Абылай хан
Оценка 4.6

Абылай хан

Оценка 4.6
Научные работы
docx
история
11 кл
09.05.2018
Абылай хан
ХVІІІ ғасыр қазақ халқының жер бетінен кетуіне шақ қалған тарих кезеңде Абылай ханның саясатымен ерлігі тарихымызда мәңгілік есімізде. Қазақтың ұлы хандарының бірі Абылай дүниеден өткелі үш ғасыр болса да есімі халық жанында берік сақталып және ардақталып келеді. Өйткені ол Қазақ хандығын сақтап, оны нығайтуда ерекше еңбек сіңірді. Халық Абылай ханды өзінің қамқоры, қорғаны деп білді. Сондықтан есімі халық жадында ұзақ сақталып, өлең – жырларға қосылды, есімі мен ерліктері аңыз – жырларға айналды. Оның билік басына өрлеуде өмір жолы да, туғанынан бастап, жастық шағы да өте азапты болды. Абылай хан және сол кездердегі тарихи оқиғалар жөнінде, Абылай ханның өмірі мен қайраткерлігі жайында, 2003 — 2004 жылдарда Алматы, Мәскеу, Омбы, Санкт-Петербург қалаларының орталық мұрағаттарынан көптеген құжаттар табылды
АЙБЫНДЫ ХАН АБЫЛАЙДЫҢ «АҚ ҮЙІ».docx
АЙБЫНДЫ ХАН АБЫЛАЙДЫҢ «АҚ ҮЙІ» Бақтыбай Ернар Ерланұлы Астана қаласы,  № 58 мектеп – гимназия 9»Ә» сынып «Тарих тағлымы – шын мәнінде өткен  ата – баб тарихының сыры мен жыры  ғана емес, одан түйінделетін,  зерделенетін сабақтар болса керек» М.Қозыбаев Елбасымыз   Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаев   өзінің   «Ұлытаудағы сұхбатында»  Қазақ хандығының  550 жылдығын   ел  болып  атап  өту жөніндегі ойын ортаға салып, жалпы халыққа жария етті. Қазақ хандығының ХVІІІ ғасыр қазақ халқының жер бетінен кетуіне шақ қалған тарихи кезең болды. Ол туралы барлық шежірелерде, дастандарда, көптеген ғылыми еңбектерде жазылған. Соң бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақ хандығы туралы көп жазылып, айтылып, жер­жерлерде   ғылыми   семинарлар,   конференциялар,   дөңгелек   үстелдер ұйымдастырылып өткізілуде.  ХVІІІ ғасыр қазақ халқының жер бетінен кетуіне шақ қалған тарих кезеңде Абылай ханның саясатымен ерлігі тарихымызда мәңгілік есімізде. Қазақтың ұлы хандарының   бірі   Абылай   дүниеден   өткелі   үш   ғасыр   болса   да   есімі   халық жанында берік сақталып және ардақталып келеді. Өйткені ол Қазақ хандығын сақтап,   оны   нығайтуда   ерекше   еңбек   сіңірді.   Халық   Абылай   ханды   өзінің қамқоры, қорғаны деп білді. Сондықтан есімі халық жадында ұзақ сақталып, өлең – жырларға қосылды, есімі мен ерліктері аңыз – жырларға айналды. Оның билік  басына өрлеуде өмір жолы да, туғанынан  бастап, жастық шағы да өте азапты   болды.   Абылай   хан   және   сол   кездердегі   тарихи   оқиғалар   жөнінде, Абылай   ханның   өмірі   мен   қайраткерлігі   жайында,   2003   —   2004   жылдарда Алматы,   Санкт­Петербург   қалаларының   орталық мұрағаттарынан   көптеген   құжаттар табылды.   Мәскеу,   Омбы, Осы   құжаттарға   сүйене   келе Абылай   ханның   Солтүстік   Қазақстан өңірде   болғандығы,   анықталып   отыр. Бұған Абылай ханның өзінің туы, ішкі және   сыртқы   саясаты,   мақсаты, секілді   жиналыс   жасап,   өзі   тұратын үйінің болғандығы айқын дәлел. «Біз бүгінде өз тәуелсіздігіміздің арқасында көптеген батырларымыз бен тарихта аты қалған   тұлғаларға   арнап   ескерткіштер   салып   келеміз.   