"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы
Оценка 5

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

Оценка 5
Исследовательские работы
doc
химия
10 кл
07.06.2017
"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы
Оқу үрдісіндегі міндет – балаға өмірдің мән –мағынасын аша атырып, онымен бірге дамудың жаңа сатысына көтерілу арқылы баланың өмірді түсінуіне көмектесу. Сол мақсатты орындауда адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызын білу өте зор. Адам денсаулығын нығайтуда элементтердің ағзадағы тепе-теңдігіні сақтай білу, әр оқушының, болашақ азаматтың өз қолында екенін дәлелдеу.Оқу үрдісіндегі міндет – балаға өмірдің мән –мағынасын аша атырып, онымен бірге дамудың жаңа сатысына көтерілу арқылы баланың өмірді түсінуіне көмектесу. Сол мақсатты орындауда адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызын білу өте зор. Адам денсаулығын нығайтуда элементтердің ағзадағы тепе-теңдігіні сақтай білу, әр оқушының, болашақ азаматтың өз қолында екенін дәлелдеу.
элементтер.doc
Адам ағзасындағы  химиялық элементтердің биологиялық ролі 1 МАЗМҰНЫ        Кіріспе  I  Химиялық элементтердің шығу  тарихынан 1.1 Ең бірінші элементтер 1.2 Элементтердің жіктелуі II.  Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық ролі  2.1. Химиялық  элементтердің тіршілік маңызына қарай жіктелуі 2.2. Макро­, микро­, ультрамикроэлементтер, олардың ағзадағы мөлшері,         мүшелер мен         ұлпаларда таралуы  2.3 Тіршілікке  қажетті және ағзаға қауіп әкелетін химиялық элементтер          Қорытынды           Пайдаланған әдебиеттер тізімі           Қосымшалар  2 5 8 11 16 18 19 23 24 2 Кіріспе          Табиғатта кездесетін заттар жеке элементтерден құралады деген түсінік өте ерте заманда­ақ пайда болған. Грек философтары су, ауа, от және жер (топырақ) негізгі элементтер деп санаған. Аристотельдің элемент жайындағы ілімі Еуропада кең таралды.                  Д.   И.   Менделеев   жасаған   химиялық   элементтердің   периодтық жүйесіндегі   кездесетін   110   элементтің   81­ге   жуығы   тірі   жасушаның құрамында болатындығы дәлелденді. Олар жасушадағы мөлшеріне қарай үш топқа белінеді.                Бірінші топқа: оттек, сутек, көміртек және азот сияқты органикалық және   бейорганикалық   заттардың   молекулаларының   негізін   құрайтын элементтер   жатады.   Бұлардың   жасушадағы   мөлшері   98%­ға   жуық болғандықтан, олар макроэлементтер деп аталады. Сонымен қатар бұл топқа нәруыз   (белок)   бен   нуклеин   қышқылдарының   құрамына   кіретін   күкірт   пен фосфор   да   кіреді.  Бұларды   биоэлементтер   деп  атайды.  Екінші   топқа:   ион түрінде кездесетін калий, натрий, кальций, магний, темір, хлор сияқты және т.б. элементтер жатады. Бұлардың жасушадағыжалпы мөлшері 1%­ға жуық. Бұл элементтердің қысқаша жасушада ерекше қызметтер атқарады. Мысалы, кальций   мен   фосфор   сүйек   ұлпасының   құрамына   кіреді,   оның   беріктігін арттырады.   Сонымен   қатар   кальций   элементі   қанның   ұюына   қатысады.Ал гемоглобин   нәруызының   құрамында   темір   болады,   ол   оттекті   өкпеден ұлпаларға   тасымалдайды.   Өсімдік   жасушасындағы   хлорофилл   пигментінің құрамындағы магний элементі фотосинтез процесін тездетеді. Үшінші топқа: жасушада   өте   аз   мөлшерде   кездесетін   элементтер   жатады.   Олардың жасушадағы мөлшері 0,02% болатындықтан микроэлементтер деп аталады.                        Адам ағзасын – күрделі химиялық зертхана деуге болады. Біздің күнделікті   өмірдегі   жан   дүниеміз,   көңіл   күйіміз,   тіпті   тәбетіміз   де   осы минералды заттарға тәуелді болуы мүмкін. Оларсыз дәрумендердің пайдасы жоқ, нәруыздардың, майлардың, көмірсулардың синтезі мен ыдырауы мүмкін болмайтындығын білгенде, таң қаласың. 3 I. Зерттеу жұмысының өзектілігі: Оқу үрдісіндегі   міндет – балаға өмірдің мән –мағынасын аша атырып, онымен бірге дамудың жаңа сатысына көтерілу арқылы баланың өмірді түсінуіне көмектесу. Сол мақсатты орындауда адам ағзасындағы   химиялық   элементтердің   биологиялық   маңызын   білу   өте   зор. Адам денсаулығын нығайтуда элементтердің ағзадағы   тепе­теңдігіні сақтай білу, әр оқушының, болашақ азаматтың өз қолында екенін дәлелдеу. II. Зерттеудің мақсаты : жұмысты  жасау кезінде жүргізілген зерттеулерді  насихаттай отырып, өзінің, сыныптастарының, таныстарының, қоршаған  қоғамының денсаулығын нығайту. Оқушылардың  жаратылыстану   ғылымдарына деген құштарлығын арттыру, танымдық белсенділігін  терендету. Химия пәні бойынша алғыртыққа , ізденуге, терең білімділікке  баулу. Зерттеудің міндеті:  жұмыстан  алған білімдерін медициналық оқу  орындарында одан әрі терендетуге мүмкіндік тудыру; ­ ­ үйрету; ­ беру, сұраныс тудыратын мамандыққа баулу; ­ ­ интерактивті тақта) қолдану арқылы терең білім беру, пәнге  қызығушылықтарын арттыру III. Зерттеудің әдісі:  Бала   әрекетінің   өнімін   талдау,   педагогикалық   эксперимент,   сұхбаттасу, бақылау.  IV. Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы: Оқушылар..... біледі : оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге ыңталандыру; оқушылардың өз бетінше зертханалық, сарамандық жұмыстар жүргізуге  химиядан алған білімдерін пайдаланып, оқушыларға қәсіптік бағдар  тақырыптарға сәйкес есептер шығаруға үйрету; жаңа ақпараттық технология әдістерін ( электрондық оқулық,  ­ ­ ­ ­ адам ағзасында кездесетін химиялық элементтері адамның  күнделікті іс­ әрекетіне пайдаланатын қажетті химиялық  заттарды, тұрмыста, өндірісте қолданылатын химия ғылымының маңызды  зандылықтарын, тамақ, құрылыс материалдары, тұрмыстық химия және басқа химиялық  өнімдерді дұрыс және қауіпсіз қолдануды, сипаттай алады: ­ ­ ­ ағзадағы химиялық заттар мен қосылыстардың биологиялық ролін, адам ағзасының және қоршаған ортаның өзара байланысын, еліміздегі радиациялық ахуалдың адам денсаулығынв әсерін, 4 ­ жағымсыз әдет – қылықтардың қоғамға, адамға зиянды әсерін, түсіндіре алады: ­ химиялық элементтердің мөлшері мен адам денсаулығының өзара   байланысын, ­ күнделікті тіршілікте және техниканың әртүрлі салаларында  ­ ­ қолданатын қажетті химиялық заттарды және олардвң қасиеттерін, адам ағзасына қолайсыз экологияның әсерін қолдана білу;   химиядан алған білім мен білікті адамның іс­әрекетінде  пайдаланылатын химиялық заттармен жұмыс істегенде 5 1.1 Ең бірінші элементтер     өмір Металдар адамзат қоғамына ерте заманнан белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруі мен қолданылуына орай, тарихта   бүтіндей   металл   дәуірлерінің   аты   қалды.   Геология   мен металлургияның   негізін   салған,   белгілі   металдарды   зерттеуші   Георгий Агрикола ХVІ ғасырда былай деп жазды: «Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды... егер металдар болмаса... адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты еді.»  Тас ғасырында­ақ алғашқы табылған металдар сом күйдегі тума алтын мен күміс болатын. «Металдар» деген сөздің өзі ертедегі гректің осыған үндес «іздеу» деген сөзінен шығуы мүмкін. Адамзат қоғамы бертін келе металдарды табиғи   қосылыстарынан   бөліп   алуды   үйренді.   Мәселен,   мыс   біздің заманымызға дейінгі ІV мыңжылдықта алынса, келесі ІІІ мыңжылдықта оның орнына   мысқа   қарағанда   беріктеу   қоланы   қолдана   бастады.   Сөйтіп,   мыс дәуірінің басты.  Адам алғаш рет таза темірмен аспаннан түскен метеориттің сынығы арқылы танысты. Темірді балқытып бөліп алудың құпиясы біздің заманымызға дейінгі 1500 жылдарда Кіші Азияда ашылды, содан бастап темір дәуірі басталды.  сүрген орнын қола   дәуірі     болар       Біздің заманымыздың бас кезінде небәрі жеті металл белгілі болса, ХVІІІ ғасырда   оның   оң   жетісі   ашылды.Басқа   металдарды   алу   үшін   ғылым   мен техниканың, өнеркәсіптің дамуы қажет еді. Бұл процесс күні бүгінге дейін жалғасып   келеді.   Мәселен,   ядролық   реакциялардың   көмегімен   табиғатта кездеспейтін   көптеген   радиоактивті   жасанды   элементтер   алынды   [1].  Сілтілік және сілтілік­жер металдарға литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций,   магний,   кальций,   барий   жатады.   Бұл   металдар   –   ең   белсенді металдар, күшті тотықсыздандырғыштар. Натрий – арабша «натрун», грекше «табиғи   сода»   деген   мағынаны   білдіреді.   Кальций   «кальцис»   ­   әк   деген мағынаны  білдіреді. Калий арабша «поташ», ол ертеде күл ретінде белгілі болған. Ол минералды тыңайтқыш ретінде қолданған. Калий – өсімдіктерді қоректендіру үшін қолданылатын маңызды элемент. Калий теріні күйдіреді, көзге өте аз мөлшері түссе соқыр болып қалады, сондықтан онымен жұмыс істегенде ұқыпты болу керек. Натрийді, калийді, кальцийді, литийді 1807 – 1808   жылдары   ағылшын   ғалымы   Гемфри   Дэви   зерттеп   ашқан.  