Апталық ашылу салтанаты
Оценка 4.9

Апталық ашылу салтанаты

Оценка 4.9
Документация
docx
информатика +2
9 кл
11.02.2019
Апталық ашылу салтанаты
Мектепішілік жаратылыстану пәндері Математика физика информатика пәндерінің ашылу салтанатының жоспары. Апталықтың негізгі мақсаты мектеп оқушыларына жаратылыстану пәндерімен таныстыру. Пәндерге деген қызығушылықтарын ояту, тәрбиелікке, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Апта бойы жаратылыстану математика,физика,информатика пәндерінің іс шараларына белсене қатысып отыру.Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге уйретеді.
апталы ашылуы.docx
Тақырыбы:  "Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде"   Мақсаты:  Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың  математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп,  қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту Қатысушылар: 5,6,7,8,9,10  сынып оқушылары  Көрнекіліктер: нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар Өтілу барысы: 1. Құрметті жолаушылар! «Семенов орта мектеп» станциясының жолына  «Математика, информатика, физика апталығы поезі келе жатыр.  Тыныштық пен сабырлылық сақтап, бір­бірлеріңізді итермей логикалық  жүктеріңізбен дайын тұрыңыздар! Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты.  Бір күні немерелері мектептен  шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпт.  Сонда: ­ Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе? ­ Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер соның бәрі маған жыныма  тиеді. ­Сен ше? ­ Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика сабағы, сандар,  есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып  үлгермеймін және есептерден басым қатады,­ деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады. Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал  жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді. Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді. ­ Ойбай­ а­ а­ й! Құдай сақтасын! Мынау сандар қайда қашып кеткен? Бүгін  нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой. ­ Балаларым, айналайындар, тұрыңдар! ­ А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,­ деп немерелері таң қалды. ­ Сендер, математика сабағын жақсы көрмегендіктен  сандардың бәрі  қашып кетті., ертең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді бұдан  басқа амаламыз жоқ,­ деп әжесі қайғырады. Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр  екен. ­ Сәлеметсіз бе? – деп қария амандасады. ­ Сізде математиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе  жатыр едім? ­ Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,­ деп әжесі немерелерін  қорғаштайды. ­ Сағат неше болды?­ деп сұрайды. ­ Сағат, ээммм­ээээ­ деп әжесі айта алмайды. ­ А­а­аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткен.  Табайық оларды...................... 3. Құрметті жолаушылар! Назар аударыңыздар жол тораптарындағы  логикалық,  математикалық, физикалық ақаулардың туындауына  байланысты МИФ поезі «еңбек ЖОББМ» станциясында 5 күн аялдайды.  Алдын ала барлықтарыңызға сәттілік тілейміз! Жүргізушілер:  Ақбота: Жүрші тез, Рахат сенің математикадан екі алуыңнан поезд 10 күн  аялдайтын болды. Сен не ойлап тұрсың? Мәди: Сен білесің бе, менің не ойлағанымды.  Өзің ойлап көрші, екеуміз доспыз.  Жақсылық та, жамандық та екеумізге бірдей емес пе? Мысалы, бүгінгі бағаны  алайық, сен «4» алдың, ал мен «2» алдым. Егер бағаларды қосып, «2»­ге бөлсек,  екеуміз де 3 алдық. Қарашы, өзі қандай тамаша. Әкем де маған ұрыспайтын  болды. Сондықтан жасасын математикалық арифметикалық орта! Ақбота:  Сен әуелі менен сұрамайсың ба, келісемін бе, келіспеймін бе? Мәди: Қойшы сен, қайда барасың келіспей? Мәди: Тоқтай тұр, мені тыңда. Сен бүгін мектепке 15 минут ерте келдің. Мен  болсам 15 минутқа кешіктім, енді тағы арифметикалық ортаға жүгінсек,  екеумізде  мектепке дәл уақытында келдік.  Керемет емес пе? Ақбота: Сен өзің тым ақылды екенсің ғой. Қап бәлем, сені үйретпесем. Сен  маған магазиннен кеды әкеліп берші дейші едің ғой, мамаң ақша беріп пе еді.  