандықтан олардың психологиялық сипаттамаларын зерттеу қиын, ал салыстыру одан да күрделі мәселе болып табылады.

Теориялық бөлім.

Әр түрлі елдерде отбасының әр түрлі типтері болады. Кейде терең ертелікке тән қатынас формаларын сақтаушы экзотикалық түрлері де кездеседі. Бір айта кететін жайт, отбасылық-некелік дәстүрлер мен салттар архаикалық белгілерін қатаң сақтайды. Ал екінші жағынан қазіргі өндіріс пен өмір сүрудің урбанизациялық стилінің кең тарауы көптеген елдерде үлгісі жағынан ұқсас келетін отбасылардың кездесетінін дәлелдейді. Мұндай тұжырым біздің елімізге де тән.

Отбасы - адамның туғаннан өлгенге дейінгі даму ортасы болғандықтан маңызды әлеуметтену институты болып табылады. Отбасының әлеуметтену стилі ұлттық мәдениетпен, салт-дәстүрлермен байланысты болады, ал оның ішінде ата-аналардың білім деңгейі мен әлеуметтік орнына да байланысты болуы мүмкін.  Бұл жағдайлар бала тәрбиесінің сипатына ықпал етеді.

Қазіргі таңда отбасылық өмірде адами қасиеттерге баса назар аудару талап етілуде. Осы орайда, жауапкершілік, өзін-өзі ұстай білу, мақсаткерлік, дербестік, шешімділік, тұрақтылық, қайсарлылық,  тәртіптілік пен өз сұранымын басқарудағы қабілеттілік және т.б. сияқты қасиеттерді жастардың бойына сіңірту әлеуметтік институттардың алдында тұрған басты мәселелердің бірі. Сондықтан, отбасылық өмірге психологиялық тұрғыда дайындауда этностық құндылықтарды негіздеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Өмірдің өзі дәлелдеп отырғандай, кез-келген халықтың салт-дәстүрлерi мен ырым-тыйымдары қоғам тарихының барысында қалыптасатыны белгілі.  Әрбiр қоғамдық-экономикалық формацияның даму кезеңiнде, нарық жағдайында өзiндiк салт-дәстүрлер жүйесi  болды. Бұл өзiндiк салт-дәстүрлер жүйесі экономикалық қатынастардың сипатына сәйкес өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесiн қалыптастырудың маңызды құралы қызметiн атқаруы тиіс. Бұл жүйелер iшкi рулық әлеуметтік қатынастарды ретке келтiрiп отырды. Бұл жағдай отбасылық қарым-қатынас барысында ұжымдық рулық-тайпалық қызметті ұйымдастырудың қажеттi формасын қалыптастырып, әлеуметтiк тәжiрибенi жинақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа таратудың әдiс-тәсіліне айналып отырды. Осы рулық-тайпалық салт-дәстүрлер мiнез-құлықтың орныққан өлшемдерінің, көрсеткіштерінің және тәртiптерiнің деңгейін анықтап, оны тарату қажеттiлігiн айқындаушы болып табылады.

Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, етһнос - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).

Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының ұқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бұдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.

Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ортақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мұраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдырлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады 

Әрбір этностың этномәдени құндылықтары  ұлан-ғайыр шексіз болып табылады. Бұл этномәдени құндылықтар  әртүрлі сипат пен мағыналар бере отырып, тұлға мен этностық әлем көрінісін құруда ерекше авторлық формадағы ұлттық мәдени жағдайды шоғырландырылады. Осы шоғырландырулар арқылы жастардың отбасылық өмір туралы алғашқы білімдерін тереңдетіп, оны негіздеу басты, әрі маңызды мәселелердің бірі ретінде алға шығады.

Жастар отбасындағы қиындықтарға төтеп беруде жігерсіздік танытып, жауапкершілікті аз сезіне отырып, қоғамның бір бөлшегі ретіндегі отбасылық өмірге ат үсті қарап, әртүрлі тағдыр тәлкегіне қалып отырғаны жанға батады. Қазақ халқы еш уақытта жесірі мен жетімін жылатпаған. Қанымызға сіңген балажандылық, қонақжайлылық пен толеранттылық қасиетіміз сұйылып келе жатқан сыңайлы.

Ал сендердің ойларың қандай?

Психодиагностика

Мәдени құндылық бағдар тесті (Л.Г. Почебут)

Біз этностық «Менді» зерттеу барысында кез келген тұлға өзінің дамуы қоршаған ортадағы мәдениеттің ерекшеліктеріне де байланысының барын не жоқтығын байқау үшін Л.Г. Почебуттің «Мәдени құндылық бағдар» әдістемесін қолдандық.

Ұсынылып отырған әдістеменің басты авторы Дж.Таусенд болып табылады. Этномәдени айырмашылықтарды зерттеу кезінде қандай да бір мәдениеттің таза түрін табу өте қиын, өйткені қазіргі уақытта адамдардың миграциясы, әрі құнды болатын жан дүниелерінің өзара ауысуы жүруде. Мәдени құндылық бағдар тесті бұл тұлғалық тест, ол зерттеліп отырған мәдениеттің қалыптасуы мен құрылуының негізгі тенденцияларын зерттеуге арналған.

Этнопсихологиялық зерттеулер көп жағдайда халық мәдениетін зерттеу деп түсіндіріледі. Ал, «мәдениет» көп мағыналы. Ғылыми әдебиеттерде оның 150 ден астам анықтамасы бар. Мәдениет өзінің құрамына этностық өмір сүру бейнесін, оның құндылықтарын  сенімін ,мінез- құлқының нормаларын , сөйлесу стильдерін және т.б. кіргізеді.

Тест бес сұрақтан тұрады және әрбір сұрақ үш варианттың жауабынан тұрады. Тестің негізіне мәдениеттің үш типі жайлы көрініс енгізілген.

Әлеуметтік ортадан дербес болу, тәуелсіздік пен ерекшелік алға қойылған мақсаты. Шешім қабылдау процесі өз бетімен жүзеге асады. Жекеше қызығушылықтармен және құндылықтардың маңыздылығы мойындалады.  Сөйлесу кезінде адамдар ашық, дербес, иерархияға емес, рөлдік қарым- қатынастың теңдігіне бағытталған. Әлеуметтік қабылданған құндылық ретінде әрбір мүшенің дамуына бірдей мүмкіндіктерді ұсыну  болып табылады.  Қоғамдық бақылаудың негізін мораль емес айып салу және қаржылай марапаттаудың міндеттілігі құрайды. Осы мәдениеттегі адамдардың назары іске, тапсырмаға, жұмысқа негізделген. Адам үнемі саналы түрде өзін іске, прогреске, қаржылық жетістікке құрбандыққа шалады. Сынаушылардың жауабын өңдеген кезде берілген үш типтің динамикасын көруге болады.

Әсіресе «Мен-концепцияның» - «Мен–бейненің» когнитивті компоненті- адамның өзі жайлы көрінісінің мазмұнын сипаттайды. «Мен–бейнеге» адамның өзінің мүмкіндіктері, қоршағандармен қатынасы, әлеуметтік аудандары, қызығушылықтары, тұлғалық қасиеттері т.с.с кіруі мүмкін. Атап өтетін жағдайлар өте көп, өйткені «Мен–бейне» бір жағынан  адамға маңызды басқалармен байланысты сезінуге, олармен өзін біріктіруге, ал басқа жағынан - өзін олардан ажырата алып, өзін ерекше, қайталанбас тұлға ретінде сезіну. Сондықтан «Мен-концепция» бейнесінің мазмұнын екі құрамдас бөліктер сипаттайды: а) «біріктіретін», индивидтің басқа адамдармен қосылуын қамтамасыз етеді және б) дифференциалды, оның басқалармен салыстырғандағы ерекшелігін көрсетіп және өзіндік қайталанбастық, ерекшелік сезімдеріне негіз салушы.    

Зерттелушілерге төмендегідей нұсқау беріледі: "Әрбір тараудан Сіздің мәдениетіңіздің бағдарын сипаттайтын дәлелдемені белгілеңіз. Сонымен қатар, Сіздің отбасыңыз, мектебіңіз және дініңіз Сізді неге үйреткенін еске түсіріңіз. Сізге бір өтініш-жауап беру кезінде егер жаңа замандық көзқарас Сізге үйреткендерден басқа болатын болса, онда ол көзқарасыңызды қолданбаңыз".

1. Біздің мәдениетімізде шешім қабылдау кезінде маңызды фактор ретінде 

     адамдар мынаны санайды:

а) өткенді

б) қазіргіні

 в) болашақты

2. Біздің мәдениетімізде адамдар өздері туралы былай ойлайды:

а) табиғат күштерінің құрбандары

б) табиғатпен ықыласта тұратындар

в) көптеген табиғат күштерін басқаратындар

3. Егер менің мәдениетімдегі адамдарды басқармаса, онда олар мынаны

    істейді:

А) жаман қылықтарды

Б) жаман мен жақсы қылықтарды

В) жақсы қылықтарды

4. Менің мәдениетімдегі адамдар өздерінің қарым-қатынастарында ең негізгі

     ретінде:

А) тұқым және шыққан тегі

Б) үлкен жанұя

В) тұлғаның ерекшелігі мен көнелігі

5. Менің мәдениетімнің адамдары былай санайды:

А) тіршілік ету өз өзімен өмір сүруге жеткілікті

Б) тұлғаның дамуы мен өсуі өмірде ең басты мақсат болып табылады

В) тәжірибелік іс әрекет пен ерекшелікке жету ең жақсы мақсат.

Тестің кілті:

Бөлімнің нөмірі

ДМ

ҚЗМ

ДДМ

1

а

b

c

2

а

b

c

3

а

b

c

4

а

b

c

5

а

b

c

Тест нәтижесін өңдеу:

Бірінші тип дәстүрлі мәдениет (ДМ) адамдардың өткенге бағдарымен мінездемеленіп, жақын әлеуметтік қоршаған ортаға тәуелді тіршілік иесі ретінде қарастырылады. Мұнда отбасы қатынастарға, туысқандық  қарым қатынастардың дәстүріне, діни бағыттарға үлкен мән беріледі. Осындай мәдениетте адамның ішкі еркіндігіне тиым салынады. Қауымдастық жағынан оның іс қимылына, әрекеттеріне сонымен қатар, ойларына қатал бақылау жүргізіледі. Шешім қабылдау ұжыммен өтіп, ал шешімнің нәтижесі жасы үлкендерге байланысты. Адамның іс-әрекеті тәртіпке сай өтеді. Жұмыста нәтижеге жету мен оны марапаттау  әдетте бірнеше уақыт өткеннен соң жүзеге асады.

Екінші тип - қазіргі заман мәдениеті (ҚЗМ) адамдардың қазіргі, заманға сай оқиғаларға бағытымен сипатталады. Адамдар табиғатпен келісімде, оны сақтап, экологиялық сұрақтарға қызығушылық танытады. Адам тәні қарама-қайшылықты көрініс деп түсініледі. Осы мәдениеттің құндылығы адамның құқығында, талабында, мүмкіндіктерінің дамуында, өзіндік жетілдіру мен өзіндік өсуге шоғырланған. Адамдар арасындағы қатынас әдетте формальді, олардың әлеуметтік жүйедегі рөлі және дәрежесімен нақты анықталған. Достық қарым-қатынастар баяу қалыптасып және бір-біріне адалдықпен және тереңдікпен  ерекшелінеді. Қоғам адамның жүріс тұрысын  мораль, әдептік нормалар мен ережелер арқылы реттеуге тырысады. Тұлғааралық қатынастарда адамдар әдетте ұстамды, әлеуметтік дистанция және рөлдік талаптарды ұстауға тырысады. Жекеше шешімді қабылдау өзара қажеттіліктер, қызығушылықтар және топпен, отбасымен, еңбек ұжымымен келісу кезінде жүзеге асады. Өзінің іс-әрекет жетістіктерінің нәтижесіне адам көбінесе қаржылы тұрғыда емес, моральді марапаттауды алғысы келеді.

Үшінші тип динамикалық  дамып жатқан мәдениет (ДДМ), адамдардың болашаққа бағытымен, тез ауқымды нәтижелерге жетуге бағытталған. Адамдар аз уақыттағы жоспарларды құрып, оларды серпінді түрде жүзеге асырғысы келеді. Берілген мәдениет адамдары үшін “уақыт-ақша”. Табиғат- жұмбақ емес. Өмір тез әрі жағымды шешетін мәселе болғандықтан, табиғат адамға бағынуы керек деген ой басым деп ойлау бар.  Оның барлық сырлары ашылып, оның даму заңдылықтары қойылып және сипатталу керек. Адамның басты міндеті табиғаттты басқару болса, адам табиғаты бостандықты сүйеді.

Практикалық бөлім

1-жаттығу. «Менің отбасым – қазір және ертең»

Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау. Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну мен қабылдау өмірін одан әрі дұрыс құруға қажет болады. Өзінің барлық уайымдауларын анықтай біліп, ата–аналарға деген қарама–қарсы сезімдерін айыра білу өте маңызды. Тренинг барысында қатысушылар төмендегілерді орындауы қажет:

- отбасындағы өз бағытын анықтай отырып, өзіндік бақылау дағдыларын жетілдіру;

 - этностық өзіндік сананы арттыру;

 - отбасының жүйелік табиғатын түсіну;

 - дисфункционалды отбасындағы қатынастар динамикасы туралы түсінік алу;

 - өз отбасыларындағы қатынас динамикасы жайлы түсініктерін жетілдіру;

 - өз отбасындағы бұрын ескермеген қарым–қатынас ерекшеліктерін түсіну;

 - өзіндегі және отбасындағы мүмкіндіктерін өзгерту.

Факторлар: Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау; жыныстық–рольдік иденфикация, қарама–қарсы жыныс өкілімен қарым-қатынас орнату іскерлігі, отбасындағы қарым –қатынас, отбасының болашағы жайлы түсінік қалыптастыру, салт-дәстүрлерді дәріптеу.

2-жаттығу. «Отбасын ойнайық»

Топ «отбасыларға» бөлінеді. Ішкі топтар бөлменің әртүрлі бөліктерінде орналасады. Қатысушылар міндеті –«отбасы» құрамын, отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін, отбасылық рольдерді анықтайды. Әр қатысушы немен айналысатынын, қайда қызмет атқаратынын, қандай киім киеді, таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы көреді деген сияқты мәселелердің барлығын ойластырады. «Отбасы» мүшелері жай күн мен демалыс күндерді қалай өткізетіні жайлы, отбасы міндеттерін қалай бөлетіні жайлы, қарым –қатынастары қандай, отбасы сұрақтарын коллегиялық түрде шешеді ма, әлде отбасының басты адамы бар ма деген сияқты мәселелерді шешеді. Отбасы өз тегін ойлап табады. «Отбасы» өз елтаңбасын жасап, девиз құрастырады, сонымен қатар қоршаған адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады. Барлық ойластырулар қағаз бетіне жазбалар және суреттер түрінде тіркеледі. Суреттердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке –немесе жалпы орындалады –ішкі топ өзі шешеді. Егер топта психологтан басқа тағы да бір ересек болса, онда олар әртүрлі «отбасына» тарайды. Олар кіші балалардың рольдерін алуы қажет. Бұл жағдайда қатысушылар өз бетінше әрекет етуді және шығармашылық белсенділікті неғұрлым көп көрсетеді.

Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір ішкі топ кезекпен өз «отбасын» таныстырады, содан соң «отбасына» нақтылаушы сұрақтар қойылады.

Бір маңыздысы, қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау қажет: толық отбасы ма, әлде толық емес пе, отбасында балалар бар ма. Студенттер әдетте отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды. Ол көбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай. Отбасында әдетте әжесі мен атасы бар, қатынастары жақсы, бір-бірімен ұрыспайды. Оқушыларға отбасылық проблемалар туралы түсініктері аз болғандықтан, жетекші көмектеседі. Көптеген ұсыныстардан қатысушылар бас тартады, тек бұл мәселелер уақытша болса ғана оңай шешілетін болса ғана келіседі. Мысалы, ұлы жоғары оқу орнына түсе алмады, келесі жылы көреді. Ал науқастану, алкоголизм, кедейлік деген сияқты мәселелерден бас тартады.

Жаттығуды орындап болғаннан кейін, бірден келесіні жүргізу қажет. Өйткені отбасы қандай да бір уақыт құрылып, «өмір сүрді».

Факторлар: Отбасылық рөлдік қарым-қатынас дағдылары

3-жаттығу. «Өзінің болашақ отбасы жайлы түсініктері» жаттығуы

Бұл жаттығу өткен сабақтағы «Менің қазіргі отбасым» коллажының жалғасы іспеттес, бірақ оқушы өзінің болашақ отбасын «құрады». Қатысушыларға осы тақырыпқа коллаж жасау ұсынылады. Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен парақтары немесе ватман және әртүрлі қағаз, түрлі-түсті газеттер, журналдар, ашық хаттар, жарнамалық қағаздар, ескі кітаптар. Әдетте оқушыларға коллаж жасаған ұнайды, бірақ ұсынылған тақырыптар кейде қиындық тудырады. Оқушы өзін жалғыз сезінуі мүмкін. Тек өзі ғана отбасын белгілейтіндей болып көрінеді. Бұл жағдайда жетекші қолдау көрсетіп, оның назарын басқа жақын адамдарына аударуға ұмтылу қажет. Коллажда этностық құндылық элменттерін қосу сұралады.

Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстары жайлы әңгімелеп бере алады.

Немесе тағы бір нұсқаны қолдана алады «Біздің отбасы» тақырыбында жаттығу барысында құрылған отбасы мүшелері біріге отырып коллаж жасайды.

Факторлар: Болашаққа жоспар құру, отбасын құруға этностық құндылықтар негізінде дайындау

Рефлексия

-         Отбасындағы этнопсихологиялық аспект ұғымын қалай түсінесіңдер?

-         Толыққанды үйлесімді отбасын қалыптастыруда этнопсихологияның маңыздылығы қандай?

-         Этнопсихология негізінде түсіністік қарым-қатынас дегеніміз не?

 

 

 

 

ІV тарау. ӨЗІН-ӨЗІ КӘСІБИ АНЫҚТАУ

 

27-сабақ

ӨМІР ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ӨЗІН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ АРНАЛАРЫ

 

Мақсаты: Өмір жолдарында адамның өзін іске асыру іс-әрекет арналарын өзектендіру. 

Міндеттері:

-         Өмірдің мәні туралы білімдерін тереңдету;

-         Өмірлік күш-қуатын белсендіру;  

-         Өмірсүйгіштікке, өмір құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу.

 Ұйымдастыру кезеңі.

 Бейнетаспа тамашалау:  «Өмір ережелері»  («Бейбіт сардар» к/ф фрагмент)

Психологтың кіріспе сөзі.

Біз бүгіннен бастап «Өзін-өзі кәсіби анықтау» бөлімін бастаймыз.  

Өмір жолдары және өзін іске асыру арналары туралы кейбір ұғымдарды қарастырамыз, яғни өмір сценариіміздің белгілі-бір кезеңіне мән бере қарауды бастаймыз.

Теориялық бөлім.

Өмір жолы

Тұлғаның өмір жолы түсінігін алғашқы рет Ш.Бюлер ұсынды. Ол өмір жолының үш сызығын бөліп көрсетті:

Бірінші сызық – ішкі оқиғалардың бірізділігі ретіндегі шынайы өмір логикасы. 

Екінші сызық – осы оқиғаларды басынан өткізудің ауысуы.

Үшінші сызық – адам іс-әрекетінің нәтижесі. Ш. Бюлер өмірде тұлғаны алға өзін-өзі іске асыруға және шығармашылыққа ұмтылысы жетелейді деп есептеген.  Өмірді түсіндіру негізі ретінде ол ішкі және сыртқа деп бөле қарастырып, «оқиға» түсінігін алған.

         Бақытқа апарар жол ретінде өмірдің мәні және бақыт мәселелері.

          «Өмірдің мәні» ұғымымен «бақыт» түсінігі тығыз байланысты. Егер өмірдің мәні – бұл адам тіршілігі маңыздылығының шынайы бағасы болса, бақыт – бұл өз болмысының, өмір сүру әрекеті нәтижесінің тұтастығын басынан өткізудегі тұлғалық терең моральдық қанағаттануы. Сондықтан бақыт әрқашанда рухани және дене күшінің ерекше көтерілуін сезінумен байланысты.

Бақытты құрайтындар

Носсрат Пезешкиан өзінің терең зерттеулері негізінде бақытқа тең дәрежеде төрт жол әкелетінін айтып қорытынды жасады:

Түйсік жолы (Тән);

Көкейкөз (интуиция)жолы (Мән);

Дәстүрлер жолы (Контакт);

Ақыл-ой жолы (Іс-әрекет).

Теңгерілім моделінің негізгі қағидаты – өмірдің 4 сапасы (Пезешкиан кристалы). 

1. Адамда әлемді танудың төрт арнасы бар. Осы төрт арнаға да тең түрде көңіл бөлінсе, өмірлік белсенділік үйлесімді болады және күш-қуат теңгерімі сақталады:

1.1. Мән: болашаққа жоспар, арман, мақсат, сенім, құндылықтар, қағида, өмірдің мәні.

1.2. Тән: дене саулығы және физикалық белсенділік, түйсіну және өзін сезіну, сырт пішін.

1.3. Контакт: жақын эмоционалды қатынас, отбасы, достар, туыстар, қарым-қатынас. 

1.4. Іс-әрекет: кәсіби және бизнес жетістіктері, оқу, ғылым, жетістіктер, мансап.

Үйлесімді, тиімді және бақытты өмір сүру үшін өзіңнің өмірлік белсенділігіңді (энергия) осы 4 арнаға тең бөлу қажет.

Әйтпегенде, жеткіліксіз көңіл бөлінген арна адам үшін өзі-ақ туындаған мәселе, кикілжің түрінде сыр береді:

Егер өз денсаулығыңа, тән арнасына уақыт бөлінбесе, онда ауру басқа арналардан күш-қуатыңды алады. Осындай түрде тән өзіне жетіспеген көңілді қайтарып алады.

Егер контакт арнасында өз достарыңа, таныстарыңа уақыт бөлмесең, олармен байланыс үзілуі мүмкін. Адамның жануардан айырмашылығы да сол емес пе – басқалармен адами жоғары сезімдерге сүйенетін, яғни махаббат, адалдық, қайырымдылық және т.б. эмоционалды байланыста болу.

Егер мән, сенім арнасында өзіндік дамуы үшін кітап оқуға, мәдени-танымдық дамыту фильмдерін көруге уақыт бөлінбесе, аяғында мәннің болмауынан туындаған апатияға немесе депрессияға әкеліп соғуы мүмкін.  Осы ішкі бос қуыс басқа арналардан күш-қуат тартып алуға қабілетті. Не тәніңмен, не достарыңмен, не іс-әрекетпен айналысқың келмесе – мән де жоғалады.

Егер жұмысқа, кәсіби салада өзіндік жетілуге қажет көңіл бөлінбесе, онда ерте ме, кеш пе басқа да өмір арналарында жаңғырығын табатындай іс-әрекет арнасында (жұмыста, бизнесте, сүйікті ісіңде) ісің алға баспай тұрып қалады.

Көлеңкеде тұрып қалған арналарға қалай көңіл аударуға болады. Әр күннің соңында үш минут уақыт бөліңіз және өзіңізге үш сұрақ қойыңыз:

- Бүгін сондай есте қалатындай, керемет немесе жай ғана жарқын не жасадым? Бұл сұрақ сізді әр күн сайын көңіл бөлінбей қалған арналарыңызды тауып, күнделікті күйбең тіршілікте басты құндылықтарды жоғалтып алмай, орнын толтырып отыруға жетелейді.

- Бүгін қандай пайдалы және маңызды іс тындырдым? Бұған жауап сіздің нені мақтан ете алатыныңыз: әрекетіңіздегі жетістіктер және нәтижелеріңіз туралы айтады. Олар сізге болашақ табыстарыңыз үшін күш пен шабыт береді. Ескерту: егер бұл сұраққа жауап беруге қиналып қалсаңыз, халық даналығына жүгініңіз: «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ» немесе «Жаман айтпай - жақсы жоқ».