Темір (Ғе­феррум) – адам қоғамымен бірге туып, бірге жасасып келе жатқан элемент.   1749   жылы   Сібір   ұстасы   Енисейден   сом   темірді   тапқан.   Темір адамды алғашқы құрал мен қару­жарақтан бастап бүгінгі ғарыш кеңістігіне көтерген   жасампаз   металл.   Адамның   денесі   мен   қанында   3   грамм   темір болады. Қанның қызыл түсті болуы гемоглобинге байланысты. Темір иондары 6 болмаса   гемоглобин   түзілмейді.   Сондықтан,   өкпеден   жасушаларға   оттек тасымалданбайды.  Алтын (Аu­аурум) – латынша аурум сөзі «таңертеңгі таң шапағы» деген мағынаны білдіреді. Ертедегі қазақтар алтынды күнге теңеген. «Күн – көк жүзінің патшасы болса, алтын – жердегі тіршілік иесінің патшасы» деп ұқты. Ол негізгі тауар айналым құралы болды. Барлық зат, бұйым, мол байлықтың   өлшемі   алтын   болды.   Ең   жоғарғы   жетістік,   ерліктерді   алтынға балады   және   сонымен   марапаттаған.   Алтын   үшін   қиян­кескі   ұрыстар,   қан төгістер болды.  Күміс   (Аg­аргентум).   Санскрит   тілінде   ашық   ақ   түс   деген   мағынаны білдіреді. Күміс адамзат баласына алтын мен мыстан кейін таныс болған. Өте ертедегі күміс ыдыс – Ур қаласындағы күміс құмыра. Күміс ыдыста құйылған су көпке   дейін бұзылмайды. Себебі,  күміс  иондары судағы  бактерияларды жояды.   Құрамында   күміс   иондары   бар   минералды   сулар   асқазан   ауруын жазатын   бірден­бір   дәрі.   Қазақ   күмісті   айға   теңеген.   Күміс   тұрмыста бұйымдар, әшекейлік заттар үшін қолданылады.  Сынап  (Нg­хидраргирум) – латыншадан  аударғанда «күміс суы» деген мағынаны білдіреді. Ол ақ түсті сұйық металл. Ертеде «Сыр» киноварь деген минералдан   өндірген.   Бөлме   температурасында   буланады,   буы   өте   улы. Көптеген металдар сынапта еріп, амальгама түзеді. Ертедегі ата­бабаларымыз сынапты ем үшін халық медицинасында пайдаланған. Мыс   (Сu­купрум).   Жерорта   теңізіндегі   Кипр   аралында   көп   кені болғандықтан   осындай   ат   берілген.   Мыс   –   қызғылт   түсті,   жұмсақ   металл. Иілгіш, созылғыш, электр тоғын жақсы өткізеді. Мыстың қоспалары, әсіресе, қола мен жез тұрмыста кеңінен қолданылады. Ертедегі ата­бабаларымыз оның емдік қасиетін білген. Аяғы сынған түйеге қамырға орап мысты жегізгенде, ол түйе екі­үш күннен кейін жазылып кетіпті. Сондай­ақ, мыстан алғаш тұрмыс құралдарын   жасап,   оның   жұмсақ   қасиетін   білген   соң,   басқа   металдармен қосып,   құйма   түрінде   пайдаланса,   қаттылық   қасиетінің   артатынын   білді. Кейіннен   темірдің   ашылуы   мысты   пайдалануды   тұрмыстан   ығыстырып шығарды. Қола – мыстың әр түрлі элементтер (қалайы, алюминий, берилий, қорғасын) қосылған қорытпасы. Ол әр түрлі болып келеді. Қышқыл әсерінен жасылдау, қою қызыл­қоңыр, кейде қара түске дейін өзгереді. Оны химиялық тәсілмен бояуға, алтын жалатуға, әрі жалтыратуға болады.Жез – құрамында 50 пайызға жуық мырыш пен басқа элементтер бар мыстың қорытпасы. Бұлар таза мыстан берік, қатты әрі коррозияға тұрақты. Ерте заманнан бері қазақтар жезді құман, қоңырау, ер­тұрман, қамшы т.б. бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданып   келеді.   Жездің   иілгіштік,   созылғыштық   қасиетін   әдемілікпен байланыстыра теңеп, «Жез қармақтай майысып», «Жез таңдай, күміс көмей», «Жез қанат, күміс бауыр киік көрдім» деп ән­жырға қосқан.Қазіргі адамзат қоғамының   дамуы   үшін   металдардың   маңызы   орасан   зор.   Бүгінгі   күндері таңғажайып   қасиеттері   бар   синтетикалық   заттардың   сан   алуан   түрі   өмірге келгеніне қарамастан, металдар осы заманғы техникаға қажетті ең маңызды 7 конструкциялық материал болып отыр. Олар автомобильдердің, ұшақтардың, ракеталардың,   станоктардың,   өте   дәл   құралдардың   және   электрондық техниканың негізі болып саналады. Металдар – құрылыстың, технологиялық конструкциялардың,   мұнай өндіретін мұнаралардың және т.б. негізгі өзегі. Қазіргі кезде техникада 40­тан астам металдар кеңінен қолданылады.    химиялық   реакторлардың,   құбырлардың, Металдар   жай   заттар   ғана   емес,   олар   химиялық   элементтер.   Осы элементтер   тірі   және   өлі   табиғаттың   аса   маңызды   құрамдас   бөлігі   болып табылады.   Жердің   беткі   қабаты   –   литосфера:   алюминий,   темір,   кальций, магний,  натрий,  калий   қосылыстарынан   тұрады.  Бұл  химиялық   элементтер оттек пен кремнийді қоса алғанда Жер массасының 99%­ін құрайды. Теңіздер мен   мұхиттардың   суында   натрий,   магний,   кальций,   стронций,   алтын,   т.б. металдардың   катиондары   бар. Металдар   биосферада   да   орасан   зор   қызмет атқарады.   Кальций   сүйек   ұлпасының   негізін   құрайды,   темір   қандағы гемоглобиннің, ал магний жасыл өсімдіктер хлорофилінің құрамына кіреді. Тірі   организмдегі   ең   маңызды   процестер:   зат   алмасу,   оттек   тасымалдау, фотосинтез металдардың қатысуымен жүреді. Алайда, адамдар металдарды ойланбастан,   қалай   болса   солай   қолданса,   олар   пайданың   орнына   зиянын тигізетін   болады.   Көптеген   металдардың   қосылыстары   улы.   Мысалы, қорғасын, сынап, стронций және кадмий тұздары. Радиоактивті металдардың, олардың қосылыстарының тірі клеткаларды бұзып жіберетін қасиеттері бар. Өнеркәсіптердің, әскери және ғарыштық технологияның қалдықтары түрінде табиғатта жинақталған металл қоқыстары адамдарға және қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіреді. Сондықтан металдар да адам қолымен жасалған басқа заттар тәрізді орынсыз қолданылса, абайламай жұмсалса, аса қауіпті болып саналады 8 1.2 Химиялық элементтердің жіктелуі                                       сайын қасиеті келетін металдық гидроксидтер     1.   Сілтілік   металдар   тобы:   Li,   Na,   K,   Rb,   Cs.   Бұл   металдар   сумен әрекеттескенде   сілті   түзеді,   сондықтан   сілтілік   металдар   деп   аталады. Сілтілік   металдарға   тән   көптеген   ортақ   қасиеттер   бар.   Сілтілік   металдар жұмсақ, ауадағы оттек әсетінен тез тотығады (жанады). Сондықтан сілтілік металдарды   керосин   астында   сақтайды.   Сілтілік   металдар   аса   белсенді болады. Сумен шабытты әрекеттесіп, сілті мен сутек газын бөледі. Сілтілік металдар   жалпы   формуласы   R2O   сәйкес   келетін   негіздік   оксидтер,   ROH сәйкес   келетін   сілтілер   түзеді.   Сілтілік   металдардың   атомдық   массалары артқан күшейеді 2.  Сілтілік   жер  металдар  тобы: Mg, Ca, Sr, Ba.  Олар  минералдар,топырақ құрамында   болады.   Бәрінің   валенттілігі   тұрақты   ІІ   тең.   Сілтілік   –   жер металдар   жалпы   формуласы   RO   сәйкес   келетін   негіздік   оксидтер,   R(OH)2 сәйкес түзеді. 3.   Галогендер.   («Галоген»   сөзі   тұз   туғызушы   деген   мағына   береді). Галогендерге жататындар: фтор, хлор, бром, йод. Бұлар осы аттас құрамы екі атомнан тұратын жай заттар: F2, Cl2, Br2, I2 түзеді. Фтор мен хлор өткір иісті газдар. Бром сұйық, йод қатты зат. Барлық галогендер улы. Бром мен йодты аузы берік жабылатын ыдыста сақтайды. Галогендер қатынасатын тәжірибе тек   қана   тартпа   шкафта   жасалады.   Галогендер   өте   белсенді   типтік бейметалдар   тобын   құрайды.   Галогендердің   жоғары   оттекті қосылыстарындағы   валенттігі   VII.   Бәрі   де   ұшқыш   сутекті   қосылыс   түзеді, онда   І   валентті   көрсетеді.  Галогендерде   атомдық   массалары   артқан   сайын бейметалдық   қасиет   әлсірейді.  Галогендер   металдармен   әрекеттесіп, фторидтер,   хлоридтер,   бромидтер,   йодидтер   деп   аталатын   тұздар түзеді.Мысалы:   NaI. 4. Халькогендер тобы: О, S, Se, Te. Олардың ең жоғарғы валенттілігі VI – ға тең.   Халькогендер   жалпы   формуласы   RO3   сәйкес   келетін   қышқылдық оксидтер, түзеді. 5. Инертті(салғырт) газдар тобы: He, Ne,Ar, Kr, Xe.              Химиялық элементтер аты латынша атауының бір немесе екі алғашқы әріптерімен белгіленеді, мысалы, азот N (лат. Nіtrogenіum), алюминий Al (лат. Alumіnіum),   т.б.   молекуласы   бір   ғана   элемент   атомдарынан   құралған   зат қышқылдар натриймен   NaBr,   NaCl,   NaF, H2RO4 сәйкес         9 көптеген   күрделі — жай зат, молекуласы әр түрлі химиялық элементтер атомдарынан түзілген зат   — күрделі   зат деп   аталады.   Кейбір   элементтер   бос   күйінде   молекула немесе кристалды тор құрылысы айрықша әр түрлі жай зат түрінде кездеседі (О2 — оттек, О3 — озон, т.б.). Химиялық реакция нәтижесінде әрекеттесетін заттардың молекула құрамында химиялық элементтер қайта топтасады, яғни жаңа   зат   пайда   болады.   Химиялық   элементтер   атомдарының   басқа   атомға айналуы,   атомдардың   ыдырауы   не   күрделі   атомдардың   құрылуы   ядролық реакциялар нәтижесінде ғана жүреді. Химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиетін анорганикалық химия зерттейді.           