5-сынып, Сабак жоспарлары
Оценка 4.6

5-сынып, Сабак жоспарлары

Оценка 4.6
Занимательные материалы
docx
классное руководство
5 кл
14.05.2017
5-сынып, Сабак жоспарлары
5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары5-сынып, Сабак жоспарлары
5-сынып І тоқсан әдебиет 2015.docx
Күні  Сыныбы: 5 «А», «Б» Тақырыбы:  Мазмұндама «Маңдай тер» Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін арттыру, мазмұндама жазуға дағдыландыру. Міндеттері: 1.Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету;  2. Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру;  3. Ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру. Түрі: жазбаша бақылау  Әдісі: қорыту  Керекті құрал­саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер. Сабақтың барысы І.   Ұйымдастыру.  Амандасу,   түгендеу,   оқушылардың   зейінін,   назарын   психологиялық   жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.  2. Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкерлерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау; ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті   түрде   жазуға   тиісті   тірек   сөздер   мен   сөз   тіркестерін   тақтаға   жазып   қою;   түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою. Маңдай тер Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды. ­ Ата, «маңдай тер» деген не? – деп сұрады бірде Хамит. Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері тереңдеді. Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді. Қолына күректі ұстатты: ­ Қане, екі­үш көшет қазып ал! Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты. Хамит пора­порасы шығып терледі. Үйге келген соң да атасы жақ ашпады. ...Жылдар өтіп жатты. Көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс салды.  Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп, бақ ішіне келді. Қып­қызыл алманың біреуін үзіп, қолына ұстатты. Сондай дәмді!... ­ Маңдай тер деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі. Хамит атасын құшақтай алды.  (Б.Досымов, 128 сөз) Сөздік: жақ ашпау Жоспар:  1. Атамен әңгіме 2. Атасы демалыста 3. Сұрақ 4. Тоғайда 5. Көшет 6. Көшет – жеміс ағашы 7. Қызыл алма 8. Маңдай тер деген не? ІҮ. Сабақты қорыту: ­ Бүгінгі сабақта не істедік? ­ Не жайлы жаздық? ­ Оспанның ісі дұрыс па? ­  Бұл мәтіннен өзіңе қандай әсер алдың? Ү. Үйге тапсырма: қайталау Күні:  Сыныбы: 5 Тақырыбы:  Мазмұндама «Шие тергенде» Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін арттыру, мазмұндама жазуға дағдыландыру. Міндеттері: 1.Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету;  2. Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру;  3. Ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру. Түрі: жазбаша бақылау  Әдісі: қорыту  Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер. Сабақтың барысы: І.   Ұйымдастыру.  Амандасу,   түгендеу,   оқушылардың   зейінін,   назарын   психологиялық   жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.  2. Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкерлерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау; ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті   түрде   жазуға   тиісті   тірек   сөздер   мен   сөз   тіркестерін   тақтаға   жазып   қою;   түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою. Шие тергенде Әмина әже немерелері Жанат пен Қанатты ертіп, шие теруге орманға келді. Көп ұзамай қалың шиеге кезікті. Жанат   терген шиесін   қолындағы  ыдысына  салды.  Қанат   өзі  жинаған  шиесін  тойғанынша жеп, содан соң ойнап кетті. Таза ауада әрі жақсы дем алып, әрі шиеге тойып, олар үйлеріне көңілді оралды. Жанат әдейі арнап тергенін айтып қолындағы шиесін атасына әкеліп берді. Атасы шиенің біреуін алып,   дәмін  көрді.   Жанатқа   қатты  риза   болып,   оның   өзін  де     шие   жеуге   шақырды.   Жанат  орманда тойғанша жегенін айтты, дегенмен, атасының көңілін жықпай, аузына бір­екі шие салды. ­ Қанатжан, сен неге отырмайсың? Жанаттың шиесін же, ­ деді атасы босаға жақта тұрып қалған Қанатты көріп. Қатты ұялған Қанат көзі жасаурап, сыртқа ата жөнелді. (М.Төрежанов, 110 сөз) Сөздік: көңілін жықпау Жоспар:  1. Әмина әженің немерелері 2. Шие теру 3. Атасының риза болуы 4. Қанат қатты ұялды ІҮ. Сабақты қорыту: ­ Бүгінгі сабақта не істедік? ­ Не жайлы жаздық? ­ Оспанның ісі дұрыс па? ­  Бұл мәтіннен өзіңе қандай әсер алдың? Ү. Үйге тапсырма: қайталау Күні: Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Әдебиет пәнінің мақсаты мен міндеті Сабақтың мақсаты: тақырып мазмұнын меңгерту, әдебиет туралы түсінік беру.  Міндеттері: Білімділік: әдебиет пәнінің мақсаты мен міндеті жайлы ұғым қалыптастыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.        Тәрбиелік: ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге баулу, тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: сызба Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Жаңа сабақ. Әдебиет – өнердің бір түрі.  Әдебет  ­    араб  сөзі,  ол «үлгі  сөз» деген  мағынаны білдіреді. Ахмет Байтұрсынов әдебиетті «асыл сөз» деп атаған. Әдебиет Әдебиетте  адам  туралы,  адамдардың  өзара  қарым­қатынасы  туралы, өмірдің  сан алуан   қырлары   туралы,   табиғат   құбылыстары   туралы   халықтың   ойы,   арманы,   қиялы, түсінігі көркем түрде бейнеленеді. Осы көркем бейнелеуді көркем образ дейді. ІІІ. Бекіту.                   Үлгі сөз                                                  асыл сөз Білімнің қайнар  көзі                                                                 тәрбие құралы           Сөзмаржан:  Әдебиет – үлгі сөз, асыл сөз Кейіпкер – көркем шығарманың қаһарманы Көркем   образ   –   өмірдің,   дүниенің   көркем   бейнесі,   дүниені   танып   білудің   қиялдағы көрінісі Көркем шындық – қаламгердің ойдан шығарылған шындығы немесе көркем идеяларының әлемі Тас ескерткіштер – тарихи және мәдени маңызы бар тастар Қаламгер – автор Жағымды бейне – ұлы мұраттар арқалаған кейіпкер Сабағат – кеңес, консультация Сурет (сұңғат) – бейнелеу өнері ІV.Үйге тапсырма беру.             Тақырыпты мазмұндау. V. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау.  Күні: Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Тұрмыс­салт жырлары, түрлері, ерекшелігі Сабақтың мақсаты: тұрмыс­салт жырлары туралы мәлімет беру. Міндеттері: Білімділік: тұрмыс­салт жырлары туралы және оның түрлері мен ерекшелігі туралы мәлімет беру, білімдерін кеңейту. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.         Тәрбиелік: ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге баулу, ұлттық құндылықтарымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: кітапшалар, сызба Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тақырыптың мазмұнын сұрау. ІІІ. Жаңа сабақ. Фольклор – халықтың ауызша тудырып, ауызша таралып, ауызша сақталып келген шығармашылық өнері. Фольклор   –   ағылшын   сөзі,   «халықтың   ауызша   шығарған   шығармасы»   деген мағынаны білдіреді. Қазақ   ауыз   әдебиетінің   үлкен   бір   саласы   –   тұрмыс­салт   жырлары.   Күнделікті тұрмыста   өлең   айту   қазақтың   ең   қасиетті   салты   болған.   Ондай   өлеңдерді,   жырларды сондықтан да тұрмыс­салт жырлары деп атайды. ІV. Бекіту. o Ауыз әдебиетінің түрлері:  Тұрмыс –салт жырлары;  Мақал­мәтелдер;  Жұмбақтар;  Жаңылтпаштар;  Ертегілер;  Батырлар жырлары немесе эпостық жырлар;  Айтыс өлеңдер;  Аңыз әңгімелер. бата­ тілек жар­ жар Тұрмыс­ салт  жырлары бесік  жыры жоқтау беташар 1. Фольклор мен ауыз әдебиеті бір ұғым ба? 2. Ауыз әдебиетінің қандай белгілері бар? 3. Ауыз әдебиеті шығармаларының түрлі нұсқада кездесуі не себептен? 4. Бұрын кездеспеген қиын сөздердің мағынасын ашып түсіндіру марқасқа – нағыз мықты, зор жолды жігіт – жолы болған жігіт бұрынғының жолымен – дәстүрге айналған салт құнан қойып шайлатып – шайдың өзіне құнан қой сою сәрсенбі – қазақтардың түсінігінде жақсы істі бастайтын сәтті күн деп есептелген қотан – қой жататын жер тілдің желі – тілдің қуаты, күші V.Үйге тапсырма беру.           Мәтінді мазмұндау. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Жан­жануарларға, наурызға байланысты өлең­жырлар Сабақтың   мақсаты: таныстыру, мағнасын таныту. Міндеттері:  жан­жануарларға,   наурызға   байланысты   өлең­жырлармен Білімділік:  жан­жануарларға, наурызға байланысты өлең жырлар жайында ұғындыру, ауыз әдебиетінің көне түрі тұрмыс­салт жырлары туралы білім беру. Дамытушылық: мәнерлеп оқу, түсініп оқу дағдыларын дамыту; ұлттық сана, ұлттық тәлімді қалыптастыру. Тәрбиелік: көркем әдебиетті сүйіп оқуға, әдебиет өнерін бағалай білуге  тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, мәнерлеп оқу. Сабақтың көрнекілігі: суреттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.           «Тойбастар» өлеңін жатқа сұрау. ІІІ. Жаңа сабақ. Тұрмыс­салт жырларының тағы бір түріне бесік жыры, тұсаукесер жыры, жар­жар, тойбастар, беташар, бата­тілек, жоқтау жатады.  Тұрмыс­салт жырларының төрт түлік малға, наурызға арналған түрлері бар. Төрт түлік мал қазақ халқының күнкөрісінің көзі болған. Малдың өз төліне мейірленуін айту арқылы адам баласы өзінің де малға ерекше қарайтындығын білдіреді. Қазақ халқы да көптеген шығыс халықтары сияқты жылына бір рет күн мен түннің теңелген   мерзімін   мерекелейді.   Ол   ­   Наурыз   мерекесі   деп   аталады.   Наурыз   –   парсы сөзінен аударғанда жыл басы деген мағынаны білдіреді. Ол күн «Ұлыстың ұлы күні» деп ардақталады.  Наурыз кезінде айтылатын өлеңдер – тұрмыс­салт жырларының бір тармағы. Олар наурыз жыры деп аталады. ІV. Бекіту.  Бұрын кездеспеген қиын сөздердің мағынасын ашып түсіндіру  Сөзмаржан:  Медет – демеу, сүйеніш, таяныш  Пір – діни ұғым: қолдап­қорғаушы рух, аруақ  Қотан – мал түнейтін орын  Бура – айыр түйенің келеге түсетін еркегі  Жамшы – жамылғы, жапқыш  Төрт түлік малға және наурызға байланысты өлеңдерді мәнерлеп оқыту  Мағынасын ашу  Тұрмыс­салт жырлары дегеніміз не?  Тұрмыс­салт жырларының қандай түрлері бар?  Тұрмыс­салт жырларына нелер жатады?  Наурыз сөзінің мағынасы қандай?  Төрт түлік малдарды кім атайды? Түйе Сиыр Қой Жылқы Ешкі •Ойсылқара •Зеңгібаба •Шопаната •Қамбарата •Шекшеката V.Үйге тапсырма беру.             «Малдың баласын сүюін» жаттау. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі бата­тілектер, жоқтаулар Сабақтың мақсаты: бата­тілек, жоқтау жайлы түсінік беру. Міндеттері:  Білімділік: қазіргі кезеңдегі бата­тілектер, жоқтаулар туралы мәлімет беру, олардың тәрбиелік мәнін түсіндіру. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.              Тәрбиелік:  ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге баулу, батаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі:  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Малдың баласын сүюін» жаттау. ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту 1. Өмір берсең, бақытты қып бер, Дәулет берсең, қайырлы қып бер. Ұл берсең, ұнамды қып бер, Қыз берсең, қылықты қып бер, Ат берсең, жүрісті қып бер, Бала берсең, ырысты қып бер. 2. Екі досты айырған Түбінде өзі оңбайды. Көреген болса балаңыз, Қиынды көзбен болжайды. Өзіңнен туған ұл мен қыз Сыйламаса, сол – қайғы. Төле би Сұрақ ­ Қайсысы бата?  Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын­тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі­ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай­ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер   болып   келеді.   Бата   қысылғанда   —   қуат,   қиналғанда—медет   беріп,   әрбір   іс­ әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле­жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана   емес,   аруақтарға   да   жасалған.   Батасыз,   тілексіз   өмір   болмайды.   “Батамен   ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады. Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык,   адалдық   пен   арамдық,   обал­сауап   турасындағы   моральдық­этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Ас қайыру батасында үй иелерінің балаларының, немерелерінің, шөберелерінің өсіп­өнуіне, ағайындарының,   достарының,   жолдастарының   аман­есен   болуына,   өзара   араласқан, қауымдасқан тіршілік болмысының молшылығына, ұзақ өмірлі, дәулетті болуына жақын адамдарының бауырмалдық ықыласпен өмір сүруіне тілектер арналады. Мысалы: 1. Ас бергенге бас берсін, Өмірі ұзақ жас берсін. Кетпес дәулет, кең пейіл, Қайырымды дос берсін. ІV. Бекіту. ­ Бата дегеніміз не? ­ Батаны кімдер береді? ­ Қандай түрлері бар? ­ Өзің бата білесің бе? V.Үйге тапсырма беру.             «Бата» жаттау. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Мақал­мәтелдер Сабақтың   мақсаты:  мақал­мәтелдер   туралы   түсінік   беру,   олардың   айырмашылығын түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: оқушыларға мақал­мәтелдер туралы түсіндіру, олардың ерекшеліктері жайында мағлұмат беру. Дамытушылық: мәнерлеп оқу, түсініп оқу дағдыларын дамыту.        Тәрбиелік: көркем әдебиетті сүйіп оқуға, мақал­мәтелдерді пайдалану арқылы әдеби тілді көркемдеп сөйлеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: кітапшалар Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.            «Бата» жатқа сұрау. ІІІ. Жаңа сабақ. Мақал­мәтелдер  –  ауыз   әдебиетінің   бір   түрі.  Мақал­мәтелдерде   көбінесе   нақыл, ақыл   айтылады.   Жаманнан   сақтандырып,   жақсыны   үлгі   етеді.   Мақал­мәтелдердің мәндері, тақырыптары әр алуан: еңбек пен ерлік, жақсы мен жаман, достық пен қастық, ақыл мен өнер білім, ынтымақ пен бірлік, Отан туралы, т.б. Мақал­мәтелдер өлең сөз сияқты көркем, ұйқасып тұрады. Мақал – халық поэзиясының жанрлық түрі. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бере алатын ықшамды нақыл сөз. Мақалда ой тиянақты болады. Мақалдардың танымдық та, тәрбиелік те мәні зор.  Мәтелде   көбінесе   айтылатын   ойдың   ұшығы,   тұспалы   ғана   болады.   Мысалы, «Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен». Мұндағы ой тиянақты емес. ІV. Бекіту.   Бұрын кездеспеген қиын сөздердің мағынасын ашып түсіндіру зейнет – еңбек рақаты, жемісі, игілік елгезек – айтқанда екі еткізбейтін, тіл алғыш, пысық мұрат – алға қойған мақсат, арман, тілек тәуекел – бір іске жалтақтамай белді бекем буғандық батпан – қолақпандай, үп­үлкен мысқал – болар­болмас, азғантай, кішкентай , шөміш­ожау  Мақал­мәтелдерді оқытып, мағынасын ашу. V.Үйге тапсырма беру.             Мақал­мәтелдер жаттау. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау.  Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Мақал­мәтелдердің  тура және ауыспалы мағынада қолданылуы Сабақтың   мақсаты:  мақал­мәтелдердің   тура   және   ауыспалы   мағынада   қолданылуы туралы мәлімет беру. Міндеттері:  Білімділік: мақал мен мәтелдердің тура және ауыспалы мағынада олданылуы жайлы айту. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.        Тәрбиелік: ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге баулу, тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі:  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.            Мақал­мәтелдер жатқа сұрау. ІІІ. Жаңа сабақ. Мақалдар   тура   және   ауыспалы   мағынада   қолданылады.   Ауыспалы   мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”). Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір­бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Мәтелдердің мақалдан айырмашылығы мағынасы ашық болмай, ишарамен, тұспалмен айтылады. Мысалы: Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. ІV. Бекіту.           Салыстыру әдісі      Мақал                                                                Мәтел Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, мақалдарды толықтырыңдар. 1. Көп түкірсе­ ... 2. ... ерге нұр жауар 3. Жігітті­ ... таны V.Үйге тапсырма беру.            Мақал­мәтелдер жаттау. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Қанатты, нақыл сөздер Сабақтың мақсаты: қанатты, нақыл сөздер туралы мәлімет беру, білімдерін толықтыру. Міндеттері: Білімділік: нақыл сөздер мен қанатты сөздер туралы және олардың адам өміріндегі маңызы мен әдебиеттегі маңызы жайлы түсінік беру. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.        