Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтің мол мұрасын мектепішілік сайыс арқылы насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтің мол мұрасын мектепішілік сайыс арқылы насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Мектепішілік Абай оқулары.docx
Тақырыбы: «Абай мұраларын ұлықтайық»
Мақсаты:Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтің мол мұрасын
мектепішілік сайыс арқылы насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз
құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу
мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына
мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Сайыстың барысы:
1жүргізуші: Дана Абайды
Қазақтың ақылына балаймын!
Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!
Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,
Жан алаңы, мұңы барқазағы бар Абайдың!
2жүргізуші: АрлыАбайды
Қазақтың қайраты деп ұғамын,
Қайда барса, айбыны, айбаты деп ұғамын!
Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығамын,
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!
1жүргізуші: Дара Абайды
Қазақтың жүрегі деп білемін!
Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін!?
Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,
Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім!
2жүргізуші: Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, туған елінің мың жылдық
мұңын шерткен Абай мұрасымәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама
сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап, адымдап
келеді.
1жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және Абай өлеңін жантәнімен, ыстық
жүректерімен сүйетін сайысқа қатысушылар! Бүгін ерекше күн. Себебі, қазақтың ұлы
ақыны Абай атамыздың жырлары оқылады, әндері шырқалады. Мектепішілік Абай
оқуларына қош келдіңіздер!
2жүргізуші: Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Қ.Т.Хамитова
2.Тарих пәнінің мұғалімі: С.Мекешұлы
3.қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: К.К.Бекбаева
4.Өзінөзі тану пәнінің мұғалімі: Г.Қ.Смагулова
1жүргізуші: Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған, жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар
Сайысқа қатысушы тұлғаларға,
Енді бүгінгі мектепішілік Абай оқуларына сайысқа түскелі келген жас ақындарымызды,
күміскөмей әншілерімізді және сөз шеберлерін қошеметпен ортаға шақырайық.
2жүргізуші: (Абай өмірбаянынан қысқаша мәліметтер оқып береді)
1жүргізуші: Ендігі кезекте Абай атамыз жайлы қысқаша бейнефильмге назар аударайық.
2жүргізуші:
Енді сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 3 номинация бойынша өтіледі.
1.«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы (Жас ақындар байқауы) 2. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы (Абай, Шәкәрім шығармаларын
жатқа мәнерлеп оқу сайысы)
3. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы (Абай әндерін орындау сайысы)
1жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын құттықтау сөзін мектебіміздің директоры
Қ.Төлегенқызына береміз.
1жүргізуші: Сонымен сайысымызды бастаймыз.
2жүргізуші: Сайыскерлерге сәттілік тілейміз.
1жүргізуші:Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқбарды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,дей келе, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
номинациясы (Жас ақындар байқауы)на қатысатын сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Сайыскерлеріміз:
1.8сынып оқушысы, 20092010 оқу жылындағы аудандық Абай оқуларының ынталандыру
сыйлығының иегері, 20112012 оқу жылындағы аудандық Абай оқуларының жүлделі ІІ
орын иегері, мектебіміздің жас ақыны Манарбек Оразбай;
2.6сынып оқушысы, Оразбайдың немере інісі және ізбасары Тастанбек Байрақ және
3. Олардың болашақ ізбасарлары 4сынып оқушысы Марат Елік.
Енді сөз кезегін «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы (Жас ақындар
байқауы) сайысын жауаптанған әділқазылар мүшесі С.Мекешұлына береміз.
1жүргізуші:Құрметті жыр сүйер қауым! Бүгінгі сайысқа арналған әншашуды қабыл
алыңыздар.
2жүргізуші: Өлеңсөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Тептегіс, жұмыр келсін айналасы,дей отырып, «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»
номинациясы, Абай, Шәкәрім шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу сайысында бақ
сынайтын сайыскерлерге кезек берейік.
1.8сынып оқушысы Ардабек Нұрсұлу
2.8сынып оқушысы Қазтай Дамир
3.7сынып оқушысы Шаджи Бақытхан
4.5сынып оқушысы: Шынарбек Ақмарал және олардың болашақ ізбасарлары 4сынып
оқушысы Серікбол Ботагөз.
1жүргізуші:Құрметті қауым! Қазір кез келген ақынның поэзиялық және прозалық
шығармаларын нақышына келтіріп, мәнерлеп оқу бойынша ақпанның 12сі күні өтілген
Аудандық «Жарқын болашақ» конкурсының «Сөз шеберлері» сайысынан жүлделі
ІІІ орынды жеңіп алған 11сынып оқушысы Қорқытова Ақботаны өзінен кейінгі
ізбасарларына үлгі болсын деген ниетпен ортаға шақырайық. Ақбота сіздерге Мағжан
Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын мәнерлеп оқып береді. Қабыл алыңыздар.
1жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй,дей отырып, «Көңілім әнді ұғады» номинациясы, яғни, Абай
әндерін орындау сайысын бастаймыз.
1.9сынып оқушысы : Джамбай Диана
2. 9сынып оқушысы : Тайтілеуова Жәмила
3. 8сынып оқушысы: Ардабек Нұрсұлу
4.
1жүргізуші: 9сынып оқушыларының орындауында «Абай жолы» романынан көрініс
2жүргізуші: Осымен Мектепішілік Абай оқулары өз мәресіне де келіп жетті. Сайыс
жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша:
1.«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясының жеңімпазы:
2. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясының жеңімпазы:
3. «Көңілім әнді ұғады» номинациясының жеңімпазы:
1жүргізуші: Абай!
Поэзия әлеміне самғадың,
Әділетті көксеуден еш талмадың.
Ақындардың көшбасшысы атанып
Ел аузында мәңгі қалды жазғаның.
2жүргізуші:Абай!
Өзің едің өлеңжырдың тарланы,
Шоқ жұлдыздай биік туған арманы.
Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым
Қолдасын деп Абай ата аруағы.
1жүргізуші: Абай!
Орындалмай қалды қанша арманы,
Жас ақындар өнеріңді жалғады.
Ұрпақтарың есіне алып өзіңді
Жауһар жырмен мүсініңді сомдады.
2жүргізуші:Абай!
Орындалмай қалды қанша арманың,
Жас ақындар өлеңіңді жалғады.
Ұрпақтарың есіне алып өзіңді.
Жауһар жырмен мүсініңді сомдады.
1жүргізуші:Мен өлеңге сыйғыза алман Абайды,
Жыр құдайы жоғарыдан қарайды.
Өлеңкелі кеудесіне қазақтың
Шымырлаған шуақ болып тарайды.
2жүргізуші:Өлеңжырдың көктеткен боз тақырын,
Анық басып, жүрдің байқап ақырын.
Қазақ бүгін көтереді көгіне.,
Халық үшін қан жылаған ақынын.
1жүргізуші: Мектепішілік Абай оқулары осымен аяқталды. Абайдай дана, Абайдай дара,
Абайдай биік болыңдар.
«Көзімнің қарасы» әнін барлығы орындайды.
Абай оқуларының сценарийі
Абай оқуларының сценарийі
Абай оқуларының сценарийі
Абай оқуларының сценарийі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.