Табиғатта кездесетін заттар жеке элементтерден құралады деген түсінік өте ерте заманда­ақ пайда болған. Грек философтары су, ауа, от және жер (топырақ) негізгі элементтер деп санаған. Аристотельдің элемент жайындағы ілімі Еуропада кең   таралды.   Ол   2000   жылға   жуық   уақыт   үстемдік етіп, алхимиктердің жай   металды   алтынға   айналдыруға   болады   деген ұғымдарына   негіз   болды.   Алхимиктер   дәуірі   ғылымның   дамуына   кедергі болғанымен,   оның   нәтижесінде   химиялық   тәжірибе   жүргізудің   алуан   жаңа әдістері   табылды.   Сол   кезде   белгілі   болған   алтын,   күміс,   мыс,   қорғасын, қалайы,   темір,   сынап,   күкірт,   көміртек,   сүрмеден   басқа   мырыш,   фосфор, күшән   ашылып,   заттар   (металл   тотықтары) алынды.Сынап — металдың, күкірт — жанудың, тұз ерігіштіктің бастамасы деген пікірлер айтылды. 17 ғасырда химиялық өзгерістер жайында мәліметтер көбеюіне   байланысты   тәжірибе   қорытындыларын   талдау   арқылы   ағылшын ғалымы Р.Бойль элемент жай зат және басқа барлық заттарды түзетін құранды заттар айырылғанда шығатын зат деп жаңа түсінік берді. 18 ғасырда Бойльдің анықтамасын   дәлелдейтін   тәжірибелік   мәліметтер   көбейді,   бұрын   күмәнді жатқызылды. болған Жаңадан сутек, оттек, азот, хлор, газ күйіндегі сондай­ ақ, платина, кобальт, никель, т.б. ашылды. 19 ғасырда химияның теориялық негіздері   атом­молекулалық   теория,   химиялық   элементтердің   периодты жүйесі   ашылды   (1869).   Ол   химиялық   элементтерді   зерттеуде   жаңа   бағыт ашты.  Периодты   жүйе   барлық   белгілі   химиялық   элементтерді   бір   жүйеге келтіріп, сол кезде белгісіз элементтердің табиғатта барын болжады. 19 — 20 ғасырлар   аралығында   электрон,   радиоактивтік,   рентген   сәулесі,   изотоптар, квант   теориясы,   т.б.   жаңалықтардың   ашылуы   химиялық   элементтер қасиеттерінің   әр   түрлі   болуының   негізгі   себебін   анықтады,   олардың элементарлық   бөлшектерден   құралғаны   химиялық   элементтердің   периодты жүйедегі орны және оның электрондық қабық құрылысын зерттеумен қатар жаңа   элементтерді   іздестіру   нәтижесінде   гафний   мен   рений   ашылды, синтездеу арқылы технеций, прометий, астат және рет нөмірлері 93 — 105 болатын трансуранды элементтер алынды. 20 ғасырда химиялық элементтерді ашу әдістері (рентген, оптик., т.б.) оттек, азот, күкірт, инертті газдар, алтын, т.б.   активтігі   нашар   металдар   бос   күйінде,   активті   химиялық   элементтер қатарына   элементтер,     заттар     элементтер   10 табиғатта қосылыс түрінде кездесіп, көптеген кен орындарын құратындығы анықталды.                      Табиғатта кең таралған химиялық элементтердің бірі болып сутек H2 есептеледі.Сутек  табиғатта кең тараған элемент. Оның жер қыртысында (литосфера   мен   гидросфера)”   массасы   бойынша   1%   құраса,   атом   саны бойынша16% құрайды. Сутек табиғатта Жер бетінде кеңінен таралған заттар – суда, көміртек қосылыстарының , мұнай, табиғи газдардың, балшықтардың, сонымен қатар өсімдіктер мен жан­жануарлар ағзаларында(нәруыз, нуклеин қышқылдары, майлар мен   көмірсулар)    кездеседі.     Бос күйінде сутек өте сирек кездеседі, шамалап  жанартау  мен  табиғи  газдар  құрамында болады.  Өте аз шамада сутек атмосферада 0,0001%   құрастырады.   Жер қыртысына жақын   кеңістікте   сутек   протондар   ағымы   ретінде   Жердің   радиациялық белдеуін түзеді. Ал ғарышта өте кең таралған элемент. Плазма түрінде Күн мен жұлдыздар массасының жартысына жуығын, жұлдыздар аралық орта мен тұманды газдарды сутек құрайды. Сонымен қатар сутек басқа да планеталар атмосферасы мен каметаларда бос күйінде H2, CH4, NH3. Кейбір химиялық элементтер  өте  аз  мөлшерде   минералдар  құрамында  қоспа түрінде  (рений, рубидий, цезий, т.б.) кездеседі. Көміртек, сутек, оттек, азот, калий, фосфор, кальций, темір, иод, т.б. элементтер жануарлар мен өсімдіктер организмінде болады.   Химия,   металлургия,   тамақ,   т.б.   өнеркәсіп   дамуына   байланысты химиялық элементтерді пайдалану аясы да артып келеді.                  Д.   И.   Менделеев   жасаған   химиялық   элементтердің   периодтық жүйесіндегі   кездесетін   110   элементтің   81­ге   жуығы   тірі   жасушаның құрамында болатындығы дәлелденді. Олар жасушадағы мөлшеріне қарай үш топқа   белінеді.Адам   ағзасын   –   күрделі   химиялық   зертхана   деуге   болады. Біздің күнделікті өмірдегі жан дүниеміз, көңіл күйіміз, тіпті тәбетіміз де осы минералды заттарға тәуелді болуы мүмкін. Оларсыз дәрумендердің пайдасы жоқ, нәруыздардың, майлардың, көмірсулардың синтезі мен ыдырауы мүмкін болмайтындығын білгенде, таң қаласың. 11 2.1. Химиялық  элементтердің тіршілік маңызына қарай жіктелуі Адам   ағзасындағы   химиялық   элементтер —   адам   өміріне қажетті үрдістерді жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз ететін элементтер тобы. Бұл элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай   үш   топқа   бөледі: микроэлементтер,   макроэлементтер   және ультрамикроэлементтер.   Ал   тіршілік   үшін   маңыздылығына   байланысты тіршілікке қажетті элементтер, қосымша элементтер және өте аз элементтер деп өзара бөледі. Сондықтан, химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе   жетіспеуі   ағзадағы   қалыпты   жағдайды   бұзады.   Алайда,   ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да ауыр салдарға әкеп соғады. Адам   ағзасының   60   пайызы   судан,   34   пайызы   органикалық,   6   пайызы бейорганикалық   заттардан   тұрады.  Органикалық   заттарға   көміртегі,  сутегі, оттегі, сондай­ ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы, егер   адамның   салмағы  70   кг  болса,   онда1700   грамм  кальций,  250   грамм калий,70 грамм натрий, 42 грамм магний, 5 грамм темір, 3 грамм мыс болады.  Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі : 1.Макроэлементтер (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, кальциий, магний, натрий және хлор);  ағзадағы мөлшері 10% — дан жоғары болады. 2.   Микроэлементтердің   (йод,   мыс,   мышьяк,   фтор,   бром,   стронций,   барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10%­15%. 3.   Ультрамикроэлементтер   —   сынап,   алтын,   уран,   торий,   радий   және   т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% — дан төмен. Әр   түрлі   жасушалар   мен   ағзалардың   түзілуі   мен   өмір   сүруі   үшін   қажетті элементтер   биогенді   элементтер   болып   табылады.Тіршілік   үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі: 12 1.Тіршілікке   қажетті   элементтер. Олар   адам   ағзасында   үнемі   болады   және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді : H, O, Ca, N, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады. 2.Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық  зерттелмеген. 3.Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз. яғни   микро­   Ә)Макроэлементтер.    Адам   ағзасы   химиялық   элементтерді   әр   түрлі және концентрлейді, макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі   таралады.   Тірі   жүйелер негізін, ағзаның 97,4%­ын   құрайтын элементтер — органогендер: көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор (көміртек негізгі органоген). Оттек пен сутекті қосылыстарының   тотығу   және тотықсыздындыру қасиеттерін реттеуші ретінде қарастыруға болады. Қалған үш   органоген   –   азот,   фосфор,   күкірт   ферменттердің   белсенді   ортасын түзушілер.   көміртектің   органикалық   Макроэлементтер­көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор нәруыздың, нукле н   қышқылдарының және   ағзаның   басқа   да   биологиялық   белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51 – 55%, оттек 22 – 24%, азот 15 – 20%,  сутек 6,5 – 7%,  күкірт 0,3 – 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. Көміртек, сутек және оттек көмірсулардың және липидтердің (майлар), ал фосфор,   фосфолипидтердің   құрамында   фосфатты   топтар   түрінде   болады. Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда, сүтте, және қан сұйықтығында концентрленеді.   Сутек   және   оттек   –   макроэлементтері   су   молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%­ы су болып келеді. Су   ­   маңызды   еріткіш   және   ол   адамның   мүшелерінде,   ұлпаларында   және биологиялық   сұйықтықтарда   әркелкі   таралған,   асқазан   сұйығының, сілекейдің,   қан   плазмасының, лимфаның 99,5%   –   дан   90%   –   ға   дейінгі аралығын құрайды. Жасушаның барлық бейорганиқалық заттарының ішінде су бірінші орын алады, өйткені ағзада орта есеппен алғанда демо массасының 80%­ға жуығы су  болады. Сүйек ұлпасының 10%­ға жуығы, ми сұр затының 80%­ға   жуығы,   сондай­ақ   адам   және   жануарлар   эмбрионы   (ұрығы) жасушаларында 90%­дан астам судан тұрады. 