Математика пәні бойынша 5 - сынып оқушыларына тірек конспектісі
1 – тоқсан
Сабақ нөмірі: №23
Сабақтың тақырыбы: 2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері
Сабақтың мақсаты: натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану; натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;
Конспект
Бейнеүзінді: https://youtu.be/mHp6DwLfWnQ
Сандардың жазылулары бойынша, бір санның екінші санға бөлінгіштігін анықтайтын ереже бөлінгіштік белгісі деп аталады.
1. 2 санына бөлінгіштік белгісі:
2-нің еселіктері: 2,4,6,8,10,12,14,16,18,20...
Осыдан 2 санына еселік сандар жазылуы 0,2,4,6,8 цифрларымен аяқталатын сандар. Жұп цифрлар: 0,2,4,6,8
Тақ цифрлар: 1,3,5,7,9
Жазылуы жұп цифрлармен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді.
2-ге бөлінетін сандарды жұп сандар, 2-ге бөлінбейтін сандарды тақ сандар деп атайды.
Мысалы:10,46,18,24 –жұп сандар, 15,13,27,39- тақ сандар
2. 5 санына бөлінгіштік белгісі.
5 санына еселік сандар: 5,10,15,20,25,30,35...
Жазылуы 0 немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді.
Мысалы:125:5=25, 220:5=44
3. 10 санына бөлінгіштік белгісі:
10 санына еселік сандар:10,20,30,40,50,60...
Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 10-ға бөлінеді.
Мысалы: 30:10=3 120:10=12 1070:10=107
3-ке бөлінгіштік белгісі: Цифрларының қосындысы 3-ке тең натурал сандар
3-ке бөлінеді.
Мысалы: 561=500 +60 + 1 = 5·100 +6·10 + 1= 5(99+1) +6(9+1) +1= 5·99 +5 + 6·9 +6 +1 =
5·99 +6·9 +(5+6+1)
Қосындыдағы 561= 5+6+1 қосындысы 3 –ке бөлінсе , берілген сан 3-ке бөлінеді. Ал, 5+6+1 қосындысы берілген санның цифрларының қосындысы. Осындай тәжірибеден қорытындыланып , берілген санның 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін тұжырымдауға болады.
9- ға бөлінгіштік белгісі: Цифрларының қосындысы 9-ға тең натурал сандар 9-ға бөлінеді.
783 саны 9-ға бөліне ме?
783=7+8+3=18 сонда 18:9=2 демек, 783:9=87
Тұжырым: Цифрларының қосындысы 9-ға тең натурал сандар 9-ға бөлінеді.
Егер сан 2-ге де 3- ке де бөлінсе, онда ол сан 6-ға бөлінеді.
Егер сан 3-ке де 5- ке де бөлінсе, онда ол сан 15-ке де бөлінеді. Егер сан 5-ке де 9- ға да бөлінсе, онда ол сан 45-ке де бөлінеді.
Тапсырмалар
№237.
1) 21 * 5; 29 * 3; 25 * 3; 16 * 5; 5 * 15; көбейтінділерінің қайсысы 15-ке бөлінеді? Оны теріп жазып, 15-ке бөліп, бөліндіні табыңдар.
Үлгі: (21 * 5) : 15 = 7, (7 * 3 * 5) : 15 = 7.
2) 18 * 5; 17 * 9; 27 * 5; 65 * 9; 71 * 9; 135 * 5; көбейтінділерінің қайсысы 45-ке бөлінеді? Оны теріп жазып, 45-ке бөліп, бөліндіні табыңдар.
Үлгі: (18 * 5) : 45 = 2, (2 * 9 * 5) : 45 = 2.
№239. Өрнектің мәнін табыңдар.
В. 3535 : (316 + 21 * 9) = ? Е. (58 * 26 – 761) : 83 = ?
Э. (117 * 19 – 1223) : 125 = ? С. 216 * 33 : (814 +121 * 8) = ?
Т. 845 : (61 * 15 – 746) = ? Р. 324 : 27 * (86 * 105 – 9025) = ?
Өрнектің кестедегі жауаптарымен бір бағанға оның тұсындағы әріптерді қойыңдар.
8 |
7 |
9 |
60 |
9 |
4 |
5 |
|
|
|
|
|
|
|
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.