1Хорда ұғымы. Орта перпендикулярдың анықтамасы. ҚМЖ
Оценка 4.7

1Хорда ұғымы. Орта перпендикулярдың анықтамасы. ҚМЖ

Оценка 4.7
docx
14.05.2020
1Хорда ұғымы. Орта перпендикулярдың анықтамасы. ҚМЖ
1Хорда ұғымы. Орта перпендикулярдың анықтамасы. ҚМЖ.docx

 

Келісілді

«Математика» ӘБ жетекшісі

 

 

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4В бөлім: Шеңбер. Геометриялық салулар

Мектеп:

Күні:  

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Хорда ұғымы. Орта перпендикулярдың анықтамасы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.3.2.25

диаметр мен хорданың перпендикулярлығы туралы теореманы дәлелдейді және қолданады

Сабақ мақсаттары

- хорда мен диаметрдің перпендикулярлығын анықтау және теореманы дәлелдеу;

- диаметр мен хорданың перпендикулярлығы туралы теореманы есептер шығаруда қолдану

- хорда мен диаметрдің перпендикулярлығын дәлелдеуге берілген есептерде қолдану

Бағалау критерийлері

-          хорда мен диаметрдің перпендикулярлығын анықтайды және теореманы дәлелдейді;

-          диаметр мен хорданың перпендикулярлығы туралы теореманы есеп шығаруда қолданады;

-          хорда мен диаметрдің перпендикулярлығын дәлелдеуге берілген есептерде қолданады.

Тілдік мақсаттар

 - хорда, қиюшы;

- үшбұрыштың орта перпендикулярларының қиылысу нүктесі ... шеңбердің центрі

Терминология

   Радиус – Радиус – Radius

·         Диаметр – Диаметр – Diameter

·         Шеңбер – Окружность – Circle

·         Хорда – Хорда – Chord

·         Хорда ортасы – Середина хорды – Mid-chord

·         Хордаға перепендикулярлы – Перепендикулярно хорде – Perpendicular to the chord

Құндылықтарды дарыту

 

 

Жұптық жұмыстарда ашық болу, бір-бірін құрметтеу, ынтымақтастық қарым-қатынаста болу, академиялық шыншылдықты сақтау, өмір бойы білім алып, ізденуге дағдылану.

Пәнаралық байланыстар

Сызу, өнер

АКТ қолдану дағдылары

 Жаңа тақырыпқа өту және қосымша есептерге https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/7-synyp/shengber--10823

 сайт материалын қолдану.

Бастапқы білім

 

Нүктеден түзуге дейін ара-қашықтықты таба білу. Биссектриса  мен орта перпендикуляр  түсініктерін нүктелердің геометриялық орны ретінде  білу, оларды транспортир мен бұрыштық көмегімен сала білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

Ұ

3 минут

 

 

 

Ұ

3 минут

 

І. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.  Оқушыларды суреттер арқылы 2 топқа бөлу. Оқушылар таңдаған суреттері бойынша шеңбер және дөңгелек болып екіге бөлінеді және қысқаша сол туралы айтып өтеді. (Қосымша 1) Мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

Сын тұрғысынан ойлаудың жеделдету қағидасы бойынша өткен тақырыптарға шолу жасалынады. Сол арқылы жаңа тақырыпты өздіктерінен түсінулеріне мүмкіндік жасау.

ІІІ. Ой қозғау.

Өткен тақырыппен ұштастыру, сабақтың мақсатын анықтау үшін өтілген тақырып бойынша сұрақ қою

1)   Доға деп  нені айтады?

2)   Тең доғалар деп нені айтады?

3)   Диаметр дегеніміз не?

4)   Хорда дегеніміз не?

5)   Сектор дегеніміз не?

6)   Сегмент дегеніміз не?

