Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер. |
Мектеп: «Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі» КММ |
||||||||||
Күні: 28.08.2020 |
Мұғалімнің аты-жөні: Манханова А.К |
||||||||||
Сынып: 11 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Бабалар сөзі – даналық көзі |
||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Т/А.11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу. Ж.11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жазу.
|
||||||||||
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: «Бабалар тілі – ұлттық бренд» мәтінінің үзінділері бойынша болжам жасайды,тиісті ақпараттарды анықтайды. Мәтіндегі таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып,берілген мәтінге аннотация жаза алады. |
||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Берілген мәтінді тыңдап,сұхбаттағы автордың «Бабалар сөзі - ұлттық бренд» деген тұжырымға өз ойларын айтады. |
|||||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады. Мақаланың ішінен сабақтас құрмалас сөйлемді табады, синтаксистік талдау жасайды. Аннотацияны тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы мен тілдік бірліктердің орфографиялық нормаға сай жазылуына мән береді. |
|||||||||||
Бағалау критерийі |
· «Бабалар тілі – ұлттық бренд» мәтінінің үзінділері бойынша болжам жасайды,тиісті ақпараттарды анықтайды. · Мәтінді тыңдап, сұхбаттағы автордың «Бабалар сөзі - ұлттық бренд» деген тұжырымға өз ойларын айтады. · Мәтіндегі таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып,аннотация жазады. · Мақаланың ішінен сабақтас құрмалас сөйлемді табады, синтаксистік талдау жасайды. Аннотацияны тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы мен тілдік бірліктердің орфографиялық нормаға сай жазылуына мән береді. |
||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Тыңдалым мәтінге болжам жасайды, тиісті ақпараттарды анықтайды, өз ойларын айтады, ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды пайдаланып аннотация жазады, орфографиялық нормаға сай жазылуына мән береді. Мақаланың ішінен сабақтас құрмалас сөйлемді табады, синтаксистік талдау жасайды. |
||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: фольклор, филология, экспедиция, тираж, бренд. |
|||||||||||
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: ұлттық бренд, топқа бөліну, зерттеу жүргізді, халық мұрасы, көптомдық кітап, баспа табақ , электронды кітап нұсқасы т.б |
|||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не? Халық ауыз әдебиеті мұраларына нелер жатады? Қазақ фольклорын зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? Қазақ фольклорын зерттеушілердің мақсаты не деп ойлайсыңдар?
|
|||||||||||
Не себепті «Бабалар сөзі » жүз томдық топтаманы ұлттық бренд деп айтады? |
|||||||||||
Ишара: |
|||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Бабалар сөзін, халық ауыз әдебиеті үлгілерін құрметтеуге баулу. |
||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет |
||||||||||
Алдыңғы оқу |
Бабалар сөзі, қазақ фольклоры туралы мәліметтермен таныс
|
||||||||||
Жоспар |
|||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||
Сабақтың Басы /7 минут/ 2 минут
5 минут
|
1.Ұйымдастыру кезеңі. 2. Психологиялық ахуал туғызу. «Жылжымалы микрофон» әдісі арқылы бір-біріне тілек айтады.
«Команда таңдау» әдісі арқылы топқа бөлу. Тақтаға «бабалар сөзі», «халық даналығы», «мәдени мұра» деген сабаққа қатысты сөздер жазылып тұрады. Оқушылар орындарынан тұрып әр сөздің астына өз есімін жазу керек. Оқушыларға әр команда неше адамнан тұратыны ескертіледі. Сол бойынша топ жинақталады. 1-топ «Бабалар сөзі» тобы 2-топ «Халық даналығы» тобы 3-топ «Мәдени мұра» тобы
Ой қозғау.«Қазына іздеу жолында». Сабақ тақырыбына қатысты үзінділерді жазып, партаның астына жасырамын. Бабалар сөзі Халық даналығы Ер Тарғын Айтыс Қозы Көрпеш – Баян сұлу Құндылық Мәдени мұра Батырлар жыры Оқушылар сөздерді тауып алып, сабақтың тақырыбы қандай болатынын болжайды. - Сонымен балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы «Бабалар сөзі – даналық көзі»
Интербелсенді тақтадан сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлерімен таныстырамын. |
(интербелсенді тақтада жазылып тұрады)
Интербелсенді тақта |
|||||||||
Сабақтың ортасы /27 минут/ 12 минут
15 минут |
1-тапсырма. Т, Ж.Ж «Бортты журнал» әдісі Әр топқа сұрақтар таратылады. 1-топ «Бабалар сөзі» тобына -Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не? - Халық ауыз әдебиеті мұраларына қандай жанрлар жатады? 2-топ «Халық даналығы» тобына -Қазақ фольклорын зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? 3-топ «Мәдени мұра» тобына - Қазақ фольклорын зерттеушілердің мақсаты не деп ойлайсыңдар? - деген сұрақтар беріледі. (топтағы жұптар берілген сұраққа жауапты болжам бағамына жазады) Ж.Ж. «Бортты журнал» әдісі (жұптардың алдарында кесте жатады).