13 алатындар)     дейді.   Ерімейтіндері Ағза жасушаларындағы судың рөлі зор. Көптеген бейорганикалық және ағзалық заттар суда ериді. Оларды гидрофильділер (лат. суды ұнататындар, сулана гидрофобтылар (лат. суданқорқатындар, сулана алмайтындар) дейді. Су кейбір ферменттер әрекетінен гидролизреакциясына   түседі,   яғни   Н+ және   ОН­иондары   еріген заттардың молекулаларына қосылып, қасиеті жаңа заттар түзеді. Еріген заттар осының   нәтижесінде   тез   химиялық   реакцияласуға   кіріседі.   Су   заттардың жасушаға еніп, тіршілік әрекеті өнімдерінің бөлініп шығуына жәрдемдеседі. Бұған   қоса   су   өсімдіктерге,   көбінесе   бактерияларға   фотосинтезді   жүзеге асыру үшін қажет. Судың жылу сыйымдылығы және жылу өткізгіштігі жоғары. Судың   бұл   қасиеті   жасуша   ішіндегі   температураны   тіпті   сыртқы ортадағы температура өзгерсе де сақтап қалуға көмектеседі. Азот нәруызды заттардың негізгі құрам бөлігі болғандықтан, тіршілік үшін аса   маңызды   элемент. Ауа   азотын сіңіре   алатын   кейбір   азот   бактериялары болмаса, басқа тірі организмдер азотты қосылыс түрінде ғана сіңіре алады. Өсімдіктер   топырақтан   азотты   нитрат   және   аммоний   тұздары   түрінде алады. Электрон беріп немесе қосып алып, ­3 дәрежесі +5 түріндегі жай зат түзеді.   Жануарлар   организмінде   азот   мөлшері   1%­дан   10%­ға,   ал   малдың мүйізінде,   жүнінде   15%­ға   дейін   жетеді.   Азот   адам   денесінің   3%­ын құрайды.Адам азотты ауадан емес, азотты қосылысы бар тағамдар арқылы алады.  "Нәруызсыз   тіршілік   жоқ,   азотсыз   нәруыз   жоқ"  деген   қағидалы   сөз осының дәлелі болса керек. Нәруыздардың құрамында көміртек 51 — 55%, оттек 22 — 24%, азот 15 — 20%, сутек 6,5 — 7%, күкірт 0,3 – 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. Көміртек, сутек   және   оттек   көмірсулардың   және   липидтердің   (майлар),   ал,   фосфор, фосфолипидтердің   құрамында   фосфатты   топтар   түрінде   болады.   Көп мөлшерде   липидтер   бас   миында,   бауырда,   сүтте,   және   қан   сұйықтығында концентрленеді. Сүйек  ұлпасындағы  фосфордың негізгі мөлшері–600 г. Ол адам   ағзасындағы   барлық   фосфордың   85%  —   ын   құрайды.   Фосфор   тістің қатты   ұлпаларында   концентрленеді   ал   табиғатта   кальций,   хлор,   фтор элементтерімен қосылыстар түрінде, фторапатиттер құрамында кездесетіндігі белгілі.   Химиялық   элементтердің   ағзадағы   мөлшерінің   өзгеруіне   әр   түрлі аурулар   әсер   етеді.   Мысалы,   рахитпен   ауырғанда   фосфорлы   –   кальцийлі алмасу   бұзылады   да   ағзадағы   кальцийдің   мөлшері   төмендейді.  Фосфордың мөлшері   кальцийден   бір   жарым   есе   көп   болуы   керек.   Ондай   болмаған жағдайда   тепе­тендік   мөлшерін   белгілі   бір   деңгейде   ұстап   тұру   үшін жеткіліксіз   мөлшерін   сүйектегі   қордан   алады.   Бірақ   Д   витамині   оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор нерв клеткаларының қызметі үшін де керек,   сондай­ақ   ол   —   күш­қуат   көзі.  Сондықтан   оның   мөлшері   барлық уақытта біркелкі болуы керек. 14 –       фтор Б)Микроэлементтердің көпшілігі   бауырда,   сүйек   және   бұлшық   ет ұлпаларында   жиналады.   Бұл   ұлпалар   көптеген   микроэлементтердің   негізгі қоры.   Элементтер   кейбір   мүшелерге   тән   болып   табылады   және   Мысалы, мырыш – қарын   асты онда концентрациясы жоғары   болады. безінде, йод – қалқанша безінде, тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий шашта, кадмий,сынап, молибден – бүйректе   , қалайы – ішек ұлпаларында, стронций –   қуық   безінде,   сүйек ұлпасында, барий – пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және басқаларда жиналады. Натрий және хлор жасуша   аралық,   алкалий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид түрінде сүйек және   тіс   ұлпаларында   болады.   Магний   фосфат   түрінде   тістің   қатты ұлпаларында болады. Натрий ( Na)   ағзаның өн бойына толық таралған; қан сарысуында,   асқорыту сөлдерінде,өтте,   бүйректе,   теріде,   сүйек   ұлпаларында,   өкпеде   және   мида  таралған.   Кері әсері. Na ионының ағзада көп мөлшерде  болуы ас  тұзын мол  пайдалануға   байланысты.   Бұл   су   алмасуын   бұзады,   қанды   қоюлатады,  бүйрекке  әсер  етеді және  зат  алмасуға жүрек­тамыржүйесіне  зиянды.   арқажұлын   сұйықтығында,   көз   сұйығында,   тағы   көздің        Литий   (Li). Адам ағзасындағы литий элементінің мөлшеріорта есеппен 70мг. Жануарлардың  ағзасындағы литий қосылыс күйінде бүйректе, бауырда, көкбауырда, өкпеде, қанда және сүтте жинақталады. Литийдің ең көп мөлшері бұлшық ет құрамында болады. Литий йоны ағзада асқазан­ішек қабырғалары қанға өтіп сонда жиналады.     барлық ағзаның  Калий(К). К   бүйрек,жүрек,сүйек,бұлшық еттерде,қанда,мида   және   т.б   кездеседі.Ағзадағы   калий   катионы К+ физиологиялық   қызметтер   атқарады   –   бұлшық   еттердің   жиырылуы, жүректің қалыпты   жұмыс істеуі , жүйкелік импульстердің берілуі, алмасу ферменттердің белсенділігін арттырады. Ересек адам тәулігіне тамақпен бірге 2 – 3 г калийді қабылдайды. Ағзаға калий жетіспеген жағдайда күніне 4 – 5 рет калий хлоридін КСL 1.0 г. мөлшерде пайдаланылады. Магний (Mg) . Ағзадағы магнийдің ең көп мөлшері сүйек ұлпасында, тіс эмалінің дентинінде жинақталған. Сонымен қатар магний ұйқы безінде , қаңқа бұлшық еттерінде, бүйректе, мида, бауырда және жүректе кездеседі. Ересек адам тәулігіне массасы 0,7г  шамасындай магнийді  пайдаланады. Кальций   (Са). Са   йоны   ағзада   қан   тоқтату   және   зат   алмасу,әсіресе сүйектерге,тіс құралу үшін қажет.Са фосформен бірге сүйекті және жүйке жүйесін   құрайды.   Кері   әсері. Ағзада   Са   құрамы   көп   болып   кетсе,цистит ауруына   шалдығады.Егер   Са   цемент   ұнтағы   түрінде   өкпеге   енсе   тыныс жолдарына зиян. 15 Мыс   (Cu).   Тірі   ағзада   адамда   мыс,   темір   тәрізді   қан   құрамында  кездеседі.   Cu   элементі   аз   болса   жануарларда   амения   (қан   аздығы), өсімдіктерде   хлороз   ауыруы   пайда   болады.   Бауыр   мен   мида   мыстың  мөлшерікөп   болады.Зиянды   әсері.  Мыс   улы   металдарға   жатады.   Нерв  жүйесі,бауыр ,бүйрек,тіс, асқазанға әсер етіп қызметін бұзады.    Мырыш   (Zn).Ересек   адамның   ағзасындағы   мырыш   бұлшық   еттерде 65%,сүйектерде 20% жинақталған. Ал қалған бөлігі қан плазмасында,бауырда және   эритоциттердеболады.   Zn   –   ең   көп   мөлшері   қуықасты   безінде кездеседі.Мырыш­қанның   құрамындағы   қанттың   мөлшерін   реттер отырады.Негізгі   мырыш   қарабидай   кебегінде   көп   болады.Адам   ағзасы мырышты ет, сүт және жұмыртқа тағамдарын пайдалану арқылы қабылдайды. Алюминий (лат. Aluminium) aluminum , адам ағзасының 10% құрайды. Қан   ұйығанда   өкпеде,   бауырда,   сүйекте,   шашта,   жүйке   жүйесінің   ми қыртысының құрамына енеді және концентрленеді. Алюминий эпителий және байланыстырғыш   ұлпалардың   дамуына   және   сүйек   ұлпаларының   түзілуіне, фосфор алмасуына әсер етеді. Тәуліктік қажеттілігі адамға 47 мг.  Мышьякты  1789 жылы А. Л. Лавуазье ашқан. Мышьякқа бай орындар ол – Грузия, Орта Азия, сонымен бірге Қазақстанда , АҚШ, Швеция, Норвегия, Жапония, Канада, Ресейде. Мышьяктың қосылыстары және дара түрінде улы болып   келеді.   Онымен   улынған   адам   басы   аурып,   іші   өтіп,   жүйке   жүйесі қозады. Кремний, алюминий, мыс және титан бас миы ұлпаларында нәруыздармен комплекс түрінде, ал марганец ион түрінде кездеседі В)Ультрамикроэлементтер – сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% – дан төмен. Бұл элементтер адам ағзасында қажетті мөлшерден көп болатын жағдайда көптеген аурулар пайда болады. Себебі,   олар   – токсиндік   металдар болып   табылады.   Дегенмен,   ағза   үшін маңызы зор әрі біршама үрдістерге қатысады. 16 2.2 Адам ағзасындағы химиялық элементтердің таралуы 17 Атап айтар болсақ, мәселен, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды қышқыл   түрінде   асқазан   сөлінде   кездеседі.   Адамның   ағзасы   химиялық элементтерді   әр   түрлі   концентрациялайды,   яғни   микроэлементтер   мен макроэлементтер   әркелкі   таралады.  Көптеген   макроэлементтпер   әдетте жасушаларда   иондар   (оң   зарядталған   катиондар   немесе   теріс   зарядталған аниондар) түрінде болады. Адам ағзасындағы калий, натрий, кальций және магний   иондары   концентрациясының   қатысы   жүрек   әрекетінің   ырғағына, бүйректің   су   бөліп   шығару   жылдамдығына,   қанның   ұйығыштық   деңгейіне, сүйек ұлпасының пәрмені мен өсуіне ыкпал етеді. Бұл элементтер жасушада маңызды   қызмет   атқарады.   