Тәрбиелік: ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге баулу, тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: би­шешен, ақын­жазушылардың қанатты, нақыл сөздері Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.           Мақал­мәтелдер сұрау. ІІІ. Жаңа сабақ. Қанатты сөздер– тұжырымды ой, әуезді ұйқасқа құрылған өрнекті сөз тіркестері. Қанатты сөздер көбіне егіз, жалқы, кейде 3 – 4 шумақтан тұрады. Көлемі бұл мөлшерден артса,   нақыл   өлең,   терме,   толғауға   айналып   кетеді.   Мақал­мәтелдерге   ұқсас   келеді. Қанатты сөздердің көбінесе авторлары белгілі болады. Қанатты сөздер  өлең түрінде де, сол секілді қара сөз түрінде де кездеседі. Қанатты сөздерді "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні" десе де болады. Нақыл   сөздер   (Афоризмдер)­   күрделі   мәселeлерді   терең   ете   дәл   жеткізетін   ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз. Ол ­ көп қырлы, түйіндеуге бай, көркемдік дәрежесі жоғары сападағы, қанатты сөз айшығы данышпан ақылдың төзінен, ой көзі айқын керінетін сөз жасаушы ұлы шебердің мүсіндеуінен шыққан іші ­ алтын, сырты ­ күміс сөз төресі. Нақыл сөздер үлгісі қазақ әдебиетінде ерте көзде­ақ ауызекі тіл өнерге, енегеге айналған шақтан бері қалыптасқан. Олар мақал­мәтелдермен қатар туып отырды. Әдетте, бұл нақыл сөздер ел аузында белгілі кісілердің атымен бірге жүрді, ал авторы ұмытылған сөздердің өзі де тарихи кісілердің атын жамылып отырды. Бұлай сақталу нақыл сөздердің бірден­бір өзіндік ерекшелігі болып табылады. Өзіңді   қарапайым   жылы   лебізіңмен   силата   білмесең,   құр   қаталдықтан   түкте шықпайды. А.П.Чехов. ІV. Бекіту.           Салыстыру әдісі      Қанатты сөздер                                         Нақыл сөздер Қанатты сөз бен нақыл сөздерді айыру. Өзіңді   қарапайым   жылы   лебізіңмен   силата   білмесең,   құр   қаталдықтан   түкте шықпайды. А.П.Чехов          Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғабит Мүсірепов                  Бұл   дәуірде   өз   тілін,   әдебиетін   білмеген,   қадірлемеген   адам   толық   мәнді интеллигент   емес   деуге   де   болады.   Себебі,   ол   қандайлық   мамандық   білімі   болса   да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов  Өз жұрттың ­ күншіл, Нағашы жұрттың – сыншыл, Қайың жұрттың міншіл келеді. Қартың болса, жазып қойған хатпен тең. V.Үйге тапсырма беру.            Қанатты, нақыл сөздер жаттау. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Жұмбақтар Сабақтың мақсаты: Міндеттері: Білімділік: оқушыларға жұмбақтар  туралы түсіндіру; білімдерін арттыру, жұмбақ жасыру да өнер екендігін ұғындыру. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.              Тәрбиелік:  көркем әдебиетті сүйіп оқуға, жұмбақтарды пайдалану арқылы әдеби тілді көркемдеп сөйлеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: кітапшалар, суреттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қанатты, нақыл сөздер сұрау. ІІІ. Жаңа сабақ. Жұмбақ – ауыз әдебиетінің ертеден кележатқан түрі. Ол­бір нәрсенің белгілерін екінші   нәрсенің   белгілері   арқылыжұмбақтап   айту   өнері.   Жұмбақ   мақал­мәтел   сияқты тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. жұмбақтар өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып айтып отырған. Жұмбақ болатын заттар: аспан әлемі, жыл мезгілдері, қоршаған табиғат, тұрмыстық заттар, мал, жан­жануарлар, адам, оның дене мүшелері, еңбек құралдары, т.б. Жұмбақ – адамның ой­өрісін, алғырлығын, білімін сынау үшін бір затты не табиғат құбылысын тұспалдап айтатын ауыз әдебиетінің бір түрі. Жұмбақ қарасөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де болады. ІV. Бекіту.    Бұрын кездеспеген қиын сөздердің мағынасын ашып түсіндіру бір демде – тез арада, лезде, дереу қайқы – қайқиған, имек елеуіш – ұн, тағы басқа заттар елейтін елек желін – сүт қоректі жануарлардың сүт бездері бордақылау – малды жемге байлау, семірту көген – қой, қозы­лақтарды мойындарынан желі арқанға қатарлап байлайтын бау жіптер тізбегі ақыр – астау, науа Сергіту сәті: үш қатармен мақал­мәтел жарысын өткізу 1. Көп түкірсе ­... .                Еңбек түбі ­ ... .                         Нар тәуекел – ... . 2. Ерді намыс өлтірер,         Жеті жұрттың тілін біл,       Айдағаның бес ешкі, ...                                         ...                                             ... 3. Қасықтап жианағанды   Ұлдың ұяты – әкеге                  Жаздың бір күні ...                                         ...                                                ... V.Үйге тапсырма беру.             Жұмбақтар жаттап келу. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Жаңылтпаштар Сабақтың мақсаты: жаңылтпаштар жайлы мәлімет беру, олардың маңызын түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: жаңылтпаштың әдебиет үшін маңызын түсіндіру, ол туралы түсініктерін кеңейту. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу  Тәрбиелік:  Оқушылардың   халық   ауыз   әдебиеті   арқылы   ұлттық   сезімін           мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.   оятып,кішіпейілділікке,ізеттілікке,адамгершілікке,топпен жұмыс істеуге үйрету. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі:  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.           Жұмбақты жатқа сұрау.  Жұмбақ дегеніміз не?  Жұмбақтардың  қандай түрлері бар? ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңылтпаш   —   қазақ   ауыз   әдебиетінің   шағын   жанры.   Жаңылпаш   ойын­сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын­сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән­жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге   тәрбиелеудің   маңызды   құралына   айналды.   Мысалы,   “Қамаштан   көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен”. ІV. Бекіту. ­ Жаңылтпаш дегеніміз не? ­ Қандай жаңылтпаштар білесіңдер? ­ Жаңылтпаштар не үшін қолданылады?  ­ Жаңылтпаштарды кімдер шығарады? ­ Жаңылтпаштар бұрын не үшін қолданылған? Жаңылтпаш сөзіне класстер әдісін жазаңдар. жаттықтыру  тілді  үшін әдебиеттің  шағын  жанры Жаңылтпаш тәрбиелік  мәні бар жаңылдыру  мақсатында  қолданылады V.Үйге тапсырма беру.            Жаңылтпаштар жаттау. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні: 23.09 Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Тіл ұстарту: мақал­мәтел айтудан сайыс өткізу Сабақтың мақсаты: мақал мен мәтелдің әдебиеттегі орны мен адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: мақал – мәтел айтудан сайыс өткізу арқылы оқушылардың тілін дамыту, тіл мәдениетін сақтауға үйрету. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.        Тәрбиелік: ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге баулу, тәрбиелеу. Сабақтың түрі: тіл ұстарту Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: таратпа парақшалар Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңылтпаштар сұрау. ІІІ. Жаңа сабақ. Тіліміздегі   мыңдаған   сөздерден   ойға   лайықты   сөз   таңдап,   оны   басқа   сөздермен тіркестіріп дұрыс сөйлем құрау   оп­оңай іс емес. Оған ұқыптылық, сауаттылық қажет және  үнемі жаттау қажет. ІV. Бекіту.         Берілген сөздер бойынша мақал айтудан жарыстыру.              Отан Дос Ынтымақ Білім V.Үйге тапсырма беру. Мақал­мәтелдер жайлы мәлімет  жинау, сөздік қорларын кеңейту. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Ертегілер туралы түсінік Сабақтың мақсаты: ертегілер туралы түсінік беру. Міндеттері: Білімділік: оқушыларға ертегілер туралы түсінік беру; ертегілердің ерекшеліктері жайында ұғындыру. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.        Тәрбиелік: көркем әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі:  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.           Мақал­мәтелдер жайлы мәлімет  жинау, сөздік қорларын кеңейту. ІІІ. Жаңа сабақ. Ертегілер   ауыз   әдебиетінің   ең   көне   жанрына   жатады.   Бұларда   көбінесе   өмірде   ойдан   шығарылған   оқиғалар сирек   кездесетін   немесе   мүлде   кездеспейтін, баяндалады.Олар ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан­ұрпаққа жеткен.  Ертегілердің көбінде халық арманы баяндалады.  