Шаттық шеңбері
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Достарымызды көргенде
Қуана қарсы аламыз
Сәлем, сәлем, сәлем!
Сабақта:
заттарды құрaмдастыру деген не
заттарды әр түрлі құрамдастыруды қалай жасауға болатынын білетін боласың.
Ереже:Заттарды орын алмастыруға, топты әр түрлі тәсілмен таңдап жинақтауға болады. Бұл заттарды құрамдастыру деп аталады.
Сөреде үш ойыншық тұр: қуыршақ, доп, пирамида. Әнел екі ойыншықты жақсы көреді. Олар қандай ойыншықтар болуы мүмкін?
Орындап көр.Әр түрлі тәсілмен қаламды, сызғышты және қарындашты үстелге орналастыр. Сен неше тәсілмен орналастырғаныңды сана.
Ойлан!Пеналда 4 жай және 2 түрлі түсті қарындаш жатыр. Қолдағы қарындаш жай қарындаш болуы үшін ең аз дегенде қанша қарындаш алу керек?
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.