Қалыптастырушы бағалау: ерекшеліктері мен қолданылуы
Оценка 4.8
Исследовательские работы
docx
психологическая работа +1
Взрослым
03.04.2017
Оқыту тиімділігінің артуы оқушы табысын бағалау сапасына тікелей байланысты. Бақылаудың дәстүрлі құралдары талап етілетін білім, білік, дағдыларының деңгейін ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан барлық уақытта бағалау жүйесін дайындау өзекті мәселе болып келеді.
Бүгінде қолданылып келген бес балдық бағалау жүйесі бағалауға қойылатын талаптарды толық қанағаттандырмай отыр. Оған дәлел, қоғам бүгінгі оқушының оқудағы жетістігінің динамикасының объективтілігіне күдікпен қарауда. Екінші жағынан, бағалаудың нәтижесі оқушының мұғаліммен, ата-анасымен қарым-қатынасының төмендеуіне, өзіне деген сенімсіздігінің пайда болуына әкелуде. Бұл өз кезегінде оқушылардың жүйке жүйесіне ықпал етіп, мазасызданудың пайда болуына итермелеп отыр. Сондықтан бүгінгі таңда осындай келеңсіз жағдайлардың болдырмау үшін оқушы жетістігін бағалаудың жаңаша жолдары қарастырылуда. Әрі бүгінгі оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеретін білім беруде білімді бақылаудың дәстүрлі құралдары жеткіліксіз болып отыр.
Статья Джумадилова АК.docx
Қалыптастырушы бағалау: ерекшеліктері мен қолданылуы
Джумадилова А.Қ.
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі
Педагогика пәнінің оқытушысы
Оқыту тиімділігінің артуы оқушы табысын бағалау сапасына тікелей байланысты.
Бақылаудың дәстүрлі құралдары талап етілетін білім, білік, дағдыларының деңгейін
ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан барлық уақытта бағалау жүйесін дайындау өзекті
мәселе болып келеді.
Бүгінде қолданылып келген бес балдық бағалау жүйесі бағалауға қойылатын
талаптарды толық қанағаттандырмай отыр. Оған дәлел, қоғам бүгінгі оқушының
оқудағы жетістігінің динамикасының объективтілігіне күдікпен қарауда. Екінші
жағынан, бағалаудың нәтижесі оқушының мұғаліммен, атаанасымен қарым
қатынасының төмендеуіне, өзіне деген сенімсіздігінің пайда болуына әкелуде. Бұл өз
кезегінде оқушылардың жүйке жүйесіне ықпал етіп, мазасызданудың пайда болуына
итермелеп отыр. Сондықтан бүгінгі таңда осындай келеңсіз жағдайлардың болдырмау
үшін оқушы жетістігін бағалаудың жаңаша жолдары қарастырылуда. Әрі бүгінгі
оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеретін білім беруде білімді бақылаудың
дәстүрлі құралдары жеткіліксіз болып отыр.
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы
кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не
істегенін немесе өзінөзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе
тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені
білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен
кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет [1, 57бет]
Білімді тексеру мен бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және
мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім
деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды.
Мұғалім өз жұмысындағы кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып,
түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып,
бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды. Оқушы тақырыпты
қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жанжақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы білім алған соң өзінің
мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік,
дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады. Білім мен дағдыны бақылау мен
бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары, оқыту нәтижелерін бағалау ұстаздардан
үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Сонымен, дәстүрлі бағалауда бақылаудың барлық мүмкіншілігі мұғалімнің
қолында болады: ол оқушы біліміндегі барлық кемшіліктер мен қателіктерді анықтап
көрсетеді. Өздік жұмыстар мен бақылау жұмыстарын орындағанда көп жағдайда
мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарымқатынас жоғалады.
Бүгінде еліміздің білім саласына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
филиалдарының бағалау тәжірибесі білім саласына енгізілуде. Тәжірибені жүйелі
жүргізуге деңгейлік біліктілікті арттыру курстарының маңызы ерекше. Ұсынылып
отырған бағалаудың жаңа тәсілдерде оқушылардың өзара бағалауы ынталандырылып,
өзінөзі бағалауға деген құқығын біледі, үдеріс пен оқыту нәтижесіне деген
жауапкершілігі артып, өзінөзі бақылауы күшейеді. Мұғалімнің қызметі төреші,
бақылаушыдан көмекші, кеңесшіге ауысады. Бағалау үдерісінде мұғалімнің оқушымен
өзара әрекеті үзілмейді, керісінше жаңа білімді игеру ынтымақтастығы жалғаса түседі.