Солардың   ішіндегі бірегейі,   әрине,   Абылай   хан   резиденциясы   екені   даусыз»,   ­   деген Н.Ә.Назарбаевтың сөздерінің астарында терең мән жатыр. Оны біздер еліміздің тарихымызда «Абылай ханның ақ ордасы», «Абылай ханның ақ үйі», «Абылай ханның резиденциясы» деп атаймыз.  Абылайдың   ақ   үйі,   Абылайдың   ордасы   –   Абылай   ханның   Петропавл қаласындағы ордасы, тарихи ескерткіш. Қазақстанның   солтүстік   аймағын   отарлау   басталған   кезде   Есіл   өзені жағасында орналасқан Қызылжар қыратында 1752 жылы әулие Пётр бекінісінің құрылысы басталды. Бұл өз кезегінде елдердің арасындағы сауда­экономикалық қатынастардың орнығуына әсерін тигізді. Осыған байланысты казактардың дала тұрғындарына   тиісіп,   қазақтардан   мал   тартып   әкетуі   және   жер   учаскелерін басып алуы тәрізді мәселелерді талқылау үшін ханның арнайы ордасы қасында осындай   құрылыс   салу   қажеттігі   туындады.   Мұрағаттық   материалдардың мәліметтері   бойынша,   «Оның,   Абылайдың,   өтініші   бойынша   Есіл   өзенінің жоғарғы жағындағы  Енқыстау тауында әулие  Пётрдің бекінісі жанынан  оның келіп тұруы үшін 1765 ж. ағаш үй салынды» [1. 33­б.]. «Енқыстау (қыстауға арналған кең жазық)» сонымен, «Абылайдың ақ үйі» тек қана тұрғын үй үшін емес, сонымен қатар шиеленісті мәселелерді шешуге арналған орынға айналды. Бұл Абылайдың әлі хандық құрмаған кезі. Алғашқыда бір ғана қабаттан тұратын бөренеден   салынды.   Кейінен   бекіністі өртеп   жібереді.   Үй   толығымен   өртеніп кетеді   [2.   704­б.].   1824   жылы   орнына кірпіштен екі қабатты үй тұрғызады. Содан кейін   бұл   үй   әскери   лазарет   ретінде пайдаланылды. Кейінрек қараусыз қалады. Кеңестік   үкметтің   тұсында   мүлде жерменжексен болып бітудің алдында тұр еді.   Тек   қана   тәуелсіздік   жарияланғаннан   кейін   Елбасы   Нұрсұлтан   Әбішұлы Назарбаев басшылығымен «Абылайдың ақ үйі» қалыпына келтіріліп қайтадан пайдалануға берілді.  «Абылайдың ақ үйі» орналасқан жері туралы әртүрлі пікірлер бар. Оның бекіністен 2­3 шақырым жерде, «тау» етегінде (еңістік жерде) орналасқандығы дәлмедәл анықталды, бұл сол кезде (19­гасырдың екінші жартысы) қаланың шеті болатын. «Абылайдың ақ үйі» қалада болған өрттің бірінің салдарынан жанып кеткен   тәрізді,   оның   орнына   тастан   үй   салынған,   оны   халық   бұрынғыша «Абылайдың ақ үйі» деп атаған. «Абылайдың ақ үйі» қазақ халқының ұлттық тарихи ескерткіші болып табылады. Абылайдың ақ үйінің құрылысы Абылай хан өмірінің   деректерімен   және   мұрасымен   тікелей   байланысты.  Оған   көп   уақыт жөндеу­қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмегендіктен үй айтарлықтай зиян шеккен. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Т.