"Ана өмір шуағы!"
Оценка 4.8

"Ана өмір шуағы!"

Оценка 4.8
Мероприятия
docx
воспитательная работа
3 кл
01.06.2017
"Ана өмір шуағы!"
Тақырыбы: «Ана - өмірдің шуағы» Сабақтың мақсаты: Аналарды, әжелерді, қыздарды халықаралық 8- наурыз мерекесімен құттықтау; жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту. Баланың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту;анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: әсем безендірілген зал, интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, шарлар.Сабақтың мақсаты: Аналарды, әжелерді, қыздарды халықаралық 8- наурыз мерекесімен құттықтау; жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту. Баланың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту;анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
ана өмір шуағы.docx
Бекітемін:  Сыныбы: 3 «В» Тақырыбы: «Ана ­ өмірдің шуағы» Сабақтың мақсаты: Аналарды, әжелерді, қыздарды халықаралық 8­ наурыз мерекесімен  құттықтау; жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту. Баланың бойындағы  өнері мен дарындылығын дамыту;анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға  тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: әсем безендірілген зал, интерактивті тақта, слайдтар, суреттер,  шарлар. Жүру барысы: 1­жүргізуші:  Армысыздар, аса қадірменді қонақтар! 2­жүргізуші:  Здраствуйте, дорогие наши гости! 1­жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, қарындас,  құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Ана –  өмір шуағы» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз! 2­жүргізуші: Уважаемые мамы, бабушки, учиетеля. Мы от всего сердца поздравляем Вас с таким  прекрасным весенним праздником 8 марта. Запахло мартом и весною, но крепко держится зима,  Число восьмое не простое – приходит праздник к нам в дома.  8 Марта – день торжественный, день радости и красоты.  На всей земле он дарит женщинам свои улыбки и цветы.  Звонко капают капели возле нашего окна,  Птицы весело запели – к нам теперь пришла весна! 1­жүргізуші: Біз ғана емес, Қадір тұтқан бабалар Ана деген – тіршіліктің тірегі, Мерекеңмен, қасиетті Аналар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8­наурыз Халықаралық әйелдер  күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына  құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл. И.Дильназ Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды Сен деп жаздым алғаш өлең­дастанды Қуандым ба, өзің бар деп қуандым, Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды. Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды. Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды Еркелесем, бір өзіңе еркелеп, Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым Ақерке Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын Жүрегіңе жүрегімді жалғадым Өзің мына сыйға берген өмірде  Ақ сүтіңді ақтап өту арманым Сабина Барша ана, құтты болсын мерекеңіз Әрқашанда ана сізбен берекеміз Ақтасақ ақ сүтіңді асыл анам Сонда біз кісілікке теңесеміз Әдемі Ана деген бастауы ұлылықтың Ана деген­рәмізі сұлулықтың Ана деген бір жыр бар шырқалатын Асқақтатар биікке ұрпақ атын Назерке Қош келіпсіз құрметті ата аналар Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар Алдарыңда жауқазындай құлпырған  Балғын шақты біз балдырған балалар Жарасхан Мамам менің ақ мамам, Мен өнерлі жас балаң. Өлеңге қосып атыңды Асқақтата ән салам Даулеткерей  Құтты болсын, ардақты анам, Асыл анам, берекең, Құтты болсын теңдік алған Қуанышты мерекең. Менсіз таңы атпайды, Менсіз күні батпайды, Мың айналып толғанбай, Жаны тыным таппайды. Ұл қыздарыңыздың орындауындағы «Ана жаным» әнін қабыл алыңыздар 2­жүргізуші: Мама! Самое прекрасное слово на Земле – мама! Это первое слово,­  которое произносит  человек, и оно звучит на всех языках мира одинаково нежно. У мамы самые добрые и ласковые  руки, она все умеет.  У мамы самое верное и чуткое сердце – в нем никогда не гаснет любовь, оно ни к чему не  остается равнодушным.   