«Өзінөзі тану» пәнін оқыту процесінде педагогикалық
технологияларды пайдалану арқылы балалардың адамгершілік
рухани қасиеттерін жетілдіру.
Қазақ халқының ғұлама ғалымы әлФараби: « Адам мақсатына өзінөзі
жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты
болуы жақсы мінез құлыққа байланысты», деп ой түйіндеген екен. Ал
өзіңді жетілдіру және бойыңда жақсы мінез құлықты қалыптастыру ең
алдымен өзінөзі танудан басталса керек. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді,
қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретіні,
қандай мінезқұлық қалыптастыру қажеттігін қайдан білеміз.Ал мұның өзі
тек білім саласын ғана емес, сонымен бірге өмірде болып жатқан
өзгерістерді түйсіне білуді талап ететіні түсінікті.
Өскелең ұрпақты руханиадамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі
әрқашан өзекті болып табылады. «Бөбек» қорының президенті
Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үрдісіне енгізілген
руханиадамгершілік тәрбие беретін «Өзінөзі тану» бағдарламасы осы рухани
адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жанжақты жетілген тұлғаны
қалыптастыруды көздейді.
Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін
озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Жаңа технологияны
жетік меңгеру сонымен қатар мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзінөзі дамытып, оқутәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің
ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой
өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту
әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін
маңызды айғақтар болып саналады.
К.Д.Ушинский баларды сабаққа тарта білу,олардың оқуға
қызығушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөлді.
Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір
қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу, оқушы
бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды.
Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап,
көзбен көргенді жақсы көреді. балалардың қызығушылығын арттыру
жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан әрбір сабақта
бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, жаңа әдіс тәсілдерін
іздестіру қажет. «Өзінөзі тану» пәнін оқытуда халықтық педагогиканы пайдаланып,
атабабаларымыздың дәстүрін шәкірттердің бойына дарыту мақсатында
халық ауыз әдебиеті пайдаланылады. Қазақ халқының мейірімділігі,
кеңпейілдігі, сыпайылығы, көпшілдігі, сөзге беріктігі туралы әңгімелеу
арқылы осы қасиеттерді шәкірт бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге
қамқор болу, әдептілікті биік ұстау сияқты әдетғұрыпты үйретуге
болады.
баланың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта
проблемалы жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін
табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып, кезкелген проблеманы
шешуге үйренеді.
Ұлы неміс педагогы А. Дистервергтің әйгілі “ Неміс мұғалімдерінің
білім беру ісіне басшылық ” атты еңбегінде; “ Жаман мұғалім ақиқатты
өзі айтып береді , ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге
жетелейді, ойлауға үйретеді ”, деген.
игеруге
көмектеседі. Қарымқатынас
жасау
Қазіргі кездегі дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойлана
білуге, сыртқы ортамен қарымқатынас жасауына ықпал етіп, теориялық
мәселелерді практикада қолдана білуге баулиды, шығармашылық ізденіс
әдістерін
барысында:
жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат міндеттерді жүзеге
асырып, қорытындыны талдай білуге дағдыланады. Міне, осындай жүйелер
арқылы «өзіндік даму» жүзеге асады.Соның негізінде өзіндік талдау,
жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері
қалыптасады.Яғни дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің
дамуына бағытталады.Өзіндік дамыта оқытудағы негізгі мақсат: Бұл
сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше
қарымқатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық ісәрекетті істердің
ұйытқысы болғандықтан, оқушының шығармашылығын арттырады.
Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана
қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті
жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген
қызығушылығы артады.
баланың бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму
деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері
сөзсіз.
дамыту
«Өзінөзі
технологиясының алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы
қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс т. б. кезеңдерінен
түзіледі.Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім баланыңоқушының
өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді.Әрбір оқушы өз топшылауын, өз
пайымын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін
оқытуда сын тұрғысынан ойлауды
тану» пәнін тыңдайды, олардың мәнді, мағыналы жақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын
жасайды.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, баланың танымдылық белсенділігін,
сабаққа
алуға,
шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етіп, балалардың ұжыммен
бірлесіп жұмыс жасауға үйретеді.
қызығушылығын
бетінше
арттыруға,
өз
білім
Сабаққа қызығушылығы артқан оқушы, шығармашылықпен жұмыс
істейді.Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің
міндетіміз балаға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып
көрсету.
Сын тұрғыдан ойлау әдістері ,әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын
тәптіштеп түсіндіруге шалағай, өздеріне сенімсіздеу, тақырып мазмұнынан
тиісті байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы
ұшан теңіз. Сабақ барысында шәкірттердің сын тұрғыдан ойлау қабілеттерін
жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға,
байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік
береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық
тұжырымдамалар жасауға белсене атсалысады, ұжымдық қорытындыда өз
үлесі бар екенін сезіп қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін шешуге
еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізгі
өзегін, бағытын, мән мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын
қысқа,
дағдыланады, пәнге
қызығушылығы артады.