- Егер осы күнді қайрадан басымнан өткізсем, менің әрекеттерімнен не өзгерер еді? Бұл сұрақ сізге ертеңге белгілеген мақсаттарыңыздан таймауға көмектеседі. Ескерту: өзіндік талдау және өзіндік есеп беру өзіңіді-өзің сынай беруге ұласпауы керек. Сондықтан да сіз сол күннен өзіңізді мақтай алатындай, риза болатындай, алғыс білдірерліктей немесе өмір тәжірибесін байытатындай бір оқиғаны немесе әрекетті міндетті түрде табыңыз.

Ұлы Абайдың 15-қара сөзіне  де көңіл аударып қарасаңыздар, біздің атамыз баяғыда-ақ бұл үш сұрақ туралы былай деген екен: Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?

Психодиагностика

Үйлесімділікті және өмір күш-қуаты деңгейін анықтау тесті. Проективті әдістеме.

Келесі беріліп отырған проективті әдістер қатарындағы екі суретті тест мына сұрақтарға жауап алуға арналған:

- адамның өмірі қаншалықты үйлесімді;

- қай тұсына жеткіліксіз назар аударылған;

- өмірдің осы кезеңінде өмірлік күш-қуат деңгейі қандай?

1. «Өмірдің үйлесімділігі және теңгерілімділігі» проективті әдісі (суретті тест).

2. «Сіздің өмірлік күш-қуатыңыз (энергия)» проективті әдісі (суретті тест).

1.     Суретті тест. «Өмірдің үйлесімділігі және теңгерілімділігі»

Нұсқау: Сіздердің алдарыңызда ортасында шеңбер бейнеленген және үзік сызықты диагоналдары бар тіктөртбұрыш берілген. Тапсырма мынадай: сізге кез келген құстың суретін салу керек. Оны қайда орналастырасыз – оны өзіңіз білесіз.

Стимулдық материал.

Тест гармония и сбалансированность вашей жизни.

Тестің кілті:

Ыңғайлы болу үшін тіктөртбұрыштың бұрыштары нөмірленген, осылайша алынған нәтижелерді өңдеу жеңілірек болады. Бұл тесте ең маңыздысы – бұл сіздің құсыңыздың қайда орналасқандығы. Дәл осы жағдай сіздің ниетіңіз неге ұмтылатынын көрсетеді.

Егер сіз құсты суреттің дәл ортасына салсаңыз, онда ол сіздің өз белсенділігіңізді іс-әрекет, тән және мән-мағынаға ұтымды бөле аласыз дегенді білдіреді, бірақ контакт мәселесін өз назарыңыдан біршама тыс қалдырасыз.

Егер сіз құсты сол жақ бөлігіне салсаңыз (1-4), онда ол сіздің жауаптылығыңыз бен парасаттылығыңыз туралы айтады, сізге контакт мәселесі маңызды. Назарыңызды мән-мағынаға, нақтырақ айтсақ, болашаққа аударыңыз, өткеніңізден пайдалы сабақ алыңыз да, оны босатып жіберіңіз. Осылайша сіз іс-әрекет қырына да жеткілікті көңіл аудара аласыз.

Құс жоғары бөлікте болса (1-2), онда ол сіз үшін бірінші орында мән-мағына тұратынын айтады, бұл кез келген адам үшін өте маңызды. Егер сіз сонымен қатар өз күш-қуатыңызды және белсенділігіңізді басқа қырларыңызға да бұрсаңыз, сіздің өміріңіз үйлесімдірек бола түсер еді.

Егер сіз құсты сол жақ бөлігіне (2-3) салсаңыз, онда ол сіздің мән-мағына және іс-әрекет қырында табысты және белсенді екеніңізді білдіреді. Сіз өткенге байланып қалмағансыз, бұл сізге қажетті мобилділікті береді. Көңіліңізді тән және контакт саласына да бөліп қойғаныңыз дұрыс болады.

Құс төменгі жақ бөлігінде салынған (3-4), онда ол сіздің бар күш-қуатыңыз іс-әрекет саласына шоғырланған. Сіз жерді нық басып тұрсыз, сіз арманшыл емес, нақты іс адамысыз. Сондықтан да өміріңіздің теңгерімділігін сақтау үшін көңіліңізді басқа салаларға да бөліп қойғаныңыз логикаға сыйымдырақ.

Егер сіз құсты тіктөртбұрыштың ортасындағы шеңберді оның денесі етіп, ал қалған дене бөлшектерін барлық бөліктерге теңдей бөліп салсаңыз, онда ол сіздің үйлесімді, теңгерілімді күйде екеніңізді айтады. Сіз ертеңгі күніңізді ойлайсыз, бірақ өткеніңізді де ұмытпайсыз, сондай-ақ ниеттеріңізді өмірдің мәнімен үйлестіруге талпынасыз. Сіздің құсыңыздың суреті неғұрлым пропорционалды шықса, соншалықты сізге белсенділігіңізді өміріңіздің барлық қырында да қоса жұмылдыра аласыз.

2. Суретті тест. «Сіздің өмірлік күш-қуатыңыз»

Нұсқау: Парақта қоңыраулы сағат сызба түрінде бейнеленген. Сізге суретті аяқтап салу ұсынылады. Егер қажет деп тапсаңыз, онда тек қана сағат бөлшектерін ғана емес, сонымен бірге өң беріп, түрлендіруіңізге болады.

Стимулдық материал.

Тест ваша жизненная энергияТестің кілті:

Суретіңізді қандай бөлшектен бастағаныңызға көңіл аударыңыз. Егер сіз бірінші кезекте сағаттың тілін салсаңыз, бұл қазір сізге күш-қуат туралы ой ерекше маңызды болып тұрғанын білдіреді. Егер сіз циферблатта цифрларды жазудан бастасаңыз, онда бұл қазіргі уақытта сіздің қарбалас, оқиғаға толы өмір сүріп жатқаныңызды көрсетеді, сіз тыныштықты,  тәртіптілікті және бірқалыптылықты қалайсыз, сізге осылар қатты жетпей тұр. Егер бірінші кезекте сіз сағаттың өзін немесе түпқоймасын айналдыра бассаңыз, онда ол сіздің ахуалды өзгерту, яғни өз өміріңізде бірдеңені өзгерту ниетіңіздің бары туралы айтады.

Қоңыраулы сағаттың тіліне кеңірек тоқталайық. Сағаттың қандай уақытты көрсетіп тұрғаны маңызды емес, маңыздысы, тілдері жоғары немесе төмен қарап тұрғаны.  Егер сағаттың тілі жоғарыға бағытталса, сіздің өмірлік энергияңызда мін жоқ, сіз күш-қуатқа толысыз және сергексіз. Егер төменге бағытталса, онда сіздің өмірлік энергияңыз толықтыруды қажет ететіні. 

Сағаттың тілдері қаншалықты айқынырақ басылған болса, сізге қажеттіліктеріңізді қанағаттандыру үшін, қойылған мақсаттарыңызға жету үшін соншалықты көп энергия қажет деген сөз.

Егер сіз цифрларды айқын басып көрсетсеңіз, онда ол сізге жақсылап демалу керектігін ескертеді, бір жақтарға қыдырып барып келу, хал-ахуалды өзгерту, жаңа әсерлер алу.

Егер сіз сағаттың қоңырауындағы түймешігін айқын басып салсаңыз,  онда сіз іс-әрекетті ауыстыруды қажет етесіз, қазіргі жасап отырған ісіңіз сізді қызықтырмайды.  Сізге жаныңызға жақын жұмыс қажет.

Егер сіз сағаттың корпусын қатты басып көрсетсеңіз, онда ол сіздің экстраверт екеніңізді және сіз көбіне-көп басқа адамдармен қарым-қатынаста, контакт арнасында өзіңізге қуат алатыныңызды білдіреді.

Егер сіз түпқоймаға ерекше көңіл білдірсеңіз, онда ол сіздің табиғаттан қуат алатыныңызды меңзейді, яғни сізге бір-екі күнге орманға, өзен-көлге немесе саяжайға барып, қала әбігерінен демалып келуіңіз керек, бұл сізге біраз пайда береді.

3. «Адамның төрт түпкі қажеттіліктері» қажеттілік базасын анықтау әдістемесі.

Балаларға парақты 4 бөлікке бөлу ұсынылады. Біріншісіне - өсімдік, екіншісіне - қару, үшіншісіне - зергер бұйым, төртіншісіне - ыдыстар суреті салынады.

Әдістемесінің мақсаты құрсақ дамуынан бастап, 3 жасқа дейінгі толық дамуда қажеттіліктің қалай қанағаттанғанын анықтауға мүмкіндік береді. 

Сыналушыларға: 4 түрлі сурет салуды ұсындық: өсімдік, қару түрі, зергерлік бұйымдар,   ыдыс аяқ .

Сурет мазмұнының психологиялық талдануы: Өсімдік - тірі болса, өмір сүруге құлшыныс;  ал егер кесілген, томар түрінде болса, онда индивидтің ішкі жан- дүниесінде  жойылу деген бағдарлама жұмыс жасауда, оны сұрақтар қою арқылы нақтылау қажет болады.

Қару жарақ – қорғану; егер ол басқаруға келетін болса (мылтық, пистолет, пышақ ) онда мінез-құлқын өзі реттей алады, ал егер садақ болса, жаны тез жараланатын, осы  мінез-құлқымен елді өзінен алыстатады. Ал қылыш болса - тек жақындарына ғана әсер ете алады. Қару-жарақ дәу болса- агрессияның басымдығын білдіреді.

          Зергерлік бұйымдар – денеге жақын орналасқан болса сүйкімді, сүйіктісі бар, ал егер сирек кездесетін немесе тағылатын әшекейлер болса, әлі сүйіктісін таппағанды білдіреді.  

         Ыдыс-аяқ - күнделікті қолданатын  түрлерін  салған болса, қарапайымдылық қажеттілігі қанағаттануда, ал хрусталь сирек кездесетін ыдыстар салынса, қажеттілігін басып жүзеге асырылмауда.

Практикалық бөлім.

1.     «Өмір сағаты» жаттығуы

Туылу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Нұсқау: өмір сағатының суретін салыңыз. Сағатта өзіңіздің өміріңіздің басты оқиғаларын жазыңыз. Ол балабақша, оқу, жұмыс және т.б. болуы мүмкін. Ірі оқиғаға түрлі түстер қолдана аласыз. Оқиға болған жылды, жазуды ұмытпаңыз.

2.     «Менің өмірім» жаттығуы

Нұсқау: «Бір бөлік суретін сал. Оны үш бөлікке бөл, олар өткен шаққа, қазіргі кезге және болашаққа сейкес болсын. Сен қазір қай жердесің, сол жерге жалаушаны қой. Өмірдің қай бөлігі өтті және қай бөлігі әлі алда. Өзіңнің өткен өмірі туралы ойыңмен бөліс. Сенің бастауың қай жерде, балалық шағың, ерте кездерің қай жерде өтті. Қазіргі кезде не болып жатыр, сені не әуестендіреді? Болашақта сенімен не болады, сенің мақсаттарың және армандарың?»

Түрлендіру: Өз еркімен бала шақырылады. «Едендегі мына сызық сенің өміріңді білдіреді. Қатысушылардың біреуі сенің өміріңнің басын білдіреді, екіншісі бүгінгі кезің, және үшіншісі - өміріңнің болашағы. Осы сызықтың үстімен жүр, әр жерінен тоқтап, осы кездерде өзіңнің өміріңнің қандай екенін айт».

3.     «Менің өмір жолым» жаттығуы

«Жолаушы «Өмір» атты жолмен жүріп келе жатты. Жол оны бір жол қиылысына әкелді. Жолаушы тоқтады, жан жағына қарады, ойланды. Ары қарай қай жолмен жүрсем болады?

Өзіңді сол жолаушының орнында елестет. Не ойлайсың, не сезінесің?

Алдыңды таза парақ. Қаламды ал да өткен өміріңді, өзіңнің жағдайыңды және болашақ өміріңді бейнеле. Өзіңнің естеліктеріңді, арманыңды, қиялыңды қолдан.

Қай жерге келгің келеді? Жолыңа не аласың? Жолыңда не кездестіресің? Не үйренуіңе тура келеді?

Қандай жолдар шықты? Жолаушы өмір жолының қай бөлігінде бақытты, қуаныш сезімінде? Оған не түрткі болады? Өткен шақ пен қазіргі кездің, қазіргі кездің болащақпен байланысына назар аудару керек. Өткен шақ жолы қазіргі мен болашақтан не айырмашылы бар? Жолдың мақсаты неде? Мақсатыңа жеткеніңді неден білесің? Қойылған мақсатқа жетуге саған не қажет? Шарттар, мүмкіндіктер қандай?

         Рефлексия

Өмір қиындықтарын шешудің сыры

Профессор суға толы стақанды қолына алып, созады. Студенттерінен «сіздердің ойыңызша, бұл стақанның салмағы қандай?» деп сұрайды.

Аудиторияда дабыр басталды.

- Шамамен 200 грамм! Жоқ, 300 грамм секілді! Мүмкін 500 грамм!? – деп жауап беріп жатты студенттер.

- Мұны таразыға салып, өлшемегенше жауапты біле алмаймын. Бірақ бұл қазір маңызды емес. Негізгі сұрақ: бұл стақанды қолымда бірнеше минут ұстасам не болады?

- Ештеңе!

- Иә, ештеңе етпейді. Ал егер бұл стақанда екі сағат бойы ұстасам ше?

- Қолыңыз ауыра бастайды.

- Ал егер күнімен тұрсам ше?

- Қолыңыз ұйып қалады. Бұлшықеттеріңіз құрысып, паралич болуы мүмкін, - деп жауап берді бір студент.

- Күнімен бұл стақанды ұстап тұрғаннан оның салмағы өзгере ме?

- Әрине жоқ!

- Мұндай жағдайда не істеуім керек?

- Бар болғаны стақанды үстелге қою керек.

- Иә, рас! – деп қуанып кетті профессор. – Өмір қиындықтары да осыған ұқсас. Бір мәселе жайында бірнеше минут бойы ойласаң, жаныңа келеді. Ол туралы бірнеше сағат ойлансаң, сені өзіне сіңіре бастайды. Егер ол туралы күнімен ойласаң, әлсіретіп, сал етеді. Ол жайында үздіксіз ойлана беруге болады, алайда оның еш пайдасы жоқ. Оның салмағы азаймайды. Оны шешу үшін әрекеттену керек. Не шешімін ізде, не шеттетіп таста. Сені сал ететін нәрсені жадыңда сақтап жүрудің қажеті жоқ.

 

 

 

 

28-сабақ

ӨЗІН-ӨЗІ ІСКЕРЛІК МАНСАПҚА ДАЙЫНДАУ

 

Мақсаты: Іскерлік мансапты дамыту үдерісін белсендіру.

Міндеттері:

-         Іскерлік мансаптың маңыздылығын өзектендіру;

-         Іскерлік мансап үдерісін дамытуға ықпал ету;

-         Өзін-өзі реттеу, өзін-өзі жетілдіру құндылығына тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Бейнетаспа тамашалау:  «Іскерлік әдеп»

Теориялық бөлім.

Іскерлік мансап түсінігі және кезеңдері

Мансап – бұл адамның өз еңбегі жайлы субъективті түрде ұғыну бейнесі, өзін-өзі көрсетудің үміт жолдары және өз іс-әрекетіне қанағаттанғандық білдіру әсерлері. Бұл қызметтік сатыда үдемелі жоғарылауы, дағдылардың, қабілеттіліктердің, біліктілік мүмкіндіктердің және адамның іс-әрекетіне байланысты сый-сыяпаттар көлемінің өзгеруі. Адамның өмірі жұмыстан тыс кезде де мансапқа айтарлықтай әсері болады, сөйтіп ол мансаптың бір бөлігі болады. Бұл бір кездегі таңдап алынған іс-әрекет ету жолының алға қарай дамуы. Басқаша айтқада, мансап – бұл адамның бүкіл өмір бойы жұмыс істеу кезіндегі еңбек тәжірибесі мен іс-әрекетіне байланысты өзі ұғынған көзқарасы және мінез-құлқы.

“Мансапты жасау” – демек, қоғамда жаңа беделді деңгей мен үлкен мүмкіндіктерге жету, жоғары мәртебе, абырой, билік, көп көлемдегі ақшаға ие болу деген сөз. Бұл жердегі абырой – кең қоғам ішінде кең тараған көзқарас.

Еңбек нарығы жағдайында мансап жасай отырып, біздің әрқайсымыз өзіндік жұмыс күшімізді құраушы да, сатушы да боламыз. Нарықтың конъюнктурасы мен оның заңдылықтарын біле отырып табысқа жетуге болады.

Әрбір адам өз өмірінде лайықты мансапты таңдау мәселесіне көп көңіл бөледі.Сонымен қатар әр адам өмірде белгілі бір табыстарға жеткісі келеді:

-         қандай да бір шыңдарды алу;

-         ең жақсы нәтижелерге жету;

-         қандай да бір салада жетістіктер мен кәсіпқойлыққа ұмтылу;

-         орындалған жұмыстан қанағаттанған сезім алуға ұмтылу.

Мансаптың екі түрі болады:

-         кәсіби;

-         ұйым ішіндегі.

Кәсіби мансап нақты қызметкердің өзі кәсіби іс-әрекетінің процесінде дамудың әр түрлі кезеңдерінен өтетіндігімен сипатталады:

Ø оқу;

Ø жұмысқа тұру;

Ø кәсіби өсу;

Ø жеке қабілеттіліктерді қолдау;

Ø зейнеткерлікке шығу.

 Ұйым ішіндегі мансап үш бағатта орындалады:

*    тік түрінде - әкімшіліктің жоғары сатысына көтерілу;

*    көлденең түрде – жұмыстың түрі басқа функциялық салаға ауысуы немесе ұйымдастырушылық құрылымында қатаң түрде бекітілмеген белгілі бір қызметтік рөлді орындау немесе бұрынғы жұмыс орнында атқаратын қызметтің күреленуі мен ұлғаюы, соған байланысты жалақының да өзгеруі;

*    орталыққа ұмтылу – қызметкер үшін тартымды болып табылатын ұйымның жетекшілігіне, биліктің ортасына жылжу.

Мансапты жоспарлау оны дамытудың мақсаты сен оған жетуге алып баратын жолдарын анықтаудан тұрады. Оның жолдары жұмыс істеуге қажтті қызметтер тізбегінен тұрады,сонымен қатар мақсатты қызметке орналаспастан бұрын талап етілетін біліктілік болуы үшін біліктілік курстарды бітіріп, машықтанушы болып жұмыс істеу қажет.

Мансапты дамыту деп қызметкер өз жоспарын орындаудағы жасаған іс-әрекеттерді айтады.

Мансаптың әр алуан түрінің болуы, оның төрт негізгі “трамплин”, “баспалдақ”, «жылан”, “шытырман” сияқты модельдерінің бір-бірімен үйлесуі арқылы негізделеді.

Жұмыс барысында мансапты басқара отырып, төмендегіні орындау қажет:

-         өз білімін кеңейтіп, жаңа тәжірибелерді үйрену;

-         жалақысы жоғары қызметті алуға өзін даярлау;

-         мансап үшін маңызды адамдарды тану және бағалау;

-         өмірде бәрі өзгеретінін есте сақтау керек, себебі, сіздің біліміңіз, тәжірибеңіз, нарық, ұйым, қоршаған ортаның барлығы өзгерісте болады;

-         мансап саласында сіздің шешіміңіз әрқашанда сіздің және ұйымның көзқарастары арасында ымырашылық болатындығын ескеру керек.

К.Роджерстің пікірінше, өзін-өзі дамытудың негізгі бағыты - өзіне деген сенімді нығайту мен өзін-өзі сыйлау қабілетін қалыптастырудың нәтижесінде субъект “идеалды Менге” ұмтылады. Қазіргі тәжірибеде К. Роджерстің  “тұлғалық өсу тобының” әдісі қолданылады. Ондағы қарым-қатынас барысында адамның адаммен қатынастарын құру үшін қатысушылар бір бірінің алдында ашылып, өздерінің сезімдері туралы айтады, мәндік мағыналарды іздейді, өмірлік таңдаудың еркіндігін алуға ұмтылады және ол үшін жауап береді. Неғұрлым білікті және қабілетті болу үшін осының барлығы шектеулі рухани потенциалды ашуға көмектеседі. Бұл өздігінен өз бентінше әрекеттенуді күшейтеді – ұйымдастырылған байланысты гештальт үнемі қалыптасу барысында болатын және өзіне деген көзқарасты анықтайды. Тұлғалық жетілуге теріс әсер ететіндер - өзгерістен қорқыныш, қорғаныс механизмдері, өз ағзасына сенбеушілік, конформизм. Тұлғалық жетілуді түсіндіруде А.Маслоудың зерттеулеріне сүйенеміз: өсу – яғни потенциалдықтан қалмау деп  түсінеміз. Немесе „тұлғалық өсу” деп А.Маслоудың  қол жеткізген негізгі қажеттіліктері негізінде “жоғары” қажеттіліктерді қанағаттандыруды айтамыз.  

Ендеше, А.Маслоу пирамидасын қарастырып көрейік:

         Пирамиданың әр басқышына талдау жүргізіп, талқылау ұсынылады.

     Психодиагностика

  Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Бүгін біз өзін-өзі жетілдірудің, қандай да бір ортада өзін реттей білудің техникасы мен философиясын меңгереміз, мағлұматымызды кеңейтеміз.

 «Қол – мидың жалғасы» алақан бойынша өзін-өзі зерттеуге арналған проективтік тесті.

Ғалымдардың зерттеулері бойынша қандай да бір салаға қабілеттілік ортақ белгілеріне қарай 5 деңгейге топталған:

1.     Басқарушылар /фирма президенті, мекеме басшысы, директор, менеджер т.с.с./;

2.     Сақтаушы-қорғаушылар /әскери қызметкерлер, заңгерлер, із кесушілер, өрт сөндірушілер т.с.с./;

3.     Қаржыгерлер-саясаткерлер /банк қызметкерлері, экономика қызметкерлері, бухгалтерлер, кассирлер т.с.с./

4.     Шығармашылық еңбек иелері /суретші, музыкант, архитектор, дизайнер, безендіруші, имиджмейкер, колорист, шаштараз т.с.с./

5.     Дәрігерлер-емшілер /медицина саласы қызметкерлері, массажистер, сынықшылар, емшілер т.с.с/

Ал, ендеше, әрқайсымыз табиғи бейімділігімізге үңіліп көрейік:

Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақ пен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Білезіктің оң жақ, сол жақтарын да қамтимыз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығарамыз.

Қорытындысы:

1.                 Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі, яғни ОА арасында сызба бөлігі ұзын болса, сен туа біткен билеушісің. Әрқашан бәрін билеп-төстеуге тырысасың;

2.                 О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық ОГ басқалардан ұзын болса, сен болмысыңнан жауынгерсің. Сенің стихияң – шайқас;

3.                 Ортан қол сызығы ОВ ұзынырақ болса, сіз – рухани қызметкерсіз. Немен айналыссаң да, өміріңде руханилық бірінші рөл ойнайды;

4.                 Аты жоқ саусақ сызығы ОБ үлкенірек болса, сенің өнерге бейімің мол, әртістік қабілетің басым;

5.                 Шынашақ сызығы ОӘ үлкенірек болса, сен – дәрігерлік шипагерлікке бейімсің.

Практикалық бөлім.

1-жаттығу: «Жарнама ролигі»

Нұсқау: Біздің барлығымызға да жарнама деген не екендігі белгілі. Күнбе-күн теледидар экранынан небір жарнама ролигін бақылаймыз да белгілі бір тауарды қалай ұсынатынын көреміз. Ал қазір біз жарнама маманы ретінде өзіміздің жарнамалық ролигімізді жасау үшін жиналып отырмыз деп елестетейікші. Біздің міндетіміз ұсынысымызды тартымды, қызықтыратындай етіп ұсыну. Тек бір ерекшелік: біздің ролигіміздің нысаны – өзіміздің тобымыздың атауына сай келетін мамандықтар. Жарнамалайтын мамандығыңыздың ең маңызды және шынайы қасиеті көрсетіліп, танылатын болуы тиіс. Жарнама бір минуттан аспауы керек. Қажет болса, бөлмедегі құралдарды, заттарды пайдалануға болады не қатысып отырған қонақтарды тартуға болады. Дайындыққа – 5 минут.

