5 класс. Открытый урок. Делимость натуральных чисел
Оценка 4.7

5 класс. Открытый урок. Делимость натуральных чисел

Оценка 4.7
Документация
docx
математика
5 кл
21.01.2018
5 класс. Открытый урок. Делимость натуральных чисел
Барлық оқушылар: Санның 2-ге, 5-ке, 10-ға және 3-ке, 9-ға бөлінгіштігін біледі. Оқушылардың басым бөлігі: Санның 2-ге, 5-ке, 10-ға және 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, есептер шығарады. Кейбір оқушылар: Санның 2-ге, 5-ке, 10-ға және 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгілеріне өмірмен байланысты есеп құрастыра алады.
5 сынып. Бөлінгіштік белшілері.docx

Қысқа  мерзімді  жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп:

 

 

Күні: 05.05.2017ж

Мұғалімнің есімі:

 

 

Сынып:5

Қатысқаны:24

Қатыспағаны:1

 

Сабақ  тақырыбы:

2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері

 

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сілтеме)

5.1.2.5 натурал сандардың  2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;

5.1.2.6 натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;

 

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:   Санның 2-ге, 5-ке, 10-ға және 3-ке, 9-ға  бөлінгіштігін біледі.

 

Оқушылардың басым бөлігі:  Санның 2-ге, 5-ке, 10-ға және 3-ке, 9-ға  бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, есептер шығарады.

 

Кейбір оқушылар: Санның  2-ге, 5-ке, 10-ға және 3-ке, 9-ға  бөлінгіштік белгілеріне өмірмен байланысты есеп құрастыра алады.

 

Бағалау критерийі

·         Санның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін анықтайды.

·         Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, есептер шығарады

·          Санның 3-ке және 9-ға бөлінгіштігін анықтайды.

·         Натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, есептер шығарады.

 

 

Тілдік мақсаттар

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: бөлінгіш, натурал, кесте, цифр

 

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:  бөлінгіштік белгілері, натурал сандар, қосындының мәні

 

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау  құндылығын дарыту;

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарыту.

 

Пән аралық байланыс

Жаратылыстану, Тарих, Қазақ тілі, Информатика

 

Алдыңғы білім

Санның  бөлінгіштік белгісін біледі

 

 Сабақтың

жоспарланған

 кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу                    түрлері

Ресурстар

 

Сабақтың басы

2-минут

 

 

 

 

 

 

 

 5-минут

 

Ұйымдастыру кезеңі:  «Мозайка»  әдісі  бойынша сурет арқылы сыныпты топқа бөлу топқа бөліп психологиялық ахуал қалыптастырдым  3 топқа бөлінеді:

1 – топ «Білгірлер»

2 – топ«Тапқырлар»

3 – топ «Жүйріктер»

 

 

«Миға шабуыл»әдісі арқылы  өткен  материалдағы ”Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері” білімді еске түсіру үшін,  диалог арқылы  сұрақ- жауап сәтін өткізу. №32 есепті интербелсенді тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырады. Қалыптастырушы бағалау жүргізілді. “Ойлан, жұптас, бөліс” әдісі арқылы бағалайды.

 

 

 

Сабақтың ортасы:

17-минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12-минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-минут

 

 

 

 

 

 

Жаңа тақырыпты ашу

 « Жигсо» әдісі  бойынша ой қозғау арқылы жаңа сабақтың негізгі тақырыбы мен мағынасын ашу. Кез келген натурал санның берiлген санға, мысалы, 2 санына бөлiнетiнiн анықтауға болады. Кестеде берiлген мысалдарды қарастырып көз жеткiземіз.

 

Өрнектiң мәнi неге

2-ге бөлiнбейдi?

 

Өрнектiң мәнi неге 2-ге

 бөлiнедi?

700+80+9

700+80+4

9000+200+50+7

9000+200+50+6

40000+3000+600+50+1

40000+3000+600+50+8

Карусель» әдісі арқылы жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіруде дайын материалдар таратып,  Кубизм әдісі арқылы үш топ бір-біріне сұрақ қою . Қалыптастырушы бағалау жүргізілді. Топтар бірін-бірі “бас бармақ” әдісі арқылы бағалады. Жаңа сабақты толықтыру мақсатында  интербелсенді тақтада слайд арқылы пысықтап түсіндіремін.

2 санына бөлiнгiштiк белгiсi: натурал сан 0; 2; 4; 6; 8 цифрларымен аяқталғанда ғана 2-ге бөлiнедi.

5 санына бөлiнгiштiк белгiсi: натурал сан 0 немесе 5 цифрларының бiрiмен аяқталғанда ғана 5 санына бөлiнедi.

10 санына бөлiнгiштiк белгiсi: натурал сан 0 цифрымен аяқталғанда ғана 10 санына бөлiнедi.

3 санына бөлiнгiштiк белгiсi: натурал санның цифрларының қосындысының мәнi 3 санына бөлiнгенде ғана ол сан 3 санына бөлiнедi.