мазмұнды, мағыналы, дәлелді баяндауға
Шығармашылық қасиетті адам баласының бойында қалыптастыруда
сөз өнерінің берері мол. Балалардың кішкентай кезінен шығармашылық
дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің
шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.
Сонымен балаларды сөз өнеріне баулып, үйрету үшін қажетті
жағдайлардың мазмұнына тоқталсақ:
тәрбиеші ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңілкүй тудыру
үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек. Яғни, оқушылардың
назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі шығармашылық
тапсырма міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн.Ойын арқылы
оқыту оқушылардың пәнге деген қызығуын, ынтасын арттырып, логикалық ой
өрісін дамытып, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Әрбір шығармашылық жаттығу ойын тапсырманы оқушыға ұсынудың
жолын, әдістәсілін білу керек;
Шығармашылық жаттығу ойын тапсырмалардың мазмұны
жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек;
Тапсырмаміндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі;
тәрбиешінің ең үлкен міндеті:бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін, оны назарынан тыс қалдырмау,
шығармашылық бағытбағдар беріп отыру.
Шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл
балалары ойласу үшін жағдай, мүмкіндік туғызу. Топта , ұжымда өзара
шығармашылық қарым қатынас, шығармашылық ахуал орнату;
тәрбиеші бала үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол оқиға, сюжет құруға,
обзац жасауда жазушылық шеберлік танытса, бала ерекше , өздерінің күшіне
деген сенім қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің шығармашылықпен айналасуы
және өзінің жазған дүниелері жөнінде балалармен пікір алмасуы заңды.
Шығармашылық үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық,
бостандықты қамтамасыз ету;
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар; біреуі “сәттілікке ұшыраймын,
қолымнан ешнәрсе келмейді” деген тыс қорқыныш сезімі, екінші өзіне өзі тым
риза болмаушылық сезімі, үшінші жалқаулық.
Ондай жағдайдан баланы құтқарудың жолдарын табу:
баланың шығармашылықпен айналысуына топта, сабақ үстінде, үйде
қолайлы жағдай туғызу;
Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып
отыру;
тәрбиеші көркем шығармашылық түрлеріне үйретіп, баулу үшін көркемдік
өлшемдермен өзі де қарулануы керек. Көркем шығарманың; әдеби процестің
механизімін түсінбейтін мұғалім оқушыны әдеби шығармашылыққа үйретіп
баулымақ түгілі, оқушы жасаған дүниеге нақты, әділ бағасын беріп, көркемдік
дәрежесін тани да алмайды.
Тәрбиеші бала шығармашылығын дамыту бағыт бағдар беру ісінде
мыналарды ескеруі керек.
Шығармашылық тапсырманың мазмұн түрін ойлап табу;
Шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс тәсілін меңгеру;
Көркемдік шешім табу, оқиға құру, обзац жасау үшін кілт боларлық
жағдайларды тудыра білу;
Шығармашылық денгейдің тапсырмалары оқушыны өнімді әрекет жасауға
бағыттайды;
1.Ұлдар және қыздар екі топқа бөлінеді:
Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің
келеді?»
Қыздарға:«Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?
деген сұрақтар беріліп, әр топ өз жұмыстарын қорғап, қорытады.
2 балаларды жақсы ,жылы сөздерді айтуға дағдыландыру мақсатында
шығармашылық жұмыс ұйымдастыруға болады. Үнтаспадан жақсы сөздерге
толы мәтіндерді мазмұнына сәйкес бөліп оқушыларға тыңдатып, әр мәтін
бойынша олардың қандай сөздер (мадақтау, мақтау, құттықтау, алғыс)
екендігін табу. 3. Ұсынылған әңгімені жанжақты талдау мақсатында оқушыларды үш
топқа бөлу.
1 топ «Актерлар» Әңгімені сахналап, шағын көрініс көрсетеді.
2топ «Журналистер» Мәтіннен сұрақтар әзірлеп, басқа топ оқушыларынан
сол сұрақтар бойынша жауаптар алады.
3топ «Суретшілер» тобы Әңгіме мазмұнына сәйкес сурет салып, ол
бойынша әңгімелеп береді.
Шығармашылық бұл адамның өмір шындығында өзінөзі тануға ұмтылуы,
ізденуі.Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігімен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін
дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін өзі
туынды ғана емес,тудырушы, жаратушы да. Ол өзін өзі шынайы болмысына
бастайтын жол іздеуі керек . Адам өзін өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзін
өзі жоюға да қабілетті болады.Адамның өз болмасын тануға ұмтылуға
көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы
оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды
мақсаты болып табылады.