Мәселен,   натрий,   калий   және   хлор   жүйкелер жасушаларының   ақсондары   бойынша   жүйке   серпіндерінің   (импульс)   өтуін қамтамасыз   етеді,   сондай­ақ   әр   түрлі   заттардың   жасуша   жарғақшалары арқылы етуіне себепші болады. Кальций жануарлар мен адам қанының ұюына қатысады,   сүйек   ұлпасының   құрамына   енеді.   Темір   эритроциттер гемоглобинінің   құрамына   еніп,   өкпеден   ағзаның   әрбір   жасушасына   оттегін тасымалдайды.   Темір   өкпеден   ағзалардын,   әрбір   жасушаларына   оттегін тасымалдауды қамтамасыз етіп, эритроциттер құрамына енеді. Магний болса, ол   да   жануарлардың,   сондай­ақ   өсімдіктердің   жасушаларының   құрамына кіреді.   Ол фотосинтезді қамтамасыз   етіп,   жасыл   өсімдіктердің   хлорофилл молекуласының   орталық атомы болып   есептеледі.   Ал   жануарлар жасушаларында магний ферменттер құрамына кіреді. Микроэлементтердің   көпшілігі   бауырда,   сүйек   және   бұлшық   ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар — көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән әрі ол жерде концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш — қарын асты безінде, йод — қалқанша безінде, фтор   –   тіс   кіреукесінде,   алюминий,   мышьяк,   ванадий   —   шашта,   кадмий, сынап, молибден — бүйректе, қалайы — ішек ұлпаларында, стронций — қуық безінде,   сүйек   ұлпасында,   барий   —   көздің   пигментті   қабатында,   бром, марганец,  хром — гипофизде және тағы басқаларда  жиналады.  Жетіспесе, ауырасыз.  Топырақтағы, тағамдағы  микроэлементтердің  тапшылығы  немесе молшылығынан   ағзалардың   физиологиялық   қызметі   өзгереді   (ауру,   көндігу немесе   өлу).   Мысалы,   кобальттың   топырақта   (сондай­ақ   жайылым өсімдіктерінде)   жөне   жергілікті   мал   азығында   тапшылығынан   қойлар   мен мүйізді ірі мал қаназдың ауруына ұшырайды.  Литосферада көп кездесетін, алайда тірі табиғатта өте аз мөлшерде болатын жалғыз элемент ­ кремний. Бұл   кремнийдің   химиялық   белсенділігінің   шамадан   тыс   төмендігіне байланысты   болса   керек,   сондықтан   химиялық   үдеріс   шапшаңдығы   төмен және қосылыстарының саны да көп емес. Ал тірі нәрсеге шапшаңдык және әр түрлі   химиялық   реакциялардың   маңызы   зор.Егер   қандай   болса   да   бір жасушаға   немесе   ағзаға   мөлшері   0,000001   г   шамасында   болса   да   элемент қажет болса, оның болмауынан қалай болғанда да оның опатқа ұшырайтынын есте ұстаған жөн. 18 Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер   етеді.   Мысалы,   рахитпен   ауырғанда   фосфорлы­кальцийлі   алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті   алмасудың   бұзылуының   әсерінен   ағзадағы   кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы,   кадмийдің   бүйректегі   және   молибденнің   бауырдағы   мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғайған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром   сияқты   микроэлементтердің   мөлшерлері   Фтордың жетіспеушілігінен   тіс   жегісі,   йодтың   жетіспеушілігінен   зоб   (іспебұғақ), молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады.    кемиді. Қалған   элементтердің   барлығы:   мыс, мырыш, фтор, никель, селен, молибден, кобальт,   т.   б. ушінші   топты құрайды.   Олардың   жасушадағы мөлшері ете мардымсыз (0,02%), сондықтан оларды ультрамикроэлементтер дейді. Мөлшері аз болғанымен олар ағзада маңызды қызмет атқарады. Йод ­ қалканша   без   гормоны   тироксиннің   негізгі   құрамдас   бөлігі. Мырыш инсулин гормоны   молекуласының   құрамына   енеді.   Кобальт   ­ В12) витамині молекуласындағы   орталықатом. Бром жүйке   жасушаларының қызмет   атқаруы   үшін   қажет.   Мыс   кейбір   ферменттер   мен   тасымалдағыш жасушалар   молекулаларының   кұрамына   енеді,   сондай­ақ   шаянтектестердің және ұлулардың тынысалу пигменттерінде болады. Фтор тіс кіреукесі және т. б. құрамына кіреді. 19 теріс   әсер   етуі   ауруына Нәтижесінде көп   болады   .   шизофрения   мүмкін.   Адам   2.3 Тіршілікке  қажетті және ағзаға қауіп әкелетін химиялық элементтер – Кейбір   химиялық   элементтерді   аналог   түрлерімен   ауыстырған   жағдайда, ағзаға ағзасындағы натрий мен  калийді   литийге   алмастырса, онда   нерв   жүйесінің   бұзылуына   әкеліп соғады.      шалдығады.  Таллий калийге биологиялық   бәсекелестікке түсе алады, орталық және шет нерв жүйелерінің қабынуына әкеледі, ішек құрылысы мен бүйрек жұмысын нашарлатады. Селен белок құрамында күкіртті алмастыра алады.  Бірғана осы элемент өсімдік құрамында көп болып, оны азық ретінде жеген жануар немесе адам   оқыс   өлімге   тушар   болуы   мүмкін.    Кальций топырақта   тапшы болғанда стронций элементіне   ауыстырылса,   сол   жерде   өскен   өнімді пайдаланған   жағдайда,   сүйек   қаңқасы   құрылымының   бұзылуына   әкеліп соғады. Әсіресе кальцийді стронций – 90 ауыстыру өте қауіпті. Бұл элемент көбіне   ядролық   қопарылыс   жасалған   жерлерде   немесе   АЭС   апаты   болған жерде     Бұл   радионуклид   сүйек   майларын бұзады.   Кадмий   цинкке бәсекелес.   Бұл   элемент   ас   қорыту   жүйесі жұмысына   қатысатын   ферменттер   белсенділігін   төмендетеді,   бауырдағы гликогеннің түзілу процесін бұзады, сүйек қаңқасының деформациялануына әкеліп соғады, сүйектің өсуін жояды, сонымен қатар, бел мен аяқ бұлшық еттерінің ауыр сырқатына және сүйектердің морттылығына әкеледі.  Басқа да оның салдары   – өкпе мен тура ішек   (рак ) қабынады, асқазан асты бездері функциясы   бұзылады.   Қанда темір,   кальций,   фосфор төмендесе,   бүйрек жұмысы   бұзылады.    Галогендерді ағзада   жеңіл   алмастыруға   болады. Қоршаған ортада фтордың  мөлшерден көп болған жағдайда ( фторланған су, алюминий өнімін шығару кезінде топырақтың фтор қосылыстарымен ластануы және т.б. себептерден), адам ағзасына иодтың түсуіне кедергі болады.   Оның салдары   қалқанша   безінің,   жалпы   эндокриндік   жүйесінің   қабынуы   болады. Кейбір химиялық элементтер, ауыр металдар, тірі ағза үшін қауіпті болып келеді.   Au   –   мысалы,   ертеде   Парацельс   медицина   тәжірибесінде   химиялық элементтерді   медицина   саласында   пайдалануды   көздеді.   Алтынмен туберкулез, жегі, алапес ауруларын емдеді.Алтын бұйымына деген ағзаның сезімталдығы көп болған жағдайда, адамдарды бүйрек, бауырдың қабынуы, қан құрамы өзгеретіндігі байқалған. Тіпті көңіл күйге, тістің, шаштың  өсуіне әсер ететіндігі байқалған. Т.б.         Cu   –   адам   ағзасында   әсіресе   ми   мен   бауырда   көп   кездесетіндігі айқындалған. Қатты ауырғанда мыстың концентрациясы қанда және жұлын 20 сұйықтығында көтерілген. Сирия мен Египетте  жас нәрестенің қолына рахит және эпилепсия ауруларынан сақтану үшін мыс білезігін кигізіп қояды.       Al – бұл элементтен жасалған ыдысты кедейлер ыдысы деп атайды. Себебі бұл   металл   қарттық   атеросклероздың   дамуына   бейімдейді.   Алюминий ыдысында дайындалған астан, ағзаға алюминий иондары өтіп жиналады. 21 Қорытынды Адамзат ХХІ ғасырға аяқ басты және ақпараттану деп аталатын жалпы тарихи процеске кірді. Қоғамның осы кездегі дамуы­ іс­әрекеттің негізгі түрі­ ақпаратпен жұмыс болып отыр. Сәйкесті түрде жаңа уақыт орындаушы ғана емес,   әрі   зерттеуші,     әрі   шығармашыл,   шешілмеген   мәселелердің   шешімін табуға бейім адамдарды қажет етеді. Ал   оқу үрдісіндегі     міндет – балаға өмірдің мән –мағынасын аша атырып, онымен бірге дамудың жаңа сатысына көтерілу арқылы баланың өмірді түсінуіне көмектесу. Соңғы   жылдарда   әлемдік   жаһандану   үрдісінде   табиғатта   тепе­теңдік жағдайында сақталып  тұрған кейбір химиялық элементтердің адам ағзасында бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі   байқалуда.   Химиялық   элементтердің   барлығы   да   тиісті   мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететіні анықталған. Химиялық   элементтердің   табиғатта   таралу   жағдайларына   жасалған зерттеулер   бойынша   жердің   массасының   шамамен   50%­ын   оттек,   25%­дан астамын кремний құрайды. Он сегіз элемент   — оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий – жер массасының 99,8%­ын құраса, ал қалған  0,2%­ы барлық басқа элементтердің үлесіне тиеді. Адамның ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро­және   макроэлементтер   мүшелер   мен   ұлпаларда   әркелкі   таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады.   Бұл   ұлпалар   көптеген   микроэлементтердің   негізгі   қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары   болады.   