Аталған бағалаудың дәстүрлі және жаңа жүйелерінің салыстырмалы талдауы ұсынылып
отыр [2].
Дәстүрлі және жаңа бағалау жүйесін салыстырмалы талдау
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
1. Бағалау субъектобъектілік өзара
әрекеттесу үдерісі ретінде
2. Соңғы нәтиже бағаланады
3. Бағалау үзікүзік орындалады
4. Бағалау нәтижесі – сандық белгі
5.Бағалау жеке пән мен тақырыпқа
Жаңа бағалау жүйесінің көрінісі
Бағалау
субъектсубъектілік
1.
ынтымақтастық үдеріс ретінде.
2. Нәтижеге бағытталған процесс бағаланады
3. Бағалау үздіксіз жүзеге асады
Оқытудың нәтижесі
4.
оқыту
табыстылығының сандықсапалық көпөлшемді
тоғысқан
6.Шектеулі икемділік пен білім көрінісі
мінездемесі
5. Бағалау – бірізді және пәнаралық
ғана бағаланады
7. Мұғалім төреші мен бақылаушы
6.Қолданбалы (өмірлік) білімдері
іскерліктерінің енділігі
мен
мен тереңдігі
рөлінде шығады
бағаланады 8. Қорытынды және бақылау
7.Мұғалім жақтаушы әрі кеңесші рөлінде
жұмыстарын орындағанда мұғалім мен
оқушы арасындағы өзара қарымқатынас
сөйлейді.
8.Мұғалім мен оқушы қарымқатынасы
жоғалады.
9. Мұғалім бағалайды
10. Баға әділдігіне ерекше көңіл
бөлінеді
11.Баға ішкі факторларға құрылған
12. Басты назар оқушы білмейтіні мен
үзілмейді,
ынталандырылады
бағалау кезінде
одан әрі
9.Оқушылардың өзінөзі бағалауы мен бірін
бірі бағалаулары барынша ынталандырылады
10.Бағалау
үйлесімділігіне ерекше көңіл аударылады
өзінөзі
мен
бағалау
істей алмағандығына аударылады
13. Бағалау топ немесе сынып ішінде
11.Оқушының нені білетіні мен не істей
алатынына ерекше көңіл аударылады.
салыстырмалы түрде өтеді
14.Бағалау жеке амалдармен шектелген
12.Өзге
жетістігімен
салыстырмай оқушыны өзінің жеке,бірегей
балалардың
(бақылау жұмысы, тест т.б.)
15. Бағалау кезінде алдынала жауабы
ерекшеліктері бағаланады
13.Бағалау әртүрлі
құралдарды
(оқу
дайындалған тапсырмалар басымдық
көрсетеді
портфолиосы) қолдануды қажет етеді
14. Бағалау кезінде ықтимал нұсқалы
16.Білімнің белгіленген жетістігі ғана
бағаланады
жауаптары бар «ашық» тапсырмаларды
қолдану қарастырылады
17.Жекелеп бағалау басым
18. бағаның мәні – қатені көрсету
19.Оқушыларды бағалау жасанды,
стрессті жағдайда өтеді
15.Оқу
жұмсалған күш есепке алынады
нәтижесінің
табыстылығына
16.Жеке бағалаумен қатар топтық,
командалық бағалаулар жүргізіледі
20. Бақылау мен бағалау тек мұғалімнің
қолында
17.Бағалаудың негізіқателікті ескерту мен
қателіктің алдын алу
21. Мұғалім оқушы біліміндегі барлық
кемшіліктер мен қателіктерді анықтап
18.Бағалау оқушылардың стресс пен күш
салуларын болдырмайтын қарапайым
көрсетеді
жағдайларда жүргізіледі
19.Оқушылар өз
бетінше
жіберген
олқылықтарын анықтап,мұғаліммен бірге оны
жоюға тырысады
21.Бағалау кезіндегі сапалық ақпараттардың
(эмоционалды факторлар, бастамалар, пәнге деген көзқарасы) маңыздылығы
22. Тұрақты өзара ықпал: үздіксіз оқыту
үздіксіз бағалау
23.Оқу бағдарламасы мен стандарт шегінен
шығу мадақталады
Өзінөзі
24.
көрсеткіші
бағалаудың әділдігібілім
25.Жұмыс түрі ретіндегі тек таза емес, шимай
дәптерлердің өзі құнды
Бағалаудың жаңа жүйесінде жиынтық бағалаумен қатар қалыптастырушы немесе
формативті бағалау қолданылады. Жиынтық бағалаудың немесе Оқыту үшін бағалаудың
мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны
мұғалім тест, емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.
