Сабақтарды өткізудегі әдіс тәсілдер:
«Шаттық шеңбері» сабақтың беташары ретінде оқушыларды
ұйымдастырып, әрі оларды жақсы,көтеріңкі көңіл күйге
шақыратын бастапқы кезде қолданылатын әдістәсіл.Оқушылар
бір шеңбер бойында емінеркін қарымқатынасқа түсіп, әр түрлі
әндер мен өлеңдер айтады.Мұнда әрбір бала өзін еркін сезінетін
үлкен достық шеңберіне қабылданғанын түсінеді, өзіне сенімі
артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.
Қуанамын мен де, Көк аспанда Күн күлсін!
Қуанасың сен де, Бірге күлсін бүлдіршін.
Қуанайық, достарым, Көк аспанда күн күлсін,
Арайлап атқан күнге! Жерге ұдайы нұр құйсын!
Күнде шат,күліп күн, Шаттықпен шеңбер болып ұстасайық
Шаттанамыз бәріміз. Күлімдеп, көңілдене кел тұрайық.
Шын достықпен, қуанып, Қол беріп, амандасып қал сұрайық,
Мақтанамыз бәріміз Бас изеп, алдыартқа бет бұрайық.
Қуан, шаттан! Армысың,сұлу күн!
Қуан шаттан! Армысың, ашық аспан!
Қуанатын күн бүгін. Қайырлы күн баршаға!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Мейірімді жүрекпен
Үлкенге де сіз, Бөлісемін бақытты
Кішіге де сіз. Ақ ниетпен шын тілеп
Барша жанды құрметтеп, Ізгі істерді жақұтты!
Бас иеміз біз.
Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз,
Армысың табиғат –анамыз,
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз. Сен нағыз доссың. –Сен әдептісің.
Сен ең әдемі қызсың. –Сен өнерлісің.
Сен мейірімдісің. –Сен еңбекқорсың.
Сен өте ұқыпты баласың. –Сен ақкөңілсің
Сен адал доссың. –Сен сабырлысың.
Сен қайырымдысың. –Сен шыдамдысың.
Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа,
«Тыныштық сәті» релаксация тұрғысындағы әдістемелік
тәсіл.
Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс
алуы реттеледі,денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу
мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады,
өзінің сезімі мен көңіл күйін жақсы сезінеді.Мұғалім балаларға
осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс
алуы мен денесінің бос ұстай білуіне баса назар аударуы тиіс.
Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп
ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс
алыңдар.
махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла
бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді қөздеріңді ашсаңдар да
болады.
«Өзімменөзім» бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін
тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен
эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын
ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы әсер етеді, олардың
қиялын дамытады, топтағы мінезқұлыққа жағымды ықпал етеді
және әдетте, материалды жаңадан түсіну барысында
пайдаланылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында
мұғалімнің сөзі, сондайақ үнтаспалар,бейнетаспалар
(классикалық музыка тыңдау, бейнефильмдер мен мультфильмдер
көру және т.б қолданылады.
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да
болады. Көз алдарыңа «Аспан патшалығы ақ мамықтай ақша
бұлтты жіберіпті деп елестетіңдер. Сол ақша бұлттың үстінде біз
отырғандаймыз. Ақша бұлт мамықтай жұмсақ екен. Аспан әлеміне қарай көтеріліп барамыз. Айдын шалқар көлден өтіп,
орманды алқапқа кездестік. Жүгірген аңдар, сайраған құстар
көрінеді.Гүл жайқалған сұлу далаларға да жақындап қалдық, әсем
гүлдер көріне бастады. Гүлдер неткен керемет! Алуан түрлі,
көздің жауын алады. Біз осының бәрін бірге көргенімізге,
осындай шақта бірге болғанымызға іштей қуаныштымыз. Ақ
мамықтай ақша бұлт бізді жұпар иісті, әсем де көркем «Гүлдер»
сұлулық сарайына түсірді. «Гүлдер» сұлулық сарайында тек қана
кешірімді, кішіпейіл адамдар тұрады екен. Осы жерде тұратын
адамдардың барлығы бірбіріне кешіпейілділік танытады. Біздің
де бойымызға кішіпейілділік пен кешірімділік сезімдері бойлап
бара жатқандай. Осы сезімдермен біз де, бұрынғы қалпымызға
келейік.