А. Мансұровтың бастамасымен және   Қазақстан   Республикасы   Президентінің   қолдауымен   2006­2007   жылдар ішінде тарихи­мәдени ескерткіш толық қалпына келтірілетін болады. [3] 2004  ­  2006  жылдарға   арналған  «Мәдени   мұра»  бағдарламасы   аясында 1829   жылы   салынған   1982   жылы   26   қаңтардағы   №   38   ҚазКСР   Министрлігі Кеңесінің  Қаулысымен  мемлекеттік  сақтауға  алынған  республикалық  маңызы бар   тарих   ескерткіші   «Абылай   хан   үйінде»   қалпына   келтіру   жұмыстары жүргізілді.   Тарихи­мәдени   мұраны   сақтау   сұрақтары   бойынша   қоғамдық кеңестің   байқатқан   мүддесі   негізінде   және­де   облыс   басшылығымен   алғашқы түрде болған тарих ескерткіштерін құру мәселесі бойынша шешім қабылданған. Мұражай   Қазақстан   Республикасы   Президенті   Нұрсұлтан   Әбішұлы Назарбаевтың   қатысуымен   2008   жылы   21   тамызда   ашылды.   Экспозицияның негізі   –   XVIII   ғасырдағы   Қазақстанның   мемлекет   және   қоғам   қайраткері   – Абылай ханның өмірі мен іс­әрекеттері жөнінде. Комплекстің экспозициясы өз көрермендерін   Абылай   ханның   өміріндегі   негізгі   жағдайлармен   таныстырады және әр көрерменді Отанға деген патриоттық сезімге тәрбиелейді. «Абылайдың ақ үйі» мұражайы 2 қабатты, жалпы аумағы мен құрылымы ­ 1288,5 м². Жердің жалпы аумағы — 1,58 га енеді. «Абылай хан резиденциясы» мұражайлық   кешеніне   4   экспозициялық   залдар   кіреді:  1зал  ­   «1711–1770 жылдардағы Абылай хан өмірлік кезеңі», 2 зал ­ «Абылай тынышы», 3 зал ­ «Тақ залы», 4 зал ­ «Абылай хан — ұлы мемлекеттік қайраткер». Нақты тоқталсақ  бірінші залда  (азан шақырып қойған аты Әбілмансұр) Абылай ханның балалық және жасөспірім шағы баяндалады. Оның шығу тегі Дешті­Қыпшақ Жошы, Шыңғысханның үлкен ұлынан тарайды. Абылайдың билік құрған   кезі,   сонау   қазақ   халқының   тарихындағы   қиын­қыстау,   аласапыран кезеңінде,   қазақ   хандығы   үш   жүзге   бөлініп,   көршілес   Жоңғар   хандығының шапқыншылығы   кезеңінде   өткен   болатын.   Осы   шайқастарда   ерлік   көрсеткен Абылай ханның қолбасшы – батырлары: Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Сары батыр,   Құлсары,   Күлеке,   Қожаберген және   т.   Сонымен   қатар экспозициямызда ХVIII ғасырдың қару жарақтары көрсетілген.    б. Екінші   залда  Абылай   ханның дәстүрлі қазақ үрдісіндегі жатын бөлме заттары көрсетілген.  Үшінші   залдың  нақ   ортасында Абылай ханның бейнесі, жалпы ұлттық ер адаммен әйел адамның киімдері, қару­ жарақтар, тұрмыс заттары қойылған.  Төртінші залдағы экспозиция жәдігерлері Абылай ханның ұлы мемлекет қайраткері,   данышпан   саясаткер,   сауатты   дипломат,   талантты   қолбасшы, даңқпен   ел   билеуші   ретінде   тани   алатын   материалдармен   жабдықталған.   Ол қазақ хандығын құра білді және оның мақсаты елді біріктіру еді. Абылай ханның сыртқы саясаты икемділікпен, мәмілеге келушілікпен жүргізіледі. Оның Ресей мен Қытай сияқты алып мемлекеттермен қарым­қатынасы басқа Орта Азиялық мемлекеттермен қарым­қатынастардан әжептәуір айрықша болатын.  Осы залдардың ішінде келгендерге әсер беріп, көз тартарлығы ғимараттың әуелде ағаштан жасағанын еске алатын Абылайдың тынығу бөлмесі. Бөлмеде бірнеше   жәдігерлер   қойылған.   