«Абай әлеміне саяхат»
Оценка 4.7

«Абай әлеміне саяхат»

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
классное руководство
Взрослым
29.11.2020
«Абай әлеміне саяхат»
«Абай әлеміне саяхат» тақырыбындағы сынып сабағының жоспары
Тәрбие сабағы Абай.docx

Өскемен қаласы «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі»

Сынып жетекшісі: Мұхамадиянова А.М

Тәрбие сабағы:

Уақыты

 

Сыныбы

11 «Б»  сынып

Тәрбие сабағының тақырыбы

«Абай әлеміне саяхат» (Абай атамыздың 175 жылдығына байланысты)

Мақсаты

 

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның өнегелі өмірі, ақынның даналығын рухани асыл мұрасын насихаттап, көркем сөйлеуге өз бетімен іздене білуге баулу.

Негізгі идеялар

 

Мұғалім тек бағыт – бағдар беруші. Оқушы өз келешегін жоспарлайды, өз ойымен бөліседі.

Тақырыпты аша  отырып, топта жұмыс жасайды және топтық  жұмыс барысында бірін – бірі толықтырады,  пікір алмасады, салыстырады, өз деңгейлеріне сай ой қорытады, сараптайды, қорытынды жасайды, Ұжымға ортақ нәтижені таныстырады.

Іс-шаралар мен

Тапсырмалар:

 

 

 

Сынып ұжымын топтарға бөлу

 «Ой қозғау»

«Жигсо-1» әдісі

«Ақылды кеңес» диалогы.»

1. «Талап»;

2. «Еңбек»;

3. «Терең ой»;                                                                 топ атаулары

4. «Қанағат».

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау»- сынып ұжымына сауал «Абайды не үшін оқуымыз керек?»

Әр қазақ Абайды оқуы керек. Бұл жаттанды болса да рас сөз. Ал, не үшін оқу керек? "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" деді Сұлтанмахмұд Торайғыров. Абайды әр оқыған сайын өзің үшін жаңалық ашасың, оқыған сайын түсінгендей боласың, парақтаған сайын дүниетанымың кеңейгендей күй кешесің. Өзіңді кінәлайсың, тіпті жек көресің. Ал, не үшін оқу керектігіне хакім өзі жауап береді.

-         Оқушылар қойылған сауалға байланысты өз пікірлерін айтады.

-         «Абайды оқудың 10 себебі бойынша» - слайд арқылы өз ойларын толықтырады.

ІІ. Мағынаны ажырату

Оқушыларды топтарға таңдап отырған мамандықтарына сай топтап отырғызу.

«Жигсо-1» әдісі - Әр топқа Абайдың әр қырын көрсетеді.

1 топ – «Жастықтың оты қайдасың?» Абайдың өлеңдерінің тәрбие үшін маңызды жақтарын атап көрсетеді;

2 топ«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап»  Абайдың өлеңдерінің тәрбие үшін маңызды жақтарын атап көрсетеді;

3 топ - Абайдың 17 қара сөзін талдайды. Қара сөздеріндегі адам бойында болу керек жақсы қасиеттері тұралы талдау жасайды;                                              

4 топ - Абайдың 32 қара сөзінің мазмұнын талдайды. Қара сөздеріндегі адам бойында болу керек жақсы қасиеттері тұралы талдау жасайды.

Топтарға  берілген тапсырмаларды таныстыру барысында оқушыларға бірін-бірі толықтыруға, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беру, сынып жетекші ретінде тек бағыт-бағдар беру.

 

ІІІ. Ой толғау

 

1. «Ақылды кеңес диалогы»- «Абайдың бес асыл ісіне» сіз не қосар едіңіз? – өз ойларын ортаға салады.

Топ  мүшелері өз ойларын топ салады, ұжймға жариялайды.

Мұғалімнің жазбалары

Жаңа сабақ, Кембридждық оқыту мазмұнынына негізделген  СТО жобасының әдіс-тәсілдері, топтық жұмыс

 

Мұғалімнің ескертпелері

(болған жағдайда)

 

 

 

 

 

 

 


 

Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі»

Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі»

Оқушыларды топтарға таңдап отырған мамандықтарына сай топтап отырғызу

Оқушыларды топтарға таңдап отырған мамандықтарына сай топтап отырғызу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020