Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті?

  • docx
  • 30.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 6 дтарих 06.04..docx

.

4-тосан

1-2 сабақ

§§25-26

Пәннің атауы:

Дүниежүзі тарихы

6 сынып

Сабақ тақырыбы:

Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті?

 

Сабақтың мақсаты:

Сабақ барысында, сендер,Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетіне сипаттама беріп, гуманистік идеялардың ортағасырлық мәдениетке әсерін анықтай аласыңдар.

Сабақтың барысы:

Қысқаша конспект

         XIV ғасырдың екінші жартысынан ортағасырлық Италияда капиталистік қатынастардың алғашқы белгілері пайда бола бастады. «Қайта өркендеу» (өрлеу) деп аталған ерте буржуазиялық мәдениет  те тұңғыш осы елде қалыптасты. XV ғасырдың аяғында және XVІ ғасырда қайта өрлеу мәдениеті толық гүлдену деңгейіне жетті.

Италиядағы басты мәдениет орталықтарының бірі – Флоренция қаласы. Ол Римнен Альпіге баратын сауда жолының үстіне орналасты. Қалада қолөнер кәсібі мен сауда өте жақсы дамыды. Кеме жасау және су қатынасы ісі де алға басты.  Сурет және мүсін өнері жаңа сатыға көтерілді.

         XV ғасырдың аяғы мен XVІІ ғасырдың бірінші жартысында Еуропа елдерінде ағарту ісі дами бастады.

         Қайта өрлеу дәуірінің  аса ірі қайраткерлері осы күнге дейін адам баласы мақтаныш ететін, қайталанбас туындылар қалдырып кетті.

Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:

 

Топтастыру кестесін толтыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Салыстыру кестесін толтырыу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайта өрлеу мәдениетінің ерекшеліктерін  анықтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дерек келтіру.

 

 

 

 

 

 

 

Кестені толтыру.

 

Тапсырма №1

Төменде берілген  Қайта өрлеу дәуірі басталуына әсер еткен 8 факторды және оқулықтың 118-беттегі ақпараттарды пайдаланып, өзгерістерге ықпал еткен нақты себептерді топтастырамыз.

Кәсіби суретшілер

Суретшілер бейненің тереңдігіне қолжеткізу үшін перспективалы суреттеуге тырысты. Олар адамдардың  нобайларын дәлдікпен салып, жаттығып  өз жұмыстарына алдын-ала мұқият дайындалды. Адам анатомиясын зерттеуге (адам мүрдесін зерттеуге мүмкіндігі туындаған) байланысты адам денесі туралы көбірек белгілі бола бастады. Бұл суреттер мен мүсіндердің неғұрлым шынайы және өмірге жақын болуына ықпал етті.

Байлардың бос уақыты

Көпестер мен банкирлердің жаңа табыстары мен байлықтары оларға демалысқа және өз ақшаларын рухани қажеттіліктері үшін жұмсауға қосымша уақыт берді.

Байлар өз табыстарын қалай жұмсағандықтары туралы

Бай меценаттар, әсіресе  Медичилер ең үздік суретші, мүсінші және ғалымдарды жалдау бойынша бір-бірімен жарысқа түсті. Олар, сонымен қатар,  тамаша ғимараттар салу, үздік көне және заманауи өнер туындаларын жинау бойынша бір-бірімен бәсекелестікке түсті. Бұл басқа да еуропалық мемлекеттерден үздік суретшілер, мүсіншілер мен ғалымдарды жұмылдыруға мүмкіндік берді.

Қара індеттің әсері

1348 және 1349 жылдар аралығындағы індет Еуропа тұрғындарының үштен бірінің     қырылуына әкелді. Кейбір тарихшылар бұл еуропалықтардың сол сәттегі ләззәттің қамын  ғана ойлауының кесірінен болды деген пікірлер айтады. Бай италияндықтар өз   қаржыларын көбінесе христиандыққа емес, өздеріне жұмсауға ғана дайын болған.

Италиялық қала-мемлекеттер-«Жаңа Рим».

XV ғасырдағы көптеген қала-мемлекеттер республикалар болды (халық атынан билік жүргізген үкіметтер), ол кезде тіпті бір ауқатты отбасы шынымен билік жүргізе алды. Патшалар болмады, дворяндар билігі банкирлер мен көпестердің өсіп келе жатқан байлығымен шектеліп, тежелді. Бұндай қалалар өздерін  «Жаңа Рим» деп атады. Өздеріне   ежелгі  грек және Рим империясының  білімін, билігін, атағын, байлығын, мәдениетін ашты.

Шіркеу және  гуманизм

Римдік католик шіркеуінің штаб-пәтері Римде орналасты. Папа мен кардиналдардың (жоғары шіркеу шендері) билігі мен байлығы үздік суретшілер, мүсіншілер және ғалымдар іске тартылды және жақсы жалақы алды дегенді білдірді.

Кейбір итальяндықтар (шіркеу қызметкерлері) дінге деген көзқарастардан және гуманизмнің таралуынан әсер алды.  Әлемге байланысты бұндай көзқарастың қалыптасуы адамның денесі Құдайдың бейнесі мен кейпіне сәйкес жасалғанын айтып тұр. Шынайыға жақын, табиғи үлгіде әулие және  қарапайым адамдардың бейнесін суреттеу, бейнелеу, мүсіндеу қолайлы болды. Гуманистер ежелгі грек, рим мәтіндерін түпнұсқа түрінде зерттеуді қалады. Мысалы, Библия немесе грек пьесалары.