Бағалау: Бір-бірін бағалау. (дұрыс әрі толық айтылған жауап үшін оқушылар қолдарын шапалақтайды)

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

Т

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

Ж

10 минут

 

 

 

 

 

 

Ө

10 минут

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері оқушылармен бірге талқыланып құрылады.

 

ІV. Топтық жұмыс

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/7-synyp/shengber--10823

Мұғалім оқушыларды топтарға топтастырады. Кейін топтарға теореманы дәлелдеу ұсынылады. Оқушылар топта ақылдаса отырып дәлелдеп, топтан бір оқушы тақтада дәлелдейді. Қажет кезінде мұғалім тарапынан кері байланыс беріліп отырылады.  (Қосымша 2)

Бағалау: Топтардың бір - бірлерін бағалау. 

 

V. Жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Мұғалім жұптық жұмыс ұйымдастырады. Сынып мұғалімнің бөлуі және топта жұмыс жасаулары бойынша жұптарға бөлініп, барлығына бірдей тапсырмалар беріледі. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы өз ойлары мен есеп шығарудың тиімді тұстарын ортаға салады. Алдын ала дайын дискриптор бойынша жұптар бір – бірін бағалайды. Мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. (Қосымша 3)

Бағалау: Жұптар бірін – бірі бағалайды. 

 

 

VI. Өздік жұмыс. Дұрыс тұжырымдарды анықтаңыз

Оқушылардың өздіктерінен орындауларына тапсырмалар беріледі. Алдын - ала дайын дискриптор бойынша мұғалім оқушыларды бағалайды. (Қосымша 4)

Бағалау: Мұғалімнің бағалауы. 

Қосымша (Уақыт қалып жатырса немесе тапсырманы бұрын орындап болған қабілетті оқушы үшін) (қосымша 6)

Бағалау: Мұғалімнің бағалауы.

Презентация

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 

 

 

 

    

 

 

Қосымша 3

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 4

 

 

 

 

 

Қосымша 6

Сабақтың соңы

4 минут

1.  Үйге тапсырма: (қосымша 5)

2. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

·         I – interactive Мен нені бұрын білдім?

·         N – nothing Мен нені білмедім?

·         S – system Мен нені жаңа ғана үйрендім?

·         E – effective Бұл қаншалықты тиімді?

·         R – reading Маған тағы қандай ақпарат қажет?

·         Tthinking Мен не туралы әлі ойлау керекпін?

3. Бағалау. Барлық жасалынған жұмыстар бойынша мұғалім қорытынды бағалау жасайды. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 5

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сын тұрғысынан ойлаудың жеделдету қағидасы бойынша өткен тақырыптарға шолу жасалынады. Сабақ барысында  өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұпта жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді.  Қабілеті жоғары оқушылар сын тұрғысынан ойлаудың күрделендіру қағидасы бойынша тақырыпты өздігінен меңгеру барысында сыныптың проблемалық тапсырманы орындап шығуына бағыт беріледі. Сын тұрғысынан  ойлау  дағдыларын дамыту мақсатында рефлексия жүргізу барысында INSERT   техникасы қолданылады.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетіледі. Әрбір тапсырмадан кейін кері байланыс беріледі. Жұптық жұмыстар мен өздік жұмыстар дескриптор бойынша тексеріледі.

Сынып бөлмесі сабақтан бұрын желдетілген. Сыныптағы орындық парталар түзу тур. Сыныптың іші жарық және сол жақтан түсуде. Сынып бөлмесі алғашқы дәрігерлік көмек қобдишасымен жабдықталған.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Келісілді «Математика» ӘБ жетекшісі Қысқа мерзімді жоспар Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7

Келісілді «Математика» ӘБ жетекшісі Қысқа мерзімді жоспар Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7

Сабақтың басы Ұ 3 минут Ұ 3 минут І

Сабақтың басы Ұ 3 минут Ұ 3 минут І

Сабақтың соңы 4 минут 1

Сабақтың соңы 4 минут 1

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2:

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2:
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.05.2020