4 «ә» сынып оқушыларының 1 Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тақырыбына жазған жырлары.(4 сынып)
Оценка 4.9
Занимательные материалы +3
docx
воспитательная работа +1
4 кл
22.01.2018
4 «ә» сынып оқушыларының 1 Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тақырыбына жазған жырлары.
Ең бірінші Елбасы,
Әбішұлы Нұрсұлтан.
Елімізді қорғайды,
Назарбаев Нұрсұлтан.
Тұңғыш болып келді ол,
Елбасымыз болды ол.
Қазақ елін дамытып,
Қазақ ұлын қолдады.
Еркебай Ақмарал.
Президент күнімен
Құттықтайды ел бүгін.
Президент атаға
Риза болды ел бүгін.
Президент күні біз,
Құттықтаймыз оны біз.
Президент атамыз,
Риза болды бізге де.
Марал Ақниет
Қазақстанда сайланды,
Әбіш ұлы Нұрсұлтан.
Бақытты қылды біздерді,
Елі үшін Нұрсұлтан.
ЭКСПО-ны өткізді,
Мақтан тұтам мен оны,
Әбіш ұлы Нұрсұлтан,
Талай ғимарат салғызды.
Перде Мерей
ЭКСПО-ны өткізді,
Аман – есен Нұрсұлтан.
Сыйлады оны халық та,
Мақтан тұтам мен оны.
Орынбасар Айда
Қазақстан жаралды,
Президент сайланды.
Елбасымыз Нұрсұлтан,
Астанада тұрады.
Нұрғали ЛәйләПікір..
4 «ә» сыныбында жалпы 28 оқушы бар. Олардың 10- ұл, 18 қыз балалар. Оқушылар арасында дарынды және талантты оқушылар бар деп айта аламыз.
Ауылымыздан Тоқаш Бердияров, Кендебай Мұртазаев, Кенже Мұртазаев, Есіркеп Өстемов сынды ақын аталарымыз шыққан. Соңғы екі ақын атамыздың кітаптары жарық көрмей қалғаны өкінішті болды. Көзі тірісі кезінде жырларын кітап етіп шығарытын демеуші, жанашыр ағалардың болмауы ішті өртеуде. Мен де тақырыптан ауып кеттім ау шамасы. Кешіресіздер.
Сыныпта мерекелерге және еркін тақырыптарға оқушылар арасында жырлар жазудан сайыстар өткізіліп тұрады. Сіздерге осы оқушылардың кейбірінің жазған жырларын ұсынып отырмыз.
Сынып жетекшісі: Сейделханов Б.
Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары: А. Тағаев
Тоқаш ата 92 жаста.docx
Сабақтың тақырыбы: Т. Бердияров ақын ата92 жаста
Мақсаты: Жырларымен жұртын оятқан ақын Тоқаш Бердияровтың
шығармашылығымен жақыннан таныстыру. Ақынның өмірбаянын
таныстыру. Ақынның жырлары арқылы отанын, жерін сүюге тәрбиелеу.
Отанына адал перзент болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Ақынның портреті, қанатты сөздер, шарлар, буклеттер.
Мұғалім: Құрметті атааналар, ұстаздар және оқушылар! Сіздер «Т.
Бердияров ақын ата92 жаста» атты үлгілі ашық тәрбие сағатына жиналап
отырсыздар. Әдеби мұрасы әңгіме әуеніне айнала алмай келе жатқан
ақынның бірі Тоқаш Бердияров.
Жүргізуші: Т. Бердияров –қазақтың көрнекті ақыны. Биыл ақын Тоқаш
Бердияровтың 92 жылдығын тойлаудамыз. Ол жырымен жұртын оятқан
ақын. Сырын айтып жұртын мұңайтқан ақын. Өзінің кермек мұңын жырға
қосып, қайғысын жақсы жырмен жеңіп жүруші еді. Өзінің жеке бас өмірін
өнерге беріп, қиын да қызық тағдыр кешкен ақын. Ақынның тағдыры
ешкімге ұқсамайды. Қайғысымен қуанышын арқау еткен поэзиясы ешкімге
ұқсамайды. Ол өзінің ауыр тағдырын мұңды лирикаға айналдыра жырлап
өтті.