Мысалы,   мырыш   –   қарын   асты   безінде,   йод   –   қалқанша безінде,   фтор   –   тіс   кіреукесінде,   алюминий,   мышьяк,   ванадий   –   шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе , қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады. Ағзада   микроэлементтер   байланысқан   және   бос   ионды   түрінде   де кездеседі..   Сутек   және   оттек  –   макроэлементтері   су   молекуласын   түзетіні белгілі,   ал,   ересек   адам   ағзасының   шамамен   65%­ы   су   болып   келеді.   Су­ маңызды   еріткіш   және   ол   адамның   мүшелерінде,   ұлпаларында   және биологиялық   сұйықтықтарда   әркелкі   таралған,   асқазан   сұйығының, сілекейдің,   қан   плазмасының,   лимфаның   99,5%   —   дан   90%   —   ға   дейінгі аралығын   құрайды.   Ендеше   су   ресурстарының   құрамын   зерттеу,   үнемі бақылау және мемлекет тарапынан қорғау іс­шараларын жүргізудің тіршілік үшін маңызы бар деуге болады. 22 Макроэлементтер   –   көміртек,   сутек,   оттек,   азот,   күкірт,   фосфор   – нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық   белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Кальций де негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Натрий және хлор жасуша аралық, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид  түрінде сүйек және тіс ұлпаларында болады. Магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында болады. Тірі ағзаға қажетті тіршілік металдары деп аталатын металдардың жалпы сипаты   бойынша   шамамен   салмағы   70   кг   адам   ағзасында   тіршілік металдарының мөлшері төмендегідей болады : кальций – 1700 г, калий – 250г, натрий – 250 г, магний – 42 г, темір – 5 г, мырыш – 3 г, мыс – 0,2 г, марганец, молибден, кобальт – барлығы шамамен 0,1 г. Ересек адамның денесінде 3 килограммға дейін   минералды тұздар бар, бұл мөлшердің 5/6 бөлігі сүйек ұлпаларына тиесілі. Кейбір макроэлементтер (магний, кальций) және көптеген микроэлементтер   ағзада   биолиганд   –   аминқышқылдармен,   нәруыздармен, нуклеин   қышқылдарымен,   гормондармен,   дәрумендермен   және   тағы басқалармен   комплекс   түрінде   кездеседі.   Мысалы,   темір   ионы   комплекс түзуші  ретінде­  гемоглобин,  кобальт­В 12  дәруменінің,  магний­  хлорофилл құрамына кіреді. Сонымен қатар, ағзада биологиялық маңызы жоғары   басқа да  элементтердің көптеген  биокомплекстері бар. 23 Нефритпен   ауырғанда   электролитті   алмасудың   бұзылуының   әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді.            Ағзадағы   макро­   және   микроэлементтердің   мөлшерін гормондар   реттеп   отырады.   Химиялық   элементтердің   адам   ағзасындағы биологиялық   орны   әр   түрлі   болып   келеді. Макроэлементтер   —   ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын, иондық және қышқыл– негіздік құрамын реттеушілер. Микроэлементтер қан жасалу, тотығу – тотықсыздану, тамырлар   мен   ұлпалардың   өткізгіштігіне   белсенді   әсер   етушілер.   Макро   – және   микроэлемент­тер   –   кальций,   фосфор,   фтор,   йод,   алюминий   және кремний,   сүйек   және   тіс   ұлпаларының   түзілуін   қамтамасыз   етушілер. Микроэлементер ферменттер, гормондар, дәрумендер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар түрінде  кіреді де зат   алмасу,   көбею,   ұлпаның   тыныс   алу,   улы   заттарды   залалсыздандыру үрдістеріне қатысады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған   сайын   өзгеріп   отырады.   Мысалы,   кадмийдің   бүйректегі   және молибденнің   бауырдағы   мөлшері   қартайғанда   жоғарылайды.   Жас   ұлғайған сайын   кейбір   мырыш,   ванадий   және   хром   сияқты   микроэлементтердің мөлшерлері   кемиді.   Әр   түрлі   микроэлементтердің   жетіспеушілігіне   немесе артуына байланысты көптеген аурулар белгілі. Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен  подагра пайда болады. Адам ағзасын­дағы биогенді элементтер концентрациясы өмір сүрудің   тепе­теңдігін   сақтайды    (химиялық   гомеостаз).   Бұл   баланс элементтің   жетіспеушілігіне   немесе   артық   болуына   байланысты   бұзылады және әр түрлі аурулар туады. Микроэлементтердің   адам   ағзасындағы   мөлшері   және   қатынасы жайындағы   мәліметтерді   сот   –   медициналық   сараптама   жасау   істеріне пайдаланады.   Мысалы,   этил   спиртінің   қатынасында   алкогольді   улану жағдайында бауырда кальцийдің мөлшері көбейіп, натрий мен калий азаяды. Тағам құрамында темір, мыс, мырыш, йод, кальций, фосфор, магний және т.б. элементтері   жетіспесе,   адам   денсаулығына   үлкен   зардап   келуі   мүмкін. Сонымен қатар, ағзаға биогенді элементтердің тек қана жетіспеушілігі емес, артық   мөлшері   де   зиян,  өйткені   бұл   кезде   химиялық   гомеостаз   бұзылады. Мысалы, тағамда марганец артық мөлшерде болса, плазмада мыстың мөлшері көбейеді,   ал,   бүйректе   азаяды.   Тағам   құрамында   молибденнің   мөлшері көбейсе, бауырда мыстың мөлшері көбейеді. Тағамда мырыш көбейсе темірі бар   фермент­тердің   белсенділігі   төмендейді.   Сондықтан   да   тіршілікте маңызды болып саналатын минералды компоненттердің концентрациясы сәл ғана көбейсе олардың аз мөлшерінің өзі де улы болып табылады деуге негіз бар. 24 Магний   жүйке   ұлпаларының   жұмысын   жақсартады,   сүйек   түзуге қатысады.   Адамға   күніне   шамамен   400   мг   магний   керек.   Қаңқаның мықтылығы   оның   құрамындағы   элементтер   фосфор   мен   кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді. Адам ағзасында 250 – 300 г NaCl   болады, тамақпен 10 – 15 г күнделікті қайта толықтырылып отырады. Натрий хлоридінің артық мөлшері ішкі   ағзаларға   (бауыр,   бүйрек)   әсер   ететіндігі   зерттелген.   Ал,   Жамбыл облысындағы   тұз   бассейндері   кендерінің   (Ресей   ғалымдарының   зерттеулері бойынша барлығы 54 тұз бассейндері бар екендігі келтірілген) осы уақытқа дейін   ашық   болуы,   желдің   әсерінен   тозаң   түрінде   аймаққа   таралуы экологиялық ахуалының нашарлығын көрсетеді деуге болады. 25 Микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары. Мыс —   денсаулыққа   өте   пайдалы   микроэлементтердің   бірі.   Егер   ағзада   мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші­адамның шашы. Мыстың   мөлшері   төмендеген   кезде   немесе   жетіспеген   жағдайда   шаш   тез ағарады.   Мыс   қанға   оттектің   өтуін   қамтамасыз   етеді.   Соның   нәтижесінде жасуша,   ұлпалар   оттекпен   жақсы   қамтамасыз   етіледі.   Мыс   көптеген ферменттердің   құрамына   кіреді,   ұлпалардағы   тотығу   реакциясын жылдамдатады. Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері 11­30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл клеткасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он   екі   елі   ішектің   жоғарғы   бөлігінде   қанға   сіңеді.   Темірдің   ағзаға   дүрыс сіңбеуі асқазандагы түз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің белокпен байланысының нашарлауынан болады. Ал, тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда   әр   түрлі   тұздар   тастар   түрінде   жиналады.   Тастардың   пайда   болуы топырақ  пен  судың  және  қоректің  сапасына   байланысты  екендігі  түсінікті. Демек,   облыс   көлемінде   халықтың   денсаулығының   төмен   көрсеткіштері оларды   қоршаған   табиғат   ортасына,   экологиялық   сипатына   тікелей байланысты   деуге   болады.   Жоғарыда   айтылған   элементтердің   тәуліктік нормасын   зерттеудің   нәтижесінде   мынадай   қорытынды   жасалады:   ересек адамдар үшін микроэлементтердің тәуліктік мөлшері: алюминий — 49,01 мг, бром — 0,821 мг, темір — 1,1­30 мг, йод — 0,2 мг, кобальт — 0,05­0,1 мг, марганец — 5—7 мг, мыс — 2­3 мг, молибден — 0,15—0,3 мг, никель — 0,63 мг, рубидий — 0,35­0,5 мг, фтор — 2­3 мг, мырыш — 10—15 мг. Әрине, бұл көрсеткіштер   адамның   жас   ерекшеліктеріне   байланысты   өзгеріп   отырады. Мысалы,   ой   еңбегімен   айналысатын   адамдар   үшін   марганецтің   мөлшері тәулігіне 5­6 мг. Жас балаларға марганецтің мөлшері ересектерге қарағанда көбірек қажет болады. Сондықтан да соңғы жылдары микроэлементтер жайлы зерттеу   жұмыстары   жүйелі   жүргізіліп   келеді.   Микроэлементтердің   негізгі физиологиялық   –   биохимиялық   қасиеттері   бойынша   Қазақстанда   П.   Р. Загриценко, Ж. Қалекенов, Қ. Кенжеев,   Ж. Мамутов және     К. Сағатов, ал Ресейде Я. В. Пейве, М. Я. Школьник, П. А. Власюк, О. К. Кедров – Зихман сияқты ғалымдар зертеу жұмыстарын жүргізген. 26 Қоректік   зат,   оны   пайдалану   барлық   тірі   организмге   тән   қасиет. Қоректену   нәтижесінде   ағзада   көптеген   биологиялық,   химиялық   және физикалық   үрдістер,   яғни,   көбею,   өсу,   даму,   еңбек   ету,   т.б.   жағдайлары болады.   