2-жаттығу: «Өз театрың»  (сценарий және қойылым).

Қатысушылар бөлінген топтары бойынша әр түрлі жағдаяттарға сценарий дайындап, қойылым қояды. І топқа – сыныпқа жаңадан келген оқушының бір баламен танысуы. ІІ топқа – дүкен ішінде немесе дүкен жанында сыйлық алуға көмекке шақыру.  ІІІ топқа – кинотеатр алдындағы кездесу. ІҮ топқа – аялдамадағы жағдай. Ү топқа –аттестациядан (ҰБТ) кейінгі жағдай.

3-жаттығу: «Жағдаяттар жалғасы...» жаттығуы.

І топқа – «Даяшы, менің сорпамда шыбын жүр» жағдаяты.

ІІ топқа – «Тоқта, атам, кім келе жатыр?!» жағдаяты.

ІІІ топқа – «Макро-микро экономикалық есеп» жағдаяты

ІҮ топқа – «Кім болсам екен?» жағдаяты.

Ү топқа –  «Мен – хирургпін» жағдаяты

1. «Даяшы, менің сорпамда шыбын жүр» жағдаятының шарты: А рөлі: Сіз шет елде саяхатта жүрсіз. Сіз бүгін бір қымбат мейрамханада ас ішіп отырып, сорпаңыздан насеком секілді бірдеңе көріп қалдыңыз. Даяшыға айтып едіңіз, ол бұл насеком емес, арнайы дәмдеуіш, шөп деп болмайды. Сіз оған келіспей, мейрамхана басшысымен сөйлеспек болдыңыз. Міне, басшы сіздің үстеліңізге жақындап келеді...

         Б рөлі: Сіз – ең жақсы мейрамхананың басшысысыз. Мейрамханада баға қымбат, бірақ қызмет көрсету мен сапасы да бұған лайық. Мейрамхананың беделі жоғары, шетелдік қонақтар көп келеді. Бүгін бір шетелдік қонақ келді, оған даяшыңыздың біреуі сорпа апарып еді, бір шу шықты да даяшы келіп, қонақ сізбен сөйлескісі келеді деді. Сөйтіп, сіз оның үстеліне жақындадыңыз. Рөліңізді ойнаңыз.

         2. «Тоқта, атам, кім келе жатыр?!» жағдаятының шарты: Әскери қарауыл постында тұрсың. Жарғы (устав) бойынша «Тоқта, атам, кім келе жатыр?!», - дегеннен басқа артық сөз айтып ешкіммен сөйлеспеуің керек. Ал сол күні көптен көрмегеннен сағынған анаң келіп қалыпты. Ол постыға жақындап келеді. Сен не істер едің?

3. «Макро-микро экономикалық есеп» жағдаятының шарты: тәжірибелі экономист, уақытында тапсырылмаған бөлім есебінің кесірінен үстемақыдан құралақан қаламыз ба деген оймен есеп берудің өзіне тиесілі бөлімін жасай алмаған әріптесіне табанды түрде көмегін ұсынады, ал әріптесі ыңғайсызданып,  көмектен бас тартады («мен өзім...»). Жалғастырыңдар да бір шешімге келіңдер.

4. «Тағы қандай қосымша білім алсам екен?» жағдаятының шарты: Екі құрбы қосымша мамандық игеру туралы пікірлесті. 1-құрбы: - Мен қандай білім алу керектігін дәл айта алмаймын: Мұғалім болмаймын, себебі жүйкемді тоздырды, жалақысы да аз, химия өндірісіне бармаймын, себебі онда улы заттар болады, денсаулығыма зиян келеді. Фабрикаға бармаймын, себебі бір сарынды жұмыстан робортқа айналып кетемін. Менің таңдаған мамандығым денсаулығыма зиян келмейтін және қызық болу керек. Мамандығым жан-жануарлармен байланысты, жолда көп жүретін болса екен деп ойлаймын. 2-құрбы не дер еді?

5. «Мен – хирургпін» жағдаятының шарты: ауруханада 5 емделуші бар. Олар:

1. Бес айлық қыз бала;

2. Алты жасар дарынды бала;

3. Көп балалы ана (10 баласы бар, 70-тегі ана)

4. Қаңғыбас;

5. Құрылысшы.

Жүрек біреу. Осылардың қайсысына операция жасар едің. Біреуін ғана таңдауың қажет.

 

Рефлексия

Абайдың 37-ші қарасөзінен «...Биік мансап - биік жартас. Ерінбей еңбектеп жылан да шығады, Екпіндеп ұшып қыран да шығады...» үзіндіні талдау. 

 

 

 

 

 

 

 

29-сабақ

ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

 

Мақсаты: Іскерлік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

-         Іскерлік қарым-қатынас түрлерімен, «іскерлік әңгімелесу» түсінігімен таныстыру, түсініктерін кеңейтуге ықпал ету;

-         Іскерлік этикет қағидаттарын дамыту;

-         Іскер адамның психологиялық қағидаттарына тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Бейнетаспа тамашалау:  «Іскерлік келіссөздер»

Теориялық бөлім.

Бүгінгі заман талабы білім мен қабілетті, мәдениет пен еңбекті өз ісімен көрсете алатын іскер мамандарды қажет етеді. Іскерлік қарым-қатынастың өзіне ғана тән ерекшеліктері, қалыптасқан әдеттері, тұрақталған құжаттары бар.

Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. "Этикет" сөзі француз тілінен аударғанда "рәсімді реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі" деген мағынаға ие. Орта ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтижесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б.

 Этикетке ұсақ-түйек деп мән бермеуге болмайтын, өйткені сол қатынастағы ұсақ-түйектердің дұрыс орындалмауынан қақтығыстар мен жанжалдар туып, тіпті мемлекеттер арасы шиеленісетін.

 Корольдік билік тұсында этикет заңдары монархты конституция заңдарынан әлдеқайда мықты байлап алды деп әзілдейтін де еді. Тіпті "әтикет патшаларды күл етті" деген сөз де сол кез үшін этикеттің маңызын танытса керек. Этикет нормалары дербес қасиетке ие. Адамдардың нені жағымды, нені жағымсыз деп тануы әрбір тарихи кезеңге, әрбір этностың өзіндік менталитетіне сай анықталады. Кейбір халықтарда қонақтың тамақты жеп, риза болғанының куәсі ретінде кекіргенін естігенге мәз болады, ал ол басқа халықтарда нағыз мәдениетсіздіктің көрінісі болып табылады. Кавказ халықтарында амандасу барысында алғашқы болып үлкен кісі қол ұсынса, Қазақстанда жасы кішіден ізет күтеді.

 Әлеуметтік элита арасында дүниеге келіп, сонда біраз уақыт бойында өз әсерін білдірген этикет халық арасында кездеспеді деуге тағы да болмайды. Әрбір халықтың өзіндік қарым-қатынас мәдениеті болғандығына ешкім күмән келтірмейді. Оның қазіргі күні де кәсіптік, тұрмыстық және отбасылық этикетте өзіндік орын алып отырғаны белгілі.

 Іскерлік немесе кәсіптік этикеттің моральдық негізі — гуманизм. Адамзаттың қадір-қасиетіне деген құрмет, өзінің әріптесінің мүддесі мен іс-әрекет психологиясын білу, тану және т.б. кәсіптік этикеттің құрамдас бөліктері.

 Этикетті этикамен шатастыруға болмайды. Дыбыстық ұқсастықтарына қарамастан ол екеуі — екі дүние. Этикет нақты бір мезетте нақты бір жағдайға байланысты нақты адамдардың өзін-өзі белгілі бір ортада ұстау әдебін танытса, этика одан анағұрлым кең ауқымды қамтитын ұғым.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім, яғни сату-сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін қагілез жанды айтады. Іскер де тірі жан болғандықтан, адам қоғамында өмір сүретін болғандықтан, оны тек өз баспайдасын ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс емес. Іскерліктің де өзіне тән этикеті — іс-әрекет ұстанымдары бар.

 Іскерліктің маңызды ұстанымына сенім жатады. Әріптес адамдар арасында сенім болмай, іс оңға баспайды. Жалпы, сенім — адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор. Егер көлік жүргізушіге сенбесек, ешқашан жолға шықпаған болар едік, егер аспазшыға сенбесек, өмірде көшеде тамақ ішпеген болар едік, дәрігерге сенбесек, ауруханаға қаралмаған болар едік және т.б. Ендеше адамдық әрекеттенушілік негізінде метафизикалық сенім жатыр. Сенім жоғалған жерде үміт үзіледі, ал үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын-қыстау жағдайда болсын үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлер де әлдекімнің айтқан сөзінде, уәдесінде тұрар деген сенімін жоғалтпайды әрі өздері де сенімнен шығуға тырысады.

 Іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарым-қатынас адамдардың бір-біріне деген көңілінен басталады. Ашық-жарқын көңіл-күйде болу, айналаңа шаттық нұрын себу — тек іскердің емес, жалпы, әрбір адамның парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте ұстаған жөн: ұрыс-керіс, айқай-шу шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай жағымсыз эмоционалды күйдің алдын алған жөн. Ол үшін ең тиімдісі — қай жағдайда болсын сабыр сақтап, қиындықты айналып өтіп (оны мәселеге үстірт, калай болса солай қараудан айыра білу керек), ұжымда бәріне жағымды ахуал жасай білу.

Амандасу — адамдардың бір-біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Сондықтан болар, қазақ тілінде "сәлем түзелмей әлем түзелмейді", "сәлеміміз түзу", "сәлемнен кете қойған жоқпыз" деген сөз түсініктері басқамен татулықты, басқаға деген жылы шырайды білдіреді. Көптің үстіне, жиынға сырттан келген адам бірінші болып сәлем береді. Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп барып қана өз шаруасына көшеді. "Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен шығады" деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақал да жағымды, ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу — әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің "тілін таба білу" іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс.

 Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігінен туындайды. "Ұлық болсаң, кішік бол!" деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. Бағынушыға ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтінші айтса жөн. Бұл—оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандығы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді.

Іскерлік қарым-қатынас қандайда бір принциптерге негізделген, олардың ішіндегі негізгілері мыналар:

ü іскерлік байланыс негізінде іске деген ниет білдіру, бірақ ол жеке және өзінің амбициясына байланысты болмауы керек;

ü адалдық, ол өтірікке баралмайтын, әдепті сондай-ақ адамгершілік сапасын тудырады;

ü ақ-ниет, ол адамдарға жақсылық жасау қажеттілігі (жақсылық-этиканың басты категориясы);

ü қадірлеу (сыйлау), сөйлеушінің беделін қадірлеу. Ол адамның ізеттілігі, тактикалық ескертпелері, мейірімділігі бұның бәрі сыйластыққа немесе қадірлеуге жатады.

Этикет – бұл тәртіптің негізгі нұсқауы және қоғамдағы тәртіп. Этикеттің нұсқаулар ең біріншіден мәдениеттілікті көрсетеді:

ü Күнделікті қызметтік араласу;

ü әңгімелесу, кездесу, келіссөздер;

ü келушілерді қабылдау;

ü жиналыстарға, мекемелерге бару;

ü азаматтардың тұрған орындарына бару;

ü жиналыс, конференция, отырыстар;

ü кезекшілік, күзет.

 Спецификалық қызметтік қарым-қатынас.

ü жұмыс кезінде коллективімен араласу: а) субординациялық араласу түрі; б)жұмыскерлер арасында араласу;

ü үйрену кезіндегі сабақ берушінің тыңдаушылармен жұмыс жүргізу;

ü шетел азаматтарымен іскерлік қатынас.

 Қауіпті қызмет түрі кезінде араласу.

ü өзара келіспеушілік қарым-қатынасы;

ü  митинг, демонстрацияға қатысушылармен араласу;

ü Арнайы контингентермен араласу.

Вербалды емес және арнайы емес араласу түрі.

ü публикалық қатынас және интерьвю;

ü баспада, теледидарда, радио арқылы сөйлесу;

ü телефон, телесайт, радиохабар;

ü іскерлік жазу.

«Іскерлік әңгімелесу» (сұхбаттасу) түсінігі – адамдардың көзқарастарының сәйкес келуі және ауызша жүргізілетін іскерлік қарым-қатынасты білдіреді.  Іскерлік әңгімелесудің негізгі міндеті – серіктесіңді өз ұсынысыңыз бойынша нақты шешім қабылдауға сендіру.

Іскерлік әңгімелесу бірнеше маңызды қызметтерді атқарады:

- бір сала қызметкерлерінің ортақ қарым-қатынасы;

- қызметтік жаңа ұсыныстар мен шешімдерді бірлесіп іздеу;

- басталған іскерлік іс-шаралардың орындалуын бірлесіп қадағалау;

- іскерлік қарым-қатынасты қолдау;

- іскерлік белсенділікті арттыру.

Іскерлік әңгімелесудің негізгі кезеңдері:

- іскерлік әңгімелесудің басталуы;

- серіктестерді қпараттандыру;

- ұсынылатын қосымшаларды талдау;

- шешім қабылдау;

- әңгімелесуді аяқтау.

Серіктестер үшін іскерлік әңгімелесудің басталуы күрделі үрдіс. Бұл кезеңде серіктестер не үшін және нені көздегендерін жақсы ұғынады.  Сондықтан осы кезеңде айтылатын әр ақпарат нақты, әрі түсінікті болуы шарт.

Әңгімелесудің бірінші кезеңіне қойылаты талаптар:

 - әңгімелесушімен жағымды қарым-қатынас орнату;

- жағымды атмосфера қалыптастыру;

- әңгіменің тақырыбына назар аударту;

- серіктесті қызықтыра білу.

Серіктесіңізге деген орынсыз қарым-қатынастан аулақ болу қажет. Серіктесіңізді көп сұрақтар қойып шаршатпаңыз. Бұл қалыпты жағдай болғанымен іскерлік кеңестің сәтті аяқталуына кедергісін тигізуі мүмкін.

Іскер адамның психологиялық потенциалы: («Іскер адамның он парызынан)

1. Билікке құрметпен қара, бәрінде де реттілік болу керек. Билік – қоғамдағы тәртіпті ұстап тұру үшін қажет.

Кез келген адам билік орнын сыйлауы керек. АҚШ Конституциясында көрсетілген адамның құқықтары мен бостандықтары жөніндегі Заңы бүкіл әлемнің Заңына тірек бола алмайды. Десе де осы елмен іскерлік қарым-қатынастағы кәсіпкер, сол елдің заңын сыйлап, оған бағынуға міндетті.

2. Адам өмірін, құқығы мен ар намысын сыйла, адам өмірінің, тұлғалылығының құнын ұғынудың адаммен қарым-қатынас жасайтын барлық ортада – отбасында, ұжымда маңызы зор.

Адамға, оның тұлғалық даралығына құрмет оның сенімін оятып, бар талантын жарқыратып көрсетуіне жол ашады.

Адам өмірінің құндылығы, адамға құнтты қатынас – компанияның қомақты кіріске қол жеткізуінің негізі болып табылады.

3. Шыншыл бол, өтірік айтпа, жақсы атақ – бұл тек қана өтірік пен жалғандыққа жол бермеу ғана емес, сондай-ақ басқа адамдарды алданудан сақтау.

Жалған ұсыныстарды қабылдама. Ұжымның абыройлы атағына кір келтірме және өзіңнің жекеменшігіңе ұқыпты қара. Бәрін әділетті жаса – сонда ғана жақсы атақ қамтамасыз етіледі.       

Психодиагностика

«Сіз іскер адамға қаншалықты сәйкес келесіз?» тесті.

         Бүгінгі таңдағы іскер адамның бойында сан мыңдаған қасиет жинақталған. Егер айнаға қарап өзіңіздің мүмкіншілігіңізді көргіңіз келсе, төмендегі тест сұрақтарына жауап беріңіз. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.

         Сұрақтар:

1.      Жақынымның сүйіспеншілігіне бөлену үшін осы кейпім жарай ма?

2.      Мен жасаған игі істеріме қайтарым күтем бе?

3.      Мен өз атыма айтылған сынды қабылдай аламын ба?

4.      Істің мән-жайына толық қанықпай жатып, басқаларды сынаймын ба?

5.      Мен өз іс-әрекетіме, шешіміме жауапкершілікпен қараймын ба?

6.      Мен абыроймен жеңіліп, жеңілісті ешбір жаласыз қабылдай аламын ба?

7.      Ащы болса да ақиқатқа жүгінем бе, әлде шындықтан бұғынам, иллюзиядан қашам ба?

8.      Өзіме сенбеген жағдайда мақсаттарыма сенім артам ба?

9.      Өзіме қатыссыз нәрселерге алдын ала алаңдаймын ба?

10. Шегінуге болмайтын, келеңсіз жағдайға көнемін бе?

11. Мақсатым мен оны жүзеге асырар іс-әрекеттерді дұрыс ажырата аламын ба?

12. Адамдармен тығыз қарым-қатынасқа түсе аламын ба?

13. Әдептілік ережелерін сақтаймын ба? Әзіл-қалжыңды көтере аламын ба?

14. Табандымын ба?

15. Өз-өзіме талап қоя аламын ба? Адам табиғаты күрделі екеніне нақты жауап бере аламын ба?

16. Еркінмін бе, жақсыдан үйрене аламын ба?

17. Мен өз жетістіктерімді басқа адамдар жетістіктерінің белгілі бір бөлігі деп санаймын ба?

18. Мен өз өмірімді дұрыс жолға қоя аламын ба?

19. Керемет дүниелерден энергия, күш, әсер ала аламын ба?

20. Мен жақсы жоспар жасап, оны жүзеге асыруға талпынамын ба?

Нәтижелерді өңдеу:

Өз жауаптарыңызды кілтпен салыстырып, жинаған балыңызды есептеңіз.

Кілт:

1, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 сұрақтарға әрбір «иә» деген жауапқа –  3 балл, «жоқ» десеңіз – 1 балл қойып шығыңыз.

2, 3, 4, 9 сұрақтарға әрбір «жоқ» деген жауапқа – 3 балл, «иә» деген жауапқа – 1 балл қойыңыз. Барлығының қосындысын есептеңіз.

20 – 30 балл аралығы – Сіз бастаманың басында тұрсыз.

31 – 50 балл аралығы – Сізде іскер адамға тән барлық қасиет бар, десе де өзіңізбен жұмыс жасауды әлі де тоқтатпағаныңыз жөн.

51 – 60 балл аралығы – Сіз бабындағы іскер адамсыз, бірақ бағындырар биіктер таусылмайтынын есте ұстағаныңыз абзал.

Практикалық бөлім.

1-жаттығу «Іскер адам портреті»

Жоғарыда алған білімдеріне сүйеніп, іскер адамның портретін жасайды.

            2-жаттығу.  «Жағымды әңгіме»

           Айналасындағылардың ол туралы «жақсы серіктес» деп айтуы адамға ұнайды. Бұл шын мәнінде пайдалы іскерлік - жеңіл түрде қатынасқа ену және шығу. Әңгіме жүргізу іскерлігі адамға өзін сенімді сезінуге мүмкіндік береді. Қазір біз бірнеше кездесулер серияларын жүргіземіз және әр кезде жаңа адамдармен кездесесіз. Сізге әңгімені бастап, өз серіктесіңізге жағымды нәрселер айтып және жағымды түрде қоштасуыңыз қажет.

           Топ балалары әткеншек (качели) принципі бойынша тұрады, яғни бір-бірлеріне қарап екі шеңбер құрайды: ішкі (қозғалмайтын) және сыртқы (қозғалатын)

           Жүргізуші белгісі бойынша сыртқы шеңбер қатысушылары бір мезгілде оңға қарай 1 немесе 2 қадам жасап, жаңа серіктес алдына келеді. Мұндай ауысулар бірнеше рет болады. Әр уақытта оларға рөлдерді сіз беріп отырасыз.

          Кездесу жағдайларының мысалы:

А) «Сіздің бұл қалаға бірінші рет келуіңіз сіздің алдыңызда сіз бұрын тіпті көрмеген адам тұр, бірақ баратын жеріңізді білу үшін сіз бұл адамнан міндетті сұрауыңыз қажет».

Бүкіл әңгімеге, яғни қарым-қатынас орнатуға 2-3 минут уақыт беріледі. Содан кейін белгі бойынша, қатысушылар 10 секунд ішінде бастаған әңгімелерін аяқтап, жаңа серіктеске өтуі қажет. Бұл ережелер төмендегі жағдайларға да қатысты.

Б) «Сіздің алдыңызда сізге өте ұнайтын адам тұр. Сіз онымен бұрыннан сөйлескіңіз келіп жүр»

В) Сіздің алдыңызда бір нәрсеге қатты ашуланып өз-өзіне келе алмай жатқан адам тұр. Оған жақындап, сабырлыққа шақырып, әңгімені бастаңыз.

Г) «Сіз көшеде кетіп барасыз. Артыңыздан біреу айғайлайды. Артыңызға қарап бейтаныс адамды көрдіңіз, ол адам да қателескенін түсінді. Сіз былай дейсіз....»

Рефлексия

«Өздеріңізді ағаш бүршігі деп елестетіңіздер, ол пісіп жетіледі де жерге түседі. Біртіндеп топыраққа сіңіп, ақырында жер-ананың қойнауындағы өз орнын табады. Жаз шықты, күн жылынды. Міне, аспан бұлттанып, жаңбыр жауа бастады. Күз келді. Өңменіңнен өтердей қара суық желдер жиі еседі. Ағаштан жапырақтар түсіп жатыр, түсіп жатыр. Міне, біртіндеп ағаштар жалаңаштанып та қалды. Ал бүршік болса, топырақ астында ұйқыда жатыр. Жер бетін қар басты, аяз қарыды, тынымсыз боран соқты, ал бүршік әлі де тәтті ұйқыда, оған жылы. Уақыт өтіп жатыр. Көктем жақындап келеді. Күннің жылы  сәулесі  жерді қыздыра бастады. Қар еріп, жылғалардан су ақты. Ол жерге сіңіп, қалың ұйқыда жатқан бүршікті оятты. Бүршік өскінге айналып, жердің бетіне шығуға талпынып өсе бастады. Тағы біраз уақыт өтті... міне, жаңағы бүршігіміз ағашқа айналды, қатайып алды. Оның бұтақтары күнге қол созғандай жайылды. Ағаш тамырларымен жерге мықтап бекіді. Жайқалып мәңгі өсіп тұрады, жылдан-жылға жапырағын кең жайып өсе береді, өсе береді. Оған енді жаңбыр да, жел де қорқынышты емес».

 

 

 

30-сабақ

КӨПШІЛІК АЛДЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Мақсаты: Табысты адам сапаларын қалыптастыруға ықпал ету.

Міндеттері:

-         Ресурстық қорларын өзектендіру;

-         Тұлғаның даму факторы ретінде көпшілік алдында сөз сөйлей алу маңыздылығын дамыту;

-         Сөздік қарым-қатынастың сындарлы дағдыларына тәрбиелеу

Ұйымдастыру кезеңі.

Бейнетаспаны тамашалау

Теориялық бөлім.

Іскерлік қарым-қатынастағы ауызша сөйлеу тілі үшін сауаттылық та өте маңызды. Белгілі бір мекемеде қызмет барысында пікірлесу, құжаттар алмасу, келіссөз жүргізу, келісім-шарт жасау, жиналыстар, дөңгелек үстел өткізу үшін іскерлік қарым-қатынас тілі маңызды рөл атқарады.

Іскерлік қарым-қатынас тілі маманның белгі бір салаға қатысты жүйелі білімін, біліктілігін, кәсіби тіл шеберлігін қажет етеді. Маман өз ортасында әріптестерімен пікірлескенде, сәлемдесу, жұмыс барысын таныстыру, өз жұмысының жоспарын қысқаша түсіндіру барысында әдеп пен мәдениет деңгейін сақтау қажет. Нақты ұсынысты, жоспарды талқылауда басқа адамдардың көзқарастарымен санаспай, дауыс көтере сөйлеу, тек өзінің пікірін біржақты дұрыс санау іскерлік қарым-қатынаста өзара тіл табысуға да кедергі келтіреді.