Формативті бағалау немесе оқу үшін бағалау күнделікті әр сабақта жүргізіліп
тұрады. Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында
тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін
анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және
түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына
назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға
тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар
белсенді қатысуы керек. Аталған бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың
үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді [3, 58бет]
Қалыптастырушы бағалау қолдану арқылы мұғалім мен білім алушы арасындағы
кері байланыс жүзеге асады. Осының нәтижесінде білім алушы өзін бақылап, өзінің
әрекеттәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады.
Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін
жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың
қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған
жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі
керек.
Қалыптастырушы бағалаудың бір түрі – өзінөзі бағалау және өзара бағалау.
Өзара бағалау білім алушыларға бірбіріне кері байланыс беруге көмектеседі,
яғни бірбірінен білім алуға және бірбіріне қолдау көрсетуге, бірбірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара
бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол
оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады.
Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,әрі қарай дамуына ықпал ету үшін
қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек
бағалайды.
Өзінөзі бағалауда білім алушы Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?
Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме? Тапсырманы
толығымен жеке өзі орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме? Тапсырманы
орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды? деген сұрақтарға жауап іздейді.
Тәжірибеде жиі қолданыстағы өзінөзі бағалау техникаларына сипаттама беруді
жөн санадық.
Сұрақ қою әдісі. Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не» сұрау есімдігін
пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не
болады?» деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру.
«Басбармақ» әдісі. Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз
түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен
түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен
түсінбедім.
«Бұны білемін, ол қолымнан келеді. Бұны аздап білемін, әлі үйренуім қажет.
Бұны мүлде білмеймін, білуім керек» статегиясы.
«Бағдаршам» әдісінде түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі
құрал ретінде пайдаланылады. Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар
бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін,
жасыл = барлығы түсінікті). Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып,
өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне
жазуына болады. Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды
және т.б. бағалайды. Басында балалардың барлығы жасыл түстіні көрсетуі мүмкін.
Содан кейін өз қателерін тауып, дұрысын дәлелдей алмағандар сары немесе қызыл тұсті
көтеріп жатады.
Өзінөзі бағалау өзінөзі реттеуге жетелейді. Дегенмен бағалаудың өзіндік
қиындықтары да бар. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді. Ол жағдайда білім алушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің
қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн.
Өзінөзі бағалау білім алушының танымдық әрекетінің бағыттылығына қол
жеткізеді, себебі танымдық әрекет кезінде ол өзіне қоятын талаптарды да реттеп
отырады, оқу әрекеті барысындағы өзінөзі бағалаудың құрылымы өзіндік әрекеттің
мақсатын айқындау, оқыту нәтижелерімен оған қол жеткізу жолдарын анықтау, өзіндік
ісәрекетті жүзеге асырудан алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру,
орындалатын ісәрекет барысын бағалау жіберілген қателерді анықтау, оның себептерін
ашу өзінөзі бағалау негізінде жұмысты түзету, әрекет жоспарын нақтылау, жетілдіру,
қорытындылау деп аталатын бірнеше буыннан тұрады.
Әр баланың біліміндегі кемшіліктерінен гөрі, олардың жетістіктерін атап
көрсету, нұсқауды мәлімдеу арқылы балаға нені оқу керектігімен қалай оқу керектігін
көрсетуі, нұсқаудың үздіксіз және жүйелі жасалуы, баланың әлеуметтік, әсершіл,
танымдық даму процестеріне бағытталып, жанжақты болып ескерілуі маңызды. Осы
әрекеттер арқылы оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне қолайлы
жағдай туғызады. Аталған әрекеттердің барлығы қалыптастырушы бағалау барысында
жүзеге асады.
Сонымен, қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалаудың дәстүрлі бағалаудан
келесі артықшылықтарын атап көрсетуге болады:
білім алушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды;
білімге деген ынтасын арттырады;
білім алушының өзіне деген сенімділігі артып, жауапкершілікті сезінеді.
Оқушының өзін өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес, кез
келген өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға
қалыптасады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
2. Современные средства оценивания результатов обучения: Учебное пособие /Сост.
Е.В.Телеева Шадринск: Издво Шадрин. пединстта, 2009.
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Қалыптастырушы бағалау: ерекшеліктері мен қолданылуы
Қалыптастырушы бағалау: ерекшеліктері мен қолданылуы
Қалыптастырушы бағалау: ерекшеліктері мен қолданылуы
Қалыптастырушы бағалау: ерекшеліктері мен қолданылуы
Қалыптастырушы бағалау: ерекшеліктері мен қолданылуы
Қалыптастырушы бағалау: ерекшеліктері мен қолданылуы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.