Ертегілер көбінесе қарасөз түрінде айтылады. Кейде өлең сөз түрінде де кездеседі. Әдетте,   ертегілердің   басталулары   ұқсас   болады.   Мысалы,   «Ерте­ерте,   ертеде,   ешкі құйрығы келтеде», «Баяғы өткен заманда бір кемпір мен шал болыпты» деп басталады. Ал аяқталғанда «Сөйтіп мұратына жетіпті» деп аяқталады. Ертегілер хайуанаттар туралы, қиял­ғажайып, шыншыл ертегілер болып бөлінеді. Хайуанаттар туралы ертегідегі негізгі кейіпкерлер аң, құс, үй жануарлары болады. Ал қиял  ғажайып  ертегілерде  ер  жүрек,  батыр  адамдардың  басынан  кешкен  оқиғалар кездеседі. Шыншыл ертегілерге Аяз би сияқты ертегілер жатады. ІV. Бекіту.   Ертегі – ауыз әдебиетінің көп тараған түрі. Ертегілерде халықтың жақсы өмірді аңсаған арман­қиялы айрықша әсірелеп суреттеледі. Оның негізгі түрлері: жан­жануарлар туралы ертегілер, қиял­ғажайып ертегілер, шыншыл ертегілер.  Сюжет  деп оқиғаның дамуын және оқиғалардың өзгеріп, ауысып отыруын айтады. Сюжеттің белгілі бір құрылым болады. Оны композиция дейміз. Олар: басталуы (байланыс), оқиғаның дамуы, оқиғаның шиеленісуі және шарықтауы, оқиғаның аяқталуы немесе нәтижесі.  Ер Төстік  ертегісін оқыту.  Ертегі  дегеніміз не?   Ертегінің   қандай түрлері бар? V.Үйге тапсырма беру.            Ер Төстік ертегісін оқу, мазмұндау. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісі Сабақтың мақсаты: ертегінің мазмұнын игерту, тақырыбы мен идеясын ашу. Міндеттері: Білімділік: оқушыларға Ер Төстік ертегісі жайлы түсіндіру, ертегіні талдай білуге дағдыландыру. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.        Тәрбиелік: ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге баулу, тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі:  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.           Ер Төстік ертегісінің мазмұнын сұрау. ІІІ. Жаңа сабақ. Ер Төстік ертегісі­ қиял­ғажайып ертегіге жататын ертегілердің бірі.  Бұл   ертегі   де   әдеттегі   ертегілердей   «Ерте   заманда   бір   бай   болыпты»     деп басталады. Бұл ертегіде жақсы өмірдің болуын қалаған, қашықтықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды аңсаған халықтың арман­қиялы, даналығы  көкселген.  Ер Төстік ертегісі қарасөз түрендегі ертегі. ІV. Бекіту.  Бұрыннан   таныс   емес   сөздерді   сөздік   дәптерлеріне   жазғызу.   Мағыналарын ашу.  Сюжет  деп оқиғаның дамуын және оқиғалардың өзгеріп, ауысып отыруын айтады. Сюжеттің белгілі бір құрылым болады. Оны композиция дейміз. Олар: басталуы (байланыс), оқиғаның дамуы, оқиғаның шиеленісуі және шарықтауы, оқиғаның аяқталуы немесе нәтижесі.  Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасату  Әр бөлімге ат қойғызу  Сюжеттің құрылымы бойынша ертегіні талдау  Басталуы  Оқиғаның байланысы  Оқиғаның дамуы  Шарықтау шегі  Оқиғаның аяқталуы  Ертегі  дегеніміз не?  Ертегінің   қандай түрлері бар?  Ер Төстік қандай ертегі? Ондағы жағымсыз және жағымды кейіпкерлерді кім атайды? V.Үйге тапсырма беру.            Ер Төстік ертегісін оқу, мазмұндау. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісінің кейіпкерлері Сабақтың   мақсаты:  ертегінің   кейіпкерлерінің   қасиеттерін   топтау   және   оны   өмірдегі кейіпкерлермен салыстырту. Міндеттері: Білімділік:  Ер Төстік ертегісін талдауға үйрету, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыра білуге үйрету. Дамытушылық: әңгімені түсінгендері бойынша әңгімелеу арқылы тіл дамыту, түсініп оқу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: көркем әдебиетті сүйіп оқуға, әңгімені мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға  тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: кейіпкерлер бейнесі Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ер Төстік ертегісінің  мазмұнын сұрау. ІІІ. Жаңа сабақ. Ер   Төстік   ертегісінде   кездесетін   кейіпкерлер:   Ерназар,   Төстік,   Төстіктің   анасы, Кенжекей, Күңке, Шойынқұлақ, Бапы хан, Бекторы, Темір хан, Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ, Кеще  хан, Жалмауыз кемпір, т.б. ІV. Бекіту.  Оқушыларға ертегіде кездесетін кейіпкерлерді тапқызып, олардың әр қайсына әр балаға мінездеме жазғызу.  Бұрыннан таныс емес сөздерді сөздік дәптерлеріне жазғызу. Мағыналарын ашу.  Ертегі  дегеніміз не?            Ертегінің   қандай түрлері бар?  Ер Төстік қандай ертегі? Ондағы жағымсыз және жағымды кейіпкерлерді кім атайды?         Сөзмаржан: Матау – қатты байлау, бекіту. Тарғақ – далалы, шөлейтті жерлерде болатын кішкене, сұр түсті құс. Қулық бие – тұмса құлындаған бие. Жирен – қызғылт сары түс. Жабы – қазақ жылқысының нашар, қарабайыр тұқымы. Бесті ат – бес жасар жылқы. Ептейле  ­ икемдеу, ыңғайлау. Торғын – қымбат бағалы жұқа жібек мата.    Ер Төстік Көлтаусар Кенжекей Кейіпкерлер Таусоғар Шойынқұлақ Ерназар V.Үйге тапсырма беру.             Ертегіні толық мазмұндау. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Ертегінің идеясы. Жанрлық ерекшелігі Сабақтың мақсаты: ертегінің идеясын ашу, жанрлық ерекшелігін ашу, анықтау. Міндеттері: Білімділік: Ер Төстік ертегісін талдауға үйрету, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыра білуге үйрету. Дамытушылық: әңгімені түсінгендері бойынша әңгімелеу арқылы тіл дамыту, түсініп оқу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік:  көркем   әдебиетті   сүйіп   оқуға,   әңгімені   мәнерлеп,   нақышына   келтіріп оқуға  тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: бейнежазба Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ертегіні толық мазмұндау. ІІІ. Жаңа сабақ. Қиял­ғажайып   ертегілерінің   ішінде   неше   “Ер   Төстік”   түрлі   қызық   оқиғаларды суреттеуге қүрылғаны —“Ер Төстік”. Ертегінің негізгі идеясы — адам баласына қастық жасаушы жауьйдық күштерге қарсы күресу, оларды қарапайым адамның қалайша жеңгенін көрсету. “Ер Төстік” ертегісі төрт бөлімнен құралады. Бірінші бөлімінде — Ер Төстіктің тууы, ағаларын іздеп шығуы, Кенжекейге үйленуі және Бекторымен кездесу жайлары; екінші   бөлімінде   —   Ер   Төстіктің   Бапыхан   мен   Темірханның   елдеріне   баруы;   үшінші бөлімінде — Ер Төстіктің Шойынқүлақпен күресі; төртінші бөлімінде — Ер Төстіктің еліне қайтып келуі баяндалады. Төрт бөлімнен қүралған бұл ертегінің оқиға желістсрі бір­ бірімен   тығыз   байланысып   жатады.   Мүндағы   —   оқиғалар   ертегінің   бас   кейіпкері   Ер Төстік пен Кенжекей арқылы дамып, өрістеп отырады.   “Ер Төстік” ертегісінің өзіне тән бір ерекшелігі — оқиғалардың ғажайып халге, фантазияға қүрылуында, ер­тегінің кейіпкерлері жердің асты­үстін бірдей кезіп жүреді; әр түрлі қызық оқиғаларға кездесіп отырады. Осы ретте әр алуан күрделі образдар жасалады. Ертегінің   негізгі   идеясы   кейіпкерлердің   хал­жайын,   олардың   іс­әрекеттерін   суреттеу арқылы дамиды.   Ер   Төстік  —  ертегінің  басты   кейіпкері.  Оның   образы  ертегіде  әр   түрлі   жолмен жасалады. Белгілі мөлшерде Ер Төстік батырлар жырының кейіпкеріне, батырға ұқсап ке­ леді. Ол ертегінің алғашқы бөлімінде жолдасы да садақ, азығы да садақ болған мықты мерген батырдың бейнесіндс көрсетіледі. Ашаршылыққа ұшыраған әке­шешесін Ер Төстік құстың, аңның етімен асырайды. Мұны халық ертегісі Ер Төстіктің ерлігі, батырлығы деп дәлелдейді. ІV. Бекіту.           Оқушыларға ертегіде кездесетін кейіпкерлерді тапқызып, олардың әр қайсына әр балаға мінездеме жазғызу  Бұрыннан таныс емес сөздерді сөздік дәптерлеріне жазғызу. Мағыналарын ашу.  Берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасату  Сюжеттің құрылымы бойынша ертегіні талдау  Тест  «Ер Төстік» қандай ертегіге жатады? А) Жан­жануар ертегісі В) шыншыл ертегісі С) қиял­ғажайып ертегісі Д) аңыз әңгіме 2. Ерназардың неше ұлы болады? Бір жылы не болады? А) 7, Той болады В) 8, жұт болады С) 9, Айт болады Д) 10, ашықтық болады 3. Шаңырақтың күлдіреуішінде нені көреді? А) кер биенің төсін В) кер биенің жауырын С) кер биенің сүйегін Д) ала биенің төсін 4. Төстік қандай құсты қуып жүргенде өрмекті үзіп кетеді? А) торғай В) қарлығаш С) тоты  Д) тарғақ 5. Шешесіне шындықты айтқызу үшін қандай ала қолданады? А) қолына ыстық арпа салады В) қолына ыстық бидай салады С) Қолына ыстық күріш салады Д) қолына ыстық нан салады 6. Қылбұрау дегеніміз не А) арқан В) тұсау С) қалың жіп Д) шынжыр 7. Ерназар келіндерімен қандай жерге келіп тоқтайды. А) Сарыөзек В) Сорөзен С) Бойқұдық Д) Сорқұдық 8. Ерназар жалмауыз кемпірге Төстіктің несін тастап кетеді? А) алтын асығын В) алтын пышағын С) сауытын Д) егеуін 9. Жыланға айналатын хан кім? А) Бапы хан  В) Темір хан  С) Кеще хан  Д) Сапы хан 10. Шойынқұлақ кімнің баласы А) Бекторы перінің В) Жалмауыз кемпірдің С) Күңгенің Д) Бапы ханның 11. Шалқұйрық көлден нені шығарады А) алтынды   В) сандықты   С) қазанды  Д) садақты V.