Олай болса, іскерлік қарым-қатынас тілінің маңызды ерекшелігі – әдеп пен мәдениет шеңберінде сөйлеу және басты шарты талқыланатын тақырып жөнінде жан-жақты білім қажеттілігі, нақты деректерді дәлелдеу болмақ.

Іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды талдау, ортада, көпшілік алдында мағыналы сөйлеу, ойды жеткізудің әдіс-тәсілдері бар.

Мамандар сөйлеудің мазмұнға сәйкес, мағыналы болуы үшін мынадай жағдайларды ескеру керек:

-  белгілі бір жағдаятқа қатыстылығы;

-  мәселенің айқындалуына жаңа ой-пікірлердің әсері;

-   ойды  теңеулермен, терминдермен әсерлі жеткізу;

-   қосымша пікірлердің қарастырылатын мәселеге қатысты болуы;

-   сөйлеуші ұстанымы;

-   сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы байланыс;

Пікірталас – қарастырылатын мәселе төңірегінде қарама-қайшы пікір туғызу немесе сөйлеушінің өз пікірін дәлелдеу мақсатында шешім қабылдау, яғни, тілдік қарым-қатынас орнату. Қандай да бір мәселеде түрлі көзқарастардың түптің түбінде ортақтасатын кезеңі бар, ол - сөйлесуге деген қызығушылық. Бұл іскерлік сұхбаттың алғы шарты, сыпайылықтың этикет формулаларымен, аргументтердің ақиқаттылығымен көрінетін шынайылық пен әділдік, сенім білдірудің үлгілері. Пікірталастың мақсаты – екі тараптың ортақ шешім табуы.

Сұхбаттасуда адамның жеке басының мәдениеті, тәрбиесі көрініс береді. Пікірталасушылардың бір-біріне құрметпен қарауы, асыра сөйлемеуі – әдептіліктің бір белгісі. Осындай жағдайда сөйлеушілер бірінің сөзін бірі бөлмей аяғына дейін тыңдап, өз ризашылықтарын білдіруі тиіс. Сөз әдебі – адамдық қасиеттерді сақтау, орнымен сөйлеп, салмақты жауап беру. Екі тараптың әңгімелесу кезінде келісімге келмеу белгілері байқалса, тақырыпты аздап басқа бағытқа бұруға болады. Бұл да – әдеп белгісі.

Іскерлік қарым-қатынаста сөздің әсерлілігі, сөйлеушінің дауыс ырғағы, сөйлеу әдебі жұмыстың атқарылу барысына өз әсерін тигізеді. Қоғамдағы ғылым мен техниканың дамыған кезеңінде тілімізге енген жаңа ұғымдар, атаулар, терминдердің атқаратын қызметі де ерекше. Кейбір жаңа сөздер әлеуметтік-тұрмыста қолданылса, кейбір терминдер белгілі бір салада айналысқа түседі.

Ораторлық қасиет деген не? Ол бізге не үшін керек? Сол арқылы өмірде қандай жетістікке жете аламыз? Қандай қиыншылыққа төтеп бере аламыз? Өзімізді қандай қырымыздан көрсете аламыз?

Жоғарыдағы сұрақтарға толығымен жауап алу үшін әлем бойынша ең жоғарғы сұранысқа ие бизнес-кеңесшілердің бірі, мультимиллонер Питер Дэниелстің «Халық алдында сөйлеу өнері» (How to have the Awesome Power of Public Speaking by Peter J. Daniels) атты табысты еңбегін ұсынамыз.

Қарым-қатынастың ерекше түрі

Егер сізде бірнеше адам болсын, көпшілік қауым болсын, олардың алдында сөз сөйлей алатын артықшылықтарыңыз болса, онда бұл жерде  қарым-қатынастың ерекше түрі жұмыс істейтінін білулеріңіз керек. Сіздердің алдыларыңызда, әрқашан ерікті тыңдаушыларыңыз болады. Тіпті оратор шектеулі жағдайларда болса да, тыңдаушылар мейлі кішкене топ, не көпшілік қауым болсын, ораторға назарын  аударады. Көпшілік алдында сөз сөйлеудің мүмкіндіктерін қолданудың ең қауіпсіз жолы – өздерінің ақылдарын, жүректерін ашуға дайын адамдарға, сіз баяндайтын ойдың нақтылығы және зияттылығы болып табылады. Сіздің баяндамаңызды күтетін адамдар, сізге жылы көзқарас танытып, өздерінің жақындарынан күтетін достық пен мейірбандықты, сізден күтү үстінде болады. Шындығында, осы топ арасынан сіздің болашақта достарыңызда шығып қалуы ғажап емес.

Сіздер адамдармен алдағы  мақсат-міндеттеріңізбен, армандарыңызбен бөліскенде, бұл  қарым-қатынасты жеке басты және бірегей етеді. Бірақ, дәл осындай үндеулеріңізді мың немесе миллион тыңдаушыларға жеткізе білу, кейбіреулердің қолынан ғана келетін, ұлы және ерекше артықшылықтардың бірі болып табылады. Қарым-қатынас беретін мүмкіндіктердің тереңдігін ұғынған кезде ғана, оның ерекшелігін сезесіздер.

Қағидаттар:

*    Көпшілік алдында сөз сөйлеу – бұл жалғыздық сезімі

*    Тыңдаушылар қорғансыз

*    Тыңдаушылар ерікті түрде тыңдайды

*    Тыңдаушылар бағынышты жағдайда отырады

*    Тыңдаушылар сыни көзқарас немесе ынта танытады

*    Көпшілік алдында сөз сөйлеу – бұл ерекше артықшылық

*    Өзіңіздің жолдауыңызды біліңіз

Көптеген ораторлардың айтары жоқ болып қалатын жағдайлар болады. Көпшілік алдындағы жолдауларыңыз қаншалықты ұзақ болмасын, оны екі-үш сөзбен қорытындылай алуларыңыз қажет. «Қалай?», «Неліктен?» деген сұраққа толық жауап бере алатындай болсын. Келесі айтатын мәселе, ол тақырыпқа толық тоқталу болып табылады. Сіз өз тыңдаушыларыңызды айтқаныңызға көндіру үшін мықты ынтамен сөйлесеңіз, таңғаларлық күшке ие болатыныңызды байқайсыз.

Жолдауыңызды дайындау барысында, нақты деректерді қамту үшін, зерттеу жүргізу керек. Дәл осы кезде оқығаныңыздың дағдысы сізге көмекке келіп, сізді керекті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Маңызды сөз сөйлеу барысында, сіз колданатын сөздерден бөлек, басқа да толық ақпарат жинау керексіздер. Бұл сіздің сөйлеу мәнеріңізде, сіздің өзіңізге деген сенімділігіңізде анық байқалатын болады.

Жолдауыңыздың барлық аспектісін қамтуға тырыспаңыздар, ол жолдауыңызды бұрып, тыңдаушыларыңыздың ойын шатастырады. Жоғары деңгейде сөз сөйлеуге кедергі болатын, яғни айқындылықты, драматизм, модуляция және т.б. маңызды ингредиенттерді жоғалтып алтып аласыздар.

Алға нық сенімділікпен жүру үшін тек дайындалыңыздар, дайындалыңыздар, дайындалыңыздар! Кез-келген сөздеріңізді «мен сіздерге айттым ғой!»,-деп бітіретіндей, мықты оратор болыңыздар.

Қағидаттар:

*    Сіз жан-жақты ақпараттанған болу керексіз

*    Көз жеткізе алатын ынтаңыз болу керек

*    Дайындық билікке кепілдік береді

*    Сөз сөйлеудегі керек материалдан да көп ақпарат білулеріңіз керек

*    Ақпараттарды тазартудан өткізіп, негізгісін ғана қалдыру керек

*    Алға бағыттайтын жолды білу керксіз

Сахнаға дайындалу

Ø Кәсіби оратордың өмірінде де, неше түрлі күтпеген жайттар болуы мүмкін. Бірақ ол жағдайлар, ешқашан сіздің сөз сөйлеуіңіздің сапасына немесе қарым-қатынасыныңызға әсер етпеуі тиіс.

Ø Сахнаға шыққан кезде, 100% сападан төмен көрсетсеңіз, оған қынжылу керексіз. Сыртқы келбет, әркез сенімділікті және абыройыңызды бейнелеуі қажет. Шаршағандықтан, ауырғандықтан, үрейден өзіңізді басқаша ұстауға болмайды. Ешқашан халық алдында басыңыздағы қиыншылықтарыңызды көрсетпеңіздер!!!

Ø Кәсіби оратор ұқыпты болу керек, ұқыпты көрінуі керек, сөз сөйлеудің алдында, барысында, одан кейін, ұқыпты болып қала беру керек.

Ø Егер сіз шет елде сөз сөйлейтін болсаңыз, өз тіліңізде сөйлеңіз, ал аудармашылар, сіздің айтқан әр сөзіңіздің мағынасын түсінетініне көз жеткізіңіз. Бұл өте маңызды.

Ø Бір жағынан қарағанда, ораторлардың барлығы актерлар. Соны пайдаланып, кез-келген кейіпке кіре аласыздар.

Ø Сахнадағы ахуал, киім, техникалық бөлшектер, бұлардың барлығы маңызды бөліктің бірі болып табылады. Сіздің дайындығыңыздың маңызды бөлігі.

Қағидаттар:

*    Өзіңіздің қиыншылықтарыңызды ешқашан көрсетпеңіз

*    Залдағы тыныштықтан аулақ болыңыз

*    Электроаппаратураны тексеріңіз

*    Киім – сөз сөйлеудің жарты бөлігі

*    Сахнадағы ахуал жолдауларыңыздың жетуіне әсерін тигізеді

*    Платформадан  аудиторияға қарай түспеңіздер

Дұрыс дауыс екпіні

·        Даусымды жаттықтыра бастаған кездегі ең тиімді нәрсе – ол диктофон болды, дейді автор. Ең алғашқы жазбаларымды естігенде, жек көретін жіңішке дауысым, мыңқылдаған дауыс екпінім, ыңғайсыздықтан да көп әсер тигізетін.

·        Көпшілікке шығар алдында, айтатын сөздеріңіздің әр біреуін айтып жаттығыңыз. Өзіңіздің даусыңызбен жұмыс істеңіз, басқа адамдардың құлағына сенімділікті, жылылықты жеткізу үшін, дауыс екпінін дамытытуға тырысыңыздар!

·        Жақсы интонация негізі болып – теле және радио жаңалықтарының дикторларын тыңдау. Айқын интонация және дикция, аса маңызды мәнге ие. Сонымен бірге, достарыңыздан көмек сұраңыздар. Олар сіздердің дауыстарыңыздың қалай шығатынын талқыға салсын, тек шынайы түрде.

Әзіл айтқанда жай ғана жымиыңыз. Оратор айтқан кез-келген қалжың:

-       Шындыққа жанасуы керек

-       Бірақ жолы болу керек

-       Күлкілі болу керек

Егер бұған қол жеткізе алмасаңыздар, онда ақылдырақ болып, қалжыңды қолданбаған жөн.

Әрқашан интонацияны басқара біліңіз. Ол сіз жарықтандыратын салада, өзіңізді атақтырақ етіп көрсетеді. Егер дауыс екпінін басқара білсеңіз, онда тыңдаушылар, дәл сізге келгені үшін өкінбейді. Сізді қайта тыңдауға келетініне, мен кепілдік бере аламын дейді, автор.

Қағидаттар:

*    Өз даусыңызды жиі тыңдаңыз

*    Өзге адамдардың ойын тыңдаңыз

*    Драматургияны дәл уақытында қолданыңыз

*    Ешқашан айқайламаңыз, дауыстың модуляциясын қолданыңыз

*    Эмоцияны қолдануда абай болыңыз – жиі жылап, не ашуланбаңыз

*    Өзіңіздің рөліңізді ойнап жатқаныңызды ұмытпағайсыз

*    Жымиыңыз, бірақ қатты күліп, халықтың ашуына тиіп алмаңыз

Іскер адамның психологиялық потенциалы: («Іскер адамның он парызынан)

4. Сөз бен ісіңді бөлме, өйткені іскерлік қарым-қатынастың тиімділігі ең алдымен айналадағыларыңыз сізді дұрыс түсініп, сөзіңіздің дұрыс мағынасын ұғынуына және сіздің сөзіңіздің оларға бірдей әсер қалдыруына байланысты.

Егер іскер адам өз сөзінде тұра алса, яғни берген уәдесі мен тапсырмаларын орындаса ғана іскер делінеді.

Сөзінде тұру дегеніміз ауызша айтылған қарапайым міндеттер (бір жерге уақытында бару) және күрделі, жазылған келісім-шарттағы міндеттерді орныдау болып табылады.

Іскер адамның сөзі түсініксіз, дөрекі болмауы керек. Тұрпайы сөз әріптесіңізге жағымсыз әсер қалдырып, сондай-ақ ол адамның сіз бен сіздің серіктестеріңізге сенімсіздігін тудырады.

Маркетинг пен жарнама өнім немесе көрсетіліп отырған қызмет түрінің шынайы құндылығын көрсете алуы қажет.

Келісім мен қарым-қатынас келісімге келетін екі жақ үшін де пайда әкелуі тиіс.

Істің жүргізілуі серіктестіктің бейнесін аша түседі. Жазылған келісім жинақы және жүйелі түрде болуы керек.

5. Жекеменшік құқын сыйла, себебі тәуелсіз кәсіптің жүйесі барлық күш-жігерін жұмсаған адамға ғана пайда әкеледі. Тек қана еңбекшіл, шығармашылық және мұқият адам ғана өз жұмысына қанағаттанып, материалды пайда көреді.

Сый-құрмет, дәреже, жетістік – бұлар еңбектің нәтижесі болып табылады. Бірақ бұл мақсат емес. Мақсат дегеніміз – өзіңнің күш-жігерің мен қабілетіңді барынша пайдалану.    

Психодиагностика

Вербальды қатынастың ерекшеліктерін зерттеудің «Сөйлесу барысындағы мінез-құлықты бағалаңыз» тесті.

Жауаптың бір нұсқасын таңдаңыз:

1.     Сіздің әңгімелесуші серігіңіз бір шытырман оқиғаны айта бастады, оның даму қисынын сіз бақылай алмадыңыз. Сонда:

а) сіз оны да, өзіңізді де керексіз қиындықтардан құтқарып әңгімені басқа жаққа аударасыз.

ә) сіз оған әңгіменің сабақтаушы жіпті жоғалтып алғаныңызды айтып, басынан бастап қайталауын өтінесіз.

б) оқиғаның түсінбеген бір жерлерін ғана анықтап сұрап қоясыз.

в) ең соңында әйтеуір бір түсінемін деп, әңгімені тыңдап отырған сыңай танытасыз.  

2.     Сіздің әңгімелесуші серігіңіз сүйікті адамының істеген жағымсыз қылығына қатты ренжулі. Сіз:

а) оның ішіндегісінің бәрін шығарып айтқанын мұқият тыңдап, оны қостап қоясыз.

ә) «а» нұсқасындағыларды қоса, өзіңіздің де басыңыздан бұндай жайт өткенін баяндап, оның жалғыз емес екенін білдіресіз.

б) оны қолдай отырып, оған өзіңіздің сүйіктіңіздің де жағымсыз қылығын құпия қылып айтасыз.

в) бұл адаммен достығыңызды үзіп, басқаны тауып алуды ұсынасыз.

3.     Өте көңілді өткен кештен кейін әңгімелесуші серігіңіз сізден «сен кеше ең қызық сәтте неге бейжай күйде болдың?» деп сұраса:

а) өзіңіздің ондай күйде болмағаныңызды айтып, сендіресіз.

ә) оның неге бұлай қорытынды шығарғанын анықтауға тырысасыз.

б) онымен келісесіз – шындығында да өзіңізді сол сәтке сай ұстау керек еді

в) оның ескертуі, мысқылдауы сіздің намысыңызға тиіп кеткенін білдіресіз

4.     Сіздің сүйікті адамыңыз, мысалы «сенің анаңның араласқанын жек көремін» десе, бұл сізді толықтай ашуландырады. Осы кезде не істер едіңіз:

а) ашуыңызды ақылға жеңдіресіз, сіз ұрысқа үйренбеген адамсыз.

ә) оның нақты неге риза болмайтынын біліп алып, сосын өз ойыңызды айтасыз.

б) әңгімені доғара қоясыз, бұл талас сіздің долдануыңызға әкеп соғады.

в) өзіне қарсы шығасыз, «ал сенің анаң болса ...»

5.     Сіздің әңгімелесуші серігіңіз сізге мүлдем бейтаныс салада, сіз ол туралы ештеңе түсінбейсіз, мысалы әртүрлі стереожүйелердің салыстырымдылық қасиеті туралы әңгімені айтса? Сіз әңгімені қаншалықты қолдап отырар едіңіз (бір нұсқаны немесе бірнешеуін қабылдасаңыз болады):

а) басыңызды изей бересіз.

ә) күлімсірейсіз.

б) оның көзіне қарап отырасыз

в) лайықты сұрақтар қоясыз

г) оны тек бір сөздермен қостап қоясыз: «ия-ия», «дұрыс қой».

ғ) «е» нұсқасындай бірақ оның арасында ынталандыра лепті сөздермен «шынында да сондай ма?!», «бұл өте қызық екен» деп толықтырып қолдап отырасыз.

д) жоғарыда айтылғандардың бірін де істемейсіз. Бұның орнына оған бұл әңгімені түсінбейтініңізді және оған басқа уақытын кетірмеуін сұрайсыз. 

6.     Сіздің өзіңізге жақын адамдармен қатынасыңыз қалай? (жігіттермен, құрбыларыңызбен және отбасы мүшелерімен):

а) сіздің жақын адамдарыңыз аз, сіз олармен сирек араласасыз.

ә) оларға бірден тез араласып кетесіз.

б) бірқалыпты, ұнамды, сізге қуаныш әкеледі.

в) сізге барынша қанағатсыздану әкеледі.

7.     Достарыңызбен әңгімеде уақыттың қанша пайызын тыңдарман ретінде өткізесіз:

а) 0-25%

ә) 26-50%

б) 51-75%

в) 76-100%

8.     Тыңдай білудің маңызды элементі сөзсіз айтылғандарды сезу қабілеті. Сонымен қазіргі сәтте айтылғандар туралы ұмыттыңыз. Әңгімелесуші серігіңіз сіз әңгіме айтып отырғанда ... (әр бөлімнен 1 нұсқадан таңдаңыз)

1) саусағын мұрнына немесе бетіне қойса:

а) ол сізден басымдылығын сезеді

ә) ол асырып айтып отыр

б) оның беті немесе мұрны жай қышыған

2) шиырланып, арқасын бүкірейтіп отыр:

а) ол бірдеңені жасырады

ә) оның қарны ашып отыр

б) ол ұялып отыр

3) ол ашуланып қатты сөйлей бастайды:

а) ол қорғанады

ә) ол қызығушылық танытады

б) ол әңгіменің тезірек бітуін қалайды.

9.     Қай кезде сіз жиірек: (әр графаға «жиі» – 3 ұпай; «кейде» – 2; «сирек» - 1; «ешқашан» - 0 ұпай)

а) әңгімелесушінің әңгімесін аяқтайсыз

ә) әңгіме кезінде басқалардың түр-сипатына, олардың киімдеріне, шаш қою үлгілеріне қарап кетемін.

б) анекдот айтушы ең қызық жерін айтпас бұрын күле бастаймын.

в) сіздің танысыңыз басынан өткен қиын күндері туралы айта бастағаннан сіз тырнақтарыңызды қарай бастайсыз.

г) танысыңыз сізге өзінің барлық мәселелерін жайып салып, ақтарылып отырса, сіз өзіңізді жайсыз күйде сезінесіз.

ғ) сүйіктіңізге оның өзінің айтқан сөздерін қолданасыз.

д) сізге жақын адамыңыз налып, әңгімесін айта бастаса, сіз сол сәтте «ол өзінікін қайта бастады» деп жақтырмайсыз.

е) пікірталас кезінде соңғы сөзді өзіңіз айту керек деген тілектен арыла алмайсыз

ж) ештеңеге қол жеткізе алмасаңыз өзіңіздің сезіміңізден және дәлелдемелеріңзден бас тарта саласыз.  

10.  Сіздің ойыңызша осы айтылған мақұлданған ойлар дұрыс немесе жалған болып табылады (олардың әрқайсысын әріптермен белгілеңіз: «д» – дұрыс, «б» – бұрыс немесе «ж» – жауап беруге қиналамын)

а) әңгіме арасындағы үзілісте сіз өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз.

ә) досыңызды тыңдап отырып сіз оның қашан тықырыптан ауытқи бастағанын аңғара аласыз.

б) ешкімнің ешуақытта сұраусыз кеңес беруіне ешқандай негіз жоқ.

в) сіз көбінесе айтылатын сөз тіркесін айтылмай тұрып-ақ біліп отырасыз.

г) адамдар сізге басындағы ең өзекті мәселелерін сеніп, ақтарылып айта алады

Енді жинаған ұпайларыңызды есептеңіз:

Сұрақ

Нұсқалар

а

ә

б

в

г

ғ

д

е

1

3

2

1

0

 

 

 

 

2

0

1

3

2

 

 

 

 

3

3

1

0

2

 

 

 

 

4

0

1

3

2

 

 

 

 

5

0

0

0

1

1

0

2

5

6

3

2

1

0

 

 

 

 

7

3

2

1

0

 

 

 

 

8 (1)

1

2

0

 

 

 

 

 

8 (2)

2

1

0

 

 

 

 

 

8 (3)

1

0

2

 

 

 

 

 

9

жиі – 3  кейде-2

сирек- 1; ешқашан - 0 ұпай

жиі – 3  кейде-2

сирек- 1; ешқашан - 0 ұпай

жиі – 3  кейде-2

сирек- 1; ешқашан - 0 ұпай

жиі – 3  кейде-2

сирек- 1; ешқашан - 0 ұпай

жиі – 3  кейде-2

сирек- 1; ешқашан - 0 ұпай

жиі – 3  кейде-2

сирек- 1; ешқашан - 0 ұпай

жиі – 3  кейде-2

сирек- 1; ешқашан - 0 ұпай

жиі – 3  кейде-2

сирек- 1; ешқашан - 0 ұпай

10

Д – 0

Б – 3

Ж - 1

Д – 3

Б – 1

Ж - 2

Д – 3

Б – 1

Ж - 2

Д – 0

Б – 2

Ж - 1

Д – 3

Б – 0

Ж - 1

 

 

 

Сонымен сіз қандай сұхбаттас адамсыз?

54 ұпай және одан көп. Шындығын айтқанда, сіз жақсы әңгімешіл адамның рөліне жарамайсыз, сізге өз құпиясын сеніп айтатын адамның табылуы қиын. Егер сіздің сөзіңізді ешкім бөліп жібермесе, сіз тоқтамай сөйлей беруіңіз мүмкін, әңгіме арасындағы үзілістерді қалдырмай сөйлейсіз. Мүмкін сіздің ата-аналарыңыз сізді солай тәрбиелеген шығар: «Балалар әруақытта көз алдында жүруі керек, бірақ оларды тыңдаудың қажеттілігі жоқ». Есіңізде болсын, тыңдарман еріксіз сөйлеушінің қарамағында болады, одан қалай қашып құтыларын білмей қиналуы мүмкін. Сіздің тоқтамай айтқан сөз легіңіздің артында не тұрса да, ол басқаларды жалықтырып, өзіңізге ғана сенімділік береді. Осы дәйек сіздің қоршаған адамдармен вербальды қарым-қатынасыңызды қайта қарауыңызды меңзейді.

         35 – 53  ұпай.  Сіз айналаңызда не боып жатқанын тыңдадым деп есептесеңіз де, басқалар бұнымен келіспейді. Басты қатеңіз не? Егер сіз ашулансаңыз, шыдамыңыз таусылса, әңгімеден тысқары етесіз. Бұл қасиет көптеген адамға тән.

