Тақырыбы: «Абайдың табиғат лирикасы»
Мақсаты:
1.Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту.
2.Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
3.Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге, табиғат лирикасына арналған өлеңдері арқылы табиғатты құрметтеуге тәрбиелеу.
Өту барысы:
Кіріспе.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасы туралы өлеңдері жайлы сөз қозғамақпыз.
Абай қазақтың ұлы ақыны. Абай – сазгер, философ, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай болашақ ұрпаққа, сөзін осылай арнады. Бұл өзі сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды.
Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.
Абайдың табиғат лирикасына арналған 4 сыныптар арасында өтетін әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Сөз кезегін Абайдың қыс мезгіліне арнаған өлеңдеріне берсек:
4«Б »сыныбының дайындаған өлеңдерін тыңдау. Абайдың «Қыс» өлеңін қазақша ,орысша, ағылшын тілінде айту.
«Қыс» тақырыбына салынған суреттерін сипаттап өлеңге сәйкестендіру.
Сөз кезегін Абайдың көктем мезгіліне арнаған өлеңдеріне берсек:
4 « В »сыныбының дайындаған өлеңдерін тыңдау.
Абай тек ақын ,ағартушы, философ қана емес сонымен қатар композитор.Оның дәлелі ретінде «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдап көрелік:
Ән ««Желсіз түнде жарық ай» орындайтын сынып оқушылары
Желсіз
түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны - терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер
жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Жүргізуші:
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады.
Сөз кезегін Абайдың жаз мезгіліне арнаған өлеңдеріне берсек:
4 «А»сыныбының дайындаған өлеңдерін тыңдау.
Сөзжұмбақ
шешу:
т
ы
Жыл мезгіліне арналған өлең ?
Абайдың әкесі?
Абайға қонаққа келген ақын?
Абай кесенесі салынган жер?
Жапырағынан айырылған не қурай?
Жыл мезгіліне арналған ән?
Ғылым таппай мақтанба өлеңіндегі 5 асыл істің біреуі?
Абайдың шешесі?
Абайдың шын аты?
Абайдың әжесі?
Абайдың ұлының аты ?
Абайдың інісі?
Абай жолы романынның авторы?
Ғылым таппай мақтанба өлеңіндегі бес дұшпанның бірі?
Жыл мезгіліне арналған өлең?
Сөз кезегін Абайдың күз мезгіліне арнаған өлеңдеріне берсек:
4 «Г»сыныбының дайындаған өлеңдерін тыңдау.
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала
бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын
заңы.
Әрқайсысы 4 тармақты 6 шумақтан тұрады. Абай бұл өлеңінде жылдың төрт мезгілін суреттейтін басқа өлеңдеріндегідей үлкен ақындық шеберлік таныта отырып, табиғат көріністерін«Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан...» («Күз») - Абайдың 1888 ж. жазған өлеңі. е жанастыра ауылдың күнделікті машықты өмір тұрмысын барынша қарапайым нақтылы түрде, ешқандай көріктемей, әдейі әсірелеусіз сипаттайды. Аспанды қаптаған сұр бұлтты, жерді басқан дымқыл тұманды, жапырағы түскен ағашты, сарғайып тозған күзеуді суреттеу арқылы көшпелі ауыл тіршілік ететін табиғи ортаны, айналаны нақтылы қалпында айқын көзге елестетеді. Ойнақтаған жылқылар, үйірінен қашып, оқшауланған биелер, жарыса шапқылаған тайлар - бұлар да мал баққан елдің өмір-тұрмысының айнымас, әрқашанда қосақтасып жүретін белгі-нышандары десек болады. Өлеңді түгелдей алып қарасақ, онда табиғат көріністерінен гөрі көшпелі елдің өмір-тұрмысын, тіршілік әрекетін бейнелеу жағы басымырақ екенін кереміз.
Блиц сұрақтар:
1. Абайдың туған жері
2. Абайдың әжесі кім ?
3. Абайдың шын аты кім ? (Ибраһим)
4. Абайдың туған жылы ? (1845-1904)
5. Абайдың қандай әндерін білесіңдер ?
6. Неше қара сөздері бар ? (45)
7. Неше жасында ел ісіне араласты ? (13)
8. Абай өмірін зерттеген жазушы ? (М Әуезов)
9. Қандай өлеңдерін білесіңдер ?
10.Білімге арналған қандай өлеңі бар ?
Абай –
дара, Абай – дана қазақта,
Жол салады әр өлеңі
ғажапқа.
Бар жазғаны даналық боп
саналған
Жалғыздардың жалғызы ол
қазақта.
«Абай ата»
Ата сөзі-
қазақтың бойтұмары,
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Қиналсаң, ақыл қосып ақылыңа,
Жырларында жанашыр ой тұрады.
Қазаққа бөлек екен Абай орны,
Талапшыл, қанағатшыл, терең ойлы.
Өнер- білім, ғылымды қадірлеумен
Қазақ елін ақиқат жолға қойды.
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.