Ә. БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН АЛАШ ТАРИХЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРЫНЫ
Оценка 4.7

Ә. БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН АЛАШ ТАРИХЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРЫНЫ

Оценка 4.7
Лекции
docx
история +1
Взрослым
19.01.2017
Ә. БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН АЛАШ ТАРИХЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРЫНЫ
Алаш немесе Алашорда қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Бұл қозғалыстың өзегі өзінің бастау көздерін 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы әкелген өзгерістерден алған, ал саяси ұйым ретінде 1917 жылғы жазда (шілде) құрылған Алаш партиясы болды.Осы жалпыұлттық саяси ұйымды құру үшін ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысында қалыптасқан ұлттық-демократиялық қазақ интеллигенциясының жұрт таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, т.б. ондаған қайраткерлер 12 жыл (1905-1917 жылдар аралығында) қажырлы еңбек етті. Бұл қозғалыстың Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан жетекшілері өздерінің саяси күреске араласа бастаған кезден аса маңызды үш ұлттық мақсат-мүддені, атап айтқанда: тарихи жаңа кезеңде ұлттық мемлекетті қайтадан қалпына келтіруді, оның шаңырағының астына халқымыздың ата-қонысын біріктіруді, сол арқылы қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және реформа жолымен қазақ қауымын өркениетті елдер қатарына жеткізуді басты нысана етіп белгіледі. Көптеген жылдар бойы патшалық Ресейдің отарына айналу барысында қазақ халқы өзінің хандық түріндегі мемлекетінен айрылып, ал щның ата-қонысы бөлшектеніп, метрополияның әртүрлі губернияларына бағындырылған еді. Халқымыз отарлық және әлеуметтік езгіге қарсы сан рет қарулы көтеріліске шықты. Олардың көпшілігі аймақтық сипатқа ие болса, Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс пен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс бүкілқазақстандық көлемде болды. Алайда ол көтерілістерді отаршылар аяусыз басып-жаншып отырды. Осының бәрі ұлттық тәуелсіздік жолындағы стихиялық түрде орын алған қарулы көтерілістердің күні өткендігінің айқын көрінісі еді. Сондықтан, ХХ ғасыр басында отарлыққа қарсы күрес тәсілдері мен түрлерін өзгерту қажеттігі туындады. Осыған байланысты Алаш қозғалысының жетекшілері азаттық күрестің саяси түрін таңдады. Күрестің жаңа түрінің мақсат-міндеттерін айқындау, нақтылау үшін Әлихан Бөкейханов пен оның серіктері 1905 жылдан 1917 жылдың жазына дейін табандылықпен еңбектенді. Олар ең алдымен халқымызды саяси тұрғыдан ояту және сол арқылы қалың бұқара арасында отаршылдыққа қарсы хал-ахуалды қалыптастыруға көп күш салды. М.Дулатовтың «Оян, қазағы», А.Байтұрсыновтың «Масасы», 1911 және 1913 жылдардан шыға бастаған «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті, 1917 жылғы шілдеде қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясының құрылуы отаршылдыққа қарсы күрестің жарқын көріністері болды. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866-1937) - XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысында 1866 жылы дүниеге келіп, қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт- азаттық Алаш қозғалысының жетекшісі деңгейіне дейін көтерілген. Әлиханның ата тегі: Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Барақ сұлтан. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед туады. Зерек Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық сауат ашатын мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шығып, 1890-1894 жылдары Санкт – Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқиды. Студент кезден-ақ оның саяси көзқарасы қалыптасып, кадеттер партиясының мүшесі болды. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелерінің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. [3] Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйренген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт- азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. Ә. Бөкейханов 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Бірақ, бұл жобаның да іске аспайтыны анықталды. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі.1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Солардың ішінде мемлекетті билеу түрі, қазақ облыстарында автономия құру, жер мәселесі, оқу мәселесін ерекше атауға болады. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекеті дербес пе жоқ әлде болашақ Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды. Бірақ, съезд нақты пікірге келе алмады. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. 1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Әрі қысқа, әрі нұсқа, небәрі он баптан тұратын осы құжатта ең алдымен ХХ ғасырдың басындағы геосаяси жағдайда қазақтың ұлттық мемлекетін қалпына келтірудің теориялық мәселелері және оны өмір шындығына айналдырудың әдістері мен жолдары, саяси, экономикалық және рухани отарсызданудың нақтылы ұстанымдары анықталды. Осы құжат баптарындағы тақырыптардың өзі көп нәрсені аңғартады. Бірінші бап «Мемлекет қалпы», аталса, екінші бап «Жергілікті бостандық» деп тақырыпталған, ал қалған баптар «Негізгі құқық», «Дін ісі», «Билік һәм сот», «Салық», «Ғылым-білім үйрену», «Жұмысшылар» және «Жер мәселесі» деп аталған. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ интеллигенциясы ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығарумен де, көркем творчествомен де айналысқанын көруге болады. Ә. Бөкейханов жайлы зерттеу ісімен айналысып жүрген тарихшылардың бірі Тұрсын Жұртбаев былай дейді: «Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымы болды. Ең бірінші –Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен «жер, жер және жер» болуы тиіс. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі тиіс. Екінші ұстанымы – Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. Бөкейхановтың сөзімен айтсақ, «қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс». Үшінші ұстанымы – Бөкейхановтың жобасы бойынша, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып киілуі керек. Яғни мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге тиіс болған. Төртінші ұстанымы – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитеті өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек дегенге сайды. Яғни бұл идеологиялық ұстаным болатын. Ал бесінші – ең негізгі ұстанымы бойынша ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек еді. Алаш қайраткерлерінің бұл ұстанымының дұрыстығына самурайлық дәстүрге негізделген жапон ұлтының бар-жоғы 20 жылдың ішінде біртұтас империяға айналып шыға келуі дәлел болса керек». Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы, алаштанушы: «Әлихан Бөкейханов кім? Егер Латын Америкасы үшін Симон Боливар қандай болса, Әлихан Бөкейханов қазақ үшін сондай тұлға. Егер Ататүрік қандай болса, Әлиханда қазақтың сондай тұлғасы» - дейді. Алаш деген сөз – ұлт-азаттық қозғалысы және идеясы деген сөз. Яғни, бұл тар топтың әрекеті, тіршілігі емес, бұл – жалпыұлттық қозғалыс. Кез-келген саяси қозғалыстың алдына қоятын бірінші мақсаты – мемлекеттің тәуелсіздігі, дербестігі. Сол мемлекеттік тәуелсіздік пен құрылым арқылы жерді сақтау, жер арқылы елдің тәуелсіздігін, болашағын сақтау. Сондықтан, Алаш идеясы – мәңгі идея. Қазақ халқы, қазақ ұлты тірі болатын болса, онда Алаш идеясы да тірі болады. Алашорданың барлық өкілдерімен бірге Ә.Бөкейханов та Мәскеудегі Бутырка түрмесіне жабылып, көп ұзамай атылды.Тарихшылар патша үкіметінен бастап, кеңес билігіне дейін осы «Қыр баласынан» тірі кезінде қаншалықты қорықса, өлгеннен кейін де соншалықты үрейленген дейді. Кез-келген істе ұлттық мүдде тұруы керек деген Әлихан Нұрмұхамедұлы Шәкәрімнің шежіресін жоғары бағалады. «Алаш» қалмақтың емес, қазақтың сөзі деп тұңғыш дәлелдеп шықты. Әлихан өзінен кейінгілерге оқулық жазуды тапсырып, 1922 жылы Мағжан Жұмабаев «Педагогиканы», 1923 жылы Жүсіпбек Аймауытов «Психологияны», Міржақып Дулатов «Есеп құралын» жазды. Әлиханда «Біз істемегенде кім істейді?» деген қағида болған. Қазақтың қай тұсы кенже қалып жатыр, сол бағытта жұмыс атқарған және бұл саяси көсем бола тұра жасалынған дүниелер. Әлиханды түсіну үшін қазақты сүйетін жүрек керек. Енді Әлекең айтқан ой-пікірлерге тоқталайықшы: «Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ. Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана. Басшы әділ болмай – жұрт ісі оңға баспайды. Болыс болу да қасиет болып па?! Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?! Жұрт ісін түс көрмей, жаяу жүріп іздеу – мақсат. Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын. Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден. Білімнен мақсат шықпайды. Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса – жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес. Жігіттігі бар жігітті жүдетіп, меселін қайтармаған жөн. Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса – қазақ халқы соңынан ерер еді». Бұл асыл сөздердің ешқайсысының бүгінгі күнге дейін өміршеңдігі жойылмағандығы, тіпті ешқашан жойылмайтындығы көзге ұрып көрініп тұрған жоқ па?! Жазушы-драматург, жиырмасыншы ғасыр басындағы көрнекті қоғам қайраткері Қошмұхаммед Кемеңгерұлы өзінің «Қазақ тарихынан» атты тарихи очеркінде Әлихан Бөкейханов туралы былай деп жазады: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде, айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды, бұл топты баулыған – Әлихан. Оның қазаққа істеген тарихи қызметі әдеби тіл тууына себеп болды. Өзіне ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбиеледі. Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ ұлты туды». Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі, Демейді қандай қазақ оны оң көзі. Семей тұрсын, жеті облыс – бар бар қазақтан, Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі,- деп С.Торайғыров айтқандай, Әлихан әрқашан да қазақ жүрегінде жеке-дара тұлға болып қала бермек. 1. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. 2. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б.
Ә.Бөкейханов.docx