         18 – 34 ұпай. Құттықтаймыз! Егер басқа адамдар сізбен сұхбаттас болуға талпынса, сіз оны әрқашан кәсіби түрде тыңдауға дайынсыз. Дау, пікірталас кезінде де сіз басқаның пікірін тыңдай аласыз. Оған қосымша, сіз көкейкөзіңіз (интуиция) арқылы әңгімедегі серігіңізді қай кезде тыңдап, қай кезде өзіңіз сөйлеу керегін сезесіз. Сізді көп адам әңгімені жетелеп әкететін сұхбаттас ретінде бағалайды, бұл таңырқайтын нәрсе емес, араласа білу икемділігіңіз сізді құнды орындаушы немесе сәтті басшы болуыңызға бастайды. Сізге бір ғана тілегіміз, қол жеткізгендеріңізді тоқтап қалмай, деңгейіңізді жоғарлата беріңіз.

         17 ұпай және одан аз. Сіз әрқашан тыңдауға дайынсыз, яғни «тыңдар құлақсыз». Егер бұны айналаңыздағылар қажет етсе, бұл жаман емес. Сіз қызығып жақсы тыңдағаныңызбен, өзіңіз бұл жағдайда тіптен аз тіл қатасыз. Мұндай адамдар сөйлесуден қорқақтайды, сондықтан өзіңізбен жұмыс жасаңыз: тек қана тыңдай бермей, әңгімеге араласып, сұхбаттас болуға ұмтылыңыз. 

Практикалық бөлім.

Кез-келген адам ортаға шығып сөйлерде қатты толқиды, өзіне-өзі сенімсіздік білдіреді. Тіптен білімдар, қоғам қайраткерлері, мекеме басшылары, беделді билік иелерінің өзі де кей жағдайда көпшілік алдында қысылып, үзіп-жұлып жүйесіз сөйлеп жатады. Ондай жағдайды болдырмас үшін:

v Қатты ойланбау керек

v Өзіне-өзі сену керек

v  Психологиялық дайындық керек

v  Көңіл-күйі мен сезімін билей алу керек

Сөйлеуге жақсы дайындалсаң, өзіңе сенімді боласың. Сөйлеуге дайындық – жауапты іс. Материалды қаншалықты жақсы білсең, соншалықты аз толқисың. Дұрыс, айқын, дәл, түсінікті, таза, және образды, эмоционалды сөйлеу керек. Сабақ кезінде, достарыңның, туыстарыңның арасында жиі сөйлеу қажет. Ол сені дамытып, сөйлеу мәдениетін көтереді.

Білімін көтеру. Шешен адам тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып дәл сөйлеу керек, тауып сөйлеу керек. Ол үшін ойың айқын болу керек. Білімің терең болса, ойың айқын болады. Білімің терең болу үшін көп оқу керек. Көп оқу үшін іздену керек. Іздену үшін рух мықты болу керек. Рух мықты болса ғана жолда кездескен кедергілерді жеңе аласың.

Сөйлеу мәдениетін көтеру.  Ең бірінші кезекте тіл тазалығын сақтауымыз керек. Керегі жоқ жерде жөн-жосықсыз орыс сөздерін кіргізбеу керек. Қыстырма сөздерді көп қолдану сөйлеушінің тілін кедейлендіріп, тыңдаушыны мезі қылады. 

Жаргон сөздерді, дөрекі, тұрпайы сөздерді айтудан аулақ болу керек. Адамның тәрбиесі, мәдениеті, сауаттылығы оның сөйлеу тілінен аңғарылады.  Мәдениеті жоғары, білімді, тәрбиелі оқушы ауызекі сөйлегенде де әдеби тілдің нормаларын сақтап, дөрекі, жаман сөздерді араластырмай ойын мәдениетті түрде жеткізеді. Сөйлеу мәдениетің жоғары болса, жақсы өмір сүресің және шешендікке қол жеткізесің. Сол себепті шешендік - тіл мәдениетінің жоғарғы формасы болып табылады.

1-жаттығу. «Шешен сөйлеу – шеберлік»

Ораторға (шешенге) қойылатын талаптарды ескере отырып берілген тақырыптың біреуін таңдап көпшілік алдында тосылмай шешен сөйлеп көрейік. Тақырыптар:

1.     Компьютер заманында шешендік өнер қажет пе?

2.     «Соңғы қоңырау» жиынында сөйлейтін сөзің.

3.      Асылым, ардағым – ана тілім!

4.      Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны

Әр топ стикер түсін таңдайды, онда жасырынған тақырыптың нөмірі тұрады.

Жобаны қорғау. Әр топқа 3 минут/ 4 минут.

2-жаттығу. «Мақал-мәтел – сөз мәйегі»

Шығармашылық тапсырма: 4 топқа әр түрлі тапсырма беріледі.

1-топ: Мақалдың тиісті сөзін қой.

1.      Ердің сыншысы - /кім?/

2. Оқу - /немен?/ құдық қазғандай.

3. Көп сөз – көмір, аз сөз - /не?/

4.      Өлімнен /не?/  күшті.

5.      Атаңның баласы болма, /кімнің?/ баласы бол.

6.      Ер жігіттің екі сөйлегені - /не істегені?/

7.      Жеті рет өлшеп, /неше?/ рет кес

8.      Досы көпті жау /не істейді?/

9.      /Қандай?/ үй базар, /қандай?/ үй - мазар.

10.  /Не?/ отбасынан басталады.

2-топ: Шешенге қойылатын талаптардың бірі - сөз әуезділігі.

/мақам, кідіріс, тыныс алу, орфоэпиялық нормамен сөйлеу, ой екпіні, дауыс ырғағы, үн әуезділігі/  Осы талаптарды ескере отырып мәтінді көрініспен мәнерлеп көрсету.

Жігіттер: Ассалаумалейкум, биаға!

Шешен: Уалейкумассалам! Жолболсын, жігіттер!

Жігіттер: Би аға, сізге сәлем беруге, өзімізді сынатуға келдік.

Шешен: Олай болса, менің мына сұрақтарыма жауап беріңдер:

-Тәттіде не тәтті?                                                                                                                            

 -Қаттыда не қатты?                                                                                                                                       

 -Жұмсақта не жұмсақ?

Жігіт: Тәттіде бал тәтті.                                                                                                             

Қаттыда тас қатты.

Жұмсақта мамық жұмсақ

Шешен: Әй, балам-ай, таппадың? Ал енді сен жауап берші.

2-жігіт: Тәттіде ананың сүті тәтті.

Қаттыда атаның жүрегі қатты.

Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ.

Шешен: Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің!                                                                      Жарайсың, балам. Мұратыңа жет, қатарыңның алды бол! 

3-топ: «Қандай мақал айтты екен?»

- Есік алдындағы қалың қарды күреп тастайық, күн жылынса, былғаныш болар,- деді әкесі ұлдарына.

- Осынша қарды қалай күреп бітіреміз? – деп күбірлесті ұлдары. Жабылып кірісіп еді, қардың қалай бітіп қалғанын аңғармады. Ұлдарының жұмысына риза болған әкесі балаларына бір мақал айтыпты. Қандай мақал айтты екен? 

4-топ: «Тіл + химия» тапсырмасын орындайды. Формуланы сөзге айналдырып жазу керек.

Бұл   H2O  туған жердікі болған соң ба өзгеше дәмді көрінді. Мұғалім қолындағы ақ    CaCO3   маған аппақ көбелектей көрініп, ұстағым келіп қызығып кеттім. Құрамында   NaCl   жоқ болғандықтан не ішіп, не қойғанымызды сезіне алмадық.        Cu тиындар – тарихтың қоржынынан түскен таңғажайыптар. Hg бағаны жылылық деңгейін көрсетуде.

 

Рефлексия

«Жақсы, жаман» жаттығуы (Маған бүгін жақсы, өйткені ..., ал жаман өйткені...

 

 

 

31-сабақ

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ – ӘЛЕУМЕТТІК НАРЫҚТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ДАЙЫНДЫҚ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

 

Мақсаты: Әлеуметтік нарықтық қарым-қатынас жағдайында оқушыларды мәдени іскерлік қарым-қатынасқа дайындау.

Міндеттері:

-         Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;

-         Іскерлік әңгіме жүргізуге төселдіру арқылы іскерлік қарым-қатынастың маңыздылығын дамыту;

-         Іскерлік қарым-қатынас дағдыларының құндылығына тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

 Бейнетаспа тамашалау: «Іскерлік қарым-қатынас ережелері»

Теориялық бөлім.

         Қарым- қатынас мәдениеті дегеніміз – адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуды айтамыз.

Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасу деңгейін, оның сапасын өлшеп көрсету өте қиын. Өйткені тек қана іскерлік, қолданбалы, тәжірибелік мәселелердің тиімді шешілгені қарым-қатынастың барысында барлық қатынасқан субьектілері үшін оң жағдайда жүргенін көрсетуі мүмкін. Сондықтан іс-шаралар нәтижесі гуманистік, адамгершілік қасиеттерді сақтау негізінде, басқаларға психологиялық қысым, зорлық көрсетпей жүргізу бағытында болғанда ғана қарым-қатынас мәдениеті сақталғаны анық байқалады.

Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасқан адам сыртқы орта жағдайына байланысты өз мінез-құлқының моделін жасап оны жүзеге асырады. Осы модельге көптеген психологиялық көрсеткіштер әсерін тигізді. Г.М.Андреева, Э.Берн зерттеулерінде келесі көрсеткіштер анықталған: адамның дүниетанымы, қарым-қатынас объектісіне көзқарасы, өз құқығы мен міндеттерін түсінуі, өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі реттей білуі, әдеттері, қарым-қатынас тәжірибесі, мінезі, көңіл-күйі т.б.

Мәдениет   –       бұл  рухани  және  материалды  құндылықтарда, әлеуметтік  және  тұлғааралық  қатынастарда  көрініс  берген  адамзат табысы. Адамдардың әрқилы өмір саласындағы (еңбек, тұрмыс, қоғамдық  және  саяси  тіршілік,  т.б.)  қажетті  әрекет-қылық,  қалып, талаптарының  бәрі  –  мәдениетте  көрінеді. Тек  өкілінің  әлеуметтену нәтижесі оның әлеуметтік құнды деп танылған ерекшеліктерінде: ақыл, мінез,  іс-қимыл  әрекеттерінде,  тәрбиелілігі  мен  оқымыстылығында, қоғамдық бейімделе білуінде байқалады.

         Әрбір адамның қарым-қатынас мәдениеті оның дара тұлға ретінде қалыптасуы белгілі бір әлеуметтік топтың мәдениетін меңгерген жағдайда ғана орнығады. Адам әлеуметтену барысында тілді үйренеді, мінез-құлық үлгілерін, қарым-қатынас нормалары мен ережелерін меңгереді, мәдениет сырын таниды. Бұларды меңгеру дегеніміз – адамның олардың пайдасы туралы мәліметтерді білумен ғана шектелмей, оларды өз игілігіне айналдыра алуы. Адам сөйлеуді үйреніп, басқа адамдарды түсіне бастайды, олардың іс-әрекеттерін аңғарады, өзінің жеке басты мінез-құлықтарын қалыптастырады және реттейді, ішкі байлық жүйесін жасайды. Дж. Брунер қарым-қатынастың мәдени формалары жеке адамның игілігіне асу үшін кемінде үш процестен өтуі шарт деп көрсеткен. Олар:

- біріншіден, қарым-қатынастың мәдени құралдарымен танысу;

- екіншіден, осы құралдарды өз деңгейінде игеру мақсатында белсенді өзара ықпалдастықта болуы және оларды қолдануды үйрену;

- үшіншіден, қарым-қатынастың жаңа амалдарын іздеу, оны өздерінің шығармашылық ізденісі арқылы жасауы.         

         Мәдени қарым-қатынасты меңгеру процесі адам өмірінің алғашқы жылдарында, яғни сәбидің дыбыс беруі және тілді белсенді меңгеріп, мінез-құлық ережелерін үйрену барысында жүреді. Ғалымдардың айтуынша дәл осы үдеріс кезінде коммуникативті мінез-құлық формалары мен рөлдік ойындардың маңызы өте зор. Қарым-қатынас жолдары мен амалдарын белсенді игеру өмір бойы жалғаса береді.

         Іскерлік қарым-қатынаста мыналарды ескерген жөн:

Сұхбаттас өз әріптесіне ықпал жасай отырып, әдетте, өз мақсатына жету  үшін  оған  қолайлы  әсер  қалдыруға,  байланыс  түзіп  отырған адамының мінез-құлығы мен сырттай кейпіне сәйкес әрі бейім өз ұғымын қалыптастыруға тырысады.

Адамның сырттай кейпі оның ұлттық, әлеуметтік сипаты, психикалық сапалары  мен  мәдениет  деңгейі  және  т.б.  жөніндегі  көптеген  ақпарат мәліметтердің бірігімі ретінде пайымдалады. Бірін-бірі қабылдай отырып, адамдар сұхбаттасының мінезі, психикалық қалпы, оның коммуникативті  және іс-әрекеттік бейімдері жөнінде қорытындыға келеді.

Басқа адамдар әрекет-қылығына берілетін баға көбіне асығысты, бір жақты  болып  қана  қоймай,  кейде  тіпті  қисынсыз  да  болады.  Әрекет-қылықтың кейбір себептері орынсыз әсіреленеді не өз деңгейінде еленбей

қалады.

Ер мен әйелдің бағалауы мен өзіндік баға беруі сәйкес келмейді. Ерлер өзін не басқаларды сапалық тұрғысынан бағаласа, әйелдер көңіл-күй  әсерімен баға береді. Өз қылықтарын әйелдер төңірегіндегі жағдайларға байланыстыра түсіндіруге тырысады.

Адамдардың өзара ықпалдастық байланыстарында тұлғаның бағалау жүйесі ғана көрініп қоймай, олардың ақыл-ес (интеллект) типі де ашылады. Мысалға, эмпирикалық  тип тұрмыстағы  күнделікті  күйбең, майда-шүйдеден әрі аса алмайды, құбылыстар арасындағы жүйелілікті, көптараптылық пен олардың элементтері арасындағы динамиканы аңдай бермейді. Басқа адамдардың әрекет-қылықтарының астарындағы себептерді  қарапайымдастыруға  бейім.  Ал абстрактілі тип  жалқылықтан гөрі жалпылық қорытынды жасап, заттар аймағынан шығып, дерексіздік деңгейде ой топшылауға қабілетті келеді.

Әрқилы бағалау шектері нақты қызметтестік және қарама-қарсылықтар

жағдайында өзінің шынайы көрінісін алады. Дау-дамайлы жағдайды адам

қарсыласының әлсіздеу тұстарын табуға ынталы келеді.

Қарым-қатынас субъектерінің әрқилы мәртебелік деңгейі де өзара бағалау  сипатына  ықпал  жасайды.  Басшы  өз  қарауындағы  адам  сапасын бір тұрғыдан зерделесе, бағынышты басшыны екінші бір тұсынан бағалайды,  мұндайда  алдымен  басшының  сырттай  көріністі  белгілері көзге түседі де, бағынышты тұлға басшыда өзіне ғана қажет болған сапа көріністерге мән береді.

Сырттай  көрініс,  ақпарат  белгілерін  пайдалану  адамаралық қатынастардың бәрінде бірдей қабылданған әдіс. Қай жағдайда да адам өз қалауына сәйкес екінші адам әрекетін күтеді. Әрекеті өз ойындағыдай болса, адам қанағат табады, ал күткеніндей болмаса, өкінеді, дағдарысқа түседі, тіпті жек көретін болады.

Адамдардың көбі өздерін өзінде қалыптасқан мінез-құлық талаптарына сай көрсетуге бейімделген. Қарым-қатынас нәтижелерін алдын ала жоспарлай отырып, әріптесін қалайда өзі күткен әрекетке түсіруге тырысады. Көңілшек адам өзін «өкпелі» көрсетеді, тәкаппар тұлға қайткен күнде де қарсыласына «соққы беруге» дайын тұрады. Адамдар әрдайым өз бойында құнды деп таныған қасиеттерін алға тартуға тырысады. Кейбір адамдардың істерін істеп алып, «қайтейін, мен осындаймын!» - деп қасарысатыны осыдан.

Қайсы бір көңіл әсерлері адамның сырттай кейпі, көріністеріне (бой ұстау,  ым-ишара,  қозғалыс  қимылдары)  орай  қалыптасады,  дегенмен мұндайда асығыс пікір топшылаудан аулақ болған жөн. Адамның шынайы мәнін оның әрқилы жағдайдағы әрекет-қылығын талдай отырып, қандай да рөлде көріну үшін жамылған бет пердесі түскенде ғана түсіну мүмкін.

Іскер адамның психологиялық потенциалы: («Іскер адамның он парызынан)

6. Үлкендерге құрмет көрсет, өйткені болашағың мен қазіргің өткенді тірек етеді.

Адамның өмірінде ата-анасы, мұғалімдері ең қымбат орын алады. Олардың ақылдары мен тәжірибелері бізді көптеген қиыншылықтардан құтқарады.

Біз өткен күннен сабақ аламыз. Сондықтан да тәжірибесі бар адамдардың кеңесін тыңдап және өз елің мен басқа елдердің салт-дәстүріне, мәдениетіне сыйластықпен қара.

 7. Отбасыңызда және жұбайлық өмірде тұрақты болыңыз, себебі кез келген қоғам мен мәдениеттің қалаушысы жанұя болып табылады. Қоғамның дамуы жақсы отбасының болуына байланысты екенін тарих көрсеткен.

Ұжым жанұяға әсер ете алмайды, ал отбасы жағдайы және оның мүшелерінің арасындағы бүтіндік жұмысқа әсер етеді, сәйкесінше жақсы отбасы ұжымның гүлденуіне әсер етеді.

Жеке тұлға мықты отбасын құруға тырысуы керек және өзінің үйіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Заңмен қорғалған болса да, отбасы болмай жатып, жыныстық қатынасқа түсу (немесе азаматтық некеде тұру) қолайсыз болып табылады.

Психодиагностика

Іскерлік қарым-қатынас кезіндегі негізгі төрт стильді бөліп қарастыруға болады.:

1-стиль  - зейіннің көп бөлігі іс-әрекетке аударылады.  Бұл стильге жататын адамдар шешімдерді талдағанды, сұрақтар мен нәтижелерді адамдардың мінез-құлқы мен жауапкершілігін, жетістіктерін талқылағанды ұнатады. 

Бұл адамдар:

 - бірбеткей;

 - үнемі қозу үстінде;

 - шешімді тез қабылдайды;

 - жылдам (бір сұрақтан екінші сұраққа жылдам ауысады);

 - қуатты (өз серіктесіне мәселе тудырады).

2-стиль - зейіннің көп бөлігі үрдіске аударылады.  Бұл стильге жататын адамдар үрдістік сұрақтар, деректер, жоспарлау мен ұйымдастыру, қадағалау мен тексеру, талдау мен бақылау, жіктеу мен дәлелдемелерге басым назар аударады.

Бұл адамдар:

 - жүйелілік пен бірізділікке көңіл бөледі;

 - себеп-салдарлық қатынасқа сүйенеді;

 - адал;

 - көп сөйлейді;

 - эмоционалды  емес;

 - ұқыпты;

 - әдіскер.

3-стиль – адамаралық қарым-қатынас пен оның мәселелеріне көп назар аударылады. Бұл стильге жататын адамдар адами және шығармашылық қажеттіліктер, адами итермелеуші күш, командалық жұмыс, қарым-қатынас мәселелері, командалық рух, түсіністік, өзін-өзі дамыту, қабылдағыштық, саналылық, серіктестік, сенімділік, құндылық, үміттену ұғымдарымен тығыз байланысты.  

         Бұл адамдар:

 - кенеттен әрекетке көшетін;

 - уайым-қайғыңды бөлісетін;

 - "жылы жүзді";

 - психологиялық тұрақты;

 - эмоционалды;

 - қабылдағыш;

 - сезімтал.

4-стиль  - адамаралық қарым-қатынас пен оның мәселелеріне көп назар аударылады. Бұл стильге жататын адамдар жаңалшылдыққа, шығармашылық көзқарасқа, мүмкіндіктер мен үлкен жоспарларға, түрлі сұрақтар мен өзара тәуелділікке, жаңа әдістерге, жағдайды оңтайландыруға қатысты тұлғалар. 

Бұл адамдар:

 - қиялы жақсы дамыған;

 - дарынды;

 - кейде түсініксіз;

 - өзімшіл;

 - қиялына берілген;

 - шығармашыл;

 - жаңа идеяларға толы;

 - басқа адамдарды шабыттандырып, қанаттандыра алатын адамдар.

Мұндай адамдармен іскерлік қарым-қатынасты қалай құру керек, егер:

1. Сіздің серіктесіңіз 1 стильді адамдар қатарына жатса:

- барлық зейінін нәтижеге аударыңыз (өз көзқарасын білдіргеннен кейін қорытындыны жедел нәтижеге бұрыңыз);

 - өз ұсыныстарыңызды жүйелеп, құрастырыңыз (бірақ көп талап қоя бермеңіз);

 - қысқаша сөйлеуге тырысыңыз;

 - өз ұсыныстарыңыздың қолданбалық тұстарын атап көрсетіңіз;

 - көрнекі құралдар пайдаланыңыз  (сызбалар, кестелер және т.б.).

2. Сіздің серіктесіңіз 2-стильдегі адамдар қатарына жатса:

 - нақты сөйлеңіз  (нақты дәлелдемелерге сүйеніңіз);

 -сөз сөйлеу барысында келесі логикалық қатарды пайдаланыңыз: сұрақтың алдын ала дайындалуы; қазіргі нақты жағдайдың барысы; күтілген нәтиже;

 - өз ұсыныстарыңызды бірнеше бөлікке бөліңіз;

 - өз көзқарасыңызды алға тарту барысында оның жағымды және жағымсыз жақтарын да атап өтіңіз;

- серіктесіңізді асықтырмаңыз;

 - ұсыныстарыңызды реттеп алыңыз  (1, 2, 3...).

 3. Сіздің серіктесіңіз 3 стильді адамдар қатарына жатса:

- іскерлік қарым-қатынасты шағын әңгімеден бастаңыз (дереу іскерлік қарым-қатынасқа көшпеңіз);

 - өз ұсыныстарыңыздың адамдардың қажеттіліктерімен және түрлі мәселелерімен байланысты екендігін атап өтіңіз;

 - өз ұсыныстарыңыздың бұрын қалай пайдалы жұмыс атқарғандығын көрсетіңіз;

 - сізді көптеген сыйлы адамдар қолдайтынын немесе қолдағандығын айтыңыз;

- іскерлік жазбаша қарым-қатынас барысында ресми емес стильді пайдаланыңыз.

         4. сіздің серіктесіңіз 4 стильді адамдар қатарына жатса:

 - талқылауға көп уақыт бөліңіз;

 - серіктесіңіз «тоқ етерін» айтпады деп ашуланбаңыз;

 - аталған мәселені сөз сөйлеу барысында кең мағынада түсіндіріп өтуге тырысыңыз;

 - өз ұсыныстарыңыздың жаңашыл әрі пайдалы екендігін айта кетіңіз;

 - жазбаша ұсыныстар кезінде негізгі мәселелерге назар аударыңыз, алдымен жалпы ұсыныстарға, кейін жекеше ұсыныстарға көшіңіз.

Ал сіз өзіңіз қандай стильдегі адамсыз?

Нұсқау:

Сіздерге 80 тұжырымдама берілген. Әр қатар тұрған тұжырымдар жұбынан сіз өз мінез-құлқыңызға жақын біреуін таңдауыңыз қажет. (Мысалы: 1 мен 2; 3-4; т.с.с.) Ешқандай жұптың таңдаусыз қалмауын қадағалаңыз. Тестің құрылымы  бойынша төмендегі тұжырымдаманың ешқайсысы да қате немесе бұрыс емес.

 1. Мен әрекет еткенді ұнатамын.

 2. Мен мәселені жүйелі түрде шешуге тырысамын.

 3. Мен жеке жұмыс жасағаннан гөрі топпен жұмыс жасағанды ұнатамын.

 4. Маған түрлі жаңаша енгізулер өте ұнайды.

 5. Мені өткеннен гөрі болашақ көп қызықтырады.

 6. Мен адамдармен жұмыс жасағанды ұнатамын.

 7. Мен жақсы ұйымдастырылған кездесулерге қатысқанды ұнатамын.

 8. Маған істың нақты аяқталу мерзімі  өте маңызды.