1оқушы: Менің тойым болған жоқ,
Болмайды да.
Өмірден жарсыз өттім
Сол қайғы ма?
Шабыттынып , шарқ ұрып анда –санда
Бір желпініп аламын жыр жазам да.
Есік тойым болмапты есейгенде,
Бесік тойым өтіпті бір заманда ...
Менің тойым болған жоқ дүрілдеген,
Қосағымның білмеймін түрін де мен.
2оқушы Үкілі көрпе –жастық қыбыр етпей, Шымылдығым әлі тұр түрілмеген.
Мұрты бар жайсаң жігіт болғанменен,
Неке үйіне барғам жоқ «Волгаменен».
Мақсатым, бала –шағам, байлығым боп,
Жүрегім болашаққа жолдады өлең.
Ән «Тойға тарту» Ануар Н
3оқушы Қапелімде бұлт шалса қабағымды,
Жүрегіме жанимын қаламымды.
Сағындырып жазамын өлеңімді,
Сағындырып сүйемін қарағымды.
4 оқушы Тоқаш Бердияров 1925 жылы Оңтүстік Қазақстан
облысының Сарыағаш ауданының Келес аймағында дүниеге келген. Оның
азан шақырып қойған аты Торқысбек. Торқысбек бала жастай жетім
өседі. Сол кездегі Келес ауданы Ташкентпен шекаралас. Ақын жырында
әр қырынан өрнектелетін Келес өзені қазақ –өзбек –екі елге бірдей
телағыс –деп айтады.
5оқушы Тоқаш отызыншы жылдары Ташкенттегі жетім балалар
үйін паналаған. Сонда тәрбиеленген. Торқысбек Келестен Тоқашқа айналып
келсе, оны жетім балалар үйінде бірге тәрбиеленетін қыздар «майлы
бауырсақ» деп мазақтайды екен. Тоқаштың алғашқы ақындық баланың
қадамы осы балалар үйінде басталады.
6оқушы Жасы он жетіге жаңа жеткен Тоқаш соғысқа алынады.
Отан соғысы аталатын сұрапылға тәуірақ қатысады. Оны ақын
шығармаларынан анық көруге болады. Соғыс аяқталған соң Торқысбек
Бердияров бірнеше жыл әскеритеңіз флотында қызмет етеді. 1950 жылы
ақын елге оралды.
7оқушы Тоқаш –өлең, Тоқаш –әуен аспанда.
Тоқаш орны ,Тоқаш тағы асқарда.
Тоқаш жыры толқыны боп Келестің, Зәм –зәм сыйлап өтер мәңгі жастарға.
8оқушы Қоршаған күміс –айдын, құба қырлар,
Самсаған қыз перизат қыран ұлдар.
Ақ шағыл –ару Келес күнгейінде,
Шап –шағын «Ұшқын» атты бір ауыл бар.
9оқушы Қызғалдағын теріп сонау белестің,
Оңтүстіктің шаңына аунап мен өстім.
Алып кеттім аттанарда әскерге,
Жалғыз уыс топырағын келестің.
Сахналық көрініс : Тоқаштың соғыстан оралуы.
10 оқушы Тоқаш ақын
Тоқаш тағы асқарда
Тоқаш жыры ашады
Нұр аспанға
11оқушы Тоқаш деген
Тасып жатқан дария
Әр тамшасы
Айналатын тамшыға
Сазды бағдарлама : Хор «Алға жігіттер»
Ән «Асыл әже» Жақсыбай Ж
Ән «Мен сені Меккеге апарамын» Орынбасар А
Ән «Әкелер» Серікбай Қ
Ән « Сенің анаң алтын» Тайыр Д
Би қыздар тобы «Тәтті ару» Би қыздар тобы «Іздей берем»
Қорытындылау:
4 «ә» сынып оқушыларының 1 Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тақырыбына жазған жырлары.(4 сынып)
4 «ә» сынып оқушыларының 1 Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тақырыбына жазған жырлары.(4 сынып)
4 «ә» сынып оқушыларының 1 Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тақырыбына жазған жырлары.(4 сынып)
4 «ә» сынып оқушыларының 1 Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тақырыбына жазған жырлары.(4 сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.