Үйге тапсырма беру.                    Ертегі құрау. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: «Аяз би» ертегісі Сабақтың мақсаты: ертегінің мазмұнын меңгерту, тақыры, идеясын ашу. Міндеттері: Білімділік:  оқушыларға   «Аяз   би»   ертегісі   туралы   түсінік   беру,   мазмұны   мен            Тәрбиелік:  оқушыларды   қайырымдылыққа,   мейірімділікке,   адамгерші­лікке, құрылымын талдату.              Білімділік:  оқушыларға  «Аяз би» ертегісі  туралы  түсінік  беру, мазмұны  мен құрылымын талдату.              Дамытушылық:   Оқушылардың   логикалық   ойын   кеңейту,   сөйлеу   мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.   татулыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі:  таратпа парақшалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ертегі құрау. Ертегі деген не? 1. 2. Ол нешеге  бөлінеді? 3. «Ер Төстік» ертегісі қай түріне жатады? ІІІ. Жаңа сабақ. Ертегінің ең басты мақсаты –   сюжетті барынша қызықты да таңғажайып етіп ала отырып, оны көркемдеп, әрлеп баяндау. Қазақ халық ертегілерінің ішінде мұндай үлгідегі ертегілер өте мол. Солардың бірі –  «Аяз би» ертегісі.   Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым,   парасатты,   адал,   шыншыл,   көреген,   тапқыр,   кішіпейіл,   іззетті,   көпшіл, қайырымды,   қанағатшыл.   Бұл   қарапайым   халық   бұқарасының   «елді   осындай   адам басқарса» деген арманынан туған бейне. Аяз   би     туралы   айтылатын   ертегі­аңыздардың   бәрінде   дерлік   Жаман   қойшының Мадан   хан   сынынан   өтуі,   үйленуі,   ханның   күншіл,   ақылсыз   қырық   уәзірін   өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей­кейде хандық тақтың буымен көңілім тасып, асып бара жатқандай болсам,   соған көзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сөйтіп ол  жыртық тоны мен жаман тымағын көрген сайын тәубасынан жаңылмай, өзіне­ өзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған.                      “Аяз би” ертегісі шыншыл ертегіге жатады.Шыншыл ертегіде қиялдан туған ғажайып   кейіпкерлер   болмайды.   Шыншыл   ертегі   кейіпкерлері   ­   күнделікті   өмірдегі қарапайым адамдар.Өмірді терең танып білген адамның артықшылығын көрсетуді мақсат етеді. Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы – аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс­әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде шындық оқиға мен қиял­ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Ол адам не батыр, не ел басшысы немесе әділ би, ақыл­парасатымен ел құрметіне бөленген беделді адам болуы мүмкін. ІV. Бекіту.          «Отбасы» әдісімен оқушыларға ертегі  мазмұнын меңгерту. V.Үйге тапсырма беру.  «Аяз би» ертегісін толық оқу, мазмұндау.  VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Ертегінің тақырыбы, идеясы Сабақтың мақсаты: ертегінің мазмұнын меңгерту, тақырыбы, идеясын ашу. Міндеттері: Білімділік: оқушыларға ертегінің мазмұны мен құрылымын талдату.            Тәрбиелік:  оқушыларды   қайырымдылыққа,   мейірімділікке,   адамгерші­лікке,              Дамытушылық:   Оқушылардың   логикалық   ойын   кеңейту,   сөйлеу   мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.   татулыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі:  таратпа парақшалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Аяз би» ертегісін толық оқу, мазмұндау.  ІІІ. Жаңа сабақ.  Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым,   парасатты,   адал,   шыншыл,   көреген,   тапқыр,   кішіпейіл,   іззетті,   көпшіл, қайырымды,   қанағатшыл.   Бұл   қарапайым   халық   бұқарасының   «елді   осындай   адам басқарса» деген арманынан туған бейне. Аяз   би     туралы   айтылатын   ертегі­аңыздардың   бәрінде   дерлік   Жаман   қойшының Мадан   хан   сынынан   өтуі,   үйленуі,   ханның   күншіл,   ақылсыз   қырық   уәзірін   өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей­кейде хандық тақтың буымен көңілім тасып, асып бара жатқандай болсам,   соған көзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сөйтіп ол  жыртық тоны мен жаман тымағын көрген сайын тәубасынан жаңылмай, өзіне­ өзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған.                      “Аяз би” ертегісі шыншыл ертегіге жатады. Шыншыл ертегіде қиялдан туған ғажайып   кейіпкерлер   болмайды.   Шыншыл   ертегі   кейіпкерлері   ­   күнделікті   өмірдегі қарапайым адамдар.Өмірді терең танып білген адамның артықшылығын көрсетуді мақсат етеді. ІV. Бекіту. Жоспар: 1.Құстың,шөптің,адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы.    Есірген хан елді ермек етер. 2. Жаманның  жақсы мен жаманды айыра білуі.     Ащы мен тұщыны татқан білер,     Алыс пен жақынды жортқан білер. 3. Жаманды ханның уәзір етіп алуы.      Ақыл ­ердің қорғаны. 4. Жаманның гауһар тасты сынауы.     Адам тілі тас жарады,     Тас жармаса, бас жарады. 5. Меңдінің Жаманды таңдауы.     Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара. 6. Жаманның сертке беріктігі.     Серке берік бол,     Досыңа серік бол. 7. Қырық уәзірдің Жаманмен араздастыруы.     Арсыз адам жала жауып аздырады,     Ақылды адам жол тауып оздырады. 8. Жаманның Барсакелмеске сапары.     Жігітке жар қымбат,     Намыс пен ар қымбат. V.Үйге тапсырма беру.  Талдау, кейіпкерлерге мінездеме беру.  VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Ертегіден көрінетін халықтың арман­тілегі Сабақтың мақсаты: ертегілердің не мақсатпен жазылатынын, ондағы халық тілегін ашып көрсету түсініру. Міндеттері:   тақырыпты   ашу. Білімділік:  Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу оқушыларға   өтілген   ертегілерді   талдау,           мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.  Тәрбиелік:  оқушыларды   қайырымдылыққа,   мейірімділікке,   адамгерші­лікке,   татулыққа,   жамандықтан   аулақ   болуға,   еңбекті   сүюге,   көркем   әдебиетті   сүйіп   оқуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі:  таратпа парақшалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Аяз би» ертегісін сұрау. Ертегі деген не? 4. 5. Ол нешеге  бөлінеді? 6. «Аяз би» ертегісі қай түріне жатады? ІІІ. Жаңа сабақ. Халық   өзінің   ертегілерінде,   қиял   түрінде   болса   да,   қоғам   өмірінің   көптеген мәселелерін қамтиды. Оларды халық тілегі, көпшілік мүддесі тұрғысынан әңгімелейді. Ертегілерде айтылатын әңгімелердің қайсысына болса да халық өзінше қорытынды жасап, әділ   бағасын   беріп   отырады;   нені   ұнататындығын,   нені   жек   көретіндігін   суреттейді. Мысалға   қазақ   халқының   тұрмыс­салтына   байланысты   туған   ертегілерін   алайық.   Бұл тақырыптағы   ертегілерде   ұшан­теңіз   мәселелер   көтеріледі;   үй   ішіндік   әңгімелерден бастап,   қоғамдық   мәні   бар   жайларды   баяндауға   дейін   барады.   Соллардың   бәрінде халықтың сыны да, міні де, қостауы мен құптауы да, т.б. айтылады. Неше түрлі жауыздық, зұлымдық істер және оны жасаушылар, ел арасын бүлдіріп жүрген ала аяқ қулар, т.б. халық   ертегілерінде­жиренішті   түрде   орын   алады.   Оларға   халық   өз   арасынан   шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама­ қарсы   қояды   да,   үлгі   етеді.   Мұндай   адамдардың   атқарған   қызметіне,   ерлік   ісіне сүйсінетіндігін аңғартады. ІV. Бекіту. 1­топ: 1. Хан шаңыраққа қарап, ойланып жатып, қырық уәзіріне қандай жұмбақ жасырады? (жау шапты, ел бүлінді, апат соқты) 2. Шалқұйрық пен Ер Төстік __________астына түсіп кетеді. (жер) 2­топ: 1. __________ қайда ? Неге келмейді? Іздеп тауып, әкелемін, –дейді. (аға) 2. Жаман Барсакелместен келгенде ханға не дейді?