 9. Мен істі кейінге қалдыруды ұнатпаймын.

10. Мен жаңаша идеялар қолданысқа берілместен бұрын нақты тексерілгендігін қалаймын.

 11. Мен  адамдармен бірлесе отырып жұмыс істегенді ұнатамын. Ол мені шабыттандырады және күш береді. 

 12. Мен үнемі жаңа мүмкіндіктерді іздегенді ұнатамын.

 13. Мен өз мақсаттарым мен жоспарларымды  құрғанды ұнатамын.

 14. Егер мен бір істі бастасам соңына дейін міндетті түрде аяқтаймын..

 15. Әдетте мен өзге адамдардың эмоционалдық  реакцияларын түсінуге тырысамын.

 16. Мен өзге адамдарға мәселе тудырамын.

17. Мен өз мінез-құлқыммен өзге адамдардың реакциясын тудыруға үміттенемін.  

18. Мен рет-ретімен орындалған жұмыс нәтижелі болады деп ойлаймы.

19. Мен өзге адамдардың мінез-құлқы мен ойын жақсы түсінемін деп ойлаймын.

20. Мен мәселені шығармашылық тұрғыда шешкенді ұнатамын.

21. Мен үнемі болашаққа жоспар құрамын.

22. Мен өзге адамдардың қажеттілігіне түсіністікпен қараймын. 

23. Жақсы жоспар-сәттілікке жетудің негізгі жолы.

24.Көп талдаулар менің ашуыма тиеді. 

25. Егер маған қысым көрсетілсе, мен сабырлылық  танытамын.

26. Мен адамдардың тәжірибелілігін бағалаймын.

 27. Мен өзге адамдардың пікірін тыңдаймын.

28. Басқалар маған тез ойланатынымды айтады.

 29. Серіктестік мен үшін өте маңызды.

30. Мен логикалық әдістерді жиі пайдаланамын.

 31. Мен бір уақытта бірнеше жобамен жұмыс жасағанды ұнатамын.

 32. Мен өзіме үнемі сұрақ қоямын.

33. Мен бір іспен айналысу барысында одан сабақ аламын.

 34. Мен эмоцияларыма қарағанда ойым мен ақылыма көп жүгінемін.

35. Мен белгілі бір жағдайда адамдардың өзін қалай ұстайтындығы жайлы болжай аламын.

 36. Мен жеке бөлшектермен түсіндіргенді ұнатпаймын.

 37. Талдау әрекеттен бұрын жүруі керек деп ойлаймын.

38. Мен топтағы климатты бағалауға қабілеттімін.

 39. Мен бастаған ісімді соңына дейін жеткізбейтін кездерім болады.

40. Мен өзімді шешім қабылдауға абілетті адам деп санаймын.

41. Мен үнемі өзімді қызықтыра алатын істі іздеймін.

42. Мен өз іс-әрекетімде деректер мен бақылаулардың нәтижесіне сүйенемін.

43. Мен өз сезімімді ашық жеткізе аламын.

44. Мен жаңа жобаларды құруды және жобалауды ұнатамын.

 45. Мен көп оқимын.

 46. Мен өзімді басқалардың іс-әрекетін ұйымдастыруға қабілетті адам деп санаймын.

47. Мен бір мезгілде бірнеше сұрақтармен жұмыс жасағанды ұнатамын.

48. Мен өз мақсатыма жететін адаммын.

49. Мен өзге адамдар туралы көп білгенді  ұнатамын.

 50. Мен көп түрлілікті және жан-жақтылықты ұнатамын.

 51. Әр дәлелдеме өзі жайында ақпарат береді деп ойлаймын.

52. Мен өз қиялымды қажеттілігінше кең көлемде пайлдаланамын.

 53. Ұзақ әрі көп еңбекті қажет ететін жұмыстар менің ашуыма тиеді

 54. Менің миым тоқтаусыз жұмыс істейді.

55. Алдын –ала жасалған дайындық жақсы нәтижеге жеткізеді.

56. Мен адамдар өздерінің істерін аяқтау үшін бір-біріне өте қажет деп ойлаймын.

57. Мен шешім қабылдағанда көп ойланбаймын.

58. Эмоция тек мәселе ғана туындатады.

 59. Мен басқа адамдар сияқты болғым келеді.

 60. Мен екіні екіге жылдам көбейте алмаймын.

 61. Мен өзімнің жаңа идеямды басқа адамдарда сынап көремін.

62. Мен ғылыми көзқарастарға сенемін.

63. Мен жұмыстың  аяқталғанын ұнатамын.

 64. Жақсы қарым-қатынас адамдарға өте қажет.

65. Мен жылдам қозғалатын адаммын.

 66. Мен адамдар арасындағы  айырмашылықты  жақсы түсінемін.

67. Басқа адамдармен қарым-қатынастың пайдасы бар деп  ойлаймын.

68. Мені интеллектуалдық тұрғыда ынталандырғанды ұнатамын.

 69. Мен ұйымдастыру жұмыстарын ұнатамын.

 70. Мен бір істен екінші іске тез ауысып кете беремін.

71. Басқа адамдармен қарым-қатынас шығармашылыққа жатады.

 72. Өзімді-өзім жетілдіру мен үшін өте маңызды.

73. Мен өз идеяларымды басшылыққа ала отырып іске кірісемін.

74. Мен уақытымды босқа жұмсағанды ұнатпаймын.

75. Мен қолымнан келетін істі ғана жасағанды ұнатамын.

 76. Мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында өзіме сабақ аламын.

 77. Абстракциялар мен үшін өте қызықты.

 78. Мен істі бірнеше бөлікке бөліп, талдағанды ұнатамын.

 79. Мен бір істі ұзақ талдағаннан гөрі қысқаша ғана аяқтағанды ұнатамын.

 80. Мен өз-өзіме сенімдімін.

Тест кілті:

1 -стиль

2-стиль

3-стиль

4стиль

1,5,9,13, 17, 21, 25,29,33, 37, 41,45,49, 53,59,61,65,69,73,77

2,6,10,14,18,22,26,30,34,38,42,46,50, 54. 58, 62, 66,70,74,78

3.7.11,15,,23,27,31,35,39,43,47,51,55,59,63,67,71,75,79

4,8,12,16,20,24,28,3240,44,48,52,56,60,64,68,72,76,80

Практикалық бөлім.

Іскерлік этикет пен іскер адамның имиджінің құрылымдық ерекшелігі туралы пікір алмасыңыздар. Іскерлік әңгімелесуді жүргізуге арналған сөйлемдерді аяқтаңыздар.

Әңгімелесуді бастау:

- Менің ойымша біздің әңгімемізді келесі жағдайларды талқылаудан бастағанымыз дұрыс...

- Мен бүгін осы жағдайларды талдауды ұсынамын...

-  Менің ойымша біздің кездесуіміздің себебі бәрімізге түсінікті, сондықтан мен бірден талқылауға көшсек деймін....

- Мен әңгімемізді мынадан бастасақ деймін...

- Менің ойымша біз ең алдымен осыны талдауымыз қажет...

-  Біз келіскен жағдайларды ескере отырып, келесі дүниелерді талдауды бастайық...

 Қолдау мен келісуді білдіру:

- Менің ойымша біз ортақ шешімге келе  аламыз және ....

- Мен біздің көзқарастарымызды  қолдаймын және ....

- Менің еш қарсылығым жоқ....

-  Мен сіздің пікіріңізбен толық келісемін...

Өз көзқарасыңда қалу туралы қалауыңды сездіру:

- Мен бұл мәселенің басқаша шешімін көріп тұрмын жжәне осыған байланысты мынаны түсіндіргім келеді...

- Мен сіздердің мына сұрақты қарастыруларыңызды сұрағым келедң...

Өтініш білдіру:

- Сіз бізге келіссеңіз, бізді қуанышты етер едіңіз...

- Біз сізге өтінішімізді білдіргіміз келеді...

- Мен сізге өте разы болар едім егер сіздер...

- Біз сіздердің көмектеріңізге сенім артып отырмыз, өйткені...

- Сіздің тарапыңыздан сыпайылық болар еді, егер...

 Кешірім өтіну:

- Кешірім өтінеміз....

- Тағы да кешірім өтінеміз....

- Бізге шын жүректен өкінішті....

- Мен сіздердің алдыарыңызда кешірім өтінемін...

Күдік пен шешім қабылдаудағы күдіктенуді білдіру:

- Менің наразылығым бар...

- Маған сіздердің қалауларыңыз толықтай түсінікті емес...

- Менің кей қажеттіліктерге күмәнді сезімдемін...

Келіспеушілік пен қолдамауды сездіру:

- Сіздің ұсынысыңыз орынды, бірақ...

- Біз сіздің шешіміңізді қолдаймыз, дегенмен...

- Мен сіздің еңбегіңізді бағалаймын, бірақ...

Жауаптан бас тарту:

- Сіздің сұрақтарыңызға нақты жауап беру қиын. Бірақ...

- Мен сізге жауап беруге қиналып тұрмын, өйткені..

Рефлексия

«Көз түйістіру»

Жұптарға бөліну, 1-2 минуттай бір-бірінің көзіне қарау. Соңында өздерінің түйсінулері мен сезімдерін талқылау.

 

32-сабақ

МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ СЕНІҢ ОРНЫҢ

 

Мақсаты:  Мамандықтар әлемі, мамандық таңдаудағы жеке тұлғалық қасиеттердің рөлі  туралы толық түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

-         Мамандықтар  туралы білімдерін өзектендіру;

-         Мамандықтар әлемі, еңбек құралдары туралы толық түсініктерін дамыту;

-         Мамандық таңдаудағы жеке тұлғалық қасиеттердің маңыздылығына тәрбиелеу

Ұйымдастыру кезеңі.

 Бейнетаспа тамашалау: «Мамандықтар әлеміне саяхат»

Теориялық бөлім

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға біразың нақты жауап бере алмайтындарың жасырын емес. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгінгі сабағымызда біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Осылардың барлығын «Мамандықтар әлемі картасы» арқылы жақсырақ білеміз деп ойлаймын. Картада адамды еңбек процесінде байланыстыратын заттар мен нысандар белгісіне қарай, барлық мамандық түрлері 6 типке бөлінген:

         Басқа адамдар.

Бұған көбінесе, адамдардың өзара қарым – қатынасы, олардың бір-біріне тигізетін әсеріне байланысты мамандықтар жатады. Мысалы, дәрігер, менеджер, мұғалім, психолог, әлеуметтік қызметкер, сатушы, жатықтырушы. Бұл мамандықтарға икемдеу үшін адамдармен тіл табысып үйреніп, қарым – қатынасқа бейімделу керек. Мұндай мамандықтарға кәсіби  даярлау екі негізгі бөлікті  біріктіреді: біріншісі – жұмысты орындау саласына  байланысты ( мысалы, жаттықтырушы өз спорт түрін жақсы білсе,ғ сатушы  ұсынатын тауарларының ерекшелігін),  екіншісі – адамдармен тиімді іскерлік  қарым – қатынас жасауға даярлау.

Табиғат.

Мұндай жұмыс тірі табиғат ныасндарына бағытталған. Мысалы, бұл агроном, фермер, кинолог, ветеринар, гүл өсіруші, микробиолог, ара өсіруші, орманшы қызметтеріне байланысты. Биологиялық нысандарды күрделі, стандартқа  сәйкессіз өзгермелі, олармен табысты жұмыс істеу үшін ішкі сезім,  қамқорлық, бастама көрсету,  жеке жұмыс тән.  Әдетте адамдар тірі нысандарға өзгеше қарым – қатынас  көрсетеді. Кейде табиғат демалыспен байланыстырылады. Бірақ мұндай  бейім түрін өзіңе мамандық ету үшін бір ғана сүйіспеншілік жеткіліксіз, ол үшін өсімдіктер әлемімен және жануарлар дүниесімен үнемі белсенді  байланыста болу қажет.

Техника.

Бұл мамандықтар: техникалық тетіктерді қайта жөндеу мен қызмет көрсетуге байланысты жүргізуші, ұшқыш. Поезд машинисті, компьютер жүйесіне қызмет көрсететін маман,  инженер – технолог және т.б.  Сонымен қатар бұл мамандықтар тобына «жұмысшы»  деп аталатын балқытушы, дәнекерлеуші, станокшы, краншы және т.б. жатады.  Мұндай мамандар  негізінен пайдалы қазбаларды қазу мен өндеу, металлургия, машина жасау, көлік, құрылыста жұмыс істеу үшін  өнеркәсіптің түрлі салаларында қажет. Осы типтес мамандық салаларына табысқа жету үшін техникалық ақыл-ой, дәлдік, нақты әрекеттерге деген бейімділік керек.

Белгілер жүйесі.

Бұл мамандықтарға мәтінмен, құжаттармен, түрлі қор деректермен, математикалық қосындылармен істелетін  жұмыс басым болып келеді. Мысалы, аудармашы, программист, бухгалтер, экономист, корректор, іс жүргізуші, эксперт – сараптамашы.  Мұндай жұмыстар үшін асқан дәлдік, шыдамдылық, сараптап – саралайтын ақыл – ой қажет. Мәтіндерге, кестелерге, формула, сызба,  карта, түрлі сипаттағы шартты белгілерге деген қызығушылығы болғаны жөн.

Көркем образ.

Мұндай мамандардың қызметі түрлі бейнелеу құралдары арқылы көркем образдарды ойлап табуға, жетілдіруге, жөндеуге бағытталады. Бұл  сұңғат, мүсін,  сәулет өнері, әдеби мәтіндерді құрастыру, киноматография және т.б. салалары.  Осы салаларға байланысты суретші, мүсінші, жазушы,  әдеби редактор,  режиссер, кинооператор, дизайнер, көркем шығарманы жөндеуші мамандықтарын жатқызуға болады. Мұндай мамандықтар шығармашылық жұмыстарды қажет ететіндікпен, оны меңгеру үшін соған сәйкес қабілеттер, ой – қиялының күштілігі, жаңа, ерекше жағдайларда әрекет етуге дайындығы керек.

Адамның өзі.

Бұл мамандықтар адамның өзін - өзі жетілдіруге негізделгендіктен, жалақыны жұмыс нәтижесіне байланысты алады.  Мұндай мамандықтар көп емес, бірақ олардың  жұмысы көпшіліктің алдында. Мысалы, спортсмендер, каскадерлер, кино және театр актерлері,  әншілер, фотомодельдер, цирк әртистері.  Бұл мамандық түрлері бойынша жетістікке жету үшін адам табиғатынан зейінді, қабілетті, көпшіліктің алдында өзін көрсетуге талаптануы мен соған дайын болуы, өзін - өзі дамытуға, жетілдіруге ұмтылуы, ішкі және сыртқы кедергілерді және бәлуі шарт.

Кейбір мамандықтарды осы аталған типтердің ешқайсысында да жатқызуға болмайды, олар осы типтердің ортасында жүреді. Сөзіміз дәлелді болу үшін банк жүйесіндегі кассир – операция жүргізушіні айтып көрелік. Ол өз клиенттерімен қарым – қатынас жасайды, ақша түскен жағдайда деректер қорын толықтырады, есептерді қадағалап отырады,  жұмысында компьютерді белсенді қолданады. Шаштараз да солай, өз клиенттерімен байланыста болады және түрлі  шаш үлгілерін ойлап табады. Хатшы – секретарьдың ( қенсе менеджері, директордың көмекшісі) да жұмысы сондай, мекемеге келген  адамдармен  қарым-қатынас жасайды, телефонға жауап береді, компьютерді қолдана отырып, құжаттарды рәсімдейді, операцияларды орындайды. Сонымен қатар «фирманың бет – бейнесі» ретінде танылатындықтан, сыртқы жүріс – тұрысы соған сай болып, өзін көрсете білуі керек.

Мамандық таңдауда жеке тұлғалық ерекшеліктерді ескерудің маңызы

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек

Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.

Психодиагностика

«Мен қаладым» саралаушы-диагностикалық сауалнамасы.

         Бұл сауалнама сенің бейімділігің мен кәсіби  қызығушылықтарына жауап алуға мүмкіндік береді. Әдістеме сенің қандай еңбек құралымен жұмыс істеуге бейім екендігінді көрсетеді.

Нұсқау:

Сен белгілі бір оқу түрін тәмамдаған соң,  кез келген жұмысты біркелкі табысты істеуге қабілетті болып шықтың делік. Кестеде алуан түрлі жұмыс түрлері берілген. Егер жұмыс жұбының біреуін ғана жұмыс жұптарынан өзіңе ұнамды біреуін ғана таңдап ал, да, оның нөмірін жаз.

 

1 а

Нашақорлыққа пайдаланылатын заттарды іздеп табатын қызмет иттерін өсіру мен тәрбиелеу.

1 ә

Тұрмыстық техникалардың жаңа үлгілерін жасап шығару.

2 а

Авария мен зілзала апатынан кейін адамдарды құтқару.

2 ә

Құжаттарды  куәландыру, сенім хат пен келісім – шартты рәсімдек.

3 а

Музыкалық топта ән салу.

3 ә

Үнемі жаттығу, жетілдіру арқылы жаңа спорттық нәтижелерге жету.

4 а

Компьютерлер мен құралдардың жұмысын жөндеу, ретке келтіру.

4 ә

Тауарлар туралы әңгімелеу, адамдарды сатып алуға үгіттеу.

5 а

Ғылыми мәтіндерді аудару.

5 ә

Әңгіме, сценарий, фельетон жазу.

6 а

Ауыр дене салмақтьарына төзімді болу үшін өз ағзанды жаттықтыру.

6 ә

Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғауда  іс – шаралар жүргізу.

7 а

Оргтехника, клмпьютерлер мен телефондарды жөндеу.

7 ә

Басылымға дайындалып жатқан мәтіннің мағыналық және стилистикалық қателерің түзету.

8 а

Ғимараттарды гүлмен безендірумен айналысу.

8 ә

Ластанған орта жағдайында өсімдіктер мен жануарлардың жай – күйін саралау.

9 а

Автомобиль, автобус, трейлер, поезд локомотивтерін басқару.

9 ә

Компьютердің көмегі арқылы фотосуреттерді түзету немесе музыканы іріктеу, үйлестіру.

10а

Спорт зал, бассейн, стадион, корт және т.б. күнделікті атлетикалық дағдыларынды жаттықтыру.

10ә

Спорттық автомобильдердің жұмысын ретке келтіру, бұзылған жағдайда механизмдерін ауыстыру.

11а

Басқа қалалар мен елдерге туристік сапарларға  шығу үшін адамдарға  ақыл – кеңес беру.

11ә

Әмбебап дүкендердің сөрелерін, концерттер мен шоуларды безендірумен айналысу.

12а

Декоративті балықтарды өсіру және кеңселердегі аквариум балықтарын күту.

12ә

Адамдарға медициналық жәрдем көрсету.

13а

Фирманың құжаттарын реттеу, жаңа құжаттарды дайындау (келісім – шарт, есеп, ведомость, сенім хат және т.б.)

13ә

Сахнада өнер көрсету үшін әдемі  жүріс-тұрыс, икемді қозғалыс дағдыларына дайындықтар жүргізу.

14а

Генетикалық зерттеп, өсімдіктердің жаңа түрлерін өсіру.

14ә

Мұрағат қорларында істеп, қажетті құжаттарды табу.

15а

Нұсқаушы есебінде күрделі туристік саяхаттарда адамдарға жол көрсету.

15ә

Күрделі акробатикалық трюктерді, спорттық нөмірлерді ойлап табу және жасау, дайындықтан өткізу.

16а

Ит, мысық, жылқы және т.б.  емдеу.

16ә

Компьютерлерді жинақтауды іске асыру.

17а

Түрлі формаларға қызметкерлерді  іріктеу, қажетті адамдарды іздеу.

17ә

Бағалы қағаздар нарығына қаржы талдауларын жүргізу.

18а

Сахнада ойнау, киноға түсу, трюктер кою.

18ә

Спорттық өнер көрсетулердің алдында әдемі  әрі нақты  қозғалыс – қимылдарды  жаттықтыру  мен дайындықтан өткізу.

19а

Медициналық лазерлердің, ультрадыбыс апараттарының жұмыстарын ретке келтіру.

19ә

Мектепте, техникумда, институтта және т.б. оқу орындарында түрлі пәндерді оқыту.

20а

Тауарды тұтынушыларға  тасымалдауың тиімді жолдарын табу, санау.

20ә

Сайттарды, кітап, журналдарды безендіру.

21а

Жарыстарға, турнирлерге, өнер көрсетуге үнемі психологиялық, физиологиялық дайындықты іске асыру.

21ә

Табиғат құбылыстарын зерттеуге арналған экспедицияларға қатысу.

22а

Жоспар бойынша үй тұрғызу, жобаға сәйкес  электр жарығын жүргізу.

22ә

Қаржы заңдарымен, кодекстерімен жұмыс істеу.

23а

Бақшалық – саябақтық зоналарды жобалау, өсімдіктердің көмегімен участкілерді безендіру.

23ә

Қанның молекулалық құрамын талдау.

24а

Жаңа өндіріс құралдарын, үйлерді жобалау.

24ә

Тарихи орындарда қайта жөндеу, саулеттендіру жұмыстарын жүргізу.

25а

Шаршау мен қоркынышқа  қарамай, спорттық жаттығуларды орындау.

25ә

Спорттық тренажерлердің, велосипедтердің, спорттық құралдардың жаңа үлгілерін жасау.

26а

Мерекелерді ұйымдастыру, асабалық қызмет атқару.

26ә

Концерттік бағдарламаларды жүргізу, көрермендерге орындаушылардың аты – жөні мен нөмірлерді хабарлау.

27а

Электронды микроскоптың көмегімен ағзалардың тіршілігін зерттеу.

27ә

Адамдарға психологиялық көмек көрсету, сенім телефондарымен жұмыс істеу.

28а

Әлеуметтік деректерді  өңдеп, талдап, жинақтау.

28ә

Өз дене бітіміңнің сымбаты да тартымды  болуы үшін кәсіби жұмыс істеу.

29а

Зақымдаушылар мен вирустардан өсімдіктерді қорғаудың құралын жасап шығару.

29ә

Компьютерлік бағдарламаларды жазу.

30а

Фитнесзалдарда, бассейндерде, спорттық алаңдарда адамдарға ақыл – қеңес беру.

30ә

Жалпы төзілімдікті шыңдап, жаттықтыру, жеке спорттық, әртістік дағдыларды жетілдіру.

 

Саралаушы-диагностикалық сауалнаманың жауап парағы.

 

Табиғат

Техника

Басқа адамдар

Белгі жүйесі

Көркем образдар

Адамның озі

Тандаулар

1 а

1 ә

2 а

2 ә

3 а

3 ә

 

4 а

4 ә

5 а

5 ә

6 а

6 ә

7 а

 

7 ә

8 а

 

8 ә

9 а

 

 

9 ә

10 а

 

10 ә

11 а

 

11 ә

 

12 а

 

12 ә

13 а

 

13 ә

14 а

 

 

14 ә

 

 

 

 

15 а

 

 

15 ә

16 а

16 ә

17 а

17 ә

18 а

18 ә

 

19 а

19 ә

20 а

20 ә

21 а

21 ә

22 а

 

22 ә

23 а

 

23 ә

24 а

 

 

24 ә

25 а

 

25 ә

26 а

 

26 ә

 

27 а

 

27 ә

28 а

 

28 ә

29 а

 

 

29 ә

 

 

 

 

30 а

 

 

30 ә

Ұпай

 

 

 

 

 

 

       Алты бағанның ұпайлары жеке-жеке саналады. Әр баған бойынша жинақталған қорытынды  ұпай сенің қандай еңбек түріне бейім екенінді көрсетеді. 9-10 ұпай – бейімінді айқын көрсетеді; 7-8 ұпай – бейіміңнің айқылындылығы  орта деңгейде екенін байқатады; 4-6 ұпай – бейімің орта  деңгейде; 2-3 ұпай – бейімің айқын емес; 0-1 ұпай мүлдем  келмейді, яғни «басқа болуы мүмкін, тек бұл емес».

         Сенің тандауың қай сала қызметіне сәйкес?

