АЛАШТЫҚТАР АРМАНЫ БҮГІНГІ КҮНДЕ
Оценка 5

АЛАШТЫҚТАР АРМАНЫ БҮГІНГІ КҮНДЕ

Оценка 5
Научные работы
docx
история
Взрослым
25.03.2017
АЛАШТЫҚТАР  АРМАНЫ  БҮГІНГІ  КҮНДЕ
Қандай кезеңде болмасын мемлекеттің, саяси партиялардың көздейтін мақсаттары біреу болуы тиіс: ол – адам қамы, қоғам қамы, ел қамы. Осы мақсаттан айныған партияның болашағы болған емес, болмайды да. Қазақтың тұңғыш құрылған «Алаш» партиясы белгілі бір жетістіктерге жетпесе де халықтың көңілінен шығып, ел есінде өшпестей қалды. Өйткені, олардың жеген қамы -қазақ халқының ертеңі болатын. «Алаш» партиясына 300-ге жуық адам мүше болса, нақты оқығандарының саны саусақпен санарлық қана болғанын тарихи деректер растайды. Бұлар көзі ашық, көкірегі ояу, жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпарлар еді. Саны аз болғанымен сапасы сын көтерді. Архив қорын ақтарып сөйлейтін болсақ, бір партияның ішіне біріккен өзі аз ғана зиялылар құрылтайлар мен жиналыстарда, кеңестерде бір-бірінің пікірімен келіспей, сөз таластырып, соңында нақты мың ойланып, мың толғанып барып қана шешім қабылдайтын. Мәселен, Түркістан автономиясын «Алашорда» автономиясына қосу мәселесінде әр зиялы әртүрлі пікір айтып, сөз таластырды. Бірі оны қосудан пайда жоқ десе, енді бірі оған қарсы шығады. Бұл келтірілген деректердің барлығы «Алаш» партиясының құрамына кіргендердің әрқайсысының «өз ұстанымдары, өз пікірлері, өз көзқарастары бар» екенін көрсетті. Сонымен қатар, оларда мүлде жалтақтық, жағымпаздық т.б. бүгінгі ел ағаларында кездесетін жағымсыз қылықтар мүлде болмағанын растайды. Алаш зиялылары атақ үшін, ақша үшін жұмыс жасамағанына да мыңдаған деректер мәлімет береді. Алаш партиясының құрамында қандай адамдар болғанын «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 253-інші санында: «Партияның программасын жақтырып, жөн көрген программадағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі кіреді. «Алаш» бағытынан таймайтын, өтірік айтпайтын, жақындық пен туысқа бүйрегі бұрмайтын, дүниеге қызығып сатылмайтын, шыншыл, әділ, тура кісі осы партияға кіреді. Сыртын берсе іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі мүшелікке қабылданбайды» - деп ап-ашық жазып көрсеткен. Алаш қозғалысы – тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Алаш қайраткерлерінің әлеуметтік-филосо¬фиялық көзқарастарының ағар¬тушы¬лық, жаңашылдық мақсаты нақты, шынайы мазмұнға ие, яғни, оның қазақ қоға¬мының хал-жағдайын жақсартуға, оны даму¬дың даңғыл жолына салуға және жалпы алған¬¬дағы ұлт санасын оятуға бағыт¬талғанын көреміз. Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың айтқан мына сөзіне назар аударсақ: «Менің идеалым қазақ халқының тұрмыс жағдайын, мәдениетін мүмкін болғанша көтеру, ал мұның өзі игілікті дамудың алғышарттары болғандықтан, мен осы мұратты қандай билік қамтамасыз етсе соған ризамын» – депті. Өйткені, ол қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы – қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылық пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет идеясын құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұлтартпас мысалы – тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты – ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. ХХ ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі – тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде ХХ ғасыр зиялылары тағдыры турасында: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ»,- деп жазған болатын. Сонымен қатар, аталмыш еңбекте былай деп жазылған: «қазақ халқының кейбір данышпан перзенттері мен көсемдері тарихтың қарғыс атқан тұзағында тұншықты, ұлттық амандығы үшін олар тарихтың тәлкегіне көнуге мәжбүр болды», - деп жазылған. Алаш арыстары ұйымдастырған ұлт қозғалысының мемлекеттікті орнатудағы қарекеттері үлгі боларлықтай еді. Алаш идеясы ұлттың тұтас жері бар, өз құндылығын сақтаған, дербес дамыған ел ретінде өмір сүруді көздеген болатын. Сол бағытта Алаш зиялылары қазақ елі тарихында тұңғыш саяси ұйым, ұлттық демократиялық бағыттағы Алаш партиясын құрды. Ресей империясы құрамында Алаш автономиясын құру туралы ұсыныстарын және Алаш автономиясының ұлттық кеңесі Алашорда үкіметін жариялады. Алаштықтар өз мақсат-мүдделерін білдірген саяси бағдарламаларын жүзеге асыруға ұмтылды. Онда қазақ елін отарлықтан азат ету, басқа да жоспарлы мақсаттарды жүзеге асыру арқылы жаңа Қазақ мемлекетін орнатып, реформа жолымен қазақ қауымын өркениетті елдер қатарына жеткізуді басты міндет етіп қойған болатын. «Өзін-өзі билеу идеясын іске асырып, халықтың арманын ақиқатқа айналдырған Алашорда үкіметі мен Алаш партиясында әртүрлі мамандық өкілдері болды. Оларды тек идея ғана тоғыстырды. Еліміз тәуелсіздік алған тұста Елбасымыз Н.Назарбаев «Біз өз тарихымызды өзгелер тұрмақ, өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан халықпыз. Зерттемесек, жазбасақ, жарияламасақ кім не деп таниды» - деген болатын. Дегенмен де, әлі де болса тарихи бағасы беріліп, тың деректердің негізінде қайта объективті зерттеуді талап ететін бүгінгі күннің өзекті де, күрделі мәселесі - Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қоғамдық-саяси қызметі. 1917 жылғы Ақпан төңкерісі кезінде «Бостандық», «Азаттық», «Теңдік» сөздері асқақтай самғап, қазақ даласына да жеткені мәлім. Алаш зиялыларының ұлттық мүддені алдыңғы орынға шығаруы кейін өздерінің жеке бастарына қайғы мен қасірет болып жабысты. Олар еліміздің тәуелсіздігін ту етіп, ХХ ғасырда Қазақ елін өз алдына дербес те, егемен мемлекет ретінде көргісі келген ізгі де, жасампаз ниеттері тек ХХ ғасырдың соңында ғана жүзеге асты. Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдеріндегі мемлекеттік басқару жүйесі айтарлықтай өзгеріске ұшырап отырғаны белгілі. Еліміздің тәуелсіздігі тарихымызды түгендеуге, рухани болмысымызды бүтіндеуге кең мүмкіндік ашып отырған қазіргі кезеңде ұлт ретінде қалыптасу жолында бедерлене байқалған тарихи белестердің сыр-сипатын зерделеу барынша терең ғылыми ізденістерді жүргізуде. Әлбетте, бұл Алаш қозғалысын зерттеуге де тікелей қатысты. Айтулы қозғалысқа тек саяси-қоғамдық тұрғыдан ғана баға беру тарлық етеді. Қозғалыстың өз дәуіріндегі тарихи мәні айқындалып келеді дей отырып, оның рухани жаңғырығының дәйектей түсер тұстары мол. Мәселен, оны аса