9 санына бөлiнгiштiк белгiсi: натурал санның цифрларының қосындысының мәнi 9 санына бөлiнгенде ғана ол сан 9 санына бөлiнедi.

АКТ

Математика

5-сынып

А.Е. Әбілқасымова

 

Топтық жұмыс «Кім шапшаң» әдісін пайдаланып  №173 есептің

1 – топ «Білгірлер» (1)  және №174

2 – топ «Тапқырлар»(2)  және №175

3–топ «Жүйріктер»(3)  және №177 есептерді орындайды. Қалыптастырушы бағалау жүргізілді. Топтар бірін-бірі “Ойлан, жұптас, бөліс” әдісі арқылы бағалайды.

Дескриптор: Білім алушы

·         3 санына бөлiнгiштiк белгiсiн біледі

·         9 санына бөлiнгiштiк белгiсiн біледі

·         2 санына бөлiнгiштiк белгiсiн біледі

·         5 санына бөлiнгiштiк белгiсiн біледі

·         10 санына бөлiнгiштiк белгiсiн біледі

·         Мәтін есептің моделін құра алады

·         Математикалық тілде сөйлей алады

Жеке жұмыс “Лездеме”  әдісі арқылы  Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарыту.

 Фабрика жұмысшыларының соңғы 4 жылдағы еңбек ақысының  орташа өсуі кесте арқылы берілген,  сол жалақылардың өсу көрсеткіштерінің 2,3,5,9,10 сандарына бөлінгіштігін  жазыңдар

2012ж

2013ж

2104ж

2015ж

38000тг

43000тг

55143тг

62000тг

Ойлан, жұптас, бөліс” әдісі арқылы  оқушы өзін-өзі бағалайды.

Сергіту сәті “Бинго” ойыны.

Саралау  үлгерімі төмен және қабілетті оқушыларға “Тапсырма”  тәсілі арқылы кеспе қағаздары таратылды

1) 3502, 783, 197, 4308 сандарының қайсысы:

a) 3-ке бөлінеді?

b) 9-ға бөлінеді?

2) 46 үш таңбалы санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифр қойғанда шыққан сан 3, 9 сандарының әрқайсысына қалдықсыз бөлінеді?

Дескриптор: Білім алушы

 3-ке бөлінетін сандарды жазады;

 9-ға бөлінетін сандарды жазады;

 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қояды.

2-тапсырма

Үш бірдей ойыншық сатып алу үшін 100 теңге беріп, 42 теңге қайтарым алуға болады ма?

Дескриптор: Білім алушы

- сатып алу бағасын анықтайды;

- 3-ке бөлінгіштік белгісін қолданады;

- есептің сұрағына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау жүргізілді, дескриптор бойынша оқушы өзін-өзі бағалайды

 

Оқулықпен жұмыс

Математика

5-сынып

А.Е. Әбілқасымова

 

Сабақтың соңы

2-минут

 

 

 

 

 

 

2-минут

 

Үйге тапсырма:  №172 есеп

Дереккөздерден  әлемнің 7 кереметі туралы малімет жинап,биіктігін тауып, 2,3,5,9,10 сандарына бөлінгіштігін  жазыңдар

 

 

Математика

5-сынып

А.Е. Әбілқасымова

Кері байланыс:  Бүгінгі сабақтан  алған әсері және не түсінді, не түсініксіз, оқушы  пікірі  Шағын  “Эссе” жазу

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат:

 

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

 

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ –мен байланыс Құндылықтарды анықтау

Саралауда “Тапсырма” тәсілі арқылы деңгейлік тапсырмалар жазылған кеспе қағаз түрінде жүргізуді жоспарладым

 Қалыптастырушы бағалау  дескриптор бойынша оқушы өзін-өзі бағалайды

 

 Пәнаралық байланыс:

Информатика,

Тарих, Жаратылыстану

Құндылықтарды анықтау:

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарыту.

 

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз  жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

 

Қорытынды бағамдау

 

 

 

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)

 

1:

 

2:

 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта  алды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)

 

1:Ынтымақтастық

 

2:

 

Сабақ барсында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағым жетілдіруге көмектесетін не білдім

 

 

 

 

         


 

В Натурал сандардың бөлінгіштігі

В Натурал сандардың бөлінгіштігі

Сабақтың ортасы: 17-минут 12-минут 3-минут 2-минут

Сабақтың ортасы: 17-минут 12-минут 3-минут 2-минут

Жаңа тақырыпты ашу « Жигсо » әдісі бойынша ой қозғау арқылы жаңа сабақтың негізгі тақырыбы мен мағынасын ашу

Жаңа тақырыпты ашу « Жигсо » әдісі бойынша ой қозғау арқылы жаңа сабақтың негізгі тақырыбы мен мағынасын ашу

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Ынтымақтастық 2: Сабақ барсында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағым жетілдіруге көмектесетін не білдім

Ынтымақтастық 2: Сабақ барсында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағым жетілдіруге көмектесетін не білдім
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2018