"Зырлайды шанамыз, ешкашан тонбаймыз" 2а,б
Оценка 4.8

"Зырлайды шанамыз, ешкашан тонбаймыз" 2а,б

Оценка 4.8
Игры
docx
физическая культура
2 кл
10.02.2019
"Зырлайды шанамыз, ешкашан тонбаймыз" 2а,б
Сабақтың мақсаты : Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануғы тәрбиелеу . Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру , әділдікке тәрбиелеу . Спортпен үнемі шұғылдануға шақыру . Сайысқа 2 сынып қатысады . Сайыста шанамен жарыстар болады . Командалық жарыста өздерінің белсенділіктерін көрсету білу керек.
Зырлайды шанамыз.docx
Сыныптан тыс шара Тақырыбы: «Зырлайды шанамыз, ешқашан тоңбаймыз» /2а­ 2б сыныптары арасында өткен спорттық­ эстафеталық жарыс/ Мақсаты: Балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, спортқа деген қызығушылықтарын  арттыру, ұйымшылдыққа, әділдікке тәрбиелеу, балаларды спортпен шұғылдануға тарту. Жарысқа 2 команда қатысады. Құрал­ жабдықтар: 2 шана, 2 шаңғы, 2 таяқша, 8 сақина, 1 арқан, боулинг доптары,  кедергілер, ысқырық. Өтетін орны: Спорт алаңы Оқушыларды сапқа тұрғызу Топ түзел, тік тұр! Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі қысқы көңілді старт ойындарына қош  келдіңіздер! Құттықтау сөздер: 1.Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар 2.Дене шынықтыру пәні мұғалімдері 3.Өзін­ өзі басқару ұйымының жетекшісі Жүргізуші: Кел балалар, келіңдер! Жарысты да көріңдер. Әділқазы алқасы Әділ баға беріңдер! Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділқазылармен таныстырып өту 1.Мектеп президенті 2.Бірлестік жетекшісі 3.Дене шынықтыру пәні мұғалімі 1. Жарысқа қатысушы топтар атын, ұранын айтады 2. Шананың шабандоздары Бір оқушы шанаға отырады, екінші оқушы сүйрейді. Алға қарай мәреге асығады, кейін  қайтып келесі ойыншыға шананы береді. Қай команда ойынды бірінші бітіреді, сол команда жеңіске жетеді. Денсаулық басты байлық өмірдегі Асыл ғой нәр беретін көңілдегі. Салауатты өмір салтын насихаттап, Жақсы азамат болайық өмірдегі­ дей келе, келесі сайысымызға көшейік. 3. Шаңғышылар 2 командаға бір сыңар шаңғылар беріледі. Мұғалімнің белгісі бойынша балалар белгіленген жерге дейін бір аяқпен шаңғы теуіп, екінші аяқпен итеріп келу керек. Кім бірінші келеді  сол команда жеңіске жетеді. Жүргізуші: Денсаулық­ ол шыныққан, Барлық дене мүшесі. Денсаулық­ ол тыныққан, Жүйке тамыр жүйесі. 4. Сақина ілу. Бірінші оқушы шанаға отырып, екінші оқушы шананы сүйрейді, үшіншісі шананың артынан  итереді, шанаға отырған оқушы кедергілерге сақина іліп кетеді, мәреге жеткен оқушылар  орындарымен ауысып кедергілердегі сақинаны жинап алады. Қай команда бірінші ойынды  бітіреді, сол команда жеңіске жетеді. 5. Эстафета таяқшасы Әр команданың бірінші тұрған оқушысы эстафета таяқшасымен белгіленген жерге дейін  жүгіріп келіп, таяқшаны келесі тұрған балаға береді.Қай команда ойынды аяқтайды, сол  команда жеңеді. 6 .Арқан тартыс Команданың ортасында қарға сызылған арнайы сызық болады. Белгі бойынша барлық  оқушылар арқаннан ұстап тартысады. Кімнің командасы ортадағы белгіден асыра сүйреп  алса, сол команда жеңіске жетеді. 7. Кедергілерден өту Арнайы қойылған кедергілерден белгі бойынша екі топ жүгіріп өту керек, қай топ жылдам  ойынды аяқтайды, сол топ жеңіске жетеді. Жүргізуші: Ойнадық, ойнадық та ойладық! Күшімізді көрсетіп біз. Өзімізді сынадық, Жеңсек те, жеңілсек те, Қамықпай біз таралық! Әділқазы ортамызға келіңіз! Жарысты бұл қорытып, Алға шыққан қайсысы? Қорытындылап беріңіз! Оқушылар түзеліп , тік тұр! Құрметті әділқазылар, сөз кезегі өздеріңізде.  Марапаттау, қорытындылау.

"Зырлайды шанамыз, ешкашан тонбаймыз" 2а,б

"Зырлайды шанамыз, ешкашан тонбаймыз" 2а,б

"Зырлайды шанамыз, ешкашан тонбаймыз" 2а,б

"Зырлайды шанамыз, ешкашан тонбаймыз" 2а,б

"Зырлайды шанамыз, ешкашан тонбаймыз" 2а,б

"Зырлайды шанамыз, ешкашан тонбаймыз" 2а,б
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2019