Пән : Информатика
Күні :14.11.2016
Сынып: 6
Тақырып: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Мақсат: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре келе, әр оқушының күнделікті өмірдегі кез келген іс-әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.
Білімділік: Оқушыларға алгоритм типтері, яғни сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер туралы түсініктеме беру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру;
Тәрбиелік : оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, Отансүйгіштікке, өз салт- дәстүрін құрметтеуге және білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар, ұлттық ойын элементтері.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері |
Бөлінген уақыт |
Мұғалімнің іс - әрекеттері |
Оқушылардың іс - әрекеттері |
||||||||||||||||||
І.Ұйымдас тыру кезеңі. |
2 мин. |
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындақтарын тексеру. «Шаттық шеңберіне» тұрып сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру. |
Орындарынан тұрып, амандасу, сабаққа зейіндерін аудару. |
||||||||||||||||||
ІІ.Үй жұмысын тексеру. |
4 мин. |
1. Алгоритм дегеніміз не? 2. Алгоритм тіл дегеніміз не? 3. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не? 4. Винни қонжығы бал жегісі келді. Әр балаға кеспе қағаздар таратылады.
- табаныңды жуу. - шүмекті аш. - үстел басына отыр. - шүмекті жап. -табаныңды орамалмен сүрт. - балды же. -қасықты ал.
|
Жауаптар: 1. Алгоритм дегеніміз – информатиканың іргелі түсініктерінің бірі. 2. Алгоритмдік тіл дегеніміз- алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. 3. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарға тиісті объект немесе субъект. 4. - шүмекті аш. -табаныңды жуу. - шүмекті жап. -табаныңды орамалмен сүрт - үстел басына отыр. -қасықты ал - балды же.
|
||||||||||||||||||
ІІІ.Жаңа тақырыпты игеру.
|
8 мин. |
Миға шабуыл әдісі арқылы ашық сұрақ қойып,жаңа тақырыпты анықтаймын. 1.сызықтық алгоритм дегеніміз не? Блок схемасын көрсет сызып 2.Тармақталған алгоритм дегеніміз не? Блок схемасын көрсет Оқушылар жаңа білімді өздері меңгереді \оқулықтың 62-64 беттерінде берілген материалды оқу\ Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:
Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.
Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1-ші серия) , ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2-ші серия) орындалады.
Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады. |
|||||||||||||||||||
IV. Голоссарий (сөздікпен жұмыс) |
3 мин. |
Бүгінгі тақырып бойынша ережелер мен таныстыру |
Оқушылар жаңа сөздер мен танысып дәптерлеріне ережесі мен жаңа терминдерді жазады |
||||||||||||||||||
V. Компьютермен жұмыс |
7 мин. |
1.топқа «Ағашты өсіру» алгоритімінің сәйкестігін тап 2.топ «Күлшеқыз» ертегісінен тармақталған алгоритмнің сәкестігін тап
/ Бағдаршаммен бағалау/ |
Оқушылар тапсырманы алып компьютерде орындайды
|
||||||||||||||||||
VI.Сергіту сәті. |
2 мин. |
Қол саусақтарына арналған жаттығулар • Алақанды уқалау. • Қолды қысу • Білезіктен айналдыру Көзге арналған жаттығулар. • Көзді бірнеше рет жыпылықтату. • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса |
Жаттығуды орындарында отырып орындау |
||||||||||||||||||
VІІ. Бекіту. |
13 мин. |
Тапсырма №1.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша Берілген сурет бойынша алгоритм құрыңыз. «Көршіңізге әңгімелеп беріңіз» әдісі бойынша /жұптық жұмыс/ /стикерге жазу арқылы бағалау/ Тапсырма №2. Сәйкестендір стратегиясы / жеке дара жұмыс/
/»Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бағалау/ Тапсырма №3. «Қатемді тап» стратегиясы / топ болып орындалатын тапсырма/ 1.топқа тапсырма. А) Сызықтық алгоритм дегеніміз -алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. Ә) Алгоритм типтері екеу болып табылады және олар бір бірімен тығыз байланыста
Б) Алгоритмнің басы және соңы 2.топқа тапсырма. A) Тармақты алгоритм дегеніміз -қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм Ә) Алгоритмнің іс-әрекеттері Б) Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. /бас бармақпен бағалау/ |
|||||||||||||||||||
VIІІ Рефлексия |
2 мин. |
/Қазақтың ұлттық ойыны «Орамал тастау» арқылы жүргізіледі/ 1.Алгоритмдердің қандай түрлерімен таныстық ? 2.Циклдік алгоритмнің ерекшелігі қандай ? 3.Сызықтық алгоритмге мысал келтіріңіздер 4.Тармақтық алгоритм деген не ?
|
|||||||||||||||||||
IХ. Үй жұмысы |
2 мин. |
Конспект оқу |
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. |
||||||||||||||||||
Х. Оқушыларды бағалау. Сабақты қорытындылау |
2 мин. |
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, бағаларын күнделіктеріне қою. Сабақ аяқталды! Сау болындар! |
Күнделіктеріне бағаны қойдырады. |
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.