ірі рухани-мәдени құбылыс ретінде кешенді түрде қарастырып, осы құбылыстың әлеуметке, жеке тұлғаға ықпалын анықтаудың концептуальды жолдарын қарастырғанымыз абзал. Ең алдымен, Алаш қозғалысының қазақ баласына, адамға, тұлғаға, содан шығып, әлеуметке деген көзқарасын дәйектеуіміз керек. Алаш қайраткерлерінің, қаламгерлерінің еңбектерімен танысқанда, олардың ой-пікірлеріндегі гуманистік аңсарды аңғармау мүмкін емес. Әрбірден соң, қозғалыстың өзі – адамға, ұлтқа деген жанашырлықтан туған гуманистік әрекет. Ұлттың еркіндігі мен азаттығы, оны құрайтын жеке адамдардың бақыты мен теңдігі ұранын көтерген қозғалыс – білімі кемел, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, адам мен қоғамның мәселелерін жетік білетін ұлтшыл ғана емес, гуманист азаматтардың белсенділігінен туғанына күмән келтірмесек, онда бұл тарихи-саяси құбылыстың діңгегі – елжандылық пен адамсүйгіштік екендігіне шүбә келтірмегеніміз жөн. Алаш қаламгерлері шығармашылығында қазақ әдебиетінде толымды түрде ана тақырыбы, әйел теңдігі мәселесі – басты тақырыптардың біріне айналды. Ізгілік пен адамгершілікке құрылған осы туындыларда гуманистік идеал, гуманистік ой алдыңғы қатарға шығып, ұлттың адамсүйгіштік қасиеттері бейнеленді. Осы тұрғыда дәстүрлі, көшпелі өзге елдің отары болған жұртының рухын оятып, өзгенің озығы мен ұлттық танымды үйлестіру арқылы қазақ халқын азаттық жолына бастамақ болған алаштың рухани мирасы мен әлеуметтік тәжірибесін зерделеу кезек күттірмес іс. Қоғамдық дамудың бұрын-соңды беймәлім жолына түскен ел «ұлттық идеясыз» тығырыққа тірелетіні саясаттану ғылымынан да мәлім. Алаш зиялылары небір қиын кезеңдерді бастарынан өткеріп, «сталинизм» құрсауына тап болып, ел үшін өлім құшты. Ата-бабаларымыздың қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестері, істері, ұрандары – бүгінгі ұрпаққа үлгі һәм аманат. Қазіргі қол жеткен еркін шағымызды баянды ету үшін біз азаттық жолы арман болған ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз қажет. Ал бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайық еңбек ету, өткенге құрмет көрсету. Ал құрмет – Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру. Алаш идеясы – ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды десек, онда сол орасан мақсатты орындау үшін қазақтың тілі мен мәдениеті, өнері мен әдебиеті, тарихы мен салт-дәстүрі, айналып келгенде, қазақты ел ететін, мемлекет ететін рухани олжасы Қазақстанда айрықша орынға ие болу керек. Сонда ғана ұлттығымызды әлемге әйгілейтін, жасампаздығымызды жаһанға жариялайтын тұрпатымыз бен тұлғамыз айқын көрінбек. Резюме В докладе кратко изложены деятельность партии «Алаш» и численность партийцев. Взгляды и рассуждения между лидерами партии о принятии тех или иных решений и задач в национальных интересах. О создании независимого государства в степях Казахстана и средней Азии. Движение «Алаш» повлияло на становление и развитие историко – культурного наследия казахского народа. В докладе используется отрывок из книги Президента РК Н.Назарбаева «В потоке истории» об исторической важности изучения деятельности партии «Алаш».
алаштықтар.docx