Шығармашылық қызмет нәтижесі болып табылытын, рухани байлыққа
жататын объективті өмір туралы білім және оны танып білу әдістері , бүкіл
шығармашылық қызметтен оның бір бөлігін зерттеушілік қызметті алуға
мүмкіндік береді. Зерттеу технологиясы проблемалық ізденіске, жаңалықтар
ашуға құрылады.
Балаларды зерттеушілікке үйретуге тәрбиешінің өзі дайын болуы, ұстазда
зерттеушілік қызмет қалыптасуы шарт. Ол үшін тәрбиеші зерттеушілік
тапсырмалар, оларды пайдалану әдістемесі, балалардың зерттеушілік қызметі
туралы толық түсінігі болуы керек.
Балалардың өз бетінше зерттеушілігін ұйымдастыру және басқару үшін,
мұғалім өтуге тиісті оқу материялына алдын ала теориялық логикалық талдау
жасау қажет.Соның негізінде зерттеу жүргізу арқылы шешімі табылатын
проблемалық ахуалдарды белгілейді.
Проблемалық ахуал деп оқушылар игерген білім мен іскерліктің және
түсіндіруге қажетті фактілер мен ұғымдардың арасындығы сәйкес сөздік десек,
оны проблемалық ахуалдың негізгі көзі шығару болып табылады. Проблемалық
ахуалды шешу барысында балалардың ойлау қызметі, зерттеушілік машықтары
дамытылады.
Зерттеу жұмысын жүргізу кезінде мұғалім алға қойған мәселені анықтау үшін
зерттеудің мақсатына қарай оқушыларды бағыттап отырады. Сонан соң алынған
нәтижелерді талдауға және қорытындыны тұжырымдауға тікелей де, жанаша
түрде де басшылық жасайды. балалардың зерттеушілік жүргізу біліктілігі
артқан сайын , тәрбиеші жаңаша басшылыққа көңіл бөледі де, оқушылардың
дербестігі мен сабаққа ынтасы арта түседі. Бұл балаларда зеттеушілік қызметің
қалыптасуына, дамуына ықпал етеді. Шығармашылық тұлға негізгі бастауыш сыныпта қолданатыны анық. Осы
жастағы балалардың бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр.
“Бұлақ көрсең,көзін аш“ деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмірге
келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері
болуға тиіс. бала шығармашылығы үнемі ұстаз , сынып ұжымы, ата аналар
тарапынан қолдау тауып отыруы керек .
Тәрбиеші мәтінің өн бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты
жағдайлар іздеп табуы керек . .
«Өзінөзі тану» пәнінде шығармашылық жұмыстың төмендегідей түрлерін
жүргізуге болатынын тәжірибемізде байқадық
1. Балаларға белгілі тақырыпта (баспасөз бетінен) әңгіме оқып, оқушыларға
басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну.
2. Мәтін,ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау
3. Ертегіні ұжым болып тыңдау.
4. Қиялдау арқылы сурет салғызу, ролге бөліп оқыту
5. Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
6. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
7. Табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар шығару.
8 Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру
9. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды
шешу (анаграмма,сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б)
10.Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп өлең, әңгімелеу.
11.Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру. т . с . с .
Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне
шығармашылық қабілетінің даралығына қарап ары қарай жалғастыра беруге
болады.
Балалардың өзіндік танымын дамыту үздіксіз жүргізілетін оқыту үрдісі,
Қазір оқу бағдарламасының күрделенуіне байланысты көптеген оқушылар
өздерінің күштеріне сенімсіз, сондықтан өзіндік сенімін арттыру мұғалім үшін
үлкен жұмысты қажет етеді. Мұнда бала қатеден қорықпай, оны түзейтін
жолды іздеп табуға, өзінөзі тексеруге дағдылануы керек.Тапсырманы орындай
отырып оқушы жұмысына өзі талдау жасап,өзіне өзі баға береді, өзіне деген
сенімі артады.
Кез келген аймақта ақылойы дамыған, шығармашылық әрекетке бейімді,
өзінеөзі сенімді ұрпақ тәрбиелейміз десек, «Өзінөзі тану» пәніне
педагогикалық технология элементтерін тиімді қолданайық. Тексерілді:
Балабақша директоры: Р.К.Бесмағанбетова
Күні айы жылы
Педагогтарға кеңес
«Өзінөзі тану» пәнін оқыту процесінде
педагогикалық технологияларды пайдалану
арқылы балалардың адамгершілік рухани
қасиеттерін жетілдіру. Жаңаөзен 20142015ж
Өзін-өзі тану
Өзін-өзі тану
Өзін-өзі тану
Өзін-өзі тану
Өзін-өзі тану
Өзін-өзі тану
Өзін-өзі тану
Өзін-өзі тану
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.