Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тізбектер |
|
||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||||
Сынып:9 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Арифметикалық прогрессия |
||||||||||||||
Сабақтың түрі |
Білімді бекіту |
||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
9.2.3.5арифметикалық прогрессиялардың мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану;
|
||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын табуға есептер шығарады. |
||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса оқу мақсатына жетеді · Арифметикалық прогрессияның мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын біледі және қолданады · Арифметикалық прогрессияны қолданып есептер шығарады |
||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: - бөлімніңпәндік лексикасы мен терминологиясын есеп шешуде қолданады; - арифметикалық прогрессияны есеп шығаруда қолданып дәйектейді. |
||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Құндылықтарды дарыту жеке жұмыс, өз ойын қорыту, пікірін көпшілік алдында дәлелдей білу, диалог кезінде өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер арқылы іске асады. |
||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
биологияда бактериялардың көбею моделін құруда, экономикада банктің пайыздық есептеулерінде және т.с.с. |
||||||||||||||
Бастапқы білім |
Сандық тізбектер, дәрежесі бар тізбектер түсініктері. Бүтін көрсеткішті дәрежесі бар тізбектің заңдылығын анықтау және жетіспейтін мүшесін таба білу. Пайыз, санның пайызын табу, пайызы бойынша санды табу, пайыздық қатынас түсініктері. Сандардың бөлінгіштігі, бөлінгіштік белгілері. |
||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||||||||
Сабақтың басы 2мин |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу; Сабақтың тақырыбы мен мақсатын тұжырымдау. |
Қосымша 1Презентация
|
|||||||||||||
Сабақтың ортасы 3мин
13 мин
20мин
|
Білімді жаңғырту. «Ақиқат/жалған» тапсырмасын орындау арқылы оқушылардың зейінін сабаққа аударып, білімін жаңғырту.
Жұптық жұмыс. Оқушыларға келесі қиықшалар таратылады. Берілгені мен жауабын сәйкестендіру арқылы оқушылар жұптарға бірігеді. Тапсырмалардың орындалуы еңбек пен шығармашылық, ынтымақтастық, ашықтық сияқты құндылықтардың даруына ықпал етеді. Жұптар құрылғаннан кейін келесі тапсырма беріледі. № 1. Арифметикалық прогрессияның алғашқы он бес мүшесінің қосындысы 20, ал оның алғашқы жиырма мүшесінің қосындысы 15. Прогрессияның алғашқы 35 мүшесінің қосындысын табыңыз. Жауабы: -35. № 2. Альпинистер алғашқы күні 1400 м биіктікке көтерілді, ал келесі әрбір күні алдыңғы күнге қарағанда 100 м-ге кем биіктікке көтеріліп отырды. Олар неше күнде 5000 м биіктікке көтерілді? Жауабы: 4 күн. Бағалау:Тексеру жұмысы дайын дескрипторлар бойынша жүзеге асады № 1
№ 2
Жеке жұмыс. Оқушылар жеке карталар бойынша жұмыс істейді. Олар картада шығара алатын тапсырмалар деңгейін таңдайды, яғни көрсеткіштері төмен оқушылар А деңгейінің тапсырмаларын таңдап, келесі деңгейге көшеді. Қалған оқушылар В деңгейінен бастап, келесі деңгейге көшуге тырысады. Осы кезде мұғалім жұптық жұмыс кезіндегі өз бақылауына сүйене отырып,нақты оқушыға қай деңгейден бастауына болатынына кеңес бере алады. Жауаптары: А деңгей: №1 а) 54 b) шешімін көрсетеді, дәлелдейді № 2 а) (i) d=9 болатыны көрсетеді (ii) a1=10, b) 1910 В деңгей: №1 а) 39 b) 465 c) k=28 №2 а) 8 b) -4 c) 148 d) жоқ (n=30,4 – бүтін емес) С деңгей: №1 9615 № 2 12380 Тапсырмаларды орындау алдында оқушылар картадағы сұрақтарға назар аударып, жауаптарын енгізулері қажет болады. Сұрақтар: Есептің шарты бойынша маған қандай формулалар қажет болады? Есептің шарты бойынша мен қандай математикалық модель құрастыра аламын? Дайындықтар жүргізілгеннен кейін оқушылар дәптерлерінде есептерді шығарады. Егер оқушы таңдаған тапсырмасын орындай алмаса, алдыңғы деңгейдің тапсырмаларын орындауы қажет болады немесе мұғалімнен, қабілеті жоғары сыныптасынан көмек сұрайды.
Бағалау:тапсырмаларды орындау барысында мұғалім жауаптарды тексеріп отырады.
Есептер шығарылғаннан кейін қойылатын рефлексиялық сұрақтар. Бұр сұрақтар мұғалімге келесі сабақты жоспарлауға немесе оқушылармен жеке жұмысты ұйымдастыруға көмек береді. ü Есепті шығара алдың ба? ü Қандай қателер болды? ü Қандай қиындықтарды сезінесің? ü Осындай қателер бұрын болып па еді? ü Осы қатені қайтадан неге жібердің? ü Осы қате бойынша кімнен көмек сұрадың? ü Олар көмектесе алды ма? ü Осындай қателер жібермеу үшін келесі жолы не істейсің? ü Осы тақырыпты сыныптастарыңа түсіндіріп бере аласың ба? ü Неліктен олай ойлайсың?
Үй жұмысынберу: №1. Арифметикалық прогрессияның алғашқы сегіз мүшесінің қосындысы 32, ал алғашқы жиырма мүшесінің қосындысы 200. Алғашқы 28 мүшесінің қосындысын табыңыз. Жауабы: 392. № 2. 3; 6; 9; ... арифметикалық прогрессиясында 463 мүше бар, 2; 6; 10; ... арифметикалық прогрессиясында 351 мүше бар. Осы прогрессияларда бірдей неше мүше бар? Жауабы: 116. |
Қосымша 1 Презентация
Қосымша 2 Жұптық жұмыс
Қосымша 3 Жеке жұмысы
Қосымша 2 Үй жұмысы
М.Л.Галицкий, сборник задач по алгебре, 8-9 кл |
|||||||||||||
Сабақтың соңы
2мин |
Сабақ бойынша рефлексия жүргізу.«Жетістік ағашы». Мағынасы – оқудағы жетістікті бекіту, сондай-ақ басқалармен қарым - қатынаста да. Оқушылар «ағаштың жапырақтарында» өз жетістіктерін (нақты мысал) белгілейді, содан кейін оларды тақтада бейнеленген «ағаштың діңіне» бекітеді. Мысал:мен формулаларды қолдана отырып есептерді шығаруды үйрендім... |
Қосымша 1Презентация
|
|||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлапотырсыз? |
Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? |
Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы |
|||||||||||||
Әрбір оқушыға қолжетімді тапсырмаларды ұсыну арқылы қолдау жүргізіледі.Жеке жұмыс кезінде деңгейлі тапсырмаларды орындау. |
өзін-өзі бағалау
мұғалімнің бақылауы |
Қауіпсіздік техникасының ережелерін ұстану
|
|||||||||||||
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.