(Уәзірлер шығарып  салған соң, бір аш арыстан соңымнан қалмады. Мына жауды мұқатайын деп, қылышымды суырып алып қуып кеттім. Осы сіздің ордаға кірді ме деп отырмын) 3­топ:           1 .Қарақұс ер Төстіктің аяғына жығылып, айырылмас ______ болады. (дос)           2.Шегелеулі тымағы мен тонына қарап, Жаман не деп өз көңілін басатын? (« Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл)           «Кейіпкерге хат». Ойтолғау жаз.           Салыстыру. Аяз би ұқсастығы Ер Төстік V.Үйге тапсырма беру.  Өз арман­тілегіңді қосып ойдан ертегі жазу. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі Сабақтың мақсаты: ертегіні оқыту, мазмұнын меңгерту. Міндеттері: Білімділік: ертегінің мазмұнын меңгерту, мақсаты мен идеясын түсіндіру. Дамытушылық: ертегі арқылы оқушы ой ­ қиялына қозғау сала отырып, өз ой ­ пікірлерін айтуға, жоспар құра білуге дағдыландыру.          Тәрбиелік: оқушыларды мейірбандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: таратпа парақшалар Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өз арман­тілегіңді қосып ойдан ертегі жазу. ІІІ. Жаңа сабақ. Бүгінгі   өтетін   тақырыбымыз   «Керқұла   атты   Кендебай»   ертегісі.   Бұл   ертегінің негізгі идеясы – ізгі мұраттарды арқалағандар жеңіске жетеді. «Керқұла   атты   Кендебай»  ертегісін   бізге   жеткізген   халқымыз   Кендебайдың   ісін, әрекетін құптап, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп ұсынады да, хан балаларын күлкі ете көрсетеді. Көркем   шығармадағы   айтылатын   ойды   идея   дейміз.   Көркем   шығармадағы адамдардың көркем бейнесін кейіпкер дейміз. ІV. Бекіту. Жоспар. 1. Кендебайдың дүниеге келуі 2. Кендебайдың Керқұла аты 3. Мергенбай батырдық баласы 4. Керқұла атқа тіл бітуі 5. Хан ауылынан келген Кендебай 6. Теңселіп келе жатқан тау 7. Ақырған арыстанды жеңуі 8. Тұтқыннан босанған Ергенбай батыр 9. Ел қуанышы 10. "Керқұла атты Кендебай батырдың елі" Сөзмаржан: Кер – үлкен, алып, үлкен деген ұғым Құла – сары мен жиреннің арасындағы жылқы түрі Торсық – сусын құю үшін ысталған теріден жасалған ыдыс (Алты) кез – 71,12 см­ге тең ұзындық өлшемі Пұл –ақша, теңге Ау – балық ұстайтын үлкен сүзгі тор Дамыту: 1­қатар: Кендебайға мінездеме 2­қатар: Керқұлаға мінездеме 3­қатар: Қойшы баланың Кендебайға берген жауабын түсіндіріп, ата­ана туралы мақал­ мәтел айту. 2) 1­ қатар: Кендебай мен Төстік бейнесінде ұқсастық бар ма? 2­ қатар: Кендебай орнында сен болсаң, қойшы балаға қандай жақсылық жасар едің? 3­қатар: Кендебай бойында үлгі боларлық қандай қасиеттер бар? 3) «Дат» сөзінің мағынасын түсіндіру. 4) ас, ат, қыз, көр, той сөздерінің мағынасын түсіндіріп, қандай сөз болатынын айт. 5)   төбелері   көкке   жету,   құралайды   көзінен   тигізген,   көз   жасын   көл   қылу   сияқты тіркестердің мағынасын ашу. 6) Бұл ертегі неліктен қиял­ғажайып ертегіге жатады? (өз ойыңды дәлелде) V.Үйге тапсырма беру.            «Керқұла атты Кендебай» ертегісін мазмұндау. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Кейіпкерлер туралы Сабақтың мақсаты: кейіпкерлер туралы өз пікірлерін білу, олардың арман­тілегін ертегі мазмұны бойынша анықтау, қазіргі өмірмен салыстырту. Міндеттері: Білімділік: ертегідегі  кейіпкерлердің іс­әрекеттерін талдап, олардың әр қайсысына сипаттама  жазғызу.        Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу           мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.  Тәрбиелік:  оқушыларды   қайырымдылыққа,   мейірімділікке,   адамгерші­лікке,   татулыққа,   жамандықтан   аулақ   болуға,   еңбекті   сүюге,   көркем   әдебиетті   сүйіп   оқуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі:  таратпа парақшалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Керқұла атты Кендебай» ертегісін сұрау.  ІІІ. Сабақты түсіндіру, тапсырмалармен жұмыс:  1.Барлығына ортақ тапсырма: ертегідегі кейіпкерлерді жазу. 2. Әр топ бір кейіпкерді алып, оған сипаттама жазу керек. Кейіпкерлерді қайталауға болмайды. 1 ­ қатар: Кендебайға мінездеме 2 ­ қатар: Керқұлаға мінездеме 3 ­ қатар: Қойшы баланың Кендебайға берген жауабын түсіндіріп, ата ­ ана туралы мақал ­ мәтел айту: 2) 1 ­ қатар: Кендебай мен Төстік бейнесінде ұқсастық бар ма? 2 ­ қатар: Кендебай орнында сен болсаң, қойшы балаға қандай жақсылық жасар едің? 3 ­ қатар: Кендебай бойында үлгі боларлық қандай қасиеттер бар? ІV. Бекіту. ­ Ертегінің басты мақсаты не?           ­ Ертегінің жанрлық ерекшелігін кім айтады? ­ Бұл ертегі ертегінің қай түріне жатады?     V.Үйге тапсырма беру.         Әдебиет теориясы бойынша түсініктерді оқып келу. Кендебай мен қозы баққан баланың кездесу сәтін сахнаға бейімдеп, рөлдерді ойнауға топтары бойынша дайындалып келу. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау.  Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Жауыздық пен зұлымдықты ізгіліктің жеңіп шығатынына халықтың сенімі Сабақтың мақсаты: өмір шындығы жайлы ертегіден көрініс беретін тұстарын түсіндіру. Міндеттері: Білімділік:  Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу оқушыларға   өтілген   ертегілерді   талдау,   тақырыпты   ашу.           мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.  Тәрбиелік:  оқушыларды   қайырымдылыққа,   мейірімділікке,   адамгерші­лікке,   татулыққа,   жамандықтан   аулақ   болуға,   еңбекті   сүюге,   көркем   әдебиетті   сүйіп   оқуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі:  таратпа парақшалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Аяз би» ертегісін сұрау. Ертегі деген не? 7. 8. Ол нешеге  бөлінеді? 9. «Аяз би» ертегісі қай түріне жатады? ІІІ. Жаңа сабақ. Көп   ертегілерде   суреттелген   әділдік   пен   жауыздық   арасындағы   күрес   халықтың әділдікті   аңсау   арманынан   туған.   Әділдік   пен   адалдық   жолындағы   халық   ортасынан шыққан қаһарман жалпы адам бақыты үшін ешбір қауіп қатерден тайынбай, үрейлі алып күштерге қарсы айқасқа түседі. Әділеттіктің жақтаушысы ретінде мерген, батыр, айлалы, ақылды адамдар бейнеленген. Олар қарапайым адамдар. Бірақ алдына қойған мақсатты биік,   сондықтан   да   ертегілер   көбіне   жақсылықпен   аяқталады,   әділдік   жақтаушысы адамның мерейі үстем болумен тынады. Кедей,   жесір   кемпірдің   баласы   немесе   әке­шешесі   жоқ,   өмірі   кедейліктен   көз ашпаған тазша өзінің ақыл­айласы, тапқырлығымен ханды, оның уәзірлерін жеңіп, ақыр аяғында хандықты не уәзірлікті өз қолына алады. Ертегінің аяғы жақсылықпен аяқталады. ІV. Бекіту.           Салыстыру. «Аяз би» «Керқұла атты  Кендебай» «Ер Төстік»                    «Ертегіден көрінетін жауыздық пен ізгілік» ойтолғау жазу. V.Үйге тапсырма беру.  «Мен егер батыр болсам...» эссе жазу. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау.  Күні:  Сыныбы: 5 Пәні: Әдебиет Тақырыбы: «Қырық өтірік» ертегісі Сабақтың   мақсаты:  «Қырық   өтірік»   ертегісінің   мазмұнын   меңгерту,   негізгі   идеясын түсіндіру. Міндеттері:        Білімділік: ертегінің мазмұнын ашып, талдау.              Дамытушылық: ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу.              Тәрбиелік:  көркем әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу, жамандықтан аулақ болып, адамгершілік тәрбие беру. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі:  суреттер, таратпа парақшалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.        «Мен егер батыр болсам...» эссе жазу. ІІІ. Жаңа сабақ. Ертегі оқиғасы проза түрінде де, өлең түрінде де болады. «Қырық өтірік» ертегісі – соның   бір   мысалы.   Бұл   ертегінің   басқа   ертегілерден   өзгешелігі   айтушыдан   аса таланттылықты талап етеді. Ертегінің шартының өзі – бір түйір шындық қоспау керек. Сюжетінің тартымды, қызық болатыны да сондықтан. Ал өлең сөзбен баяндауда автор оқиғаны баяндап жеткізумен бірге өлең сөз талабын (ұйқас, ырғақ, т.б.) орындауы қажет. ІV. Бекіту.          «Автор орындығы» әдісі бойынша ертегінің мазмұнын сұрау. Ділмәр ­ тілге шешен, сөзге бай Сүймен ­ құрал түрі Кездік – кішкентай пышақ Абжылан ­ үлкен жылан, қан ішер Мінезі Батыл, өжет Тапқыр Шапшаң Шешен Білімді, ақылды Топтық жұмыс: 1. Тазша бала хат жазу 2. Өтірік өлең құрастыру 3. Өтірік әңгіме құрастыру Салыстыру.  