Сынып: 3
3 Бөлім: Компьютер және дыбыстар.
«Дыбыстық әсерлер» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтын мақсаты: компьютер программасын дыбыстарды жазу, өңдеу және ойнату үшін қолданады; компьютерлік программада файлдарды ашатын және сақтайтын командаларды қолданады; дыбыстарды жазу, өңдеу және ойнату кезіңде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
Оқу мақсаты:
3.2.4.1 арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару;
3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;
3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау;
Сабақтын түрі: оқушылардың дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру. Бұл сабақ осы тақырыптың бір сабағы болып табылады. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады «Компьютер құрылғысы», «Файлдар мен бумалар», «Программа терезелері» «Дыбысты жазу және өңдеу».
Алдыңғы АКТ сабақтарында алынған материалдарды қайталау
Сабақтың басыңда психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатыңда оқушыларды ортаға шақырып бір шеңбердің ішінен екінші шеңбер құру қажет. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады да екі щенбер әуен ырғағымен бір-біріне қарама қарсы жылжиды. Әуен тоқтаған кезде қарама-қарсы тұрған оқушы бір-біріне жақсы қасиетің айтады. Білімді жаңарту кезеңінде оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдерін қайталайды: компьютер программалары, қауіпсіздік ережелері, дыбысты жазу және өңдеу.
Сабақтың басында мұғалімге үлестірме кеспе қағаздарын дайындап қою қажет:
- суреттер;
- орындайтын тапсырма.
- балаларға дәптерлеріне желімдеп қоятын кеспе қағаздар.
Сондай-ақ, келесі сілтемелер бойынша демонстрациялық материалдарды жүктеп алыңыз:
https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU – сергіту сәті
https://www.youtube.com/watch?v=1ozzPiAxxZc&t=49s Алтын ұйям мектебім
Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.
Негізгі теориялық материал;
- дыбыс жолағы;
- дыбысты жазу;
- кідіртпе;
- ойнату
- дыбысты тоқтату;
- трек.
Мұғалім Audacity программасын көрсетеді, батырмаларымен таныстырып мүмкіндіктерін көрсетеді.
Алдын ала дайындап қойған негізгі амалдарға мыссал келтіреді.
Оқушылар ақпаратты визуалды қабылдау мақсатыңда программа скриншотын алдын ала дайындап қою қажет.
Мұғалім түсіндерген кезде оқушылар кеспе қағаздарыңда белгілеп отыру қажет.
Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар сабақтан алынған білімін айқындап және терминологияны ерекше атап өтуге тиіс.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай сабақтың ортасында шаршағандарын басу үшін сергіту сәтін ұйымдастыруға кеңес беріледі. Сергіту сәтің орындау алдында оқушылар интербелсенді тақта алдына шығып немесе мұғалім алдында орындау қажет. Мұғалім оқушылармен бірге орындайды.
Практикалық тапсырма орындамас бұрын оқушылар қауіпсіздік ережесі бойынша білімдерін жүйелейді.
Ереже бар парақты таңдау және егер бұл ереже сақталмаса, салдарын түсіндіру
Компьютердің барлық терезелерін және программаларын компьютерді өшірмес бұрын, өшіріңіз. |
Компьютер арқылы мұғалім ұсынған тапсырмаларды ғана орындаңыз. |
Жабдықтардың жалғағыштары мен жалғаушы кабельдерін ұстамаңыз. |
Егер сіз өзіңізді жақсы сезінбейтін болсаңыз, бас ауырса жұмысты тоқтатыңыз және мұғалімге хабарлаңыз. |
Қысқа тұйықталу кезінде: ұшқынның пайда болуы, жанудың иісі сезілсе, электр қуатын өшіріп, мұғалімге бұл туралы хабарлау. |
Тек жұмыс істейтін компьютерлерде жұмыс істеңіз. |
Жауабы:
Барлық керек файлдар сақталып, дербес компьютердің өшірілуі дұрыс болуы үшін. |
Дұрыс әрекет жасап компьютер істен шығуы мүмкін. |
Электр тоғы ұруы мүмкін |
Егер жұмыс жасауды жалғастырса, денсаулығына зиян келуі мүмкін |
Өрт пайда болуы мүмкі |
Дұрыс жұмыс жасамайтын компьютер арқылы, денсаулыққа нұқсан келтіруі мүмкін |
Практикалық жұмыс
Практикалық тапсырмаға арналған іс – әрекеттер
1-тапсырма:
«Алтын ұйям мектебім» атты файлды ашыңыз. Соңғы 10 секундқа әлсіреу (затухание) әсерін қолданыңыз. Жаңа атаумен сақтаңыз. Аудио жолды мұғалімге ойнатыңыз. Әннің соңындағы дыбыссыз кеуектікті алып тастаңыз.
Оқушылар дифференциация ретінде өз дауысымен авторды әнге қосады.
2*-тапсырма: әннің авторы мен музыкасын жазған композиторды әннің соңында қосыңыз.
Жауабы:
Әнің жазған: Айжігіт Асанов
Сөзін жазған: Бақытжан Ауданбай
Оқушылар бір-бірінің жұмысын тыңдайды.
Бір-бірінің жұмысын бағалайды.
Әдебиеттер мен дереккөздер:
1) https://www.youtube.com/watch?v=HqpsPFjFNkI – сергіту сәті
2) https://www.youtube.com/watch?v=1ozzPiAxxZc&t=49s –Алтын ұйям мектебім
3) http://audacity.ru/p1aa1.html - Audacity редакторының толық сипаттамасы
4) Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.