Адамның   денсаулығы   дұрыс   болып   қалыпты   өмір   сүру   үшін   ең қажеттісі — қоректік заттың мөлшері, сапасы, ағзаға ену мөлшері міндетті түрде тиісті деңгейде сақталуы керек. Әрбір қоректік заттың энергетикалық балансын   сақтау   ең   басты   шарт   болып   табылады.   Қоректік   заттың құрамындағы   әр   түрлі   бөліктерінің   мөлшері,   сапасы   (белоктар,   майлар, комірсулар,   минералды   заттар,   макро   және   микроэлементтер,   витаминдер) саны   белгілі   ретпен   бір­біріне   тығыз   байланыста   болатындығы   анықталған соны үнемі ойда ұстаған абзал деп ойлаймын. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Аханбаев К . Химия.­ Алматы. «Ана тілі» , 1993       2. «Химия мектепте» журналы №6, 2003; №4, 2004; №3, 2005: №2, 2006; №2,№3 2008. 3. Мырзабаев А. Элементтер – химия негізі. – Алматы. «Рауан», 1990 4. «Денсаулық журналы»№4,2005;  №11, 2006; №5, 2007. 5. www.kitaphana.kz 27 6. www .45minut.kz Қосымша 1. Адам ағзасындағы кейбір химиялық элементтердің биологиялық ролі  28 Қосымша 2. Тағамдық макроэлементтер көзі   Кальций       1000 мг­2500 мг         Сүт және сүт өнімдері Калий           2000 мг­5000 мг         Құрғақ жемістер,бұршақ, картоп, ашытқы Натрий         550 мг­2300 мг           Астұзы Магний        300­350 мг                   Ірі ұнтақты ұн өнімдері, жаңғақтар, бұршақ                                                             өнімдері, жасыл көкөністер  Фосфор      700 мг­4000 мг              Сүт, сүт өнімдері, ет, балық Темір          10 мг                              Бұршақ өнімдері, ет,саңырауқұлақтар, ірі                                                             ұнтақ ұн өнімдері Қосымша 3. 29 30 31 Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш түрге бөлуге болады. 1.   Тіршілікке   қажетті   (ауыстырылмайтын)   элементтер.   Олар   адам   ағзасында   үнемі кездеседі.   2.   Қосымша   элементтер.   Бұл   элементтер   жануар   мен   адам   ағзасында кездеседі. 3. Өте аз элементтер. (Se, Tl, In, La, Pr) Макроэлементтер – көміртек, сутек, оттек,   азот,   күкірт,   фосфор   –   көмірсулар   да   және   липидтерде   (майлар)   кездеседі. Кальций   негізінен   сүйек   және   тіс   ұлпаларында   концентрленеді.   Кейбір макроэлементтер   (магний,   кальций)   және   көптеген   микроэлементтер   ағзада аминқышқылдарын   да   кездеседі.   Химиялық   элементтердің   ағзадағы   мөлшерінің өзгеруіне   әр   түрлі   аурулар   әсер   етеді.   Ағзадағы   макро   және   микроэлементтердің мөлшерін   гормондар   реттеп   отырады.   Химиялық   элементтердің   адам   ағзасындағы биологиялық   рөлі   әр   түрлі   болып   келеді.   Макроэлементтертің   басты   функциясы   – ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын, Микроэлементтер ферменттер, гормондар, витаминдер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплексті кездеседі. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Микроэлементтердің   адам   ағзасындағы   мөлшері   және   қатынасы   сот­медициналық сараптама қолданылады. Тағам құрамында темір, мыс, мырыш, йод, кальций, фосфор, магний металлдары кездеседі. Көптеген элементтер (күміс, сынап, қорғасын, кадмий, және   т.б.)   ағзаға   улы   болып   саналады.   Биогенді   элементтер   ауыл   шаруашылығында кеңінен қолданылады.  Адам ағзасындағы  тіршілікке  қажетті зат алмасу  процестерінде тамақ құрамындағы минералды заттар мен микроэлементтердің ролі өте ерекше. Олардың ағзада жетіспеуі зат алмасуын тежеп, түрлі ағзаның сырқатына душар етеді. Мысалы тамаққа ең жиі пайдаланатын минералдық зат ­ ас тұзы. Әрине ас тұзынсыз тамақтың дәмі кірмейді, ол натрий   мен   хлордан   тұратындықтан,   тек   тағам   дәмін   келтіріп   қана   қоймай,   зат алмасуды жақсартады. Ағзадағы суды ұстап, қанның қысымын арттырады,жүрек пен бүйректің   қызметін   қиындатады.   Сонымен   бірге   қан   тамырын,   әсіресе   мидың   қан тамырын атеросклероз ауруына шалдықтыратындығы анықталды. Күніне ересек адам 10­15  гас   тұзын   қабылдасажеткілікті.   Адам   ағзасында   тағы   да   бір   минералдық   зат­ калий.   Ол   жүректің   жұмысын,   қанайналымын   жақсартады,асқазан   мен   ішектердің қызметіне де өте қажет және ағзадағы барлық зат алмасу үшін тікелей қатынасы бар. Натрий мен калий ерітінділері ағзаның кез келген жасушасының құрамында белгілі бір мөлшерде болады. Мысалы қанның сарысуына қарағандақанның қызыл түйіршіктерінде калий   шамамен   18­20   есе   көп,   ал   натрий   6­7   есе   аз   болады.   Натрий   мен   калий ерітінділері жүйке талшықтарының бойымен импульстардың жақсы жүруін реттейді. Ал ол   элементтердің   жетіспеуі   жүйке   талшықтарының   жұмысын   нашарлатады.   Мысалы ішек қарынға жасалған операциядан кейін калий жетіспеген жағдайда, ол адамның іші кеуіп,ішек   –қарынның   жиырылу   созылу   қабілеті   күрт   нашарлайды.   Сол   үшін   ауыр операциядан кейін адамқанының құрамындағы калий мөлшерін күніне тексеріп, азайған жағдайда калий ерітіндісін құйып, қалыпты жағдайға келтіру қажет. Калий мейіз бен кептірілген өріктің, көк пияздың, қауынның, апельсиннің және алманың құрамында көп. Жүрегі асқазаны және ішектері ауратын адамдар осы жемістерді асқа жиі пайдаланғаны дұрыс.   Кальцийдің   де   ағзада   атқаратын   қызметі   өте   зор.   Сүйектің   өсіп­   жетілуіне, жарақаттанғанда аққан қаның тоқтауына, жүрек пен бұлшықеттердің қызметіне,қышқыл мен сілтінің арақатынасын сақтауда аса маңызды процестерде кальций өте қажет.. адам ағзасын кальциймен қамтамасыз етудің ең қолайлысы – сүт пен балық және солардан жасалатын тағамдарды пайдалану. Қанның құрамында кальцийдің жетіспеуінен түрлі сүйек   ауруларына   соқтырады.   Адам   ағзасына   жасөспірімдерге   өте   қажет   элемент­ 32 фосфор.   Фосфорда   калий   сияқты   сүйектің   өсіп   жетілуіне   қажет.   Сонымен   бірге бұлшықет   пен   жүйке   жүйелерінің   қызметінде   жақсартады.   Фосфор   етте,бұршақта, жұмыртқада сүт пен балықтан жасалған тағамдардың құрамында көп болады. Магний­ адам ағзасындағы зат алмасу процестерін жақсартатын ферменттердің құрамына кіреді. Ағзада магнийдің жетіспеуі жастардың бойының өсуін нашарлатып, жүйке жүйесінің қызметін бұзады,әртүрлі тері ауруларына шалдықтырады. Ондай адамдардың шаштары түскіш келеді. Егер ауру адамдарға аспен бірге магний тұзын берсе, жүйке мен қан тамырлары жүйелерінің қызметі дұрысталып,ішек пен өт қызметтерінің жақсаратынына анықталды.   Жоғарыдағы   кестеде   микроэлементтердің   тәуліктік   қажет   мөлшерінде темір,   мыс,   кобальт,   иод   сияқты   элементтер   гормондардың,ферменттердің, дәрумендердің құрамына ауадай қажет.олар ағзадағы және оның жасушаларындағы зат алмасу   процестеріне   тікелей   қатысып,олардың   жұмысын   реттейдіжәне   қанның құрамындағы   оттегін   тарататын,қызыл   қан   түйіршіктерін   көбейтеді.   Ал   иодтың қалқанша   безінің   қызметіндегі   және   соған   байланысты   бұғақ­зоб   ауруын болдырмаудағы   рөлі  үлкен.  Таулы   аймақтардың   суларында   иод  жетіспегендіктен  ас тұзына иод қосады. Сондай­ақ фтордың да тіс пен сүйектің жетілуіне әсері зор, Фтор жетіспеген жағдайда адамның тістері үгілгіш,бұзылғыш келеді. Сондықтан тіс жуатын пасталарға фтор қосады. Соңғы арнаулы жүргізілген ғылыми зерттеулер,адам ағзасына арнайы дәрі дәрмектерден еккеннен ғөрі микроэлементтер мен дәрумендердің тамақ арқылы   берілгені   анағұрлым   тиімді   екені   дәлелденіп   отыр.   Денсаулықты   сақтаудың дұрыс   жолы   дұрыс   тамақтанудан   басталады.   Тамақтағы   қоректік   заттар   сапасы жағынан   адам   ағзасының   мұқтажын   өтуі   қажет   әсіресе   тамақ   нормасын   әркім   өз ақылымен жоғарыдағы ғылыми деректерге сүйене отырып мөлшерлегені жөн. Қорытындылау Адам ағзасы біртұтас құрылым, он екі мүшеден құралған денеміздің әр жүйесінің   өзіндік   қалыпты   жұмыс   атқаруы   бұл   біздің   күнделікті   тамақтануымызға байланысты. Себебі «денсаулықты сақтау – дұрыс тамақтанудан басталады» деп айтуға болады. Тамақтағы қоректік заттар, сапасы жағынан адам ағзасының мұқтажын өтеуі қажет.  33 Сөз    Бұлардың   жасушадағыжалпы   мөлшері   1%­ға   жуық. Бірінші топқа: оттек, сутек, көміртек және азот сияқты органикалық және бейорганикалық   заттардың   молекулаларының   негізін   құрайтын   элементтер жатады.   Бұлардың   жасушадағы   мөлшері   98%­ға   жуық   болғандықтан,   олар макроэлементтер деп аталады. Сонымен қатар бұл топқа нәруыз (белок) бен нуклеин   қышқылдарының   құрамына   кіретін   күкірт   пен   фосфор   да   кіреді. Бұларды   биоэлементтер   деп   атайды.  Екінші   топқа:   ион   түрінде   кездесетін калий,   натрий,   кальций,   магний,   темір,   хлор   сияқты   және   т.б.   элементтер жатады.   