Венн диаграммасы Әңгіме, өлең шығаруы                                      Қай оқиға тұсында Ханның алдына келуі ­ Тазша   бала Ұқсастығы Аяз би (ерекшелігі) (ерекшелігі) ­ Тазша өзі 40 өтірік өлең   әңгіме, шығарды Екеуі   де   хан   бұйрығын орындады ­ Хан   алдына   өзі Екеуі де тапқыр келді ­ қиялшыл Екеуі де ақылды шешен батыл ­Ханның   сұрақтарына тапқырлықпен   жауап берді. ­Ханның уәзірлері  әкелді ­сыншы алдына   Ертегі желісі бойынша сурет салғызу. 1­сурет. Инеліктерге жүк артып көшіп бара жатқан көрініс 2­сурет. Шегірткенің мұртына атты арқандау 3­сурет. Ақсақ қоңызға отырып, қоянды қуған адамның суреті, т.б. Оқиға кейіпкерлеріне мінездеме беру Оқиғаның кейіпкері Іс­әрекеті Адами қасиеті Баға беру Тест 1. «Қырық өтірік» ертегісі ертегінің қай жанрына жатады? а) шыншыл ә) қиял­ғажайып б) аңыз в) хайуанаттар жайлы 2. Ертегінің басты кейіпкері кім? а) Хан ә) Тазша бала б) Инелік в) Халық 3. « — Жаным­ай, жас бала көрінесің! Сенен естияр талай адамдар да айтамын деп келіп, айта алмай кеткен. Жарқыным, өлуге асығып жүрген не қылған баласың? Тілімді ал да, қайта ғой!» ­ кімнің сөзі? а) Хан ә) Тазша бала б) Инелік в) Халық 4. «Құрығым аласа болған шығар»,— деп, құрықтың басына ... жалғадым, көрінбеді. а) қынымды ә) тебенді б) пышағымды в) қамшымды V.Үйге тапсырма беру.  Қырық өтірік ертегісіне жоспар жазу. «Өтірік өлеңді» оқу.  VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Өтірік өлең Сабақтың мақсаты:  өтірік өлеңнің мазмұнын меңгерту, идеясы мен тақырыбын ашу. Міндеттері: Білімділік:  Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу оқушыларға   өтілген   ертегілерді   талдау,   тақырыпты   ашу.           мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.  Тәрбиелік:  оқушыларды   қайырымдылыққа,   мейірімділікке,   адамгерші­лікке,   татулыққа, өтірік айтпауға, жамандықтан аулақ болуға, еңбекті сүюге, көркем әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Қырық өтірік» ертегісін сұрау. 1. Ертегі деген не? 2. Ол нешеге  бөлінеді? 3. «Қырық өтірік» ертегісі қай түріне жатады? ІІІ. Жаңа сабақ. Өтірік   өлең–   қазақ   халқының   тұрмыс   салтына   байланысты   туындаған   ауыз әдебиетінің   көне   үлгісі.   Шендестіру   арқылы   бір   заттың   екінші   заттан   өзгешелігін, артықтығын көрсету өтірік өлең жанрының басты ерекшелігі саналады. Өтірік өлең әзіл­ оспаққа құрылып, көбіне той­думанда, ойын­сауықтарда айтылған. Халық поэзиясында айрықша   тапқырлық   пен   өмір   шындығын   өзгертіп,   қисынсыз   түрге   келтіріп   айтудың шеберлік белгісі ретінде бағаланған. Өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі нақтылы шындықтан алынғанымен, ондағы іс­әрекет шынайы өмірге жанаспайды: “Аспанға алты жерден   тіреу   қойдым,   Той   қылып,   мың   масаны   сонда   сойдым”   деген   сияқты фантастикалық қиялға, күлкіге құрылады. ІV. Бекіту. 1. «Қырық өтірік» атты әңгіменің тууына себепші болған  оқиғаны баяндап, мәтіннен тауып оқы. 2. Тазша баланың қырық өтірік әңгімесін өз алдына оқып, бөлімдерге бөл:  а) жоғалған құлын хикаясы; ә) қоянның оқиғасы; б) етіктің шатағы. 3. Әр бөлімнің мазмұны мен оның ішіндегі өтірік әңгімені бөлек айт, оның неге өтірік екенін дәлелде, күлкінің әсері қандай екенін айт. 4. Өтірік өлеңнің әр шумағының мән, мағынасын түсіндір. 5. Ертегінің басталуы мен аяқталуында алдындағы ертегілермен ұқсастығы бар ма? 6.   «Қырық   өтірік»     ертегісін   ертегілердің   шыншыл   түріне   қандай   сипаты   жағынан жатқызуға болады? 7. Өздерің де өтірік өлең жазып көріңдер.           Ертегінің басты мақсаты не? Ертегінің жанрлық ерекшелігін кім айтады?  Бұл ертегі ертегінің қай түріне жатады?          V.Үйге тапсырма беру.  Өтірік өлеңнен үзінді жаттау. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Ертегілерден көрінетін халық арманы, даналығы Сабақтың мақсаты: ертегілердің негізгі жазылу ерекшелігін түсіндіру, ондағы жасырын ойды аша алу. Міндеттері: Білімділік:  Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу оқушыларға   өтілген   ертегілерді   талдау,   тақырыпты   ашу.           мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.  Тәрбиелік:  оқушыларды   қайырымдылыққа,   мейірімділікке,   адамгерші­лікке,   татулыққа, өтірік айтпауға, жамандықтан аулақ болуға, еңбекті сүюге, көркем әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өтірік өлеңнен үзінді сұрау. ІІІ. Жаңа сабақ. Халық   өзінің   ертегілерінде,   қиял   түрінде   болса   да,   қоғам   өмірінің   көптеген мәселелерін қамтиды. Оларды халық тілегі, көпшілік мүддесі тұрғысынан әңгімелейді. Ертегілерде айтылатын әңгімелердің қайсысына болса да халық өзінше қорытынды жасап, әділ   бағасын   беріп   отырады;   нені   ұнататындығын,   нені   жек   көретіндігін   суреттейді. Мысалға   қазақ   халқының   тұрмыс­салтына   байланысты   туған   ертегілерін   алайық.   Бұл тақырыптағы   ертегілерде   ұшан­теңіз   мәселелер   көтеріледі;   үй   ішіндік   әңгімелерден бастап,   қоғамдық   мәні   бар   жайларды   баяндауға   дейін   барады.   Соллардың   бәрінде халықтың сыны да, міні де, қостауы мен құптауы да, т.б. айтылады. Неше түрлі жауыздық, зұлымдық істер және оны жасаушылар, ел арасын бүлдіріп жүрген ала аяқ қулар, т.б. халық   ертегілерінде­жиренішті   түрде   орын   алады.   Оларға   халық   өз   арасынан   шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама­ қарсы   қояды   да,   үлгі   етеді.   Мұндай   адамдардың   атқарған   қызметіне,   ерлік   ісіне сүйсінетіндігін аңғартады. ІV. Бекіту.            Ертегілердегі халық арманы қай жерден көрінеді, соны дәлелмен жазу.           «Керқұла атты Кендебай»   «Қырық өтірік»  «Өтірік өлең»                     Халықтың арман – қиялы қандай болған? Олар нені аңсаған, нені көксеген? Халықтың даналығы қай ертегіде үстем болып тұр?          V.Үйге тапсырма беру.  Өзіңе ұнаған ертегіні мазмұндап, талдап келу  VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау.  Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Тіл ұстарту: Өз беттерінше ертегі құрастыру Сабақтың мақсаты: тіл мәдениеттерін қалыптастыруға ықпал жасау, қиялдарын ұштауға сеп болу. Міндеттері: Білімділік: тіл мәдениетіне қойылатын талаптарды таныта отырып, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.        Тәрбиелік: ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге баулу, тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Тіл ұстарту  Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқып келген ертегісін сұрау. ІІІ. Жаңа сабақ. Фольклордың   қара   сөзбен   айтылатын,   ерекше   мол   түрінің   бірі   —   ертегі.   Ол халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі. Осы ауызша әңгімелері, ертегілері арқылы еңбекші халық бақыт туралы, еркін өмір, жайлы мекен туралы үміт, армандарын баяндайды. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық уақиғалар шындықтан гөрі, көбіне қиял дүниесі тудырған. Ғажайып хал, қиял әңгімелері, орасан уақиғалы қазақ әңгімелері, салтпен, тарихпен байланысты оқшау әңгімелер — бәрі де ертегінің түрлері. "Ертегі" деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде "ертек" деп те айтылады. Содан ертегі айтушыны "ертегіші", "ертекші" дейді. Осы аты көп ертегінің басында әдейі айтылып, аумай аталып та отырады. Қазақ ертекшісінің де көптен­ көп ертегісін: "ертеде бір бай бопты", "ертеде бір хан бопты", "ертеде бір кемпір мен шал бопты" деп бастайды. Немесе "ертек­ертек ерте екен" деген сияқты көп ертектерге ортақ, ерекше өлеңше бастаумен келеді.  Ертегілер деп қандай әңгімені айтамыз?  Ертегілер қалай тараған?  Қазақ ертегілерінің түрлерін атаңдар  Олардың ерекшіліктері қандай?  Тұрмыс – салт ертегілерінің кейіпкерлері кімдер?  Қиял   –   ғажайып   ертегілері   кейіпкерлерінің   қандай   ерекшеліктері   бар?   Оларға көмектесетін ғажайып кейіпкерлерін атап айтыңдар  Қазақ ертегілері қалай басталады? ІV. Бекіту. 1. Қиял­ғажайып ертегі құрау. 2. Шыншыл ертегі құрау. 3. Хайуанаттар жайлы ертегі құрау. V.Үйге тапсырма беру.  