Мәтінді тыңдайды, тыңдау барысында жұптың біреуі «Болжам» бөлігімен жұмыс жасайды, «+», «-» таңбасын болжамның дұрыс-бұрыстығына қарай қойып отырады, екіншісі тек жаңа ақпарат жазады. «Бортты журналдың» екі жағын салыстырады, қажетті ақпаратты қосады, өз ойларын айтады. Саралау тапсырмасы: Ерекше қабілеті бар оқушы тыңдалған мәтінде көтерілген мәселелерді ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып талдайды.
Дескриптор Мәтіннің үзінділері бойынша болжам жасайды; Қажетті ақпараттарды анықтайды; Болжамдарды салыстырады, қажетті ақпаратты қосады; «Бабалар сөзі – ұлттық бренд» деген тұжырымға өз ойларын айтады. Мәтінде көтерілген мәселелерді ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып талдайды.
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы әр топ бір –біріне екі жақсы жағын, бір ұсыныс айтады
2-тапсырма. Ж . «Еркін жазу» әдісі. Халық ауыз әдебиеті мұралары туралы бір кітапқа (ертегі,батырлар жыры т.б) немесе «Бабалар сөзі – ұлттық бренд» мақаласына аннотация жазады. (Ертегілер, батырлар жыры, тұрмыс –салт жырлары сияқты кітаптар сөреде тұрады).
Саралау тапсырмасы Ерекше қабілеті бар оқушылар берілген тапсырманы толық орындай алады. Мақаланың ішінен сабақтас құрмалас сөйлемді табады, қалаған үш сөйлеміне синтаксистік талдау жасайды.Аннотацияны тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы мен тілдік бірліктердің орфографиялық нормаға сай жазылуына мән береді.
Қолдауды көп қажет ететін оқушыға сабаққа жетелеу тапсырмасын беремін. Аннотация жазуға түйін сөздер мен аннотация үлгісін беремін. Соған қарап аннотация жазады. Түйін сөздер:фольклор, филология, тираж, бренд, халық ауыз әдебиеті.
Дескриптор Кітап немесе мақаланың мазмұнын түсінеді. Ғылыми стильдің ерекшеліктеріне сай аннотация жазады. Тыныс белгілерін дұрыс қояды. Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады. Соңғы екі сөйлеміне синтаксистік талдау жасайды. Мақаладан сабақтас құрмалас сөйлемді табады, синтаксистік талдау жасайды.
ҚБ «Көршіңмен бөліс» әдісі бойынша бір-бірінің аннотациясына пікір білдіріп, артықшылықтары мен ұсыныстарын айтады.
|
«Бабалар сөзі – ұлттық бренд» мәтіні 2-аудиомәтін
Ертегі жинақтары Батырлар жыры «Бабалар тілі – ұлттық бренд» мақаласы.
|
|||||||||
Сабақтың соңы /6 минут/ 4 минут
2 минут |
3-тапсырма. «Бабалар сөзі –ұлттық бренд» деген тұжырымына қатысты ойларын «ПОПС» формуласы бойынша жазыңдар.
Бірінші сөйлем. Менің ойымша,... Екінші сөйлем. Себебі... Үшінші сөйлем. Мынадай дәлел келтіремін: ... Төртінші сөйлем. Бұдан шығатын қорытынды .
Дескриптор Өз пікірін айтады Себебін түсіндіреді Дәлел келтіреді, қорытындылайды.
Рефлексия: SMS жазу. Сабақтың қалай өткенін және қаншалықты жемісті болғанын мұғалімге SMS арқылы жібереді.
|
|
|||||||||
Қосымша мәлімет |
|||||||||||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
|||||||||
Оқушыларға тапсырмаларды жүйелі түрде, сыныптың оқу деңгейіне сай бере отырып, тақырыпты саралап ашуға бағыт бердім. Тапсырманы беру арқылы қабілетті оқушылармен және қолдауды көп қажет ететін оқушылармен жұмыс жүргіздім Саралау тапсырмасы: Ерекше қабілеті бар оқушы тыңдалған мәтінде көтерілген мәселелерді ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып талдайды. Ерекше қабілеті бар оқушылар берілген тапсырманы толық орындай алады. Мақаланың ішінен сабақтас құрмалас сөйлемді табады, қалаған үш сөйлеміне синтаксистік талдау жасайды.Аннотацияны тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы мен тілдік бірліктердің орфографиялық нормаға сай жазылуына мән береді. Қолдауды көп қажет ететін оқушыға сабаққа жетелеу тапсырмасын беремін. Аннотация жазуға түйін сөздер мен аннотация үлгісін беремін. Соған қарап аннотация жазады. Түйін сөздер:фольклор, филология, тираж, бренд, халық ауыз әдебиеті.
|
Оқушыны бағалауда мен «Көршіңмен бөліс» әдісі, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі сияқты бағалаудың түрлерін пайдаланып, оқушылардың білімін қорытындылауда «ПОПС» формуласын және «SMS жазу» әдісін қолдандым. |
Сабақ әдебиет пәнімен тығыз байланыста құрылды. Бабалар сөзін, халық ауыз әдебиеті үлгілерін құрметтеуге бағытталған. |
|||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз? Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен? Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге? |
|
|
|||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты): 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|
|||||||||||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.