Қарлығаш пен дәуіт ертегісі

  • Презентации учебные
  • pptx
  • 12.02.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып , өмір сүріпті.Қанаты қатпаған балапандары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтеді екен. Бір күні балапандарды жемекке қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады.Мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап , шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді.Көкектен көмек сұрай барса: - Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барағалы жатырмын, уақытым жоқ, -дейді көкек.1-сынып оқушыларына арналған сауат ашу сабағынан "Қарлығаш пен дәуіт" ертегісі мазмұнына сай жасалған презентация.
Иконка файла материала Қарлығаш пен дәуіт.pptx
Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып , өмір сүріпті.Қанаты қатпаған  балапандары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтеді екен. Бір күні балапандарды жемекке қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып  бара жатады.Мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап , шыр­шыр етіп,  балапандарына арашашы іздейді.
Көкектен көмек сұрай барса: ­ Бүркіт қонаққа шақырып еді,  соған барағалы жатырмын, уақытым  жоқ, ­дейді көкек.
Сосын қарғаға барса :  ­ Үйленгелі жатқанымда мазамды алма,­дейді.     Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатады.
Бір кезде дәуітті көреді. Дәуіт қарлығаштың шыр­шыр еткен даусын естіп: ­Достым, неге зарлайсың?­деп сұрайды.  Қарлығаш сонда: ­Жауыз жылан балапандарымда жұтпақшы болып , ұяма өрмелеп жетіп алды. Соған не істерімді  білмей жүрмін, ­деп, қарлығаш көзінің жасын төгіп жібереді. ­Олай болса жеткіз мені тезірек , ­деді ол.  Қарлығаш қанатын тосады.
Олар көзді ашып­жұмғанша қарлығаштың ұясына жетеді.Олар бір сәтке кешіксе,  балапандары қылғып сап, жұмсақ ұяда масайрап ұйықтамақшы екен. Дәуіт аяғымен шаба  тырнап, жыланның екі көзін ағызып жібереді. Жауыз жылан жерге құлап түсіп, мерт болады.  Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты. Сонан бері талай заман  өтсе де екеуі бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді  екен.
Қарлығаш пен дәуіт ертегісі