Ыдыс­аяқ,   көрпе­жастық,   үстел,   түкті­түксіз тоқыма   кілемдер,   жез   құман,   киім­кешек,   сандықтар   қойылған.   Сонау   ХVІІІ ғасырдан   бері   ағаштан   жасалған   алтыбақан,   күмістен   істелінген   ілгешектері сақталулы   тұр.   Көне   заттардың   бірі   кебеже   ерекше   көз   тартады.   Бірде   бір шегенің көмегінсіз ағаштан жасалып, сырты сүйекпен мәнерлеп жасалғаны кісіні таңқалдырады.  Екі   жағы   көтеріңкті   керует   төсекте   жатқан   батырлардың   қан айналымын реттеу үшін пайдаланылған екен. Яғни, бас пен аяқ көтеріңкі жатса қан айналымы дұрыс жүреді. Керует шымылдықпен көмкеріліп, жанына Араб Әмірлігінен   әкелінген   майшам   тәрізді   шамдалдар   қойылған.   Бөлмедегі   көз тартар этнографиялық жәдігерлер Тақ залында жалғасын табады.  Тақ залында Абылай ханның тақ үстінде отырған мүсіні бар. Авторы – мүсінші Сергей Пожарский. Үстіне шапан, аяғына мәсі кигізіп, саусағына жүзік, қолына   асатаяғын   ұстатқан.   Хан   тағының   төрінде   төртінші   бұрышы   кесілген кілем   ілінген.   Орта   жүз   тайпаларына   тән   бұл   кілем,   шексіздіктің   белгісін білдіреді. Орта кезіне Абылай ханның мөрі, төс әшекейлері, жүзігі, қанжары, семсері   орналасқан.   Көшірме   болса   да   көз   тартады.   Себебі   бұл   әшекей жәдігерледің түпнұсқалары Қазақстанның әр түпкіріндегі мұражайларда екен. Мұнымен   қатар,   қару   –   жарақтар   орналасқан   көрмеге   қылыш,   қалқан,   гүрзі, балталардың көшірмелері қойылған. Ат – әбзелдеріне   арналған   бұрышта   түпнұсқа болып   табылатын   ер   –   тоқым,   ауыздық, жүген, үзеңгі тұр. Байқаған адамға сыры бар   бұл   ер   –   тоқымды   ертеде бабаларымыз жауына қарсы қару ретінде қолданған.   Ол   үшін   ер   –   тоқымның терімен   қапталған   жеріне   у   салып,   тері тоза бастағанда у адам бойына тарап, себепсіз өлетін көрінеді. Сырын білмейтін ер – тоқымды қазақ сондықтан алмайтын болса керек. Салмағы 25 келі болатын батыр сауаты мен 15 келілік дуылға да осы залға қойылған. Тек осы екі киімнен 40 келіні денесі көтерген бабаларымыздың нар тұлғасына мақтануға болады.  Келесі залы Абылайдың хандық кезеңіне арналған. Ақ киізге көтеріп, хан сайлауының суретінен бастап, Абылайдың портретіне дайін қойылған залдың да сыры  бар.  Атақты  суретші  А.Дүзелханов   салған   бұл  портреттің  қай   тұсынан қарасаңыз   Абылайдың   көзі   сізге   қарап   тұрады.   Келесі   суретте   Төле   бидің Абылайдың  Сабалақ  атанып  жүрген  кезіндегі  бата беру  көрінісі  суреттелген. Бұл   суреттін   авторы   атақты   Сергей   Пожарский.   Суретші   А.Дүзелхановтың «Ақтабан   шұбырынды,   алқакөл   сұлама»   кезеңіне   арналған   графикалық жұмыстары   да   осы   залда   қойылған.   Залдың   ортасында   Қожа   Ахмет   Яссауи кесенесінің   макеті   мен   суреті   тұр.   Бұл   кесене   Абылайдың   тарихынан   сырт қалмайды.   