         Практикалық бөлім

1) Жаттығу: Қатысушыларға мынадай ойын ойнау ұсынылады. Қатысушылардың ішінен біреуі бір мамандық атауын жасырады. Ол жасырған сөздің бас әріпін ғана айтады. Мысалы былай: сөз «А» әрпінен басталады делік. Қатысушылардың ішінен бір-екеуі «Ол 1-тип емес пе?» немесе «Көбінесе кімдермен жұмыс істейді?» деген сұрақтар қояды. Қалған қатысушылардың бәрі А әрпінен басталатын жасырылған сөзді табуға сөздер ойластырады. Ойын осылай жалғаса береді. Кімде-кім жасырылған сөздің дұрыс жауабын білетін болса, ол сөзді толық айтпай тек екінші әрпін ғана айтады. Қатысушылар ішінен бір-екі адам сұрақ қояды, қалғандары екі әрпі белгілі сөзді табуды ойластырады. Сөзді тапқанша ойын жалғаса береді. Кім тапса, жаңа сөзді сол жасырады. Ойынды қатысушылардың қызығушылығына байланысты жалғастыра беруге болады.

2)     «Маскарад» жаттығуы.

Бұл ойында қатысушылар алдын-ала дайындалған, бір кәсіппен байланысты маскарад киімін ойлап табуы керек. Мысалы, мұғалімнің кәсібіне костюм мен галстук, дәрігерге ақ  халат және т.б.

    3)  «Шебер маманның ісі» (5 минут)

Мақсаты: қатысушыларға өзін түрлі мамандықтың иесі ретінде сезіндіру.

Жалпы нұсқаулық: «Бұл ойын түрі өте қарапайым және ерекше. Біз кез-келген бір мамандықты жүріс  арқылы суреттейміз. Қазір қатысушылар кезекпен келіп тренердің қолынан мамандықтар жазылған карточкаларды алады. Кейін, сол маманның жүрісін салады. Жүрісіне қарап басқа қатысушылар мамандық түрін табуы тиіс».

 

Рефлексия.

Бүгін менің түсінгенім ...

 

33-сабақ

ӨЗІН-ӨЗІ КӘСІБИ ТҰРҒЫДА ТАНЫТУ

 

Мақсаты:  Өзін-өзі кәсіби таныту білімі, білік, дағдыларын өзектендіру.

Міндеттері:

-         Тұлғалық және кәсіби қасиеттерін өзіндік таныта білу түсініктерін кеңейту;

-         Өзін-өзі кәсіби жағынан сенімді таныстыра білу дағдыларын дамыту;

-         Мамандық таңдаудағы жеке тұлғалық қасиеттердің маңыздылығына тәрбиелеу

Ұйымдастыру кезеңі

Бейнетаспа тамашалау: «Тұсаукесер және өзін таныстыру»

Теориялық бөлім.

Сендер келешектегі кәсібің жайлы көп ойланған боларсыңдар. Жақын арада сендерге болашақ өміріңнің бағыт-бағдарын анықтайтын күрделі шешім қабылдауға тура келеді. Бұл шешім мамандық таңдауға қатысты. Өзіңнің болашақ еңбек қызметіңнің саласын анықтау – сенің өмірлік жолыңның осы бір бөлігіндегі басты мақсат.

Кәсіби қызметті таңдау қажеттілігін сезгеніңде, өзіңді кәсіби анықтауға қадам жасайсың. Сол-ақ екен сұрақтар борап шыға келеді! Осы кәсіби қызмет қандай болмақ? Ол өмірімді қамтамасыз ете ала ма? Таңдап алған мамандығым ұсынған талаптарға сай келем бе? Жалпы мамандықты қалай таңдаған жөн? Ата-анамның кеңесіне құлақ салсам – кәсіби болашағымның қандай болатынын, солар шеше ме? Достарымның шешімін құптап, солар барған жерге барсам ба екен? Қай кәсіпқой ақша көп табатынын біліп барып, сондай мамандықты дайындайтын колледжге түсу керек пе? Мүмкін, балғын жасыңнан армандайтын мамандығың бар шығар?

Өмірлік табыс формуласы сүйікті іспен айналыса алу және сол үшін ақша алу мүмкіндігімен жиі анықталады: «Алдымен өзіңе ұнайтын іс тап, оған ақы төлейтін біреуді тап». Әрине, бұл пікір қалжыңға сүйеніп айтылған, бірақ өтірік те емес. Мамандық шынында да, табыс көзі болумен қатар, адамды рахатқа бөлеуі керек. Бұған тек бір ғана тәсілмен жетуге болады – сенің қабілетің мен мүмкіндіктеріңе сай келетін, оған қоса еңбек нарығында сұранысқа ие болатын мамандық табу қажет.

Мамандық - рrоfessio - деген фрацуз тілінде ресми түрде жариялаймын деген мағнаны білдіреді. Мамандық бағдар беру - әр адамның жекелік қасиеттеріне, қызығушылығына, қабілетіне, қоғамдық қажеттілікке байланысты мамандық таңдап алуына ықпал жасау.

Мамандықты дұрыс таңдаудың әр адамның өз өмірінде табысты болуына және әлеуметтік ортада барлық қабілетін толық ашуға негіз болатындығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеп шыққан.

Бұл жұмыстың мазмұны жеке адамның психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты зерттеп келесі компоненттер бойынша мағлұмат алудан тұрады:

- мінез-құлқының жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау;

- жүйке қызметінің жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау;

- қызығушылығы, бейімділігі, қабілеті, кәсіби ниеттері туралы мағлұматтар алу;

- құндылық бағдарлануы;

- білімі, іскерлігі және дағдалары.

Өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтыла отырып, адам өз алдына нақты бір мақсат қояды, бірақ бұл мақсат өз бетімен жүрмейді, ол адамның бағыттылығымен тығыз байланысты жүреді де оның барлық іс-әрекеттерінің бағдарламасын болжамдайды. Қажеттіліктерді, қызығушылықтарды қанағаттандыру, мақсатын жүзеге асыру нақты бір мәселелерді шешусіз, сәйкесінше жұмысты орындаусыз мүмкін емес. Сондықтан әрбір жағдайда адам объект, құбылыс немесе іс-әрекет түрлерін таңдайды. Осылайша таңдау жеке адамның қажеттілігін өтейді.

Жеке адамның басқа психикалық қасиеттері де өзара тығыз байланыста болады. Осы байланыстылықты былайша көрсетуге болады: қажеттіліктер - қызығушылықтар - объективті құндылықтар — мотивтер - мақсат — таңдау.

Психодиагностика

Сандық кәсіптік бағыт беру тесті

Нұсқау: төмендегі кестедегі әр жұптан (1-2; 3-4; 5-6; 7-8) бір санды таңдап алып, сандық нөмірін жазып алып отырыңыз. Мысалы: бірінші жұптағы тұжырымдамадан сізге бірінші (1), екіншіден – (4), үшіншіден – (6), ал төртіншіден – (8) сәйкес келсе, сенде 1468 саны құралады. Осы сан сіздің психологиялық типіңіз болып табылады.

1.     Сіздің жұмыс қабілетіңіз үнемі бірқалыпты (анық себептерге ғана байланысты өзгереді).

2.     Сіздің жұмысқа қабілетіңіз көңіл-күйге қарай өзгеріп тұрады.

3.     Келеңсіз жағдайлар мен дау-жанжалдардан себеп іздеп әуре болмайсыз. Ақыл-ойыңызды сезіммен ұштастыра білесіз.

4.     Жақсы қарым-қатынасты бұзып алмас үшін келісімге келе саласыз. Сіз адамдар арасындағы сезім, өзара қарым-қатынасты бағалайсыз.

5.     Сіз – реалист адамсыз. Бос қиялды ұнатпайсыз. Өзіңізге сенімді, ісіңізге берік адамсыз.

6.     Болашақты елестете білесіз, өткенді жиі еске аласыз, жақсылыққа, өзгерістерге ұмтыласыз.

7.     Ұстамдысыз. Әр нәрсенің соңын күтесіз. Қарым-қатынаста бастамашылық көрсете алмайсыз.

8.     Жаңа адамдармен тез тіл табысып кетесіз. Таныстарыңыздың санын көбейтуге тырысасыз.

Қандай психологиялық типке жататыныңызды төмендегі кесте бойынша табасыз:

Сандық бағыт

Психологиялық тип

Қандай кәсіппен айналысуыңа болады

Нені талап етуге болмайды және не күтуге болмайды

1357

Логико-сенсорлы рационалды интроверт «Инспектор»

Техникаға бейім. Инструктор, контролер, құжаттарды толтыру, салық инспекторы, тергеуші болып істеуіне болады.

Адамдардың жеке бас қабілетін ескеру, жағдайға байланысты өзгерістерге тез бейімделу, кейбір маңызды істерде жұмсақтық.

1358

Логикалық-сенсорлы рационалды интроверт «Сараптамашы»

Экономист, банктің несие бөліміндегі жұмыстар, хатшылық жұмыс, техникалық құрылыс, ауыл шаруашылығы, фермерлік жұмыс.

Жағдайға байланысты өз мінез-құлқын өзгерту, адамдармен қарым-қатынаста жұмсақтық пен дипломатия сақтау.

1367

Логикалық-интуитивті рационалды интроверт «Сараптамашы»

Жүйелі сараптауды қажет ететін салалардың бәрінде жұмыс істей алады.

Адамдармен қарым-қатынас жасай білу, пысықтылық қасиет.

1368

Логикалық-интуитивті рационалды экстраверт «Кәсіпкер»

Жоғары темп қажет ететін жұмыстарға, іссапарлармен байланысты жұмыстар ұсынуға болады.

Үнемі сырт келбетін, киімін күтіп жүру; адамдармен санасушылық және психологиялық түсінушілік.

1457

Этнико-сенсорлы рационалды интроверт

Әлеуметтік сала: медицина, денсаулық сақтау, әсіресе, стомотология, массаж, медбикелік жұмыс, ине салу, т.б. қызметтер.

Өмірге позитивті көзқарас, сенімі және бағалауына тез өзгеріс, проблеманы шешуде тың шешімдер қабылдай білу.

1458

Этнико-сенсорлы рационалды экстроверт «Энтузиаст»

Жарнама, әлеуметтік сауалнама жүргізу, қызмет көрсету, сауда, әлеуметтік, ғылыми, ұйымдастырушылық жұмыстар, жәрмеңке, симпозиум, демалыс, мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру.

Стратегиялық және технологиялық қабілеттер, мерзім сақтауда анықтылық (пунктуалдылық)

1467

Этнико-интуитивті рационалды интроверт «Гуманист»

Жасөспірімдермен тәрбиелік жұмыстар, психотерапия, философты-гуманитарлы сала, портреттік, сюжеттік фотография.

Істерде бастамашылық білдіру, тосын жағдайда тез шешім қабылдай білу, жинақтылық, ұйымдастыру қабілеті.

1468

Этнико-интуитивті рационалды экстраверт «Тәлімгер»

Гуманитарлық сала, өткізу немесе қамсыздандыру агенті, өнер салалары.

Айналасына объективті, сезімталдықпен көзқарас, жағдайды дұрыс сараптай білу.

2357

Сенсорлы-логикалық иррационалды интроверт «Шебер»

Шаруашылықты рационалды жүргізу, заттарды көркемдеу, шағын бизнес, жұмыс орындарын, интерьерлерді көркемдеу.

Аз өңделген жобаларды қабылдау, айналадағы оқиғаларға қатысу.

2358

Сенсорлы-логикалық иррационалдық экстраверт «Маршал»

Адамдарды жақсы басқара біледі. Бойдағы қасиеттерді басқару, техника, әскери жұмыстарда пайдалануына болады.

Барлық жағынан мұқият болу, қарым-қатынаста жұмсақтық, ымырашыл болу.

2367

Интуитивті-логикалық иррационалды интроверт «Сыншы»

Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары, программалау, математика, физика, макроэкономика, сараптама жұмыстары.

Істе ширақтық, тосын жағдайларға жүректілік, шешім қабылдай алушылық, қонақжайлылық, қамқоршылық.

2368

Интуитивті-логикалық иррационалды экстроверт «Ізденуші»

Басқаларға тәуелсіз, өз бетімен болатын жұмыстар. Стратегиялық мәні бар, өзгеріске ұшырауға тиіс салалардағы жұмыстар.

Тұрмыста, жұмыс орнында маңайын үнемі тәртіпке келтіріп отыру. Жұмысының сапалы орындалуын қадағалау.

2457

Сенсорлы-этикалық иррационалды экстраверт «Делдал»

Әлеуметтік салада өзін толық көрсете алады. Аз мөлшердегі сауда, дипломат-менеджер. Жарнама, баспа, т.б. салаларында жақсы жұмыс атқара алады.

Үнемі іскерлік белсенділік, үлкен ұжымды басқару, міндеттерді бөле білу, тәуекелділікті қажет ететін операциялар.

2458

Сенсорлы-этикалық иррационалды экстраверт «Саясаткер»

Ресурстармен қамтамасыз ету, дипломаттық жұмыстар, көпшілік мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, шоу-бизнес, көңіл көтеру салалары, эстрада.

Істі ұйымдастыра білу, міндеттерді дұрыс бөле білу, терең стратегиялау қабілеті, уәделерін орындау.

2467

Интуитивті- этикалық иррационалдық интроверт «Лирик»

Аз адамдармен сыпайы түрде араласатын жұмыстарды атқарады. Олардан жақсы хатшылар

Күнделікті жоғары жұмыс қабілеттілігі, жағдайды жақсы сараптай білу, үлкен ұжымды басқара білу, міндеттерді бөлу.

2468

Интуитивті- этикалық иррационалдық экстраверт «Кеңесші»

Гуманитарлық сала, педагогика, жанұялық психологиялық кеңес беру, таныстыру қызметі, имиджмейкер, жарнама.

Істі сапалы жасау, құжаттарды тиянақты жүргізу, дау-жанжалды жағдайларда өзін ұстай білу.

1-жаттығу: “Тұсаукесер” (Презентация)

Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, топқа өзінің қалаған мамандығын таныстырады.

Тапсырма: “Ыммен, қол қимылы арқылы, әрі позамен, бір-екі ауыз сөзбен өзіңізді топқа сен қандай мамандық иесі екеніңді, топтың сені қалай қабылдауын қалайтындығын көз алдыңа елестетіп, сол туралы айтып беруге ұмтыл”.

Тұсаукесер аяқталғаннан кейін, өзі айтқаны жайлы, қалай жүргені туралы талқылау жүргізіледі.

- Саған кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қаларлықтай әсерін тигізді?

- Сен үшін қай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?

- Қай топ мүшесінің өзін таныстыруы саған бірден жақын адам екенін сездірді (мінезі, көңіл-күйі бойынша)?

- Кімнің айтқан ойы саған түсініксіз немесе сені таң қалдырды? Мүмкін, сенің сол адамға қандай да бір сұрақты қойғың келетін шығар?

2-жаттығу. «Сыйлық».

«Сізді досыңыз өз кәсіпорынының (ұйым, фирма, компания және т.б) туған күніне шақырды делік. Барудан бас тартуға болмайды. Сонымен қатар, үш негізгі талапты орындау шарт: 1) сыйлық олардың кәсібімен байланысты болуы керек; 2) сыйлық әдеттегіден өзгеше, әрі көңілді болуы керек;

3) сыйлық аса қымбат болмауы керек.

3-жаттығу. «Денеңді түйсіну»

Жүргізуші: «Өзіңіздің дене түйсігіңізге ерік беріңіз. Барлық денеңізді ойша «аралап шығыңыз».  Әр дене бөлігіне мұқият көңіл бөліңіз. Ауырсынғанын да, қысылып тұрғанын да байқауға тырысыңыз. Қандай бұлшық еттердің қысымын сезесіз? Оларды босаңсытуға тырыспаңыз, қысымның созылуына мүмкіндік беріңіз. Олардың қай жерде орналасқанын табуға тырысыңыз. Теріңізді түйсінуге де көңіл бөліңіз. Сіз өз денеңізді сезесіз бе, басыңыз бен кеудеңіздің байланысын ше, қол-аяқтарыңыз?» 

Талдау. Өзіңізді толығымен сезіне білдіңіз бе? Өз денеңізде қандай «ақ таңдақтар», «бос қуыстар» таптыңыз?

Факторлар: ішкі ресурстарына қолжетімділік (сензитивтілік)

          Рефлексия.

Релаксациялық жаттығу «Гүлдер». (Әуен ойнап тұрады)

          Жайлап тұрамыз және көзімізді жұмамыз. 2-3 рет демімізді шығарамыз. Терең тыныс аламыз. Балалар біз  бәріміз - енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Бірақ жай гүл емес, әрбірің шығармашылыққа, дарындылыққа, таланттылыққа тұла бойы тұнып тұрған гүлміз деп елестетіңіздер. Гүлдің түрі, түсі, атын өздеріңіз ойлап табасыздар. Күн шықты? Гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді. (Қолдарын созады). Сіздің гүліңіз «Мен бақытты боламын» деп биікке ұмтылуда.  Бетімізге самал жел лебі еседі. Кенеттен баяу жел соғады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады. (Қолдарын жан-жаққа шайқайды). Кенеттен аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрісіп, жабылады. (Қолдарын тізе үстіне қойып бүрісіп отырады). Біршама уақыттан кейін күннің көзі күлімдеп, жайнап шығады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, бәрі бір шеңберге жиналып жайнап ашыла бастайды. (қатысушылар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады). Айналадағы исі аңқыған гүлдер өздерін ең әдемі, ең жұпар иісті, ең бақытты сезінуде. Сіздер де өздеріңізді дәл солай сезініңіздер. 

 

 

 

 

 

34-сабақ

ӨЗІН-ӨЗІ КӘСІБИ ТҰРҒЫДА ТАНЫТУ

 

Мақсаты:  Өзін-өзі кәсіби таныту білімі, білік, дағдыларын өзектендіру.

Міндеттері:

1.Тұлғалық және кәсіби қасиеттерін өзіндік таныта білу түсініктерін кеңейту;

2. Өзін-өзі кәсіби жағынан сенімді таныстыра білу дағдыларын дамыту;

3. Мамандық таңдаудағы жеке тұлғалық қасиеттердің маңыздылығына тәрбиелеу

Ұйымдастыру кезеңі

Бейнетаспа тамашалау: «Өзі туралы қысқа да нұсқа жеткізу тұсаукесері»

Теориялық бөлім

Заманауи еңбек нарығы бұрынғыдан гөрі, әлдеқайда күрделірек. Егер бұрын «нарықтық» салада – саудада – бір кісі жұмыстардың барлық кезеңін дерлік орындай алса, ал бүгінгі күнде жұмыстың шектеулі тарауына жауап беретін мамандар қажет. Қазір менеджердің кәсібі сан түрлі тарауға бөлінеді: сатып алу менеджері, сату менеджері, өтім менеджері, алға жылжыту менеджері, клиенттермен жұмыс жүргізетін менеджер, маркетинг менеджері, жарнама менеджері... Сондықтан «менеджер боламын» деген сөз орамы, кәсіп пен еңбек нарығындағы жағдайларды білмеумен бірдей. Түлектердің кәсіптер және еңбек нарығының талаптары жайлы білмеуінен, олар өндірістік салаларды назардан тыс қалдырып, жылдан жылға сол баяғы кәсіптерді: заңгерлікті, экономистікті, дизайнер мамандығын таңдайды. Осы арада біздің экономикамызда жаңа технологияларды қолданатын өндіріс белсенді жетілуде, әрі өндірістік салалардағы кәсіптер, әрі жоғары технологиялы салалар жоғары әлеуметтік мәртебеге және тұрақты ақшалай жағдайға жетуге мүмкіндік береді. Кәсіптерге сұраныс әрдайым өзгеріп тұрады, оны болжау қиын. Кәсіптердің өзі де өзгереді. Сол себепті маман бірнеше шектес кәсіптерді игерсе, оның құндылығы өседі. Серпінді және адам болжап болмайтын заманауи еңбек нарығы жас маманның әр түрлі қызмет салаларында жөн таба білуін, өзгеріп тұратын шарттарға икемделуін талап етеді.

Өз мақсатыңызға жеткіңіз келсе...

Өмір жолында кездесетін қиындықтарымыздың көбін ойымыздан шығарамыз. Олар белгілі бір жағдайдың, сәтсіздіктің не біреудің әрекетінің нәтижесі емес. Олар біздің «менталды» әдеттерімізден туындайтын мәселелер.

Олардан қалай арылуға болады?

1. Тез шешім қабылдамаңыз

Бұл әдеттің екі салдары болады. Біріншіден, біз ары қарай не болатынын білеміз деп, маңызды нәрселерді назардан тыс қалдырамыз. Адам болашақты болжай алмайды. Сол себепті тұжырымдарыңыздың көбі қате болып шығуы мүмкін. Екіншіден, адамдар бір-бірінің ойын біледі деген ойда. Біреудің неліктен қандай да бір әрекетке барғанын білу үшін сол адамның өзінен сұраңыз. Онсыз шын мәнінде не болғанын біле алмайсыз. Өзіңіздің тұжырымыңызға тым сенімді болмаңыз, әйтпесе алға жүрудің орнына керісінше, артқа шегініп кетесіз.

2. Түймедейді түйедей етпеңіз

Көптеген адам кішкентай мәселенің көлемін ұлғайтып, уайымшыл болып кетеді. Неліктен? Бұл - өзін жиі іскер етіп көрсету үшін саналы да, бейсаналы да түрде жасалатын әрекет. Кез келген қиындық уақытша екенін ұмытпаңыз. Оны түйедей етіп, жұрттың мазасын алып, дабыралатудың еш қажеті жоқ.

3. Ойдан ереже шығармаңыз

«Ананы-мынаны істеу керек» деген нәрсенің көбісі маңызды емес. Керісінше жүйкені жұқартып, өзіңді кінәлі сезінуге итермелейді. Өзіңізге жоқ жерден талап қоя берсеңіз, алдыңыздан кедергілер шыға беретіні сөзсіз.

4. Стереотиптерден арылыңыз

Өзіңізді қоғамның қойған шарттарына лайықтауға тырыспаңыз. Сіз өзіңіз ойлағаннан әлдеқайда мықтысыз. Ал егер әлеумет ойлап тапқан стереотиптерімен өмір сүретін болсаңыз, өз мүмкіндіктеріңізді «басып» тастауыңыз мүмкін.

5. Перфекционист болмаңыз

Өмір ақ пен қара, жақсы мен жаман деп бөлінбейді. Осы екі түсініктің арасында шексіздік бар деп есептеңіз. Егер сіз мінсіз адамды іздейтін болсаңыз, өмірді жалғыз өткізуіңіз мүмкін. Егер сіз мінсіз жұмыс орнын іздейтін болсаңыз, оны таппай өтуіңіз ғажап емес. Перфекционизм – менталды құбылыс. Ол сізге өмірден ләззат алуға кедергі етеді. Алайда бұл дерт емес, әдет. Одан арылу өз қолыңызда.

6. Сәтсіздіктен қорықпаңыз

Бір, екі рет болған сәтсіздік үшін қол қусырып отыруға болмайды. Қазақтың танымал ақындарының бірі Мұқағали Мақатаев «өмірдің барлық сәтсіздіктерін бақытсыздық деп кім айтты саған?» демекші, сәтсіздік тәжірибеңізді ұлғайтады.

7. Жүрекке жақын қабылдамаңыз

Көптеген адамдар, оның ішінде достарыңыз, әріптестеріңіз сіз жайында уақытының 1 пайызында ойланады. Көршілеріңіз сізді мүлде танымауы мүмкін. Далада кездесетін адамдар сізге қараса да, «көрмеуі» мүмкін. Бұл – өмір. Әркім өз жағдайын ойлайды. Сол себепті, егер қиын кезеңде күткен адамдарыңыз жаныңыздан табылмаса, қапаланбаңыз, жүрекке жақын қабылдамаңыз. Сіздің ең жақын досыңыз – өзіңіз.

8. Апатияға берілмеңіз

Бойыңызда оптимистік көзқарас қалыптастырыңыз. Өмірден жаман нәрсе күтсеңіз, міндетті түрде соған тап боласыз. Пессимист болу оңай, оптимист болу одан да оңай! Тек ниет қажет.

