Аққұм ауылы
Оценка 4.7

Аққұм ауылы

Оценка 4.7
Исследовательские работы
docx
история
9 кл
30.11.2018
Аққұм ауылы
№221 негізгі орта мектебі Сәбитқызы Әсем Жетекшісі: Байдулла Мөлдір Менің туған өлкем Ауыл- кең байтақ қазақ елінің алтын қазығы. Олай дейтін себебім, бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен- ауыл. Сондықтан да, дүниедегі ең құдіретті ана болса, ауыл- барлық асыл қасиеттің анасы, ауасы мен суы тіршілігінің нәрі, табиғаты адам жанының шипасы. Менің ауылым теміржол бойында орналасқан. ХХ ғасырдың басында алдымен ауа райын бақылау бекеті кейін теміржол бекеті болып құрылған. Ауылда сол кезде салынған су қоймасының мұнарасы, бекет үйінің құрылысы сол қалпында сақталған. Қазір біз үшін олар тарихи орындар болып табылады. Шығысында қарт Қаратау, батысында алаштың анасы- Сырдария өзені ағып жатыр. Сондықтан болар, Қаратау, Сырдария жайлы деректер көрсем, қашан қарап шыққанша асығатыным. Тарихы тым тереңде болмаса да, ешқандай кереметке айырбастамас ауылым- Аққұм менің анам секілді болып кеткен. Ауылым шағын болса да, мен оның жазық даласымен, төрт- түлік малға төсін ашқан құтты қырларымен, жұпары аңқыған сан түрлі өсімдіктерімен мақтанамын. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, маған анам сияқты қамқор болып, самал желімен еркелетіп, шуағын шашқан күнімен бойыма әркез қуаныш сыйлап, қасиетті шөптерімен ауырған кезде емдеп келеді. Ауылымда- емдік қасиеті бар адыраспан, жусан секілді өсімдіктер өседі. Адыраспан- адам буынының сырқырауын, аяқ-қолының қақсауын емдеп, түрлі жұқпалы аурулардың алдан алу мақсатында қолданылатын қасиетті шөп. Ал, жусан дегенде қазақтың қай баласы болсын ерекше сезімге бөлеренері хақ. Жусан –кең байтақ даланың жұпары ғана емес, адам денсаулығына да пайдалы өсімдік. Мәселен, тек қазақтар ғана емес, римдіктер де жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланады. Жусаны мен адыраспаны бұрқырап, төскейінде төрт- түлік малы маңыраған ауыл- бар қазақтың мақтанышы. Елбасымыздың: «Біз кез –келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауға тиіспіз»,- деген сөзі өте дұрыс айтылған. Өйткені ауыл- қазақтың алтын бесігі, салт- дәстүрі, өлең- жыры, өнері, мәдениеті мен адамгершілік ортасы. Өз ойымды қорытындылап жазар болсам, ауыл- даналарымызды, ақын-жазушыларымызды, күйші бишілерімізді дүниеге әкелген қасиетті мекен және әрбір адамның екінші анасы. Ендеше, осындай қасиетті мекенді қорғау оны сақтап, көркейту әр адамның міндеті.
Ауыл эссе (1).docx
№221 негізгі орта мектебі Сәбитқызы Әсем Жетекшісі:    Байдулла Мөлдір Менің туған өлкем        Ауыл­ кең байтақ қазақ елінің алтын қазығы. Олай дейтін себебім, бізге дейін сан толқын ұрпақтың  кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен­ ауыл. Сондықтан да, дүниедегі ең құдіретті ана болса, ауыл­ барлық   асыл қасиеттің анасы, ауасы мен суы тіршілігінің нәрі, табиғаты   адам жанының шипасы.  Менің   ауылым   теміржол   бойында  орналасқан.  ХХ   ғасырдың  басында алдымен ауа райын бақылау бекеті кейін теміржол бекеті болып құрылған. Ауылда сол кезде салынған су қоймасының мұнарасы, бекет үйінің құрылысы сол қалпында сақталған. Қазір біз үшін олар тарихи орындар болып табылады. Шығысында қарт Қаратау, батысында алаштың анасы­ Сырдария өзені ағып жатыр. Сондықтан болар, Қаратау, Сырдария жайлы деректер көрсем, қашан қарап шыққанша асығатыным.           Тарихы   тым   тереңде   болмаса   да,   ешқандай   кереметке   айырбастамас ауылым­ Аққұм менің  анам секілді болып кеткен. Ауылым шағын болса да, мен   оның   жазық   даласымен,   төрт­     түлік   малға   төсін   ашқан   құтты қырларымен, жұпары аңқыған сан түрлі өсімдіктерімен мақтанамын. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, маған анам сияқты қамқор болып, самал желімен еркелетіп, шуағын шашқан күнімен бойыма әркез қуаныш сыйлап, қасиетті шөптерімен   ауырған   кезде   емдеп   келеді.   Ауылымда­     емдік   қасиеті   бар адыраспан,   жусан   секілді   өсімдіктер   өседі.   Адыраспан­   адам   буынының сырқырауын, аяқ­қолының қақсауын емдеп, түрлі жұқпалы аурулардың алдан алу мақсатында қолданылатын қасиетті шөп. Ал, жусан дегенде қазақтың қай баласы болсын ерекше сезімге бөлеренері хақ. Жусан –кең байтақ даланың жұпары   ғана   емес,   адам   денсаулығына   да   пайдалы   өсімдік.   Мәселен,   тек қазақтар ғана емес, римдіктер де  жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланады. Жусаны мен адыраспаны бұрқырап, төскейінде төрт­ түлік малы маңыраған ауыл­ бар қазақтың мақтанышы. Елбасымыздың: «Біз кез –келген ұлттың түп­тамыры  ауыл жұртында жататынын  естен шығармауға тиіспіз»,­ деген сөзі өте дұрыс айтылған. Өйткені ауыл­ қазақтың алтын бесігі, салт­ дәстүрі, өлең­ жыры, өнері, мәдениеті мен адамгершілік ортасы.          Өз   ойымды   қорытындылап   жазар   болсам,   ауыл­   даналарымызды, ақын­жазушыларымызды, күйші бишілерімізді  дүниеге әкелген қасиетті мекен және әрбір адамның екінші  анасы. Ендеше, осындай қасиетті мекенді қорғау оны сақтап, көркейту  әр  адамның  міндеті.

Аққұм ауылы

Аққұм ауылы

Аққұм ауылы

Аққұм ауылы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2018