Сынып: 3
2 Бөлім: Сөз артында сөз.
«Мәтінді теру және өңдеу» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтын мақсаты: оқушыларды компьютерлік кластағы қауіпсіздік ережесімен таныстыру және компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу.
Оқу мақсаты:
3.2.1.1. мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;
3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;
3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалан.
Сабақтын түрі: жаңа тақырып менгеру. Бұл сабақ осы бөлім бойынша бірінші сабақ болып табылады, және бұнда қарастырылатын мәтіндік редактор алдынғы сабақтарда қарастырылмады.
Бұл сабақты оқып-үйрену үшін қажетті алдын-ала білім.
1-бөлімде оқыған білімдерін жаңарту ұсынылады, оқушылар компьютерлік программаны пайдалана отырып файлдарды ашу және сақтау командаларымен таныс және программаны ашуға және жабуға қабілеті бар.
Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.
Сабақ барысында оқушылар жаңа программамен танысады, оқушылар теориялық білімдерін іс жүзінде біріктіреді.
Мәтін редакторы мәтін теру үшін;
Файл - компьютерде сақталатын ақпарат;
Ашу пәрмені файлдың мазмұнын көру үшін арналған;
Сақтау пәрмені файлды белгілі бір атаумен сақтау үшін пайдаланылады.
Өңдеу - аудару, қосу, жою арқылы терілген мәтінді модификациялау.
Мәтінді редакциялау әдістері:
1) қателерді түзету;
2) таңбалар қосу;
3) мәтіннің үзінділерін беру.
Сабақтың басында мұғалімге үлестірмелі материалдарды дайындауға кеңес беріледі:
- суреттер;
- практикалық тапсырмалар.
Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылар шаршағанын босу үшін сабақтың ортасында сергіту сәтін өткізу ұсынылады. Сергіту сәтін орындау кезінде оқушылар мұғалімнің алдына біркелкі бөлінуі керек.
Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар алдыңғы білімдерін қорытындылауға және терминологияны ерекше атап өтуге тиіс, мысалы:
1) өңдеу;
2) жиынтық;
3) мәтін;
4) мәтіндік редактор;
5) мәзір;
6) курсив.
Практикалық тапсырманы орындау
Аталған ұғымдарды сәйкесінше жазып отырыңыз.
1 Стандарт саймандар жолы
2 Мәзір жолы
3 Терезе атауы
4 Пішімдеу жолы
5 Тік және көлденен сызғыш
6 Саймандар жолы
7 Қалып жолы
8 Жұмыс аймағы
9 Жылжыту жолағы
Жасалатын әрекеті бойынша батырмаларды анықтайды
Батырма |
Жасайтын әрекеті |
CapsLock |
Батырма үлкен әріптер режиміне ауысады - барлық әріптер бас әріппен жазылады. Режимді өшіру үшін батырманы қайтадан басыңыз. |
«БОС ОРЫН» |
Сөз арасындағы бос орындарды реттейді |
Backspace |
Дұрыс терілмеген символдарды өшіреді |
Enter |
Жаңа жолға ауысу |
Мәтінді тер!!!
1. Отан оттан да ыстық..
2. Уақыт жеткізбес жүйрік.
3. Құжатты сақтап қой
· Жұмыс үстеліне бума құрыңыз
· Оның атын өз тегінізбен атаңыз
· Мәтіндік редакторда құрған құжатты осы бумаға сақтаңыз
Дифференциациялау
1. Жетістікке жетудің үш құпиясы: басқалардан көп білу, өзгелерден көп жұмыс істеу, басқаларға қарағанда аз нәрсе күту.
(Уйльям Шекспир)
2. Өмірінде бір рет сатқындық жасаған адам екінші рет оны міндетті түрде қайталайды. (Майк Тайсон)
3. Оқушылар білетін сөздердің аудармасын ағылшын тілінде тер
Әдебиеттер мен дереккөздер:
1) Ломаковская А.В., Проценко Г.О., Ривкинд И.Я. Ступеньки к информатике, 3 класс 2013
2) Рудченко Т. А., Семенов А.Л. Информатика. Рабочая тетрадь. 3 класс. 2013.
3) Информатика. Учебник для 3 класса. В 2 ч. Матвеева Н.В., Челак Е.Н. и др. 2013.
4) Учебник Информатика и ИКТ 3 класс Горячев. 2010.
5) http://www.proshkolu.ru/user/nazarovaNS/file/64185/
6) https://bilimland.kz/ru/courses/informatika-ru/5-klass/lesson/interfejs-tekstovogo-redaktora
7)
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.