9. Өткенді ұмытыңыз

Болған жайтты ұмытыңыз. Ары қарай өмір сүруге талпыныңыз. Ашу, ыза, кек, реніштің сізге еш пайдасы жоқ. Оларды босатып, тек болашаққа ұмтылуға тырысыңыз. Өткенді ойлай берсеңіз, күйзеліске ұшырауыңыз мүмкін.

Іске сәт!

Психодиагностика

Тест: "Мінезіңіз қандай?"

Жер бетінде қанша адам болса, сонша мінез бар. Кей қасиеттер өзара ұқсас келетін тұстары да бар. Ең бастысы, мінезіміздің қандай екенін біліп, өзгелерге оның жақсы қырларын көрсете білу.

Суретте геометриялық фигуралардың көмегімен 8 түрлі адам бейнеленген. Ішінен өзіңізге, болмысыңызға ұқсайтынын таңдап, төмендегі сипаттаманы оқыңыз. Барынша дәл келеді деген үміттеміз.

1 тип - «басқарушы»

Әдетте мұндай адамдардың ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары болып, басқаруға икемді келеді. Тоқтамастан сөйлеп, алдында отырған дүйім жұртты оңай баурап алады. Астамшылдық сынды қасиеттерден барынша аулақ. Қоғамға тез сіңіседі.

2 тип - «жауапкершілігі мол орындаушы»

Бір қарағанда бойынан басқарушы типіне сай мінезді байқауға болады. Алайда маңызды шешім қабылдар тұста қатты қиналады. Адалдықты, шындықты жоғары бағалап, өзінен де, өзгелерден де жауапкершілікті талап етеді. Өтірік пен жасандылықты су қаны сүймейді. Кейде жүйкесі сыр береді.

3 тип - «үнемі алаңдап, күдіктенуші»

Қолынан келмейтіні жоқ. Сегіз қырлы, бір сырлы десек те болады. Қолөнер бұйымдарын жасап, түрлі кітап оқуға құмартады. Бір сарынды өмірден тез жалығады. Осыған орай мамандықтары мен қызығушылықтарын үнемі ауыстырып отырады. Тазалықты сүйеді. Адамдармен осыған байланысты ренжісіп жүреді. Өзгелердің көңіліне қарап, өзіне күдіктене қарайды. Үнемі айналасындағылардан қолдау күтеді.

4 тип - «ғалым»

Шынайы өмірден алыстап, қиын сұрақтардың жауабын іздеп жүреді. Әрбір ісіне баға беріп, жаны рахаттанады. Аталған типтегі адамдар кино, цирк, театр, режиссура, мультипликация сынды салаларда жұмыс істейді.

5 тип - «интуициялық»

Жүйкелері тез жұқарып, сезімтал болып келеді. Өзгелерге қамқор болып, өзін құрбандыққа шалуға дейін барады. Тәкаппар, өзімшіл, эгоист адамдармен сөзі жараспайды. Қолы ашық.

6 тип - «өнертапқыш, құрастырушы, суретші»

Техниканың қыр-сырын меңгеріп, сурет салады. Ақыл-ой еңбегін де жақсы көреді. Өзгелердің бағыт беріп, басқарғанын ұнатпайды. Шешімді әрдайым өзі қабылдайды. Тыныштықты жақсы көреді. Ойға алғанын жүзеге асырмайынша тынбайды.

7 тип - «эмотивтік»

Жан дүниесі барынша нәзік келеді. Үнемі өзгелердің көңіліне қарап, олар үшін көп нәрсе жасап беруге дайын. Барлығын туған бауырындай көріп, қамқорлық танытады. Олардың қайғы-мұңын, қуанышын өзінікіндей сезінеді.

8 тип - «салқынқанды»

Жоғарыдағы типке қарама-қарсы. Өзгелерге жанашырлық таныту, жан дүниесін түсіну дегенді білмейді. Керісінше оларды қинағанды жақсы көреді. Өзінің жоспарларымен ешкіммен бөліспейді.

Ал Сіздің нәтижеңіз қандай?

Практикалық бөлім

Жаттығу. «Жеке таңба және ұран»

Ұран және таңба адамға өз өмір ұстанымын, көзқарасын ықшамды түрде бейнелеу мүмкіндігін бере алатын нышандар болып табылады. Бұл адамды өзінің өмірге деген көзқарасының басты арқауын басқаларға  қисындап қысқа мазмұндауға, суреттеп және ұсынуға ой тастайтын тәсілдердің бірі.

Бұл жаттығуды өзін-өзі таныстыру, ұсыну жұмыстарынан кейін жүргізген қолайлы.

Материалдар: үлкен парақ қағаздар, фломастерлер.

Нұсқау:

1бөлім: Алдыңғы өзің туралы алған мінездеме, қасиеттер сипаттамасына сүйеніп, сәйкес түрде өзіңіздің ұраныңыз қандай болатынын ойлап табыңыз. Ұран ретінде кез келген сөз орамдары – танымал қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, өлең, ән жолдары немесе сіздің жеке айтқан сөзіңіз болуы да мүмкін.  Бастысы, өзіңізге беретін сипаттаманың мәнін ашуы тиіс. Оны жеке параққа жазып қойыңыз. Келесі тапсырма: өзіндік сипаттаманың ішкі мазмұнын беретін белгі түрінде екі-үш таңба нышанын ойлап тап.

Өзіңнің ұраның мен таңба нышанын әзірше көрсетудің қажеті жоқ.  

Кәне, геральдика әлеміне үңіліп көрейік.

Геральдика (heraldіca) – гербтерді зерттейтін тарих ғылымының бір саласы. Генеология, нумизматика, палеография, cфрагистика сияқты тарихи пәндермен тығыз байланысты. «Геральдика» термині латынның «heraldus» яғни жаршы деген сөзінен шыққан.

Ортағасырлық Еуропа корольдерінің сарайында гербтердің кімге тиесілі екенін анықтайтын, тіркейтін, жүйелейтін және жаңа гербтерді жасайтын арнайы адамдар – герольдтар болған. Кейіннен олар «Герольдия» атты мекемелерге біріктіріледі. Олар Геральдиканың белгілері мен бояу түстері ұғымдарының ерекше жүйесін жасады. Геральдика 19 ғасырдың 2-жартысынан тарихи пән ретінде қалыптасты. Қазақстан Республикасының гербі, туы, т.б. мемлекеттік рәміздері, еліміз қалаларының гербтері Геральдиканың озық үлгілерінің бірі болып табылады. Енді сәл қиялдап, өз геральдикалық белгілерімізді  жасап көрейік.

Үлкен қағаз бетіне бояулар немесе фломастерлердің көмегімен сіздерге ұранымен көмкерілген өзіңіздің жеке таңбаңызды бейнелеу керек. Ұранның жобасы сіздерде бар. Бірақ мүмкін сіз одан да қызықтырақ және өзіңіздің өмірлік талпынысыңыздың, ұстанған жолыңыз бен түсінігіңіздің мәнін нақтырақ бейнелейтіндей керемет бірдеңе ойластырған боларсыз. Сіздің  гербіңіздің (таңбаңыздың) жоба нышанымен танысқан және ұраныңызды оқыған адам кіммен ісі бар екенін бірден ұғуы тиіс.

Мынадай герб үлгісін қарастырайық. Бұл төменгі жағы доғаланып келген үлкен тіктөртбұрыш. Ол төрт бөлікке бөлінген. Алдымен көлденең сызықпен төменгі жағын үштен бір шамамен бөліп алыңыз. Бұл жерге сіздің өмірдегі басты ұраныңыз жазылады. Жоғарғы жағы тік сызықтармен үш тең бөлікке бөлінеді. Гербтің әрбір бөлшегі нышанды түрде қажетті ақпарат береді: сол жағы – менің өмірдегі басты жетістіктерім, ортасы – мен өзімді қалай қабылдаймын, оң жағы – менің өмірдегі басты мақсатым.

Жұмыс барысында сурет салу кезінде жайлы медитативті музыка ойнатып қоюға болады.

 

 

 

 

 


2 бөлім: жұмыс жасап болған соң әрқайсы өз таңбасы мен ұранын таныстырады. Таныстыру кезінде қатысушылар бір біріне нақтылау сұрақтарын қоюларына болады. осыдан кейін қатысушыларға кімнің таңбасы мен ұраны өзінікімен көп тұсынан ұқсас болса, сол адамға жақындап бару ұсынылады. Бірнеше жұптар немесе топтар құрылуы мүмкін.

- Ал енді, өз үйірлеріңде сіздердің гербтеріңіз бен ұрандарыңыздың мейлінше ұқсас және маңызы жағынан жақынырақтарын таңдап талқылаңыздар. Әр шағын топ басқаларына өздерінің ой қорытындыларын ғана емес, жалпы шағын топ мүшелерін біріктіретін ұран мен топ таңбасын талқыға ұсынады. Ескертемін, ортақ герб салып қажеті жоқ.

Жаттығудың соңынан талқылау жүреді.

Факторлар: жаңа құрылымдар (өзіндік сәйкестену, позитивті өмірлік ұстанымдар)

 

Рефлексия.

         Дәптерлеріне курс бойынша алған білімдерін қорытындылау мақсатында «Өмір жолымды өзім таңдаймын» тақырыбында эссе жазу тапсырмасы беріледі.

Соңында талдау жұмысы жүргізіледі.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.   Абай. Өлең – сөздің патшасы. Халықаралық Абай клубы, 2006

2.   М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы, 1998.

3.   М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982.

4.   Қ.Жарықбаев. Психология.  Алматы, 1993.

5.   Қ.Жарықбаев., Ө.Озғанбаев. Қазақ этнопсихологиясына кіріспе. Алматы, 2014.

6.   Ж.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, Рауан 2002.

7. Н.А.Цветкова

8. С.В.Кривцова.Жизненные навыки. Москва,2009

9. П.Астахов. Детям о праве. Москва, 2014г.

10.            Твоя жизнь – волшебный мир. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2002.

11.   Волшебный хоровод. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2002.

12.        Ж.Қоянбаев. Педагогика. Алматы. Рауан 2002.

13.   В мире волшебных фигур и цифр. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2003.

14.            Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы, 1992

15.            М. Кемел. Ақыл қалта. Астана., 2013

16.            Ю.П. Азаров. Искусство воспитания. 2-е изд., испр. - Москва, 1985

17.        Е.В.Бурмистрова. Психологическая помощь в кризисных ситуациях (предупреждение кризисных ситуаций в образовательной среде). М.: МГППУ, 2006 г.

18. Л.И. Божович. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М. Просвещение, 1968.

19. М.В. Беншаминова. Воспитание детей. - М., 1985

20.  Г.Н. Волков. Этнопедагогика. – Чебоксары, 1977

21. Н.Дереклеева. Родительские собрания в начальной школе //Школьный психолог. – 2004. - №46.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Алғы сөз....................................................................................................................4

Түсінік хат................................................................................................................5

І тарау. Іскерлік әдеп және өзін-өзі реттеу

1-2 сабақтар. Адам туралы ғылым жүйесіндегі этика.....................................9-17

3-4 сабақтар. Өзін-өзі эмоционалдық реттеу..................................................17-24

5-сабақ. Өз-өзінің сыртқы ерекшеліктерін реттеу.........................................25-30

6-сабақ. Стресс және одан шығу жолдары.....................................................30-33

7-8 сабақ. Позитивті ойлау...............................................................................34-43

ІІ тарау. Әлеуметтік өз орнын белгілеу

9-10 сабақтар. Заманауи қоғам ерекшеліктері және жеке тұлға...................43-55

11-сабақ. Қоғамның жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі рөлі........................55-60

12-13 сабақ. Жас кезеңдері дағдарыстары......................................................60-73

14-15 сабақ. Әлеуметтік бейімделу және өзіндік рухани сәйкестену..........73-84

16-сабақ. Әлеуметтік және тұлғалық өзін-өзі анықтаудың бастапқы негізі........

............................................................................................................................84-87

ІІІ тарау. Отбасылықы қарым-қатынас психологиясы

17-сабақ. Махаббат – отбасын құрудың басты негізі ретінде.......................87-93

18-сабақ. Жеке бас өміріңнің бақытқа бастар жолы....................................93-102

19-сабақ. Болашақ отбасының әдеп негіздері............................................102-108

20-21 сабақтар. Отбасылық қарым-қатынастағы психологиялық факторлар......

........................................................................................................................108-118

22-сабақ. Ерлер мен әйелдердің биологиялық және психологиялық айырмашылықтары......................................................................................118-124

23-сабақ. Отбасылық дағдарыстар..............................................................124-127

24-25 сабақтар. Ата-аналардың жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі..............

........................................................................................................................127-137

26-сабақ. Отбасындағы этнопсихологиялық аспект..................................137-143

ІV тарау. Өзін-өзі кәсіби анықтау

27-сабақ. Өмір жолдары және өзін іске асырудың негізгі арналары.......143-150

28-сабақ. Өзін-өзі іскерлік мансапқа дайындау.........................................150-154

29-сабақ. Іскерлік қарым-қатынас...............................................................155-161

30-сабақ. Көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері..........

........................................................................................................................161-171

31-сабақ. Қарым-қатынас мәдениеті – әлеуметтік нарықтық қарым-қатынасқа дайындық факторы ретінде.........................................................................171-179

32-сабақ. Мамандықтар әлемі және ондағы сенің орның.........................180-185

33-34 сабақтар. Өзін-өзі кәсіби тұрғыда таныту........................................186-195

Әдебиеттер тізімі.................................................................................................196

Мазмұны...............................................................................................................197


 

Скачано с www.znanio.ru

ЖОБА Педагог-психологтарға арналған оқу-әдістемелік құрал 1 1 сынып

ЖОБА Педагог-психологтарға арналған оқу-әдістемелік құрал 1 1 сынып

Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ОЖ КБЖ Пікір жазған: А

ОЖ КБЖ Пікір жазған: А

Алғы сөз Қазіргі заманауи қазақстандық қоғам болашақ түлектердің жылдам өзгеріске толы әлемдегі өмірге дайындығына байланысты білім жүйесіне жаңа талаптар қоюда

Алғы сөз Қазіргі заманауи қазақстандық қоғам болашақ түлектердің жылдам өзгеріске толы әлемдегі өмірге дайындығына байланысты білім жүйесіне жаңа талаптар қоюда

Бұл бағдарлама жалпы білім беру мектептерінің 11-сыныптарындағы «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсына арналған

Бұл бағдарлама жалпы білім беру мектептерінің 11-сыныптарындағы «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсына арналған

Сындарлы сын. Сынды қалай қабылдау

Сындарлы сын. Сынды қалай қабылдау

Сындарлы сын. Сынды қалай қабылдау

Сындарлы сын. Сынды қалай қабылдау

Психологиялық тұрғыда өзін анықтау, өз орнын белгілеу туралы түсінік

Психологиялық тұрғыда өзін анықтау, өз орнын белгілеу туралы түсінік

СКЕРЛІК ӘДЕП ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ 1-сабақ

СКЕРЛІК ӘДЕП ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ 1-сабақ

Психология ғылымы тұлғаны қоғамның сыртқы ықпалдарын өз бойынан өткізіп, белгілі психикалық құрылымға келтіруші ішкі шарттар жиынтығы ретінде қарастырады

Психология ғылымы тұлғаны қоғамның сыртқы ықпалдарын өз бойынан өткізіп, белгілі психикалық құрылымға келтіруші ішкі шарттар жиынтығы ретінде қарастырады

Мұндай қатынастар негізінде өзара байланысқан адамдардың эмоциялық қалпы мен психологиялық ерекшеліктері жатыр

Мұндай қатынастар негізінде өзара байланысқан адамдардың эмоциялық қалпы мен психологиялық ерекшеліктері жатыр

Б) өзімді басқара алмай қаламын 3

Б) өзімді басқара алмай қаламын 3

А) қорқамын Ә) маған қызық емес

А) қорқамын Ә) маған қызық емес

Алайда шешім қабылдап үйренгеніңіз жөн

Алайда шешім қабылдап үйренгеніңіз жөн

АДАМ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭТИКА

АДАМ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭТИКА

Этиканың құрылымы: теориялық этика; нормативті этика; эмпириялық этика

Этиканың құрылымы: теориялық этика; нормативті этика; эмпириялық этика

Этикет адамның сыртқы келбетінің элементі ретінде ішкі мәнімен сәйкес бола бермейді, бала күнінен дипломатиялық қатынастардың даналығын сіңіріп өскен адам өнегесіз, адамгершіліксіз, менменшіл болып қалуы мүмкін

Этикет адамның сыртқы келбетінің элементі ретінде ішкі мәнімен сәйкес бола бермейді, бала күнінен дипломатиялық қатынастардың даналығын сіңіріп өскен адам өнегесіз, адамгершіліксіз, менменшіл болып қалуы мүмкін

Ал адамгершілік принциптерінің жиынтығы негізінен мінез-құлық, әдет-дағдыдан тұрады

Ал адамгершілік принциптерінің жиынтығы негізінен мінез-құлық, әдет-дағдыдан тұрады

Суретті қарап шық. Ағашта және оның қасында көптеген адамдардың суреті бейнеленген

Суретті қарап шық. Ағашта және оның қасында көптеген адамдардың суреті бейнеленген

Этика жөнінде, оның маңыздылығы жөнінде пікіріңізді білдіріңіз

Этика жөнінде, оның маңыздылығы жөнінде пікіріңізді білдіріңіз

Адам жоғары қозу үстінде болғанда оны тыныштандыру бекер

Адам жоғары қозу үстінде болғанда оны тыныштандыру бекер

Сізге қарап жөтелген адам 2.

Сізге қарап жөтелген адам 2.

Екінші, жағымды эмоциялардан күш-қуат алып, үшіншіге береді т

Екінші, жағымды эмоциялардан күш-қуат алып, үшіншіге береді т

Осындай суретті салған адамға бір қап алтын беремін деп шешіпті

Осындай суретті салған адамға бір қап алтын беремін деп шешіпті

Эмоцияларды ата. Кестенің сол жағына адамның өмір сүруіне кедергі келтіретін және оны бақытсыз ететін эмоция түрлерін, сол жағына адамның өзімен де өзгелермен де келісімде және…

Эмоцияларды ата. Кестенің сол жағына адамның өмір сүруіне кедергі келтіретін және оны бақытсыз ететін эмоция түрлерін, сол жағына адамның өзімен де өзгелермен де келісімде және…

Бірақ, сізге өз эмоцияларыңызды басқарып, қадағалап үйрену қажет

Бірақ, сізге өз эмоцияларыңызды басқарып, қадағалап үйрену қажет

Серіктесіңіздің жағымсыз эмоциясы айнадан немесе әйнектен өзіне кері қайтып жатқандай сезініңіз

Серіктесіңіздің жағымсыз эмоциясы айнадан немесе әйнектен өзіне кері қайтып жатқандай сезініңіз

Жағымсыз манера түрлеріне дауыстап сөйлеу, мәдениетсіз сөздерді пайдалану, өз мінез-құлқын басқара алмау, өз қарсылығын ашық және ашумен білдіру, өзгелердің пікірімен санаспау, балағаттау, адамға қосымша аттар…

Жағымсыз манера түрлеріне дауыстап сөйлеу, мәдениетсіз сөздерді пайдалану, өз мінез-құлқын басқара алмау, өз қарсылығын ашық және ашумен білдіру, өзгелердің пікірімен санаспау, балағаттау, адамға қосымша аттар…

АЗИЯ ЕЛДЕРІ Шығыста сорпаны түскі астан кейін ұсынады

АЗИЯ ЕЛДЕРІ Шығыста сорпаны түскі астан кейін ұсынады

Маған адамдардың өзін-өзі басқара алмауы және өз сезімдерін ашық көрсететіндігі жағымсыз әсер етеді

Маған адамдардың өзін-өзі басқара алмауы және өз сезімдерін ашық көрсететіндігі жағымсыз әсер етеді

Мұндай адамдар салмақты және сабырлы келеді

Мұндай адамдар салмақты және сабырлы келеді

Дастархан басында өзгелерден бұрын сүлгіңізді жайып, тамақ жеуге дайындалмағандығыңыз дұрыс

Дастархан басында өзгелерден бұрын сүлгіңізді жайып, тамақ жеуге дайындалмағандығыңыз дұрыс

СТРЕСС ЖӘНЕ ОДАН ШЫҒУ ЖОЛДАРЫ

СТРЕСС ЖӘНЕ ОДАН ШЫҒУ ЖОЛДАРЫ

Стрессорларға физикалық және психикалық қоздырушы факторлар жатады

Стрессорларға физикалық және психикалық қоздырушы факторлар жатады

Мен арқамның және мойнымның ауырғандығын сеземін

Мен арқамның және мойнымның ауырғандығын сеземін

Бұл шынайы алаңдаушылық, туындаған мәселеге деген реакция және адамдармен қарым-қатынастан пайда болатын сезім

Бұл шынайы алаңдаушылық, туындаған мәселеге деген реакция және адамдармен қарым-қатынастан пайда болатын сезім

Осының өмірінде қиындық болмай ма екен?» деп жатамыз

Осының өмірінде қиындық болмай ма екен?» деп жатамыз

Ой-өрісті кеңейту; · Спортпен шұғылдану; · Қол қусырып отырмау; · Әр кез кемелдену; · Өз уақытыңызды қадірлеу; ·

Ой-өрісті кеңейту; · Спортпен шұғылдану; · Қол қусырып отырмау; · Әр кез кемелдену; · Өз уақытыңызды қадірлеу; ·

Позитивті күйге келу «дайындықтан кейінгі» 3-10 минут ішінде «іске қосылады»

Позитивті күйге келу «дайындықтан кейінгі» 3-10 минут ішінде «іске қосылады»

Егер Сіз өзіңіз жақсы көретін 10 адамның тізімін жазсаңыз, онда бұл тізімде сіздің есіміңіз де болады? 13

Егер Сіз өзіңіз жақсы көретін 10 адамның тізімін жазсаңыз, онда бұл тізімде сіздің есіміңіз де болады? 13

Уақыт бөліңіз де өзіңіздің мінсіз бір күніңізді егжей-тегжейлі сипаттаңыз

Уақыт бөліңіз де өзіңіздің мінсіз бір күніңізді егжей-тегжейлі сипаттаңыз

Сіз өз қиялыңызда қаншалықты позитивті суреттер салсаңыз, өміріңізде соншалықты жақсылықтар жүзеге аса бастайды

Сіз өз қиялыңызда қаншалықты позитивті суреттер салсаңыз, өміріңізде соншалықты жақсылықтар жүзеге аса бастайды

Ал, енді өз өміріңізді – бақ, ал өзіңіз бағбан екеніңізді елестетіп көріңіз

Ал, енді өз өміріңізді – бақ, ал өзіңіз бағбан екеніңізді елестетіп көріңіз

Жақсы бағбанға үнемі кеңес алу үшін жүгінеді

Жақсы бағбанға үнемі кеңес алу үшін жүгінеді

Позитивті дүниені сезінуді қалыптастыруға бағытталған позитивті ойлауға жаттығуды күнделікті қолдана отырып, сіз үшін позитивті күйге келу әдетке айналады

Позитивті дүниені сезінуді қалыптастыруға бағытталған позитивті ойлауға жаттығуды күнделікті қолдана отырып, сіз үшін позитивті күйге келу әдетке айналады

Сіз басыңыздан қайра-қайра өткізу арқылы өткендегі негативті оқиғаларды басыңыздан өткізуге қанша уақыт жіберетініңіз туралы ойландыңыз ба?

Сіз басыңыздан қайра-қайра өткізу арқылы өткендегі негативті оқиғаларды басыңыздан өткізуге қанша уақыт жіберетініңіз туралы ойландыңыз ба?

ЛЕУМЕТТІК ӨЗ ОРНЫН БЕЛГІЛЕУ 9-сабақ

ЛЕУМЕТТІК ӨЗ ОРНЫН БЕЛГІЛЕУ 9-сабақ

Адамның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен қоғамдық орта әсер етеді

Адамның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен қоғамдық орта әсер етеді

Камаланы адамға айналдыру өте қиын болған

Камаланы адамға айналдыру өте қиын болған

Сынып бес-алтыдан бір-бірінен тәуелсіз шағын топтарға бөлінеді

Сынып бес-алтыдан бір-бірінен тәуелсіз шағын топтарға бөлінеді
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.02.2020