Себебі   Абылай   осы   кесене   орналысқан   Түркістанда   туып,   ханның мәңгілік мекені осы кесенеде орналысқан. Қатарымен орналасқан келесі көрмеде орыс патшайым Анна Иоановнаның атына жазған Әбілқайырдың хаттарының көшірмесі, ресейлік ақшалар, бірнеше тарихи   суреттер   қойылған.   Қабырғадағы   тұрған   белгісіз   суретші   салған Абылайдың сауда орталығының суреті – тарихқа қатысты ең қызық деректердің бірі. Соңғы,   төртінші   залы   Абылайдың   жоңғарлармен   шайқасын   суреттейтін диараммамен   басталады.   Көз   алдыңа   тұтас   Абылай   дәуірін   алып   келетін тартымды   еңбектің   авторы   С.Пожарский.   Суретшінің   қазақ   тарихынан   мол мағұлматы бар екені осы суреттен анық көрінеді. Франциядан табылған келесі суретте   Абылайдың   Цинь   империясының   елшісін   қабылдау   сәті   бейнеленген. Өкінішке орай, Еуропа төрінен табылған суреттің авторы бізге жетпеген екен. [4. 880­б.].   Ең   соңғы   картинада   ханның   дүниеден   өткен   сәті   салынған.   Жерлеу салтын бейнелеген картинада дәстүріміз мол мағлұмат алуға болады. Ақ үйдің алдында қолдан құйылған «Ат үстіндегі Абылай хан» ескерткіші бар. Ескерткіштің авторы – атақты мүсінші Қазбек Сатыбалдин.  Абылай хан Ресей бодандығынан бас тартқан жоқ, бірақ тағы екі жақты державаның   күшейуіне,   енуіне   жол   берген   жоқ.   Осындай   ұлы   тұлғаның арқасында қазақ халқы өз ұлттық сана­сезімін, дәстүрін, тарихы мен мәдениетін сақтап   қалды.   Ұлы   Абылайдың   іс­әрекетінің   қорытындысы,   Қазақстанның тәуелсіз ел болып, құрылуына қол жеткізуі.  Айбынды хан Абылай өзінің ақордасында басқа мемлекеттермен терезесі тең саясат жүргізіп еліміздің ертеңіне алаңдап өтсе, бүгінде еліміздің жүрегі ­ Астана   қаласындағы   Елбасымыздың   ақордасында   да   әлемнің   түрлі мемлекеттерімен сан­салалы жұмыстар жүргізіп келеді. Яғни кешегі Абылайдың ақордасы мен бүгінгі Елбасымыздың ақордасының арасында өзіндік сабақтастық бар деген сөз.  Түйіндей келгенде еліміз болып атап өткелі жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақ хандарының ішіндегі шоқтығы биік айбынды хан Абылай екендігі белгілі. Сондықтан да Қазақ елінің тәуелсіздігі туралы сөз қозғағанда біз Абылайханға соқпай өтпейміз. Қорыта келгенде Қазақ хандығы, Абылайхан, Тәу   етер   ­   Тәуелсіздігіміз,   бір­бірімен   тығыз   байланысты   екендігі   даусыз. Хандарымызды   қастерлеп,   Ұлыларымызды   ұлықтап,   Тәуелсіздігімізді   баянды ете білейік демекпін. Пайдаланған әдебиет 1. Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты, 158­қор, 1­тізбе, 295­іс 33­б. 2. Солтүстік   Қазақстан   обылсы.   Энциклопедия   –   Алматы:   «Арыс» баспасы, 2006 ж. 3. «Абылай   ханның   резиденциясы»   мұражай   кешені.   Петропавл   қаласы әкімдігінің ресми интернет – ресурсы // www.rah.kz/kk. 4. Айбын – энциклопедия // Бас редакторы Б.Ө.Жақып – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» 2011 ж.

Абылай хан

Абылай хан

Абылай хан

Абылай хан

Абылай хан

Абылай хан

Абылай хан

Абылай хан

Абылай хан

Абылай хан

Абылай хан

Абылай хан
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.05.2018