«Сабақтың дәйексөзі» оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыруға, оқу материалдарын эмоционалдық
бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін өзінөзі тану
сабақтарының міндетті элементі болып табылады.Сабақтың
дәйексөзі ретінде халық даналығы, халық мақалы, нақыл сөз,
даналық сөз, ұлағатты сөз алынады.
«Жасаған жақсылығың алдыңнан шығады»
«Адал дос өмірлік дос»
«Өзгеге жасаған ізетің өзіңе жасаған құрметің»
«Бақыт кілті –еңбек» «Адам шаңырақ жарастығымен бақытты»
«Әңгімелесу» бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне
мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар
түріндегі қарымқатынас формасы. Әрбір бала өзінің пікірін айта
алады, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіре алады, өзін
ойландыратын сұрақтарды қоя алады. Мұғалім балалардың өз
пікірлерін айтуын қолдап отырады, оларға ойлана алуды,
жағдаяттар мен ісәрекеттерге адамгершілік тұрғысынан баға
бере білуді үйретеді.
Тақырыбы: «Менің арманым»
Арман дегенде нені түсінесіңдер?
Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Арманға қалай қол жеткізуге болады? «Әңгімелеу» оқушылардың әңгіме, ертегі, өсиет әңгіме,
өлеңдерді ұжым болып тыңдауына жақсы жағдайлар тудыратын
сөйлеу мен ойлау ісәрекетерінің маңызды түрі. Балалар осы
әдіс арқылы әңгімені тыңдай және есіте білуді, сезіне алу және
сезіммен қабылдауды, ойдан өткізу мен талдай алуды үйренеді.
Шығарманы үзіліспен әңгімелеу сияқты амалтәсілдерді
қолданылады: әңгімелеу, сахналық элементтер бірлігінде жүзеге
асырылады.
1.Мәтінді кідіріспен оқу, мәтінді оқып келе жатқанда,кезкелген
жерден тоқтатып, сұрақ беру.
2. Мұғалім тақырыпты хабарлайды. Мәтінге байланысты тірек
сөздерді топқа тарату. Уақыт беріп, әр топ әңгіме, ертегі құрау.
Оқушылардан осы тақырып бойынша түйгендерін сұрау
«Шығармашылық жұмыс»өзінөзі тану сабағының
маңызды бөлігі. Шығармашылық жұмыс сурет салу, қолөнер,
зергерлік, макеттер жасау, өлең, әңгіме, ертегі құрастыру, тағы да
басқа көптеген шығармашылықтар түрінде өткізіледі.Бұл тәсіл
әр баланың өзіндік жеке қабілетін, дарынын, шабытын ашып,
әрқайсысының жеке «менін» көрсете алатынын тәсіл.Ал
ұйымдасып, бірлесе жасаған шығармашылық әрекет сынып
оқушыларының ынтымақтастығын, шыдамдылығын, тіл табыса
білу дағдыларын қалыптастырады.
Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің
келеді?»
Қыздарға: « Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді
көргің келеді?
« Жаттығуойланубалаларды күнделікті өмірде кездесіп
жататын неше түрлі жағдаяттардың мәнін ұғынып, оны ой
елегінен өткізіп, өз бетінше бағалай білу дағдыларын дамытатын
тәсіл. Жаттығуойлану тапсырмаларына тұрмыста болып жататын
жағдаяттар, мақалмәтелдер, мысалдар, тәлімдіктанымдық мәні
бар өлең жолдары жатады. Оқушылар бұл шығармалардың мән
мазмұнын түсініп талдауы, жағдаяттарды талқылауы арқылы
ойлана білуге, өзін, өзгелердің ісәрекеттерін бағалай білуге және
айналасындағы туыстуған, досжарандарымен қарымқатынас
жасауда ізетті бола білуге үйренеді. 1.Жандостың компьютерде көп ойнап қалуына байланысты
математикадан есеп шығаруға уақыты қалмады. Мұның себебін
сұраған мұғалімге Жандос «Басым қатты ауырып, есепті шығара
алмадым», деп айтты.