Бұл элементтердің   қысқаша   жасушада   ерекше   қызметтер   атқарады.   Мысалы, кальций   мен   фосфор   сүйек   ұлпасының   құрамына   кіреді,   оның   беріктігін арттырады.   Сонымен   қатар   кальций   элементі   қанның   ұюына   қатысады.Ал гемоглобин   нәруызының   құрамында   темір   болады,   ол   оттекті   өкпеден ұлпаларға   тасымалдайды.   Өсімдік   жасушасындағы   хлорофилл   пигментінің құрамындағы магний элементі фотосинтез процесін тездетеді. Үшінші топқа: жасушада   өте   аз   мөлшерде   кездесетін   элементтер   жатады.   Олардың жасушадағы мөлшері 0,02% болатындықтан микроэлементтер деп аталады. Кальций – күмісше жылтыраған ақ металл, ол сілтілік металдар тәрізді өте жеңіл   (g   =   1,55   г/см3 ),   алайда   анағұрым   қатты   болады   және   оның   балқу температурасы да өте жоғары, 851 0 С­ге тең. Са – ізбес. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді. Калцийдің маңызды қосылыстары: кальций оксиды – СаО – сөндірімеген әк, кальций   гидроксиді   –   Са(ОН)2 –   сөндірілген   әк,   кальций   карбонаты   – СаСО3 — әкті су, ғаныш (гипс) – СаSO4 *2Н2О Ересек   адамдарға   тәулігіне   0,5   грамм   кальций   жеткілікті.   Ол   сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам   –   ірімшік,   сүзбе,   сүтсірнеде   (сыр)   мол.   Қара   бидай   наны   мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді. Ағзада   кальций   тұздарының   жетіспеушілігі   сүйек   ұлпасының   дұрыс   емес дамуына,   тістер   (кариес)   ауруына,   кейбір   ферменттердің   белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.    Йод   — өмірлік   маңызы   бар   элемент.   Ол   қалқанша   без   үшін   құрылыс материалы   (қалқанша   без   –   йод   жинақтаушы   орган).   Өкінішке   орай,   бұл микроэлемент   ағзада   жасалмайды,   адам   оны   тек   ас,   тағам   арқылы   алады. Сырт   қарағанда   йод   жетіспеушілік   білінбейді,   ал   тапшылық   сезілсе   түрлі 34 ауруларға   шалдықтырады,   яғни   шаршау,   түрлі   жұқпалы   ауруларды   тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігі. Йод жетіспеушілігіне байланысты ауруларды емдегеннен гөрі алдын – алған жөн. Адам күнделікті өсімдік және жануартекті өнімді қабылдағанмен, ағзаға қажет мөлшердегі дәрумен мен микроэлементтердің орнын толтыра алмайды. Ағза   йодты   синтездей   алмағандықтан,   тршілік   үшін   күнделікті   йоды   бар тағамдарды пайдалану есебінен қажет мөлшерін толтыру қажет. Ең   жоғарғы   мөлшердегі   өнімі   –   теңіз   өнімдері   (800   –   1000   мкг/кг).   Теңіз балдырлары мен губкалар және балық майы, кальмар, теңіз капустасы. Ет, сүт, жұмыртқада йод аз, өсімдіктекті азықта тіпті аз. Йод бар өнімдерді қабылдағанда (80 – 85 % мөлшерін ал үшін) мынаны ескер жөн:  йодтың   қалқанша   безге   кіруі   үшін   фермент,   селен,   мырыш,   темір және А, Е дәрумендері бірге жүруі қажет.  микроэлементтер   пісіру   кезінде   жойылып   кетеді.   Егер   сорпа дайындасаңыз әңгіме басқада, ал тек картоптың өзін қайнатсаңыз, йод сумен бірігіп өзгеріске ұшырайды.  кейбір тамақ өнімдері йодты өзіне «байлап» алып, ағзаға сіңірілуін нашарлатады, ондай қасиетке барлық шаршыгүлділер: орымжапырақ, шалқам,   шалқан,   шомыр,   соя,   бұршақ   жатады.   Бұл   оларды   жемеу деген   емес,   керісінше   соларды   көбірек   мөлшерде   қабылдау   керек деген сөз.  йод жетіспеді екен деп тек йодталған өнімді ғана жеуге болмайды, тепе   –   теңдік   сақтап,   май,   ақуыз,   көмірсуларды   да   аз   мөлшерде қабылдар отырыңыз.  йодтың спирттегі ерітіндісін тікелей пайдалануға мүлдем болмайды, 1 тамшы йодтан 11 күндік мөлшерін бірден аласызда, қалқанша безді «отырғызасыз» және таза йод аллергия беруі мүмкін Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасық қана йод жеткілікті. Йод   адам   ағзасында   20   –   30   мг   мөлшерінде   ғана   болса   да   өте   маңызды үрдістерді атқарады. Құрманың   зияны   жоқ. Кептірілген   құрма   –   адам   ағзасына   қажетті дәрумендерге   бай   жеміс.   Оның   құрамында   ақуызбен   көмірсутектен   басқа темір,   фосфор,   мыс,   марганец,   магний,   калий,   кальций,   фтор,   селен элементтері бар. Кальций сутектің, фтор тістің беріатігі үшін қажет болса, селен жүрек және қатерлі ісік ауруларының алдын алып, ағзаның қорғаныш қабілетін күшейтеді. Құрма   құрамындағы   амин   қышқылы   жөнінен   алма,   апельсин   мен   бананды жолда   қалдырады.   Бұрынырақта   халық   емшілері   құрманы   асқазан,   ішек ауруларына ем ретінде қолданған. Құрма күш – қуаттың қайнар көзі, сонымен бірге бұлшық еттің нығаюына да әсер етеді. 35 Жемістің құрамындағы В тобындағы дәрумендер мен көп мөлшердегі глюкоза мимен жұмыс істейтіндер үшін өте пайдалы. Құрма жүкті әйелдер үшін де өте қажетті жеміс, ол ана сүтінің молабына септігін тигізеді. Бірақ кептірілген құрма майлы және қанты көп болғандықтан, күніне 10 – 15 түйірден артық жеуге болмайды. Фосфор   тұздары   . Фосфор   тұздарының   ағза   үшін   маңызы   сүйекті қалыптастыруға қатысумен шектелмейді. Фосфордың органикалық қосылысы –   аденозинүшфосфат   қышқылы   мен   креатин   –   биологиялық   қышқылдану барысында   босайтын   қуаттың   нағыз   аккумуляторы   болып   табылады.   Ағза бұлшық еті жиырылғанда, сондай – ақ мида, бауырда, бүйректе және басқа ағзаларда   жүретін   биохимиялық   үрдістерде   қуатты   нақ   осы   қосылыстар түрінде пайдаланады. Міне сондықтан бұлшық етте қатты жұмыс істеген кезде фосфатты қажетсіну едәуір артады. Егер ересек адамға оның тәуліктік қажеті 1 – 2 грамм болса, ауыр  дене  еңбегімен  шұғылданатын   жұмысшыға   немесе   үлкен   қашықтыққа жүгіретін спортшыда бұл қажеттілік екі есе дерлік артуы мүмкін. Адам   денесінде   фосфор   қосылыстары   көп.   Фосфор   қышқылының   қалдығы жасуша   ядроларында   нәсілдік   қасиеттер   беретін   аса   маңызды   заттарға   – нуклеопротеидтерге,   май   тектес   заттарға   –   фосфатидтерге   және көмірсулардан тарайтын әр түрлі заттарға міндетті құрамдас бөлік ретінде кіреді.   Сүйек   пен   тісте   фосфор   қышқылының   тұздары   өте   –   мөте   көп. Сондықтан  тамақ  рационында  фосфордың қажетті мөлшерде болғаны жөн. Фосфор   мал   мен   өсімдік   өнімдерінде   мол.   Өсімдік   өнімдерінен   бөлінген қосылыстар ағзаға нашар сіңеді, өйткені нашар ериді. Фосфор сырда, сүзбеде, етте өте көп.                    Асқабақ Латын Америкасынан шыққан, бірақ ол біздің жерімізде  де орнықты.   Қызғылт,   сары,   дәмді   балдырынан   басқа   оның   емдік   қасиетті тұқымы да бар. Оны жапон диетологы Дж. Осава пайдалы өнімдер кестесінің ішінде бірінші орынға қояды. Әсіресе қауын тәрізді емес, дөңгелек асқабақтың тұқымы   бағалы.   Тұқым   несімен   пайдалы   дейсіз   ғой.   Онда   36   –   52   пайыз майлар   (холестеролсыз),   шайыр,   органикалық   заттар,   Е,   А   дәрумендері, аздаған Д, К дәрумендері бар және микро мен макроэлементтер мол. Әсіресе ондағы мырыш пен темір бағалы және магний, кальций, фосфор, ақуыздар да көп. Құрамындағы   мырыш   бойынша   асқабақ   пен   күнбағыс   ерекше   даңққа   ие болады, өйткені осы   өнімдердегі мырыш мөлшері устрицалардан соң екінші орынды   иеленеді.  Ал  мырыш   әйелдерге   қарағанда   ер   адамдарға  5 – 8  есе артық қажет. Мырыш   жетіспесе   нәрестелердің   өліп   кетуі   де   мүмкін   екен.   Содан   соң жасөспірім шағында ер балаларды безеу, шаштың майлы себореясы. Бұдан құтылудың   жолы   –   мол   мырыш   жеу,   мысалы,   асқаьақ   тұқымын   немесе күнбағыс пістесін шағу. 36 Адам ағзасындағы мүшелер әртүрлі болғандықтан онда кездесетін химиялық элемент те алуан   түрлі   болып   келеді.   Жасушаны   құрайтын   құрайтын   химиялық   заттар   химиялық элементтерден тұрады, олардың маңыздылығы мен атқаратын қызметі өте зор. Ағза микро және   макроэлементтер   мүше   мен   ұлпаларда   әртүрлі   таралады.   Микроэлементтердің көпшілігі   –   бауырда,   сүйек,   бұлшықет   ұлпаларында   жинақталады.   Сондай   ақ   мырыш­ қарынасты   безінде,   иод­   қалқанша   безінде,   фтор­   тіс   кіреукесінде,   ваннадий­   шашта, кадмий­, сынап, молибден­ бүйректе, қалайы­ ішек ұлпаларында, барий­ көздің пигментті қабатында; Бром,марганец, хром­ гипофизде жиналады. Кремний, аллюминий, мыс, титан­ бас миы ұлпаларында нәруыздармен комплексті түрде, ал марганец ион түрінде кездеседі. Макроэлементтер – С, Н, О,Р, S, N­ нәруыздың, нуклейн қышқылдарының және ағзаның басқа биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді  37

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы

"Адам ағзасындағы химиялық элементтердің биологиялық маңызы" тақырыбындағы зерттеу жұмысы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.06.2017