 

Омарова Гульшат Амангельдиновна

                                           №18 жалпы білім беретін орта мектеп

                                                      Тарих пәні мұғалімі

                                                       Қарағанды қаласы

 

Ә. БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН АЛАШ ТАРИХЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРЫНЫ

     Алаш немесе Алашорда қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Бұл қозғалыстың өзегі өзінің бастау көздерін 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы әкелген өзгерістерден алған, ал саяси ұйым ретінде 1917 жылғы жазда (шілде) құрылған Алаш партиясы болды.Осы жалпыұлттық саяси ұйымды құру үшін ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысында қалыптасқан ұлттық-демократиялық қазақ интеллигенциясының жұрт таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, т.б. ондаған қайраткерлер 12 жыл (1905-1917 жылдар аралығында) қажырлы еңбек етті.

    Бұл қозғалыстың Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан жетекшілері өздерінің саяси күреске араласа бастаған кезден аса маңызды үш ұлттық мақсат-мүддені, атап айтқанда: тарихи жаңа кезеңде ұлттық мемлекетті қайтадан қалпына келтіруді, оның шаңырағының астына халқымыздың ата-қонысын біріктіруді, сол арқылы қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және реформа жолымен қазақ қауымын өркениетті елдер қатарына жеткізуді басты нысана етіп белгіледі.

     Көптеген жылдар бойы патшалық Ресейдің отарына айналу барысында қазақ халқы өзінің хандық түріндегі мемлекетінен айрылып, ал щның ата-қонысы бөлшектеніп, метрополияның әртүрлі губернияларына бағындырылған еді. Халқымыз отарлық және әлеуметтік езгіге қарсы сан рет қарулы көтеріліске шықты. Олардың көпшілігі аймақтық сипатқа ие болса, Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс пен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс бүкілқазақстандық көлемде болды. Алайда ол көтерілістерді отаршылар аяусыз басып-жаншып отырды. Осының бәрі ұлттық тәуелсіздік жолындағы стихиялық түрде орын алған қарулы көтерілістердің күні өткендігінің айқын көрінісі еді. Сондықтан, ХХ ғасыр басында отарлыққа қарсы күрес тәсілдері мен түрлерін өзгерту қажеттігі туындады. Осыған байланысты Алаш қозғалысының жетекшілері азаттық күрестің саяси түрін таңдады. Күрестің жаңа түрінің мақсат-міндеттерін айқындау, нақтылау үшін Әлихан Бөкейханов пен оның серіктері 1905 жылдан 1917 жылдың жазына дейін табандылықпен еңбектенді. Олар ең алдымен халқымызды саяси тұрғыдан ояту және сол арқылы қалың бұқара арасында отаршылдыққа қарсы хал-ахуалды қалыптастыруға көп күш салды. М.Дулатовтың «Оян, қазағы», А.Байтұрсыновтың «Масасы», 1911 және 1913 жылдардан шыға бастаған «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті, 1917 жылғы шілдеде қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясының құрылуы отаршылдыққа қарсы күрестің жарқын көріністері болды.

      Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866-1937) - XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық

және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысында 1866 жылы дүниеге келіп, қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт- азаттық Алаш қозғалысының жетекшісі деңгейіне дейін көтерілген. Әлиханның ата тегі: Шыңғыс ханның үлкен

ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Барақ сұлтан. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед туады.

Зерек Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық сауат ашатын мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шығып, 1890-1894 жылдары Санкт – Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқиды. Студент кезден-ақ оның саяси көзқарасы қалыптасып, кадеттер партиясының мүшесі болды. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелерінің  жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. [3]

Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйренген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.

«Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт- азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.

Ә. Бөкейханов 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Бірақ, бұл жобаның да іске аспайтыны анықталды.
Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі.1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Солардың ішінде мемлекетті билеу түрі, қазақ облыстарында автономия құру, жер мәселесі, оқу мәселесін ерекше атауға болады. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекеті дербес пе жоқ әлде болашақ Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды. Бірақ, съезд нақты пікірге келе алмады. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды.
1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Әрі қысқа, әрі нұсқа, небәрі он баптан тұратын осы құжатта ең алдымен ХХ ғасырдың басындағы геосаяси жағдайда қазақтың ұлттық мемлекетін қалпына келтірудің теориялық мәселелері және оны өмір шындығына айналдырудың әдістері мен жолдары, саяси,

экономикалық және рухани отарсызданудың нақтылы ұстанымдары анықталды. Осы құжат баптарындағы тақырыптардың өзі көп нәрсені аңғартады. Бірінші бап «Мемлекет қалпы», аталса, екінші бап «Жергілікті бостандық» деп тақырыпталған, ал қалған баптар «Негізгі құқық», «Дін ісі», «Билік һәм сот», «Салық», «Ғылым-білім үйрену», «Жұмысшылар» және «Жер мәселесі» деп аталған.  «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ интеллигенциясы ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығарумен де, көркем творчествомен де айналысқанын көруге болады. Ә. Бөкейханов жайлы зерттеу ісімен айналысып жүрген тарихшылардың бірі Тұрсын Жұртбаев былай дейді: «Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымы болды. Ең бірінші –Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен «жер, жер және жер» болуы тиіс. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі тиіс. Екінші ұстанымы – Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. Бөкейхановтың сөзімен айтсақ, «қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс». Үшінші ұстанымы – Бөкейхановтың жобасы бойынша, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып киілуі керек. Яғни мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге тиіс болған. Төртінші ұстанымы – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитеті өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек дегенге сайды. Яғни бұл идеологиялық ұстаным болатын. Ал бесінші – ең негізгі ұстанымы бойынша ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек еді. Алаш қайраткерлерінің бұл ұстанымының дұрыстығына самурайлық дәстүрге негізделген жапон ұлтының бар-жоғы 20 жылдың ішінде біртұтас империяға айналып шыға келуі дәлел болса керек». Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы, алаштанушы:

«Әлихан Бөкейханов кім? Егер Латын Америкасы үшін Симон Боливар қандай болса, Әлихан Бөкейханов қазақ үшін сондай тұлға. Егер Ататүрік қандай болса, Әлиханда қазақтың сондай тұлғасы» - дейді.

