9 сынып, өзін-өзі тану
Оценка 4.8

9 сынып, өзін-өзі тану

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
9 кл
21.10.2017
9 сынып, өзін-өзі тану
Өзін-өзі тану пәнінен 9 сыныпқа арналған Татулық-достық кілті тақырыбындағы жаңа бағыттағы сабақ жоспары.Тақырып мақсаты білім алушыларды татулықтың маңыздылығы мен мәні туралы әңгімелей отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Сабақ құрылымында барлық құрылымдар қарастырылған.Сабақ нақты және өз мақсатымен тақырыбын аша алады
Татулық-достық кілті.docx
Мектеп: Ө.Сахипов атындағы  ЖОББМ Мерзімі:12.01.2017                                          Мұғалім:Имашова Нұршат Сынып:9                                                                  Оқушылар саны:10 Тақырыбы:   «Татулық – достық  кілті» № 17 сабақ Құндылық:  Дұрыс әрекет  Қасиеттер: шынайылық, қамқорлық, жауапкершілік Сабақтың  мақсаты: Білім алушыларды татулықтың маңыздылығы мен мәні туралы әңгімелей   отырып, дұрыс әрекет  құндылығының мәнін ашу.  Міндеттері: ­білім алушыларды өмірде шынайы   болуға үйреті. ­ білім алушыларды қамқорлыққа  тәрбиелеу ­білім алушылардың бойындағы жауапкершілік  қасиетін дамыту. 1. 1.Ұйымдастыру кезеңi.5­Т ережесі Тыныштық сәті : Нұрға бөлену             2. 2.Үй тапсырмасын тексеру: 3.   94 беттегі 17 сабақтың  «Құстар торға қалай түсі?»  үнді аңызы. Талқылау  сұрақтары: ­ Аңыздан қандай ой түйдіңіз? ­ Адамдар неліктен бір­бірімен ренжіседі? ­ Татулықтың адам өмірінде маңызы бар ма? 4. 3.Дәйексөз. «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық»        Мұхтар Әуезов ­ Татулықтық адам өміріндегі маңызы? 5. 4.Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы) Отбасы татулығы Аңыз әңгіме Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті.Отбасындағы адамдар саны өте көп  екен,бір қауым ел болып,бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен,отбасының  өзара келісімде,татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады.Оларда ұрыс­ керіс,дау­жанжал деген атымен болмайды екен.Бұл отбасы жайлы  патшаның құлағынада жетеді.Патша естігенінің ақ­қарасын анықтау үшін  ауылға келеді.Ауылда тап­таза,барлығы да жеткілікті,тыныштық пен  береке қонған.Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа  бөленеді.Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны  төрде,уайым­қайғысыз,балалары бақытты,мәз­мейрам екен.Бұған патша  таң­тамаша болды.Отбасының қалайша бақытты,тату­тәтті өмір сүруінің  Ресурстар:(құралдар,  мәліметтер) Сабақтың  барысын  талдау: Мұхтар Әуезовтің бар  ғұмыры ғасырлар  қойнауынан жеткен қара  сөз бен өлең сөздің құпия  қатпарларын зерттеп,  танып, көкеймен  қабылдап, оның туған  этносына ғана ерекше  сұлу, сырлы, терең  көрінетін жұмбақ  қасиетіне қасиет қосып,  құнарлы тілдің тұқымын  егіп, жемісін сан ұрпаққа  мәдени мұра етіп  қалдырумен өтті мәнісін білгісі келді.Ол ауыл ақсақалына келіп,отбасындағы татулық пен  бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінді.Қарт үнсіз ғана жүз рет  «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият  жазып берді.Үш сөзді оқып патша таң қалып осы –ақ па? ­Иә деді ақсақал.Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден  құралады,­деді де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып  қойды. Талқылау сұрақтары: ­ Аңыз әңгіме не туралы? ­ Отбасының татулығын ұстап тұрған қандай қасиеттер екен?  ­ Сендер тату болу үшін не істер едіндер?  5.Шығармашылық жұмыс 1 топ: Жағдаятты талдау. ­Қара бала, қара бала! Оқыс дауыс қатты естілді. Ғалия апай жалма­жан терезеге үңілді. Сыныпқа жаңа келген негр баланы барлық балалар мазақ қылып жүр екен. Қалай  балаларды бір­бірімен достастырамын деп ойлады мұғалім. Бір кезде әлгі  баланы өздерінен бір жас кіші оқитын Әлібек жетелеп алып келгенде  мұғалім таң қалды. Қоңырау соғылысымен ол Әлібектің сыныбына барып: ­Әлібек,Джонды сен қайда алып бардың?­деп сұрады. Мен оған дос  болайық дедім. –Ол не деді? –Ол қатты қуанды. Менімен дос болатынын  айтты. Міне батыр. Жүр ағаларыңа барып сенің батырлығыңды паш етейік.  ­Қалай!? ­Жүр. Мұғалім екі сыныптың оқушыларын жинап алып: ­Міне, сендерден бір жас кіші Әлібек.Барлығың танисыңдар ғой?­деп  сұрады. Танимыз, танимыз деген балалар жамырап кетті.  ­Танысаңдар мен Әлібекті мектебіміздің батыры деп жарияламақпын,­деді  мұғалім. Себебі...... ­Мұғалім неліктен Әлібекті мектептің батыры деп сайлады? 2 топ: Мақалды жалғастыр 1. «Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады». 2. «Дұшпан …. айтады, дос….айтады». 3. «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.». 4. «……….ақшаң болғанша, көп досың …». 5. «Досы көппен …. , Досы жоқпен … ». 6. «Досы … , өзі де жақсы». 7. «…. басқа қарайды, … аяққа қарайды». 8. «Ақылсыз ….ақылды дұшпан ….». 9. « Досың мың …., … біреу болса да көп». 10. « … адам тамыры жоқ … тең» 11. « … дос болсаң, Сасқанда ақылың айтар. … дос болсаң, Топ ішінде бетің қайтар».  6.Топпен ән айту         Жан досым Әндер жинағы Сөзі мен әні: Нұрлан Өнербаев және Талғат Мұсабаев Iздегенде табылатын қасыңнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған. Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн, Кiм бар екен бала күнгi досыңнан! Қайырмасы:  Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңiсiңді көрейiн, Сырымыз да бiтпесiн, Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн! Қос бұтағы секiлденiп ағаштың, Қатар жүріп сырымызды сан аштық. Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық, Адассақ та бiрге жүрiп адастық. Қайырмасы:  Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңiсiңді көрейiн, Сырымыз да бiтпесiн, Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін 7. Үй тапсырмасы. 95 беттегі №18  сабақтың А.Хамзаұлының «Бала жетектеген әйел»  әңгімесін   оқу 8.Соңғы тыныштық сәтi.  Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып  отырады. Мұғалім жәй дауыспен:    ­ Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің  жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу  үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз  сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді     жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

9 сынып, өзін-өзі тану

9 сынып, өзін-өзі тану

9 сынып, өзін-өзі тану

9 сынып, өзін-өзі тану

9 сынып, өзін-өзі тану

9 сынып, өзін-өзі тану

9 сынып, өзін-өзі тану

9 сынып, өзін-өзі тану
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.10.2017