Сыныбы |
10 класс |
Пәні |
Физика |
Мұғалімнің аты-жөні |
|
Сабақтың тақырыбы |
Заттардың магниттік қасиеттері, Кюри температурасы |
Оқу мақсаты |
10.4.4.5 - заттың магниттік қасиеттері бойынша топтастыру және олардың қолдану аймағын анықтау 10.4.4.6 - магниттік материалдардың(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау; |
Физика сабағына арналған маршрут парағы
Үй жұмысын сұрау
1. Тұрақты магнит дегеніміз не?
2. Магниттік полюстер?
3. Магнит өрісіне анықтама беріңіз.
4. Электрқозғалтқыш дегеніміз қандай құрал?
Тезис.
Ғалымдар эксперимен жасаған кезде кез келген заттарда магнит өрісі, яғни барлық заттардың магниттік қасиеті болатынын анықтады. Соның нәтижесінде физикаға жаңа ұғым енгізілді. Ол ұғым магнит өтімілігі деп аталды.
µ-магнит өтімділігі, өлшем бірлігі жоқ
Магнит өтімділігі деп біртекті ортадағы В магнит өрісінің индукциясы модуль жағынан вакуумдегі B0 магнит өрісі нің индукциясынан неше есе өзгеше екенін көрсететін физикалық шаманы айтамыз.
µ=B/B0
мұндағы В-біртекті ортадағы магнит өрісінің индукциясы
B0- вакуумдегі магнит өрісінің индукциясы
Бізде магнит өтімділігі µ≠1 болатын заттар магнетиктер деп аталады.
Магнетиктер:
1. Парамагнетиктер
Парамегнетиктер деп бағыты сыртқы өріспен сәйкес келетін әлсіз магнит өрісін тудыратын заттарды айтады
Парамагнетиктер тобына: Платина мен сұйық оттек
2. Диамагнетиктер
Диамегнетиктер деп сыртқы магнит өрісін әлсірететін өріс тудыратын заттарды айтады
Күміс, қорғасын,кварц және висмут сияқты заттар
3. Ферромагнетиктер
Сыртқы магнит өрісін әжептәуір күшейтетін заттар ферромагнетиктер деп аталады. Ферромагнетиктер тобына: темір, никель, кобальт, гадолиний.
µ>1---- парамагнетиктер үшін, соған сәйкес магнит өрісін күшейтетін болып табылады.
µ<1 ----- диамагнетиктер үшін, магнит өрісін әлсірететін құбылыс болып табылады.
Келесі мына екі суретке назар аударайық. Бұл жерде магнит өрісі берілген.
1-сурет 2-сурет
1-суретте парамагнетикті қойсақ, осы кезде парамагнеттік заттар осы күшті өріске қарай тартады.
2-суретте дәл осы өріске диамагнетикті қойсақ, бұл заттар магнит өрісіне жоғары қарай тебіліп кетеді.
Келесі түрі ферромагнетиктер, олардың магнит өтімділігі µ>>1 өте үлкен болады. Мысалы темірдің магнит өтімділігі µ=250000, бірақта ферромагнетиктерде Кюри температурасы деп аталатын нүкте бар. Бұл температураға жеткенде ферромагнетиктер өзінің қасиетін жоғалтып, парамагнетиктерге айнала бастайды. Ферромагнетиктердің тағы бір қасиеті индукция векторы тұрақты болмайды. Олар индукция векторы ретінде максимум индукциясын алады.
Есеп шығару.
Вакуумдегі индукция векторы =2Тл, ал біртекті ортадағы индукция векторы В=0,2Тл. Магнит өтімділігін анықтаңыз.
B0=2 Тл µ=В/В0
В=0,2 Тл µ=0,2 Тл/2 Тл=0,1
µ-? Ж: 0,1
1-тапсырма
2-тапсырма
Сабақты бекіту мақсатында тест жұмысын орындайды.
Тест.
1. Ферромагнетиктер үшін индукция векторы болмайды,соған байланысты олар
А)Минимум индукция алады В) Максимум индукция алады С) минимум магнит ағынын алады Д) максимум магнит ағынын алады
2. µ>>1 болатын магнетик түрі
А) Ферромагнетик В) Парамагнетик С) Диамагнетик Д) магнетик
3. µ>1 болатын магенетиктер
А) Ферромагнетик В) Парамагнетик С) Диамагнетик Д) магнетик
4. Индукция векторы тұрақты болмайтын магнетиктер
А) Магнетик В) Парамагнетик С) Диамагнетик Д) Ферромагнетик
5. µ≠1 жағдайда біз ортаны қалай атаймыз
А) Парамагнетик В) Магнетик С) Диамагнетик Д) Ферромагнетик
6. Заттардағы магнит өрісін сиппатайтын шама
А) Электр тогы В) Электр өтімділік С) магнит өтімділігі Д) Зарядтар
Кері байланыс.
«Қосу» - сабақта ұнағанның барлығын, жағымды эмоция тудырған немесе қандай да бір мақсатқа жету үшін пайдалы болған ақпарат және жұмыс нысандарын жаз
«Алу» – сабақта ұнамағанның барлығы, жалықтырған, жақтырмаған, түсініксіз болған немесе қажетсіз, пайдасыз болып көрінген ақпаратты жаз.
«Қызықты» – сабақта білген барлық қызықты фактілерді, осы проблема бойынша тағы нені білгің келетінін, мұғалімге қоятын сұрақтарыңды жаз
Үйге тапсырма. Есеп шығару
1. Біртекті магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан ұзындығы 50см өткізгішке 0,12Н күш әсер етеді. Өткізгіштегі ток күші 3А болғандағы, магнит индукциясы неге тең?
2. Индукциясы 0,4Тл-ға тең магнит өрісіндегі 2*104 Км/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға әсер ететін күшті тап.
3. Күші 1Н тең,жылдамдығы 1м/с , 20 см өткізгіште қанша индукция шамасы бар?
4. Сілтеме арқылы видео көру. https://www.youtube.com/watch?v=4HgEn-wGdIM
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.