АЛАШТЫҚТАР  АРМАНЫ  БҮГІНГІ  КҮНДЕ

 

Дюсенгалиев Мереке Камелович

 

Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледж

 

     Қандай кезеңде болмасын мемлекеттің, саяси партиялардың көздейтін мақсаттары біреу болуы тиіс: ол – адам қамы, қоғам қамы, ел қамы. Осы мақсаттан айныған партияның болашағы болған емес, болмайды да. Қазақтың тұңғыш құрылған «Алаш» партиясы белгілі бір жетістіктерге жетпесе де халықтың көңілінен шығып, ел есінде өшпестей қалды. Өйткені, олардың жеген қамы -қазақ халқының  ертеңі болатын.

«Алаш» партиясына 300-ге жуық адам мүше болса, нақты оқығандарының саны саусақпен санарлық қана болғанын тарихи деректер растайды. Бұлар көзі ашық, көкірегі ояу, жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпарлар еді. Саны аз болғанымен сапасы сын көтерді. Архив қорын ақтарып сөйлейтін болсақ, бір партияның ішіне біріккен өзі аз ғана зиялылар құрылтайлар мен жиналыстарда, кеңестерде бір-бірінің пікірімен келіспей, сөз таластырып, соңында нақты мың ойланып, мың толғанып барып қана шешім қабылдайтын. Мәселен, Түркістан автономиясын «Алашорда» автономиясына қосу мәселесінде әр зиялы әртүрлі пікір айтып, сөз таластырды. Бірі оны қосудан пайда жоқ десе, енді бірі оған қарсы шығады. Бұл келтірілген деректердің барлығы «Алаш» партиясының құрамына кіргендердің әрқайсысының «өз ұстанымдары, өз пікірлері, өз көзқарастары бар» екенін көрсетті. Сонымен қатар, оларда мүлде жалтақтық, жағымпаздық т.б. бүгінгі ел ағаларында кездесетін жағымсыз қылықтар мүлде болмағанын растайды. Алаш зиялылары атақ үшін, ақша үшін жұмыс жасамағанына да мыңдаған деректер мәлімет  береді.

 Алаш партиясының құрамында қандай адамдар болғанын «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 253-інші санында: «Партияның программасын  жақтырып, жөн көрген программадағы мәселелерді  іске айналдыруға тырысатын кісі кіреді. «Алаш» бағытынан таймайтын, өтірік айтпайтын, жақындық пен туысқа бүйрегі бұрмайтын, дүниеге қызығып сатылмайтын, шыншыл, әділ, тура кісі осы партияға кіреді. Сыртын берсе іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі мүшелікке қабылданбайды» - деп  ап-ашық жазып көрсеткен.   Алаш қозғалысы – тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Алаш қайраткерлерінің әлеуметтік-филосо­фиялық көзқарастарының ағар­тушы­лық, жаңашылдық мақсаты нақты, шынайы мазмұнға ие, яғни, оның қазақ қоға­мының хал-жағдайын жақсартуға, оны даму­дың даңғыл жолына салуға және жалпы алған­­дағы ұлт санасын оятуға бағыт­талғанын көреміз. Алаштың  ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың  айтқан мына сөзіне назар аударсақ: «Менің идеалым қазақ халқының тұрмыс жағдайын, мәдениетін мүмкін болғанша көтеру, ал мұның өзі игілікті дамудың алғышарттары болғандықтан, мен осы мұратты қандай билік қамтамасыз етсе соған ризамын» – депті.  Өйткені, ол қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы – қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылық пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет идеясын құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұлтартпас мысалы – тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты – ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. ХХ ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі – тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде ХХ ғасыр зиялылары тағдыры турасында: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ»,- деп жазған болатын. Сонымен қатар, аталмыш еңбекте былай деп жазылған: «қазақ халқының кейбір данышпан перзенттері мен көсемдері тарихтың қарғыс атқан тұзағында тұншықты, ұлттық амандығы үшін олар тарихтың тәлкегіне көнуге мәжбүр болды», - деп жазылған.

