Абай шығармашылығы. «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері

  • docx
  • 30.11.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала әдебиет.docx

+сканирование0002

2020 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Абай шығармашылығы. «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері

Сабақтың мақсаты:

 -Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

- Адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру

 Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету, СТО, ыстық орындық,

 Көрнекілігі:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.

Техникалық жабдықталуы: ноутбук, проектор, бейнетаспа

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, неміс тілі,тарих, ән

Сабақтың кезеңдері:

1.   Ұйымдастыру                             

2.  Ой шақыру

3. "Абай дара, Абай дана қазақта"

4.  "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"

5. "Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"

6. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

7."Жырақ жатып жүрегі бірге соққан"

8. "Тура биде туған жоқ"

9."Болмасаңда ұқсап бақ" Оқушылар шығармашылығы

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

Барысы

Қазақ  аспанынан жарқырап шыққан жарық жұлдыздардың үркердей ұлы шоғырында алдымен есімі аталатын арысы, бәйтерегі- Абай.

Шыңғыстауда дүниеге келіп, әлемді мойындатқан, дала сахнасының төрінен көрініп,  тұтас адамзатқа  ортақ биік парасатты мұраттарымен, болашаққа  деген сенімдерімен, бүгінгі ұрпаққа ұлылығымен әйгіленген ұлы тұлға ол-Абай

I. Ұйымдастыру

 Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты жазылған өлеңдерін бастауыш сыныптардан бастап оқып, жаттап келесіңдер, иә.Қазір менің қолымда жыл мезгілдеріне байланысты суреттер бар .Осы суреттерді таңдау арқылы  3 топқа бөлінейік те, сол суреттегі жыл мезгіліне байланысты Абайдың 1  шумақ өлеңін айтайық, иә

Қыс- 1-топ   Күз-2-топ   Жазғытұры-3-топ

II. Ой шақыру


Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?  Жырымен жан сусынын қандырған кім?    Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

 Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?

 Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?   Талабын тас қияға өрлеткен кім?

  Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

   Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

 

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

 Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

 Арманын аттандырып келешекке ,

  Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

  Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

   Жауына найза сөзін шанышқан кім?     Өзендей  құйған  барын көк теңізге,

  Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?


 

III."Абай дара, Абай дана қазақта"

Қазақта неге Абай дара, Абай дана деп  аталады?

IV. "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"

Абай әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағанын біз

білеміз.
Абайдың нақыл сөздерін  мынадай тақырыптарға бөлуге болады.
1. Адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі;

2. Имандылық тақырыбы.
3. Жаман мінез, әдеттер және
 адамгершілік жайлы
4. Қазақ мақалы, қазақ халқы жайлы

               Абайдың Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады.

Абайдың 17-қара сөзі бойынша көріністі тамашалаңыздар "Ғылым, жүрек, ақыл, қайрат"

Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына   

 V."Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"

Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті.


Абай ақын

VI. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші  жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба  мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік  қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті.

Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.

Абайдың композиторлық шығармашылығының қалыптасуына «Үш ұлы бастау» - әсер етті        

1. Қазақ халқының жазба әдебиеті.

 2. Шығыс елдердегі классик поэзиясы.  

 3. Батыс Еуропа мәдениеті.

Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.

Абай – сазгер.


VII. "Жырақ жатып жүрегі бірге соққан"

Бірін-бірі көрмеген 3 данышпан, 3 тұлға ұлы далада  бас қосты.Неміс, орыс және қазақ  халқының даналары Гете, Лермонтов және Абай ескерткіштері Абай ауданында бой көтерді. "Халықтар достығы"  деп аталатын бұл ескерткіште Лермонтов орыс тіліне аударған немістің ұлы ақыны- Гетенің  "горные вершины" өлеңі және қазақ тіліне  Абай аударған "Қараңғы түнде тау қалқып"  өлеңі  жазылған

Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, , И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған.

Абай аудармашы

VIII.Тура биде туған жоқ

Абай ел ісіне де араласқан. Саясаткер ,заңгер Абай туралы мына мәліметтерге қанық болыңыздар

1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3 түнде әзір етті. Бұл казақ кауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықгы канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген заңынада үқсамайтын, езгеше  кұжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен әйел мөселелеріне арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді.

 Абай өміріне қастандық жасауға әкеп соқтырады.Ел баскару қызметінде барынша әділ болып, халық камын ойлаған, "тура биде туған жок, принципті ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыкка арнаған. 

IX. "Болмасаң да ұқсап бақ" дегендей Оқушылар шығармашылығына кезек берейік

Абайша жырлау:

Абай өлеңдеріне байланысты салған суреттері

Кері байланыс

ҚОРЫТЫНДЫ

      Абай ойларына, Абай әлеміне саяхат жасамақ болғандардың бір мойындауға тиісті ақиқаты  – Абайды түсінудің сан сатылы болатыны.  Абаймен сырласуға, Абай әлеміне саяхат жасауға әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген.

Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың барысында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп, әңгіме еттік деп ойлаймын

- Қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар.

 

Үйге тапсырма:

1.      Абай шығармашылығын оқу

2.      «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдерін жаттау.

3.      Абайдың қара сөздерін оқу