|
Мектеп: «Науалы орта мектебі» КММ |
|
||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Касымова А.К |
|
||||
Сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|||
Сабақ тақырыбы |
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. |
|
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.2.2.4 түріндегі теңдеулерді шешу, мұндағы a және b – рационал сандар; х-айнымалы; |
|
||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар: - Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешуде координаталық түзудегі нүктелердің арақашықтығын пайдаланады; - Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешуде санның модулінің анықтамасының формуласын пайдаланады; - Есептеулерде санның модулінің қасиеттерін пайдаланады; - Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі; - Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешеді. |
|
||||
Бағалау критерийлері |
Оқушылар: - Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешуде координаталық түзудегі нүктелердің арақашықтығын пайдалана алады; - Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешуде санның модулінің анықтамасының формуласын пайдалана алады; - Есептеулерде санның модулінің қасиеттерін пайдалана алады; - Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі; - Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шеше біледі. |
|
||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты лексика мен терминология: - теңдеу; - теңдеудің түбірі; - теңдеудің сол жағы; - теңдеудің оң жағы; - тепе-тең түрлендіру; - сызықты теңдеу; - сызықты теңдеудің коэффициенттері; - модулі бар теңдеу; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - теңдеу деп – құрамында мәнін табу қажет болатын айнымалысы бар теңдікті айтамыз. - теңдеудің түбірі деп ...; - теңдеуді шешу дегеніміз - ...; - сызықты теңдеу деп ...; - егер теңдеудің екі жағына бірдей санды қоссақ, онда ...; - егер теңдеудің екі жағын нөлден өзге бірдей санға көбейтсек, онда ...; - «х ... болсын»; - ... екенін біле отырып, теңдеуді құрамыз және шығарамыз; - ... белгілі болса, онда ... теңдеуін құрамыз; - теңдеуді шешіп, есептің жауабы болып табылатын айнымалының мәнін табамыз. |
|
||||
Құндылықтарды дарыту |
- Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын; - Өзгенің пікірін құрметтеу; - Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту; |
|
||||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта жаратылыстану-математика бағытындағы сабақтарда әртүрлі есептеулер үшін қажетті формулалар туралы түсініктер қарастырылады.әдебиет |
|
||||
Бастапқы білім |
Амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу. Теңдеулерді шеше алу. |
|
||||
Сабақ барысы |
|
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|||
Сабақтың басы 0 – 2 мин |
Ұйымдастыру. Амандасу. Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.
|
|
|
|||
Сабақтың ортасы 3 – 8 мин |
«Қатені тауып, дұрыс жолын көрсет» арқылы оқушылар қате жазылған теңдеуді тауып дұрыстап шығарады. 1) 5х + 6 = 3х - 8 2) 2х + 1= -5 5х + 3х = -8 + 6 2х = -6 8х = -2 х = -3. x =. 3) 8х – 7 = 5х + 8 4) 5х – 120 = -х 8х - 5х = 8 - 7 5х + х = 120 3х = 1 6х = 120 x = . х = 20. 5) 2(х - 4) = 3(х + 1) - 7 6) 3х – 2 = -14 2х – 4 = 3х + 3 - 7 3х = -14 + 2 2х - 3х = 3 – 7 + 4 3х = -12 x = 0. х = -4. |
Презентация Смайликтер
|
|
|||
9 – 24 мин |
· Сабақтың мақсатын ашу: Ауызша есептер шығару арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықталады: Айнымалының қандай мәндерінде теңдік тура болады? 1) ; 2) -5; 3) 5; 4) . Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай деп ойлайсыздар?
Жаңа сабақ Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға мынадай сұрақтар қояйық: «Ой шақыру» 1. Модуль деген не ? 2. -7 және 7 санының модулі тең бе ? Неге ? 3. Есепте : ; ; 4. Модуль теріс сан болуы мүмкін бе ? 5. Егер ; ; болса, онда х неге тең ? 6. х-тің неше мәні болады, егер оның модулі оң сан болса ? 7. Теріс сан болса және 0- ге тең болса ?
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді модуль таңбасы бар теңдеулер деп атайды. Мысалы, = 3, = 2х+1, т.с.с. – модуль таңбасы бар теңдеулер. Bilimland.kz сйтындағы 6 сынып «Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер» тақырыбы бойынша видео көру, жаттығулар мен тест тапсырмаларын шешу
|
Математика 2 бөлім, 6 сынып, Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов 2018
Bilimland.kz |
|
|||
25 – 37 мин |
Оқулықпен жұмыс Оқулық бойынша дифференциалданған тапсырмалар беру. А деңгейі №823 (1-2), №824 (1-2), В деңгейі №823 (3-4), №824 (3-4), 1. С деңгейі №823 (5-6), №824 (5-6), |
Математика 2 бөлім, 6 сынып, Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов 2018
|
|
|||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин |
Бағалау -өзін-өзі дискриптор арқылы бағалау -өзара дискриптор арқылы бағалау -мұғалім бағалауы; Кері байланыс арқылы мұғалім сабақтың табыс критерийіне жеткенін талдайды; Үйге тапсырма беру; А деңгейі №825 (1-2) В деңгейі №825 (3-4) С деңгейі №825 (5-6), Сабақ аяқталды! |
Математика 2 бөлім, 6 сынып, Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов 2018
|
||||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.