Абай бейнесі
Мұхтар ағамыз жазған ғой,
Еңбегін арнап Абайға.
«Абай жолы» деп атады,
Айналдырып эпопеяға.
Шығарманы оқыған,
Енеді өткен өмірге.
Құштарланып,рухтанып,
Абаймен өмір сүруге.
Абай-биік,ерекше,
Шығарманың күні ғой.
Абайсыз бұл шығарма,
Менің ойымша құнсыз ғой.
Абай деген жақсы ұл,
Әке үмітін ақтаған.
Байлармен де дос болып,
Кедейлерді жақтаған.
Шыңыраудағы су болмай,
Шалшық болуды таңдаған.
Пайдасыз,биік болудан,
Жан-тәнімен сақтанған.
Ана-әжеге жақыс ұл,
Айтқанын екі етпейтін.
Қаттырақ олар сөйлесе,
Ешқашан оларды сөкпейтін.
Құштар болды жүрекпен,
Жас күнінен білімге.
Өз бетінше ізденген,
Орыс тілді білуге.
Орыстармен дос болды,
Мәдениетін үйреніп.
Тек жақсыны сіңіріп,
Жамандықтан жиреніп.
Адал болды досқа да,
Ешқайсысын ренжітпей.
Ерболды айтам мысалға,
Бірге жүрген егіздей.
Қадірледі сезімді,
Махаббатты сезініп.
Тоғжанға қолы жетпеді,
Жүрегімен күйініп.
Бола білді жақсы жар,
Құрметтейтін қосағын.
Бола білді жақсы әке,
Тәрбиелейтін ұрпағын.
Халқын ойлап,қамын жеп,
Өмір сүрді қиналып.
Нәтижесін көргенде,
Жаны оның сыйланып.
Абай деген дара ғой,
Ақыл-ойы жоғары.
Өзінен бұрын ойлаған,
Елін,халқын,маңайын.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай әлеміне саяхат»атты Республикалық байқауының қатысушының сұранысы |
Бекзатов Бексұлтан Бекзатұлы 8-сынып |
«Абай бейнесі»арнау-өлең |
«Солоновка орта мектебі»КММ |
ШҚО, Катонқарағай ауданы,Солоновкв ауылы |
Мұғалім:Дандыгулов Б.А. Оқушы:Бекзатов Б.Б. |
070922 |
87477179776 |
dandygulov78@mail.ru |
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.