Алаш деген сөз – ұлт-азаттық қозғалысы және идеясы деген сөз. Яғни, бұл тар топтың әрекеті, тіршілігі емес, бұл – жалпыұлттық қозғалыс. Кез-келген саяси қозғалыстың алдына қоятын бірінші мақсаты – мемлекеттің тәуелсіздігі, дербестігі. Сол мемлекеттік тәуелсіздік пен құрылым арқылы жерді сақтау, жер арқылы елдің тәуелсіздігін, болашағын сақтау. Сондықтан, Алаш идеясы – мәңгі идея. Қазақ халқы, қазақ ұлты тірі болатын болса, онда Алаш идеясы да тірі болады.

   Алашорданың барлық өкілдерімен бірге Ә.Бөкейханов та Мәскеудегі Бутырка түрмесіне жабылып, көп ұзамай атылды.Тарихшылар патша үкіметінен бастап, кеңес билігіне дейін осы «Қыр баласынан» тірі кезінде қаншалықты қорықса, өлгеннен кейін де соншалықты үрейленген дейді.

   Кез-келген істе ұлттық мүдде тұруы керек деген Әлихан Нұрмұхамедұлы Шәкәрімнің шежіресін жоғары бағалады. «Алаш» қалмақтың емес, қазақтың сөзі деп тұңғыш дәлелдеп шықты. Әлихан өзінен кейінгілерге оқулық жазуды тапсырып, 1922 жылы Мағжан Жұмабаев «Педагогиканы», 1923 жылы Жүсіпбек Аймауытов «Психологияны», Міржақып Дулатов «Есеп құралын» жазды. Әлиханда «Біз істемегенде кім істейді?» деген қағида болған. Қазақтың қай тұсы кенже қалып жатыр, сол бағытта жұмыс атқарған және бұл саяси көсем бола тұра жасалынған дүниелер. Әлиханды түсіну үшін қазақты сүйетін жүрек керек. Енді Әлекең айтқан ой-пікірлерге тоқталайықшы: «Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ. Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана. Басшы әділ болмай – жұрт ісі оңға баспайды. Болыс болу да қасиет болып па?! Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?! Жұрт ісін түс көрмей, жаяу жүріп іздеу – мақсат. Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын. Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден. Білімнен мақсат шықпайды. Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса – жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес. Жігіттігі бар жігітті жүдетіп, меселін қайтармаған жөн. Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса – қазақ халқы соңынан ерер еді». Бұл асыл сөздердің ешқайсысының бүгінгі күнге дейін өміршеңдігі жойылмағандығы, тіпті ешқашан жойылмайтындығы көзге ұрып көрініп тұрған жоқ па?! Жазушы-драматург, жиырмасыншы ғасыр басындағы көрнекті қоғам қайраткері Қошмұхаммед Кемеңгерұлы өзінің «Қазақ тарихынан» атты тарихи очеркінде Әлихан Бөкейханов туралы былай деп жазады: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде, айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды, бұл топты баулыған – Әлихан. Оның қазаққа істеген тарихи қызметі әдеби тіл тууына себеп болды. Өзіне ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбиеледі. Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ ұлты туды».

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,

Демейді қандай қазақ оны оң көзі.

Семей тұрсын, жеті облыс – бар бар қазақтан,

Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі,- деп С.Торайғыров айтқандай, Әлихан әрқашан да қазақ жүрегінде жеке-дара тұлға болып қала бермек.     



 

1.      «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. 

2.       Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б.

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Омарова Гульшат Амангельдиновна №18 жалпы білім беретін орта мектеп

Омарова Гульшат Амангельдиновна №18 жалпы білім беретін орта мектеп

Жошыдан тарайтын төре тұқымы

Жошыдан тарайтын төре тұқымы

Негізгі құқық», «Дін ісі», «Билік һәм сот», «Салық», «Ғылым-білім үйрену», «Жұмысшылар» және «Жер мәселесі» деп аталған

Негізгі құқық», «Дін ісі», «Билік һәм сот», «Салық», «Ғылым-білім үйрену», «Жұмысшылар» және «Жер мәселесі» деп аталған

Жазушы-драматург, жиырмасыншы ғасыр басындағы көрнекті қоғам қайраткері Қошмұхаммед

Жазушы-драматург, жиырмасыншы ғасыр басындағы көрнекті қоғам қайраткері Қошмұхаммед
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.01.2017