"Ғарыш туралы алғашқы түсінік "4 сынып дүниетану сабақ жоспары.Ғарыш туралы, жердің ғарыш денесі екені жайлы түсінік беру.Күн жүйесіне кретін аспан денелерін,галактика неден тұратынын,ғарышты зерттеу шаруашылық үшін маңызын жете түсіндіру. Абай атындағы мектеп гимназия Сарқан қаласы Алматы облысы.Елубаева Лязат Алпысбаевна.2019 жыл
Ғарыш ЕЛА.doc
Дүниетану 4 сынып
Тақырыбы: Ғарыш туралы алғашқы түсінік.
Мақсаты:
Білілімділік: Ғарыш туралы, жердің ғарыш денесі екені жайлы түсінік беру.Күн жүйесіне кретін
аспан денелерін,галактика неден тұратынын,ғарышты зерттеу шаруашылық үшін маңызын жете
түсіндіру.
Дамытушылық :Ойөрісін, есте сақтау қабілеттерін тіл байлығын дамыту
Тәрбиелік :Татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Топтқ,жұптық, жеке жұмыс.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақжауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, АКТ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1 слайд
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару .
Білім сыры көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін үйретер,
Дүниетану сабағы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 2 слайд
«Қар кесегі» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.Оқушыларға қар кесегіне оралған сұрақтарды
беріп,оларға жауап алу.
ІІІ. Жаңа сабақ.Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. 3 слайд
Топқа бөлу.Оқушыларды сабақ бастамас бұрын қорапқа салынған суреттер арқылы топқа бөлу.
(Күн,Ай,Жұлдыз)
Миға шабуыл.ББҮ.Мен білемін.
Бөлім тақырыбына байланысты бірнеше сурет сынып ішінде жасырылады.Суретті тапқан
оқушылар сурет бойынша пікірімен бөліседі.Сабақтың тақырыбын өзі ашады.
Ж.Қ .ББҮ.Білгім келеді. 4 слайд
Оқушылардың білімін одан ары жетілдіру барысында оқушыларға 4 сынып электронды оқулықтан
бейнефильм көрсету.
«Өзара сауалнама» әдісі Бейнефильм көрсетілгеннен кейін фильм мазмұны бойынша қысқа
шолу сұрақтары қойылады:
Ғарыш деп нені айтады?
Ғарышты алғаш зеріттеуші ғалым кім?
Күнді қанша планета айналып жүреді?
Ғарыштың көлемі қандай?
Неге ішкі және сыртқы планеталар деп аталады?
Бейнефильм түсінікті болды ма?
Т.Ж. «Келісемін,келіспеймін» Проблемалық сұрақты шешу.
Екі топқа күннің пайдасы мен зияны туралы постер қорғату,үшінші топ екі топқа сарапшы болады
және берген жауаптарына баға береді. «Бұл қызық екен!» оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту. 5 слайд
Балалар жер пішіні қандай, білесіздер ме?
Оқушының жауабы.
Ерте заман адамдарын Жер ғаламшарының пішіні қандай екені жөнінде ой толғандырған.
Ежелгі гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін
Мұхит шайып тұрады деп ойлаған.
Ежелгі Қытайда Жерді тегіс тіктөртбұрыш ретінде қабылдаған. Ал астында аласұрған айдаһар
бар деп ойлаған.
Ежелгі Үндістан халқы Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал
пілдер тасбақаның үстінде орналасқан, ал тасбақа мұхитта жүзіп келе жатыр деген тұжырым
болған.
Ежелгі адамдар Жер үш киттің үстінде орналасқан деп есептеген.
Ұ.Ж .«Шындық па,жалған ба?»Ал енді осыны дәлелдеп көрейік. 6 слайд (Кеме,доп)
Кемені партаның үстімен жүргізіп көріңіздер.
Кеме қозғалғанда оны тұтас көруге бола ма?
Енді сол кемені доптың үстімен жүргізіңіз.
Оқушының пікірі.
IV.Сергіту сәті. 7 слайд.Тынштық сәті.
Т.Ж.«Ғарыш әлеміне саяхатқа» шығамыз : Әр бір топқа Күн жүйесі салынған плакат
таратылады . 8 слайд
Плақаттағы тапсырмалар :
І. Күн тобына: Ғаламшарларды күн жүйесіне ретімен орналастырың.
ІІ. Ай тобына: Алып ғаламшарлардың аттарын жазыңдар.
ІІІ. Жұлдыз тобына: Жерге жақын ғаламшарларды ретімен орналастырыңдар.
Жасаған постерлерін қорғайды.
V.Ж.Қ. «Түртіп ал» әдісі. 9 слайд
Дәптермен жұмыс. Планеталардың атын жазу.
VI.Сабақты қорытындылау.
Ж.Ж. «Ойлан,жұптас,бөліс» 10 слайд. Зерттеу не үшін қажет? Оқушыларды пікірі
тыңдалып,дұрыс жауап АКТ көрсету.
ББҮ. Үйрендім.
Сабақта не үйренгендерін ауызша талқылау.
VІІ.Үйге тапсырма беру кезеңі:
9293 беттерді оқу, мазмұнын айту. 94 бет дәптерге Күн жүйесін, ғарыштың анықтамасын жазып
алу. VІІІ.Бағалау.
Ғарыш туралы алғашқы түсінік
Ғарыш туралы алғашқы түсінік
Ғарыш туралы алғашқы түсінік
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.