ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
САБАҚ: 3-бөлім. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер 1-бөлімше. Қара шаңырақ |
Мектеп: Қ. Бекқожин атындағы №12 ЖОББМ |
|||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Мальшубаева Ш.С |
|||||||||||||||||
СЫНЫП: 5-сынып |
Қатысқандар: |
Қатыспа ғандар: |
||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: |
Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау (5.Т/А1.) |
|||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: |
Тірек сөздермен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау |
|||||||||||||||||
Барлық оқушылар орындай алады: Берілген суреттерге қатысты тірек сөздерді анықтайды |
||||||||||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тірек сөздер арқылы тақырыпқа болжам жасайды |
||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтінге қатысты өз ойларын жүйелеп, өмірмен байланыстырып пікірлерін айта алады |
||||||||||||||||||
Тілдік мақсат: |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Ата, әже,ана, әке, бала, аға,іні, қарындас, бауыр, немере, шөбере, шөпшек немене, отбасы |
|||||||||||||||||
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Қара шаңырақ, үлкен үй, туыс бауыр, дастарқан басы, үлкенді құрметтеу, жеті ата, кіші ұл т.б |
||||||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: Шаңырақ сөзі қандай мағынаны білдіреді? Қара шаңырақ деген не? Қара шаңырақта кім қалады? |
||||||||||||||||||
1) Менің ойымша … 2) Себебі мен оны … деп түсіндіремін. 3) Оны мен … деген мысалдармен дәлелдей аламын. 4) Осыған байланысты мен … деген шешімге келдім. |
||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу: |
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдана алады |
|||||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||
Тыңдалым/ айтылым алдында |
Ой қозғау. ü Мозайка суреттерді құрастыру арқылы топтарға бөлінеді. ü Суреттер бойынша сабақ тақырыбына шығады.
|
Қима суреттер
|
||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
Дескриптор |
Берілген суреттер бойынша тыңдалым тақырыбына болжам жасай алады.
1. Суреттерге ортақ тақырып береді; 2. Әр сурет бойынша 3 тірек сөз ұсынады; |
|
||||||||||||||||
Кері байланыс |
|
|||||||||||||||||
Тыңдалым/ айтылым кезінде |
Конверт әдісі. Қара шаңырақ Шаңырақ – қазақ танымында киелі ұғым. Қара шаңырақ – үлкен үй, ата-ананың үйі. Баршамызға белгілі «шаңырақ» сөзі «үй, отбасы» деген мағынаны білдіреді. Қазақ отбасында кенже ұл – қара шаңырақ иесі. Қазақта кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Оған бала күнінен «шаңырақтың иесі» деген ұғымды құлағына құйып өсіреді. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау шаңырақ иесі – кенже балаға жүктелер міндет. Шетте жүрген, қонысы басқа сол қара шаңырақ ұрпақтары мен жек-жаттары қара шаңыраққа сәлем бере келiп, арнайы сыбағалар әкеледi. Жасы үлкендерi еншiлерiн алып бөлек үй болып кеткенде әкенiң кенжесi (сүткенжесi) әке қолында қара шаңырақ иесi боп қалады. Қара шаңырақ – үлкен үй, әке-шеше үйі, сондықтан қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз. Қазақ шаңырағында әуелі әке, сосын ана осы отбасының ұстазы болмақ. Ата-анасы отбасында имандылыққа тәрбиелесе, ол бала тіл алғыш, адал, үлкен-кішіге қамқор болып өседі. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі сыйлауынан, қадірлеуінен, әсіресе, баланың қартайған әке-шешелеріне қамқор болуынан көрінеді. Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып қағатын, көне салт бүгінгі Қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған. Әке-шешені асырау кенже ұлдың міндеті. Әкесі бар кезінде де немесе ол қайтыс болғаннан кейін де осы үй «қара шаңырақ» деп аталады. Бұл «үлкен үй» деген мағынаны білдіреді. ü Оқушылар мәтінді оқиды, мәтін бойынша топтар тапсырмаларды орындайды. · Қара шаңырақ сөзінің тұжырымдамалық картасын жасау. Өз сөзімен анықтау Синонимдер
Сөйлемдегі мысал Антонимдер
· Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру. Сөздік кестесі.
· Ақпараттық олқылықтарды толтыру. Оқушылар топта отбасындағы кенже ұлдың міндеттерін кеңірек талқылайды. 1) Кенже баланы ... дейміз. 2) Әке-шешені асырау ... 3) Кенже баланың міндеті ... 4) ... мұраны сақтау, қадірлеу керек. |
|
||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
Дескриптор |
· Мәтінді оқып, өз болжамдарын айта алады; · Болжамдарын дәлелдей алады; · Қара шаңырақ туралы қосымша ақпаратты анықтай алады.
1. Мәтінді оқиды; 2. Өз болжамдарын айтады; 3. Болжамдарын дәлелдейді; 4. Қара шаңырақ туралы қосымша ақпаратты анықтайды. |
|
||||||||||||||||
Кері байланыс |
Алма – мен бүгін көп үйрендім. Гүл – маған ұнады/ұнамады. Жапырақ – менде әлі сұрақтар бар. |
|||||||||||||||||
Тыңдалым/ айтылым соңында |
Кезбе микрофон әдісі арқылы пікір алмасу. 1. Отбасы құндылықтарына нелер жатады? 2. «Қара шаңырақ» деп неге атайды? 3. Кенже баланың қара шаңырақ иесі болуы дұрыс па? |
|||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
Дескриптор
|
· Мәтін мазмұны негізінде өз ойын білдіре алады.
1. Мәтіндегі нақты ақпаратты анықтайды. 2. Өз ойын білдіреді. |
|
||||||||||||||||
Кері байланыс |
|
|||||||||||||||||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.