Ертегі құрау. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Аңыз­әңгімелер, шешендік сөздер. Асанқайғының жерұйықты іздеуі Сабақтың   мақсаты:  аңыз­әңгімелер   жайлы   түсінік   қалыптастыру,   Асанқайғы   жайлы мәлімет беру, әңгіменің мазмұнын игерту. Міндеттері: Білімділік: аңыз­әңгімелер туралы оқушыларға түсінік беру, Асан қайғы туралы мәлімет айту Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.        Тәрбиелік: ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге баулу, тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: сурет. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ертегі құрау. ІІІ. Жаңа сабақ. Ауыз  әдебиетінің  бір  алуан  саласы  – аңыз. Аңыз  белгілі   бір  адамның  атына, іс­ әрекетіне байланысты туады. Аңыздарда шындық оқиға мен қиял­ғажайып оқиға аралас келіп отырады.  Аңыздар көбінесе тарихта болған адамдарға құрылады. Содан ел аузына әңгіме, жыр ретінде тарап, ұрпақтан­ұрпаққа жеткізіліп отырған. Қазақ аңыздарындағы Асанқайғы, Жиренше, Қорқыт, Жошы хан сияқты кейіпкерлер – бәрі де тарихта болған, ел басқарған адамдар, кейін олардың әрекеттері айтыла­айтыла аңыз болып кеткен. Асан қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы 1361­1370 жылдар аралығында Еділ бойында туса керек. Тарихи аңыздар Асанның әкесі саятшы екен дейді.   Асан ХҮ ғасырда өмір сүрген   жырау.     Асан   қазақтардың   бұрынғы   Көк   Орда   жеріндегі   үкімі   артып,   қазіргі Қазақстанның орталық және солтүстік­батыс алқабын қайтадан иеленген уақыты – 1465 жылы   әлі   тірі   болса   керек.   Аңыздың   айтуынша,   ақын   Сарыарқада   –   Ұлытауда   дүние салыпты.  Ш. Уалиханов ағамыз «Асанқайғы – көшпелілер философы» деп айтқан. Асан қайғының көптеген толғалуры бар: «Таза мінсіз асыл тас», «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің», “Көлде жүрген қоңыр қаз», «Қырында киік жайлаған», т.б. ІV. Бекіту. ­ Бұрыннан таныс емес сөздерді сөздік дәптерлеріне жазғызу. Мағыналарын ашу.           Қазақ аңыздары – тарихта болған адамдардың айтқан сөздері, істеген игі әрекеттері біреуден­біреуге айтыла­айтыла аңызға айналып кеткен. Сұрақтарға жауап беріңдер: 1.Асанқайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, арманы неде деп ойлайсыңдар? 2. Маңғыстау жері туралы не деген?Түсіндір. 3. Жетісуды қандай адамға ыңғайлы жер деген? 4. Аспара деген қай жер? 5. Баянауылды Асанқайға өзіне қандай қоныс етіпті? 6. Жуалы жер туралы қалай деген екен? 7. Қарсақбай аймағын туралы не айтыпты? 8. Шыңғырлау өзенін көргенде, төрт түліктің қайсысына шұрайлы жер екен депті? 9. Асанқайғы қай жерде қайтыс болған? 10. Сендер үшін жерұйық қай жер деп ойлайсыңдар? ­   Әр   адам   өміріне   мақсат   қояды.   Асан   қайғы   бабамыз   еліне   жұмақ,   Жерұйық   іздеп бармаған тау мен тасы, орман мен көлі болмапты. Сұрақ: Ал сендердің елім үшін, жерім үшін,  Отаным үшін деп алға қойған мақсаттарың қандай? Сендер халыққа қандай жақсылық жасағыларың келеді? ­ Өзіңнің туған жеріңе Асанқайғыша баға бер. Қарағанды қандай жер?Қарағандыда тұрған адам қандай шаруашылықпен айналысса ыңғайлы деп ойлайсыңдар? V.Үйге тапсырма беру.             «Асанқайғының жерұйықты іздеуін» мазмұндау. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні: Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Ақсақ құлан, Жошы хан Сабақтың мақсаты: Ақсақ құлан, Жошы хан жайлы мәлімет беру, әңгіменің мазмұнын меңгерту. Міндеттері: Білімділік: аңыз­әңгімелер туралы оқушыларға түсінік беру, Жошы хан  туралы мәлімет айту Дамытушылық:   оқушылардың   сөйлеу   тілін   жетілдіру,   ізденіске   баулу. Тәрбиелік: көркем әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу, жамандықтан аулақ болып, адамгершілік тәрбие беру. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: Жошы ханның суреті. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.             «Асанқайғының жерұйықты іздеуін» мазмұндау. ІІІ. Жаңа сабақ. Аңыз кейіпкері Жошы хан – тарихта болған адам, атақты жаһангер Шыңғыс ханның үлкен   ұлы.   Аң   аулауға   шыққанда   Жошының   ұлын     құлан   шайнап   өлтіреді.   Мұндай аңыздың болғандығын тарих растайды.  Ханға баласының қаралы хабарын жеткізуші адамның жазасы – өлім. Баламды естірткен адамның құлағына қорғасын құямын деп жарлық қылады. Қара халықты өлім жазасынан құтқару үшін, домбырашы күй тарту арқылы ханға жеткізеді. Осы естіртуден кейін хан домбырашыға тиіспей, оның домбырасына қорғасын құйған екен дейді. ІV. Бекіту.          Бұрыннан таныс емес сөздерді сөздік дәптерлеріне жазғызу. Мағыналарын ашу.          Қазақ аңыздары – тарихта болған адамдардың айтқан сөздері, істеген игі әрекеттері біреуден­біреуге айтыла­айтыла аңызға айналып кеткен. ­ Сұрақтарға жауап беріңдер: 1.Жошы хан деген кім? 2.Жошы ханның әрекеті туралы сендер не дейсіңдер? 3.Әке қайғысын қалай сезінесіңдер? 4.Домбырашы не үшін ханға күй арқылы естіртті деп ойлайсыңдар? 5.Осы аңыз туралы кино немесе мультфильм көргендерің бар ма? 6.Онда бұл аңыз қалай сипатталады? ­   Өздеріңді   халықтың,   домбырашының   орнына   қойып   көріңдер.   Осы   жайсыз   хабарды сендер   қалай   естіртер   едіңдер?   «Жошы   ханның   баласының   өлімін   естірту»   деген тақырыпта естірту­өлең шығарып көріңдер.  Кейс технологиясы арқылы жұмыс жүргізу: Оқушылар топтарға бөлініп, өз ішінен төмендегідей рөлдерді бөліп алады.           Баяндаушы: оқиғаның мазмұнын толық айтып, түсіндіреді.                    Қарсы сұрақ қоюшы: осы шығармамен келіспейтіндігін айтып, шығармадағы келеңсіз жағдайдар туралы ой өрбітеді. (Жошы ханның қатігездігі, т.б.)                    Дәлелдеуші: қарсы сұрақ қоюшының сұрақтарына нақты дәлел тауып айтуға тырысады.           Сараптаушы: екі жақтың қорытынды шешімін айтып,  дұрыс, бұрысын сараптайды. V.Үйге тапсырма беру.           «Ақсақ құлан, Жошы хан» мазмұндау. Жырдан үзінді жаттау. 94­бет. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау. Күні:  Сыныбы: 5  Пәні: Әдебиет Тақырыбы: Сыныптан тыс оқу. Қожанасыр, Алдаркөсе туралы аңыз­әңгімелер. Сабақтың мақсаты: Қожанасыр, Алдаркөсе туралы мәлімет беру. Міндеттері: Білімділік: Қожанасыр, Алдаркөсе туралы мәлімет беру. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.        Тәрбиелік: ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге баулу, тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ­жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі:  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу ә) түгендеу б) оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.          «Ақсақ құлан, Жошы хан» мазмұндау. Жырдан үзінді жаттау. 94­бет. ІІІ. Жаңа сабақ. Қожанасыр (араб.: احج نیدلارصن ходжа насруддин) – түркі халықтары арасына Орта ғасырда (13­ші н­се 14­ші ғасырларда) кең тараған күлдіргі әңгімелердің кейіпкері. Әңгімелерде Қожанасыр бірде қу, бірде аңқау, бірде өткір тілді қалжыңбас бейнесінде сипатталады. Қожанасыр туралы әңгімелер бүкіл Орта, Кіші және Алдыңғы Азия, Арабия, Грекия,   Румыния,   Сербия,   Еділ   бойы,   Кавказ   халықтары   фольклорында   Молла Насреддин, Қожа Насреддин, Насреддин әпенді деген аттармен кең тараған. Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады.[1] Оның   мақсаты   –   сараң   байды,   пайдакүнем   саудагерді,   озбыр   ханды,   т.б.   әжуа   ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Алдаркөсе түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға.   Бұл   Алдаркөсе   жайындағы   аңыз   әңгімелердің   ежелден   келе   жатқан   көнелігін, әлеуметтік   мәнділігін   көрсетеді.   Оның   өмірде   болғанын,   қай   заманда   өмір   сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. ІV. Бекіту.          Қожанасыр кім?          Алдаркөсе кім?          Неге оны Алдаркөсе деп атаған?          Қазіргі заманда мұндай адамдар бар ма? V.Үйге тапсырма беру.           Қожанасыр, Алдаркөсе туралы аңыз­әңгімелер оқып келу. VІ. Оқушы білімін бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау.

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары

5-сынып, Сабак жоспарлары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.05.2017