Алаш арыстары ұйымдастырған ұлт қозғалысының мемлекеттікті орнатудағы қарекеттері үлгі боларлықтай еді. Алаш идеясы ұлттың тұтас жері бар, өз құндылығын сақтаған, дербес дамыған ел ретінде өмір сүруді көздеген болатын. Сол бағытта Алаш зиялылары қазақ елі тарихында тұңғыш саяси ұйым, ұлттық демократиялық бағыттағы Алаш партиясын құрды. Ресей империясы құрамында Алаш автономиясын құру туралы ұсыныстарын және Алаш автономиясының ұлттық кеңесі Алашорда үкіметін жариялады.   Алаштықтар өз мақсат-мүдделерін білдірген саяси бағдарламаларын жүзеге асыруға ұмтылды. Онда қазақ елін отарлықтан азат ету, басқа да жоспарлы мақсаттарды жүзеге асыру арқылы жаңа Қазақ мемлекетін орнатып, реформа жолымен қазақ қауымын өркениетті елдер қатарына жеткізуді басты міндет етіп қойған болатын. «Өзін-өзі билеу идеясын іске асырып, халықтың арманын ақиқатқа айналдырған Алашорда үкіметі мен Алаш партиясында әртүрлі мамандық өкілдері болды. Оларды тек идея ғана тоғыстырды.
   Еліміз тәуелсіздік алған тұста Елбасымыз Н.Назарбаев «Біз өз тарихымызды өзгелер тұрмақ, өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан халықпыз. Зерттемесек, жазбасақ, жарияламасақ кім не деп таниды» - деген болатын. Дегенмен де, әлі де болса тарихи бағасы беріліп, тың деректердің негізінде қайта объективті зерттеуді талап ететін бүгінгі күннің өзекті де, күрделі мәселесі - Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қоғамдық-саяси қызметі. 1917 жылғы Ақпан төңкерісі кезінде «Бостандық», «Азаттық», «Теңдік» сөздері асқақтай самғап, қазақ даласына да жеткені мәлім. Алаш зиялыларының ұлттық мүддені алдыңғы орынға шығаруы кейін өздерінің жеке бастарына қайғы мен қасірет болып жабысты. Олар еліміздің тәуелсіздігін ту етіп, ХХ ғасырда Қазақ елін өз алдына дербес те, егемен мемлекет ретінде көргісі келген ізгі де, жасампаз ниеттері тек ХХ ғасырдың соңында ғана жүзеге асты.

Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдеріндегі мемлекеттік басқару жүйесі айтарлықтай өзгеріске ұшырап отырғаны белгілі. Еліміздің тәуелсіздігі тарихымызды түгендеуге, рухани болмысымызды бүтіндеуге кең мүмкіндік ашып отырған қазіргі кезеңде ұлт ретінде қалыптасу жолында бедерлене байқалған тарихи белестердің сыр-сипатын зерделеу барынша терең ғылыми ізденістерді жүргізуде. Әлбетте, бұл Алаш қозғалысын зерттеуге де тікелей қатысты. Айтулы қозғалысқа тек саяси-қоғамдық тұрғыдан ғана баға беру тарлық етеді. Қозғалыстың өз дәуіріндегі тарихи мәні айқындалып келеді дей отырып, оның рухани жаңғырығының дәйектей түсер тұстары мол. Мәселен, оны аса ірі рухани-мәдени құбылыс ретінде кешенді түрде қарастырып, осы құбылыстың әлеуметке, жеке тұлғаға ықпалын анықтаудың концептуальды жолдарын қарастырғанымыз абзал. Ең алдымен, Алаш қозғалысының қазақ баласына, адамға, тұлғаға, содан шығып, әлеуметке деген көзқарасын дәйектеуіміз керек. Алаш қайраткерлерінің, қаламгерлерінің еңбектерімен танысқанда, олардың ой-пікірлеріндегі гуманистік аңсарды аңғармау мүмкін емес. Әрбірден соң, қозғалыстың өзі – адамға, ұлтқа деген жанашырлықтан туған гуманистік әрекет. Ұлттың еркіндігі мен азаттығы, оны құрайтын жеке адамдардың бақыты мен теңдігі ұранын көтерген қозғалыс – білімі кемел, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, адам мен қоғамның мәселелерін жетік білетін ұлтшыл ғана емес, гуманист азаматтардың белсенділігінен туғанына күмән келтірмесек, онда бұл тарихи-саяси құбылыстың діңгегі – елжандылық пен адамсүйгіштік екендігіне шүбә келтірмегеніміз жөн. Алаш қаламгерлері шығармашылығында қазақ әдебиетінде толымды түрде ана тақырыбы, әйел теңдігі мәселесі – басты тақырыптардың біріне айналды. Ізгілік пен адамгершілікке құрылған осы туындыларда гуманистік идеал, гуманистік ой алдыңғы қатарға шығып, ұлттың адамсүйгіштік қасиеттері бейнеленді.

