Сабақтың мақсаты:
№1.
Қорапта 4 көк, 3 ақ және 2 сары фишкалар бар. Оларды жақсылап араластырғаннан соң кез келген біреуін алады. Алынған фишканың а) ақ; б) сары; в) сары емес болуының ықтималдығын табыңыз.
Шығарылу жолы:
а) Барлық мүмкін жағдай 9.
Қолайлы жағдай 3.
P=3:9=1/3=0,33(3)
б) Барлық мүмкін жағдай 9.
Қолайлы жағдай 2.
P=2:9=0,2(2)
в) Барлық мүмкін жағдай 9.
Қолайлы жағдай 7 (4+3).
P=7:9=0,7(7)
№ 2.
Қорапта 10 бірдей шар бар, олар 1 ден 10 ға дейінгі сандармен нөмірленген. Қораптан бір шар алынды, сол шардың
а) № 7 шар болуының; б) номері жұп сан болуының в) номері 3 - ке еселік болуының ықтималдығын есептеңіз.
№ 3.
Балалар тиын лақтырып, «елтаңба» немесе «сан» жағының түсуін бақылап тұрғанда, тиын домалап кетіп, табылмай қойды, тиынды ойын сүйегімен қалай алмастыруға болар еді?
Ақиқат оқиғаның ықтималдығы 1 ге тең
Мүмкін емес оқиғаның ықтималдығы 0 ге тең
А оқиғасының ықтималдығы 0 ден кем емес, бірақ 1 ден көп емес
Тапсырма 1
Берілген тапсырмаларда айтылған оқиғаларды ақиқат, жалған немесе кездейсоқ деп сипаттаңыз.
Марат бір натурал санды ойлады. Кездейсоқ оқиға:
а) жұп сан ойлады;
б) тақ сан ойлады;
в) тақ та, жұп та емес сан ойлады
г) жұп не тақ сан ойлады.
Тапсырма 2
Сөмкеде 3 көк, 3 ақ және 4 қызыл түсті 10 шар бар.
Мына оқиғаны сипаттаңыз:
а) сөмкеден 4 көк шар алды;
б) сөмкеден 4 қызыл шар алды;
в) сөмкеден 4 шар алды, олардың барлығы әртүрлі түсті;
г) сөмкеден 4 шар алды, олардың арасында қара шар жоқ.
Тапсырма 3
Келесі сынақтарға арналған бірнеше нәтижелерді көрсетіңіз:
а) Жәшікте екі, үш, бес, сегіз сандары жазылған 4 шар бар. Кез- келген бір шар алынады;
б) Сөмкеде 1 000 теңге, 2000 теңге және 5000 теңге мөлшерінде үш банкнот бар. Сөмкеден бір банкнот шығарылды;
в) Үйде 9 қабат бар. Лифт бірінші қабатта тұр. Тұрғындардың біреуі лифтіні өз қабатына шақырады, диспетчер лифтінің қай қабатта тоқтайтынын бақылайды
№1. Әуе кемесінің бортында шұғыл шығу есіктерінің жанында 12 орын және салондарды бөлеп тұратын қабырғалардың артында 18 орын бар. Қалған орындар бойы ұзын жолаушы үшін ыңғайсыз. В жолаушы ұзын бойлы. Тіркеу кезінде жолаушыға орынды кездейсоқ таңдағанда В жолаушыға ыңғайлы орынның тап болу ықтималдығын табыңыз. Егер ұшақта 300 орын болса.
Шешілу жолы:
Ыңғайлы орындар саны 12 + 18 = 30Жолаушыға ұшақтағы 300 орынның біреуі беріледі, яғни барлық мүмкін жағдай n = 300. m = 30.
P(A) = 30 300 30 30 300 300 30 300 = 0,1.
жауабы: 0,1
№ 2.
Туристер тобында 30 адам. Оларды тікұшақпен шалғай ауданға тасымалдайды, әр рейсте 6 адам жеткізеді. Осылай бірнеше рейс жасалады. Тікұшаққа отырғызуда туристер кездейсоқ таңдалады. А есімді туристің алғашқы рейспен ұшу ықтималдығын анықтаңыз.
Шешімі:
тікұшағын қанша ұшу керек екенін анықтаңыз. 30: 6 = 5 (рейс)
Турист А. кез келген рейспен ұшуына болады, бірақ олардың біреуі «қолайлы» болады - бірінші. Сондықтан n = 5, m = 1.
P (A) = 1/5 = 0.2.
№3. 10-дан 19-ға дейінгі натурал сандар ішінен кездейсоқ бір сан таңдалады. Осы санның 3-ке бөліну ықтималдығы қандай?
Шешімі:
Берілген сандардың ішінен 3 ке бөлінетін сандарды анықтаймыз. Олардың саны 3.
P (A) = 3/10 = 0.3
Жауабы: 0.3
№4 тапсырма
Үстел ойынында қызыл, ақ және көк үш түсті секторларғамен бөлінген айналдырғыш істен шығып қалды, бірақ текше бар. Айналмалы табақты текшемен қалай ауыстыруға болады?
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.