И сколько ни было бы тебе лет – 5  или 50­ тебе всегда нужна мать, её ласка, её взгляд. И чем больше твоя любовь к матери, тем радостнее и светлее жизнь! Эльнар Мне мама все дала на свете Тепло, и ласку, и любовь Всегда давала мне советы Когда не знал я нужных слов Фатима Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда  салуды  қаламайды, ана баласының ер жетіп , адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту­ таралғының керегі жоқ И.Дильназ Мне мама приносит Игрушки, конфеты, Но маму люблю я Совсем не за это Веселые песни Она напевает Нам скучно вдвоем Никогда не бывает Әли Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана, Келтірген дүниеге нелер дана, Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ, Өмірдің алтын кілті сенде ғана – Қанат Аялы ғой сипаған алақаның анашым, Еркелейді бір саған балапаның анашым. Бір өзіңе арнайын тілегімді анашым, Сен әйтеуір қашанда аман болшы анашым Айша Mother ,my darling I love you Each day of the year You are so swett And I am so glad That you are mine Би : «Көктем» биі 1­жүргізуші: О, аналар осындайсың бәрің де, Осындайсың жасың­дағы кәрің де, Сыйынатын осы өмірде құдірет, Сыйынар ем ана деген тәңірге... Фатима «Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап, «Ана» дейді жас сәби де жарқылдап. «Ана» деген – бәйтерегі өмірдің, «Ана» деген алтын қазық, алтын бақ! Аяулым Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен, Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен. Төрлесін елдің берген бақыт бағы, Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен! Айкөркем Ана десем алғыс алам халқымнан, Ана десем теңіз болам шалқыған. Ана десем ашылады қабағым, Ана десем әділдікті ұғамын. Аружан Құрметтейік, о адамдар аналарды, Бізді өмірге әкелген даналарды. Себебі, ана деген асыл жан ғой, Ойлауменен істейтін әр қадамды. Әдемі Сколько звезд на ясном небе! Сколько колосков в полях! Сколькопесенок у птицы! Сколько листьев на ветвях! Только солнце ­ одно на свет, Только мама­одна на свете. Бекзат Сен мені түнім демей, күнім дейсің, Шаршатсам, дірілдемей, күлімдейсің, Балбырап мен ұйқыға кетпейінше, Анашым, көзіңді сен бір ілмейсің 1­жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,  Аласы бар адамның анасы бар.  Мерекесін құттықтап аналардың,  Ән жолдайтын апалардың баласы бар. Жандарбекқызы Сабина мен Ибрай Дильназдың орындаундағы «Ақ мамам» әнін қабыл  алыңыздар 2­жүргізуші: Мы поздравляем в этот день весны Всех наших мам и бабушек. Желаем Здоровья, счастья, вы нам так нужны, Как жить без вас, совсем не представляем. 1­жүргізуш: Дүиедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге  аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық  дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз. 2­жүргізуші: ­ Спасибо бабушкам не выразить словами За их заботу, доброту и ласку, За пирожки с картошкой и грибами И за прочитанную на ночь сказку. Фатима: Әжемді мейрамымен құттықтаймын, Айтатын ән, беретін гүлім дайын. «Әжетай сені жақсы көремін» деп Ақырын құлағыңа сыбырлаймын. Қанат: Өзің мені өсірген, Айналайын, ақ әжем. Тентек болсам кешірген Шөлдедің бе, дана әжем. Шай қайнатып берейін, Шекер салып жан әжем. Өзім құйып берейін, Балдай тәтті бал әжем. Олжас: Өскенде мен ал енді, Аралаймын әлемді. Сыйлық әкеп әжеме, Таң қалдырам бар елді. Эльнар Атам мені құлыншағым дейді Әжем мені боташым дейді Әкем мені шырағым дейді Шешем мені қозым дейді Ал, шынында мен кіммін? Мен кәдімгі баламын 1­жүргізуші: ­ Міне, балалар, бізді еркелеткенде ата ­ әжелеріміз, төрт ­ түлік малдың сүйкімді  төлдерінің атын қолданады екен. Кейбір балалардың аты да, осы төлдерге сәйкес болады.  Мысалы: Ботакөз, Бота, Тайлақ, Тана. т. б. Міне, осы боташым қозым, ботақаным деп жақсы көріп, еркелеткен әжелерімізге арнап  «Менің әжем осындай» әнін жолдаймыз. Ән: «Менің әжем осындай» 2­жүргізуші:  Пусть будет небо мирное над вами, Пусть лишь для вас зальются соловьи, Живите, окруженные друзьями, Здоровья вам и счастья и любви! 1­жүргізуші: Әлемнің жарығын,  Сыйладың сен маған.  Даланың әр гүлін,  Жинадың сен маған.  Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ  тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Олжас Құтты болсын, ардақты ана Асыл анам мерекең Құтты болсын теңдік алған  Қуанышты берекең Диана Мәпелейді, әлдилейді, бағады «Құлыным» деп құшағына алады Өзгегег де өзіне де жауапты Барлығына қалай уақыт табады Ақерке Бар мейірімділік анада Ана деген бір жанды Мейірімділік ананың  Болмас ешбір адамда Эльнар Аналардың ғұмыр жасын ұзақ қыл, Қауіп­қатер, қасіретіне тұзақ құр, Баласы үшін жыламасын бір ана, Онсыз да ол сан азапқа шыдап жүр. Ана­бала – көздің ақ пен қарасы, Бір­бірінсіз таусылатын шарасы. Әр ананы арманына жеткізер, Әр баланың ақылы, ары, санасы... Айкөркем Ана! Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің  түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны  жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі. Аяулым I love you mummy My dearest mummy You make me happy When I am sad I whant  to tell you I wantto tell you I realy love you When I am with you I am so glad 2­жүргізуші: Как наши ребята красиво  читают и поеть. Молодцы. А давайте танцевать­ прпаздник весело  встречать. Би : «Прятьки» Ержанат  Thank you mum For all your hugs Thank you mum  For all your  kissess Thank you mum for For all your  love It full god to  Бекзат Собрались поздравить Славных наших мам Милые, разные За все спосибо вам Сабина Мама милая родная  В восмого марта поздравляю Будь всегда со мною рядом Только хмуриться не надо Подарю тебе цвкеточки Поцелую  нежно щечку К милой мамочке прижмусь Крепко крепко  обнимусь Азат  Сегодня на целом свете Праздник большой и светлый Слушайте мамы, слушайте Вас поздравляють дети 1­жүргізуші:  Қыз өссе ­ елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші ­ 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі. Қыз емес қыздың аты қызыл алтын Көрінер толған айдай жүзі жарқын Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, ұлдар  тобының орындауында «16 қыз» әнін қабыл алыңыздар. Үнді биі: Жандарбекқызы Сабина 1­жүргізуші:  Құтты болсын осы шаттық күніңіз Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз Қуанышты жүзіңізбен әрдайым Бұл өмірде күліп қана жүріңіз Жарқыраған қызыл гүлдей Болсын әсем өміріңіз Сәуле шашқан әсем күндей Көтерілсін көңілдеріңіз – Ән: Әрқашан күн сөнбесін. 1­жүргізуші На этом наш концерт окончен. Мы еще раз поздравляем всех женщин, девушек и девочек с  праздником. Здоровья, счастья, любви! 2­жүргізуші: Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі  жақсылықтар әкелсін. Бүгінгі «Ана ­ өмір шуағы» атты кешімізді аяқтаймыз. Ардақты  аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар! Оқу ісінің меңгерушісі:                         Абденова А. Сыныбы: 3 «В» Пәні: Дүниетану Күні: 27.02.2017 ж Сабақтың тақырыбы: Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың  білімін тереңдетіп, ылғал сүйгіш,су және құрғақшылыққа төзімді  өсімдіктердің өніп – өсуі жайлы түсінік беру   Дамытушылық: Оқушылардың бейнелі ойлауын, ой­өрісін, дүниетанымын, танымдық қабілеттерін  дамыту.  Тәрбиелік: Табиғат пен адам  үндестігін, табиғат әсемдігін сезіне білуге, оны қорғауға, аялауға  қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: «Текше» әдісі,  семантикалық карта, топпен жұмыс, венн диограммасы, «Ия, жоқ» Сабақтың көрнекілігі: видео, слайд, қима қағаздар, текше Сабақтың жүру барысы: І.Ұйымдастыру А) оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру Ә) Психологиялық дайындық Б) Топқа бөлу ІІ.Үй тапсырмасын тексеру А) 3­4 оқушыдан мәтін мазмұнын сұрау Ә) «Текше әдісі» 1. өсімдік деген не? 2. өсімдіктер неше топқа бөлінеді? 3. ағаштар мен бұталардың бір­бірінен айырмашылығы неде? 4. елімізде өсімдіктердің қанша түрі бар? 5. адам өсімдіктерді қалай пайдаланады? 6. өсімдіктер қандай жерлерде тіршілік етеді? ­Өте дұрыс айтасыңдар. Өсімдіктер алуан түрлі ортада, әр түрлі жағдайларды тіршілік етеді.  ІІІ. Қызығушылықты ояту 1.