Осы тұрғыда дәстүрлі, көшпелі өзге елдің отары болған жұртының рухын оятып, өзгенің озығы мен ұлттық танымды үйлестіру арқылы қазақ халқын азаттық жолына бастамақ болған алаштың рухани мирасы мен әлеуметтік тәжірибесін зерделеу кезек  күттірмес іс.  Қоғамдық дамудың бұрын-соңды беймәлім жолына түскен ел «ұлттық идеясыз» тығырыққа тірелетіні саясаттану ғылымынан да мәлім. Алаш зиялылары небір қиын кезеңдерді бастарынан өткеріп, «сталинизм» құрсауына тап болып, ел үшін өлім құшты. Ата-бабаларымыздың қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестері, істері, ұрандары – бүгінгі ұрпаққа үлгі һәм аманат. Қазіргі қол жеткен еркін шағымызды баянды ету үшін біз азаттық жолы арман болған ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз қажет. Ал бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек.

    Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайық еңбек ету, өткенге құрмет көрсету. Ал құрмет – Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру. Алаш идеясы – ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды десек, онда сол орасан мақсатты орындау үшін қазақтың тілі мен мәдениеті, өнері мен әдебиеті, тарихы мен салт-дәстүрі, айналып келгенде, қазақты ел ететін, мемлекет ететін рухани олжасы Қазақстанда айрықша орынға ие болу керек. Сонда ғана ұлттығымызды әлемге әйгілейтін, жасампаздығымызды жаһанға жариялайтын тұрпатымыз  бен тұлғамыз айқын көрінбек.

 

 

 

 

 

 

Резюме

В докладе кратко изложены деятельность  партии «Алаш» и численность партийцев. Взгляды и рассуждения между лидерами партии о принятии тех или иных решений и задач  в национальных интересах. О создании независимого государства в степях Казахстана  и средней Азии.  Движение  «Алаш» повлияло на становление и развитие  историко – культурного   наследия казахского народа. В докладе  используется отрывок из книги  Президента РК Н.Назарбаева  «В потоке истории» об исторической важности изучения деятельности партии «Алаш».

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999.-[ 296 б.]
2. Тілешев Е. «Алаштың» жолы  www.abaі.kz
3. Қазақ. Мақалалар жинағы  ред. Қасым­жанов А.Х. – Алматы: Білім, 1994.[194 б.]
4. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Ал­маты: Атамұра, 1999. [ 296 б.]
5. Есім Ғарифолла. Бостандықтың бағасы. – Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2003. [ 24 б.]
6. Назарбаев Н.Ә. Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы // Қазақ тарихы. – 1998.- №3.-[ 15 б.]                                                                         7. Мажитов С.Ф. Қазақстандағы халық-азаттық қозғалыстарды зерттеудегі ақиқаттың бұрмалану себептері // Отан тарихы. 2006. - № 2. [19-б.]

Аты-жөні,мемлекет, қала

Дюсенгалиев Мереке Камелович  ҚР Орал қаласы

Автор туралы мәлімет: лауазымы (қызметі),ғылыми атағы,жұмыс орнының толық атауы,телефоны

Оқытушы, Ж.Досмухамедов  атындағы педагогикалық колледж

Мекен-жайы (почта индексі,үй адресі)

Орал қаласы, Аманжолова 125/55

Байланыс телефоны(халықаралық байланыс кодымен)

87112  53-59-40

Электронды почта (Е-mail)

D_Mereke_K@mail.ru

Мақаланың тақырыбы

Алаштықтар арманы бүгінгі күнде

Секциясы

Отан тарихындағы Алаш қозғалысының атқарған рөлі мен маңызы

 

 


АЛАШТЫҚТАР АРМАНЫ БҮГІНГІ

АЛАШТЫҚТАР АРМАНЫ БҮГІНГІ

Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі

Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі

Оларды тек идея ғана тоғыстырды

Оларды тек идея ғана тоғыстырды

Осы тұрғыда дәстүрлі, көшпелі өзге елдің отары болған жұртының рухын оятып, өзгенің озығы мен ұлттық танымды үйлестіру арқылы қазақ халқын азаттық жолына бастамақ болған алаштың…

Осы тұрғыда дәстүрлі, көшпелі өзге елдің отары болған жұртының рухын оятып, өзгенің озығы мен ұлттық танымды үйлестіру арқылы қазақ халқын азаттық жолына бастамақ болған алаштың…

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Назарбаев

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Назарбаев
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.03.2017