Ежелгі және жаңа білімге құштарлық

1396 жылы Италия қаласы Флоренция византиялық ғалым Мануил Хрисолорды университетте дәріс оқуға шақырды. Ол (және оған ұқсас гректер) Батыс  Еуропада ғасырлар аралығында жоғалған (немесе ескерілмеген) ежелгі грек және рим мәтіндері туралы білімдерді таратты. Бұл Италияда адамдардың үнемі ежелгі және жаңа білімге құштарлығының бар болғанын білдірді.

Байлардың дәулеті

XV ғасырда  итальян қалалары сауда мен банк істерінің маңызды орталықтарына айналды. Бұл байлардың орасан зор ақшаға ие болғандығын және оларды жұмсай алғандығын білдіреді.

Баспа  станогы

1445 жылдан бастап баспа станогын қолдану бүкіл Еуропаға таралды. Монастырлардың кітапханаларында сирек кездесетін түпнұсқалық қолжазба кітаптардың орнына олардың көшірмелерін жасау анағұрлым арзан және  қолайлы болды.  Бұл Италияға жаңа идеялар келгенін және осы жерден  неғұрлым жылдам тарала бастағанын білдірді. I Яковтың суреті мен сарай суреті бойынша жазбалар Ұлыбританияда жасалды. Оны 1606 жылы құдіретті моғолдық Үндістанның императорына ағылшын елшісі сыйға тартты. Суретте Яков кез-келген билеушімен құқығы тең құдіретті және ұлы монарх ретінде бейнеленген.

Тапсырма №2

 Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті суретшілерінің шығармашылығындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтарын айқындаймыз.

Леонардо да Винчидің шығармашылығының ерекшеліктері

Ұқсастықтары

Рафаэль Сантидің шығармашылығының ерекшеліктері

 

 

 

 

Тапсырма №3

Төменде берілген сипаттамалар қай кезеңге жататындығын анықтау: тұжырымдамалардың алдына егер орта ғасыр өнеріне қатысты болса 1 нөмірімен, ал Ренессанс дәуіріне қатысты болса - 2 нөмірімен белгілейміз.

 

1. Мәдениеттің зайырлы сипаты

2. Суретшінің рөлі артады

3.      Адамдар барлық қажеттіліктерін шектеп, жерден тыс өмірге барлық рахатты заттарды ығыстырып қоюға тырысу керек 

4.      Гуманистік идеялардың таралуы

5.      Антикалық мәдениетке деген қызығушылық

6.      Әлемдік көзқарастың ортасында адам тұруы тиіс, себебі ол - табиғаттың ең керемет жаратылуы

7.      Діннің беделінен адамның сана-сезімін босату

8.      Дүниетанымның негізінде Құдай тұру тиісті

9.      Пассивті өмірлік ұстанымды уағыздау

10.  Белсенді өмір салтын насихаттау

11.  Жаңа құндылықтарға толы адамның пайда болуы: білімді, уақытты бағалайтын, жұмысқа жаңа көзқараспен қарайтын, бар әлемді білгісі және өзгерткісі келетін адам 

12.  Мәдениет дінмен тығыз байланысты

 

Тапсырма №4

Оқулықтың 123-124-беттеріндегі  гуманист-жазушы Томас Мор туралы мәліметті оқимыз.  Қазақтың ортағасырлық қай тұлғасының дүниетанымы Томас Мор ілімімен сәйкес келеді. Деректер келтіріп, өз ойымызды жазамыз.

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

 

Тапсырма №5

«Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілері» кестесін толтырыңдар.

 

Суретшілер

Өмір сүрген кезеңі мен елі

Атақты туындылары

Сурет өнеріндегі жаңалықтары

Леонардо да Винчи

 

 

 

Рафаэль Санти

 

 

 

Микеланджело

 

 

 

Рембрандт

 

 

 

Диего Веласкес

 

 

 

Дюрер Альбрехт

 

 

 

Сабақты қорытындылау

1.      «Қайта өрлеу» дәуірі неліктен Италияда дамыды?

2.      Қайта өрлеу дәуірі ұлы суретшілерінің еңбектері неліктен қазіргі күнге дейін құнды деп ойлайсыңдар?

3.      Италиядағы қайта өрлеу дәуірінің өнері қандай еуропалық елдердің суретшілеріне ықпалын тигізді, мысалдар келтір.

Үйге тапсырма

§25-26оқу. 2-тапсырманы дәптерге орындау

 

 

Параграфтар бойынша меңгергенімізді төмендегі берілген тест тапсырмасымен тексереміз.

§25-26

1.      Қайта өрлеу орталығы қай ел

А) Франция

Ә) Чехия

Б) Ресей

В) Италия

Г) Германия

2. «Құдыретті комедияның» авторы

А) Джотто ди Бондоне

Ә) Рафаэль Санти

Б) Данте

В) Донателло

Г) Шекспир

3. Суретшілер мен олардың еңбектерін сәйкестендіріңдер.

1. Леонардо да Винчи                               а) «Хал үстіндегі құл»

2. Микеланджело Буонарроти                 б) «Сикст мадоннасы»

3. Рафаль Санти                                        в) «Моно Лиза»

4. Ағылшынның гуманист жазушысы

А) Томаззо Кампанелла

Ә) Томас Мор

Б) Диего Веласкес

В) Рембрандт

Г) Донателло

5. Жоқшылықта өліп, кедейлер зиратында жерленген сурет өнерінің ұлышебері

А) Диего Веласкес

Ә) Микеланджело

Б) Рембрандт

В) Дюрер Альбрехт

Г) Донателло

6. Суретшілер мен олардың еңбектерін сәйкестендіріңдер.

1. Рембрандт Жарменс ван Рейн                а) «Төрт сал атты»

2. Дюрер Альбрехт                                      б) «Адасқан ұлдың қайта оралуы»

3. Диего Веласкес                                        в) «Инфанта Маргарита»