Әкел, мен әкеп берейін. Мәди: Ақша берген. Ақбота: Онда мен магазинге барып келейін, сен тағы арифметикалық ортаға есеп шығара бер. Ақбота: Мен тез оралдым. Саған кеды әкелдім. Мәди: Кәне, әкелші, көрейін. (Ашып қарап) Бұл не? Ақбота:  Немене, ұнамай тұр ма? Бұл сенің кедың. Бірі 26 размер, екінші 44­і  размер, Екеуін қосып, 2­ге бөлсек, сонда 35­і сенің размерің шығады. Жасасын  арифметикалық орта! Саған бұл ұнайды емес пе? Ақбота:  Қойшы сені, мынау түрімізбен поезіміз 5 күн емес 10 күн аялдайтын  секілді.  Сен  одан да біздің поезіміз еш ақаусыз жүруі үшін, мына оқушылар  сияқты  ант бер! Сыныптар ант қабылдайды 10 сынып  Математикадан, физикадан және информатикадан түрлі интеллектуалды  олимпиадаларға және сабақтан тыс іс­шараларға белсене қатысуға ант етеміз!    9 сынып Сыныптастарымызға дәптерімізді көшіруге бермеуге, бірақ әрқашан қолдау  көрсетуге ант етеміз!                                                                                                                 8 сынып  «Өзгелерді үйрете жүріп, өзімізде үйренуге» , досымыздан көмек қолын аямауға  ант береміз!                                                                                                                                    7 сынып Сабақта белсенділік танытып, өзгелерге кедергі жасамауға,  метематикадан  жақсы баға  алуға ант береміз!                                                                                               6 сынып 5 сынып Математика, информатика,  физика мұғалімдерінен өнеге алып,  сыйлауға,  құрметтеуге , тыңдауға ант береміз! Мәди: Ақбота сен мені көндірдің,  саған кешікпеуге , екілік алмауға  арифметикалық орташаны орынды қолдануға ант беремін! (Поезд дауысы) Ақбота: Олай болса енді екеуміз осы МИФ апталығының өту бағдарламасымен  таныстырып өтейік: Бағдарлама таныстырылады Мәди: Енді ортаға Семенов орта мектебінің директоры  Ыбышева Алма  Қияққызын шақырамыз! Ал енді математика, информатика, физика апталығы поезінің   аялдауына  байланысты  ән­шашуын қабылдайық 9 сынып МАТЕМАТИКА ( «Ананың тілі» әнінің мотиві) Мектепке келдім, ұстзады көрдім, Жазу, сызу мен санау үйрендім. Сан менен өрнек,  теңдеумен бөлшек, Сырына оның, үңіліп көрсек. Математика – бар ілім басы, Математика – ғылым патшасы. Математика­ өмір тірегі Математика – шәкірт жүрегі. Сенсіз дүкенге бара алмаймыз, Сенсіз үйлерді сала алмаймыз. Сенсіз уақытты біле алмаймыз. Сенсіз тарихты жаза алмаймыз 7­8 сыныптар ФИЗИКА ( «Ана туралы жыр» әнінің мотиві) Әлемдік тартылыс, Күшін сен сыйладың Ауырлық, үйкеліс, Күшін сен сыйладың Сыйладың сен маған, Тұрақты сандарды. Ом менен Ньютонның Әр түрлі заңдарын Электр қуатын сыйладың сен маған, Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған. Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған. Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған Олай болса, Мәди сен ортаға шығып бата информатика тілінде бата бер. Мәди: ­ Ал, енді құрметті қонақтар, ерлерше бата берейік­ дейді. ­  Ғ1 әрқашан көмекке келе берсін, Ғ2 пәле­ жаладан сақтай берсін,  CTRL ALT  DEL  үнемі жар болып қолдай берсін,  ENTER! 5­6 сыныптар Информатика Ұстаз да, шәкірт те бас иетін, Компьютер, бар сенің қасиетің. Бір емес бірнеше іс атқарасың, Жалғыз өзің, мың істі атқарасың. Ақапарат, ақпараттық әрекетті Ақбота:   Мықты болсаң – алдағыны басып оз, Мәди:   Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.   Ақбота:   Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда, Мәди:    Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.  Ақбота:     Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт ­ дей отырып, мықтыларға  арналған математика, физика, информатика пән апталығында оқушыларға үлкен  жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз!

Апталық ашылу салтанаты

Апталық ашылу салтанаты

Апталық ашылу салтанаты

Апталық ашылу салтанаты

Апталық ашылу салтанаты

Апталық ашылу салтанаты

Апталық ашылу салтанаты

Апталық ашылу салтанаты

Апталық ашылу салтанаты

Апталық ашылу салтанаты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.02.2019