Жандостың орнында сендер болсаңдар, не айтар едіңдер?
2. Әсеттің анасы ауыр жұмыстан көңіл күйі болмай, ауырып
оралды. Бірақ үйге енгеннен балаларының ісәрекеті аналарының
ауырғанын да ұмыттырып жіберді.
Балалары қандай ісәрекеттер жасады деп ойлайсыңдар?
3. Қуатты анасы дәріханадан дәрі әкелуге жұмсады. Қуат аулаға
шыға салысымен достарын кездестіріп, олармен бірге ойнап
кетті.Анасының тапсырмасы үйге кіргенде есіне түсті.Ол
анасына: «Дәріхана жабық тұр екен», деп айтты.
Қуаттың орнында сендер болсаңдар, не деп жауап берер
едіңдер?
Ойын «Мен кіммін?» «Мақтану орындығы»
«Сергіту сәті» сабақ үстінде балалардың бойын сергітуге
ықпал ететін, шаршағандығын басатын жаттығулар. «Өзінөзі
тану» пәнінің негізгі бір бөлігі болып табылатын сергіту
жаттығулары бір ісәрекет түрінен екіншісіне ауысатын сәтте
орындалатын қимылқозғалыс түрлері. Бұл тәсіл сыныптың
көңілкүйін көтеруге, сабаққа ынтасын арттыруға, ұйымшыл
болуына көп әсерін тигізеді.
3рет шапалақ, 3рет кеуде соғу, 3рет аяқ тебу
«Сахналау» оқу материалдарының мазмұнын өз
әрекеттеріндей етіп көрсетуге ұмтылдыратын рөлмен орындау
әдісі. Бұл тәсіл арқылы әр баланың өтілген материалды қандай
сезім күйімен қабылдағанын, оны басқаларға қалай жеткізе
білетіндігін анықтауға болады.
«Қорытындылау»өтілген сабақты балалармен бірге пікір
алыса отырып, жинақтап қорытынды жасауға бағытталған тәсіл.
«Жүректенжүрекке» шеңбері сабақтың аяқталу
кезеңінде қолданылатын, бірбірімен пікір алмасуды, бірбіріне
тілектер айтуды немесе бәрі бірге сабақтың негізгі ойын
қорытатындай ән не өлең орындауды қамтитын және мұғалімнің
әрбір баланың эмоционалдық күйін, олардың сабақ мазмұнын түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызатын әдістемелік
тәсіл.
Еліме тыныштық тілеймін! Күніңіз әр күн күліп тұрсын!
Күніміз жарық болсын! Ғұмырыңыз мәнді болсын !
Аспанымыз ашық болсын! Шаңырағыңызға шат құйылсын!
Деніміз сау болсын! Отбасына мереке берсін!
Нанымыз көп болсын! Көк туымыз биік болсын!
Ұлан істің бұлағы болыңыз! Қуаныштың тұрағы болыңыз!
Мейірімнің шырағы болыңыз! Өмірдің әсем әнін тілейміз!
Күннің нұрын тілейміз!
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тірлік тамам, бауырым.
Судың мәнін, түсіндік түп маңызын,
Суды сақтап, ұмытпайық қадірін.
Шыншыл болсаң қол жетпес, Тапсырманы берілген
Шыңда өскен шынарсың. Дер кезінде атқарам.
Адал болсаң аңқылдақ, Сенімді боп өзіме,
Ізгілікке құмарсың Өзімдіөзім басқарам.
Өзін-өзі тану
Өзін-өзі тану
Өзін-өзі тану
Өзін-өзі тану
Өзін-өзі тану
Өзін-өзі тану
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.