Видео көрсетілім (өсімдіктер туралы видео көрсету) 2. Ребус шешу ІҮ. Мағынаны тану А) мағлұмат беру Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді. Суреттегі шалғындық беде, бақбақ, қоңырбас ылғалы жеткілікті жерде өседі. Суреттегі өсімдіктердің жапырақтарына, сабағына көңіл бөл. Топырақтың құрамында  ылғал болатындықтан тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары жалпақ,  ылғалды буландыруға жақсы бейімделген: жапырақтарында қақпақты саңылаулары  ашылады. Артық су буланған соң жабылады. Осылай өсімдік булануды реттейді. Мұндай өсімдіктерді ылғал сүйгіш өсімдіктер деп атайды. Ал тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұратын сарғалдақты,  тұңғиықты талай көрген боларсыңдар. Оларды су өсімдіктері деп атайды. Тұңғиық — бұл су өсімдігі. Бір қасиеті бұл өсімдіктің тез өскіштігі, үш күн сайын  жаңа жапырақ шығарады. Мынадай бір қызықты оқиға болыпты. Англияның Кью қаласының  ботаника бағында тұңғиық гүлдейді деген хабар тек бақ қызметкерлерін ғана емес, суретшілер мен саққұлақ репортерлердің де құлағына жетеді. Гүл ашылады дегенде жылыхана адамға  лық толады. Осы оқиғаның куәсі болған атақты ботаник Н.Ф. Золотницкий 1887 жылы былай деп жазыпты: «Гүлдің ірілігі мен әдемілігі көз алмайтындай. Гүл ашылысымен жылыхананы  аралап кеткен жағымды хош иіс адамды рахатқа бөледі», ­ деген екен. Оның гүлі ақ, алқызыл,  күлгін көк, қанқызыл болады. Қазақстанда аз мөлшерде Жайық өзені маңайында кездеседі. Жантақ пен сүттіген топырағында ылғал өте аз, аптапты ыстық жерде өседі. Ондай  жерлерде су топырақтың өте терең қабатында ғана болады. . Жантақ тамырының ұзындығы 15 – 20 метрге жейін болады. Сондықтан тереңдіктен алған ылғалды үнемі пайдалануы қажет.  Сондықтан жантақтың жапырақтары ұсақ әрі сирек, бұтақшалары тікенді келеді. Жантақ  осындай бейімділіктерінің арқасында құрғақшылық жағдайларда өсіп, тіршілік ете береді. Ал, сүттіген өзінің қысқа, тарамдалған тамыры арқылы түнгі салқында топырақтың бетінде пайда  болған шықтан және сирек те болса жауған жаңбырдан ылғал сіңіріп алады. Сүттігеннің жапырағы  қалың. Сондықтан суды аз буландырады. Бұл өсімдіктер құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. Жантақ, сүттіген, жүзген, сексеуіл – құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. Ә)«Білгенге маржан» Күнбағыс ­ құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Қазақстанның барлық жерлерінде тіршілік  етеді. Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік болып қалып отыр. Бірақ  күнбағыстың беретін басты нәрсесі – оның жақсы майы. Күнбағыс дәнінен май сығып  алғаннан кейін одан күнжара қалады. Күнжараны жылқы, сиыр, қойлар жейді. Сабағын  турап, булап шошқаға береді. Себетін кептіреді де ұнтақтайды, ол да – жақсы мал азығы. Ылғал сүйгіш өсімдіктер Құрғақшылыққа төзімді Бұрыш —жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Бұрыштың 200 грамы ересек адамның С  дәруменіне деген күндізгі қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол қатерлі  ісіктердің, шелдің және шорбуынның түзілуінің алдын алады. Бұрышты көптеген  тағамдардың құрамына, атап айтқанда, «Лечо», фаршталған бұрыш дайындауға, сорпаларды қоюландырғыштарға, тұздықтарға, салаттарға қосады. Ә)Оқулықпен жұмыс Мәтінді оқу Б) Семантикалық карта Атауы  Шалғындық беде Бақбақ Қамыс Жантақ Қоңырбас Сүттіген Тұңғиық Күнбағыс Бұрыш Қоға  Ү. Сергіту сәті Жұмбақ жасыру Видео  В) Топпен жұмыс Су өсімдіктері І топ­ сурет салу ІІ топ – сипаттама ІІІ топ – Венн диограммасы ҮІ. Қорытынды «Ия, жоқ» 1. Өсімдік тірі ағза 2. Елімізде өсімдіктердің 6 мыңнан астам түрі бар 3. Өсімдіктер тамыр, тің, жапырақ болып үш топқа бөлінеді 4. Ылғал сүйгіш өсімдіктердің тамырлары шашақты болып келеді. 5. Тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұратын өсімдіктерді су өсімдіктері деп атайды. 6. Ылғал сүйгіш өсімдіктерге жанта пен сүттіген жатады 7. Күнбағыс құрғақшылыққа төзімді өсімдік ҮІІ.Кері байланыс Желкенді кеме ҮІІІ.Үйге тапсырма І топ­ жұмбақ жазу ІІ топ – ребус құрау ІІІ топ – сөзжұмбақ құрастыру «Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді» осы тақырыпта жазу Мәтінді түсініп оқу ІХ.Бағалау

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"

"Ана өмір шуағы!"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.06.2017